Ауылдық тұрғындар орындарының теориялық негіздері


Мазмұны
- Ауылдық тұрғындар орындарының түсінігі, мазмұны және
- Қазакстан Республика бойынша ауылдық елді-мекендер құрамы,
- Ауылдық аумақтардың дамуын мемлекеттік реттеу мәселелері
- Ауылдық аумақтардың дамуының негізгі шешу жолдары
- Мемлекеттік бағдарламалардан күтілетін нәтижелер
Кіріспе
«Ауылдық тұрғындар орындарының даму болашағы (Әуезов ауылы дерегімен) ». Тоқсаныншы жылдардың ішінде елімізде орын алған экономикалық дағдарыстардың әсерінен тозып кеткен ауылдық аумақтардың еңсесі біртіндеп көтеріліп келеді. Қазақстандағы жергілікті ұлт - қазақтар көп шоғырланған, яғни қаймана қазақтың қара орманы саналатын ауылдың болашағына ендігі жерде нық сеніммен қарауға толық негіз бар.
Тоқсаныншы жылдардың ішінде ТМД аумағында болған экономикалық дағдарыстар Қазақстанды да айналып өтпегені белгілі. Жұмыс істеп тұрған зауыт-фабрикалар мен түрлі өндіріс орындары қаражаттың жоқтығы мен шикізаттың тапшылығынан тоқтап, дүкен сөрелері каңырап бос қалып, елді жаппай жұмыссыздық жайлаған тұста ауылдан да сән кеткені көз алдымызда. «Қара қазан сары баланың қамы үшін» ауыл халқы қалалы жерлерге үдере көшкенде ынтымақ пен бірлікті әспеттеп, тіл мен дінді берік етіп ұстап отырған қазақтың касиетті мекенінің болашағы бұлыңғырлана бастағанына қынжылғандар әсте аз болмады. Ал, келешегі ауылшаруашылығымен тығыз байланысты Қазақстан ауылдың әлеуетін көтермейінше қарқынды экономикалық табыстарға қол жеткізе алмайтыны бесенеден белгілі еді.
Сондықтан соңғы 15 жылда саяси реформаларға қарағанда экономикалық өзгерістерге басымдық берген Қазақстан басшылығының жүйелі түрде жүргізген экономикалық реформаларының сәтті іске асырылуы құрдымға кетіп бара жатқан ауылдың ахуалын жақсартып, оның аяғынан нық тұруына септігін тигізді.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиялық бағытында ауыл проблемалары басымдық болып айқындалған. Бұл тақырыптың өзектілігі ол біздің республикамыздың дамудың жаңа жолына түскен уақытында, таяудағы онжылдықта бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу міндеті алдында ауыл мен ауылшаруашылығының мемлекет үшін дамудың бірден-бір көзі болып табылатындығы. Дүниежүзілік бәсекелестік деңгейінде 117 мемлекет бар. Мемлекеттердің даму дәрежесін Дүниежүзілік экономикалық Форум ұсынысымен белгілі және беделді өндірістік сарапшылар, басшылар мен бизнесімендер бағалайды.
Қазіргі кезде жалпы экономикалық өсу аясында қала және ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейіндегі алшақтық күшейе түсуде, табыстардың өңірлік айырмашылықтары да елеулі. Ауылдық жерде ел халқының 43 пайызы тұрады, ресми статистика деректеріне қарағанда олардың үштен бірінің табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен.
«Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру» - ауылды дамытудың, қолдаудың жаңа кезеңі болып табылады [42] .
«Шығыс Қазақстан облысының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының» негізгі міндеттері экономикалық қызметті дамыту, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарын салу, жөндеу және қайта жаңартуға инвестиция салу бойынша міндеттерді әзірлеу, экологиялық қауіпсіздік, жер ресурстарын бағалауды мониторингілеу және т. б. [45] .
Дипломдық жұмыстың мақсаты - ауылдық тұрғындар орындарының теориялық негіздері: түсінігі, мазмұны және нарықтық экономикадағы жағдайындағы маңызы, сондай-ақ жалпы Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы және Әуезов ауылы бойынша ауылдық тұрғындар орындарының саны, олардың құрылымын толық ашу. болып табылады.
Міндеті болып: ауылдық елді-мекендерді дамыту және басқаруға байланысты қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ауылдық елді-мекендерге байланысты жолдаулары және тағы да басқа ауылшаруашылығы мен АЕМ-дің экономикалық қызметін реттейтін заңдылық-құқықтық актілер жайында мәліметтер жинақтау.
Әр бір бөлімдердің тақырыптарын тереңірек ашу, Шығыс Қазақстан облысының ауылдық елді-мекендерінің дамуына талдау жасау. Облыс ауылдарының тұрғындарының тұрмыс деңгейі мен табыстарының көлемі, ауылдық аймақтардың экологиялық жағдайы, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі, халықтың көшіп-қонуының қазіргі жағдайын талдау жасалды. Сонымен қатар, АЕМ-дің дамуы деңгейі бойынша сыныптау жасалып көптеген кесте, диаграммаларда көрсету.
Дипломдық жұмысымда ауылдық тұрғындар орындарының дамуының болашағы жайлы жазылған. Және де осы бөлімде АЕМ-дің дамуын мемлекеттің реттеу шаралары, осыған жұмсайтын қаражат, мемлекеттік бағдарламалардан күтілетін нәтижелер жазу.
Сонымен қоса дипломдық жұмыста негізгі бөлімнен басқа косымша материалдар, қолданылған әдебиеттер тізімі, кіріспе және қорытындыдан тұрады.
1 Ауылдық тұрғындар орындарының теориялық негіздері
1. 1 Ауылдық тұрғындар орындарының түсінігі, мазмұны және нарықтық экономика жағдайында маңызы
Ауыл - дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан қауымдастық. Қазақ халқындағы «Ауыл түбі - бірлік, қауым түбі - тірлік» деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді. Елді-мекен адамдардың тұрақты қонысы. Ол үй-жайлардың, кәсіпорынның, әлеуметтік мекемелер мен ұйымдардың ғимараттары жиынтығынан тұрады және өзіне тән географиялық атауы болады. Елді-мекендер қоршаған табиғи ортаның әсеріне және әлеуметтік экономикалық жағдайға байланысты қалыптасады. Елді-мекендер кеңістік орналасуы шаруашылық қызметі, тұрғындарынын саны, әкімшілік мәртебесі және т. б сипаттары бойынша әр түрлі болып келеді.
Көп жағдайда елді-мекендер мен ондағы құрылыстардың сәулеттік ерекшеліктеріне жергілікті ұлттың мәдениеті мен дәстүрі әсер етеді.
Елді-мекен бұл сипаттары бойынша ауыл, кент, қала болып бөлінеді.
Ауылдық елді-мекен сондай ақ қыстақтар, балық, орманшылық орталықтары және т. б. жатады.
Елді мекен өзінің өсіп-дамуы деңгейіне жаңа әлеуметтік маңызының өзгеруіне сәйкес үкіметтің шешімі бойынша бір дәрежеден екінші дәрежеге көшіріліп отырады.
Қазақстан өте қарқынды дамыған 50 мемлекеттің қатарына еуропалық стандартқа сай келетін, мінсіз де нақты дамыған ауыл шаруашылығы жүйесімен кіруі үшін ең өзекті мәселелерді анықтап алған дұрыс. Бұл үшін Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, ауылды тұрақты дамытудың ең басты іс-шараларын нақтылау - ең қажетті іс.
Осыған байланысты «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008-2009 жылдағы Қазақстан халқына Жолдауларында берілген тапсырмалары негізінде әзірленіп, ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы кепілдемесі ретінде қабылданды [2] .
Осы бағдарламаны облыс әкімдіктерімен, мүдделі министрліктермен және агенттіктермен бірлесе отырып Қазакстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі әзірледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2009 жылдарға арналған стратегиялық бағытының басымдығы болып ауыл проблемалары белгіленген.
Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты ауылды қоныстандыруды оңтайландыру негізінде ауылдың тіршілік етуін қамтамасыз етуін қалыпты жағдайларын жасау болып табылады.
Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының обьектісі ауылдық елді мекен деп ел жинақы орын тепкен аумақтағы қоныс айқындалады, ондағы тұрғындар ауыл шаруашылығымен айналысады.
Осы бағдарламаны әзірлеу ауылдық аумақтарды тиімді дамыту және ауылды қоныстандырудың оңтайлы схемаларын түзу жөнінде шаралар қолдану қажеттігінен туындады, олар ресурстарды тіршілік етудің экономикалық тұрғыдан перспективалы ортасына шоғырландыруға мүмкіндік береді, әрі ауыл халқына қолайлы табыс деңгейін қамтамасыз етеді.
Бағдарлама 7660 ауылдық елді-мекендерді әлеуметтік экономикалық деңгейін сипаттайтын өлшемдер бойынша жіктеу жүргізіледі, олардың ішінде экономикалық әлеуетті бағалау басым болып табылады.
Ауылдық елді-мекендерді жіктеу негізінде төрт топқа жинақталды:
- даму әлеуеті жоғары 1062 АЕМ -тұрғындардың саны 1, 6 млн адам;
- даму әлеуеті орташа 5664 АЕМ -тұрғындарының саны 5, 3 млн адам;
- даму әлеуеті төмен 776 АЕМ -тұрғындарының саны шамамен 300мың адам;
- экологиялық жағдайы аса қолайсыз 22 АЕМ - тұрғындарының саны шамамен 100 мың адам;
Бұған қоса тұтас алғанда Республика бойынша тұрғын халқы түгелдей көшіп кеткен қазіргі уақытта онда ешкім тұрмайтын 136 АЕМ бар.
Әлеуметтік эконохмикалык инфрақұрылымды салуға және қайта құруға бөлінетін инвестицияларды даму әлеуеті жоғары және орташа АЕМ ге жұмсау қажет. Осы жіктеу бойынша әрбір АЕМ дегі нақты ахуалды қарап, инвестиция салынуға тиісті объектілерді айқындап, құнын есептеп, сомасын қаржыландыру көздерінің мүмкіндіктерімен теңестіру керек. Аграрлық өндірістің және қайта өңдеу салаларының, өткізу рыноктарының кеңейтудің бағдарламаларын әзірлеп, кірістердің ықтимал мөлшерін, соларға сәйкес елді мекеннің ауылға қосымша көшіп келушілерді қабылдау тұрғысынан ықтимал сыйымдылығын есептеу кажет.
Даму әлеуеті төмен АЕМ дер бойынша экономикалық қызметтің қосымша саларын дамыту мен кірістердің өсу мүмкіндігін қарастыру, тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерін қалыпты деңгейге жеткізуге қолданылатын шығындарды бағалау, оны қоныс аударуға жұмсалатын шығыстармен салыстыра отырып, қаражат салудың неғұрлым тиімді тәсілі бойынша айқындау қажет. Осы жұмысты жүргізуден бұрын, қаражатты жұмыс істеп тұрған білім беру және денсаулық сақтау объектілерін жөндеуге байланыс пен көлік қатынасы қызметтерін қамтамасыз етуге бағыттау орынды.
Аса қолайсыз экологиялық жағдайдағы аумақтар жаңадан инвестиция салынатындар тізімінен шығарылғаны дұрыс. Осы аумақтар бойынша неғұрлым қолайлы жерлерге қоныс аударуды ынталандыру шаралары жөніндегі есептерді дайындап, қоныс аударуға жұмсалатын каражатқа және жайластыруға мал басы мен өндіріс кұрал жабдығын сатып алуға, берілетін кредитке қажеттікті, ауыл шаруашылығы қызметін жүргізуге бөлінетін жер учаскелерінің көлемін айқындау қажет.
Елбасының 2003-2005 жылдарын Ауыл жылдары деп жариялауы осы себептен болды. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заң агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды басым дамытудың құқықтық негіздерін қалады, мемлекеттік реттеудің негізгі ережелері, қағидаттары мен орындалу құралдарын белгіледі. Олар ауылшаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және аграрлык нарықтың тұрақтылығы мен ауыл халқы тұрмысының сапалық стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталған. [43] .
Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленіп, ол Үкіметтің өткен жылдардағы «Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» қаулысымен бекітілді. Келесі онжылдықта ауылшаруашылығындағы негізгі көрсеткіштер Шығыс Еуропа елдерінің деңгейінде болуы керек. Біз әлемдегі астық экспорттаушылардың алғашқы бестігіне енуге, осы деңгейде ет, сүт, мақта өнімдерін еселей өндіруге тиіспіз. [2] .
Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру қарсаңында отандық өндірілген өнім сапасын жақсарту, олардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру шаралары, кеткен шығындар мен жетістіктер агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға жұмсалатын бюджет қаражатын бөлудің негізгі көрсеткіші болады.
Ауыл жылдарында ауылдық жерлерде 208 мың жұмыс орны ашылды, бұл бағдарламада көрсетілгеннен 5 есе артық.
Қабылданған шаралар жоғары дәрежеде даму мүмкіндігі бар АЕМ-дің санын қазірдің өзінде көбейтті. Мәселен осы кезең ішінде олардың саны 31 пайызға өсіп, олардағы адамдар саны 692 мыңға жетті. Экологиялық жағдайы нашар деп танылған төртінші топтағы елді-мекендер казір жоқ. Тұтас алғанда 3 жыл ішінде селолық ауылдық елді-мекендерде тұратын халық саны 45 мыңға жетті.
Ауыл жылдарында ауыл шаруашылығында көлемді жетістіктерге қол жеткізгенмен, ол өздігімен дамитын жүйе ретінде толық деңгейде қалыптаса алмады. Себебі қазіргі кезде елімізде 7500-дей ауыл бар десек, соның 25 пайызында табыстары күнкөріс деңгейінен төмен болып отыр. Тіпті натуралды шаруашылықпен өмір сүріп отырган ауылдар да бар. Көптеген ауылда ең қажетті инфрақұрылым жоқтығынан қандай да бір замани шаруашылық жүргізудің өзі мүмкін емес. Сондай-ақ ауылды жерлерде соңғы өнім шығаратын өндірістерді, жұмыс орындарын ашу мәселесі шетте қалды. Ауылшаруашылық өнім өндірушілерге кейбір салық жеңілдіктерін беру мәселесі де жыл сайын кейінге ысырылып келеді. Бүкіләлемдік сауда ұйымына кірер тұста отандық шаруалардың әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай болуы үшін осыны ескеру керек.
Сонымен қатар осы уақытқа дейін ауылға нақты көмектесетін кешенді жүйе құра алмадық. Соңғы жылдары ауылға қыруар қаржы бөлінгенімен, оның біршама бөлігі тиімсіз жұмсалды.
1. 2 Қазақстан Республикасы бойынша ауылдық елді мекендер құрамы, құрылымы және мемлекеттік бағдарламалар
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметінің жылдарға арналған стратегиялық бағытында ауыл проблемалары басымдык болып айқындалған. 2007 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен агро азық-түлік кешенінің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды көздейтін осы кезеңге арналған Мемлекеттік агро азық-түлік бағдарламасын бекітілген болатын [43] .
Сонымен қатар жалпы экономикалық өсу аясында қала және ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейіндегі алшақтық күшейе түсуде, табыстардың өңірлердің айырмашылықтары да елеулі. Ауылдық жерде ел халқының 43% тұрады, ресми статистика деректеріне бойынша олардың үштен бірінің табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен. Бұл халдің одан әрі орнығуы ел халғының тұрмыс деңгейі бойынша жіктелуін күшейтеді, қоғамның әлеуметтік саяси ахуалына кері әсерін тигізеді, елдің адамдық даму көрсеткіштері мен инвестициялық бет бейнесінен көрініс береді .
Агро азық-түлік секторының даму ерекшеліктері мен ауыл шаруашылығы қызметінен түсетін табыстардың өсуін ескере отырып, ауыл халқының қазіргі шамадан тыс көптігі халықтың тұрмыс деңгейінің өсуіне тұсау болатын себептердің бірі болып табылады және елдің тұрақты дамуын жоспарлаған кезде күрделі проблемаға айналады.
Проблема әкімшілік экономика кезеңінен сақталып қалған қоныстанудың ұтымсыз схемаларымен одан әрі ширыға түседі, нәтижесінде инвестициялық бағдарламаларды түзу кезінде ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына бағытталған қаражатты тиімсіз салу жалғасуда, көші қон үдерістері стихиялы, игерілмейтін сипатқа ие.
Осы бағдарламаны әзірлеу ауыл аумақтарын тиімді дамыту және ресурстарды экономикалық перспективалы тіршілік кешу орындарында шоғырландыруға мүмкіндік беретін әрі ауыл халқының табысының көкейге қонымды деңгейін қамтамсыз ететін ауылда қоныстанудың оңтайлы схемаларын түзу жөнінде шаралар қолдану қажеттігінен туындайды.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің басқа салалардан айырмашылығы және оның ерекшелігі ауыл шаруашылығы тек өндіріс саласы ғана емес, ел халқының ауқымды табысының өмір сүру аясы да болып табылады. Ауыл экономикасы және ауылдық мекен ажырағысыз байланысты: ауылдық мекендер тарихи тұрғыда ауыл шаруашылығы қызметінің негізінде қалыптасып, өзінің тіршілігін оның тоқтатылуымен қатар доғарып отырды. Бұл үдеріс бүгінгі таңда да жалғасуда . Тек қана 2007-2009 жылдарда 300-ге жуық елді-мекен өзінен өзі тарап кетті. Әкімдіктердің деректері бойынша бүгінгі таңда 136 таратылмаған, тұрғын халқы жоқ ауылдық елді-мекендер бар.
Агроөндірісті реформалау үдерісі оны нарық соқпағына көшіру ауыл шаруашылығы әлеуетінің өсуін бағалау үшін маркетингтік стратегияны қолдану ауыл халқының шамадан тыс көптігі пероблемасының бетін ашты. Есептеулер көрсеткендей ең төменгі өмір сүру мөлшеріне тең (4, 6 мың тг) орташа жан басылық деңгейге жету үшін ауыл халқының саны 5, 6 млн адамды құрауға тиіс, яғни 900 мың адамды босатып шығару керек, ал ҚР бойынша жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыстың 7, 7 мың теңгеге тең деңгейінде ауыл халқының саны 2 есе дерлік қысқарып, 3, 5 млн адамды құрауға тиіс.
Аграрлық сектор, ауа райы ахуалы бойынша қолайлы соңғы жылдарға қарамастан экономиканың жоғары тәуекелді және пайдасы төмен саласы болып қалып отыр. Сыртқы және ішкі нарықтардың сыйымдылығын ескере отырып ауыл шаруашылығының өнімдерінің болжамды өсімі оптимистік көзқарас бойынша 2008 жылдың соңында 10 пайыздан сәл ғана артықты құрайды [4] .
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің агротехнологиялары мен технологиялардың төменгі деңгейі отандық өнімдердің әлемдік және ішкі нарықтағы бәсекеге қабілетсіздігінің негізгі себебі б. т., агросекторда ықтимал табысты қысқартады. Сондықтан ҚР-сы Президенті Жарлығымен бекітілген 2008-2009 жылдарға арналған агроазық-түлік бағдарламасында аграрлық экономиканы интенсивтендіру, ғылыми негізделген агротехнологияларды пайдалану есебінен шығындарды қысқарту жөнінде шаралар көзделеді, мұның өзі келешекте салада жұмыс істейтін адамдарды қосымша босатуға алып келері сөзсіз.
Осы тұрғыдағы ауылда шамадан тыс артық қоныстандыру мен ауылдық қауымдастықтардың өмір-тіршілігіне лайықты жағдайды қамтамасыз ету проблемасы өзекті болмақ.
Президент Жолдауында адамның өмір-тіршілігі және нарықтың жұмыс істеуі тұрғысынан келешегі бар ауыл аумақтарын қолдауға бағытталған мемлекеттік саясаттың қажеттігі ерекше аталып өтіледі.
Ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеуді әлемдік тәжірибесі көпшілік елдердің ауыл өңірлерін дамытуды мемлекеттік реттеуі негізінде ауылдық аумақтардың экономикасымен тікелей байланысты табыстар деңгейінің көрсеткіштері жататындығынын көрсетеді.
Дүниежүзілік банктің жіктеуі бойынша Қазақстан ЖІӨ көрсеткіштері бойынша халықтың жан басына шаққанда пайданың төмен деңгейлі мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда ауыл шаруашылығының ЖӨ бір адамға шаққанда Ресейден 1, 8 есе, Украинадан 1, 3 есе, Турциядан 3 есе, Германия мен Оңтүстік Кореядан 7, 5 есе, Франциядан 8, 8 есе және Бельгиядағыға қарағанда 43 есе төмен болып келеді.
Баяндалғанның негізінде ауыл аумақтарын дамытудың мемлекеттік саясатының тұжырымдамалық негізі оның ауыл экономикасын дамыту перспективаларымен байланысты болып табылатындығы жөнінде қорытынды жасалды.
Ауыл аумақтарын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі -бағдарлама) обьектісі болып ауылдық елді-мекен - тұрғындары негізінен ауыл шаруашылығымен шұғылданатын жинақы қоныстанған аумақтағы қоныс айқындалады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңында белгіленген «ауылдық елді-мекен» ұғымының «ауыл» ұғымынан айырмасы бар. Мәселен Заңнын қағидаларына сәйкес ауылдың айырым белгілері мыналар б. т:
- елді-мекеннің белгіленген тәртіппен есепке алынуы және тіркелуі
- оның жергілікті өкілетті және атқарушы органдар арқылы басқарылады және т. б.
Облыстық әкімдіктер ресми ұсынған 7660 ауылдық елді-мекендердің ішінен 500-нен астамында 50-ден кем адам тұрады, қалалардың аумақтық шекарасына енгізілген көптеген станциялар мен разъездер (257), тұрғындары іс-жүзінде ауыл шаруашылығы қызметімен шұғылданатын селолар (317) бар. Оларда тұратын халық саны 579540 адамды құрайды, ол өздерін ауыл тұрғындарын деп санайды және ауыл проблемаларына мемлекеттік назар аударуына үміт артады.
Қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін сипаттайтын өлшемдер тобы бойынша, ауылдық елді-мекендердің жіктемесі беріледі, олардың ішінде экономикалық әлеуетін бағалау басым б. т. Әлеуметтік қолдау шарлары бәрінен бұрын ауыл тұрғындарының қажетті табыс деңгейін қамтамасыз ететін, әлеуметтік экономикалық даму деңгейі жоғары ауылдық елді-мекендерге тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамытуға бағытталатын болады.
Елдің жалпы ішкі өніміндегі ауыл шаруашылығының үлесі шамамен 8, 5 пайызын құрайды және де таяудағы және ұзақ мерзімді келешекте елеулі өзгермейді, мұның өзі мұнай өндіруші салалардағы көлемдердің өсуімен, тағам өнімдерінің ішкі нарығының шектеулі сыйымдылығымен, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сырттқы нарықтарының тұрлаусыздығымен, үлкен көлік шығындары мен агротехнологияның төмен деңгейі салдарынан Қазақстан өнімдерінің әлсіз бәсекелестік қабілетімен сипатталады. Мемлекеттік агроазық-түлік бағдарламасының ауыл шаруашылығы өнімдерінің болжамды өсімі 2006 жылдың соңына қарай 10 пайызға сәл ғана жоғары болмақ.
Республика ауылшаруашылығының ЖӨ-дегі ең жоғары үлес Қостанай (14, 2%), Алматы (13, 6%), Оңтүстік Қазақстан (12, 3%), Солтүстік Қазақстан (12, 1%), Ақмола (11, 7%), және Шығыс Қазақстан (9, 9%), облыстарының еншісінде. Ең төменгі үлес Маңғыстау (0, 2%), Атырау (1%), Қызылорда (1, 9%) облыстарына келеді.
Ауыл шаруашылығының республикалық ЖӨ- дегі өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы ара қатынасы - 58, 5 және 41, 5 пайыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz