Корқыт ата кітабы



Қорқыт есімі — түркі тектес халыкдар арасында кеңінен мәлім, „Қорқыт ата кітабы"—түркі елінде кең тарап келген аңыздар негізіңде XI ғ. шамасында жазылған шығарма. Қорқыт — тарихта болған өнер иесі, заманының ақсақал-биі, батыры, даңқты ақылгөй адамы. Зерттеушілер пікірінше ол оғыз қыпшақтардың Баят-қият руынан шығып, VIII—IX ғасырларда өмір сүрген. Қорқыт істерін әр халық әр турлі аңыз еткен, оның атын әулиелер қатарына қосқан. Қазак. аңыздарьшда да Қорқыт көп жасаған көрген, ақыл иесі дана, ел мұңын жырлаған күйші, қобыз өнерінің атасы болып келеді.
„Қорқыт ата кітабын тұңғыш зертттеушцгің бірі неміс ғалымы Н. Ф. Диц өзінің "Аталар сөзі" атты жинағында Қорыттың әкесі Қармыш (немесе Қырмыш), шешесі диц пері қызы деген аңыз бар дейдіжәне оны 366 алыпбатыр, 24 бек, 3 2 даңқты сұлтандар шықкдн Огыз тайпасының өкілі дей келіп, көп халықтардың әулие тутатынын ескертеді. Ал оғыздар IX—X ғасырларда ірі мемлекет құрған.
Олар Алтайдан батысқа қараған кең өлкені. Орта Азия мен Кавказ жерлерін түгел дерлік өзіне қаратқан. Осынша байтақ, жұртты билеген оғыздардың құрамында қазіргі түркі тілдес халықтардың көпішлігі-ақ болган. Соның ішінде кейін қырғыэ. қазақ, түрікмен, өзбек, азербайжаи аталып кетксн халықтар да бар. Сондықтан „Қорқыт ата кітабын" сол халықтар арасыңда кең тараған ескі аңыз сюжеттерінің негізінде жасалды деуші ғалымдардың (В. В. Бартольд, А. Ю. Якубинский, В. М. Жирмунский, т. б.) пікірлерін қостамасқа болмайды. Ал осман түріктерінің ұлтжанды тарихшылары (Яғыджи-оғли Али) „Қорқыт атаны" иеленіп, өздерінің XV ғасырда жасаған аттас сұлтаңдары (Екінші Баязит балалары — Қорқут, Огуз) есімдерімен орынсыз байланыстырады. Мұны әйгілі ғалым В. М. Жир-мунский өзінің „Оғыздардың қаһармандық эпосы және Қорқыт кітабы" атты еңбегінде келтіреді. Кеңес ғалымдарының

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Корқыт ата кітабы

Қорқыт есімі — түркі тектес халыкдар арасында кеңінен мәлім,
„Қорқыт ата кітабы"—түркі елінде кең тарап келген аңыздар негізіңде XI ғ.
шамасында жазылған шығарма. Қорқыт — тарихта болған өнер иесі, заманының
ақсақал-биі, батыры, даңқты ақылгөй адамы. Зерттеушілер пікірінше ол оғыз
қыпшақтардың Баят-қият руынан шығып, VIII—IX ғасырларда өмір сүрген. Қорқыт
істерін әр халық әр турлі аңыз еткен, оның атын әулиелер қатарына қосқан.
Қазак. аңыздарьшда да Қорқыт көп жасаған көрген, ақыл иесі дана, ел мұңын
жырлаған күйші, қобыз өнерінің атасы болып келеді.
„Қорқыт ата кітабын тұңғыш зертттеушцгің бірі неміс ғалымы Н. Ф.
Диц өзінің "Аталар сөзі" атты жинағында Қорыттың әкесі Қармыш (немесе
Қырмыш), шешесі диц пері қызы деген аңыз бар дейдіжәне оны 366 алыпбатыр,
24 бек, 3 2 даңқты сұлтандар шықкдн Огыз тайпасының өкілі дей келіп, көп
халықтардың әулие тутатынын ескертеді. Ал оғыздар IX—X ғасырларда ірі
мемлекет құрған.
Олар Алтайдан батысқа қараған кең өлкені. Орта Азия мен Кавказ
жерлерін түгел дерлік өзіне қаратқан. Осынша байтақ, жұртты билеген
оғыздардың құрамында қазіргі түркі тілдес халықтардың көпішлігі-ақ болган.
Соның ішінде кейін қырғыэ. қазақ, түрікмен, өзбек, азербайжаи аталып кетксн
халықтар да бар. Сондықтан „Қорқыт ата кітабын" сол халықтар арасыңда кең
тараған ескі аңыз сюжеттерінің негізінде жасалды деуші ғалымдардың (В. В.
Бартольд, А. Ю. Якубинский, В. М. Жирмунский, т. б.) пікірлерін қостамасқа
болмайды. Ал осман түріктерінің ұлтжанды тарихшылары (Яғыджи-оғли Али)
„Қорқыт атаны" иеленіп, өздерінің XV ғасырда жасаған аттас сұлтаңдары
(Екінші Баязит балалары — Қорқут, Огуз) есімдерімен орынсыз байланыстырады.
Мұны әйгілі ғалым В. М. Жир-мунский өзінің „Оғыздардың қаһармандық эпосы
және Қорқыт кітабы" атты еңбегінде келтіреді. Кеңес ғалымдарының
болжауьшша, „Қорқыт ата кітабы" бір мезгілде жазылған не бір ғана оқиғаға
байланысты пайда бола қалған шығарма емес. Ол — ең алдымен халықтардың ауыз
әдебиетінде ғасырлар бойы айтылып келген аңыздар мен жырлар негізінде
қалыптасқан, ұзақ, жылдарды қамтитын, тарихи ерлік кезеңдердің туындысы. В.
М. Жир-мунский пікірінше, қазір көпшілікке мәлім „Қорқыт ата кітабьша"
кірген жырлар басқа да эпостар сияқты күрделі де ұзак, сапар шегіп, талай
заманның өңдеу-жөңдеулерінен өтіп жеткен. Ол ілкіде ұсақ, жыр, ертегі
әңгіме туріңде өмір сүріп келіп, кейін біріктіріліп үлкен бір циклды эпосқа
айналған. Эпостағы „Домрул" (Домбауыл), „Хан-Төрәлі" жырлары тіпті әріде
V—VI ғасырда пайда болған. Қорқыт оқигасына тікелей байланысы жоқ, өзінше
бөлек шығармалар. Оларды жыршылар кейін „Қорқыт ата кітабынан" оғыздардың
ата аруағын әріден бастап, даңқыта арттыра тусу мақсатында қоса салған.
„Қорқыт ата" циклында осындай 12 жыр-әңгіме бір желіге біріктіріліп, үлкен
эпос жасалған. Эпостың бұлайынша циклденіп біту ке-зеңін В. М. Жирмунский
XIV ғасырдын орта шені мен XV ғасырдың бас кезіне жатқызады.
„Қорқыт ата кітабы" І2 жырдың қосындысы десек, онда оншақты ғасыр
ішінде өмір сүрген он шақты ру тайпа ұлыстардын өткен дәуіріне сай оқиғалар
суреттеледі. Жыр оқиғасы әр түрлі географиялык, ортада өтеді. Бірі Алтай
жағында болса, енді бірі Орта Азия, Жетісу өңірінде, немесе Сыр бойы,
Сардала (Дешті қыпшак,), Персия, Кавкаэ, т. б. жерлерде өтіп жатады. Бұлай
болуын зерттеулер оғыздардың бір кездерде сол өлкелерді
қоныстанғандықтарымен байланыстырады. Бұл болжаудың да шындығы бар. Соған
қоса, біздіңше „Қорқыт ата кітабына" деген әңгімелер бір кезде, жоғарыда
аталған оғыздарға қараған өлкелерді жайлаған көптеген халықтардың ертегі-
аңыздарынан алынып құрастырылған. Соңдықтан „Қорқыт ата кітабын" бір ғана
халық, меншіктене алмайды. Онда қазіргі бірнеше түркі халықтардың үлесі
бар. Бұл пкірдің шындығын „Қорқыт ата кітабының" мазмұнына көз жіберген
адам бірден сезеді.
Қорқыттың бізге қалдырған асыл мүрасы — Корқыт ата кітабы ҮІІІ-ІХ
ғасырда Сыр бойын мекендеген оғыз тайпаларының арасында фопьклор дәстүрінде
ауызша айтыпып келді. ХҮ-ХҮІ ғасырда Кавказға жетіп, паналаған оғыздардын,
арасьнда сақталған Қорқыттын, жырлары қағазға түсрілген. Содан бері
оғыздардың батырлар жыры дүние жүзі ғалымдарының назарынан тыс қалмай,
зерттелуде. Ғасырлар бойы бүкіп түрік тілдес халықтардың жадында сақталған
Қорқыт атаның ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығына арналған жырлары бүгінге
дейін ұрпақтан ұрпаққа жеткен сарқылмас рухани байлық ретінде одан арі
жалғасьн табуда
Қорқыт ата өзінің ойын одан әрі былай өрбітеді: Анадан өнеге
көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ананың көңілі бала
болар. Жақсы ана үшін бала екі көздің сыңары. Оның өсіп жетілсе, ол от
бассының мерейі, баскөзі. Атадан қалған мал болмаса, баланың күні қараң.
Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ. Қолына өткір қылыш альп, соны
жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшінді сәрп етпе. Батыр туған
жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп теседі. Өттрікші болғаннан жарық
көріп, өмір сүрмеген көп артық.Сырдария өлкесін ен жайпаған оғыз
тайпаларында дүниеге келген, ел ағасы, көреген көсемі, сөз бастар шешені,
қып қобыздьн, пірі атанған Қорқыт атаның барлық болжамдары қатесіз болған.
Ол ең қиын мәселелерді шешкен. Қандай қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін
алмай ел ешбір жұмысқа кіріспеген, оның барлық өсиетін бұлжытпай орындаған.
Сондықтан болар, Қорқыт атадан мынадай өсиет сөз қалғән екен: Қолына қобыз
ұстаған ұлан елден елге, бектен бекке барады. Кімнің батыр, кімнің бақыл
екенн жырау білер. Қобызьн сарнатқан жырауға думан керек.
Қорқыт су үстіде кілемін жайып, өзі жасаған қыл қобызбен күй
тартқанда ұшқан құс, жүгірген аң, барлық жан-жануар өзен жағасьнда отырып
тыңдайды екен. Қорқыт осындай өнер туғызып, — деп жазады М.Әуезов, — адам
нәсіліне соншалық асыл мұра тастап кеткендіктен өлмеді. Өлімге қарсы амал
тапқан жан болды. Өйткені, бүкіл аңыздың өмрлік, философиялық шын мәғынасы
— өзі өшсе де артында өлмейтін мұра қалдырған адам өлмеген адам деп
саналуға тиіс.
М.Әуезовтің бұл тұжырымдамасы Қорқыттың мұраларын зерттеудегі үлкен
жаңалық болды. Ол Қайда барсақ, Қорқыттың көрі деген халық аузында қалған
үғымға талдау жасады, оның тарихи және философиялық мағынасының терең
екенін керсете білді. М.Әуезовтің зерттеуінше, шартарапты кезіп жүрген
Қорқыт көрдің өзін көрмеді, жүгірген онның өлексесін, ұшқан құстың
жемтігін, құлаған ағаштың шірігенін, қураған шөптің қалдығын көреді. Оларда
да бір шақта өмір, тіршілік болған. Енді сол өмір бітіп, жоқтық халдерін
көрген Қорқыт осы жағдайларды көрге санайды. Әсіресе адамдардың
соншалықты қысқа өмір сүретіні әулиені ойландырады және адам өмірн
ұзартатын амалын іздейді.
Сонымен, Қорқыт мұраларын зерттеу ұлттық тарихымыздың көптеген
мәселелеріне жаңа көзқарас керек екендігін далелдеи түсті. Әсіресе,
ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы мәселелерін шешу үшін олардың теориялық
және практикалық маңызының зор екендігін көрсетеді. Ол үшін Қорқыт
мұраларын алғашқылар болып зерттеген М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев,
Р.Бердібаев, М.Жолдасбеков және басқа қорқыттанушылардың еңбектерінің
маңызы зор.
Қазіргі қазақтың көрнекті әдебиетшілерінің де көпшілігі Қорқыт
туралы аңыздарға тиісті дәрежеде көңіл бөліп отырды. Әсіресе. М. Әуезов, Ә.
Марғұлан, Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев, Ә. Қоңыратбаев, А. Жұбановтар Қорқыт
аңызының мазмұны негізінде қазак, халқының да Қорқыты өз адамынан
санайтынын, оның тарихта болғандығын растаған. Осыған орай Сыр бойындағы
Қорқыт қабірінің жанынан 1980 жылы үкіметіміз ескерткіш орнатты. Еңді
жоғарыда сөз болған „Қорқыт ата кітабының" сюжеттік ұқсастықтарына тоқтала
кетелік. Он екі жырдан туратын кітаптың сюжетіндегі кейбір эпизодтарға сай
не жақын келетін жайларды қазак, жырлары мен аңыз-ертегілерінен көптеп
кездестіреміз. Сондай-ак, турікмен, өзбек, қарақалпақ, кырғыз, т. б.
халыктардың жыр-аңыздарында да ұқсас сюжеттердің ұшыраса беретіні
анықталған нәрсе. Қазақ жырларының ішінде „Қобыланды", „Алпамыс" сияқты
жырлардың көптеген оқиғасы „Қорқут ата кітабына" ұқсап жататыннын 1947 жылы
жазған бір мақаласыңда Ә. Қоңыратбаев айқын көрсетеді. Біздіңше „Ер
Таргын", „Ер Сайын", „Қырымның қырық, батыры", т. б. жырлардан да ұқсас
көріністерді көптеп кездестіруге болады. Аталған жырлардың жалпы әуені өте
жақын екенін атап көрсеткен орынды. Оғыз батырлары мен қазақ батырлары
мінездерімен де, ерлік дәстүр, әр түрлі түсінік әрекеттерімен де үндес.
Олар әулиелердің араласуы арқылы дүниеге келеді, алыптарша жыл санап емес,
күн санап өседі, ерте ер жетіп, жауға бөрідей тиеді. Тәңірі
қолданғандықтан, қандай қиындықты да жеңеді. Олар ер, бірақ аңғал. Аты мен
жыры өзіне сай. Батырлар жырыңда түс көру, аян беру, қоштасу, жоқтау,
үйленуге байланысты салт, ата жолын сыйлау сияқты дәстүр-жоралғылар үнемі
кездеседі. Батырлар әрқашан үстемдікке, зұлымдыққа қарсы күреседі,
мүсәпірге жәрдем береді, т, б. моральдық сапаларымен, адамгершілік қадыр-
қасиеттерімен көрінеді. Дерсеханның Тоқтарбай мен Бозмұнайлар сияқты бір
балаға зарығуы, сол үшін бар мал-мүлкін сарп етіп ел кезуі, әулиелерге
түнеуі, алдарында оның ұл көру мотиві мүлде ұқсас. Қазанның өзі жорыққа
кеткенде елінің шабылуы, оның түс көруі, шабылған жұртын көріп зарлауы,
оның баласы Ораздың тұтқындалуы, елдегі жауыздық әке-шешенің жоқтауы, зар
жылаған сүйген жардың әрекеттері, батырдың жарасын емдеудегі анасының
әдістері, қойшылар ісі, қазақ жырларын, әсіресе „Қобыланды" жырын еске
салады. Құртқа мен Қарлыға бейнелеріне де ұқсас көріністер көп. Баласыз
Байбөрі, Бозмұнайлардың бала тілеуі, той-думаны бәрі келеді.
Қорқыт кітабындағы: .,Ат тұяғы асқар, ақын тілі қақсар", Отыз екі
тістен шыққан сөз, рулы елге тарар", „Жалғыз шауып жауды жеңіп", т. б.
мәтел сөздер азақта әлі де кездеседі.
Жырдағы Қазанның елін жау шапқанын түсінде көріп, Қара көне деген
ағасына айтқан монологінен бір үзінді келтірелік:
Қара көне аға мыз.
Бүгін мен бір түс кердім,
Түсімде қара күш көрдім.
Қолымдағы сұңқарым, ұшып кетті,
Ақ түндікті үйіме найзағай түсті,
Ордамды қалын. туман. нөкер басты.
Үйіме құтырған қасқыр шапты,
Қара түйем бұқама тап берді,
Қара қарғайдай шашым көзімді жапты.
Он саусағым канға боялды...
Батырлардың түс көру арқылы қамдануы, аруақтарымен тілдесуі ескі
түсініктегі ел ұғымына сай баяндалады. Бұл сияқты халық жыр-аңыздарында жиі
ұшырайтын үғымдар өте көп, елінің қайғылы жайын қойшысынан сұрап білуі —
Алпамыс, т. б. қазақ батырлары әрекетіне сай. Мысалы: Қазанды көріп, болған
жайды хабарлаған Қарақойшының сөзі мынадай:
Тірі ме едін, өлі ме едін, Қазан хан.
Қайда жүрдін әкем Қазан хан?
Кеше емес, үш күн бұрын өтті.
Үйнің. шабылған осы арадан, Қазан хан
Қарт ананды тәуірлер,
Қара нардың мойнына іліпті,
Әйелін. Бурыла қат\ын енселі,
Қырық қьгзы сындарлы,
Қатар түзеп қасында,
Жылай кетіп барады.
Қырық жігіті касында,
Жалаң аяқ, жалаң бас,
Балаң Ораз о дағы,
Құл боп кетіп барады.
Жүйрігінді міні, жылқынды
Тәуірлер айдап барады.
Алтын, күміс қазынанды,
Тәуірлер алып барады.
Қорқыт кітабында халыққа тән ерлік, өз еліне деген сүйіспенділік
өте сенімді суреттеледі, Әрбір кейіпкерлер іс-әрекеттері бұған айғақ.
Әсіресе Қарақойшының жауға қарсы айтқан ерлік сөздері бғған айқын дәлел. Ол
бес қаруы сай, көп дұшпан қамап алып, тізе бұтуін талап еткенде,
қайсарлықпен мына сөзді айтады:
Бос сөйлеме ит тәуір,
Итіммен бірге ас ішерсің,
Бұрылды міндім деп мақтанба,
О да бір алабас текеме тең келмес.
Дулыға кидім деп мақтанба.
О дағы тері бөркіме тең кедмес.
Алпыс тұтам найзаңды мақтама,
О дағы қызыл шоқпарыма тең келмес.
Қылышым бар деп махтааба,
О дағы қисық, таяғыма тең келмес.
Беліндегі тоғыз -он оққа мақтанба,
О дағы ұубар сапты пышағыма тен келмес,
Жігіттерім қуатын байқап қара
Жалқы келіп біздерге ит гәуір.
Жау қолына түскен жазықсыз жас батыр Ораз дарға тартылмақ болады.
Осы жағдайдың өзінде соңғы сұрап, өз арманын дар ағашына қаратып былай
дейді:
Ағаш-ау, ағаш, ағаш десем ұялма,
Меке менен Мединеге қақпа болған сен ағаш!
Аллаға өзі тілдескен Мұсаға аса болған араш!
Үлкен өзендерге көпір болран бұл агаш.
Қара теңізге кеме болған сол ағаш.
Әли патша дүлдүліне ер болған да бүл ағаш.
Зұлқарнайын қылышын тұтқа, қынап та болған сол ағаш.
ХҰсайын, Хасан патшаға бесік болғаи бұл ағаш.
Әйел менен ерлерді қорқытқан да сол ағаш.
Жоғарыға карасам, мәуең сенің көрінбес.
Төменге қарасам, мәуед сенің көрінбес.
Төменге егер көз тіксем. тамырыңды кермеспіе.
Мені саған асқаңда шыдармысың, сен ағаш?
Егер шыдап сынбасаң, жас өмірін қиылса.
Жазаңды да тартарсың сен, кара ағаш,
Кес деп әмір берер ем, кара құлдарына,
Халқыма керек болдың сен ағаш...
Келтірілген жолдар қазақ ақындарының кейбір шығамаларын еске
салады. Мысалы, Қашағанның Есқали сопыға айтқан өлеңдеріндегі домбыраның
„Қуағаш" емес екенін түсіндіруі әуендес сияқты,
Жас, кінәсіз бала батыр Ораздың сөздері оқушыға әсерлі. Оның
қайғысы, зары өмірге құштарлығы аянышты. Халық, жырлары сюжетімен әуендес:
Тағы да Ораз сөйледі, сейлегенде ханым не деді?
Ағайынды жақтасан жалдастарын қымбат болмаса,
Шұрқырасып кісінеген жылқыларым қымбат болмаса,
Туғырыңда түлеген сұңқарым қымбат болиаса,
Бек бола алмай бос өткен өмірім қымбат болмаса,
Жастықтың кызығын көре алмай орманда
Қыршын қиылып жаным қымбат болмаса...—
деп Ораз дар алдында тұрып зарлайды. Бұл сияқты зарды Жәдгердің
басынан да кездестіреміз ғой.
Ер Сайын, Қобыланды, Алпамыстар сияқты Дерсеханның жалғызы да күн
санап тез өседі. Он бес жасында-ак, өзі тұстас балалардаы өзгеше күшті,
ақылды, ересек боп көзге түседі, Болашақ батырдың алғашқы ерлігі аңшылықта,
қауіпті жыртқыштарға қарсы күресте көрінеді. Жолбарыс сияқты қауіпті
жыртқышіпен жекпе-жек арпалысып, оны жеңеді. Жалғыз көзді дәуді
тұншықтырады... Жас батыр — аңғал, жауы — керісінше, айлакер, қатыгез,
қатал. Бұқашханның анасы түс көріп, 6а-ласының басына түскен қасіретті
сезеді. Ол қырық қыз ертіп, баласын іздеп жолға шығады. Өлім халінде жатқан
ұлын тауып оны өзі емдеп жазып алады. Бұл көріністер түгелдей қазақ
жырларындағы Қобыланды мен Ерсайынды емдеп жазған ана, жар әрекеттерімен
үндес.
Қорқыт ата кітабынадағы Қазан мен Қобыландының елін сүюі,
шабылған жұртын азат етулері де ұқсас. Қобыланды Қызылбастарға, Көбіктіге
қарсы жорықта жүргенде елін Алшағыр шабады. Жаудан жеңіспен оралған батыр
елінің жұртын көріп зарлайды. Сондай-ак, Қазан да шүйкелі гәуір келіп елін
шапқанда алыста жорықта, аң аулап жүреді. О да елінің жұртьш көріп зар
шегеді. Есін жиып, жауын қуып, өш алады. Қырық қыз, қырық жігіт, тоғыз
батыр, жеті күн, жеті түн сияқты ұғымдар да „Қорқыт" кітабында қазақ аңыз
жырларындағыдай ұғымдас. Мысалы, Қазанның тоғыз батыры бірінен бірі күшті
боп, әсірелене суреттеледі. Бұл сияқты көріністерді қазақтың XVI ғасырда
жасаған жырауларының „Жуан-хан", „Шона батыр" жырларьшан айқын сезінеміз.
Қорқыт кітабындағы Бейректі тұтқыннаң босату эпизоды да „Қобыланды"
жырыңдағы батырлардың Көбікті тұтқынынан босанғаңдары сияқты. Екеуінде де
гәуірдің қыздары батырларға ғашық болып, сол ғашықтык. сезімдері үшіп іс
қылады. Бұл қыздардың бәрі де батыр. Өздері жеке ерлік көрсете алады.
„Қорқыт" эпосының жетінші жырында Дирек деген алып батыр
бейнеленеді. Оның бойы—60 аршын, 60 пұтты өзі ғана көтеретін ертегілік
0аһарман. Б9л сияқты дәулер қазақ жырында да кездеседі. „Қобыланды" жырының
бір нұсқасында Қырық құлаш Қызыл Ер деген бәр. Мұның сиқы сол дирекпен
шамалас.
Қорқыттың оныншы жырындағы Үйсін қожа Секрек өзінің ағасы Әкіректің
жау қолына түсіп қанауда ұзақ жатып қалғанын балалармен ойнап жүргенде, бір
баланың одан өш алу ретімен айтқан сөзі арқылы алғаш естіп, үйіне келіп
шешесінен анық-қанығына көз жеткізеді. Бұл сияқты көріністерді қазақ жыр-
аңыздарынан да жиі ұшыратамыз. Ағасын, босатпақ боп аттанған Секрек ұзақ
журіп, арып-талып жау қамалына жетеді. Бірақ, жаудан сақталу орнына, қамал
қақпасының алдында қаннен-қаперсіз бернеше тәулік ұйықтап, аңғалдық
жасайды. Бұл мотивтің де батырлық эпостарға тән екені дәлелдеуді
тілемейтіні аңдан анық жай.
Қазақ жырларында кездесетін бел құда, бесік құда салты Қорқыт атада
да ұшырайды. Бамсы мен Вану-шешекке (Гулбану) аналарының беліңде жүргенде
құдаласады. Бұл да „Қозы Көрпеш, Баян сұлу" жырындағы Сарыбай мен
Қарабайдың құдалық уағдаларыы еске түсіреді (Қорқыттың үшінші жыры).
„Қорқыт ата" кітабында нақылдар да көп кезігеді. Олардың мазмұны
жалпы адамгершілікке тәрбиелейді. Мысалы: „Инабатты болса, әйел көрікті.
Ақсақалы жарасқан — шал көрікті, сүйікті (сыйлас) болса — ағайын көрікті.
Үлкен шаңырақтың қасында отау көрікті. Жібек шатырдың жібі көрікті. Өнегелі
болса бала көрікті. Дүние-мал шашылмай, Мырза деген атақ жоқ. Тәкаппарлықты
тәңірі сүймес. Мықты, жүйрік бедеуге қорқак, жігіт міне адмас. Ананың хақы
(парызы) — құдайдың хақы. Куйеу бала — ұл болмайды. Ұл — атаның ері, екі
көзінің бірі. Қыз ақылды ескермес — ана үлгісін көрмес, ұл жарытып ас
бермес — әке үлгісін көрмес. Әдепті сөйле де, тыныш отыр. Қыз анадан
үйренбей өнеге алмас, ұл атадан үйренбей сапар шекпес. Қабырғасы бүтін
көтеріледі, сүйегі бүтін — өседі. Жалғыз жігіт қол (әскер) болмас, бос
ыдыстың түбі мықты болмас. Көрші ақысы — құдай ақысы. Қонақ келмеген үйдің
құлағаны артық. Көп қорқытады, терең батырады. Дұшпәнның біреуі өлсе —
қуанба, жұрттың бәрі де өледі. Сауыт күші — қылышпен қылшылдатып ұрғанда
(білінер), аттың күші — жігітті (жаудан) алып шығып құтқарғанында. Шіріген
мақтадан мата шықпайды, нағыз жаудан дос шықпайды. Қиып түсер қылышты
мұқалтқанша, шаппаған жақсы. Ат жемейтін ащы шөптің өспегені игі, адам
ішпес ащы судың аққанынан ақпағаны игі. Атасының атын шығармаған жігерсіз
ұлдың туғанынан тумағаны игі, жалған сөздің болғанынан болмағаны игі.
Өтірік сөз өрге баспас. Ат арытпай жол бітпейді. Ұра білген жігітке оқ пен
қылыштан гөрі шоқпардың өзі артық. Қара таудың басындай байлық жиса да,
бұйырғаннан артық ешкім ештеңе жей алмайды. Ұлдың күні күн емес, атадан мал
қалмаса, ата малы пайдасыз, баста дәулет болмаса. Дәулетті ұл — ошақтың
қоры, дәулетсіз ұл атаның көрі (адамның қоры). Жердің соны (шүйгін) шөбін
киік білер, жайылымның шалғынын құлан білер. Әр жолдың сүрлеуін түйе білер,
жеті бұлақтың иісін түлкі білер, керуеннің түнгі жүрісін торғай білер,
ердің батқанын ат білер, ауыр жүктің михнатын тұлпар білер, саз орайып
бөкен білер, қапелімде бастың ауырғанын ми білер, ер жомартын, кісі бақылап
жырау білер?! Отыз тістен шыққан сөз барлық ордаға жайылар. Ескі киімнің
(тонның) биті ащы, жетім баланың тілі ащы. Ат тұяғы ақсауық, ақын тілі
қақсауық- Топырақ төбе болмайды. Қанша тасып тулағанмен өзен суы теңізді
толтыра (тасыта) алмайды, қанша қалың жауғанмен қар көктемнен қалмайды. Гүл
жайнаған шалғын да қара күзге қалмайды, қара есектін басына жүген салғанмен
қашыр болмайды. Әр жердің отын буғы біледі, тегістік отын құлан біледі. Ат
шапса, ер мақтанады. Ажал жетпей к-мек жоқ. Өлген қайтып тірілмес, шыққан
жан кері оралмас.
Қысқасы, қазақ эпостарына жақын келетін жайлар мен нақылдар өте жиі
ұшырасады. Қазақтың өткен дәуір алулндары жырларына сай келетін көрінстерді
де көптеп кездестіру қиын емес. Ең бір таңырқарлық жай, Қорқыт ата
кітабының тілі қазіргі қазак. тіліне аудармасыз-ақ түсінікті. Біз Анкара
(Түркия) қаласында 1964 жылы басылған „Қорқыт ата кітабының" тұпнүсқасын
оқып көрдік. Қазақ оқушысына түсініксіз сөздерді ол кітаптан өте сирек
ұшыратқанымызды батыл айта аламыз. Киіз үй жабдықтары, мал аттары, үй
саймандары, адамның, малдың әрекеттері, айғырдың кісінеуі, құлынның қуануы,
қымыз пісіліп, қанып ішіп қызған бектердің дау-далабаларды, т, б.
көріністер Қорқытты қазақтарға мүлде жақындата тусед. 1970 жылдардың
аяғында „Қорқыт" жырларының көркемдік сырын ашуға жас зертгеуші Ш. Ыбыраев
назар аударып, осы жырдың поэтикасын, эпитеттеріне тән құбылыстарды
айқындап, еңбек жазды. Асылы, „Қорқыт ата кітабы" қазаққа жат емес. Оның
әдебиетіміз тарихыңда сөз болуы орынды.
Қоркыт - күйші, музыкант, эпос айтушысы, әйгілі жырау. Тұңғыш
қобыз сырының тудырған адам, ауыз әдебиетінің үкен өклі.Қоркыт ежелгі түркі
тайпаларының ІХ-Хғасырдә Сыр бойыңда ғұмыр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорқыт ата кітабы шығармасының зерттелуі
«Қорқыт ата кітабы» - тарихи мұра
Қорқыт ата туралы
«Қорқыт ата кітабының» зерттелуі жайлы тың деректер
Қорқыт ата кітабының жырлары
Қорқыт ата кітабы туралы ақпарат
Қорқыт ата кітабы - әдеби мұра
Қорқыт туралы аңыз-әфсаналар, тарихи шежірелер
Қорқыт Ата туралы ақпарат
Қорқыт ата тарихы
Пәндер