Шымкент


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ШЫМКЕНТ

Қаланың іргетасы қашан пайда болды және оның атауы қандай мағына береді. Осы сұрақтарға дұрыс жауап беру ғалымдарды көптеген жылдар бойы мазалап келеді. Осы уақытқа дейін ғалымдардың көпшілігі қазіргі Шымкент қаласының аумағындағы қоныс мекендер XI-XII ғ. ғ. болған деген тұжырымда болатын. Сонымен қатар Шымкенттің бұдан да ертеректе пайда болғаны жөнінде болжам бар. Бұған дәлел -археологиялық қазбалар мен құрылыс барысында табылған қабырлардың жерлеуші, мамандардың болжамы бойынша, біздің арамызға дейінгі ғасырларға тән.

Өткен ғасырдың басындағы қала қамалы болған жерде жақында бір еркек пен әйелдің мәйіті табылды, және ол зороастрлық салтпен жерленгендігі анықталып отыр, олай болса бұл мәйітке 1500 жыл.

Бірқатар археолог-ғалымдардың пікірлері бойынша, бұл жерде үлкен қарым болған, егер бұл расталса, онда қаланың пайда болған мерзімі қайта қаралуы мүмкін.

Біздің заманымызға жеткен жазба деректерде Шымкент алғаш рет елді мекен ретінде парсы тарихшысы Шараф аддин Али Йе (а) здидің (1425 ж. ) біздің, жыл санауымыз бойынша 1365-1366 жылдардағы Әмір Темірдің әскери жорықтары туралы жазған "Зафар Наме" атты ("Жеңіс кітабы") кітабында кездеседі.

Ғалымдар Шымкент туралы кездесетін әр түрлі тарихи деректерді атай отырып, қала атауының мағынасын "бау-бақшалы қала", "Жасыл қала", "Шыммен қоршалған қала" - деп түсіндіреді. Мысалы, шымға қатысты қала атауы былай деп түсіндіріледі: Шымкент түркінің "Шым" және иранның "Кент" - қала, мекен деген сөздерінен құралған. Ал басқа түсіндірмеде қала атауы соғдының (иранның) "чиминь-чемень" яғни, көгалды, гүлденген алқап, ал бұған "Кент" сөзінің жалғануымен, "жасыл (гүлденген) қала" деген мағынаны береді.

Қандай болғанда да, қала ескі заманнан-ақ адамдардың өмір сүруіне қолайлы мекен болған. Оған ежелгі қоныстарға жүргізілген архе-ологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған мәдениет мұралары дәлел бола алады.

Тау етегінде өзен бойындағы алқаптарда егіншілік пен жүзімдік, әл көгалды таулы жайылымдарда мал шаруашылығы дамыған.

Шымкент қаласының аймағы жүздеген жылдар бойы көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған. Қала бірнеше рет басқыншылардың жойқын шабуылдарына ұшырған. Шыңғысхан жорықтарға жасақтарымен қала арқылы өтіп, ақырында Шымкент Шыңғысхан ұрпақтарының қол астына өткен.

Ақ Орда және Алтын Орда хандары жүргізген соғыстардың нәтижесінде қала Әмір Темірдің қол астына кіреді. XV ғасырдың басынан Шымкент XVIII ғасырдың жартысына дейін Жоңғар шапқыншыларының тонауына ұшырайды.

Сансыз соғыстар мен өзара тартыстар жергілікті халықтардың өміріне қайғы-қасірет әкелгенімен, Сайрам оазисі-жер өңдеу мен бау-бақша және қол өнері өркендеген аймақ болып қала берді.

XVII ғасырда және XIX ғасырдың бірінші жартысында Шымкентті билеп алу мақсатында Қоқан және Бұхар хандықтары күрес жүргізді. 1810-1864 ж. ж. Шымкент Қоқан хандығының билігіне өтіп, хан өкілінің резиденциясы болды. Мұнда Қоқан әскерлерінің саны жағынан үлкен горнизоны тұрақтап, қала негізінен әскери қамал ретінде пайдаланылды.

1864 жылы қала орыс әскерлерінің тіке шабуылымен алынды. Қазақстан мен Орта Азияның Ресейге қосылуы аяқталған соң, Шымкент Жаңақоқан бағытының құрамында болып, соңынан Түркістан облысының, ол 1867 жылдан Түркістан генерал - губернаторлығына қарасты Сырдария облысының уездік қаласы болды. Осы кезден бастап Шымкент Европалық Ресей мен Батыс Сібірді Орта Азиямен жалғайтын, маңызды транзиттік мекенге айналды.

XIX ғасырдың соңында қалада сауда-саттық дамыған? -19 мануфактуралық, 70 ұсақ-түйек дүкені, 50 шайхана, 10 керуенсарай, 9 тамақтандыру орны, 27 ұн дүкені, ал XX ғасырдың басында 3 май шайқататын, 5 тері илейтін, 15 кірпіш шығаратын, 26 диірмен, 4 мақта та-залайтын, ұсақ өнеркәсіп, 15 ұстахана және 15 сабын қайнататын өндіріс орындары бар үлкен өнеркәсіп қалаға айналды.

1875 жылы приходская-шіркеу мектебі ашылып, кейіннен 1879 жылы екі сыныпты қалалық кәсіптік-техникалық мектепке (қазіргі ағылшын тілін терендетіп оқытатын Дулати атындағы гимназия) айналды. 1887-1910 жылдары тағы екі мектеп және кітапхана ашылды. Сонымен қатар қалада 16 мешіт, 3 медресе, 3 шіркеу жұмыс істеді.

Қала экономикасының дамуында 1883 ж. ашылған дәрі-дәрмек өндіретін сантонино (кейінгі химия-фармацевтика зауыты) зауыты маңызды рөл атқарып, оның өнімдері экспортқа шығарылатын. Шымкент сантониносының сапасы өте жоғары болды, сондықтан ол ішкі рынокта үлкен сұранысқа ие болды. Оңтүстік Қазақстанның табиғи-климаты дермененің өсуіне қолайлы, ал дермене сантонино өндіріс жершарында өте сирек кездеседі. Сондықтан да Шымкенттің алғашқы және қазіргі таңбасында (герб) дермене бұтақшасы бейнеленген.

І914 жылы Қазақстанның Ресей империясына қосылуының 50 жылдығына орай қалаға орыс генералы Черняевтің есімі берілді, бірақ 1921 жылы қала Шымкент атауына қайта ие болды.

XX ғасырда қала тарихының жаңа кезеңі басталды. Қала халқы елдегі үлкен өзгерістер нәтижесінде жаңа жетістіктерге жете бастады.

Қалада жаңа өндіріс орындары салынып, оқу орындары мен ғылыми, мәдениет ошақтары ашылды. Кала келбеті жаңа тұрғын үйлер, гүлзар, көшелері, саябақтарымен ажарлана түсті.

30-шы жылдары Шымкентте қорғасын зауыты салынды. Бұл алып өндіріс орны КСРО-дағы өндірілетін қорғасынның 70%-н беріп отырды. Қалада май комбинаты, шұлық және айна фабрикалары іске қосылды. 1932 жылы ауылшаруашылық авиациясының базасы құрылып, бұл Шымкент әуежайының негізін қалады.

Ұлы Отан соғысы жылдары Шымкент қаласы КСРО-дағы маңызды қалалардың біріне айналды. Соғыс жүріп жатқан аймақтардан бұл жерге елдегі бірқатар өндіріс орындары, 17 зауыт пен фабрикалар көшіріліп әкелінді. Қала танктерге қажетті қосалқы бөлшектер, снарядтар, металл, қорғасын, оптикалық құралдар және басқа да өнімдерді өндірді. Шымкентке өсімдіктер ғылыми-зерттеу институты және Харьковтегі авиация училищесі көшірілді.

Ұлы Отан соғысы жылдары майдан даласында ондаған мың шымкенттіктер жаумен шайқасып, 7 жерлесімізге Кеңес Одағының баты-ры атағы берілді.

Соғыстан кейінгі 50-80-інші жылдары экономика дами бастады. Қалада жаңадан ірі кәсіпорындар құрылды.

SHYMKENT

When did the city appear and what is the origin of its name? During many years scientists were concerned with a search of the right answer to this question. Till now most of them agreed in opinion, that the settlement on territory of contemporary Shymkent has already existed on boundary of XI-XII centuries. At the same time, there is a hypothesis about earlier emergence of Shymkent, based on the found land burials during archeological excavations and civil works, which relate to V-VI centuries according to the specialists. More recently in a region, where in the beginning of the past century the urban stronghold was placed, the funeral urn with remains of a man and woman were found. As the burial was made according to the zoroastriyskiy rite, it was 1500 years ago. Some of the scientists-archeologists consider, that the whole burial ground can be located here, and, if this opinion is proved, then the city's date of birth could be revised.

In written sources, Persian historian Sharaf ad-din Ali le (a) zdi for the first time mentioned about Shymkent in his book "Zafar Name" ("Book of victories") during his description of military events, connected to campaigns of Timur in 1365-1366 according to contemporary system of chronology.

Many disputes exist around name of the city. On the basis of different historical Sources the scientists treat the origin of its name in different ways: "city - garden", "green city", "city surrounded with turf". For example, an opinion considering the name with a turf is explained in a way that the word<Shymkent consists of two roots Turkic "Chim" (Shym) - turf and Iranian "kent" - city, settlement. In the other explanation the name takes the beginning from Sogdiski (Iranian) "Chimin-Chemen", that means meadow, blooming plain, or with attachment "kent" - green (blooming) city.

One way or another, the location of the city is favored to people's activities from earlier times, the numerous tracks of ancient settlements and . oddments, retrieved during archeological excavations attesting the highly developed material culture. The field husbandry and viticulture were highly developed in a submountain zone washed by rivers' waters and animal husbandry on the rich pastures of fluvial plains and Alpine meadows. Caravan's roads connected South Kazakhstan with Central Asia, Middle and Near East, Turkestan, China, nomads of a great zone of steppes.

During centuries Shymkent was a witness of many historical events, its territory often used to serve as an arena. -The city quite often was a subject to devastating invasions of the conquerors. Troops of Chingiskhan were passing through its territory, the consequence of which was, that Shymkent became a part of the possession of conqueror's offspring. As a result of a successful act of war of Ak-Orda and Gold Orda hans the city was included in a structure of the mandatory power of Timur. At the beginning of XV centuries Shymkent became an object to extortionate Oirat invasions (west-Mongolian), and from the first half of XVII and to XVIII centuries of Dzhungar conquerors. .

In spite of uncountable wars and internecine dissentions, which had a pernicious effect upon the habitability of the population, oasis of Sairam was still representing a region with developed agriculture, gardening and craft.

In XVIII century and in first half of XIX century the Kokand and Bukhara Hanstvo were fighting for the possession of Shymkent. In 1810-1864 Shymkent serves as the residence of khan's viceroy of under the domination of Kokand hanstvo. The most numerous garrisons of Kokand troops were located here and the city essentially was represented as a military stronghold - camp.

In 1864 the Russian troops ware captured the city by storm. After annexation of Kazakhstan and Centra] Asia with Russia Shymkent is in a structure of Novokokand line, later of Turkestan area, and since 1867 becomes a district city of Syr-Darya area of Turkestan general - governorship. From this period Shymkent becomes an important transit point connecting European Russia and Western Siberia with Central Asia.

At the end of XIX century 19 manufacturers, 87 hardware, 70 petty stores, 50 chaikhanas, 10 caravanserais, 9 taverns, 27 flour shops, grocery were counted in trade rows of the city, and to the beginning of XX century - 3 oil pressing factories, 5 tanning, 15 brick manufacturers, 26 mills, 4 small-sized cotton processing plants, 15 forges and 15 soap plants were in operation.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шымкент қаласының жер ресурстарын аймақтарға бөлу
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
ТМД ЕЛДЕРІНІҢ 2020 ЖЫЛҒЫ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ
Оңтүстік Қазақстанда өсірілетін жүзім сорттары
Шымкент қаласы туралы
Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын салу әдістерінің кәсіпкерлік субъект мүдделеріне әсері
Шымкент тасымалдау бөлімшесінің техникалық сипаттамасы
Абай саябағы
Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар археологиялық ескерткіштерінің тарихы мен сақталу мәселелері
Шымкент қаласында топырақтың ауыр материалдармен ластану дәрежесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz