Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым – қатынастар


Қазақстан мен Uрузия арасындағы қарым - қатынастар

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І - тарау Табиғат жағдайлары мен халқы

І. 1 Табиғат ресурстары5

І. 2 Халқы және ұлттық құрамы. 7

ІІ - тарау Шаруашылығына жалпы сипаттама

ІІ. 1 Отын-энергетика, металлургия және машина жасау кешендері9

ІІ. 2 Тамақ және жеңіл өнеркәсібі . . . 12 ІІ. 3 Агроөнеркәсіптік кешені мен шипажайлары. . 14

ІІ. 4 Көлік жүйесі мен ішкі экономикалық аудандары. . 17

ІІІ - тарау Сыртқы экономикалық байланыстары

ІІІ. 1 Грузияның сыртқы саясаты. 24

ІІІ. 2 Қазақстан мен Грузияның саяси байланыстары. 25

ІІІ. 3 Сауда - экономикалық байланыстары . . . 27

Қорытынды . . 30 Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Мемлекет аты - Грузия.

Астанасы - Тбилиси қаласы . (1, 36 млн адам ) .

Территориясы - 69, 7 км 2.

Ұлттық мейрамы 26 мамыр, тәуелсіздік күні .

Закавказьенің орталық және батыс бөлігін алып жатыр . Солтүстігінде Россияның Краснодар және Стравраполь крайларымен, Кабардино - Балкар, Солтүстік Осетия, Шешенстан және Дағыстанмен шектеседі . Шығысында Азербайжанмен, оңтүстігінде Армениямен, оңтүстік батысында Турциямен шектеседі . Мемлекет батысын Қара теңіз шайып жатыр .

Географиялық жағдайының ерекшелігі - Қара теңізге шығар жолының болуы және де Халықаралық теңіздік коммуникациясының болуы . Грузияның ең ірі қалалары - Кутайси, Рустаыи (158 мың адам ), Батуми (137, 1 мың адам ) .

Грузияның халқына келетін болсақ 5, 4 млн адам .

Этникалық құрамы - грузиндер 70, 1 пайыз, армяндар 8, 1 пайыз, орыстар 6, 3 пайыз, азербайжандар 5, 7 пайыз, осетиндер 3 пайыз, гректер 1, 8 пайыз, абхаздар 1, 7 пайызын, украйндар 1 пайызын, басқа ұлт өкілдері 2, 2 пайызын алады . ұлттық діндеоі - грузиндік провославиелік 65 пайызын, орыс провославиясы 10 пайызын, ислам 11 пайызын, армяндық провославиелік 8 пайызын алады .

Мемлекеттік тілі - Грузин тілі . Ұлттық мейрамы 26 мамыр тәуелсіздік күні . (1991 жыл) . Ақша бірлігі - лари деп аталады . Админстрациялық территориялық бөлінуі бойынша Грузия 66 ауданға, 51 қалаға, 62 қала үлгісіндегі поселкелерге бөлінеді . Грузияның құрамына Аджар Автономиялық Республикасы және Абхазия Автономиялық Республикасы кіреді .

Мемлекеттік құрылымы бойынша президенттік республика . Мемлекет басшысы президент болып табылады . Әрбір 5 жыл сайын сайлау өтеді . Грузияның ең жоғарғы деңгейдегі органы Грузияның бір палаталы парламенті болып табылады . Олар елдің ішкі және сыртқы саясатымен айналысады . Ол 150 адамнан тұрады . 4 жылда бір реттеліп сайлау өтіп тұрады . Елдің саяси партиясы : Ұлттық қозғалыс демографиясы .

І - тарау Табиғат жағдайлары мен халқы

І. 1 Табиғат ресурстары

Грузия отын ресурстарына өте бай . Соның ішінде көмірге өте бай . Тас көмірдің қоры Чагин ( Ткибул - Шаорин ) және Кадор (Ткварчель ) жоталарында шоғырланған . Қоры жағынан 400 млн тонна . Ткварчелиде көмірдің үлкен қоры бар . Бұл жерде көмірді шахталық әдіспен алады . Грузияның оңтүстігінде Ахалцих тауының жоталарында қоңыр көмір кездеседі . Бұл жердің көмірі сапасы жағынан өте төмен болып табылады . Калхид жазығының батыс бөлігінде торфтың мол қоры кездеседі . Торф бойынша басты аймақтары Тот, редутлаль, Хоб аймақтары . Негшізінен торфты цитрус және шай плантациялары қолданады . Грузиядағы мұнайдың жалпы қоры жағынан 580 млн . тоннаны құрайды . Оның негізгі қоры оңтүстік шығысында, сонымен қатар Тбилиси аймағында кездеседі . Грузияда мұнайдың 7 % игерілген . Бұл жерде АҚШ тың, Ұлыбританияның, Швейцарияның, Австралияның компаниялары.

Грузияда табиғи газдың қоры бойынша 98 млрд м 3 деп есептеледі . Термальды сулар негізінен энергия көзі болып табылады . Грузияда термальды сулардың көлемі 200-250 м 3 Термальды сулардың негізгі бассейндері - Кадори, Кохет, Тбилиси, Алазань бассейндері . Марганец бойынша үш бассейнді айтуға болады . Олар : Чиатур, Чхор -Аджамей, Квирил бассейндері . Марганейтің барлық қоры бойынша 225, 5 млн . т . Марганецтің 90% жуығы Чиатур бассейнінде шоғырланған .

Түсті металлургия бойынша мыс ( маднеул, Квайда ) , свинец, цинк полиметалдары ( Дамбуд, Мери, және Оңтүстік Грузияда) өндіріледі . Алтын қазіргі кезде Маднеул аймағында өндірілуде . Сонымен қатар Болнис ауданында, Аджар, Триалет, Сванет аймағында өндіріледі . Мышяк Лухон аймағында өндіріледі . Цемент шикізаты бойынша Грузияда қоры өте жоғары дәрежеде . Су ресурстары бірінші кезекте энергетикалық жағдайларда қолданылады . Гидроэнергетикалық ресурстар бойынша Грузияда бұл 76% батысында (Риони, Ингури, Кадори өзендерінде) өндіріледі . Грузияда рекреациялық ресурстарға бай мемлекет . Бұларға минералды көздер, емдік ыстық сулар - Цхалтубада орналасқан . Гидрокарбонатты - натрий сулары - Баржомиде, Хлорлы натрийлі сулар Тбмлмсиде шошғырланған .

І. 2 Халқы және ұлттық құрамы

Халқы 2000 жылғы мәліметтер бойынша Грузияның халқы 5, 2 млн адамға жеткен . Халықтың этникалық құрамы әртүрлі болып келеді . Этникалық топтар - грузиндер 70 %, армяндар 8, осетиндер 6, қалғанын гректер, күрттеғр, абхаздар құрайды . Грузиндер Кавказдың армяндық картвель тобына жатады . Халықтың көбі христиандықты ұстанады .

Халқы 1991 жылы Грузияда туылу азайып, табиғи өсімге кері әсерін тигізді. . Қазіргі кезде Грузия өлімнің көптігі жөнінен Закавказ аймағында 1 орынға ие ( 1991жылы 13, 7 % болса, 1994 жылы 17, 5% өскен ) Елде халықтың орташа тығыздығы 1 км 2 - 77, 5 адамнан келеді . Таулы аудандарда 5-15 адамнан келсе, жазықтық аймақтарда 1 км 2 - 100 - 150 адамнан келеді . Халықтың 89, 1% жазықтық жерлерде шоғырланған . Қала халқының саны 2000 жылғы е сеп бойынша 57, 7%құраған. (1992-55, 7%) Қазіргі кезде Грузияда 114 қала типті елді мекендер бар . Олардың 62 қалалар тобына жатады . Грузияда қалалардың ішінде маңызды орынды елдің астанасы Тбилиси қаласы алады . Тбилисиде халықтың 1\4 шоғырланған, яғни 1, 3 млн адам . Грузия да халықтың жоғарғы дәрежедегі білімі бойынша, ғылым және техникалық кадрларды дайындауда ерекше көзге түседі .

Елдегі жұмыссыздар бойынша Грузия ТМД бойынша жоғарғы орынды алады . Грузияда елдің 4, 7% жұмыссыз . Орташа айлық жалақы 2000 жылы 33, 4 $, зейнетақы 81 $ құраған .

ІІ - тарау Шаруашылығына жалпы сипаттама

ІІ. 1 Отын-энергетика, металлургия және машина жасау кешендері

Грузия отын ресурстарына өте бай . Соның ішінде көмірге өте бай келеді . 1960 жылы жергілікті отын елдің 40 % қамтамасыз етті . Электроэнергия бойынша 1960 жылы өндірісінде басты орында . Электроэнергияның ішінде маңызды орынды ГЭС алады . Земо -Авчал ГЭС і маңызды орынды алады . елдегі ең үлкен ГЭС терге Ингур ГЭС -і (қуаттылығы 1, 6 млн кВт ) , Варцих ГЭС - і (176 мың кВт ) , гидротехникалық кешен Авагри ауданында орналасқан . Соңғы жылдары Жылу электр станциялары дамуда . Ол жергілікті көмір ; мұнай, газбен жұмыс істейді . Ең үлкен ЖЭС - Тбилиси . Ол 10 энергияблоктан тұрады . Жылына 7 млрд кВт электр өндіреді . Қазіргі кезде Грузияда 8 ЖЭС, 60 ГЭС жұмыс істейді . ЖЭС - 7, 5 8 млрд кВт, ГЭС - 8 млрд кВт . Грузия 1991 жылы өнеркәсібі үлкен дағдарысқа ұшырады . Бұған басты себеп : құрал жабдықтардың ескіруі, қайта өңдеу өнеркәсіптерінің болмауы, т. Б. Себептер әсмер етті . Грузияда машина жасаудың негізгі салалары электроэнергия, автомобиль жасау, прибор жасау, станок жасау, т. Б. Салалар құрайды . 1990 жылы өнеркәсіп өндірістері 6 есе, машина жасау 6, 2 есе, құрылыс материалдары 20 есе, жеңіл өнеркәсіп 25 есеге дейін қысқарған .

Қара металлургия. Грузияда қара металлургия бойынша екі өндіріс кешенін бөліп көрсетуге болады .

1 Рустав толық циклды комбинаты.

2. Зестафон ферроқорытпа зауыты . Рустав толық циклды металлургия комбинаты 1944 жылы құрылысы басталып, 50 жылдары іске қосылды . Ол шикізат қоры ретінде Азербайжандағы Деникесан аймағының темір рудасы комбинаттың негізгі шикізат көзі болып табылады . Ткварчел және Тсихул көмірі, Чиатурлық марганец рудасын құрайды . Комбинат құрылымы рудасыз шикізат, коксты батарея, агломерациялық фабрикалар, мартен пештері толығып отырады . Зестафон ферроқорытпа зауыты 1933 жылы құрылған . Ол Чиатур аймағының марганецін пайдаланып жұмыс істейді . Чиатур аймағы Зестафон аймағынан 28 км алшақта орналасқан . Зестафон ферроқорытпа зауыты ферромарганец, металдар т . б. Грузияда түсті металлургиядан молибден, вольфрам, мыс, барит - полиметалл рудаларын байыту үшін құрылған . Олардың ең бастылары Маднеул аймағындағы таулы комбинатты жатқызуға болады . Елде мыс, барит . мырыш қоры көптеп кездеседі .

Машина жасау. Грузияда қазіргі кезде бірнеше машина жасау кәсіпорындары жұмыс атқаруда . «Станок жасау » бірлескен кәсіпорыны көпфункциялы станок жасауға маманданған . Грузиядағы барлық салалар сияқты бұл сала да біртіндеп дағдарысқа ұшырауда . Электровоз жасау саласы бойынша магистральды электровоздар шығаруға маманданған . 1990 жылдың басында бұл сала үлкен дағдарысқа ұшырап, 1995-1997 жылдары бірде бір электровоз шықпады Автомобиль жасау бойынша Грузияда Кутай автомобиль зауыты 1915 жылы салынған . Зауыт ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдайтын жартылай прицепті машина жасауға маманданған . Қазіргі кезде зауыт жұмыс істеуде . Авиациялық зауыт Тбилисиде орналасқан . Кеме жасау Батуми мен Поти аймағында орналасқан . Химия өнеркәсібі бойынша Грузияда 1970-1980 жылдары құрылған . Химия өнеркәсібінің басты орталығы ретінде Рустав қаласы ерекше көзге түседі . Химия өнеркәсібінің ммаманданған салалары : химиялық валокон өнеркәсібі, лак бояу, тұрмыстық химия, таулы химия салалары .

ІІ. 2 Тамақ және жеңіл өнеркәсібі

Тамақ өнеркәсібі Грузияның басты өнеркәсіп саласы болып табылады . Ел территориясында (30 саласы ) тамақ өнеркәсібінің 30 саласы жұмыс істейді . Басты рөлді шай, вино, консервілер, эфир майы, өсімдік майы тағы да басқа салалар . Оның үлесіне тамақ өнеркәсібінің 2\3 бөлігі тиеді . Қазіргі кезде бұл сала өте үлкен дағдарысқа ұшыраған . Бұл саланың дағдарысқа ұшырауына жалпы екі себепті айтуға болады . Ең алдымен шикізат құны өзгерген, қазіргі кездегі құрал жабдықтардың ескеруі, ескі техникалар мен технологиялар әсер етуде . Грузия тамақ өнеркәсібінің салаларын қайта қалпына келтіру мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілуде . Инновациялық кәсіпорындар топтарға бөлініп, жаңа бағыттармен жүзеге асыру қолға алынып отыр . көптеген кәсіпорындарда жергілікті кәсіпорындар шет ел партияларымен бірге жұмыс істеуде . Мысалы : Тбилисилік шампан винолары зауытында 90% акцияны АҚШ тың агроөнеркәсібінің үлесіне тиеді . Тбилвино - Голландиялық фирмаға, Казбег - Кастол фирмасы 60 % акциясы Кастел фирмасының үлесіне тиеді . Грузияда вино, шарап өндірісі біртіндеп дағдарыстық жағдайдан шығуда .

Қазіргі кезде Грузия шай өндірісі бойынша қиын жағдайда қалып отыр . Грузия да 112 шай фабрикалары жұмыс істейтін, қазір олардың 25 - і ғана жұмыс істеп тұр . Бұл Грузия шайының жергілікті үнді және цейлон шайларымен бәсекеге онша қабілетті еместігін көрсетуде .

Жеңілөнеркәсіп . Оның басты салалары тоқыма саласы . Кеңес одағы кезінде жүн мата өндірісінің 1, 5% - ы Грузияның үлесіне тиетін . Жеңіл өнеркәсіптің басты кәсіпорындары - Тбилисилік комбинат . Жүн мата өндірісінің толық циклды комбинаты ретінде құрылған . Грузиядағы барлық салалар сияқты бұл сала да біртіндеп дағдарысқа ұшырап отыр . Жеңіл өнеркәсіптің жалпы өнеркәсіптегі үлесі : 80 жылдары жеңіл өнеркәсіп өнімінің 20% - ын беретін . 90 жылға қарай мұның үлесі 1% ғана құраған . Грузияда соңғы онжылдықта деинтрализация процесі болып өтті . Өнеркәсіптік саясаттағы басты мақсат - табиғи ресурситарды тиімді пайдалану, өһндірісті қазіргі техники мен технологиямен жабдықтау, экономиканы жоғарғы даму секторына жеткізу, әлемдік рынокта өзінің орнының болуына ат салысу . Грузияда Кеңес Одағы кезінде агроөнеркәсіптік кешен жоғарғы қарқынмен дамыған болатын . Ауыл шаруашылығы көп салалы негізде дамыды . Ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің көлемі 2, 9 млн га қамтиды, оның 1, 9 млн га - шөп шабындықтары мен жайылымдары, ал 0, 8 млн га егіндік алқаптарды қамтиды .

ІІ. 3 Агроөнеркәсіптік кешені мен шипажайлары

Өсімдік жамылғысы. Грузия жермен айналысатын мемлекет болып табылады. Оның топырағы өте құнарлы, бірақ оның таулы рельефі кең көлемді қамтып жатқандықтан ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы жоғары дәрежеде емес. Ауыл шаруашылығы техникаларының жұмыс істеуіне таулы бедер кері әсерін тигізеді. Жермен айналысатын үлкен аймақтарға Колхид ойпаты, төменгі картли жазығының ішкі аңғары, Нор қыраты, Джавахед таулы аңғарында, Алазан даласын да айтуға болады. Грузияда ауыл шаруашылығы көбінесе елдің шығысында шоғырланған. Батысы Қара теңіз маңының аймағы құрғатуға мұқтаж болып отыр, бұл әсіресе Колхид ойпатына тән. КСРО кезінде Колхид батпақтары субтропиктік өнімдердің әсерінен батпақтанып кеткен болатын. Грузия шаруашылығында 57% өсімдіктер, мал шаруашылығы 43% қамтиды. Дақылдардың бастыларына: жүзім лозасы, цитрус дақылдары, жеміс-жидектер, көкөністер жатады. Субтропиктік ылғалды мәдени өсімдіктері басты орынды алады. Мысалға інжір, фейхоа, құрма, жаңғақ. Басты маңызға ие шай болып табылады. Елдің батыс аймағында эвкалифт ағашының 30 түрі кездеседі. Одан құрылыс ағаштары және эфир майы алынады. Жүзім шаруашылығы - Грузияның ауыл шаруашылығының ежелгі салаларының бірі. Мұнда жүзім лозасының 50 сорты бар. Котехи - жоғары сапалы жүзім және жүзім өнімдерінің Отаны. Мұнда жүзімнің 500 түрлі сорты бар. Грузияның шығысында жүзім және жүзім өнімдерінің Отаны. Мұнда шампан виноларын жасап шығарады. Грузияда шай плантацияларының жалпы көлемі 15000 га. Батыс Грузияда астық дақылдарынан маңызды орынды жүгері, ал Шығыста бидай алады.

Мал шаруашылығы. Мал шаруашылығы Грузияның үлкен бөлігін алмайды. Бұл шаруашылық бойынша Батыс Грузияда дамыған. Қой шаруашылығы Грузияның Шығыс бөлігінің басты саласы болып табылады. Етті-сүтті шаруашылық дамыған. Мал шаруашылығында етті сүтті ірі қара малдың үлесі өте жоғары, оның жалпы саны 1, 2 млн бастан асады .

Шипажай. Грузияда шипажайды дамыту оның курортты-рекреациялық ресурстарымен тығыз байланысты. Бұларды қолдану XIX ғасырдың ортасынан басталған. Алдымен таулы аймақтар климатынан басталған. Ол таулы аймақтарға Боржоми, Абостумани, Код, Жар аймақтары жатады. Кейін теңіз жағалауындағы курортты аймақтар дамыды. Мысалы Сухуми, Гагра, Кабулети, Махинжаур аймақтары жатады. Одақ кезінде мұнда көптеген санаторилер, демалыс үйлері, сумен және балшықпен емдейтін туристік - альпинистік кешендер, мұнда бүкіл Одақ адамдары келіп демалатын. Халық шаруашылығында туризм жеке сала ретінде дамыған. Грузияның маңызды курортты аймақтарына таулы аймағындағы туризм ошақтарына байнеологиялық курортты аймақтар: Боржоми, Солерме, Уцера, Сурами. Батыс Грузияда 1500-2000 м биіктікте орналасқан зоналарда туристік мақсаттар қолданылады. Шығыс Грузияның Бакурьян биік таулы аймағы туристк мақсатта қолданылады. Мұнда көбінесе альпинизм жақсы дамыған. Қара теңіз жағалауы өзінің жағымды климатымен адамдарды тартады. Бұл аймақ ылғалды субтропиктік аймақ, мұнда қысы жылы, жазы құрғақ, ұзақ, ыстық болып келеді. Теңізге шомылу 5-6 айға дейін созылады. Қара теңіз жағалауында минералды сулар өте көп кездеседі (Гагра, Сухуми, Махинджаури) . Гахалтуп аймағындағы радиоактивті минералды көздермен Гурджуандағы балшықпен емдейтін аймақтар өте танымал. Грузияның басқа да салалары сияқты бұл сала да қазіргі кезде құлау үстінде. Грузияның экономикасының бір негізі осы сала болғандықтан, оған міндетті түрде көп қаржы жұмсау қажет.

ІІ. 4 Көлік жүйесі мен ішкі экономикалық аудандары

Транспорттық кешен. Грузияда өзен транспортынан басқа барлық транспорт түрлері кездеседі.

Теміржол транспорты -1970 жылдары транспорттың негізін теміржол транспорты құрады. Көптеген теміржол магистральдары салына басталды. Мысалы, Баку-Батуми, Тифлис- Самтредиа -Поти, Тифлис-Ереван, Тифлис -Телави т. б. Қазіргі кезде теміржол транспорты басты транспорт түрі болып отыр. Жүк айналымы көбінесе Баку арқылы, ал жолаушылар Қара теңіз теміржолдары арқылы жүреді.

Автомобиль транспорты - қазіргі кездегі дамып келе жатқан салалардың қатарына жатады. Бұл транспорт түрі халық шаруашылығы үшін маңызды роль атқарады. Қазіргі кезде халық қоныстанған жерлердің барлығында дерлік автомобиль жолдары салынған. Маңызды автомобиль магистральдары Натахтари - Ракат асуы - Самтредиа, Қара теңіз аймағында (Батуми -Самтредиа -Сухуми - Новосибирск), Военно - Осетин жолы, автомагистральдар Тбилиси - Акстауор - Ереван, Тбилиси -Акотава - Баку. Теңіз транспорты . Бұл транспорт Қара теңіздік порттар Батирми және Поти қалаларымен тығыз байланысты. Теңіз транспорты сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуды Грузияның ғана емес, Орталық Азия елдерінің дамуына да үлкен әсерін тигізіп отыр. Батуми порты арқылы мұнай және мұнай өнімдері тасымалданады. Поти порты арқылы астық, құрылыс материалдары, металл рудалары тасымаладанады.

Құбыр жолы транспорты. Елде бұл транспорт түрі жақсы дамыған. Баку - Батуми мұнай тасымалдаушы магистральдары құрылған. 1950 жылдардың соңында газ тасымалдаушы транспорт дами бастады. Газ тасымалдайтын магистральдар Грузияны Азербайджанмен, солтүстігінде Кавказбен жалғастырады. Грузияны бұл саланы дамытуда батыс пен шығыс арасындағы дәліз болып табылады. Бұл арқылы Отралық Азия елдері минералды шикізаттарды, көптеген тауар түрлерін әлемдік рыногқа шығарады.

Дамудың ішкі айырмашылықтары. Қазіргі кезде Грузия территориясы 12 администрациялық - территориялық бірлікке бөлінеді. Катехи, Мцхет-Мтионет, Ішкі Картли, төменгі Картли, Сомухе-Джевахед, Имерти, Чача-Лечхум провинциялары, Төменгі Сванет аймағы Саметрия - Жоғарғы Сванет, Гурия, Аджария, Авхазия, Тбилиси жатады. Олардың әрқайсысы жеке экономикалық аудан болып табылады. Олар белгілі бір шаруашылыққа маманданған және олардың ішкі өнеркәсібі тығыз байланыста болады. Грузия экономикасы үшін олардың маңыздылары:

Тбилиси - Грузияның саяси, экономикалық, мәдени орталығы болып табылады. Халқы 1, 3 млн адам. Тблиси VI ғасырдан бері Грузияның астанасы. (Тблиси сөзі жылы деген мағынаны береді. ) Онда минералдық ыстық сулардың маңызды түрлері кездеседі. 1936 жылға дейін аты Тифлис болатын . Ол кезде мұнда өнеркәсіптің дамуы әлсіздеу болатын. Одақ кезінде Тблиси Грузияның маңызды өнеркәсіптік орталығы болып табылатын. Мұнда ірі машина өнеркәсіп орындары (электровоз зауыттары, авиациялық станок жасау), сонымен қатар бұл жерде жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыған болатын. Тблиси - Грузияның басты ғылыми орталығы. Мұнда көптеген ЖОО -лар орындары, университеттер, ғылыми академиялар жұмыс істейді. Мұнда ежелгі архитектуралық ескерткіштер сақталған. Мысалы, Норикала қорғаны, Сион шіркеуі, Метех бекінісі, Анчисхат бекінісі, Анчисхат шіркеуі т. б. айтуға болады. Тблисиде елдің транспорт артериялары шоғырланған. Мысалы, басты магистралы Закавказиялық теміржолдар, автомобиль транспорт салалары, Тблисиді Солтүстік Кавказ және көптеген қалалармен байланыстыратын бұл тарихи провинция 2 администрациялық бірлікке бөлінеді.

1. Ішкі Картли - Грузияның орталығында орналасқан. 2. Төменгі Картли - Оңтүстік шығысында орналасқан.

Ішкі Картли - Грузия территориясының ең маңызды аймақтарының бірі болып табылады. Барлық халықтың 1/3 бөлігі қалад тұрады. Мұнда бұрынғы Шығыс Грузин патшалығының астанасы орналасқан. (Мцхета) . Қала Кури және Авагри өзендерінің жағасында орналасқан. Барлық шеті дерлік таумен қоршалып отыр. Елдің астанасы Мцхета Грузияға ауыстырылғаннан кейін қала елдің діни орталығы болып қалды. Мұнда Мцхетада - музей қаласы. Мұнда аса бағалы археологиялық және архитектуралық ескерткіштер бар. Төменгі Картли - Тблисиден оңтүстік шығысқа қарай 20 км қашықтықта орналасқан аймақ. Рустав қаласын айтуға болады. Грузияның ауыр өнеркәсіппен айналысатын ірі орталығы болып табылады. Оның өнеркәсіптік кешенінің негізін толық циклді металлургия зауыттары құрайды. Мұнай өнеркәсібіне арналған мұржалар шығаруға маманданған. Металлургиядан басқа мұнда химиялық кәсіпорындар да жұмыс істейді. Төменгі Картли аймағында ауыл шаруашылығы өте жақсы дамыған. Елдегі астық өндірісінің басты орталықтарының бірі . Мұнда жүзім шаруашылығы, көкөніс, бау - бақша дақылдары жоғарғы дәрежеде дамыған. Катехи - Грузияның табиғи ресурстарға бай аймақтарының бірі. Катехидің негізгі маманданған саласы жүзім шаруашылығы, жүзім шаруашылығымен бірге мұнда Қазандық роза өсіріледі. Оңтүстік шығысында темекі шаруашылығына маманданған . Катехидің мәдени және администрациялық орталығы - Телави қаласы. Сампхе - Джавахет - бұл Грузияның оңтүстігінде орналасқан елдің ауыл шаруашылықпен айналысатын негізгі ауданы. Мұнда жүзім шаруашылығына және бау - бақша шаруашылығына маманданған. Табиғи ресурстардан төменгі сапалы қоңыр көмірдің мол қоры кездеседі. Сампхенің орталығы - Ахапцих қаласы. Имирети - Батыс Грузияның орталық бөлігін қамтиды. Имиретидің экономикалық және мәдени орталығы Кутайси қаласы болып табылады. Кутайсидің географиялық жағдайы өте қолайды болып келеді. Оның территориясы арқылы Қара теңіз аймағындағы аудандар мен Грузияның шығыс бөлігіндегі аудандар арасында автомагистральдар өтеді. Әскери - Осетин даласы осы жерден басталады. Кутайси Кеңес Одағы кезінде өнеркәсібі дамыған қалалар қатарына жататын. Энергетикалық қала деп те айтуға болады. Рион өзенінде СЭС тер құрылған, ( Рион, Ладжанура, Гумат СЭС тері ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей-Грузия қатынасының шиеленісуі
ТРАСЕКА бағыты арқылы жүзеге асқан Қазақстан - Әзірбайжан арасындағы халықаралық тасымал көлемі
Ресей - Грузия қатынасы
Қазақстанның Украинамен, Беларусьпен және Закавказье мемлекеттерімен қарым - қатынастары
КСРО-ның тарап кету себептері, тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы
Қазіргі таңдағы әлемнің шиеленіс аймақ елдеріндегі жалпы саяси жағдай мен мәселелер, оларды бейбіт түрде шешу жолдары
Әзірбайжан Республикасының сыртқы саясаты
ҚР посткеңестік елдермен саяси-экономикалық қарым-қатынастары (1991-2007 жж)
Әзірбайжан Республикасы
Халықаралық терроризммен күресудің жаңа кезеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz