Тірі табиғат объектілерінде қордаланған адамдардың қажетіне керекті биологиялық ресурстарға өсімдіктер және жануарлар ресурстары


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 148 бет
Таңдаулыға:   

Р. А. Дайрабаев, А. Б. Алпамысова

«Қазақстан биоресурстары»

пәнінің лабораториялық сабақтарының жинағы

оқу құралы

Түркістан 2010

УДК 378 (075, 8) : 631, 4

ББК 40, 3 Я7

Т 49

А. Ясауи атындағы ХҚТУ оқу-әдістемелік кеңесінің №, 12 қараша 2010 жылы мәжілісінде бекітілді

А. Ясауи атындағы ХҚТУ ғылыми сенаттың ұсыныспен « » қараша 2010ж. № хаттамада баспаға ұсынылды.

Пікір жазғандар:

Қ. Н. Жайлыбай - биология ғылымдарының докторы, профессор

А. И. Сейтхожаев - биология ғылымдарының докторы, профессор

М. Т. Ерденов - ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты

Құрастырғандар: Биология кафедрасының доцент, а. ш. ғ. к. Дайрабаев Р. Ә.

магистр - оқытушы Алпамысова А. Б.

Т 49 «Қазақстан биоресурстары» пәнінің лабораториялық сабақтарының жинағы

Қазақстан биоресурстары пәніне арналған оқу-құралы (Түркістан, 2010ж. - бет )

ISBN 9963-524-42-0

УДК 378 (075, 8) : 631, 4

ББК 40, 3 Я7

Т 370204000

00(05) -010

ISBN 9965-525-42-0

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз . . . 3

Кіріспе . . . 4

1. Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілік жағдайын қысқаша талдау . . . 7

2. Өсімдіктер әлемінің биоресурстары . . . 17

3. Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын тиімді пайдалану және бұл саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары, этаптары . . . 20

4. Қазақстандағы әртүрлі пайдалы өсімдіктерді зерттеу және игеру тарихы . . . 23

5 Қазақстан өсімдіктері ресурстарын зерттеудің негізін қалаған ғалымдар және ресурстанулық зерттеу жұмыстарының болашағы . . . 27

6. Дәрілік өсімдіктер және оларды денсаулық сақтау практикасына енгізу . . . 31

7. Дәрілік өсімдік шикізатын дайындау . . . 36

8. Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы . . . 42

9. Құрамында алкалойдтары бар дәрілік өсімдіктер . . . 47

10. Шыны майлы өсімдіктер және эфир майлы өсімдіктер. Олардың шаруашылықтағы маңызы… . . . 65

11. Балды өсімдіктер80

12. Қазақстандағы ресурстанулық аудандастыру және Қазақстандағы зерттеу жұмыстарының болашағы . . . 88

13. Жануарлар және олардың ресурстары. . 94

14. Қазақстандағы негізгі кәсіптік ауланатын және сирек кездесетін жануарларын есепке алу қажеттілігі туралы және оның тәсілдері106

15. Қазақстан балықтары. Құстар әлемі 115

Пайдаланыған әдебиеттер тізімі . . .

Алғы сөз

Қазақстан биоресурстары курсының басты мақсаты студенттерді биология мамандықтары бойынша флорамен фаунаның әр алуандылығы туралы білімге баулап басқа ғылым салаларымен байланысын ашып көрсетуге арналған. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралды оқып-үйрену нәтижесінде студенттер қоршаған ортаның негізгі экожүйелерінің сипаттамаларын анықтау мен бірге оларға байланысты қасиеттеріне керекті мағлұматтарды алуға болады.

Қазақстан биоресурстары пәні келешек - биология бағыты бойынша мұғалімдер үшін жаратылыстану ғылымдармен танысудың негізгі бір бөлігі. Бұл пән көптеген ғылымдар мен тығыз байланысты. Педагогикалық профильдегі биологтар үшін қазақстан биоресурстарын оқып білу мектеп жанындағы өндірістік жұмыстарды ұйымдастыруға қажетті білімдермен қаруландырады. Тәжірибелік мәні бар ғылыми процестерді жүргізу әдістерін үйретеді.

Мазмұны түсінікті және қысқаша жазылған. Бұл кітапша келешек мамандарға ботаникалық және зоологиялық ресурстарының тиімді жағдайларын тереңінен түсінуге көмек бере алады.

Экологиямен табиғаттың тұрақты даму проблеманың алдында тұрған басты міндеттердің бірі- әр аймақтың табиғи климаттық ерекшеліктерін еске ала отырып, флорамен фаунаның көп түрлігін және түрлік құрамының сапасын жақсарту, ерекше қорғалатын территорияларының санын көбейту қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздеріне қажетті өзгерістер енгізу арқылы табиғаттың байлықтарын молайту болып табылады.

Сондықтан ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралдың биология саласының тиімділігін арттыруда теориялық және практикалық маңызы зор. Мазмұны қысқа, түсінікті тілмен жазылған. Оқу-бағдарлама бойынша зертханалық жұмыстардың әдістемелері теориялық мәліметтермен қамтылған. Биология агроэкология, геоэкология профильдегі студенттерді технологиялық процестері туралы білімге баулап, ой өрісін кеңейтуге басқа ғылым салаларымен байланысын ашып көрсетуге жәрдем бере алады.

КІРІСПЕ

Тірі табиғат объектілерінде қордаланған адамдардың қажетіне керекті биологиялық ресурстарға өсімдіктер және жануарлар ресурстары жатады.

Ол биологиялық ресурстардың табиғаттағы мөлшерін сақтау үшін өсімдіктердің және жануарлардың табиғаттағы алуантүрлілігін сақтай білу керек. Ол үшін әртүрлі қорықтарды ашу жеткіліксіз екендігі белгілі болды. Өйткені қорықтар ұйымдастыруымен ол мәселелер шешуге болмайтындығы айқындалды. Негізгі мәселе кез келген өсімдік немесе жануар түрін табиғатта сақтау үшін ол түрдің популяциясының ең аз саны қанша болу керек екендігін анықтау басты ең маңызды мәселе екендігі дәлелденді (Яблоков, 1989) . Осыған байланысты ғылымда «Ең аз тіршілікке қабілетті популяция» деген мәселе пайда болды. Бұл салада көптеген ғалымдар еңбек етті. Популяциялардың тіршілікке қабілеттілігі экожүйелердің тіршілікке қабілеттілігімен өзара байланысты болғанымен оларды бір-бірінен бөлек қараған дұрыс. Табиғатты қорғау саласындағы барлық мамандар табиғи жүйелерді - экожүйелер, қауымдар биотоптар және түрлердің сәттілікте амандығын қорғауға тырысып ұмтылады. Соңғы уақытқа дейін экожүйені толық қорғап сақтауға көңіл аударылды. XX ғасырдың басынан бастап осы мақсатқа жету үшін ерекше облыстар, региондар бөліне бастады. Қазіргі кезде халық санының артуына байланысты мұндай резерваттармен (табиғат байлығы, жануарлар мен өсімдіктер үкіметтің айрықша қорғауында болатын қорық, территория) жұмыс жасау қиын және күрделі бола бастады.

Мұндай қиыншылықтар биологтардың алдына шешуін керек жаңа талаптар, мәселелер койды. Негізгі мәселе ол жүйелердің тіршілікке қабілеттілігін камтамасыз ету үшін қандай жағдайлар жасалуы керек деген сұраққа жауап керек болды. Бұл сұраққа жауап табу үшін 2 бағытта жұмыстар жасалынды:

1) Алдымен биогеоценологтар табиғат жүйелерінің тіршілікке қабілеттілігін қамтамасыз ететін территорияларды анықтауға көңіл аударды (Moore, 1962 Lovejoy, 1980) . Бұл мәселені шешуде аралдардың биогеография саласындағы жетістіктері үлкен рөл атқарады, (Diamond, 1975; Terbordh 1975) .

2) Популяциялық биологияның өкілдері өздерінің жұмыстарына қорғауды қажет ететін түрлердің ең аз санын aнықтауға (мысалы, Franklin (1980) . Frankel, Sole (1981), Shaffer (1981) ) немесе тығыздығын анықтауға (мысалы, Нubbell Foster, 1986) бағыттады. Қазіргі кезде бұл екі бағыт тұтасып кетті. Мамандар бірте-бірте табиғи жүйелердің тіршілікке қабілеттілігін оның кұрамына кіретін индикаторлық немесе негізгі маңызды кілттік түрлердің популяцияларының тіршілікке қабілеттілігімен теңестіру ең ұтымды практикалық тәсіл екендігін түсіне бастады.

Популяцияның тіршілікке қабілеттілігін анықтау жолында алғашқы кезде тек олардың санының динамикасы алынды немесе басқаша айтқанда особьтардан жаңа ұрпақ пайда болу және өлу процестері алынды (Feller 1939, Richter-Dyn Cool 1972) . Бұл процеске әртүрлі факторлардың әсерлерін бағалау күшейе түсті. Бұл факторлар - қоршаған орта жағдайының тұрақсыздығы (Leigh 1981, Shaffer 1983), катастрофалар (Shaffer 1981) жеке бөліктерге бөлінуі және метопопуляциялық структура (Shaffer, 1985) . Биологияның табиғатты қорғау саласында «Минимальная жизнеспособная популяция» (МЖГТ) деген термин жиі қолданылады, яғни популяцияның тіршілікке қабілеті ең аз мөлшері. Бұл термин, жалпы айтқанда, табиғатта белгілі бір түрдің популяциясын сақтап қалу үшін ең аз дегенде олардың саны немесе ареалы қанша және қандай болу керек деген мәселеге байланысты. Soule және Simberloff (1985) ойынша өте қиын жағдайдағы немесе кілттік түрлердің тіршілікке қабілеттілігіне талдау жасау бүкіл экологиялық жүйенің тіршілікке қабілеттілігін анықтаудағы алғашқы шешуші қадам бола алады. Мұндай тәсіл қорықтардың тіршілікке қабілетті ең аз территориясы мөлшерін анықтаудағы ең қолайлы тәсіл. Бірақ та осы уақытқа дейін қорықтар территориясының тіршілікке қабілетті ең аз территориясы мөлшерін анықтауды бүкіл экожүйеге қатысты ешқандай тәсілдері ұсынылған жоқ. Өйткені кейбір экологтар жүздеген және мыңдаған түрлердің немесе бүкіл экожүйенің тіршілікке қабілеттілігін индикаторлық немесе кілттік түрлердің жауапкершілігіне жүктеу өте қарапайым экологиялық амал емес деп санайды. Бірақ әзірге басқа жолы жоқ. Сонымен бірге экологияның ескі принциптерінің бірі - ол Либихтің минимум заңы. Ол заң бойынша биологиялық жүйенің тіршілік әрекет мұқтаждығы ең аз мөлшерде қанағаттандыратын факторлармен шектеледі. L. E. Gilber (1980) және J. Terborgh (1986) бойынша кілттік түрлер экологиялық жүйелерде шектеуші факторлар рөлін атқарады. Демек, популяцияның тіршілікке қабілетті ең аз мөлшері негізінде экожүйелер тіршілігін қамтамасыз етуге әрекет жасау - нағыз экологиялық тәсіл. Тіршілікке қабілетті популяцияның ең аз мөлшері принциптері алға қойылған мәселені талдауға мүмкіншілік береді.

Жоғарыда популяцияның тіршілікке қабілеттілігіне талдау жасау үшін индикаторлық немесе кілттік түрлердің рөлі туралы айтылды. Сол түрлердің кейбір категорияларын Майкл Е. Сулей (1989) бойынша атап көрсетейік:

1. Басқа түрлерге жататын организмдерге өздерінің тіршілік әрекеті нәтижесінде қажетті жағдай жасайтын түрлер.

2. Басқа түрлердің ұрпақ шығаруына немесе таралуына өздерінің тіршілік әрекетімен мүмкіншілік туғызатын түрлер - мутуалистер.

3. Басқа түрлер популяциялары санын өздерінің тіршілік әрекетінде реттейтін жыртқыштар немесе паразиттер.

Әртүрлі мекен-жайлардың кейде бүкіл экожүйелердің аудандары бірте-бірте азаюда, соның нәтижесінде кейбір түрлердің жоғалып кету қаупі тууда. Ол түрлердің кейбіреулерін зообақтарда, ботаникалық бақтарда, кейде табиғи қауымдарда олардың популяцияларын сақтауға әрекеттер жасалуда. Мұндай әрекеттердің бірі - ол резерваттар (қорықтар) ұйымдастыру.

Бірақ қорғауды қажет ететін түрлердің бұрынғы табиғаттағы ареалымен салыстырғанда ұйымдастырылған қорықтар ауданы өте аз. Сондықтан қорықтар ұйымдастыру арқылы тек кейбір аз санды реликтік популяцияларды ғана қолдауға болады. Демек, биологтарға, экологтарға осындай аз санды түрлер популяцияларының тіршілікке қабілеттілігін бағалап, оларды сақтауға қандай қорықтық режим керек екендігін айқындау керек. Оған қосымша біздің планетамызда халық санының өсуіне байланысты ұйымдастырылған резерваттарға қысым көрсетіліп ығыстырылуда, осыған байланысты қорғалатын территориялардың жеткілікті ең аз мөлшері қандай болу керек екендігі мәселесін шешу керек. Резерват немесе қорық ауданы мөлшерін популяция санымен көрсету керек. Популяцияның тіршілікке қабілетті ең аз мөлшері мәселесінің мәні осында.

Бұл мәселені ең қарапайым дәрежеде демографиялық түсінікпен тұжырымдауға болады, тиісті демографиялық өзгерістер әртүрлі факторларға (мекен-жай сапасы, тіршілік жағдайының өзгеруі және популяцияның генетикалық құрамы) бағынышты (Shaffer, 1981; Soule, 1980) . Кез келген түрдің популяциясы оның соңғы дарағы (особь) өлгеннен кейін кұрып бітеді. Популяцияның құрып бітуінің себебі әртүрлі.

Популяцияның осындай қайғылы жағдаймен бітуіне не алып келеді? Оның негізгі себебі не? Бұл процесті математикалық сипаттауға бола ма? Ол үшін Д. Гудман (1989) бойынша популяция саны динамикасының қорытынды үлгісін (моделін) жасау керек. Сол үлгі көмегімен популяция тіршілігінің қабілетін және ұзақтығын бағалауға болады. Бұл мағынада математикалық, анығырақ айтқанда, «туу және өлу» процесі үлгісінің маңызы зор. Мұндай үлгіні W Feller (1939) ұсынған. Бұл үлгі популяцияны дарақтар (особь) санымен орташа туу көрсеткіштерімен және орташа өлу көрсеткіштерімен сипаттайды және популяция тіршілігінің күтілетін мүмкін уақытын алгебралық тұрғыдан көрсетеді. Бұл үлгінің формуласы:

Мұндағы b(z) - популяцияның орташа туу көрсеткіші популяция саны z болғанда, d(z) - популяцияның сол санындағы өлудің орташа көрсеткіші; N m - популяция санының жоғарғы шегі.

Егерде туудың және өлудің орташа көрсеткіштерін тұрақты деп санасақ (популяция санының жоғарғы шегін санамағанда), онда N m күтілетін тіршілігінің артуы №1 формула бойынша өте тез өседі. Өзгеріп отыратын табиғат жағдайында ұсынылған үлгіні (№1 формула) популяцияға тікелей қолданғанда шындыққа сәйкес келмейтіндігі айқындалды, оның себебі популяциядағы үлгі бойынша анықталған. Туудың және өлудің орташа көрсеткішері зерттелінетін популяциядағы туудың және өлудің демографиялық көрсеткіштерімен бірдей емес (Gudman (1987) ) . Бұл қиыншылықтан шығу үшін үлгідегідей (№1 формула) кейбір элементтерді популяциялардағы өлшенетін мөлшерлеріне сәйкестендіру керек. Ол үшін екі көрсеткіш жеткілікті (Goodman, 1987) . Ол - сапа өсуінің меншікті жылдамдығы және бұл жылдамдықтың дисперсиясы.

Өзгертілген үлгіні былайша көрсетуге болады:

Мұндағы r(z) - популяциядағы дарақтар (особь) саны z болғанда популяция санының орташа меншікті өсу жылдамдығы v(z) - популяцияның сол мөлшеріндегі (саны) өсу жылдамдығының дипрессиясы.

Гейри Е. Беловски (1989) Гудман ұсынған үлгінің дәлелдігін нақты материалдарды пайдаланып тексерді. Оған қосымша Е Беловски анықталған аллометриялық арақатынасты пайдаланып әртүрлі экологиялық және аумақтық топтардағы сүтқоректілерге пайдаланды. Беловски Goodman үлгісін пайдалана отырып, оған кейбір өзгерістер енгізіп, сол үлгі бойынша сүтқоректілер популяциялар тіршілігінің ұзақтығы және қырылып кетуі үлгісін ұсынды.

Бұл ұсынылған үлгіні популяциялардың қырылып кету үлгісі деп атауға болады. Е. Беловски ол үлгіге шамалы өзгерістер енгізіп, өз вариантын ұсынған. (Е. Беловски, 1989) . Мұндағы Т-мәнін арнайы ЭЕМ-де Гейри Е. Беловски (1989) мақаласының соңында келтірілген қосымша бағдарлама жәрдемімен есептеп шығаруға болады. Ол бағдарлама Бейсик тілінде жазылған. Жоғарыда келтірілген үлгі (жоғалу үлгісі) популяциядан күтілетін (яғни орташа) тіршілік ету ұзақтығын бағалауға мүмкіндік береді (Е. Беловски, 1989) .

Е. Беловски ұсынған үлгіні жануарлардың белгілі бір тобына пайдалану арқылы алынған мәліметтер нақты болмаса да популяциялар санын және олардың қырылып қалмауы үшін оларға қажетті мекендейтін территориясын бағалауға болады. Ал бұл мәліметтерді сирек және жоғалып бара жатқан түрлер популяциясын сақтауға пайдалануға болады (Shaffer 198I) . Жоғарыда келтірілген жұмыстардағы МЖП туралы концепциялары оптимистік сенім туғызбайды. Сондықтан бұл салада биологтар және экологтар әлі көп жұмыстар жүргізу керек.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ АЛУАНТҮРЛІЛІК ЖАҒДАЙЫН ҚЫСҚАША ТАЛДАУ

• Қазақстандағы өсімдіктер мен жануарлардын алуантүрлілігі

• Әкімшілік бұйрық жүйесі жағдайындағы экожүйелердің бұзылуы

• Қазақстан территориясында соңғы 30-40 жылдары жоғалған өсімдіктер және жануарлар түрлері

2724, 9 мың шаршы км алып жатқан кең-байтақ Қазақстан Республикасы территориясы Евразия орталығында Батыс-Сібір тегістігінен және Оңтүстік Оралдан ыстық, құрғақ Орталық Азия шөлдеріне және Тянь-Шань тау жүйелеріне дейін 1600 км, Батыс Шығысқа қарай Волга өзенінің төменгі бөлігі және Каспийден Алтайға дейін 2925 км созылып жатқандықтан, табиғат жағдайларының үлкен әртүрлілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан территориясында жер шарының барлық ландшафтарының типтері құрғақ субтропикадан және ыстық, қапырық шөлдердің әртүрлі типтерінен биік тау тундрасына және мұздарына дейін кездеседі. Осындай әртүрлі ландшафтардың, оған қосымша Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты континентішілік теңіздердің және көлдердің болуы Қазақстан биоталарының бай және әртүрлі болуын қамтамасыз етті. Қазақстанның ерекше белгісі - ол оның Евразияның ортасында болуына байланысты, оның қатал климат жағдайын және үлкен тегістігінде дала және шөл ландшафтарының дамуы. Қазақстан территориясының 40%-дан аса бөлігін дала және 55% шамасында шөлдер алып жатыр, экожүйелер антропогендік әсерге әлсіз оңай тұрақсызданады және кайтадан қалпына келу қабілеттілігі өте нашар.

Бұл региондарда халықтың аздығы кең-байтақ территорияларда қорғаныс базаларын және сынақ полигондарын салуға, жер қойнауының байлығын қазып шығаратын өнеркәсіптің дамуына, ал солтүстікте құнарлы жерлердің болуы тың және тыңайған жерлерді игеруге алып келді. Әкімшілік бұйрық жүйесі жағдайында экономика табиғат байлығын барынша мол сығып алу мақсатында экстенсивтік жолмен дамыды. Әрине, тезірек жер қойнауы байлықтарын алуды мақсат еткен шаруашылық қызмет жағдайында ол процестің кейіннен экологияға әсері ескерілген жоқ. Соның салдарынан экожүйелер терең, кең көлемді бұзылды, көп жерлер шөлге айналды және биологиялық алуантүрлілікке үлкен зиян келді. Флораның биологиялық алуантүрлілігі және өсімдіктер ресурстары зиян шекті.

Қазақстанның өсімдіктер жабынын 6000 түрден астам 128 тұқымдасқа жататын жоғары сатыдағы өсімдіктер жасайды. Олардың 14%-ы - эндемдер флоралық әртүрлілік деңгейі Қазақстанның әртүрлі бөліктерінде бірдей емес. Қазақстанның тегістік бөліктерінде, шөлдер мен далаларда флораның әртүрлілігі және өзіндік ерекшелігі батыстан шығысқа қарай ұлғаяды. Ал тау жүйелерінде флораның әртүрлілігі және өзіндік ерекшелігі солтүстік-шығыстан (Алтай) онтүстік-батысқа (Батыс Тянь-Шань, Қаратау) қарай ұлғаяды. Қазақстанда 10 моно-типтік эндемикалық туысты ерекше атауға болады: Physandra (физандра), Rhaphydophyton (рафидофитон), Pseudoeremustashys (лжепустынноколосник - жалған шөлмесақ), Botschanziwia (бочанцевия), Pseudomarrubium (ложная шандра - жалған шандра), Cankriniella (канкриниелла), Spiraeanthus (таволгоцвет - тобылғытүс), Pterygostemon (птеригостемон), Pastinacopsis (пастернаковник), Niedziwedzkia (недзвецкия) .

Қазақстанның 1981 жылы баспадан шыққан Қызыл кітабына жоғары сатыдағы өсімдіктердің 279 түрі кіргізілген болса, соңғы жылдары баспаға тапсырылған Қызыл кітаптын екінші басылымына өсімдіктердін 400 сирек кездесетін түрі енгізілген.

Қазақстан территориясында соңғы 10 жылдықтарда бірқатар өсімдіктер түрлері көрінбейді. Ол түрлер жойылып кетті деген болжамдар бар. Ол түрлердің Оңтүстік Қазақстан регионында кездесетіндері: Dryopteris mindshelkensis (щитовник менжелькенский - усасыр мыңжылқы), Stroganovia robusta (строгановия коренастая - шымыр строгиновая), Prangos equisetoides (прангос), Dorema varataviense (дорема каратауская - Қаратау сасыққурайы), Acantholimon minshelkense (аконтолимон минжелкенский - мыңжылқы кемпіршөп), Eremostashys pectinata (пустынноколосник-гребенчатый - тарақша шолмасақ), Оrоbunche karatavica (заразиха каратауская - Қаратау сұңғыласы), Centawea kultiassovi (василек культисова - Культисов гүл кекіресі) .

Орталық Қазақстанда: Adiantum capillus-veneris (Aquantum), Berberis karkaralensis (барбарис каркаралинский - Қарқаралы бөріқарақаты), Betula kirghisorum-береза киргизская - қызыл кайын), Paris quadrifolia (вороний глаз обыкновенный - кәдімгі карға көз) . Alnus qlutinosa (ольха клейкая - жабысқан қандағаш), Gymnadenia conopsea (кокушник комариный - масалы көкекшөп), Dactylornisa fuhsii (пальчатокоренник) Dictamnus angustifolius (ясенец узколистый - таспажапырак күймесгүлі) .

Шығыс Қазақстанда: (Rubia rezniczenciana - марена резниченковская - Резниченко рияны), Arenata Potaninii (песчанка Потанина - Потанин құмдақ шөбі) .

Антропогендік азғындаудың (деградация) салдарынан адвентивтік (қосымша) түрлердің таралуы нәтижесінде өсімдіктер жабынында адамдар арқылы таралатын өсімдіктер көбейеді. Яғни, синантронпизация процесі басталады.

Адвентивтік түрлердің экспанциясы олардың популяцияларының үздіксіз артуы флораның табиғи даму процесімен қарама-қайшылыққа келеді.

Адвентивтік өсімдіктер жергілікті өсімдіктер түрлеріне ортаның абиотикалық факторларын пайдалануға бәсекелес болады, өте жиі олармен будандасып, агрессивті қасиеттермен будандар (гибридтер) пайда болады.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер флорасының құрамында пайдалы илік дәрілік, малазықтық, техникалық, тағамдық, сәндік және басқа да түрлер бар.

Илік өсімдіктер - шикізаттық өсімдіктер ішіндегі толығырақ зерттелгені. Көпжылдық зерттеулер нәтижесінде Қазақстанда практикада бағалы құрамында таниндер бар 20-дан астам түрлер анықталды, олардың ішінде ең белгілілері: Polygonym coriarium (горец дубильный - илік таран), Polygonum bucharicum (горец бухарский - Бұқара тараны), Rumex tianschanicus (щавель Тянь-шаньский - Тянь-шань қымыздығы), Rumex paulsenianus (щавель Паульсена - Паульсен қымыздығы), Rheum tataricum (ревень татарский - түйе жапырақ татар рауғашы), Rheum maximowozii (ревень Максимовича - Максимович рауғашы) . Бұл өсімдіктердің құрғақ тамырларының қоры 200 мың тонна шамасында.

Комплексті пайдаланылатын техникалық өсімдіктер

Ең белгілі, маңызды комплексті пайдаланылатын техникалық өсімдіктерге Phragmytes australis (тростник - қамыс) және Achnatherum splendens (чий блестящий - ақ ший) жатқызуға болады.

Қамыстың қалың болып өсетін аудан мөлшері соңғы жылдары 7 есе азайып кетті және қазіргі уақытта оның ресурсы құрғақ шикізаты шамамен 2352 мың тонна. Ал ақ шийдің ресурстары құрғақ шикізаты 23735 тонна шамасында болады.

Тағамдық өсімдіктер

Тағамдық өсімдіктер ішінде ең маңыздылары Malus sieversii (яблоня Сиверса - Сиверс алмасы), Armeniaca vulgaris (абрикос обыкновенный - кәдімгі өрік), Crataegus (боярышник - долана), Berberis (барбарис - бөріқарақат) жыл сайын орман шаруашылығы ұжымдары 300 тонна шамасында алма, өрік және долана жемістерін дайындайды.

Malus sieversii (яблоня Сиверса -

Эфир майлы өсімдіктер

Зерттелген 450 өсімдік түрінен 70 шақты түрлері құрамындағы майларының құрамына байланысты маңызды және болашағы бар деп айтуға болады. Олардың ішінде Artemisia (полынь - жусан), Hyssopus (иссоп - сайсағыз), Mentha (мята - жалбыз), Achillea (тысячелистник - мыңжапырақ) және т. б. бар.

Дәрілік өсімдіктер

Негізгі дәрілік өсімдіктердің ресурстары (80%) Іле Алатауы, Кетмен, Күнгей, Теріскей Алатауы, Жоңғар Алатауы, Қырғыз Боралдайтауы, Алтай және Тарбағатай жоталарында шоғырланған. Кейбір дәрілік өсімдіктерді Қазақстан экспортқа шығара алады. Мысалы, Ephedra equisetina (эфедра хвощевая - хвойник хвощевой - қырықбуын), Glycyrrhiza glabra (солодка голая -жалаң мия), Glycyrrhiza uralensis (солодка уральская - Орал миясы) өсімдіктерінің Қазақстандағы ресурсы (қоры) 75 мың тонна шамасында, сондықтан жоғарыда аталған өсімдіктер шикізатын шетелдерге шығаруға толық болады.

Республикамыздағы Орман Массивтерінің маңызы өте үлкен. Бұл табиғи жүйелер 21, 6 млн гектар жерді алып жатыр, олардың 10, 9 млн гектары тұтас ормандар. Ол ормандар 69 ағаш 700 бұта және жартылай бұталар түрлерінен тұрады. Жалпы, Қазақстанда орманды алқаптың еншісінде 3, 2 % жер, олар биологиялық ресурстар қалыптасуында үлкен рөл атқарады .

Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан биоресурстары туралы
Өсімдіктер. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер. Өсімдіктің даму кезеңдері
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар
Экологиялық құқық пәнінен дәрістер
Экология құқығының дәрістері
Экологиялық құқықтың тарихы. Экологиялық құқықтың қайнар көздері
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Экология құқығы пәнінің дәрістері
Экология - Дәрістік курс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz