Бүгінгі экономикадағы шағын, орта және ірі бизнес және олардың байланысы



Мазмұны:

Кіріспе
а) Өтпелі кезеңдегі кәсіпкерлік 3
ә) ХХ ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік.экономикалық саясаты 4
б) Көп деңгейлі кәсіпкерлікті дамыту 5

Негізгі бөлім
а) Шағын кәсіпкерлікке . мемлекеттік ауқымдағы қолдау 6
ә) Шағын және орта кәсіпкерліктеріне қамқорлық жасау, оны қолдау мен дамыту 12
б) Ірі бизнестің кәсіпкерлік қызметі мен оның көздері 13

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
) Монополды мемлекеттік экономика жағдайында кәсіпкерлік құқық қызметі тек мемлекетке ғана жатады. Рыноктық экономика кәсіпкерлік қызметпен айналысуды тек мемлекетке ғана жүктемейді, әрбір кәсіпорынмен индивидке де мүмкіндіктер жасалады. Бұл рыноктық экономиканы тап-тұйнақтай етіп, ҒТП талаптарына сай болуға және тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай жасатады. Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің алдындағы басты міндеттердің бірі – кәсіпкерлік құрылымды құру. Оларды масштабы бойынша шартты түрде майда, орташа және ірі кәсіпкерлікке бөлеміз. Кәсіпкерлік субъекті бойынша да бөлінеді: кәсіпкерлік субъектісіне - әртүрлі экономикалық қызметке қатысатындар, жеке индивидтер (жеке тұлға) және жалпы экономикалық мүдделер мен келісім-шарт міндеттерімен біріктірілген адамдар тобы жатады. Ал ұжымдық кәсіпкерлікке: серіктестік, кооператив, акционерлік қоғам, холдингтер және мемлекеттік кәсіпкерлікті айта аламыз.
Неміс ғалымы әрі экономисі Иозеф Алоиз Шумпетердің ойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті дайындауға немесе басқа бір сапалы жаңа игілікті жасауға бағытталған. Сондай-ақ өндіріске жаңа тәсілді ендіруге, затты өткізетін жаңа нарықты игеруге, жаңа шикізат пен жартылай фабрикаттар көзін табуға өндірісті талапқа сай, басқаша құруға күш салады.
Кәсіпкерлік өз бетінше тіршілік пен тәуелсіздікке негізделген шаруашылық тәсілі, экономикалық ойлаудың ерекше типі.
Кәсіпкерлікті құрудың діңгекті нәрсесі – мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру болып табылады. Олар нарықтық экономикада бәсекелестік ортаны құрып қана қоймайды, сондай-ақ еркін кәсіпкерлікке жол ашады. Белгілі ағылшын ғалымы әрі экономисі Альфред Маршалл айтқандай, нарықтық экономиканың басты қасиеті – «өндіріс пен кәсіпкерліктің еркіндігі». А. Маршалл бойынша, кәсіпкер – экономикалық процесті жеделдетуші
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. «Егемен Қазақстан» газеті 1997.07.07.
2. «Түркістан» газеті.
3. «Егемен Қазақстан» газеті 1998 ж. 19 қараша.
4. «Егемен Қазақстан» газеті 12003 ж. 14.03. № 11.
5. «Егемен Қазақстан» газеті 2000 ж. 8 желтоқсан.
6. «Жалпы экономика негіздері». Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Бүгінгі экономикадағы шағын, орта және ірі бизнес және олардың
байланысы

Мазмұны:

Кіріспе
а) Өтпелі кезеңдегі кәсіпкерлік 3
ә) ХХ ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық саясаты 4
б) Көп деңгейлі кәсіпкерлікті дамыту 5

Негізгі бөлім
а) Шағын кәсіпкерлікке – мемлекеттік ауқымдағы қолдау 6
ә) Шағын және орта кәсіпкерліктеріне қамқорлық жасау, оны қолдау
мен дамыту 12
б) Ірі бизнестің кәсіпкерлік қызметі мен оның көздері 13

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
а) Монополды мемлекеттік экономика жағдайында кәсіпкерлік құқық
қызметі тек мемлекетке ғана жатады. Рыноктық экономика
кәсіпкерлік қызметпен айналысуды тек мемлекетке ғана жүктемейді,
әрбір кәсіпорынмен индивидке де мүмкіндіктер жасалады. Бұл
рыноктық экономиканы тап-тұйнақтай етіп, ҒТП талаптарына сай
болуға және тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай
жасатады. Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің алдындағы басты
міндеттердің бірі – кәсіпкерлік құрылымды құру. Оларды масштабы
бойынша шартты түрде майда, орташа және ірі кәсіпкерлікке
бөлеміз. Кәсіпкерлік субъекті бойынша да бөлінеді: кәсіпкерлік
субъектісіне - әртүрлі экономикалық қызметке қатысатындар, жеке
индивидтер (жеке тұлға) және жалпы экономикалық мүдделер мен
келісім-шарт міндеттерімен біріктірілген адамдар тобы жатады. Ал
ұжымдық кәсіпкерлікке: серіктестік, кооператив, акционерлік қоғам,
холдингтер және мемлекеттік кәсіпкерлікті айта аламыз.
Неміс ғалымы әрі экономисі Иозеф Алоиз Шумпетердің ойынша,
кәсіпкерлік жаңа игілікті дайындауға немесе басқа бір сапалы
жаңа игілікті жасауға бағытталған. Сондай-ақ өндіріске жаңа
тәсілді ендіруге, затты өткізетін жаңа нарықты игеруге,
жаңа шикізат пен жартылай фабрикаттар көзін табуға өндірісті
талапқа сай, басқаша құруға күш салады.
Кәсіпкерлік өз бетінше тіршілік пен тәуелсіздікке негізделген
шаруашылық тәсілі, экономикалық ойлаудың ерекше типі.
Кәсіпкерлікті құрудың діңгекті нәрсесі – мемлекеттік меншікті
мемлекеттен алу мен жекешелендіру болып табылады. Олар нарықтық
экономикада бәсекелестік ортаны құрып қана қоймайды, сондай-
ақ еркін кәсіпкерлікке жол ашады. Белгілі ағылшын ғалымы әрі
экономисі Альфред Маршалл айтқандай, нарықтық экономиканың басты
қасиеті – өндіріс пен кәсіпкерліктің еркіндігі. А. Маршалл
бойынша, кәсіпкер – экономикалық процесті жеделдетуші.
Рыноктық экономикаға өту еркін кәсіпкерлікке жол ашты, бірақ
барлық мәселені шеше алмады.
ә) ХХ ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық саясатының бес басты бағыттарын айтты:
- әлеуметтік ахуалды жақсарту және кәсчіпкерлік қызметті
одан әрі дамыту;
- басқарудың тиімділігін арттыру;
- өндіріс секторына несие беру;
- экономикалық шикізат бағдарын өткізу;
- аймақтық диспропорцияларды жою;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономика саясатының осы
бағыттарына кеңінен тоқталайық.
Президент әлеуметтік ахуалды жақсарту деп ең маңызды мәселе
халықты жұмыспен қамту мәселесі екенін атап көрсетті. Үкімет
қазіргі кезде жұмызсыздықпен және кедейлікпен қүрес туралы
бағдарламаны дайындауда. Жұмыспен қамту мәселесін шешуде шағын
кәсіпкерлікке маңызды рөл берілді.
Аталған бағдарламада шағын және олрта бизнесті одан әрі
дамыту, олардың өкілдері Қазақстан шикізатын өңдеуді кеңейтуге
негізделген өндірістерді құруға және дамытуға ат салысуы
қажеттілігі көзделеді. Ел Президенті: Прибалтика елдерінде шағын
және орта бизнесті әжептәуір дамуында үлкен тәжірибе
жинақталғанын ашады. Осы елдерде бюджет кірістерінің жартысынан
көбі шағын және орта бизнес арқасында түседі және де
әлемдік рынокта ауытқуларға төменгі деңгейде тәуелді.
Экономикалық саясаттың тағы бір бағыты аймақтар дамуындағы
диспропорциялар және әсіресе оңтүстік пен солтүстік аудандардағы
диспропорциялар оңтүстік аудандарда солтүстік аудандармен
салыстырғанда жұмыссыздықтың басымдылығынан болатын табыстар мен
кедейлік деңгейі бойынша халықтың жіктелуінен көрініс табады.
Осындай диспропорциялардың салдары халықтың елдің ең қолайлы
аудандарына қоныс аударуынан көрінеді.
Ауыл шаруашылығы пен өнеркәсіптің әлі іске жаратылмаған
әлеуетінде жаңа жұмыс орындарын құруды, шағын және орта
бизнесті дамытуда қарастыратын көш-қон саясатын жасау міндеті
қойылды. Осыған байланысты тағы да мәселе, яғни кәсіпкерліктің
өмір сүру мен одан әрі даму мәселесі қойылды. Осы жерде
халықты жұмыспен қамту, азаматтық құқ, халықтың табыстары,
рыноктың конъюнктурасын жақсарту, нарықтық бәсекені қажетті
деңгейде ұстау және дамыту сияқты үлкен проблемалардың
бастаулары қиылысады.
ХХ ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық саясатының ең негізгі міндетіне толығырақ тоқталайық:
әлеуметтік ахуалды және кәсіпкерлік қызметтің одан әрі
қалыптасуын жақсарту.
б) Кәсіпкерлік қызметті құру - өтпелі кезеңде мемлекеттің
алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Барлық деңгейдегі
кәсіпкерлік құрылым халықты барынша жұмыспен қамтуды қамтамасыз
етуге және халықтың өмір деңгейін көтеруге Қазақстан
Республикасының одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін
қажетті. Әлеуметтік - ахуалды жақсартуды қамтамасыз етуге
қабілетті.
Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады, оларды
мына түрде бөлуге болады:
- масштабы бойынша шағын, орта және ірі кәсіпкерлік;
- кәсіпкерліктің субъектілері бойынша;
Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әртүрлі
қытсушылары – жеке тұлғалар, ортақ келісім шарт міндеттемелерімен
және де ортақ экономикалық мүдделерімен біріккен адамдар тобы
яғни ұжымдық акционерлік қоғамдар, холдингтер мен осы
тәрізділер, және де мемлекеттік кәсіпкердік бола алады.
Өтпелі кезеңде кәсіпкерлік қызметтің даму кешенді, көп
деңгейлі сипат алуы керек, себебі аталған қызмет Қазақстан
Республикасының әлеуметтік – экономикалық саясатының стратегиялық
мақсаттарына жету үшін экономикалық базис болып табылады.
Атақты неміс ғалымы, экономист Иозеф Алиоз Шумпетердің
пікірін тағы да бір еске алсақ, кәсіпкерлік, - дейді ол – жаңа
игілікті жасауға немесе осы немесе басқа игіліктің жаңа
сапасын жасауға өндірістің жаңа әдісін ендіруге, жаңа өткізу
нарығын игеруге, шикізат немесе жартылай фабрикаттардың жаңа
көздерін табуға сәйкес келетін қайта құруды жүргізуге
бағытталған.
Кәсіпкерлікті дамытудың басты сәті рынок экономикасында
бәсекелестік ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін
кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет игілігінен алу мен
мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады.

2. а) Атап көрсеткендей, ХХІ ғасырдың қарсаңында Қазақстан
Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатында шағын бизнестің
дамуына ерекше назар аударылады. Оның рөлі әлеуметтік - ахуалды
жақсартуда жетекші орын алады.
Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау едәуір шығындарды талап
етеді, ал мемлекеттік бюджеттің мүмкіндігі шектеулі екендігі
белгілі. Мұндай жағдайда бюджеттік қаржыны пайдаланудың
коммерциялық механизмдеріне көшу қажет.
Бүгінгі таңда коммерциялық банктер, негізінен, не стау – сатып
алуды несиелеуге бағдарланған, не ірі тауар өндірушілерді
несиелеуді қолайлы көреді. Ұлттық банктің ұйғарымы банктердің
шағын кәсіпкерлікке несие беруге мүдделілігін туғызудың нақты
механизмдерін енгізусіз, күткендегідей нәтиже бермеді. Шағын
өндірістік бизнес өтімді кепілдік базаның жоқтығы себепті
банк институттары мүдделері саласынан тыс қалып келеді.
Осыған байланысты шағын кәсіпкерлікті лизингтік несиелер
беру, сақтандыру, франчайзингті дамыту түрінде және қолданудың
басқа да дәстүрлі емес түрлерінде, олар туралы бағдарламаның
басқа тарауларында кеңірек айтылатын болады, қолдау маңызды
рөлге ие болады.
Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау саясаты қызметтің басқа
түрлерін ұзақ мерзімді және орташа мерзімді несиелеу үлесін
ұлғайтуға, аймақтық деңгейде кепілдік қорлар мен несие
серіктестіктерін құруға бағытталады. Сөйтіп, шағын бизнесті
дамытуда мультипликативтік тиімділік беретін механизмдер
қалыптастырылады, өйткені бастапқы капиталға қол жеткізу,
әрине, негізгі проблема.
Шағын кәсіпорындарды өндірістік және инновациялық қолдау.
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау орташа топтың іргетасын
құрайтын жекелеген әлеуметтік топтар өкілдері қызметінің
әлеуметтік – құқықтық және экономикалық жақтарын заңдық тұрғыда
реттеу арқылы да қамтамасыз етіледі.
Заңдардың бұл шоғырына Шаруа қожалығы туралы, Жеке
кәсіпкерлік туралы, заңдарды және Қазақстан Республикасының
Президентінің Өндірістік кооператив туралы заң күші бар
Жарлығын жатқызуға болады. Бүгінгі таңда басқа да бірқатар
осы сияқты заңдар, атап айтқанда, Қолөнер және қолөнершілік
туралы заң қабылдауына объективтік қажеттілік бар.
Жоспарлы шаруашылық тұжырымдамасы қолөнермен шұғылданушылықты
қоғамның экономикалық құрылымынан шығарып тастады. Алайда,
қоғамды қолөнершілердің еңбегіне деген қажеттілік сақталып
келеді және де ол экономиканы реформалауға байланысты күрт
өсе түсті. Ол уақыт өте келе біздің елімізде қоғамның
әлеуметтік-экономикалық құрылымында берік орнығуы тиіс.
Мемлекеттік тапсырыс.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың шаралары арасында
мемлекеттік шағын кәсіпкерліктің белгілі бір рынокта орнығуына
көмегі мен жәрдемсеуі ерекше маңызға ие. Бұл үшін мемлекет
дамуына мүдделі болып, отырған басыңқы өндірістер тізбесін
және де ол дамтыуды қалайтын аймақтар тізбесін ұдайы жариялап
тұру көзделеді.
Мемлекеттік қолдаудың бұл бағыттағы пәрменді шарасы
жарияланған тізімдегі тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің
белгілі бір түрін өндіру жөнінде мемлекеттік тапсырысты
орналастыру кезінде преференциялар беру болмақ.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлер ішкі рынокта көп жағдайларда
негізінен, аграрлық сектордың нашар технологиялық аралық өнімі
мен қызметтердің қарапайым түрлерін ұсына алады.
Олардың мүмкін болатын тұтыну көлемі халықтың өндеуші
кәсіпорындардың және бюджеттен қаржыландыратын құрылымдар
ретінде мемлекеттің сұранысына пропорционалды болады.
Сонымен бірге халықтың қаржысы мен бюджет шығындарын шағын
жекеменшік капитал саласы мен тұрғын үй-коммуналдық саласына
құйылуына мемлекеттік деңгейде заңды тұрғыда жәрдемдесу
қажет. Мұнда әр бастан-ақ өз қызметінде халықтың және
бюджеттік ұйымдардың коммуналдық қызметтерге, жөндеу – құрылыс
және сантехникалық жұмыстарға, қоқыс жинауға, көріктендіруге,
тұрақты сипаты бар басқа да қызметтерге жұмсайтын төлемдері
ақшасына бағдар ұстанған шағын кәсіпорындар өркен жаюы тиіс.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдарын дамыту.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың инфрақұрылымдарын
қалыптастыру ыңғайында таяу болашақта шағын кәсіпкерлікті дамыту
қорының жұмысын қайта құру көзделген. Қазір қор қажетті
инфрақұрылымдар мен аймақтардағы өкімет органдарымен өзара
ықпалдастығы болмауы себепті шағын кәсіпкерлердің қолы жетпес
ұйымға айналып отыр. Осыған байланысты өкіметтің жергілікті
орындарын Қор қызметіне кеңінен тарту жоспарланған.
Айта кететін жай, бұның алдындағы мемлекеттік бағдарламалар
да шағын кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтардағы инфрақұрылымдарын
дамытуды көздеген болатын. Алайда, олардың іс-жүзінде орындалуы
әлі күнге дейін тиісті деңгейде жүзеге асырылған жоқ.
Сақтандыру, лизингтік компаниялары, технопарктер құру сияқты
және басқа да бірқатар шаралар бағдарламадан бағдарламаға
көшумен келеді.
Егер олар дер кезінде жүзеге асырылған жағдайда бүгінде
әзірленіп отырған бағдарламада басты назарға басқа ыңғайдағы
проблемаларды қоюға болар еді.
Нарық инфрақұрылымы жүйесін дамыту шағын кәсіпкерлікті
қолдаудың маңызды аспектісі болып табылады. Шағын бизнестің
тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымның
негізгі элементтеріне аудиторлық, консалтингтік, бухгалтерлік және
басқа да қызмет түрлерін көрсететін ұйымдар қаржы – несие
институттары, сақтандыру компаниялары, оқу орындары жатады.
Аталған элементтер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанғы меншік қатынастарының дамуы
Нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің дамуы
ЖШС “Меркур Строй Сервис” экономикалық және кәсіпкерлік белсенділігін талдау
Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасуы. Қазақстандағы меншік қатынастарының артықшылықтары мен кемшіліктері
Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру
Қазақстан экономикасын дамытудағы кәсіпорынның рөлі
Қазақстан мен шетелдердегі шағын және орта бизнестің дамуындағы қоғаммен байланыстың рөлі
Шағын кәсіпкерлікке қатысатын субъектілер
Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің құрылуының ерекшеліктері
Шағын бизнес кәсіпорынының дамуын басқару ( МИРАС МБ ЖШС-і мысалында)
Пәндер