Қазақстандағы тұтыну рыногы және оны дамыту мәселелері
Мазмұны
КIРIСПЕ
I.бөлім. ТҰТЫНУШЫЛАР ТАҢДАУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МАЗМҰНЫ МЕН ДӘРМЕНСІЗДІГІ
1.1 Тұтынушылар рыноктағы сұранысты қалыптастырушы және олардың қалауы
1.2 Бюджеттiң шектеулiгi тұтынушылар дәрменсіздігіне және мiнез.құлығына әсер етушi негiзгi фактор ретiнде
II.бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУ РЫНОГЫ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРI
2.1 Тұтынушы талғамына әсер ететiн “табыс және баға тұтыну” қисықтары
2.2 Қазақстандағы тұтыну рыногы және тұтынушылар талғамының жағдайы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

I-бөлім. ТҰТЫНУШЫЛАР ТАҢДАУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МАЗМҰНЫ МЕН ДӘРМЕНСІЗДІГІ
1. Тұтынушылар рыноктағы сұранысты қалыптастырушы және олардың қалауы
2. Бюджеттiң шектеулiгi тұтынушылар дәрменсіздігіне және мiнез-
құлығына әсер етушi негiзгi фактор ретiнде
II-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУ РЫНОГЫ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ
МӘСЕЛЕЛЕРI

Қазақстан Рсепубликасындағы нарықтық экономикаға өтуiне байланысты
нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары
пайда бола бастады. Нарық экономикасының қызмет етуiндегi бiрiншi және өте
маңызды элемент - өндiрушiлер мен тұтынушылар болып табылады.
Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал
сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтынушылар iс-әрекетi болып табылады.
Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында
тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Кез келген тұтынушы нарықта ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және
өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды.
Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде
қанағаттандырады деп есептелiнедi.
Бiрақ шын мәнiнде тұтынушылардың табысына байлаынсты олардың бюджеттiк
шектеу қисығы орын алып, тұтынушылардың таңдау деңгейi әр түрлi болып және
ол ылғи да өзгерiп отырады. Яғни нарықта көптеген тұтынушылардың таңдауы әр
түрлi болып келедi. Сонымен, сұраныс – бұл тұтынушының немесе сатып
алушының бiр тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын және олардың сатып
ала алатын тауар бағасы мен оның көлемi арасындағы тәуелдiлiк.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi нарықтық экономикада тұтынушылар, олардың
талғамы, осы арқылы әр елдiң адамдардың жалпы өмiр сүру деңгейiн, соған
байланысты сұраныс қалыптастырушы ретiндегi экономикадағы маңызды орнын
ескерiп өту болып табылады.
Сондықтан курстық жұмысымның тақырыбын экономикада субъективтi бағыт
болып табылатын тұтынушылардың мiнез-құлығына байланысты “Тұтынушылық
таңдау моделіндегі дәрменсіздік ” деп алдым.
Бұл тақырыпта еңбек еткен экономикалық ғалымдарға тоқталатын болсақ,
бұл теорияның сандық (координалистiк) талдау бағыттың өкiлдерi XX ғ. 70-
жылдарындағы Джевонс, К.Менгер, Валрас және А.Маршалды айтсақ, ал
тұтынушылардың талғамындағы реттiлiк ( ординалиситiк)баптың өкiлдерi
Эджуард, Ориэта, Фишер және бұл теорияны аяқтаған Аллен және Хикстi айтуға
болады.
Сондай-ақ бұл тақырыпта микроэкономика деңгейiнде еңбек еткен ғалымдар
Долан Э. Дж., Пиндайк Р. және Н.Мэнкюдi ерекше атап өтуге болады.
Ал отандық экономикада бұл тақырыпқа экономикалық теория және
микроэкономика деңгейiнде өз еңбектерi арқылы үлесiн қосып жүрген экономист-
ғалымдар Әубәкiров Я.А., Мұхамедиев Б.М., Мамыров Н.Қ және т.б. жас
ғалымдарымызды атап өтуiмiзге болады.
Менiң бұл жұмысты орындаудағы мақсатым микроэкономикадағы тұтынушылар
таңдауы моделін зерттеп, Қазақстан Республикасындағы тұтыну рыногының
қазiргi жағдайы және Қазақстанның тұтынушылар талғамына модел жасау болып
табылады.
Осы мақсатқа сай жұмыстың мiндеттерi келесiдей:
• Тұтынушы рыногын зерделеу;
• Тұтынушылар таңдауын және мiнез-құлығын қарастыру;
• Тұтынушылар талғамына әсер етушi факторларды қарастыру;
• Қазақстанның тұтынушылар рыногын талдау арқылы, өзiндiк баға беру.
I-бөлім. ТҰТЫНУШЫЛАР ТАЛҒАМЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МАЗМҰНЫ

Тұтынушы рынокта белгiлi көптеген тауарлар мен қызметтердiң iшiнен
таңдау жүргiзедi. Сұраныс деп тұтынушылардың белгiлi бiр өнiмдi таңдау және
сатып алу қабiлетiн айтады. Экономика деген ғылым шектеулi ресурстарды
таңдау және оларды пайдалану тәсiлдерiмен шұғылданады. Осы мәселенi
шешкенде әрбiр рынок субъектiсi максималды пайдалылыққа жетуге тырысады. Ол
кез келген рынок субъектiсi оңтайлы мiнез-құлығымен әрекет жасауы керек.
Олардың арасындағы бәсеке және мәмiлелер бағаға әсер етiп, рыноктық
бағаны қалыптастырады. Ал бағаға сүйене отырып, тұтынушылар көптеген
экономикалық шешiмдер қабылдайды. Мiне бұл жағдай тұтнушылар мiнез-құлығын
және нарықта сұранысты қалыптастырады.
Кез келген тұтынушы ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және өзiнiң
табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасады делiк.

қанағаттандыратын едi.
Тұтынушылар бiрiгiп сұранысты қалыптастырса, онда сұраныс тауардың
бағасы мен көлемiнiң арасындағы тiкелей байланысты көрсетедi. Сонымен,
сұраныс – бұл тұтынушының, сатып алушының бiр тауарды сатып алу ойымен
жасайтын жоспарын және олардың сатып ала алатын тауар бағасы мен оның
көлемi арасындағы тәуелдiлiк. Яғни, ол келесi түрде берiледi:
Q = QD (P) (1)
Мұндағы, Q - өнiм көлемi;
Р – тауар бағасы;
QD (P) – сұраныс функциясы 1, 22 бет .
Сұраныс көлемi – сұранысқа әсер ететiн басқа факторлар тұрақты деп
ұйғарғандағы, әр түрлi бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетедi. Бұл
жерде сұраныс заңы тауар бағасы неғұрлым жоғары болса, сұраныс көлемi
соғұрлым төмен болады, яғни Q = QD (P) тәуелдiлiгi керi. Ол “D” сұраныс
қисығы болып табылады. Оны келесi 1-шi суреттен көре аламыз:
Баға
Р1
Р2 Сұраныс “D”
Q2 Q1 Өнiм көлемi
Сурет-1 – Сұраныс қисығы
Тұтынушылардың талғамы келесiдей анықталған гиотезалардан тұрады.
Мысалы:
1) Күнделiктi өмiрде адамдар тауарды төмен бағамен және көп мөлшерде
алғысы келедi. Бiрақ, тауарларды сатып алу кезiнде тұтынушыға ең басты
кедергi болатын көрсеткiш – баға. Жоғары деңгейдегi баға сатып алушыға
үлкен кедергi болады да, ол өнiмдi көп алғысы келмейдi, ал төмен
деңгейдегi баға оның сатып алу қабiлетiн күшейтедi.
2) Әр уақытта да тұтынушы өнiмнiң алғашқы бiрлiгiнен көп қанағат алады.
Мысалы, сiздiң бiрiншi iскен стакан суыңыз сiзге өте әсер етедi, ал
екiншiсi ондай дәмдi болмайды, үшiншiсi екiншiден де аз қанағат
әкеледi. Бұл жағдайда тауардың шектi пайдалығының азаю принципi
тұтынуға әсер етедi. Сондықтан тұтынушы тауардың әрбiр келесi бiрлiгiн
тек қана баға төмендеген жағдайда ғана алады;
3) Тұтынушылардыi iс-әрекетiн табыс әсерi және ауыстыру әсерi арқылы
түсiндiруге болады. Бұл екi фактор бола отыра ендi оның тұтынушы
сұранысына әсерiн зерттеп көрейiк.
Бiрiншi, ауыстыру әсерiн мысал ретiнде көрсек. 2-шi суретте екi
тауарға деген сұраныс қисығы көрсетiлген. Мысалы, шайдың қорабының бағасы
150 теңге болып, белгiлi бiр уақыттан кейiн 200 теңгеге дейiн жоғарылады
делiк. Соның нәтижесiнде шайға деген сұраныс бiр айдың iшiнде 30 қораптан
20 қорапқа дейiн кемидi.
P P
250 250
200 B 200
150 A 150 A1 B1
100 100
50 D 50 D2
D1
10 20 30 40 50 Q 0 10 20 Q
(а) Шайдың мөлшерi, қорап (ә) Кофенiң
мөлшерi, қорап
Сурет-2 – Шайдың бағасының өсуi кофеге деген сұранысқа тигiзетiн ықпалы
(а) суреттен көрiп отырғанымыз, басқа факторлар тұрақты болғанда,
шайдың қорабының 150-ден 200 теңгеге өсуi шайға деген сұраныс көлемi А
нүктесiненВ нүктесiне дейiн кемидi. Кофенiң бағасы өзгемейдi деп алғанда
тұтынушылар шайдың орнын кофемен қанағаттандырады, оны (ә) суреттен көруге
болады 3, 35 бет .
2-шi (а) суреттегi сұраныс қисығының бойымен жылжуды экономикада
сұраныс көлемiнiң өзгеруi деп , ал (ә) суреттегi сұраныс қисығының
түгелiмен жылжуын – сұраныстың өзгеруi деп атайды. Бұл мысалда тұтынушылар
шайдың бағасы қымбаттағанда олар кофенi көбiрек тұтынады, себебi бұл екi
тауар бiр-бiрiн ауыстыра алады. Мұны кейде ауыстыру әсерi деп те атайды
және оларды субститут тауарлар дейдi. Мысалы, сары май мен маргарин, сиыр
етi мен қой етi.
Ал ендi бiрiн-бiрi толықтыратын тауарларды қарастырайық. Мысалы,
автомобиль мен бензидi алайық. Бензиннiң 1 литрiнiң бағасы 60 теңге
болғанда тұтынушы 1 жетiде 40 литр алады дейiк, ал баға 80 теңгеге дейiн
көтерiлгенде, сұраныс көлемi 30 литрге дейiн кемидi. Әдеттегiдей 3-шi (а)
суретте өзгерiс сұраныс қисығының бойымен болады.
P P
100
80 B 400
60 A 300 В1 А1
40 200
20 D 100
D1
D2
20 30 40 80 100 Q 0 50 100 Q
(а) Бензин мөлшерi, литр (ә) Автомобиль
саны, дана
Сурет-3 –Бензин бағасының өсуi автомобильге деген сұранысқа әсерi
Суреттен көретiнiмiз басқа факторлар тұрақты деп есептегенде бензин
бағасының өсуi автомобильге деген сұранысты азайтады, яғни сұраныс қисығы
солға жылжиды. Сондықтан, бұл екi тауар бiрiн-бiрi толықтыратын немесе
комплементарлы тауарлар деп аталады. Мысалы мұндай тауарларға: теннис
ракеткасы мен добы, шай мен қант жатады.
1.2 Бюджеттiң шектеулiгi тұтынушылар дәрменсіздігіне және мiнез-құлығына
әсер етушi негiзгi фактор ретiнде
Тұтынушылардың сұранысына әсер ететiн негiзiнен бағалы және бағалы
емес факторлар бар. Бiзге белгiлi тұтынушылардың таңдауы шексiз болады, ал
олардың тұтыну мөлшерi белгiлi бiр деңгейде болады. Яғни, олар не қаласа
соны ала бермейдi, оларға тосқауыл болатын әрбiр тұтынушының табысы болып
табылады. Әрине, сондықтан олар өздерiнiң шектеулi табыстарын тиiмдi
пайдаланып, сұранысын максималды қанағаттаныру үшiн тауарлардың
пайдалылығын қарастырады.
Сонымен қатар, тауарға деген сұраныс көлемiне тұтынушылардың табысы
үлкен әсер етедi. Бұл көрсеткiшке байланысты тауарларды келесiдей екi түрге
бөледi:
1) кәдiмгi тауарлар;
2) жоғары сапалы және қымбат тауарлар;
3) сапасы төмен тауарлар.
Егер тұтынушылардың табысы жоғарылаған кезде зерттелiп отырған
тауарға деген сұраныс көбейетiн болса, онда бұл тауарларды кәдiмгi тауарлар
деп атайды. Мысалы, тұтынушылардың табысы өскен сайын олардың ет өнiмдерiне
деген сұранысы өседi. Ал керiсiнше табыс өскен кезде тұтынушылардың тұтыну
көлемi кемiсе, ондай тауарларды сапасыз тауарларға жатқызамыз.
4-шi суреттен көрiп отырғанымыздай, табыс өзгергенде ет өнiмдерiне
сұраныс D1–ден D2-ге дейiн оңға қарай жылжиды. Табысы аз кезiнде тұтынушы
20 кг. ет алатын болса, ал табысы жоғарылағанда В нүктесiне сәйкес 40 кг.
ет алады. Мыслда ет өнiмiнiң бағасы тұрақты 150 теңге төңiрегiнде қалады.
Р
250
200
150 A B
100
50 D2
D1
20 40 Q
Ет өнiмi мөлшерi, кг
Сурет-4 – Тұтынушы табысының өсуi ет өнiмдерiне деген сұранысқа әсерi
Бiр тауардың екiншi тауарға қарағанда пайдалылырақ екендiгiн анықтау
үшiн ешқандай өлшем бiрлiгiн пайдалану мүмкiн емес. Ол тек салыстырмалы
ұғым. Заттың пайдалылығы адамның қажеттiлiлiгiн қаншалықты
қанағаттандыратына байланысты. Сондықтан ол әр адамның психологиясына өмiр
сүру ерекшелiктерiне байланысты болады.
Жалпы жағдайда тауарлар құрамы берiлген болса, онда оның пайдалылығын
сан түрiнде анықтау үшiн пайдалылық функциясы қолданылады. Ол функция Х,У
тауарлары үшiн былай жазылады:
U = U ( х, у )
Бұл функция тұтынушы Х,У тауарларын тұтынғанда қол жеткiзетiн ең жоғарғы
пайдалылығын бейнелейдi.
Егер пайдалылық функциясы тұрақты бiр санға тең болса, немесе:
U = U ( x, y) = C0 – const.
Онда жазықтықта мұндай функцияның графигi 5-шi суретте
бейннеленгендей болады. Ол талғамсыздық қисығы деп аталынып бiрдей
пайдалалық әкелетiн тауарлар құрымының жиынтығын көрсетедi. Мысалы:
тұтынушы бiр апта Х және У тауарларын тұтынады деп жорамалдайық,
Х- алма саны;
У- алмұрт саны.
1-шi кестеде және 5-шi суреттi салуға негiз болған мәлiметтер
жинақталған.
Кесте 1 Алма және алмұрт саны
Жиын У алмұрт Х алма
А1 10 4
А2 6 5
А3 3 6
А4 1 7
А1 жиынындағы 4 алма мен 10 алмұрт және А2 жиынындағы 5 алма мен 6
алмұрт тұтынушы үшiн бiрдей пайдалылық әкеледi. Демек, талғамсыздық
қисығының бойында жатқан А3 және А 4 жиындары тұтынушыға бiрдей
пайдалылық әкеледi деп қорытынды жасауға болады. Бұл жағдайда талғамсыздық
қисығы келесiдей болады.
Талғамсыздық қисықтарының жалпы қасиеттерi:
1. Талғамсыздық қисығы неғұрлым кординаттар осьiне алыс орналасса,
соғырлым осы қисықтың бойында жатқан жиынтықтар тұтынушыға көп пайда
әкеледi. 6-шi суретте төмендегi шарттың дұрыс екендiгi көрiнедi:
U1 U2 U3 U 4
У
10 А1
6 А2
3 А3
1 А4
4 5 6 7 Х
Сурет-5 – Талғамсыздық қисығы
2. Бiр жазықтықтағы талғамсыздық қисықтары қиылыспайды. 6-шы суретте
көрсетiлген А жиынтығы талғамсыздық қисықтарына ортақ қиылысу
нүктесiнде орналасқан. А жиыны U1 талғамсыздық қисығында
орналасқандықтан тұтынушы А және В-ны айырмайды. Соған ұқсас U2
қисығындағы С жиынын А жиынынан айырмайды деген тұжырым шығады.
Y A6
A4
A3 A7
A5 A3
A4 U3 U4
U1 U2
X
Сурет-6 – Талғамсыздық қисығының картасы
Бiрақ ескере кететiн нәрсе, егер Х және У кәдiмгi тауарлар болса, онда
тұтынушы В- дан гөрi, С-ны қалайды, себебi С жиынында Х пен У- тiң мөлшерi
көп 7-шi суретке қарап, С жиынында У тауарының 3 бiрлiгi, Х тауарының 6
бiрлiгi бар екендiгiн, ал В жиынында Х тауарының тек қана 5 бiрлiгi және У
тауарының 2 бiрлiгi бар екенiн анықтаймыз. Тұтынушы бiр уақытта В-ға
қарағанда С-ны қалай отырып және олардың арасында айырмашылық жасай алмауы
талғамсыздық қисықтарының қиылысуын жоққа шығарады.
У
А
С
3 U2
2 В U1
0 Х
5. 6
Сурет-7 - Талғамсыздық қисықтарының қиылысуының қарама-қайшылығы
Тұтынушылар талғамы теориясындағы шектi пайдалылық – тауардың қосымша
бiрлiгiн тұтынған кездегi тұтынушыға әкелетiн қосымша пайдалылығы.
Талғамсыздық қисығының бойындағы алмастыру шектi нормасын игiлiктердiң
шектi пайдалылығымен байланыстыруға болады. Жиындағы у тауарларының
шамасын ∆у- ке азайтсақ, бұл тұтынушыға зиян келтiредi.
Ауыстырудың шектi нормасы талғамсыздық қисығының бойымен төмен қарай
жылжығанда бiрте-бiрте азаяды. Себебi тұтынушы Х тауарының шамасын
көбейткен сайын бұл тауардың әр бiр қосымша бiрлiгi аз шектiлiк пайдалылық
әкеледi. 8-суретте А1 – А4 нүктелерi арасындағы ауыстырудың шектi нормалары
көрсетiлген. 2-шi кестеде 8-шi суретте бейнеленген әр бiр талғамсыздық
қисығының әр бiр нүктесiнде MRSxy - тi есептеуге пайдалынылған мәлiметтер
берiлген.
Кесте 2 Ауыстырудың шектi нормалары
Жиын У Х MRS xy
А1 10 4
А2 6 5 4 бiрлiк У-тi 1
бiрлiк Х-ке
А3 3 6 3 бiрлiк У-тi 1
бiрлiк Х-ке
А4 1 7 2 бiрлiк У-тi 1
бiрлiк Х-ке
Тұтынушы бар қаражат Х және У тауарларын сатып алуға жұмсады делiк.
Егер оның бюджетiн немесе бар қаражатын I деп, ал Х және У тауарларының бiр
өлшемiнiң бағаларын Рх, Ру деп белгiлесек онда бюджеттiң шектеулiгiн
аламыз. Оның формуласын келесi түрде жазуға болады:
РХ Х + РУ У = I
Бұл бюджет сызығы деп аталып, яғни Х, У тауарларын сатып алуға
бюджеттiң толық жұмсалатындығын көрсетедi.
Жазықтықтағы бюджет сызығының бейнесi 8-шi суретте келтiрiлген. Соңғы
теңдеудi былай да жазуға болады:
У= I Ру – Рх Ру * Х
Бұл жерде РхРу - бюджет сызығының бұрыштық коэфициентiн
бейнелейдi. Бұрыштық коэфициент жалпы табыс өзгермейтiн жағдайдағы
алмастырудың шектi нормасын көрсетедi. Егер бюджет теңдеуiнiң бағаның
бiрi өзгеретiн болса, онда бюджет сызығы да өзгередi. Мысалы Х тауары
арзандап, оның жаңа бағасы Рх болды делiк. Бұл жағдайда бюджет сызығы 10-
шы суретте келтiрiлгендей түрде өзгерер едi.
У
I Ру
0 I Рх Х
Сурет-8 - Бюджет сызығы
Сонымен, егер Х тауарының бағасы арзандайтын болса, онда бюджет
сызығы оңға қарай немесе сағат тiлi бағытына қарсы өзгередi, ал баға өскен
жағдайда сағат тiлi бағытында өзгередi. Бюджет сызығының тауар бағасының
өзгеруiне байланысты жылжуын келесi 9-шы суреттен көре аламыз.
У
I Ру
I Рх Х
Сурет-9 - Бюджет сызығының өзгеруi
Табыс және бағада болатын өзгерiстер бюджет сызығының қозғалысына
әкеледi. Табыстың өсуi бұрын тұтынушының қолы жетпеген тауарды сатып алуға
мүмкiндiк бередi. Сондықтан ол бюджет сызығын координат осьiмен жоғары
жылжиды. Бұл уақытта, бюжет сызығының көлбеуiн өзгертпейдi. Табыстың азаюы
бюджет сызығының координаттар осiне жақындатып, паралель жылжытады. Табыс
өзгеруiнiң бюджет сызығының әсерi (а) графигiнде 10-шы суретте көрсетiлген.
Яғни, табыс өссе онымен қоса тұтынушылардың бюджеттiк қисығы да оңға
жылжиды немесе керiсiнше.
Ал тауар бағаларының өзгеруi бюджет қисығына 10-шы (ә) және (б)
суреттегiдей бейнесiн көрсетедi. Яғни, Х тауарының бағасы төмендесе оны
тұтынушылар саны көбейедi немесе керiсiнше, ал У тауарының өзгерiсi де
осындай бейнеге ие болады.
У У У
(а) (ә) (б)
Х Х Х
Сурет-10 - Табыс пен бағаның өзгеруi және олардың тұтынушы таңдауына әсері
Тұтынушылар талғамы дұрыс қалыптасу үшiн, олар бюджеттерiнiң
шектеулi екендiгiн ескертiп, ең көп пайдалылық алып келетiн тауарлар
құрамын анықтау қажет. Бұдан ең ұтымды тауарлар құрамы бюджет сызығымен
талғамсыздық қисықтарының жанама нүктесiнде екенiн бiлемiз. 11-шi суретте
ең көп пайдалылық әкелетiн тауарлар құрамы, тұтынушының теңдестiк жағдайы
бейнеленген, яғни тұтынушының өзiнiң шектеулi табысына және талғамына
байланысты өзiнiң сұранысын қанағаттандыру үшiн оптималды нүктесiн көруге
болады 1, 75 бет .
У
I Ру
Е
Х
Сурет-11 – Тұтынушының оңтайлы таңдауы
Бұл 11-шi суреттен теңдестiк және оптималды нүкте Е нүктесi болып
отыр. Теңдестiк жағдайында алмастырудың шектi нормасы MRS ху - пен бюджет
сызығының бұрыштық коэфициенттерi тең болады. Сондықтан тұтынушы өзiнiң
теңдестiк жағдайына қол жеткiзуi үшiн Х және У тауарларының көлемi келесi
шарт орындайтындай етiп таңдауы қажет:
MRS xy = MUx MUy =- Рх Ру
Бұл теңсiздiк тұтынушының теңдестiк шарты деп аталады.

1. Сұраныс және сұранысқа әсер ететін фокторлар. Сұраныс заңы.
Сұраныc - бұл нарықта болатын, ақшамен қамтамасыз етілетін
қажеттіліктердің көріну формасы. Ал, басқаша айтқанда, сұраным төлем
қабілеті бар қажеттілік. Құн тұрғысында сұраным қажетті тауардың бағасының
соммасы.
Тауардың нарықтық бағасы мен сұраным мөлшерінің арасында барлық
уақытта да белгілі бір арақатынас болады. Оны график түрінде- сұраным
қисығының сызығы деп атайды.
Сурет 1. Сұраным қисығының қисығы.
1 Суреттен көріп отырғанымыздай баға- Р1 сұраным мөлшері- Х1, баға
Р2Р1 сұраным мөлшері Х2Х1 сәйкес келеді. Тауардың бағасы неғұрлым
жоғары болса, оған деген сұраным соғұллым төмен болады.
Сұраным заңы бойынша, егер баға төмендесе, әдетте тұтынкшылар тауарды
көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарларға баға өссе, онда оларға деген
сұраным азаяды. Сұраным қисығының сызығы бір қалыпты тұрмайды, ол мезгіл-
мезгіл жылжып отырады.
Қисық сызығының оңға Д1 Д2 қарай ойысуы тауардың сұранымның
өскенін, ал солға қарай ойысуы Д1 Д1 сұранымның азайғанын көрсетеді. Оны
2- суреттен көре аламыз:
Сурет-2. Сұраныстағы өзгеріс.
Нарықтық сұраныс толып жатқан факторлардың әсері арқылы қалыптасады;
- бағаның деңгейінен;
- сатып алушылардың ақшалай табысынан;
- тұрғындардың ұнатуынан және артық бағалауынан;
- нарықтық шамасынан;
- жиналған мүліктен;
- сатып алушылардың санынан және басқалардан.
Сұраныс көлемінің оны анықтайтын факторлардан тәуелділігі сұранымның
қызметі функциясы деп аталады. Оны мынадай формуламен көрсетуге
болады:
Мұндағы:
- берілген тауарға сұраным мөлшері;
Ғ - сұраныстың оны қалыптас-н фактор-н тәуелділік нысаны;
Б - берілген және кездескен тауарлардың бағасы;
- тұрғындардың ақшалай табысы;
- тұтынушылардың ұнатуы немесе артық бағалануы;
М - жиналған мүлік
Тауарға сұраныстың мөлшері тұрғындардың ақшалай табысының деңгейіне
тура пропорционалды және баға деңгейіне кері пропорционалды.
Баға неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тауарларға сатып алушылар
тарапынан болатын сұраным азаяды. Егер сұраным мөлшерінің бағаға
байланыссыз детерлиенаттарын ( басқаша айтқанда бағаға байланыссыз
факторларын) өзгеріссіз деп есептесек, онда сұранымның бағадан
функциональды тәуелділігін мына формула түрінде көруге болады:
Сұраныс жағдайына көптеген, оның ішінде экономикалық (барынша жаңа,
пайдалануда тиімді өнімдер); аймақтық (табиғат климаттық жағдайларға
байланысты әртүлрлі аймақтардағы сұраным ерекшелігі); психологиялық ( сатып
алу кездейсоқтығының шамасыф); демографиялық (әртүрлі жастағы ерлердің,
әйелдердің, балалардың ерекше сұранымы);
Кәсібилік ( білім дәрежесі, айналысатын кәсібі мен қызмет түріне байланысты
болатын тауарды ұнату мен артық бағалау ерекшеліктері);
Ұлттық діни сипаттағы және басқа да факторларға әсер етеді.
Нарықты басқару дегеніміз- осы факторлардың көмегімен сұранымға
тиімді және мақсатты бағытта әсер ету болып табылады. Сұраныс икемді және
икемсіз болып келеді. Сұранымның икемділігі деп- сұраным жиынтығының
тауарлар мен қызметтердің бағасының өзгеруіне жауап ретіндегі сандық өзгеру
шамасын айтады. Икемділіктердің сандық көрсеткіштері жоқ, сарапшылар тек
қана сұранымның икемділік коэффициенті қолданады (сұраным икемділігі 1-ден
көп, яғни Еа1). Бұл коэффициент сатып алуға алынатын тауар санының
салыстырмалы түрдегі өсуін, бағаның салыстырмалы түрде төмендеуіне бөлумен
анықталады:
Мұндағы
Еа - сұраным икемділігінің коэффициенті
- сұраным көлемінің өсу проценті
- бағаның төмендеу проценті
Әртүрлі тауарлар тобына сұранымның икемділігі бірдей емес. Бұл
коэффициент, берілген және басқа тауарларға сұранымды қанағаттандыру
шамасынан, нарықта бар сол сияқты тауарлардан тәуелді болуы мүмкін.
Әдетте күнделікті қажетті тауарлар, әсіресе тамақ өнімдерінің өте икемсіз
сұраным тисығы болады. Басқаша айтқанда, оларға деген сұранымның
бағаларының өсуі себепті айтарлықтай өзгере қоюы екіталай. Мысалы, нанның
бағасының 24 тиынннан 10 сомға дейін өсуі оны тағам ретінде тұтынуды күрт
қысқарта алған жоқ. Сұраным бұл ретте оңтайсыз, икемсіз болып отыр.
Керісінше бағалардың өсуінің әрекетімен хрусталь, зергерлік бұйымдар,
жеңіл машиналар секілді бұйымдарға төлем бар сұраным күрт қысқарды. Ал
бұл көрсеткіш сұранымның икемділігін сипаттайды.
Сонымен сұраным - төлем мүмкіндігі бар қажеттілік, яғни тұтынудың
керекті тауарларға төлей алатын ақша соммасы.
Сұраныс дегеніміз - берілген бағада сатуға арналған тауардың саны.
Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының өзгеруі бағаның құн төңірегіндегі
тербелуін тудырады. Осы тербелулер арқылы сұраныс пен ұсыныстың тепе-
теңдігін, ал түбінде өндіріс пен тұтынудың тепе- теңдігін қамтамасыз ететін
деңгей қалыптасады.
2. Ұсыныс және ұсынысқа әсер ететін факторлар. Ұсыныс заңы.
Ұсыным- бұл нарықта тұрған немесе соған жетуге болатын, белгілі бір
бағасы бар тауарлар жиынтығы.
Ұсыным, өндірілген тауарлардың ассортименті ( әр алуан жиынтығы) және
олардың бағалары арқылы сұранымды құрайды; өз кезегінде сұраным, тауар
ұсынымының көлемі мен құрылымы мен белгілейді, себебі тек-қана тұтыну мен
танылатын тауар ғана қайта өндіріле алады.
Нарықтық бағамен өндірушілердің ұсынғысы келетін тауарлар санының
арасында ұсыным қисығының сызығы деп аталатын белгілі бір арақатынас
болады.
Ұсыным қисығының сызығы, әдетте оңтүстік- батыстан солтүстік-шығысқа
қарай көтеріледі. Оны 3- суреттен көре аламыз.
3-сурет – Ұсыныс қисығы.
Жоғарыда көрсетілген кесте шығарылатын өнім көлемінің (х)нарықтық бағадан
(Р) тәуелділігін көрсетеді.
Баға –Р1, өнім -Х1 сәйкес, ал баға- Рс және Р2 –ге дейін төмендесе
онда өнім- Хс және Х2 –ге дейін азаяды. Баға Р1 Р2, ұсыным көлемі Х1 Х2-
ге сәйкес басқаша айтқанда тауардың бағасы неғұрлым жоғары болса,
соғұрлым оны өндіру пайдалы, соғұрлым өндірушілер оны көбірек өндіруге
және нарықта сатуға дайын болады.
Ұсыным мөлшерінің көбеюі ұсыным қисығының сызығын оңға қарай (S2S2) ал
ұсыным мөлшерінің азаюы солға қарай (S1S1) жылжытады. Оны 4- суреттен
көре аламыз.
1-сурет – ұсынымның өзгеруі.
Ұсыным қисығының сызығына қандай факторлар әсер етеді? Ұсыным шамасы
бағасынан қолданылатын өндіріс технологиясының сипатынан салықтар мен
дотациялардан, берілген (нақты) тауар мен оған ұқсас тауарлардың
бағасынан, бағаның өзгеруіне күтуден, сатушылардың санынан, табиғат-
климаттық жағдайлардан, өндірістік шығындардан тәуелді болады.
Ұсыным детерминатикалық: ұсыным қисығы сызығының өзгеруін тудыратын
факторлар:
1-кесте
Ұсыным қисығы сызығының
өзгеруі
1 Ресурстар бағасының өзгеруі Материялдық тыңайтқыштарға бағаның
төмендеуі бидайдың ұсынымын көбейтеді;
жаңбырлатқыш қондырғыларға бағаның өсуі
жүгерінің ұсынуды азайтады.
2 Технологияның өзгеруі Жүгері зиянкестеріне қарсы тиімді
инсектицидті жасау оның ұсынымын
көбейтеді.
3 Басқа тауарлардың бағасының Қой еті мен шошқа етіне бағаның
өзгеруі төмендеуі сиыр етін көбейтеді.
4 Салықтар мен дотацияларды Сигареттерге акция салығын көбейту
өзгерту олардың ұсынымын азайтады; институт
университеттерге дотацияларды азайту
жоғары білімді мамандарды ұсынуды
кемітеді
5 Бағаның өзгеруін күту Болашақта мұнайға бағаның төмендеуінің
күтілуі, мұнай компанияларының ағымдағы
ұсынысын көбейтеді.
Нарықтық бағаның көтерілуіне жауап ретіндегі ұсыным көлемінің өзгеру
шамасы ұсынымның икемділігін сипаттайды.(Ұсыным икемділігі 1ден көп, яғни
Еs1) Ұсыным икемділігінің сандық коэфиценті-ұсынылатын тауарлар санының
өзгеру процентінің, бағаның өзгеру мөлшерінің процентіне бөлінетін
бөліндісі болып табылады:
Еs-ұсыным икемділігінің коэфиценті
%Xs-ұсыным көлемінің өсу проценті
%P-бағаның өсу проценті
Ұсынымның икемділік коэфиценті, егер нарықтық баға белгілі бір
рпоцентке көтерілсе немесе төмендесе, ұыснылатын тауар санының қалай
өзгеретінін көрсетеді. Батыс елдернің тәжірбиесі ұсыным икемділігінің өсу
тенденциясын растайды, себебі бағаның өсуі өндіріс көлемінің біршама
көбеюін ынталандырады.
Ұсыныстың экономикалық теориясы.
Соңғы жылдарда сұраныстың экономикалық теориясы сынға ұшырауда. Бұған
қарсы балама теория ретінде (экономикалық саясат) ұсыныс теориясы, оның
басты белгілері:
1. Кейнстің доктринасынан бас тарту, яғни қысқа мерзімді экономикалық
тұрақтанудан орта мерзімге ауысу. Мұндай экономиканы қалыптастыру
дәл және тұрақты болуы мүмкін емес. Жетекші орында экономикаға
неоклассикалық басшылық басым болып, ретсіздік орын алады. Бірақ
бұл саясаттың соңғы қорытындысы әлі белгісіз.
2. Ұсынысты ұлғайту күш салады, алайда өндіру мүмкіндігі бар механизм
баяу әрекет етуде.
3. Салықты азайту: бұл еңбек пен қорлануды ынталандырады, соның
нәтижесінде өнім шығаруды көбейте алады, Бірақ соңғы бес жылда
салықты азайту көбіне ұсынысқа емес, жиынтық сұранысқа әсер етуде.
3.Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы. Тепе-теңдік баға.
Тауардың бәсекелестік сұраныс пен ұсыныстың әрекет ету механизмі
қалай жұмыс істейтінін және сұраныс пен ұсыныс тең болған деңгейде
нарықтық баға қалай орнайтынын байқайық.
Нарықтық баға мен оған сұранысқа ие санының арасында барлық
уақытта белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын,
онысатып алушылардың саны азаяды, яғни сұраныс деңгейі төмен болады
(табыстардың сол деңгейінде) және, керсінше, баға төмен болған сайын
сатып алушылардың саны мен сатылып алынған тауарлардың саны көп
болады.
Бұл баға мен сұраныс көлемінің арасындағы байланысты график
түрінде көрсетейік.
Егер абцисия нарықта сатып алынған таур саны ал кординатада баға
қозғалысын белгілесек, онда осындай нәтиже болады.
Q – қисығы экономикалық әдебиетте сұраныс қисығы деп аталады. Бұған
бағаны түсірсек, онда баға өзгергенде сұраныс көлемінің қалай өзгернін
көруге болады. Егер P бағада сұраныс көлемі Q болса, баға P дейін
төмендегенде сұраныс көлемі Q дейін өседі.
Пайда болған қисық сұраныстың біртіндеп азаю заңын бейнелеп
көрсетеді, ал ол заңды былай тұжырымдауға болады ; егер қайсыбір тауардың
бағасы өссе (ал басқа шарттары тұрақты болса), онда осы тауардың аз санына
сұраныс болады. Бұл тәуелдікті басқаша да тұжырымдауғаболады, егер нарыққа
қайсыбір тауардың үлкен тобы түссе, онда, тең шарттық жағдайда, ол онша
жоғары емес бағамен өткізілуімен мүмкін.
Сұраныстың біртіндеп азаюы заңының барлық тауарға қатысы бар. Оның
себептерін анықтау қиын емес: олар бәрінен бұрын сатып алушылардың
табыстарының шектеулілігіне байланысты. Егер жоғары бағалы тауарды тек бай
адамдар ғана сатып алса, бағаның төмендеуі, біріншіден, нарыққа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz