Сақтандыру туралы жалпы түсінік


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

Кіріспе

  1. Сақтандыру туралы жалпы түсінік
  2. Сақтандыру үрдісіне қатысу
  3. Сақтандыру түрлеріа) мүліктік

б) жеке

Қорытынды

Кіріспе

Біздің еліміздегі адамдардың көбісі сақтандырудың пайдалылығын түсіне бермейді. Естігеніміз бар және жобалап түсінігіміз де қалыптасқан, бірақ көп жағдайда өзімізді сақтандырмаймыз. Дегенмен, жоғарғы дамыған елдерде азаматтар бұл әрекетті өміріндегі маңызды орынға қоятынын ескеру керек. Олардың саналарында бұл қорғау құралының элементі сияқты, есіктегі кілттер, жаңбыр кезіндегі қолшатыр сияқты. Мәселе олардың сақтандыру қызметі дамығандығында және қамтуы ауқымдырақтығында емес. Мәселе өз қауіпсіздігі туралы қам жеуге үйренбеген біздің халықтың менталитетінде. Қайткенмен, бүгінгі күні мемлекетте сақтандыру дами түседі және азаматтардың тіршілік әрекетін тереңірек және көбірек қамтуда.
Қазақстанда бір қатар сақтандыру компаниялары сақтандыру бойынша қызметтері бар спектрін көбісін ұсынады.

Сақтандыру туралы жалпы түсінік

Сақтандыру - сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар. Сақтандыру ерікті және міндетті нысандарда жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы шартқа негізделеді. Ерікті сақтандырудың ортақ шарттарын және оның жүргізілу тәртібін айқындайтын ережелерін сақтандырушы дербес айқындайды. Міндетті сақтандыру заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Сақтандыру объектілеріне Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін мүліктік мүдделер жатады, олар: сақтанушының немесе сақтандырылған тұлғаның өмірімен, денсаулығымен, еңбек етуге қабілеттілігімен, зейнетақымен қамсыздандырылуымен байланысты мүдделер (жеке басты сақтандыру), мүлікті иеленумен, пайдаланумен, билеумен байланысты мүдделер (мүлікті сақтандыру), сақтанушының жеке адамға немесе жеке тұлғаның мүлкіне келтірген зиянын өтеумен байланысты мүдделері (жауапкершілікті сақтандыру) . Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін (қайта сақтандыру мен өзара сақтандырудан басқа) және ҚР резиденттері болып табылатын жеке тұлғалардың мүлкін тек цақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар ғана сақтандыра алады.

Сақтандырушы сақтандыру қызметін өз агенттері мен делдалдары арқылы жүзеге асырады. Сақтандырылатын болжалды оқиға сақтандыру тәуекелдігі (қатері) болып табылады. Сақтандыру тәуекелдігі ретінде қарастырылатын оқиғаның басталуында ықтималдық пен кездейсоқтық белгілер болуға тиіс. Ол белгілі болған жағдайда сақтандырылған тұлғаға, пайда алушыдан сақтандыру өтемі түрінде немесе сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандыруды қамсыздандыру түрінде сақтандыру төлемі төленеді. Сақтандыру шартында айқындалған немесе заңда белгіленген ақшалай сома сақтандыру сомасы деп аталады, осы соманың негізінде сақтандыру жарнасының немесе сақтандыру төлемінің мөлшері белгіленеді. Мүлікті сақтандыруда сақтандыру сомасы оның шарт жасасу сәтіндегі шын құнынан (сақтандыру құнынан) аспауға, ал сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандыру өтемі сақтанушының немесе үшінші бір тұлғаның сақтандырылған мүлкіне келтірілген тікелей зиянның мөлшерінен аспауға тиіс. Жеке адамды сақтандыруда сақтандыру сомасын сақтанушы сақтандырушымен келісе отырып белгілейді. Сақтанушы сақтандыру шартына немесе заңға сәйкес сақтандырушыға төлеуге міндетті сақтандыру төлемі сақтандыру жарнасы деп аталады. Сақтандыру жарнасының мөлшерлемесі сақтандыру тарифі болып табылады. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру тарифтері міндетті сақтандыру туралы заңдарда белгіленеді. Жеке адамды, мүлікті және жауапкершілікті сақтандырудың ерікті түрлері бойынша сақтандыру тарифтерін сақтандырушылар дербес есептейді. Сақтандыру тарифінің нақты мөлшері тараптардың келісуімен арнаулы шартта айқындалады.

Сақтандыру объектісін бір шарт бойынша бірнеше сақтандырушы бірлесіп сақтандыруы мүмкін (ортақ сақтандыру) . Бұл орайда шартта әрбір сақтандырушының құқықтары мен міндеттерін айқындайтын уағдалы шарттар баяндалуға тиіс. Сақтандырушы тәуекелдікті сақтандыруға қабылдай отырып, теңдестірілген сақтандыру қоржынын жасау және сақтандыру операцияларының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ол бойынша жауапкершіліктің бір бөлігін уағдаласылған шартпен басқа бір сақтандырушыға беруі мүмкін. Мұны қайта сақтандыру дейді. Қайта сақтандыруға қатысушы тиісінше “қайта сақтанушы” (сақтандырылған тәуекелдікті ішінара қайта сақтандыруға берген сақтандырушы) және “қайта сақтандырушы” (тәуекелдікті сақтандыруға қабылдаушы) деп аталады. Сақтандырушыларда төленген жарғылық капиталдың және сақтандыру сақтық қорларының болуы, қайта сақтандыру жүйесі сақтандырушылардың қаржы тұрақтылығының негізі болып табылады. сақтандыру сақтық қорлары жеке адамды, мүлікті және жауапкершілікті сақтандыру бойынша алынған сақтандыру жарналарынан құралады.

Қазақстан аумағында сақтандыру алғаш рет Кеңес өкіметі орнағаннан кейін енгізілді. Бұл кезеңде сақтандыру мемлекеттік іске айналды. Сақтандыруды ұйымдастыру мен жүргізудің жаңа нысаны Халкомкеңестің “Мемлекеттік мүлікті сақтандыру туралы” 1921 жылы 6 қазандағы декретімен жүзеге асырылды. Қазақстанда 1926 жылы мемлекеттік сақтандыру ауыл-селода есепке алынған барлық шаруашылықтардың 34%-ын қамтыды. 1929 жылы КСРО ОАК пен Халкомкеңесінің қаулысына сәйкес мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін ерікті сақтандыру міндетті сақтандырумен ауыстырылды, мұның өзі қоғамдастырылған сектордың мүлкін сақтандыруды арзандатып, кеңейтуге және оңайлатуға мүмкіндік берді. Сақтандыру ұжымшарлардың ұйымдық-шаруашылық жағынан нығаюына септігін тигізді. 1930 - 40 жылдары мемлекеттік сақтандыру ісінде елеулі өзгерістер болды. КСРО Халкомкеңесінің 1930 жылғы 6 қазандағы қаулысымен өмірді жеке сақтандырудың ұзақ мерзімді түрлері жойылды. Соғыс жылдары сақтандыру қоры есебінен майдан мұқтажына республика бойынша 677, 9 млн. мөлшерінде қаражат тартылды. Соғыстан кейінгі жылдар мемлекеттік сақтандырудың барлық түрлерінің тұрақты өсуімен сипатталады.

Қазақстанда мемлекеттік сақтандыру органдары КСР Министрлер Кеңесінің “Қазақ КСР-індегі мемлекеттік сақтандыру органдары туралы” 1982 жылғы қаулысымен бекітілген ережені басшылыққа алады. Сақтандыру органдарын 1987 жылға дейін Қазақ КСР-і Мемсақтандыру Бас басқармасы, ал 1987 - 91 жылы Қазақ КСР-і Мемсақтандыру басқармасы басқарды. Кеңес Одағы ыдырап, еліміздің егемендік алуына, сондай-ақ экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты бұл басқарма республиканың Министрлер Кеңесінің 1991 жылғы 7 мамырдағы ғ289 қаулысымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясы басқармасы болып қайта құрылды. Оның құрылымында 297 бас инспекция және 116 телімдік инспекция жұмыс істеді. КСРО Мемсақтандыру ыдырағаннан кейінгі кезеңде Қазақстанда сақтандыру қызметін реформалау ісі қолға алынды. Сөйтіп, 90-жылдардың басында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің жанынан сақтандыру қадағалауы ұйымдастырылды. 1998 жылы бұл қадағалау Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне берілді. Республикада сақтандыру ұйымдарының қаржы жөнінен тұрақты болуына қойылатын талаптарды, сақтандырудың жаңа заңдарын қалыптастыру, сақтандыру нарығының анықтығын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. 2000 жылы ҚР Ұлттық банкі Сақтандыруды қадағалау органдарының халықаралық қауымдастығына (ІАІС) толық құқылы мүше болып кірді. Сақтандыру ұйымдарының есебі мен қаржы есептілігінің жаңа стандарттары енгізілді, ІАІС ұсыныстарына сәйкес сақтандыру нарығын ұйымдастырудың жаңа қағидалары мен стандарттары әзірленді. 2000 жылы Қазақстан Республикасында 42 сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы болды, оның ішінде төрт ұйымға шетелдік сақтандыру компаниясы қатысады. Республикада сақтандыру ұйымдарының 300-ден астам бөлімшесі мен өкілдіктері жұмыс істейді. Сақтандыру агенттерінің тармақталған желісі бар. 2000 жылы сақтандыру ұйымдарының төленген жарғылық капиталының жиынтық мөлшері 3, 8 млрд. теңгеге жуық болды. Қазіргі кезде (2004) сақтандыру төлемдері 4, 2 млрд. теңгені құрайды, мұның өзі жалпы сақтандыру сыйақысының 14%-ы.

Акционерлік сақтандыру қоғамы -сақтандыру компаниялардың өмір сүруінің басты нысандарының бірі. Акционерлік қоғамның капиталы үлескердің капиталдарынан акционерлік қоғаммен бағалы қағаздарды - акцияларды сату жолымен құрылады.

Сақтандыру жарнасы - сақтандырушыға сақтандырылғанның өмірінде белгілі бір оқиға болған жағдайда сақтандыру сомасын төлеуге немесе сақтандырылғанның мүлігіне келтірілген материалдық зияндың орынын толтыру бойынша өзіне артқан орындау үшін сақтандырушы төлейтін ақша сомасы (сақтандыру үшін төлем) . Сақтандыру жарнасы бір реттік түрде және кезеңдеп төлене алады. Сақтандыру жарнасы сақтандыру тарифімен сәйкес анықталады.

Сақтандырушылық орнын толтыру - сақтандыру жағдайы болған кезде мүліктің зақымдалуы немесе өлім кезінде сақтандыру төлемінің жалпы белгілі атауы; азматтық жауапкершілікті сақтандырудағы үшінші тұлғалар алдындағы материалдық зиян немесе мүліктік сақтандырудағы зияннын орнын толтыру үшін сақтандыру қорынан төлем сомасы. Жеке сақтандырумен байланысты сақтандыру оқиғасы кезінде сақтандыру соммасы сақтандырушылық қамтамасыз ету ретінде жүзеге асырылады.

Пайда алушы - сақтанушымен өз өлімі жағдайында жеке сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру сомасын алушы (мұрагер) ретінде тағайындалатын тұлға.

Сақтандыру келісімшарты -берілген сақтандыру түрінің шарттарымен сәйкес өзара міндеттемелерін реттейтін сақтанушы мен сақтандырушының арасында келісім (заңды мәмле) .

Сақтандыру объектісі - мүлік, өмір, тәуекел және сақтандыру мүдделерімен байланысты басқа да объектілер: жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделері, сондай-ақ жеке тұлғалардың жеке мүліктік емес мүдделері.

Сақтандыру тәуекелі - сақтандыру жүзеге асыратына мүмкін жағдай немесе жағдайлардың жиынтығы (жеке, мүліктік, жауапкершілікті сақтандыру) .

Мүліктік сақтандыру - сақтанушының - жеке немесе заңды тұлғаның иелігінде, пайдалануында, қармағында болатын мүлік сақтандыру объектісі болып табылатын сақтандыру саласы.

Жеке сақтандыру - азаматтардың еңбекке қабілеттігі, өмірі және денсаулығы сақтандыру объектісі болып табылатын сақтанадыру саласы.

Сақтандыру үдірісіне қатысу

Сақтандыру үдерісінде бірнеше қатысушылар өзара әрекеттеседі:
Біріншіден бұл сақтандырушылар - сақтандыру келісімшартында айтылған тәуекелдерді өз мойнына алатын компаниялар. Сақтандыру келісімшарты сақтандыру компаниямен сақтандырушы арасында жасалады.

Сақтандырушы:

  • Сақтандыру тәуекелін бағалау, яғни жағымсыз жағдайдың келуінің мүмкіндігі;
  • Сақтандыру жарналарынан қалыптасатын активтерді инвестициялау;
  • Сақтандыру оқиғасы келгеннің нәтижесінде келтірілген зиянның және шығындардың көлемін анықтау бойынша жұмысты атқарады. Екіншіден, сақтандыру жарнасын салатын және өз тәуекелдерін сақтандырутын жеке немесе заңды тұлғалар. Сақтандырушыда сақтандыру қызығушылығы болуы керек, яғни жоғалтудың пайдалы болмайтын құндылығының болуы керек.

Сақтандыру жағдай болған жағдайда орнын толтыруды алатын субъект пайда алушы деп аталады. Әдетте, пайда алушы сақтандырушының өзі болып табылады. Бірақ кейде, мысалға өмірді сақтандырғанда, пайда алушы ретінде отбасы мүшелері болуы мүмкін.

Түрлерге бөлудің белгілері сақтанушылардың категорияларын, сақтандыру жауапкершілігінің көлемін және заңнамалық тәртіпте орнатылған сақтандырудың ұйымындастыруын ескере сақтандыру объектілеріндегі айырмашылықтар болып табылады.

Сақтандыру түрлері

Одан басқа, екі нысанға бөлінеді - міндетті және ерікті. Міндетті сақтандыру - заңның күшімен жүзеге асырылатын сақтандыру, ерікті - тараптардың қызығушылық танытқанның күшімен жасалынады. Сақтандыру сақтандыру объектісі бойынша екі салаға бөлінеді:

  • мүліктік;
  • жеке.
  1. Мүліктік сақтандыру

Мүліктік сақтандыруды тағайындау түрлі мүлікке апат жағдайлармен және басқа да кездейсоқ жағдайлармен келтірілген зиянның орнын толтырудан тұрады. Демек, сақтандыру объектісі болып әртүрлі құндылықтар және онымен байланысты мүдделер болып шығады.

Мүліктік сақтандыру сақтандырушылардың категориясымен байланысты төменгі салаларға бөлінеді:

  • ауылшаруашылық кәсіпорындардың мүлігін сақтандыру;
  • жеке, кооперативтік және қоғамдық ұйымдардың;
  • мемлекеттік меншікті; ;
  • халықтың мүлігін.

Азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандырған кезде басқа тұлғалардың мүлігіне, денсаулығына, өміріне, сондай-ақ келісімшарттардан және басқа да негіздерден пайда болатын міндеттемелер бойынша жауапкершіліктен зиян келтірілген салдарынан пайда болатын міндеттемелер бойынша жауапкершіліктің тәуекелі сақтандырылады.

Сақтандырылған мүліктің түрінен немесе тобынан қарағанда мынадай сақтандыру түрлері бөлініп шығады:

  • ауылшаруашылық мәдениеттердiң, малдардың, құрылыстардың сақтандыруы;
  • мемлекеттік, жеке, кооперативтік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың мүлігі, үй мүлігі;
  • көлік құралдарын, дербес қонақа үйлерін;
  • қаржылық тәуекелдерді (соның ішінде банктік операцияларды, бағалы қағаздар нарығындағы операциялар) ;
  • жүктерді;
  • мұнай операцияларды (мұнайды барлау, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша) және т. б.

Мүліктік сақтандыруда міндетті нысанда көліктердің барлық түрлерінде тасымалдауды жасаған кезде жолаушылардың алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілік және автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылады. 1996 жылдан бастап ауылшаруашылықтық өндірістің міндетті сақтандырылуы қалпына келтірілген: көпжылдық отырғызулар, ауылшаруашылық жануарларды, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, ауыл шаруашылықтың тауарларын және өнімдерін қолайсыз табиғи-климаттық шарттардан, эпозотийлерден және басқа дүлей апаттардан.

Жеке сақтандыру - жеке тұлғаның өмірін, денсаулығын және тұлғаның басқа да қасиеттін қозғайтын, сондай-ақ үшін тұлғалардың мүдесін сақтандыру. Жеке сақтандыруды тағайындау азаматтарға олардың өмірлерінде белгілі бір жағдай келген кезде айтылып қойылған ақшалай соманы төлеуде болады. Ол мынадай төмінгі салаларды қамтиды: өмірді, денсаулықты, еңбекке қабілеттілікті және басқа да адаммен байланысты мүдделерді сақтандыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы жүйесі туралы жалпы түсінік
Ұлттық рынок сақтандыру рыногында
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне талдау
Экологиялық сақтандыру
Мемлекетте медициналық қызмет көрсету жағдайы
Сақтандыру нарығының мәні мен шығу тарихы
Депозит және депозиттік салымдарды кепілдендіру туралы түсінік
Қуық жүйесі
Өндірістегі кәсіптік аурулардан және жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру
Терминалды жағдайлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz