Қазақстандағы депозиттік нарықтың дамуын коммерциялық банктің депозиттік қызметі негізінде талдау



ЖОСПАР
КІРІСПЕ

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР
1.1 Коммерциялық банктің ресурстары және оларды қалыптастыру көздері
1.2 Коммерциялық банктің депозиттік саясаты

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫҢ ДАМУЫН КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ДЕПОЗИТТІК ҚЫЗМЕТІ НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң депозиттерi мен оның құрылымы талдау
2.2 Банктің депозиттік салымдар құрылымын талдау

3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ...
3.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесін қалыптастыру
3.2 Депозиттік операцияларды жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Коммерциялық банктің ресурстары және оларды қалыптастыру көздері ... .5
1.2 Коммерциялық банктің депозиттік саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫҢ ДАМУЫН КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ДЕПОЗИТТІК ҚЫЗМЕТІ НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң депозиттерi мен оның құрылымы талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2 Банктің депозиттік салымдар құрылымын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
3.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
3.2 Депозиттік операцияларды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 6
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамыз мен мемлекетіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саясаи және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық",- деп Елбасымыз Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да көзімізді жеткізді. 1
Еліміздің 2030 жылға дейінгі Дамуының стратегиясы - қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекеттің мақсат-мұраты баян етілді.
Бүгін толық жауапкершілікпен былай деп мәлімдеуімізге болады: "Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтті, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басты!"
Өткен жылы біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл - біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыз және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту.
Президентіміздің өткен жылғы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: "Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те. Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жекеменшік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті", - деп экономикамыздың барлық салаларын дамытуға мүмкіндігіміз бар деп пайымдаған еді. 2
Экономикамыздың дамуына үлкен өзіндік үлесін қосып жатқан Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметтерінің дамып, халықаралық стандарттарға сай болып жатқандығын айта аламыз.
Екінші деңгейлі банктердің, яғни коммерциялық банктердің пассивті операциялары негізінде салымдар түрінде кәсіпорынның, ұйымдардың, басқа банктердің, халықтың уақытша бос қаражаттарын тартуға мүмкіндігі бар. Бұл салымдардың негізгі түрлерінің бірі - депозиттер болып табылады.
Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақты дамуы бірінші кезекте ұзақ мерзімді қайта құрудан өткен банктік мекемелердің дамуынан көрініс табады. Осыған байланысты еліміздің депозит нарығының соңғы жылдардағы даму қарқыны банктердегі салымдар көлемінің ұлғаюынан және халықтың банк жүйесіне деген сенімділігінің артуынан байқалады.
Профессор Сейітқасымов Ғ.С.: "Банктік депозиттік нарықтың дамуындағы жетістіктер 1994 жылдың аяғынан бастап байқала бастады, себебі осы кезден бастап депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер тиімді болды. Банктерді депозиттік саясатын белсендіруге мәжбүрлеген бірқатар себептер бар. Бұл себептерді коньюктуралық деуімізге болады, себебі олар белгілі уақыт ішінде маңызды болады және белгілі жағдайлардың өзгеруіне байланысты көкейтестілігін жоғалтады",- деп өзінің бағасын берді 3.
Банктердегі жеке тұлғалар шоты бойынша банктік құпия туралы заңды актілерді қабылдау және жеке тұлғалардың мерзімді депозиттерін кепілдендіру жүйесі жүзеге асқаннан бері халықтың бос ақшаларын тартуда экономикамызда оңтайлы шаралар жүргізілуде. Халық салымдарын сақтандыру жүйесі Қазақстан Республикасында банк саласындағы ең маңызды жетістіктердің бірі, өйткені басқа ТМД елдерінде мұндай жүйе жоқ.
Сондықтан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банк жүйесінің тұрақтылығын сақтауда және банк мекемелеріне деген халық сенімділігін арттыруда өзінің негізгі міндеттерін оңтайлы орындауда.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты - коммерциялық банктердің пассивті операцияларының ішіндегі ең ауқымдысы - депозиттік операциялардың жағдайына талдау жүргізіп, оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды беру.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
банктің негізгі функциялары мен операцияларын қарастырып, коммерциялық банктің пассивтік операцияларының негізі ретінде депозиттік операцияларды қалыптастыру ерекшеліктерін ашу;
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттік салымдарынның динамикасына және Тұран Әлем Банкі АҚ мысалында банктің депозиттік қызметіне талдау жүргізу;
коммерциялық банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін депозиттік операцияларды тиімді жүргізудің кейбір жолдарын ұсыну.
Зерттеу обьектісі болып - коммерциялық банктің депозиттік операциясы.
Зерртеу пәні- ҚР-ның депозиттік нарығының дамуы мен қалыптасуы және депозиттік операцияларды жүзеге асыру процесінде пайда болатын экономикалық және ұйымдық қатынастардың жүйесі.
Курстық жұмыстың бірінші тарауында коммерциялық банктердің қаржы ресурстары және оны қалыптастырудың көздері анықталған, коммерциялық банктегі пассивтік операциясының ішінде депозиттік операцияның мәні ашылған.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттік салымдарынның динамикасына және Тұран Әлем Банкі АҚ мысалында банктің депозиттік қызметіне талдау жүргізілген.
Үшінші тарауда банктегі депозиттік операцияларын дамытудың кейбір жолдары және пайда болатын өзекті мәселелерді шешу қарастырылған.
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР

Коммерциялық банктердегі пассивті операцияларын жүргізу нәтижесінде банк ресурстары құрылады. Пассивті операциялардың негізі депозиттік операциялар болып табылады. Депозиттік саясат коммерциялық банктердің маңызды саласы болғандықтан, бұл тарауда коммерциялық банктердің жалпы түсініктерін, оның функцияларын, банк ресустары мен қалыптасу көздерін қарастырамыз.

1.1 Коммерциялық банктің ресурстары және оларды қалыптастыру көздері

Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің құрылуы және қызмет етуі Қазақстан Республикасының " ҚР-ғы Банк және банктік қызмет " туралы заңға негізделген. Банк - жоғарыда көрсетілген заңға сәйкес банктік қызметті жүзеге асыра алаты, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсеклестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы" Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
ақылы негізде депозиттерді тарту
клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету
қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жек тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру
инвестицияланатын қаражаттар иелерініңнемесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру
заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді)
төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу
ақшалай нысанда орындпуды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндеттемелерді беру
тауар тасымалын талап ету құқығын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу
банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету
клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер
коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг)
клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды
банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету
лизингтік операцияларды жүзеге асыру
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:
уақытша бос ақша қаражаттарын тарту және оны капиталға айналдыру
кәсіпорындарды, мемлекетті және халықты несиелендіру
шаруашылықтағы төлемдер мен есептерді жүзеге асыру
эмиссиялық-құрылтай функциясы
кеңес беру, экономикалық және қаржылық ақпаратпен қамтамасыз ету
Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту және капиталға айналдыру функциясын жүзеге асыру барысында, банктер ақшалай табыстар мен жинақтарды салымдар түрінде тартады. Тартылған қаражатты банк мемлекетті, заңды және жеке тұлғаларды несиелендіру үшін қолданады. Банктің бір функциясы есеп-төлем механизмі болып табылады. Төлемдерді өтеу үшін банк өз клиенттері үшін есеп және төлемдерге байланысты опеоацияларды жүзеге асырушы делдал ретінде болады. Коммерциялық банктердің эмиссиялық-құрылтай функциясы бағалы қағаздарды шығарып және орналастыру арқылы жүзеге асырады. Экономикалық жағдайды әрдайым бақылап тұруға мүмкіндігі бар коммерциялық банктер өз клиенттеріне кеңес беру қызметін көрсетеді.
Банктің жүргізетін операциясының экономикалық негізі ақша қаражаттарының қозғалысы құрайды. Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктердің барлық операцияларын негізгі 3 топқа бөлуге болады:
пассивті операциялар (банкке ақша қаражаттарын тарту және ресурстарын қалыптастыру бойынша операциялар)
активті операциялар (банк ресурстарын орналастыру)
активті-пассивті операциялар (белгілі төлемдеоді төлеп, клиенттің банкке тапсырысы бойынша комиссиондық операциялары)
Коммерциялық банктер, басқа да шаруашылық субьектілер сияқты, өзінің коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін белгілі ақша қаражат сомасын, яғни ресурстарды иемденуі қажет. Экономиканың қазіргі замандағы даму жағдайында ресурстардың қалыптасуы маңыздылығы бойынша бірінші кезекте. Бұл нарықтық экономикаға өтумен, банктік іске мемлекеттік монополияның жойылуымен, екі деңгейлі банктік жүйенің қалыптасуымен байланысты банк ресурстарының белгілі өзгерістерге ұшырауымен байланысты.
Коммерциялық банктердің активті операциялары: өндірістік, сауда және басқа кәсіпорындарды несиелендіру; халыққа ссуда беру; валютамен, асыл тастармен және бағалы қағаздармен операциялар.
Коммерциялық банктің пассивті операциялары: қызмет көрсетумен клиенттердің ақша қаражаттарын тарту; қызмет көрсетпей клиенттердің ақша қаражаттарын тарту; басқа көздерден ақша қаражаттарын тарту.
Активті- пассивті операциялары (делдалдық операциялар): клиенттердің тапсырмасы бойынша есеп операциялары; клиенттерге кассалық қызмет көрсету.
Сонымен қатар, банк қызметінің масштабтары ресурстар көлемінің жиынтығына байланысты. Банктік ресурстар активті операцияларды жүзеге асыру үшін қолданатын өз иелігінде бар меншікті және тартылған ақша құралдар жиынтығын құрайды.
Банктің меншікті ресурсына банктік капитал және оған теңестірілген баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен көлемі айырықша қасиетті иемденеді, олар басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдардан ерекше, себебі банк меншікті капиталынан 10%-дан кем емес ақша құралдарына жалпы қажеттілігін жабады. Мемлекет банктер үшін меншікті және тартылған қаражат арасында белгілі минималды шекті бекітеді. Бірақ, Қазақстанда мұндай шек бекітілмеген.
Банктің меншікті ресурстарының мәні ең біріншіден, оның тұрақтылығын қолдау үшін. Банктің алғашқы даму кезінде меншікті қаражат бірінші шығындарды, яғни банк өз қызметін онсыз жүзеге асыра алмайтын шығындарға (жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақы) жұмсайды. Меншікті капитал есебінен банк аса қажетті резервтерді қалыптастырады. Сонымен, меншікті ресурстар ұзақ мерзімді активтерге салымдардың басты қайнар көзі болып табылады.
Тартылған қаражаттар банктің активті операцияларын жүзеге асыру үшін ақша қажеттіліктеріне, әсіресе несиелеудің 90%-ын жабады. Олардың маңызы өте зор. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын тарту арқылы коммерциялық банктер халық шаруашылығының қажетті айналым құралдарына қажеттілігін қамтамасыз етеді, ақшаны капиталға айналдырады, халықты тұтынушылық несиемен қамтамасыз етеді.
Меншікті және тартылған ресурстар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің корреспонденттік шотында тіркеледі. Бұл активті шот, сондықтан ресурстар осы шоттың дебетінде, ал салынған құралдар бұл шоттың кредитінде көрініс табады.
Осылайша, дебеттік сальдо көлемі банктің бос резерв көлемін айқындайды. Бос резерв көлемі қаншалықты үлкен болса, сол дәрежеде банк тұрақты деп есептеледі, бірақ соншалықты аз табыс алады. Керісінше, егер банктің бос резерв көлемі неғұрлым аз болса, соғұрлым банк көп табысқа ие болады, бірақ тұрақтылық деңгейі төмен болады. Сондықтан, кез келген корреспонденттік шоттағы ресурстар қалдығын оңтайландыруға талпынады.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, банктің меншікті ресурстары ең алдымен банк тұрақтылығын айқындайды.
Әлемдік банктік тәжірибеде барлық тартылған ресурстар аккумуляция жолымен келксідей топтастырылады:
депозиттер
депозиттік емес тартылған ресурстар
Коммерциялық банктердің тартылған ресурстардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды, яғни заңды және жеке тұлғалардың банкке салған ақша қаражаттары және олардың банк заңы бойынша және шот жүйесі бойынша қолданылуы.
Депозиттік емес тартылған ресурстар - бұл банктің ақша нарығында меншікті қарыз міндеттемелерін сату жолымен немесе банк қарыз түрінде алатын ресурстары. Депозиттік емес көздердің депозиттерден ерекшелігі, біріншіден персоналды қасиеті, яғни нақты клиенттің салымы емес, ол нарықта бәсекелестік негізде пайда болады, ал екіншіден бұл ресурстарды тарту инициативасы банктің өзінен шығады. Депозиттік емес тартылған ресурстарды көбінесе ірі банктер қолданады. Депозиттік емес ресурстар ірі сомаларда пайда болады және олар көтерме қасиетін иемденеді.
Ресурстарды тартудың депозиттік емес көздеріне банкаралық нарықта қарыз алу, бағалы қағаздарды сату және қайта сатып алу келісімі, вексель есебі және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде ссуда алу, банктік акцепті сату, коммерциялық қағаздарды шығару, евродоллар нарығында қарыз алу, капиталды нота және облигацияларды шығару жатады.
Қазақстандық банктер аталған көздердің банкаралық несиелерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық банк несиелерін қолданады. Банкаралық несие нарығында Қазақстан Республикасының корреспонденттік шотындағы ақша қаражаттары сатылады және сатып алынады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банк несиелері қазіргі уақытта коммерциялық банктерге көбінесе қаржыландыру тәтібінде ұсынылады, орталықтандырылған несиелердің тек 10%-ы банктерге конкурс негізінде сатылады.
Банкаралық несие нарығы 3 сегментке бөлінеді:
үш айлық несие
бір-екі айлық несие
"қысқа ақшалар" (ең қысқа мерзімді ссудалар, 1-2 күн)
Тартылған ресурс рөлі банк үшін өте маңызды, соның ішінде депозиттердің орны ерекше.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау - коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал - банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай жaғдайлармен түсiндiрiледi - бiрiншiден, банктер қаржылық нapықтapдa қаржы делдалы ретiнде басқа кәсiпорындардың, мекемелердiң және халықтың yaқытшa бос каражат - тар сомасын депозит түрiнде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиiмдi басқарады, сондай-ақ олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi және пайдалық негiзде қарызды қарыз алушыға ұсынaды. Екiншiден, депозиттердi мемлекеттiк caқ - тандыру жүйесi болады, бұл салымдарды жаппай кepi алу қayiптiгiн төмендетедi. Үшiншiден, банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсiпорындардың материалдық обьектiле - рiнде орналастырған активтерiне қарaғанда қондырғы ғима - раты ыңғайлы, өтiмдi және нарықта оңай өткiзiледi.
Депозиттердiң қалыптасуы және құралуы тiптен пайда болуы несиеге және несиелiк қатынастарға негiзделедi. Олай болу себебi банктiк есеп шот ашылып, онда ақшалай қаражат түрiнде салымдардың пайда болып, депозиттiң құралуы бiр жағынан коммерциялық банктер үшiн клиенттерi алдында мiндеттемелер туғызады, ал клиенттердiң немесе салымшылардың сол депозитке қатысты банктерге деген мүлiктiк талап ету құқығын туғызады. Себебi, депозитке айналған банктiк емес шоттарда жатқан ақшалай қаражаттарға деген қаражаттарды уақытша пайдалану құқығы өзгергенмен меншiк құқығы өзгермейдi. Сондықтан кейбiр ғалымдар Соколов А.А., Козлов Г.А., Панкус Ю.В. депозиттiк ақшалар - несиелiк ақшалардың дербес түpi деп қарастыра келiп, банктiк салымдардың негiзiнде пайда болатындығын дәлелдейдi. Себебi банктен ашылған шоттардағы
ақшалай қаражаттар клиент пен банктiң арасындағы мүлiктiк
қатынастармен өзара мүлiктiк жауапкершiлiктердiң пайда болуының
негiзгi көзi 12,17 б., 13,56 б., 14, 52 б..
Сондықтан депозиттер мен депозиттiк операциялардың экономикалық мәнiн, мазмұнын өзара мүлiктiк жауапкершiлiктерге негiзделген несиелiк қатынастардан iздеу керек. Мұндай ғылыми iзденic тек қана депозиттер мен несиелiк ресурстарды қатар қоя отырып, зерттеп талдаған кезде ғана бiздiң ойымызша нақты ғылыми нәтижелерiн бере алады.
Ал бұл өз кезегiнде коммерциялық банктердiң депозиттiк және несиелiк портфелiн бipтұтac басқару объектiсi ретiнде қарастырса, банк менеджментiнiң тиiмдiлiгiн арттырары сөзсiз. Себебi банктiң қаржылық орнықтылығы және өтiмдiлiгi осындай бipтұтac басқарудың нәтижесiнде қамтамасыз етiледi.
Қазiргi банктiк тәжiрибеде салымдардың, депозиттердiң және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердiң жоғарғы бәсекелестiк нapықтa банк қызметтерiне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктiк шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Осындай жағдайда, коммерциялық банктердiң активтiк операцияларын қаржыландырудың басты көзi ретiнде пайда - ланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерция - лық банктерден депозиттiк саясатты белсендi түрде жүргiзе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттiк операцияларды ұйымдастыру барысында коммер - циялық банктер баланс өтiмдiлiгiн сақтай отырып, мынадай та - лаптарды ескеруі тиіс:
депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
депозиттiк операциялар банк пайдасын ұлғайтуға неме - се болашақта пайда алу үшiн жұмыс жасауға тиiс;
депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзiмдi депозиттер мен мерзiмдi салымдардың көбiрек тар - тылуына көңіл бөлу;
салым иелерiнiң санын өcipy мақсатында, депозиттiк опе - рациялар түрлерiн ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетiп, жеңiлдiктер жасауға
тиiс 16, 81б..
Жоғарыда айтылғандарды жинақты түрде көрсету үшін депозиттердің сыныптамасын кесте түрінде көрсетуге болады (1-кесте), (Қосымша А).

Кесте 1
Салым түрлерiнiң жiктелуi

Жiктелу белгiлері
Салым түрлерi
1
2
субъектiлер бойынша
жеке тұлғалардың депозиттерi
заңды тұлғалардың депозиттерi

мерзiмi бойынша (өтiмдiлiгi)
талап етiлгенге дейiн
мерзімдi, соның iшiнде:
тiркелген мерзiммен;
өтеу үшiн белгiленген мерзiм;
депозиттiк келiсiмнiң тоқтатылуы
туралы хабар
мерзiмi бойынша
қысқа мерзiмдi
ұзақ мерзiмдi
шотты алу түрі бойынша
шоттағы салымдар: талап етiлгенге дейiн, мерзiмдi, жинақ ақша.
депозитке ақша қаражатты тартуда қызмет көрсететін қаржылық құралдар типi бойынша
жинақ кiтапшалы салымдар
депозиттiк пластикалық карталы салымдар
белгiлi пайыздық ставканың түрлерi бойынша
тұрақты, сатылы және өзгермелi пайыздық ставкалы салымдар
салымғa тартылған қapaжaттардың шарты бойынша
cтaндapтты, ерекше немесе жеңiлдетiлген шарттармен
пайыздық ставканы немесе сомманы шектеу мүмкiндiгi бойынша
лимиттелiнген
лимиттелiнбеген
сақтандырылу деңгейi бойынша
сақтандырылған
сақтандырылмаған
қолдану режимi бойынша
талап еткенге дейiн: мерзiмдi және трансакциялық салымдар
қымбаттау дәрежесi бойынша
тeгiн (есеп айрысу, ағымдағы шоттар);
ақылы (депозиттiк шоттар);
қымбат (банкаралық несие)
* Ескертпе - дерек көзі: Бохаев Д.Т. Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер

Қорыта келе мына тұжырымға сүйенеміз: қазiргi банктiк тәжiрибеде салымдардың, депозиттердiң және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердiң жоғарғы бәсекелестiк нapықтa банк қызметтерiне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктiк шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

1.2 Коммерциялық банктің депозиттік саясаты

Коммерциялық банктер өз қызметіне ресурстарды тарту мақсатымен депозиттік стратегиясын құру өте маңызды, депозиттік саясат старатегиясын коммерциялық банктер банктік өтімділікті сақтап және максималды табыс алу үшін жарғыда бекітілген мақсаттар мен тапсырмаларға сүйене отырып қалыптастырады. Депозиттік саясат ең біріншіден келесі талаптарға сай болуы керек
экономикалық бағыт;
бәсекелестік;
ішкі қарама-қайшылықсыз.
Экономикалық бағыт дегенде тартылған ресурстарды қолданудың рентабельдігі. Бұл мәселе, әрине, активті-пассивті басқарудың жалпы контекстінде қарастырылуы қажет. Жеке тұлғалардың депозиттік ресурстарын тартудың нәтижеләгән есептеу кезінде олармен байланысты шығындарды да ескергенжөн, оның ішінде - резервтік аударымдар, сонымен қатар олардың өтімділігінің анықталмаған дәрежесін, және табысты.
Салымдар бойынша мөлшерлеме жүйесі нарықтық коньюктураға сай болуы керек, себебі, мөлшерлемені төменгі деңгейде ұстайтын банк, бәсекелес банктеріне қарағанда, клиентурасының біршама бөлігін жоғалту тәуекелі бар.
Депозиттік саясаттың ішкі қарама-қайшылықсыз талабын бірнеше салаларда қарастыруға болады. Ол депозиттік мөлшерлеменің уақытша құрылымы, олардың сомалар бойынша сол банктің басқа да салыстырмалы салымдар түрлері бойынша (сертификаттар, вексель және т.б.) және клиенттердің түрлі санаттары (мысалы, жеке және заңды тұлғалар үшін) дифференциациясы. Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының маңыздылығын қарастыра отырып, депозиттік саясаттың субьектілерін, обьектілерін, оның қалыптасу принциптерін және депозиттік саясаттың шекараларын қарастырып өткен жөн деп ойлаймыз.
Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының субьектілер құрамына банк клиенттері, коммерциялық банктер және мемлекеттік мекемелер кіреді. Депозиттік саясат обьектілері болып банктің тартылған қаражаттары және банктің толықтырылған клиенттері (кешенді қызмет көрсету) саналады.
Коммерциялық банк депозиттік саясатын қалыптастыру негізінде жалпы және өзіндік ерекшелігі бар принциптер пайда болады, ол 5 суретте айқын көрсетілген.
Депозиттік саясаттың жалпы принциптері негізінде макроэкономикалық деңгейдегі ҚР ҰБ-ның жүргізетін мемлекеттік ақша-несие саясаты және әрбір нақты коммерциялық банктің жүргізетін саясатының принциптері түсіндіріледі. Оларға кешенді тәсілдер, ғылыми дәлелденген, оптималды және нәтижелі, сонымен қатар банк депозиттік саясаттың барлық элементтерінің біртұтастық принциптерін жатқызуға болады. Кешенді тәсіл банктің стратегиялық даму тарапынан банктің депозиттік саясатының приоритетті бағыттарының теориялық негізінде орын алумен қатар, оны жүзеге асырудың тактикалық тәсілдері мен әдістерінің аса нәтижелі жолдарын анықтау маңызды орын алады.
Депозиттік саясатының өзіндік ерекшелігі бар принциптеріне банк шығындарының оптималды деңгейін қамтамасыз ету, депозиттік операцияларды жүргізудің қауіпсіздік және сенімділік принциптері жатқызылады, себебі банк уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру кезінде, өзіне табысты кез-келген жолмен алуды көздемейді, ал өз қызметін жүзеге асыратын нарықтың нақты мүмкіндіктерін ескере отырып табыс алғанды жөн көреді.
Жоғарыда көрсетілген принциптерді ескеру банкке депозиттік процесті ұйымдастырудың стратегиялық және тактикалық бағыттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар оның депозиттік саясатының нәтижелігін қамтамасыз етеді.
Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының қалыптасу принциптерін келесі кестеден көруге болады.

Кесте 2
Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының қалыптасу принциптері
Жалпы
Спецификалық
Ғылыми дәлелдену принципі
Шығындардың оңтайлы деңейін қамтамасыз ету принципі
Оңтайлық және нәтижелік принципі
Банк операциясының қауіпсіздік принципі
Кешенділік принципі
Сенімділікті қамтамасыз ету принципі
Депозиттік саясат элементтерінің біртұтастылық принципі

Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының депозиттік шекаралары маңызды болып табылады, оны жеке және заңды тұлғалардың бос ақша қаражаттарын шоғырландырудағы нақты шекаралары деп түсіндіреміз. Сондықтан, аталған шекаралар келесі түрлері бойынша нысандары көрсетіледі:
депозит нарығындағы ұсыныс пен сұранысқа тәуелді (экономикалық шекара);
ҚР ҰБ нормативтері мен банк лимиттері (әкімшілік шекара);
депозиттік қатынас субьектілеріне тәуелді (сыртқы және ішкі шекара);
депозиттік қатынастың жеделдігіне тәуелді (уақытша шекара);
географиялық принципке тәуелді (территориялы шекара);
тартылған қаражаттың құрылымы мен обьектілеріне тәуелді (сапалы және сандық шекара).
Сонымен қатар, банктің депозиттік саясаттың құрылуына әсер ететін факторларға жататындар:
клиенттер жағынан (географиялық жағдайлар; әлеуметтік топтардың ерекшелігі; салымшының жасы; табыс деңгейі; сақтандыру жүйесінің даму деңгейі; зейнетақымен қамтамасыз ету);
банк тарамағынан (бәсекелестік деңгейі; тәуекелділікті диверсификациялау; банк қызметкерлерінің біліктілік деңгейі; клиент үшін барлығы саясаты; қызмет көрсету саясатын жоғарлату; банктік қызметтер спектр)

географиялық жағдайы
әлеуметтік топтардың ерекшелігі
салымшының жасы
табыс деңгейі

Сақтандыру жүйесінің даму деңгейі
Зейнетақымен қамтамасыз ету

Клиенттер жағынан

Банктің депозиттік саясатының құрылуына әсер ететін факторлар

Банк қарамағынан

Бәсекелестік деңгейі
Банктік қызметтер спекторы

Тәуекелділікті диверсификация
лау
Банк қызметкерлерінің біліктілік деңгейі
Клиент үшін барлығы саясаты
Қызмет көрсету сапасын жоғарылату

Сурет 1 Депозиттік саясаттың құрылуына әсер ететін факторлар

Банк депозиттік операцияларын жүргізуде, яғни ақша қаражатын тартуда келесі міндеттерді сақтайды:
қайтарымдылығы;
жеделдігі;
ақылығы (егер бұл келісім - шартта көрсетілсе);
жариялылығы (қаражаттарды тарту шарттарына сәйкес).
Банк депозиттік операцияларды іске асырғанда негізгі принциптердің бірі болып аз мөлшерде шығын жұмсап, керекті ресурс деңгейімен қамтамасыз ету болып табылады. Банктің депозиттік саясатын жалпы банк саясатының бір элементі ретінде қарастыра отырып, депозиттік саясаттың негізгі мақсаты - ақша ресурстарын аз бағада үлкен көлемін тарту. Депозиттік саясаттың қалыптасу процесінде келесі тапсырмаларды шешуді көздейді:
банктік табысты алу үшін депозиттік операцияларды өткізу процесіне ықпалын тигізу немесе болашақта пайда түсіруге жағдай жасау;
банктік өтімділіктің қажетті деңгейін ұстау;
депозиттік операция субьектілерінің әртараптылығын қамтамасыз ету және депозиттердің түрлі формаларының үйлесуі;
депозиттік шоттардағы бос қаражаттарды минималдау;
икемді пайыздық саясат жүргізу;
тартылған ресурстар бойынша пайыздық шығындарды төмендетудің жолдарын әрдайым іздестіру;
банктік қызметті дамыту және клиенттерге қызмет көрсетудің сапасы мен мәдениетін жақсарту.
Бұл сұрақта коммерциялық банктің депозиттік саясатының қалыптасу механизмін қарастырып өткен жөн, ол 5 суретте нақты көрсетілген.

Депозиттік саясат жүргізетін мақсаттар мен тапсырмаларды анықтау

Банк қызметкерлерінің қызметін бөлу және сәйкес бөлімдер ашу

Ресурстарды тартудың қажет процедураларын қалыптастыру

Депозиттік операцияларды жүзеге асыру процесінде басқару ұйымдастыру

Сурет 2 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының
қалыптасу кестесі

Осы механизмнің нәтижелі жұмыс істеуінен банктің депозиттік саясатының қалыптастыру және жүзеге асыру процесіндегі мақсаттар мен тапсырмаларды жоғары дәрежеде орындалуына байланысты.
Шетел зерттеушілерінің сыныптамасы бойынша, көбінесе талап еткенге дейінгі депозиттер анағұрлым тұрақты болып есептеледі. Депозиттердің бұл түрі пайыздық мөлшерлеме деңгейіне тәуелді емес. Оның банкке керек-жарағы келесі факторларға байланысты:
қызмет көрсетудің сапасы мен жылдамдығы;
банк сенімділігі;
салымшыларға ұсынылатын қызметтің әртүрлілігі;
банк ғимаратының клиентке жақын орналасуы.
Шетел ғалымдарының зерттеуі бойынша мерзімді және жинақ салымдары бойынша депозиттер тұрақтылығы төмен. Оған нақты пайыздық мөлшерлеме деңгейінің болуы өз ықпалын тигізеді. Сондықтан түрлі банктердің ұсынысы бойынша депозиттік пайыз деңгейінің өзгеруіне әкеліп соғуы мүмкін.
Депозиттік шоттардың жеке түрлері бойынша пайда көлемі салым мерзіміне, сомасына, қызмет көлеміне және салым бойынша клиенттердің барлық талаптарды орындауына байланысты.
Депозит бойынша банктің пайызды төлеу - операциялық шығындардың негізгі бөлігі. Сондықтан, бір жағынан банкті жоғары пайыздық мөлшерлеме аса көп қызықтырмайды, ал екінші жағынан - клиенттерді тарту үшін депозиттер бойынша пайыз мөлшерлеменің белгілі деңгейін ұстап тұтуға мәжбүр. Үлкен көлемді және ұзақ мерзімді депозиттерді тарту үшін коммерциялық банктер клиенттерге пайыздық шығындардың өсуіне қарамай, жоғары пайыздық мөлшерлеме ұсынады.
Пайызды аудару кезінде пайыз мөлшерлемесі, нақты күндер саны есепке алынады. Өз қаражатын орналастыру мақсатымен банкті таңдаған салымшы үшін пайызды есептеу көлемінің тәртібі өте маңызды, себебі кейбір банктер пайызды есептеу кезінде нақты 1 жылдағы күндер санымен (365 немесе 366) есептейді, ал басқа банктер 360 күнді болжалдап есептейді, мұның барлығы табыс көлеміне әсерін тигізеді.
Жеке депозиттік шоттар бойынша табыс көлемі салым мерзіміне, соммасына, шоттың қызмет ету ерекшелігіне, атқарылатын қызметтердің мәніне және клиенттердің салым шартын орындауына байланысты анықталады.
Салым мерзімі өткеннен кейін осы сома бойынша жай пайыз көлемі келесі формуламен анықталады:
(1)
мұндағы,
БСn - пайыз көлемі есептелгеннен кейінгі ақшаның болашақ соммасы;
АС - ақшаның қазіргі немесе ағымдық соммасы;
iқ - қарапайым пайыздық мөлшер;
n - пайыз көлемі есептелінетін жыл саны.
(1) формуласын келесі түрде көрсету ыңғайлырақ:
(2)
Келтірілген формулаларда n жыл негізінде қолданылады. Егер есеп шартында пайыз есептеу көлемі күндерде берілсе, онда келесі формуламен есептелінеді: n = t k
мұндағы, t - пайыз есептелінетін күндер;
k - есептеуде қолданылатын 1 жылдағы күн саны (360 немесе 365 күн). t уақыты өз кезегінде 1 айдағы нақты құн бойынша (28,30,31) немесе кез-келген айдың ұзақтығы 30 күнге тең деп есептелінеді.
Есеп беру келесідей 3 вариантта қолданылады:
k = 365 күнге, t - депозиттің нақты күн санын есептеумен анықталады;
k = 360 күнге, t - депозиттің нақты күн санын есептеумен анықталады;
k = 360 күнге, t - депозиттің шамалы түрде есептелінетін күн санымен анықталады.
Осы варианттар бойынша есептесуді жүргізу үшін пайыз мөлшерін белгілеу ерекшелінген қаржылық қорытындыға алып келеді.Салым біртекті және көптекті болып келеді. Енді біртекті салым бойынша мысал келтіретін болсақ, клиент банкке 10 жылға, 50% жылдық ставкасынан 1000 y.e. соммасында салым салды. 10 жыл өткеннен кейін клиент банкте қанша ақша соммасын иемденеді? Оны (3) формуланы қолдана отырып, есептейміз:

Көптекті салым бойынша есептейтін болсақ, егер клиент осы салымдарды (КЛС) әрбір жылдың аяғында салып отырса, онда ол келесі сызба бойынша көрсетілген:

КЛС1 КЛС2 КЛС3 КЛС4 КЛСn

жылдар
0 1 2 3 4 n
Сызба 1 Әрбір жылдың аяғындағы салымдар көлемі
Енді клиенттің n жылдан кейінгі алатын ақша соммасын есептеу үшін жалпы формула құрайық. Депозит саны n - ге тең:

БС=КЛС+ КЛС2+ КЛС3+...+КЛСn *1
Егер де КЛС1 = КЛС2 = КЛС3 =...=КЛСn=КЛС болса, онда формула тең болады:
БСn=КЛС
тең болса, онда БСn=КЛС
Сонымен, (3)
Енді салымдар әр жылдың басында жасалатын жағдайларды қарастырайық:
КЛС1 КЛС2 КЛС3 КЛС4 КЛСn

жылдар
0 1 2 3 4 n-1
Сызба 2 Әрбір жыл басындағы салымдар көлемі
n жыл бойынша депозиттік салым соммасының жалпы формуласын құрайық; n - салым саны:
(4)
Егер болса, онда (4) формула тең болады:

тең болса, онда бұл жағдай тең (5)
Егер банкке жыл сайын төлем бойынша депозиттік салым салатын болсақ, онда бірінші біз алғашқы салым соммасын (АС) анықтауымыз қажет. Ол клиент үшін n жыл ішіндегі жылдық төлемді (ЖТ) қамтамасыз етеді. Бұл төлемдердің келесі сызбасын көрсетуге болады.
0 1 2 3 4 n

жылдар
ЖТ1 ЖТ2 ЖТ3 ЖТ4 ЖТn
Сызба 3. Жыл сайын төлем бойынша салынатын депозиттер көлемі
(2) формуланы қолдана отырып келесі теңдеуді құруға болады:
(6)
Егер барлық төлемдер бірдей деп алатын болсақ,
ЖТ1 = ЖТ2 = ЖТ3 = ЖТn = ЖТ, онда

Сонымен, (7)
Табысты есептеудің келесі әдісі болып күрделі пайыз табылады (пайызды пайызға есептеу). Бұл жағдайда депозиттік салым соммасына есеп беру кезеңі біткеннен кейін пайыз есептелінеді және алынған сомма салым соммасына қосылады. Сонымен, келесі есеп беру кезеңінде пайыз мөлшері алдын-ала есептелінген табыс соммасына жаңа өсіммен қолданылады. Күрделі пайыз мөлшерін депозиттік салым мерзімінің аяғындағы нақты табыс төлемінде қолданылады.

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫҢ ДАМУЫН КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ДЕПОЗИТТІК ҚЫЗМЕТІ НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң депозиттерi мен оның құрылымы талдау

Қазақстанның қазіргі экономикалық жүйесінің ең негізгі ерекшелігі - макроэномикалық тұрақтылығы қамтамасыз ету үшін банктік құрылымдарды белсенді қолдану. Депозиттік нарықтың қалыптасып, дамуының банктік саясаты уақытша бос ақша қаражаттарын тартуға және инвестициялаудың ішкі қайнар көздерін белсендіруге бағытталған. Дамыған банктік жүйеде банктер экономиканы дамыту үшін өте үлкен ақша массаларын жұмыс істетіп, халық жинақтарын тарту үшін көп қызмет атқарады. Әлемнің ірі банкирлерінің пассивтерін сараптай келе, халық жинақтары мен кәсіпорын қаржылары банк міндеттемелерінің 70-80%-ын құрайды.
Қазақстанда 1994 жылы, яғни депозиттік нарықтың жаңадан аяқ басқан кезеңде, салымдар, депозиттер небәрі 15-35%-ын құрады.
Қазақстанда депозиттік нарықтың қалыптасуы және дамыған процестерін 3 негізгі кезеңге бөліп қарастыруға болады:
1 кезең (1994-1995). 1994 жылдың аяғына қарай жинақтар нарығының дамуы басталды, дәл осы уақытта теңге бағамы тұрақтанып және айлық инфляция деңгейінің төмендеуі байқалды. Ресми мәліметтер бойынша, 1995 жылдың аяғына қарай қолдағы бар ақша қаражаттары мен жинақтар көрсеткіші 5096,2 млн.теңгені құрады.
Шын мәнінде халықтың жинақтары аталған сомадан анағұрлым жоғары болды, олардың көлемі 1,5-2 млрд.АҚШ долларын құрады. Қалық өз қаражаттарын дұрыс және сенімді сақтау үшін тәсілдер іздей бастады.
Осы кезеңде бәсекелестік коммерциялық банктер арасында ғана бола қоймай, сонымен қатар басқа да коммерциялық құрылымдар бұқаралық ақпарат құралдарында заңды және жеке тұлғалардың жинақтарын тарту үшін үлкен жарнаманың компанияларын құрды, халықты қызықтыру үшін жоғары пайыздық мөлшерлемелерді немесе басқа да табысты шарттарды ұсынды, дегенмен олардың қызметі халықты алдау екендігі тез айқындалды. Сондықтан, халық өз сенімін көбінесе банктерге артты, сол себептен банктер өз несиелік, депозиттік саясаттарын жақсартуға үлкен көңіл бөле бастады.
1994 жыл аяғында инфляция деңгейінің айтарлықтай төмендегені байқалғандықтан, салымдар мен депозиттер бойынша банктік пайыздар өз нәтижелерін көрсете бастады. Бұл мәселе ақша құралдарын банкке салу керектігіне тағы да көз жеткізді. 1995 жыл бойы халықтың банкке салымдары көбейе бастады, 1995 жылдың қаңтар айында 7,7 млрд.теңге болса, 1995 жылдың қараша айында 18,5 млрд.теңгеге көбейді.
Банктер депозиттер аша бастады: мерзімді немесе талап еткенге дейін, мерзімді депозиттер 3,6,9-айлық, 1-3 жылдық, 3-5 жылға дейін немесе10 жылдан астам уақытқа қабылдана бастады.
2 кезең (1996-2000) 1996 жылы инфляция деңгейі 26-28%-ы құрады. Депозиттер бойынша банктің пайыздық мөлшерлемесі 2 жавғдайға байланысты: инфляция деңгейін жабатын пайыз және депозитордың ақша құралдарын қолданғаны үшін төленетін пайыз. Инфляция деңгейін жабатын пайызды анықтау қиын, себебі оған көптеген факторлардың әсерін есептеу керек. Ал екінші пайыз мөлшерлеме депозиттің көлемі мен мерзіміне байланысты анықталады.
1996 жылы мерзімі 6 айдан асатын депозит барлық мерзімді депозиттердің 55%-н құрады. Ең көп орын алған депозиттер 3 ай мерзімдегі мерзімді депозиттер болды, олар барлық мерзімді депозиттердің 40%-н немесе жалпы депозиттердің 16%-н құрады. Барлық депозиттердің 60% депозиттері халық салымдары болды, бұл халықтың банкке деген сенімінің артуын білдіреді. Ең көп салымдар Шығыс Қазақстан облысында, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау қалаларында байқалды.
ҚР ҰБ-ң мәліметтері бойынша 2001 жылдың 1 қыркүйегінде, банктердегі жеке тұлғалардың депозиттері 21,9 млрд.теңгені құрады, валютада - 10,5 млрд, соның ішінде мерзімді депозит көлемі - 9,1 млрд. теңгені құрады.
3 кезең (2001-2003жж) Бұл кезеңде қаржылық сектор дамудың жаңа сатысында, яғни сапалы сатысында тұрды.
Дегенмен, бұл кезеңде салымдарды қорғау депозиттерді сақтандырудың негізгі халықаралық стандарттарына сай келген жоқ.
Банктік емес заңды тұлғалардың шетел валютасындағы салымдары 7,86%-ға төмендеді, ал ұлттық валютада 6,24%-ға көбейді. Жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы салымдары 7,36%-ға өсті және 2004 жылдың басында 141,579 млн.теңгені құрады, ал шетел валютасында 5,73%-ға төмендеп, 192,973 млн.теңгені құрады.
Шетел валютасында жалпы салымдар көлемі 7,071 млн.теңгеге азайды, ал ұлттық валютада керісінше көбейді, бұл жағдай халықтың салымдарды ұлттық валютада салуына үлкен сенімін артқанын көрсетеді.
Сонымен, біздің елімізде депозиттік нарықтың дамуында келесі қорытындыларға келеміз:
банктік депозиттік нарық 1994 жылдың аяғынан дами бастады, осы уақытта депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемесі оңтайлы болып, ақша жинауға нақты мүмкіндік болды
депозиттердің жалпы көлемінің өсуі халықтың банк жүйесіне сенімінің артуын білдіреді, ең алдымен бұл Ұлттық Банк пен Үкіметтің заңды және жеке тұлғалардың депозиттерінің конвертациясы бойынша өз міндеттерін орындаумен байланысты. әрине, жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша сақтандыру жүйесінің және банк құпиясы туралы заңның қабылдауын ескерусіз қалдыруға болиайды.
Қазақстан Республикасының депозит нарығы күрделi де қарқынды дамып келе жатқан жүйе бола отырып, iшкi және сыртқы факторлардың әcepін әр уақытта өзiне қабылдап отыр. Экономикадағы әр түрлi экономикалық, саяси және әлеуметтiк жағдайлардың әcepi депозит нарығының дамуына да әсер eтeдi. Бұған қарамастан депозит нарығының даму қарқыны өзiнiң жеке заңдылықтары мен ерекшелiктерiне ие болып отыр. Бұл жағдайларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жариялаған және өзіміз есептеген статистикалық мәлiметтер негiзiнде депозит нарығына мiнездеме бере отырып, оны сaлыстырмалы тaлдay негiзiнде көpceтyгe болады (2-кесте). Депозиттерге әрбiр кезең мәлiметтерi бойынша салыстыра отырып талдау жасайтын болсақ банк жүйесiндегi депозиттердiң 2001 жылдың қаңтарынан бастап 2008 жылдың қаңтарына дейiн қарқынды өскендiгiн байқаyға болады. Бұл өсiм 1999 жылдың қаңтарында 73464 млн. теңгеден 2004 жылдың тамызында 497904 млн. теңгеге дейiн өсiп, 7 есеге жуық көлемдi құрады. 2006 жылы 739468млнтеңге болса, 2008 жылы барлық депозит сомасы 1349063млн.теңге құраған.

Кесте 3
Коммерциялық банктердiң депозиттерi және оның құрылымы
Кезеңдер
Кезең соңындағы депозиттер (млн. теңге)

Барлығы
Валюта түpлepi
бойынша
Субъектiлерi бойынша

Ұлттық валюта
Шетел валютасы
банктiк емес
заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
2000
73514
54226
19288
45648
27866
2001
73464
44497
28967
44511
28951
2002
168156
83764
84392
113301
54855
2003
284533
134744
149788
192826
91706
2004
420725
150284
270440
233255
187470
2005
581933
235466
346467
327809
254123
2006
739468
400071
339397
396848
342620
2007
1219177
669754
549423
781733
437444
2008
1349063
734717
614346
763018
586045
Ескертпе - дерек көзі: Статистикалық бюллетень - ақпан 2006 ж.

Әрбір жыл кезеңдерiне тоқталатын болсақ 1993 жылдан бастап 1999 жылдың 1 қаңтарына дейiн екiншi деңгейдегi банктердегi депозиттердің көлемi бiрқалыпты деңгейде болды.
2001 жылдың қаңтарынан, 2001 жылдың тамызына дейiн барлық депозиттер сомасы 73464 млн. теңгеден 120681 млн. теңгеге дейiн өстi. Бұл 47000 млн. теңгенi құрады. Осы өciм коммерциялық банктердегi жалпы депозиттердің кейбiр жылдардағы сомасына тең (1995 ж). ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің депозиттік операцияларын талдау
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің орны мен рөлі
Коммерциялық банктің депозиттік саясаты депозиттік саясаттың субъекттері
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДIҢ ДЕПОЗИТТIК САЯСАТЫНА ТАЛДАУ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКI АҚ МЫСАЛЫНДА
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының теориялық негіздері
Депозиттік портфель - қаржы инструменттеріне инвестиция жұмсаудың қаражат көздері
НҰР БАНКІ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
Коммерциялық банктің экономикалық тұрақтылығын күшейту жүйесінде оның депозиттік саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау
Коммерциялық банктердің депозиттік ресурстары
Пәндер