Эмпатиялық қабілеттіліктерді өзіндік бағалау


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Эмпатиялық қабілеттіліктерді өзіндік бағалау

Адамның өзіндік бағалауын эмпатияға деген қабілеттілікті анықтау әдістемесі толығымен көрсетіп береді. Оны қолданудың нәтижелері, сонымен қатар, нақты тұлғааралық қатынастардағы адамның өзінің туыстық мәнін меңгеруінің индивидуалды-ерекше мүмкіндіктері жоспарындағы оның әлеуметтік-психологиялық сипаттамалары үшін де маңызды болып табылады.

Эмпатияның (бірлесіп қайғыру ретінде) басқа адамдардың жүріс-тұрысына эмоциялық, тікелей реакцияларды білдіретіндігі, олардың әрекеттеріне еліктеуге дейін болатындығы, оның анықтамасы бойынша белгілі. Эмпатияның негізінде адам өзін тез таниды және өзіне ұқсайтындардың күйлерін түсініп және оларды алдын-ала біле отырып, олардың қайғысына ортақтасуға қабілетті бола бастайды. Дамыған эмпатиялық қабілеттіліктер адекватты өмірлік тәжірибе туралы және агрессивтіліктің, фрустрациялылықтың және ригидтіліктің құбылыстарына қатысты өзіндік бақылаудың мүмкіндігі туралы мәліметтер береді.

Нұсқау. Ұсынылып отырған сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз:

  1. Бір адамның адамдардың ортасында өзін жалғыз сезінгенін көргенде, менің көңіл-күйім жабырқайды.
  2. Адамдар жануарлардың сезімталдығы мен олардың сезіну қабілеттігі туралы асыра сілтейді.
  3. Адамдардың өз сезімдерін ашық көрсетулері маған ұнамайды.
  4. Маған бақытсыз адамдардың үнемі өздерін аяйтындықтары ұнамайды.
  5. Егер менің жанымда біреу өзін қолайсыз сезініп отырса, мен де өзімді қолайсыз сезіне бастаймын.
  6. Менің ойымша, бақыттан жылау ақылсыздық.
  7. Мені өз достарымның немесе құрбыларымның мәселелері қатты толғандырады.
  8. Кейде махаббат туралы әндер мені қатты толғандырады.
  9. Егер адамдарға олар үшін жағымсыз жаңалықты хабарлау қажет болса, мен өте қатты толқимын.
  10. Мені қоршаған адамдар менің көңіл-күйіме қатты әсер етеді.
  11. Мен кездестірген шетел азаматтарының көпшілігі маған сұық және эмоционалды емес болып көрінеді.
  12. Маған адамдармен қарым-қатынас жасауды талап ететін кәсіптер ұнайды.
  13. Егер менің достарым немесе құрбыларым дұрыс емес әрекет жасаса, мен оған аса мән бермеймін.
  14. Маған адамдардың сыйлықтарды қалай қабылдайтындықтарын көрген ұнайды.
  15. Жалғыз адамдар көбінесе қатыгез болады.
  16. Егер мен жылап отырған адамды көрсем, мен оған мән беремін.
  17. Кей әуендерді естігенде мен өзімді бақытты сезінемін.
  18. Қандай да бір романды оқығанда, мен соның барлығы шын мәнісінде болып жатқандай қайғырамын.
  19. Егер мен біреуге жаман нәрсе жасалып жатқанын көрсем, үнемі ашуланамын.
  20. Менің жанымдағы кейбір адамдар жыласа да ол мені аса мазаламайды.
  21. Егер менің құрбыларым немесе достарым менімен өз мәселелерін талқылай бастаса, мен әңгімені басқа жаққа бұруға тырысамын.
  22. Кино көруге барғанда мені неліктен көптеген көрермендердің фильмді шын болып жатқандай қабылдайтындығы, жылайтындығы және қайғыратындығы таңқалдырады.
  23. Басқа адамның күлкісі маған да жұғады, адамдар көп жағдайда мүлдем мағынасыз күледі.
  24. Мен шешім қабылдағанда, осы жайлы басқа адамдардың сезімдері мені қызықтырмайды.
  25. Егер қоршаған адамдар бір нәрсеге мазасызданса, мен рухани тепе-теңдігімді жоғалтамын.
  26. Егер адамдар тіпті бекер нәрселерге де мән берсе, маған оны көру ауыр тиеді.
  27. Жануарлардың қиналып жатқанын көрсем, мен қиналамын.
  28. Кітаптарда болып жатқандар үшін қайғыру ақымақтық.
  29. Кәрі адамдардың шарасыздықтары мені қиналдырады.
  30. Басқалардың жылағаны менде жан ашырлықтан гөрі, ашу туғызады.
  31. Маған кинофильмдердегі кейіпкерлердің ғұмыры үшін қайғыру ұнайды.
  32. Кейде мен, қоршаған адамдардың толқуларына өзімнің аса мән бермейтіндігімді байқаймын.
  33. Маған кішкентай балалар көбінесе еш себепсіз жылайтындай көрінеді.

Нәтижелерді өңдеу. Әр жауапқа 1 балл қойылады. 1, 5, 7, 8, 9, 10, 12, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 25, 26, 27, 29, 31 сұрақтарға «иә» деген жауаптардың баллдарының соммасына; 2, 3, 4, 6, 11, 13, 20, 21, 22, 23, 24, 28, 30, 32, 33 сұрақтарға берілген «жоқ» деген жауаптардың баллдарының соммасы қосылады.

ЭҚ = («иә» соммасы + «жоқ» соммасы) ×60/33 + 20.

Эмпатиялық қабілеттіліктерді анықтау диапазондарының мәндері - біз қабылдаған әмбебап шкалалар үшін әдеттегілер - төменгілері - 20-30 балл; орташалары - 31-45 балл; жоғарылары - 46 және одан жоғары баллдар.

А. Ассингер тесті (қатынастардағы агрессивтілікті бағалау)

Флегматиктік адам өзін қызықты әңгімешіл адам ретінде сирек көрсетеді, бірақ және шектен тыс агрессивті, тордан секірген жолбарыс секілді адаммен қарым-қатынас жасау жағымсыз.

А. Ассингер тесті адамның қоршағандармен қарым-қатынастарда жеткілікті корректілі екендігін және олармен оңай қарым-қатынас жасай алатындығын анықтауға мүмкіндік береді. Жауаптардың көбірек объективті болуы үшін, ұжымдастар сұрақтарға бір-бірі үшін жауап берген кезде өзара бағалауды жүргізуге болады. Бұл олардың өзіндік бағалауларының қаншалықты дұрыс екендігін түсінуге көмектеседі.

Жауаптың астын сызыңыз

  1. Кезекті қызметтік конфликтіден кейін сіз татуласудың жолдарын іздейсіз бе?

а. Үнемі.

ә. Кейде.

б. Ешқашанда.

  1. Сіз өзіңізді критикалық жағдайларда қалай ұстайсыз?

а. Іштей күйесіз.

ә. Толық бірқалыптылықты сақтайсыз.

б. Өз-өзіңізді ұстай алмайсыз.

  1. Сізді ұжымдастарыңыз қандай деп есептейді?

а. Өз-өзіне сенімді және қызғаншақ.

ә. Қайырымды.

б. Бір қалыпты және қызғаншақ емес.

  1. Егер сізге жауапкершілікті қызмет ұсынса, сіз өзіңізді қалай ұстайсыз?

а. Оны қауіптене отырып қабылдайсыз.

ә. Ойланбастан келісесіз.

б. Одан өзіңіздің тыныштығыңыз үшін бас тартасыз.

  1. Егер ұжымдастарыңыздың бірі сіздің үстеліңізден рұқсатсыз қағаз алса, сіз не істейсіз?

а. Бірден жазасын беруге тырысасыз.

ә. Қайтарып беруге мәжбүр етесіз.

б. Оған басқа ештеме керек емес пе екендігін сұрайсыз.

  1. Егер сіздің жұбайыңыз жұмыстан әдеттегіден кеш оралса, сіз оны қандай сөздермен қарсы аласыз?

а. Сен неліктен осынша кешіктің?

ә. Кешке дейін қайда жүрсің?

б. Мен мазасыздана бастадым ғой.

  1. Сіз автокөліктің рөлінде өзіңізді қалай ұстайсыз?

а. Сізге артын көрсеткен көлікті басып озуға тырысасыз.

ә. Сізді қанша көліктің басып озғандығы, сізге бәрі-бір.

б. Ешкім сізді қуып жете алмайтындай жылдамдықпен жүресіз.

  1. Сіз өзіңіздің өмірге деген көзқарастарыңызды қандай деп есептейсіз?

а. Сараланған.

ә. Жеңілтек.

б. Аса қатал.

  1. Егер барлық нәрсе орындала бермесе, сіз не істейсіз?

а. Кінәні басқа адамға жабуға тырысасыз.

ә. Көнесіз.

б. Алдағы уақытта байқап басатын боласыз.

  1. Қазіргі кездегі жастардың арасындағы дұрыс емес қылықтар жағдайлары туралы фельетонға сіз қалай қарайсыз?

а. Оларға бұндай көңіл көтерулерге тыйым салу қажет.

ә. Оларға ұйымдасқан және мәдени демалуға мүмкіндік жасау керек.

б. Біз неге оларға осыншама көмектесеміз.

  1. Егер сіз отырғыңыз келген орынға басқа біреу отырса, сіз не сезінесіз?

а. Мен неліктен оған бола өз жүйкемді тоздырдым екен?

ә. Оның бет бейнесі бастыққа жағымды болған секілді.

б. Мүмкін келесі жолы менің жолым болар.

  1. Сіз қорқынышты фильмді қалай көресіз?

а. Қорқасыз.

ә. Жалығасыз.

б. Шын ләззат аласыз.

  1. Егер жолдағы қозғалыстың мүмкін еместігіне байланысты сіз маңызды жиналысқа кешіксеңіз не істейсіз?

а. Жиналыс болып жатқанда мазасызданасыз.

ә. Қызметтес адамдарыңыздың түсіністікпен қарауына мүмкіндік туғызасыз.

б. Жабырқайсыз.

  1. Сіз өзіңіздің спорттық жетістіктеріңізге қалай қарайсыз?

а. Міндетті түрде жеңуге тырысасыз.

ә. Өзіңізді қайтадан жас сезінуден алған ләззатты бағалайсыз.

б. Егер жолыңыз болмаса, қатты ашуланасыз.

  1. Егер сізге мейрамханада нашар қызмет көрсетсе, сіз не жасар едіңіз?

а. Ұрыстан қашып, шыдайсыз.

ә. Басшыны шақырып, оған ескерту жасайсыз.

б. Мейрамхананың директорына шағымданасыз.

  1. Егер сіздің балаңызды мектепте ренжітсе, сіз не істейсіз?

а. Мұғаліммен сөйлесесіз.

ә. Жасөспірім қылмыскердің ата-анасымен ұрсысасыз.

б. Балаңызға жауап беруге кеңес бересіз.

  1. Өз пікіріңіз бойынша, сіз қандай адамсыз?

а. Орташа.

ә. Өз-өзіне сенімді.

б. Барлық жерде жол тапқыш.

  1. Ғимараттың есігінде соғылып қалған қарамағыңыздағы адам сіздің алдыңызда кешірім сұрай бастаса, сіз не деп жауап бересіз?

а. Кешіріңіз, бұл менің кінәм.

ә. Ештеме етпейді, оқасы жоқ.

б. Мұқият бола алмайсыз ба?

  1. Газеттегі жастардың арасындағы бұзақылық жағдайлары туралы мақалаға сіз қалай қарайсыз?

а. Қашан нақты шаралар қабылданады?

ә. Денелік жазалар қолдану қажет.

б. Барлығын жастарға жабуға болмайды, тәрбиелеушілер де кінәлі.

  1. Сізге өмірге қайтадан жануар түрінде келу мүмкіндігі берілгендігін елестетіңіз. Сіз қандай жануар болғанды қалар едіңіз?

а. Жолбарыс немесе ілбіс.

ә. Үй мысығы.

б. Аю.

Енді асты сызылған жауаптарды зейін салып қарап шығыңыз. Жауаптардың нөмірлерін соммалаңыз.

Нәтижелер

45 және одан жоғары ұпай. Сіз артық шамада агрессивтісіз және басқаларға қатысты жиі жағдайда шыдамсыз және қатал боласыз. Сіз қоршаған адамдардың қызығушылықтарына қарамастан жетістікке қол жеткізудің өз әдістеріңізге арқа сүйеп, басқарушы билікке жетуге талпынасыз. Сондықтан да сізді қызметтестеріңіздің жақтырмауы таңдандырмайды, бірақ кішігірім мүмкіндік болғанда сіз оларды осы үшін жазалауға тырысасыз.

36-44 ұпай. Сіз жеткілікті агрессивтісіз, алайда өмірде жетістікке қол жеткізесіз, себебі сіздің бойыңызда жеткілікті билік құмарлық пен өзіндік сенімділік бар.

35 және одан аз ұпай. Сіз өте қайырымдысыз, бұған себеп сіздің өз күштеріңіз бен мүмкіндіктеріңізге сенімділіктің жеткіліксіздігі болып табылады. Бұл сіз кез-келген желмен жүре береді деген сөз емес. Сонда да біршама көп сенімділік сізге кедергі жасамайды!

Егер 7 және одан да көп сұрақтар бойынша сіз 3 ұпайдан жинасаңыз және 7-ден аз сұрақтарға 1 ұпайдан жинасаңыз, онда сіздің агрессивтілігіңіздің жарылысы конструктивтіден гөрі, қиратушы сипатқа ие. Сіз ойланбаған қылықтарға және қатал пікір-таластарға икемдісіз. Сіз адамдармен сенімсіз қатынас жасайсыз және өз жүріс-тұрысыңызбен толығымен қашуға болатындай конфликтілік жағдайларды туындатасыз.

Егер 7 сұрақ бойынша - 3 ұпайдан алғаннан гөрі, 7 және одан көп сұрақтар бойынша сіз 1 және одан да аз ұпай алсаңыз, онда сіз өте тұйықсыз. Бұл сізге агрессивтіліктің жарқылдары тән емес деген сөз емес, алайда сіз оларды аса мұқият басып отырасыз.

Агрессия (латын тілінен аударғанда aggredi - шабуыл жасау) - басқа адамға немесе адамдар тобына физикалық немесе психологиялық зиян, шығын келтіруге не оларды жоюға бағытталған индивидуалды немесе ұжымдық жүріс-тұрыс, әрекет. Жағдайлардың басым көпшілігінде агрессия субъектінің фрустрацияға реакциясы ретінде пайда болады және ашу, қастық, жеккөрушілік және т. б. секілді эмоциялық күйлермен бірге өтеді. Әр түрлі көрінулердегі осындай реактивті агрессиядан (экспрессивті агрессия, импульсивті агрессия, аффективті агрессия) басқа адамға зиян келтірудің мақсатқа бағытталған - саналанған ниетін сипаттайтын қастық агрессияны, және субъектінің әрекетінің мақсаты нейтралды, ал агрессия оған қол жеткізудің бір құралы ретінде қолданылатын құралдық агрессияны ажырату қажет. Бұқаралық әлеуметтік құбылыстарда (террор, геноцид, нәсілдік, діни, идеологиялық қақтығыстар) дамитын агрессияның формаларына олармен бірге жүретін жұғу және өзара индукция процесстері, жасалынған «жау бейнесіндегі» түсініктердің стереотипизациясы тән. Субъектінің агрессивті жүріс-тұрысқа дайындығы тұлғаның салыстырмалы тұрақты қыры - агрессивтілік ретінде қарастырылады. Агрессивтіліктің деңгейлері әлеуметтену процессіндегі үйренумен де, мәдени-әлеуметтік нормаларға бағдарланумен де анықталады, олардың маңыздысы әлеуметтік жауапкершілік нормалары және агрессия актілерінің орнын толтыру нормасы болып табылады. Бұл жерде бір қатар жағдайлық айнымалылар да маңызды рөл атқарады (қоршағандардың ниеттерін интерпретациялау, қарудың әсерін туындататын кері байланысты алу мүмкіндігі және т. б. ) . Агрессивті әрекеттерді субъекті аутоагрессия формасын қабылдай отырып өз-өзіне бағыттауы мүмкін (мысалы, суицидтік жүріс-тұрыс және т. б. ) . Агрессия мен аутоагрессияның кейбір көрінулері қозушы психопатия, паранойя, эпилепсия және т. б. сияқты тұлғаның дамып келе жатқан патопсихологиялық өзгерістерінің белгісі болуы мүмкін. Агрессивтілікті өзіндік басқарудың және агрессивті актілерді ұстап тұрудың қалыптасуында, ерекше құндылық ретінде басқа адам туралы түсініктерді қалыптастыруға көмектесетін, субъектінің басқа адамды түсінуге және онымен бірге қайғыруға қабілеттілігінің негізінде жатқан, эмпатия, идентификация, децентрация секілді психологиялық процесстердің дамуы үлкен рөл атқарады.

«Милиция инспекторы» профессиограммасы

Кәсібінің атауы
милиция инспекторы
Кәсібінің атауы: Ойлаудың басым қабілеті
милиция инспекторы: қою - басқару
Кәсібінің атауы: №1 базалық білімдер ауданы
милиция инспекторы: құқық, заң ғылымдары,
Кәсібінің атауы: және олардың деңгейі
милиция инспекторы: 3-деңгей, жоғарғы (теориялық)
Кәсібінің атауы: №2 базалық білімдер ауданы
милиция инспекторы: қауіпсіздік, 2-деңгей,
Кәсібінің атауы: және олардың деңгейі
милиция инспекторы: (білімдерді практикалық қолдану)
Кәсібінің атауы: Кәсіби ауданы
милиция инспекторы: құқық, заң
Кәсібінің атауы: Тұлғааралық өзара әрекеттестік
милиция инспекторы:

көбінесе «жанында» деген

тип бойынша

Кәсібінің атауы: Басым қызығушылық
милиция инспекторы: әлеуметтік
Кәсібінің атауы: Қосымша қызығушылық
милиция инспекторы: реалисттік
Кәсібінің атауы: Жұмыс жасау жағдайы
милиция инспекторы:

ғимаратта отырады,

ғимараттан тыс мобильді

Іс-әрекеттің басым түрлері:

  • қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;
  • қылмыс жасауға итермелеген себептерді анықтау;
  • қылмыс жасауға ыңғайлы жағдайларды айқындау;
  • қарамағындағы аймақтағы қылмыстың өсуіне әсер ететін факторларды жою шараларын қабылдау;
  • өнеркәсіптердің, ұжымдар мен ұйымдардың азаматтарының құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қылмыстық немесе заңды емес әрекеттерден қорғау;
  • құқықтық уағыздауларды ұйымдастыру және құқық бұзушылықтардың алдын-алу шараларын өткізу;
  • құқық бұзушылармен тәрбие және оқыту бағдарламаларын жүргізу және оған жағдай жасау;
  • хаттама жүргізу (күәлардан, айыпталушы адамдардан және т. б. мәлімет алу) ;
  • кәсіби тапсырмаларды шешу үшін өз аймағының азаматтарымен өзара әрекеттестік;
  • жоғарыда отырған басшылардың алдында жасалынған жұмыстар туралы үнемі есеп беру;
  • құқықтық қорғауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсету;
  • оқиға болған немесе қылмыс жасалған жерден айғақ іздеуге қатысу.

Кәсіби іс-әрекетті жақсы орындауды қамтамасыз ететін қасиеттер:

Қабілеттіліктер:

  • істі орындауға өзін және басқаларды тез ұйымдастыру қабілеті;
  • ерік дамуының өте жоғарғы деңгейі;
  • зейіннің таңдамалылығы;
  • зейінін басқа объектіге тез ауыстыруға икемділік;
  • қажетті объектіге жеткілікті уақыт бойы зейінін шоғырландыра алу (зейіннің тұрақтылығы) ;
  • адамдарды сендіре алу қабілеті;
  • логикалық ойлаудың дамуы;
  • өз ойларын сауатты жеткізе алу икемділігі;
  • адамдарды тыңдай алу;
  • реакцияның тездігі;
  • бейнелік, сөздік-логикалық есте сақтаудың жақсы дамуы;
  • жағдайға байланысты тез шешім қабылдау қабілеттілігі.

Тұлғалық қасиеттер, қызығушылықтар мен икемділіктер:

  • тәртіптілік, әдептілік;
  • байқағыштық;
  • жақсы интуиция, адамдарды тани білу;
  • шешім қабылдау;
  • жағдайларды болжай алу;
  • жақсы физикалық және психикалық төзімділік;
  • әділдік;
  • инициативтілік, күштілік;
  • өзіне және адамдарға деген талап қоюшылық;
  • эрудиция;
  • қоршаған ортада тез бағдарлану;
  • эмоциялық тұрақтылық, ұстамдылық.

Кәсіби іс-әрекеттің тиімділігіне кедергі жасайтын қасиеттер:

  • оғаштық, тәрбиесіздік;
  • өзбетінше шешім қабылдай алмау;
  • өзіне сыни көзбен қарамау;
  • импульсивтілік;
  • тітіркенгіштік;
  • агрессивтілік, қастық;
  • құпияны сақтай алмау.

Кәсіби білімдерді қолдану аудандары:

  • ІІБ (ішкі істер бөлімі) ;
  • ІІАБ (ішкі істер аудандық басқармасы) ;
  • ІІҚБ (ішкі істер қалалық басқармасы) .

Кәсіптің тарихы

Инспекция ( inspectio ) латын тілінен аударғанда тексеру дегенді білдіреді. Бұл мемлекет қалыптастырған ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыратын орган. Милиция ( militia ) латын тілінен аударғанда әскер деген мағына береді. Ресейде 1806-1807 жылдардағы орыс-парсы-француздық соғыс кезінде наполеон әскерінің елге ену қауіпіне байланысты бөлім жасалған. Ол мемлекеттік және аудандық шаруалардан, ал офицерлері - ақсүйектерден құрылды. Бұл бөлім Тильзиттік бейбітшілікке келгенде таратылған.

Қазіргі кездегі ресейдегі милиция - бұл 1917 жылы қараша айында құрылған қоғамдық тәртіпті қорғау, азаматтардың құқықтары мен қызығушылықтарын қылмыстық және басқа да әрекеттерден қорғау бойынша органдардың жүйесі болып табылады. Қазіргі таңда ол криминалды және қоғамдық қауіпсіздік милициясы болып бөлінеді.

Бүгін милиция инспекторы - қоғамдық тәртіпті сақтауды, азаматтардың құқықтары мен қызығушылықтарын қылмыстық және басқа да әрекеттерден қорғауды тікелей қамтамасыз ететін маман.

Адамзаттың бүкіл тіркелген тарихы агрессиямен және қылмыстармен бірге жүрген. Оның, әсіресе, адам жүріс-тұрысына қатысты көрінулері күрделі және көп түрлі болып келеді. Адамдар агрессивті және қылмыстық әрекеттерді жиі жасайды. Өкінішке орай, бұл талқылауға келмейтін факті. Олардың бұны неліктен жасайтындығы туралы сұрақ әлі күнге дейін қатаң пікір-таластардың тақырыбы болып қалған. Сондықтан психологиялық ғылымда бүгінгі таңда агрессивті жүріс-тұрыстың бір талдамы мен анықтамасы жоқ. Агрессияның пайда болу себептеріне, оның табиғатына және оның көрінуіне әсер ететін факторларға қатысты бір-біріне ұқсамайтын көзқарастар айтылуда.

Сонымен қатар, айтылған қарама-қайшы теориялық негіздердің әр түрлілігіне қарамастан, әдетте, осы мәселеге төрт негізгі бағытты бөледі:

  • Агрессия инстинктивті жүріс-тұрыс ретінде.
  • Агрессия оянудың көрінуі ретінде.
  • Агрессивті жүріс-тұрыстың когнитивті модельдері.
  • Агрессия жүре қалыптасқан әлеуметтік жүріс-тұрыс ретінде.

З. Фрейдтің пікірі бойынша, агрессивті жүріс-тұрыс тек туа беріліп қана қоймайды, сонымен қатар одан қашу мүмкін емес, себебі, егер танатостың қуаты сыртқа бағытталмаса, бұл жақында индивидуумның өзінің қирауына алып келеді. Тек агрессиямен бірге жүретін эмоцияның сырттай көрінуі ғана қиратушы қуатты азайтады және біршама қауіпті әрекеттердің көрінуін кемітеді.

З. Фрейд агрессивтіліктің пайда болуы мен ары қарай қалыптасуын бала дамуының кезеңдерімен байланыстырады.

Инстинктивті жүріс-тұрыс ретіндегі агрессия туралы жағдайды, адамның агрессияға алдын-ала дайындығы табиғи сұрыптаудың әсерінің салдары болып табылады деген пікірге келген, адам агрессивтілігіне эволюциялық бағыттың өкілдері де қолдаған. К. Лоренцтің болжамына сәйкес, агрессия, ең алдымен, басқа тіршілік иелері секілді адамдарда да болатын тіршілік үшін күрестің туа берілген инстинктісінен өз бастауын алады. Ғылым мен техниканың дамуы адамның табиғи өтетін биологиялық және психологиялық жетілуін қуып жетті және агрессияның тежелу механизмдерінің дамуын баяулатуға алып келді, бұл міндетті түрде агрессияның кезеңдік сырттай көрінуіне алып келеді. Олай болмаса ішкі қысым жиналады және басқарылмайтын жүріс-тұрыстың жарылысына алып келгенге дейін ағзаның ішінде қысым туындатады.

А. Адлер бойынша, агрессивтілік сананың іс-әрекетін ұйымдастыратын оның бөлінбейтін қасиеті болып табылады. Тірі материяның әмбебап қасиеті - бәсекелестік, бірінші болу үшін күрес, басым болуға талпыныс. Санада триумф интенциясы бар. Алайда бұл негізгі құмарлықтар, тек дұрыс қабылданған әлеуметтік қызығушылықтың контекстінде ғана, аутентті бола бастайды. Агрессивті сана агрессивті жүріс-тұрыстың әр түрлі формаларын туындатады: ашықтан - символдыққа дейін, мысалы, мақтаншақтық сондай болып келеді.

Психоанализдің басқа өкілі Э. Фромм агрессияның екі әр түрлі түрлерін қарастырады. Бұл қорғаныстық, адамның тіршілік ету ісіне қызмет ететін «қайырымды» агрессия; ол биологиялық түбірге ие және өмірге төнген қауіп немесе қатер жойылған кезде бірден басылып қалады. Келесі түр «қатыгез» агрессия - бұл тек адамға ғана тән және әр түрлі психологиялық және әлеуметтік факторлармен анықталатын деструктивтілік пен қаталдық.

Барлық теорияларға ортақ, агрессия инстинктивті, туа берілген факторлардың артықшылығы бойынша салдар болып табылатындығы туралы жағдай, агрессивті көрінулерді жою мүлдем дерлік мүмкін емес деген қорытындыға логикалық алып келеді. Барлық материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру да, әлеуметтік әділетсіздіктерді жою да, адамзат қоғамының құрылымындағы басқа да жағымды өзгерістер де агрессивті импульстардың туындауы мен көрінуін тоқтата алмайды.

Инстинктивті жүріс-тұрыс ретіндегі агрессия теориясына қарағанда, агрессия өз бастауын «ағзаның қандай да бір мәнді заттардан немесе жағдайлардан айрылуының нәтижесі болып табылатын және осындай депривациялардың күшею шамасы бойынша өсетін инстинктивті емес мотивациялық күш» ретінде анықталынатын оянудан алады деп есептейтін, бағыт біршама кең таралған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаhандану жағдайында мектеп жасындағы балаларды гендерлік толерантылыққа тәрбиелеу жолдары
Эмпатия мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау
Бала-бақша тәрбиешілерінің эмпатиялық даму ерекшеліктерінің сипатын ашу
Жеткіншек жас кезеңіне қатысты қарым - қатынас тұрғылары
Эмоция және эмоциялық интеллект туралы теорияларды салыстыру нәтижесінде заманауи тұлғаның жетістікке жету индикаторын жасау
Оқушылардың әлеуметтік-психологиялық климатына оқытушылардың педагогикалық қарым-қатынас стилінің әсері
Эмоциялар және эмоционалдық интеллект
Эмоцияларды басқару
Жеткіншектер қарым-қатынасы: балалар үйі жағдайында
Жасөспірімдерде психологиялық білімдерді қалып-тастыру мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz