Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттарының өзара байланысы және жүргізу тәртібі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттары.

Барлық есеп шоттар өздерінің масштабы, көлемі, есептік деректерінің топтасуы бойынша негізгі екі түрге бөлінеді:

  1. біртекті құралдарды (ресурстарды) және шаруашылық процестерін қорытындылаушы топтар аты мен есепке алуға арналған синтетикалық есеп шоты (немесе бірінші реттегі шоттар) ;
  2. құралдар (ресурстар) мен шаруашылық процестерін егжей- тегжейлі түп-түгел топтастыру мен есептеуге арналған аналитикалық шоттары (немесе екінші реттегі есеп шоттар) ;

Бұлардың құрлымының негізіне олардың белгілі бір ситетикалық есеп шотқа қатыстылығы алынады.

Есеп шоттардың синтетикалық және аналитикалық болып бөлінуіне сәйкес бухгалтерлік есеп субъектінің шаруашылық операцияларының қорытындыланған көрінісін беретін синтетикалық есепке және субъектінің шаруашылық қызметінің бүкіл бөліктерін немесе элементтерін толық көрсететін аналитикалық есепке бөлінеді.

Синтетикалық есеп ақшалай өлшемде жүргізіледі, ал аналитикалық есеп ақшалай өлшеммен қатар натуралдық және еңбек өлшемдерін де пайдаланады, яғни бірдей операциялар, мысалы тауар- материалдық игіліктердің қозғалысы натуралдық және ақшалай өлшемдермен жазылады.
Синтетикалық және аналитикалық есеп-бұл қатарлас жүретін есептің екі түрі. Бұлардың әрқайсысы бухгалтерлік есептің аяқталған ақпараттын тек мынадай айырмашылықпен-синтетикалық есеп оны қорытындыланған түрде, ал аналитикалық есеп толық түрінде береді.

Аналитикалық есеп жүргізу қажеттілігі мынадан туындаған: синтетикалық есеп казіргідей күрделі нарықтық шаруашылық жағдайында субъект қызметіне барынша толық бақылау жасауға сенімді түрде қамтамасыз ете алмайды. Мысалы, материалдық құралдардың (ресурстардың) жекелеген түрлерінің қозғалысына қорытынды бақылау жасап, тіркеу жұмысы әрбір нақты заттың қозғалысы мен жағдайы туралы нақты деректерді қажет етеді және т. б.

Жалпыға мәлім, шаруашылық құралдарының (ресурстарының) әрбір түрінің ондаған, жүздеген заттар түрлері болады. Мысалы, материалдардың саны мен қозғалысы есепке алынып отыратын «Материалдар» синтетикалық есеп шоты бойынша материалдардың әрбір түріне аналитикалық есеп талап етіледі, ал олардың саны субъектіде кейде ондап, жүздеп өлшенеді.
Сонымен бірге керісінше қажеттілікте туып жатады - аналитикалық есепке қатарлас синтетикалық есеп керек болады, өйткені аналитикалық есеп шоттардың жүйесі өте толық болып келеді де, объективті түрде қорытындылауды қажетсінеді.

Синтетикалық және аналитикалық есеп үшін ортақ нәрсе-олар бір бірімен өзара байланысты және бір-бірін бақылап отырады.

Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттары.
Синтетикалық есеп шот Аналитикалық есеп шот
( ақшалай өлшем ) ( натуралдық және ақшалай

өлшемдер)
http://uchebnik.kz/f/6.gif

Синтетикалық есеп шоттарда шаруашылық ресурстары (құралдары) мен олардың қозғалысы туралы қорытындыланған көрсеткіштер сақталады.
http://uchebnik.kz/f/5.gif

Аналитикалық есеп шоттар есептің тиісті объектілеріне толық, әрі егжей - тегжейлі сипаттама береді.

Өзіне қосымшаға аналитикалық есеп шоты бар синтетикалық есеп шотқа жазылатын барлық жазулар бірдей уақытта және қатарлас тиісті аналитикалық есеп шоттарға да жазылады және керісінше, бірдей уақытта және қатарлас синтетикалық есеп шотқа жазу жазылмай тұрып аналитикалық есеп шотқа бірде -бір жазу жасалынбау керек.

Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттар арасындағы өзара байланыс былайшы көрінеді:

  1. Синтетикалық есеп шотқа түсірілетін әрбір жазу олар біріктіретін аналитикалық есеп шоттар тұсына жүргізіледі (дебетке немесе кредитке) ;
  2. Синтетикалық есеп шотқа операция жалпы сомамен жазылады, ал аналитикалық есеп шотқа-тиісті жеке сомалармен жазылады, олар жиынтығында жалпы соманы құрайды;
  3. Синтетикалық есеп шоттың дебет бойынша айналымы дебеттер айналымдары қамтыған аналитикалық есеп шоттардың жалпы жиынтығына тең, ал шаруашылық есеп шоттың кредит бойынша айналымы аналитикалық есеп шоттардың кредиттік айналымдарының жиынтығына тең;
  4. Синтетикалық есеп шот сальдосы олар қамтыған аналитикалық есеп шоттардың барлық сальдоларының жалпы жиынтығына тең;

Есептің қатарлас түрлерін жүргізу арқылы ағымдағы бүкіл есепке автоматты түрдегі бақылау жүзеге асырылады, яғни синтетикалық есептің жиынтық деректері аналитикалық есептің жиынтық деректерімен бақыланады және керісінше.
Мұны шартты мысалмен көрсетелік.
І. Шаруашылық операцияларының бас кезеңдегі баланс былай болады:
Актив Пассив

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттарының құрылымы, өзара байланысы және айналым ведомостылары
Бухгалтерлік шоттардың жіктелуі, екіжақты жазба және синтетикалық-аналитикалық есеп жүргізу
Бухгалтерлік шоттардың жіктелуі, екі жақты жазба және синтетикалық-аналитикалық шоттардың өзара байланысы
Бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспары: аралық шоттарды қолдану және айналым ведомостарын жүргізу тәртібі
Кассадағы нақты ақшалардың қозғалысы мен есебі: бухгалтерлік есептегі мәні, құжаттандыру және синтетикалық-аналитикалық есеп жүргізу тәртібі
Синтетикалық және аналитикалық шоттар: құрылым, субсчеттер және есептік өзара байланыс
Синтетикалық және аналитикалық счеттер: бухгалтерлік есепте құрылымы, байланысы және айналым ведомостары
Өндірістік шығындардың бухгалтерлік есебі және өндірістік есеп шоттарының пәнаралық байланысы (Бест-стройкомплект ЖШС мысалында)
Коммерциялық банктегі бухгалтерлік шоттар жоспары және аналитикалық-синтетикалық есеп жүйесі
Қолма-қолсыз есеп айырысулардың синтетикалық және аналитикалық есебі (Құлас-құрылыс ЖШС мысалында)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz