Георгиннен фруктоза алудың тиімді жағдайын анықтау


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ГЕОРГИННЕН ФРУКТОЗА АЛУДЫҢ ТИІМДІ ЖАҒДАЙЫН АНЫҚТАУ

Бүгінгі таңда қант диабеті ғасыр ауруына айналып отыр. Бұл індет таралуы жөнінен анкологиялық және жүрек - қантамыр ауруларынан кейінгі үшінші орында тұр. Қант диабеті қандағы қанттарды ыдыратып, оның мөлшерін реттеп отыратын инсулин гормонының жетіспеушілігінен туындайды. Қант диабетімен ауыратындарды емдеудің негізгі әдісі - диетатерапия болып табылады. Сондықтан да, қант алмастырғыштарды өндіру бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сондай қант алмастырғыштардың бірі - фруктоза [1] .

Фруктоза (левулоза, жеміс қанты) - моносахаридтер тобына жататын глюкозаның изомері. Фруктоза сахароза мен инулиннің құрамдас бөлігі болып табылады. Фруктозаның жеміс қанты деп аталу себебі, ол табиғи күйінде барлық жеміс-жидектердің құрамында кездеседі. Балдың негізгі бөлігі фруктозадан тұрады [2] .

Фруктозаның негізгі қасиеттерінің бірі-оның тәттілігі, ол сахарозадан 1, 5-1, 7 есе тәтті [3] . Фруктозаны қолдану арқылы қанттың қабылдау мөлшерін 30-50 %-ға азайтуға болады. Фруктоза адам организмінде өте сіңімді, қорытылу кезінде инсулиннің қатысуын қажет етпейді. Сондықтан да, фруктоза диабеттерге арналған препараттар жасауда, диеталық тағамдар даярлауда және басқа да тамақ өнімдерін даярлауда кеңінен қолданылады [1] .

Сонымен қатар, фруктозаның басқа да ерекше қасиеттері бар. Ол қандағы алкогольдің ыдырауын күшейтеді және де тамақтануда кәдімгі қантты фруктозамен алмастыру - тіс ауруларының алдын алуға септігін тигізеді [4] .

Фруктозаны алудың өндірістік маңызы бар көздеріне инулин құрамдас өсімдіктер жатады. Мұндай өсімдіктерге жататындар: топинамбур, шашыратқы, түйежапырақ, георгин, бақбақ т. б. Солардың бірі - георгин [5] .

Георгин (далия, нарғызгүл) - күрделігүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Георгиннің Отаны - Мексика, Орталық Америка елдері. Бұл өсімдіктің 15-ке жуық жабайы түрі белгілі, ал қолдан өсірілген 8000-нан астам сорты бар. Бүгінгі күні бұл өсімдік әлемнің барлық елдерінде мәдени мақсатта қолданылады [6] . Георгиннің тамыры - етті-жеңді түйнекті болып келеді, қоректік заттар қоры түйнек тамырында жиналады. Бүгінгі таңда халықаралық ұйым георгиннің бойы 20см-ден 2м-ге дейін жететін 20 000 түрін анықтап отыр.

Георгинді сәндік мақсатта бақшада және үй ішінде өсіруге болады. Георгиндер кез-келген топырақта өсе береді. Әсіресе, құм араласқан, құнарлы топырақта жақсы өседі. Георгинді күтіп-баптау өте қарапайым, оны кез-келген жағдайда өсіруге болады [7. 8] .

Біздің кафедрамызда инулин құрамдас өсімдіктерден (топинамбур, шашыратқы, түйежапырақ, бақбақ т. б) әр түрлі өнімдер алынуда. Атап айтқанда: спирт, инулин, сірне және тағы басқа өнімдер. Сонымен қатар, осы өсімдіктердің құрамдары мен қасиеттері зерттелуде.

Әдеби деректер бойынша георгиннің құрамында 15-18 %-ға дейін инулин болады. Бұл мәдени өсімдік болғанымен, оның құрамындағы қант мөлшері топинамбурдан және басқа да инулин құрамдас өсімдіктерден кем емес. Сондықтан да, зерттеу жұмысының мақсаты - георгиннен фруктоза алудың тиімді жағдайын анықтау болып отыр.

Зерттеу объектісі ретінде Алматы Ботаникалық бағында өсірілген георгиннің «Веселые ребята» деп аталатын сортының түйнегі пайдаланылды. Георгиннен фруктоза алудың технологиясы үш сатыдан тұрады. Бірінші сатыда георгиннен инулин алынады. Екінші саты - алынған инулинді тазалау. Үшінші сатыда - алынған таза инулинді органикалық қышқылдармен гидролиздеп, фруктоза алынады.

Алдымен шикізаттың құрамы мен қасиеттері зерттелінді. Ондағы мәліметтер 1-кестеде көрсетілген.

Кесте 1. Георгиннің құрамы мен физика-химиялық қасиеттері

Шикі-зат
Ылғалды-лығы, %

Күл-

ді-

лігі,

%

Экстракция

лау дәрежесі, %

С дәрумені%
Пектинді заттар, %
Қант мөлшері, %
Суда

Спирт-

те 80%

Суда ери-

тін

Суда ерімей-тін
Жал-пы қант

Ері

ген қант

РЗ
№: 1
Шикі-зат: Геор-гин түй-негі
Ылғалды-лығы, %: 75, 0
Күл-ді-лігі,%: 1, 566
Экстракциялау дәрежесі, %: 50, 4
С дәрумені%: 30, 19
Пектинді заттар, %: 4, 85
Қант мөлшері, %: 27, 59
36, 18
26, 0
25, 0
24, 7
№: 2
Шикі-зат: 71, 97
Ылғалды-лығы, %: 1, 515
Күл-ді-лігі,%: 51, 06
Экстракциялау дәрежесі, %: 31, 04
С дәрумені%: 4, 36
Пектинді заттар, %: 27, 85
Қант мөлшері, %: 37, 06
26, 1
25, 5
25, 0

* РЗ- редуцирленген заттар

1-ші кестеде көрсетілгендей георгиннің ылғалдылығы 71, 96-75, 0% аралығында, ал күлділігі 1, 515-1, 566% аралығында өзгереді. Экстракциялау дәрежесі суда - 50, 4-51, 06%, ал спиртте - 30, 19-31, 04% аралығында болады. С дәрумені 4, 36-4, 85 %-ды құрайды. Пектинді заттар - суда еритін 27, 59-27, 85%, ал суда ерімейтін 36, 18-37, 06% аралығында өзгереді. Белок мөлшері 10, 30-10, 37% аралығында, флаванойд 0, 10-0, 11% аралығында болады. Қанттардың мөлшері: жалпы қант 26, 0-26, 1% болса, ондағы редуцирленген заттар 24, 7-25%, еріген қанттың мөлшері 25, 0-25, 5% аралығында болады.

Барлық қанттар суда және спиртте жақсы еритіндіктен, оларды бөліп алу үшін экстракция әдісі тиімді. Экстрагент ретінде су мен спирттің әр түрлі концентрациялы ерітінділері қолданылды. Инулиннің экстракциялануы спиртке қарағанда суда әлдеқайда жоғары, яғни 20%-ға жуық болғандықтан, экстрагент ретінде ыстық суды қолдану тиімді болып табылады, әрі арзанға түседі.

Ыстық сумен экстракциялау 80-85 ºС температурада, 15-120мин аралығында, қаттының сұйыққа қатынасы 1:10-1:100 қатынасы аралығында жүргізілді. Зерттеу нәтежиесінде ыстық сумен экстракциялап инулинді бөлудің тиімді жағдайы анықталды. Георгинді ыстық сумен экстракциялап инулин алудың тиімді жағдайы 2-кестеде көрсетілген.

Кесте 2. Георгинді ыстық сумен экстракциялап инулин алудың тиімді жағдайы

Георгин, г
Қ:С
t, ºС

τ,

мин

Инулин салмағы,

г

Инулин шығы-

мы, %

Инулин құр-ғы қант мөлшері, %

Жал-

пы қант

Ері-

ген қант

РЗ
№:

1

2

3

4

5

Георгин, г: 1
Қ:С:

1:10

1:25

1:50

1:75

1:100

t, ºС: 80-85
τ,мин: 60
Инулин салмағы,г:

0, 39

0, 57

0, 60

0, 68

0, 67

Инулин шығы-мы, %:

39

57

60

68

67

Инулин құр-ғы қант мөлшері, %:

26, 03

26, 03

26, 03

26, 03

26, 03

52, 2

65, 2

55, 8

55, 8

69, 8

27, 4

27, 4

27, 4

27, 4

27, 4

Кестеде көрініп тұрғандай, әр түрлі қатынаста инулиннің шығымы 39-67% аралығында өзгереді екен. Ал, осы мәліметтерді график түрінде кескіндесек, георгинді ыстық сумен экстракциялап инулин алудың тиімді жағдайын бірден көруге болады. Қаттының сұйыққа қатынасы 1:75-1:100 аралығында (шығымы 68-67%), уақыт 30-60мин аралығында (шығымы 62-68%) инулин шығымы жоғары болып табылады.

Георгинді ыстық сумен экстракциялау нәтежесінде бөлінген инулин шығымының

( 1 сағ. ) қ : с қатынaсына тәуелділігі

Георгинді ыстық сумен экстракциялау (1:75) нәтежесінде бөлінген инулин шығымының уақытқа тәуелділігі

Алынған инулиннің құрамында суда және спиртте еритін пектиндер, белоктар, суда еритін витаминдер болады. Сондықтан алынған инулинді қатты сорбенттермен тазалау қажет. Ол үшін тиімді адсорбент іріктелінді. Адсорбент ретінде активтелген көмірді қолдану тиімді. Себебі, активтелген көмірмен тазалау нәтежиесінде таза инулин бөлінді.

Келесі сатыда алынған инулинді әр түрлі концентрациялы алма және лимон қышқылдарымен гидролиздеу арқылы фруктоза алынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топинамбур өсімдігі
Күздік шашыратқы тамырынан инулин бөлудің тиімді жағдайын анықтау
Қазіргі заманға сай жаңа технологияларды игеру арқылы жеке оқу құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін электрондық оқулықтың маңызын ашып көрсету
Қант және қант өндірісі жайында
Күрделі көмірсулар немесе күрделі қанттар
Ұнның газ түзілу қабілеті
МАЙЛАР ЖӘНЕ МАЙ ТӘРІЗДІ ЗАТТАР
Көмірсулардың адам өміріндегі физиологиялық рөлі
Нан ашытқысын алу технологиясы
Крахмал шикізатынан этил спиртін алу өндірісін жобалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz