Мектеп бағдарламасы шеңберінде аспаптық музыканы қолданудың әдіс-тәсілдері
Кіріспе
Өзектілігі. Бүгінде мектеп окушыларына ұлттық музыка өнерін, әсіресе бастауыш сынып окушыларына аспаптық музыкаға қызығушылығын арттыру мен оның тәрбиелік негізін тереңірек меңгеру қажеттігі туындап отыр. Бұған негіз ретінде Р.Жәрдемәлиеваның, М.Балтабаевтың, А.Райымбергеновтың, Ш.Құлманованың бастауыш сыныптарна арналған әдістемелік бағдарламасын атап өтуге болады. Ол оқушының талғамын, эстетикалық тәрбиесін, көркемдік қызығушылығы мен шығармашылық қатынасын арттыруға ықпалын тигізуде.
Қазақ халық муызыкасы, дәстүрлі көркем мәдениетін жетілдіру мақсатында пайдалану жолын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсеткен ғалымдарымыз. С.А.Ұзақбаева, М.Х.Балтабаев, Т.А.Қышқашбаев, Ж.З.Өтемісов, Р.К.Дүйсембінова, Ұ.А.Асанова, М.А.Оразалиева және т.б.
Ұлттық музыка өнерінің бала тәрбиесіндегі мүмкіндігіне ағарту ісінің көптеген қайраткерлері . Н.К.Крупская, В.Сухамлинский, К.Д.Ушинский ж.б. аса мән берген. Осы аспаптық музыка негізінде орындалатын күйді тыңдатудың тиімді тәсілдері қарастырылады. Күйдің ерекше қасиеттерін ашып көрсеткен академик А.Қ.Жұбановтың еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
Сонымен, оқушыларды аспаптық музыка негізінде оқытудың педагогикалық проблемалары және оны қолданудағы тәрбиелік сипатын ашудың маңызы зор.
Мақсаты — бастауыш сынып окушыларын аспаптық музыкаға қызықтыра отырып тәрбиелеудің педагогикалық тиімді жолдарын теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
Объектісі — бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін тәрбие ісінде аспаптық музыкалық тәрбиелік сипатын саралау.
Зерттеу пәні — бастауыш сынып оқушыларына аспаптық музыканың тигізетін тәрбиелік ықпалын қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері: . бастауыш сынып оқушыларының тәрбиелік сипатын саралауда ұлттық ойлау және болмысын қалыптастыру;

Өзектілігі. Бүгінде мектеп окушыларына ұлттық музыка өнерін, әсіресе
бастауыш сынып окушыларына аспаптық музыкаға қызығушылығын арттыру мен оның
тәрбиелік негізін тереңірек меңгеру қажеттігі туындап отыр. Бұған негіз
ретінде Р.Жәрдемәлиеваның, М.Балтабаевтың, А.Райымбергеновтың,
Ш.Құлманованың бастауыш сыныптарна арналған әдістемелік бағдарламасын атап
өтуге болады. Ол оқушының талғамын, эстетикалық тәрбиесін, көркемдік
қызығушылығы мен шығармашылық қатынасын арттыруға ықпалын тигізуде.
Қазақ халық муызыкасы, дәстүрлі көркем мәдениетін жетілдіру мақсатында
пайдалану жолын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсеткен
ғалымдарымыз- С.А.Ұзақбаева, М.Х.Балтабаев, Т.А.Қышқашбаев, Ж.З.Өтемісов,
Р.К.Дүйсембінова, Ұ.А.Асанова, М.А.Оразалиева және т.б.
Ұлттық музыка өнерінің бала тәрбиесіндегі мүмкіндігіне ағарту ісінің
көптеген қайраткерлері - Н.К.Крупская, В.Сухамлинский, К.Д.Ушинский ж.б.
аса мән берген. Осы аспаптық музыка негізінде орындалатын күйді тыңдатудың
тиімді тәсілдері қарастырылады. Күйдің ерекше қасиеттерін ашып көрсеткен
академик А.Қ.Жұбановтың еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
Сонымен, оқушыларды аспаптық музыка негізінде оқытудың педагогикалық
проблемалары және оны қолданудағы тәрбиелік сипатын ашудың маңызы зор.
Мақсаты — бастауыш сынып окушыларын аспаптық музыкаға қызықтыра отырып
тәрбиелеудің педагогикалық тиімді жолдарын теориялық тұрғыда негіздеп,
әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
Объектісі — бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін тәрбие ісінде аспаптық
музыкалық тәрбиелік сипатын саралау.
Зерттеу пәні — бастауыш сынып оқушыларына аспаптық музыканың тигізетін
тәрбиелік ықпалын қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері: - бастауыш сынып оқушыларының тәрбиелік сипатын
саралауда ұлттық ойлау және болмысын қалыптастыру;
-аспаптық музыканы педагогикалық тұрғыда пайдалану. Дәстүрлі амал-жолдарын
айқындау, музыкалық білімді қалыптастыру мақсатында талдап, жүйеге келтіру;
-аспаптық музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының сабақ жоспарларын
жасау.
Әдістері мен тәсілдері - философия, педагогика, өнертану ғылымдарының
жетістіктерін пайдалана отырып, аспаптық музыканың тәрбиелік сипатын
саралау.
Жетекші идея — бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие процесінде аспаптық музыканы
қолдана отырып, педагогикалық тұрғыда оқушылардың тәрбиелік ісіне тигізер
ықпалын анықтау.
Зерттеудің кезеңдері:
I кезеңде 2001 жылы Алматы қаласы М.Базарбаев атындағы өнер гимназиясында
педагогикалық тәжірибе жүргізілді. Онда деректі материалдарға жүйелі
талдау жасалып, ой елегінен өткізілді.
II кезеңде 2002 жылы осы өнер гимназиясында музыкалық білімді жетілдіру
мақсатында жұмыстар жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы — бастауыш сынып оқушыларына аспаптық музыка
негізінде оқытудың тәрбиелік сипатын ашып көрсету.
Тәжірибелік маңызы — бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстарда
аспаптық музыканы пайдалану арқылы әдістемелік ұсыныстар жасау.
Зерттеудің дәлелдігі — аспаптық музыкаға арналған зерттеулерге сүйене
отырып қамтамасыз етілді.
Зерттеудің педагогикалық сипаттамасы - аспаптық музыкаға арналған күйлерді
қарастыра отырып, олардың тәрбиеге ықпалы қарастырылды.
Диплом жұмысының құрылымы жұмыс кіріспе, негізгі екі тарау, қорытынды
бөлімдерден тұрады. Соңынан әдебиет тізімі берілді.
I ТАРАУ
Мектеп оқушыларын аспаптық музыка негізінде оқытудың теориялық
мәселелері
1.1 Оқушыларды аспаптық музыка негізінде оқытудың педагогикалық
проблемалары
Оқушыларды аспаптық музыка негізінде оқытудың өзіндік ерекшеліктерімен
мүмкіндіктері бар. Музыка пәнінің деңгейін көтеру, аспаптық музыка
негізінде білім беру ісін жетілдіру, оның тиімділігін арттыру қажеттігі
туып отыр.
Халықтың музыкалық мұрасын жинап-теріп, оны зерттеу жолында артына
ұмтылмас із қалдырған А.В.Затевич, академик А.Қ.Жұбанов, өнер зеттеушілері
Б.Г.Ерзакович, П.И.Аравин, Б.Ш.Сарыбаев сынды ғалымдардың ұлан-ғайыр
еңбектері халқымыздың игілігіне жарап, ұрпақтан-ұрпаққа тарап жатыр. Білім
берудің бұл жағын, әсіресе төменгі сынып оқушылары әлдеқайда айқын
сезінеді. Бұл міндет педагогикалық міндеттермен қатар окушылардың аспаптық
музыкаға деген саналы көзқарасын қалыптастыра отырып жүзеге асырылады.
Соңғы жылдары аспаптық музыканың әрбір жанрын бөлек арқау етіп, жеке
дара зерттеу жұмыстары қолға алына бастады. Олардың қатарында өнер
зерттеушілері Ә.Райымбергенов, Б.Аманов, П.Шегсбаев т.б. атауға болады.
Республика ғылымы саласында жас ұрпақты халық музыкасы арқылы тәрбиелеу
мәселесі жан-жақты да, терең зерттеле бастады. Бұл орайда С.А.Ұзақбаева,
М.Х.Балтабаев, Т.К.Қышқашбаев, Д.К.Дүйсенбаева және т.б.
Аталған еңбектердің әрқайсысы аспаптық музыка мәселесінің теориялық
негіздемесін қамтамасыз етіп, әрі қарай жетілдіру жолдарын белгілеуге үлес
қосады.
Сонымен оқушыларды аспаптық музыка негізінде оқытудың мәселесін
қарастыра отырып, біріншіден жалпы аспаптық музыкаға деген қызығушылығын
арттыру тәсіліне көңіл бөлінеді.
Педагогика ғылымының тарихымен мектептің қалыптасу кезеңдеріне тоқталар
болсақ, белгілі педагогтар оқу тәжірибе ісінде қызығушылықпен оқытуға үлкен
мән берді. Мысалы, Жан-Жак Руссо оқыту процесінде қызығушылыққа көп көңіл
бөле отырып1, "оқушының кез-келген материалына қызығушылығы болса, оны тез
әрі қарай меңгеріп кете алады", - деді. Я.А.Каменский еңбектерінде танымдық
қызығушылықтың маңызын айқындайды, оқуға, білімге, қызығушылықты арттыруда
оқу материалының тиімділігін атап көрсетті2. К.Д.Ушинский педагогтардың ой-
пікірлерін қолдай келе "Ешбір қызығушылықсыз, тек мәжбүр ету арқылы
жүргізілген оқу қажетсіз, ол оқушы бойындағы білімге деген құштарлығын
жойып жібереді"3, - деп жазды.
Айталық XVII ғасырда француз сенсуалистері мен материалистері Гербарт,
Кондильяк, Гельведций психология ғылымында, қызығушылықтың ұғымын пайдалана
отырып, қызығу-педагогиканың ең негізгі ұғымы деген тұжырым жасады.
Белгілі психологтар С.А.Ананьин, М.Р.Беляев, Л.И.Божович,
СЛ.Рубинштейн, В.Н.Мясинщев т.б. ғалымдар "қызығу" ұғымына өздерінің түрлі
көзқарастарын білдіре отырып, "қызығушылық" — жеке адамның белгілі бір
бағыттылығы деген ортақ пікірге келеді.
Педагог, музыкант Б.Асафьев "Музыка сабағындағы болып жатқан
әрекеттерге эмоциялық қатынасын дамытудың ең негізгісі — оларды қызықтыра
білу" - деді4. Ал Д.Кабеловский "Музыкаға деген қызығушылық, музыкамен
әуестену, ұнату да оны ғажайып сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт. Сонда
ғана ол өзінің тәрбиелік және танымдық ролін атқара алатын болады. Ал
музыкаға қызықпаған,онымен айналыспаған, оны ұнатпаған адамға білім және
тәрбие берем деу сәтсіздікке ұшыратпай қоймайды"3. Бұдан шығатын корытынды:
балалардың музыкалық аспапқа қызығу сезімін оятпай, олармен музыкалық сабақ
өткіземін деу бос әурешілік. Ал музыкалық аспапты ұнату, оған қызығу
сезімдері арқылы балаларға музыкалық аспаптың нағыз көркем үлгілерін, шығу
тарихын, әр аспаптардың ерекшеліктерін, ойнау тәсілдерін педагогикалық
негізде түсіндіру қажет.
Қызығушылық мәселесі қазақ ойшылдары мен философтарының да, ағартушы
педагогтарының да назарынан тыс қалмаған. Олар айналаны танып білуде
қызығушылықтың роліне үлкен мән берген. Әсіресе балаларды тәрбиелеуде
олардың білімге қызығушылығын қалыптастырудың әдіс жолдарын қарастырған.
Мысалы, Әл-Фараби "Философияны үйрену үшін қажетті шарттар" атты
трактаттарында баланың ішкі сезімдеріне әсер ете отырып, мұғалімнің оқыту
процесінде қызығушылықпен ынта тудыра білуі жөнінде пікір айтты: "Рухани
негізі түзу болса, оның тілегі, қалауы дұрыс болады. Оқу-үйрену нәтижесінде
шәкірттің ниеті әсер етеді, көңіл қалауы болмақ"6. Сонымен қатар Ибн-
Синаның тәрбие беру туралы пікірі де өте құнды. Ол," егер бала - ұжымды
тәрбиеленсе, онда ол жалықпайды, сабаққа ынтасы мен қызығушылығы пайда
болып, басқалардан қалып қоймауға талпынады "7-дейді. Ғұлама Абай да өзінің
38-қара сөзінде адамның адамдығы -(тәрбиелілігі), ақылы мен ғылымы (алған
білімі) туа біткен денсаулығына, психологиялық жан дүниесінің дұрыстығына
тәуелді дегенді айта келе, оқуға баулудың мынадай педагогикалық жолын
ұсынады: "Ғылым - білімді әуел бастан бала өзі іздеп таппайды. Басында
зорлық яки алдау мен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей
болдырудың, қызықтырудың тәсілдерін меңзейді8. Балалардың өнер-білімге
деген талабы олардың қызығушылығын оятып, тәрбиелеген жағдайда ғана жеміс
бере алатындығына халқымыздың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсарин сол кезде жіті
назар аударып,пікір білдірген.
Ы.Алтынсариннің көзқарастарында балаларды мектепке, сабаққа, кейіннен
ғылымға өз бетімен қүштарландыратынын сабақ балаларға ана тілінде
қарапайым, қызықты ұғындырылып, әңгімелер мен ертегілер, мысалдар мен
өлеңдер орынды пайдаланса, олардың білім алуға қызығушылығы арта түсетіні
айтылады .
Қызығушылықтың өнер-біліммен сусындауда әрқашан жетекші мәнге ие
екендігі жөнінде Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов,М.Жұмабаев еңбектерінде де
назар аударады.
Қызығушылыққа қатысты осы ұғымдарды пайдалана келе, оқушылардың
аспаптық музыкаға қызығушылығын арттыру, олардың бір іске белсене араласу
дағдысын қалыптастырады.
Аспаптық музыкаға деген қызығушылық жалпы білім беретін мектептерде ән-
күй пәні және сыныптан тыс жұмыстар барысында да мүғалімдердің мақсатты,
жүйелі басшылығымен жүзеге асады. Бұл жерде, әлбетте, басты рольді жеке
тұлғаның өзіндік қызығушылығы арқылы атқарады. Сөйтіп, жалпы аспаптық
музыка өнеріне деген дұрыс көзқарастың қалыптасуына негіз болады.
Ал өскелең ұрпаққа аспаптық музыканың тәрбиелік сипатын саралау орасан
зор роль атқаратыны белгілі. Қазақстанда аспаптық музыканың дамуы халықтың
көп ғасырлық тарихымен оның тұрмыс-салтымен, мәдениетімен тығыз ұштасқан.
Мәселен бір ғана қазақ халқының ұлттық аспаптары халық бұқарасының рухани
творчествосының бағалы нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар
интернационалдық аспаптық музыканың тәрбиедегі қазіргі кезде әрбір халықтың
мәдени және рухани мұрасына дұрыс көзқарасты қалыптастыру, оларды пайдалану
жолдарын іздестіру ерекше мәнге ие болып отыр.
Жеткіншек ұрпаққа аспаптық музыка арқылы тәрбие беру мәселесі бойынша
материалдар да бүгінгі мектептердің практикалық тәжірибесінде бар болғанына
қарамастан, бұл проблеманың көптеген аспектілері Қазақстанда әлі де
зерттелмегені құпия емес.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей аспаптық музыкаға окушылардың
қызығушылығын қарастыра отырып оның эстетикалық тәрбиесіне, ұлттық
ерекшеліктеріне, шығу тарихына және сол аспаптарды қолдана отырып, ұлттық
ойлау және болмысын қалыптастыруына негіз болып отыр.
Жалпы музыканың тәрбиелік сипаты жөнінде шығыстың ұлы ойшылы, әмбебап
ғалым Әл-Фараби "музыкалық әуендер жақсы мінез-құлық машықтарын, адамның
қоғамдық мұраттарын қалыптастыруда елеулі роль атқарады және музыка мен ән
адамды эстетикалық сезімдерді туғызу арқылы кісінің өзін-өзі тәрбиеленуіне,
бойдағы нашар қасиеттен арылуына ықпал етеді"11 деп жазды. Аспапты
музыкадан ерекше дыбыстарды есту арқылы белгілі бір әуен шығары сөзсіз.
Оқушыларға аспапты музыканың ерекшелігін, әуеннің саздылығын, әсемділігін,
екпінін,ырғақ мәнерін, бояуын түсініп, өз тарапынан қиялдау мен
шығармашылық қабілетін көрсете білген жағдайда ғана аспап туралы сөз
қозғауға болады.
Аспапты музыка өзіндік ерекшеліктерін бейнелей келе, белгілі
композитор, академик А.К.Жұбанов: "Халық аспаптарының ішектерінде ғасырлар
бойы даналық тұнып"12, - деген еді.
Ал үрмелі және ұрып ойналатын аспаптар туралы, қазақтың музыкалық
аспаптарын зерттеуші Б.Сарыбаев "... бұл аспаптарды дабыл қағу үшін
жорықтарға алып шығатын болған. Мұндай аспаптарға тән қасиеттерін
қарастырар болсақ, үрып ойналатьш аспаптардың көлемі үлкен, даусы зор.
Халық тұрмысында, сонау бағзы заманнан бері, қоңырау көлемі әр түрлі
сақиналар және басқа металл заттар қолданылған. Қазақ бақсылары да өздері
ем жасаған кезеңдерінде жынын алдырғандай болып ақыра-бақыра отырып,
қоңыраулар мен сақина-шығыршықтарды қоса даңғырлатып, күңгірлететін болған.
Оларды көбінесе музыкалық аспаптар даңғыраға, асатаяқ пен қылқобызға тағып
алады екен"13.
Жоғарыда айтылған аспаптардан басқа, кейбір музыкалық аспаптар
дәріптеліп жырға қосылып отырған. Оқушыларға музыкалық аспаптардың өзіндік
қасиеті мен тәрбиелік сипатын ашып түсіндіру музыка сабағында аспаптарды
қолдану арқылы іске асыруға болады. Осындай көне аспаптарды жинау ісінің
таза танымдық тұғырымен бірге практикалық маңызы зор. Музыкалық аспаптардың
шығу тарихы, оның өзіне тон ерекшеліктері туралы профессор Б.Ш.Сарыбаевтың
еңбектерінде кеңінен баяндалған. Қ.Мендіаяқова, Г.Қарамолдаева ''Мектепте
музыка тәрбиесін беру
Үрмелі аспаптар - сыбызғы, қамыс сырнай, саз сырнай, үскірік тастауық,
керней;
Ішекті аспаптар — жетіген, шертер, домбыра, қылқобыз;
Тілішікті аспап — шаңқобыз;
Ұрып ойналатын музыкалық аспаптар — дабыл, даңғыра, кепшік,
дауылпаз,шыңдауыл, асатаяқ, қоңырау т.б.
Енді осы аспаптардың кейбіреулеріне сипаттама бере отырып, оқушыларды
осы аспаптар туралы жазылған аңыз-әңгімелерді мысал ету арқылы, қызықтыра
тәрбиелеуімізге болады.
Халық арасында көп тараған қазақтың ежелден келе жатқан сүйікті музыка
аспабы — домбыра. Домбыраның мүмкіншілігі жөнінде Б.Сарыбаев былай дейді:
"егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі—аңызды сүйемелдеу үшін
ғана қолданса, енді домбыра жеке шығармалар орындауға арналып, күрделі
аспаптар қатарына қосылды. Бармағынан бал тамған майталман домбырашылар,
халық композиторлары Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек,
Байсерке, Казанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан
екен. Бұлар небір ғажайып күйді шығарған шын мәніндегі өнер иелері"15.
Қобыз — халқымыздың ерте заманнан келе жатқан ең көне аспаптарының
бірі. Казақ халқының ежелден пайдаланып келе жатқан қобызы - қылқобыз.
Қылқобыз деп аталатын себебі, оған екі қыл ішек тағады. Бұл аспап ата-
бабаларымыздың әрідегі үніндей. Ол екі заманның сырын шертеді, алыс заман
оқиғаларын қоңыр күйімен баяндайды. Қобыздың тарихы мен әдеби көне
ескерткіште Қорқыт ата есімімен тікелей байланысты. Қорқыт халық ұғымында
ел басына түскен ауыртпашылықты күні бұрын болжай білетін сәуегей, оның
тағдырын ойлап, түн ұйқысын төрт бөлген замана шындығын қыл ішекті қобызда
сөйлеткен асқан музыкант, халықтың басынан кешірген не түрлі тарихи кезеңін
өлеңмен баяндаған жырау. Қобыздың аңыз күйлерімен оқушыларға түсінікті әрі
қызықтыра білім беріп, олардың тыңдап, ести білу қабілеттерін жандандыру
негізі көзделеді.
Қазақ халқының үрлеп ойнайтын музыкалық аспаптарының бірі-сыбызғы.
Сыбызғыны, әсіресе, қойшылар мен малшылар қамыстан немесс қурайдан жасап
алып ойнай білген. Орындалатын күйлердің мазмұны табиғатты, жан
-жануарларды, құстарды, өзен-көлдерді суреттеуге арналған.
Казақ халқының ерте заманнан келе жатқан, шертіп ойнайтын көне
музыкалық аспаптарының бірі — жетіген. Бұрауы жоқ, тегіс бетіне жеті ішек
таққан. Тиек орнына жеті асық қойылған, құлақ күйін асықтарды ілгерілі-
кейінді жылжыту арқылы келтіреді. Дыбыс ішектерді саусақтармен іліп-қағу
арқылы шығады. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалынады. Шектері аттың
қылынан тағылады. Бұл туралы аңыз-әңгімелер халық арасында пайдаланып
келеді.
Сырнай деп музыкалық аспаптардың бірнешеуін атаған. "Сырнай" деген сөз
"сыр" және "най" деген екі сөзден тұрады. Қазақ тілінде "сыр" деген сөздің
мағынасы, мысалы, сырласу, "сыр шерту" болса, "най" деп аспаптарды және
кейбір түтік заттарды атаған екен. Сырнай ерте заманнан келе жатқан
қазақтың үрмелі музыкалық асбабына жатады. Ол өзінің жасалған затына қарай,
құрлысына қарай: саз сырнай, қамыс сырнай, мүйіз сырнай, қос сырнай немесе
сырнай болып бөлінеді. Сырнайдың XIX ғасырдың ортасында қазақ жерінде тарай
бастаған аты "гармоника", мұны "қағаз сырнай" деп атаған. Себебі дыбыс
күштілігі, дауыс ырғағының әдемілігі саз сырнай мен үрлемелі сырнайға
ұқсас. Аспаптың қазақ жеріне кең таралуы оның тембірінің халық музыкасының
үніне сәйкес келуі, әрі көшпелі халыққа алып жүруге ыңғайлы болған. Бүгінгі
таңда осы сырнай аспабы музыка пәні сабағында оқушыларды сүйемелдеудің
негізгі музыкалық аспабына айналды.
Жалпы өнер сүйер қауымның бірден-бір жиі меңгеріп, ойнап жүрген
аспаптарының бірі — шаңқобыз. Ол көне музыкалық аспап. XIX ғасырдың екінші
жартысынан бастап, қазақ жеріне белгілі болған. Шаңқобыз темірден, ағаштан,
кейде күмістен жасалатын, түрі уысқа сиғандай шағын ғана аспап. Оны
ойнағанда тістің арасына апарып, тілшіге ерінді тигізбей, тіл мен
көмекейдің қатысуымен ғажап үн шығарады. Тембрі әдемі, әрі нәзік аспап. Бұл
аспапты көбінесе әйел адамдар ойнаған. Кейде орындаушылар саусақтарына
қоңырау іліп алып та ойнаған екен.
Енді үрып және сілкіп ойнайтын музыкалық аспаптар бүгінде мектеп
оқушыларының сүйіп ойнайтын аспабына айналды.
Асатаяқ - бұрын көбінесе диуана-бақсылар қолданған. Оның бірнеше түрі
бар. Басына бүршақ салып, металл сылдырмақтары басына ілінеді. Олар
қоңыраулы, сақиналы асатаяқ болып бөлінеді. Олардың құрамына қарай үндері
де өзгеше. Мысалы, алты қоңыраулы асатаяқтардың үні сыбызғының дыбыс
қатарына сәйкес келеді.
Қоңырау — ерте заманда қылқобызшылар мен қобызшылар және басқа да
бақсылардың қолданған музыкалық аспабы. Күйшілер коңырауды қылқобыз бен
домбыраның жоғарғы мойын жағына байлап алып, кейбір ән-күйлерді тартқан
кезде, әрлі-берлі шайқап, шылдырлатып отыратын болған екен.
Тұяқтас - ұру арқылы үн шығаратын аспаптар тобына жатады. Ол аттың
тұяғынан жасалады, оны өңдеп музыкалық аспап ретінде қолдану үшін, бір
немесе бір жарым жыл уақыт келтіру қажет. Сонда ғана соққанда анық, таза үн
шығады. Тұяқтасты бес саусақтың ұшымен алақанға жеткізбей ұстап, екі шеткі
жиегін кезекпен жартылай дөңгелетіп, алмастыра отырып соғу керек.
Ұрып ойнайтын аспаптарды қолдану барысында балалардың ырғақ сезімін
дамытатын қарапайым жаттығулар жасаған тиімді. Ырғақ-қозғалыс элементтерін
пайдаланумен дыбыстың динамикасы, ансамбльдің сипаты жөнінде алғашқы
түсініктер береді15. Ұрып ойнайтын аспаптың бірі — дабыл. Дабылдың
шанағының екі жағы да терімен қапталады. Ерге іліп қою үшін бүйіріне ағаш
сап орнатылады немесе қайыс ілгешек тағылады.
Оқушылар арасында тағы да бір белгілі аспаптардың топтары бар. Олар
ішекті, үрлемелі, тілшікті болып бөлінеді. Ішектіге жататындар: домбыра ,
балалайка, гитара, мандолин. Үрлемеліліге: ауыз гармоникасы, флейта,
кларнет, саксафон және т.б. жатады. Тілшіктіге: баян, аккардион,
гармоникалар жатады. Сонымен қатар өзге халықтардың үрмалы аспаптарын да
қолданып келеміз. Бұл аспаптарға: бубен, кастаньета, ұшбұрыш, тарелка,
барабан, металлофон, ксилофон жатады. Дыбысы қолмен болмаса таяқшалармен
ұрғанда ғана шығады.
Ксилофон - грек тілінен аударғанда "дыбыс шығаратын ағаш". Ксилофон қаз-
қатар тізілген, қысқалы-ұзынды ағаштан жасалады. Ұзын ағаштары - жуан
дыбыс, қысқа ағаштары - жіңішке дыбыс шығарады. Ксилофонның дыбысы басы
жұмыр келген екі таяқшалармен соғып ойнау арқылы шығады. Дыбысы құрғақ,
сақылдап, сыңғырлап шығады.
Металлофон — латынша "металл дыбысы" деген мағынада, металл
тілшіктерінен құралатын музыкалық аспап, дыбысы жұмсақ шығуы үшін көбінесе
басына мата оралған таяқшамен үрып ойнайды. Оның тембрі қатты ойнағанда үні
ашық естіледі, ақырын ойнағанда — таза, мөлдір, сыңғырлап естіледі.
Румба - тегі латын америкасынан шыққан сәндік би. Бишілер қолдарына қос-
қостан сылдырмақ тағылған ағаш аспапты ұстай жүріп билегендіктен. Бұл аспап
"румба" аталып кеткен. Оны сілкіп немесе оң қолға ұстаған аспапты сол
қолдың алақанына соғу аркылы сан алуан ырғақтық өрнектерді жасауға болады.
Маракас — тегі латын америкасынан шыққан, бос кокос жаңғағы сияқты
формада, ішіне тастың ұнтағы салынады. Оны сілкіп ойнайды. Бүгін де маракас
металлдан, ағаштан, пластмассадан жасалады.
Үшбұрыш - үрмалы музыкалық аспап. Оны темірден үшбұрыштап иіп жасайды.
Дыбысы нәзік, әрі ашық болады. Аспапты металл таяқшамен ұру арқылы ойнайды.
Бубен — ежелгі Шығыс елдерінде ертеде пайда болған үрмалы аспап. Ағаш
істелген дөңгелек шанақтың үстіне жұқа былғары керіледі, шанақтың жан-
жағына екіден темір шылдырмақтар тағылады. Бубенді сілкілеу арқылы, қолмен
соғу немесе саусақтармен дірілдетіп ойнауға да болады.
Тамбурин — сылдырмақ пен қоңырауда бар бубен. Оңтүстік Европада - қағып
ойнайтын музыкалық аспап. Ерте замандағы Испания мен Франциядағы халық
биінің аты.
Трещетка — сылдырмақ ойыншық , орыстың халық аспабы. Оны жоғарғы
жағынан жіпке тізілген жүқа таяқшалар құрайды. Ойнаушы жіпті екі жағынан
ұстап сілку арқылы құрғақ дыбысты әр түрлі ырғаққа салады.
Тек осы аспаптармен шектелу әрине мүмкін емес. Бұдан өзге музыкалық
аспаптың толық мүмкіншіліктерін ашуға болады. Ал біздің мақсатымыз
музыкалық аспапты негізінде оқытудың теориялық мәселесі.
Бастауыш сыныптарда қарапайым музыкалық аспаптарды қолдану, балалардың
сол сабаққа деген ынтасын, сүйіспеншілігін, белсенділігін, жауапкершілігін
арттырады. Олардың музыкалық қабілетін дамытуға, шығармашылық дербестігін
қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Балалар үшін сабақта қолданылатын
музыкалық аспаптар көлемі, салмағы жағынан ыңғайлы, құрылысы қарапайым, әрі
мықты болуы керек. Шығармашылық әрекет кезінде музыканы сергек қабылдау,
бірігіп орындау яғни ансамбль құру арқылы оқушылардың сезімі және дағдысы
дамиды.
Аспапта ойнау кезінде балалардың тұрып-ойнау немесе отырып ойнау қалпын
қадағалау қажет. Аспаптарды меңгерудің ең алғашқы қадамы ретінде
окушылардың ырғақ сезімін дамытатын қарапайым жаттығулар жасау, әр аспаптың
ерекшеліктерін ескеру, орындалатын жаттығудың балалардың меңгеруіне жеңіл
әрі түсінікті болуын қадағалайды16.
Сонымен сабақ өткен сайын оқушылардың аспапты меңгеруі шындала түседі.
Мұғалім әр әнді немесе күйді оқушыларға орындату кезінде оған
шығармашылықпен қарап, музыкалық аспаптарға лайықтауға болады, тек ол
шығарманың орындалу сипаты қандай, мазмұны нені бейнелейді, композитордың
айтайын деген ойы не екенін көрсету керек. Сонымен аспапты ойнау музыкалық-
педагогика негізінде окушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, сезімталдыққа,
адамгершілікке баулыса, оқушылардың эстетикалық тәрбиесіне де мейлінше
ықпал жасаудың тиімді жолдарын белгілеу ерекше маңызды.
Эстетикалық тәрбие - өмірдегі табиғат пен өнердің әсемдікті қабылдап,
бағалауға және түсінуге қабілетті адамның пәрменді түрде қалыптастырудың
нысаналы жүйесі. Эстетикалық тәрбиенің аса маңызды құрамы өнер болып
табылады17.
Ал аспаптық музыканың эстетикалық тәрбиедегі ролі оның мәнімен өзіндік
атқаратын қызметімен анықталады. Себебі, аспаптық музыкасында көркем бір
образ бере отырып, оқушыларға оны танып білуіне, рухани болмысына септігін
тигізеді.Бұл эстетикалық тәрбиенің ішінде өте кең, сан қырлы ұғымды қамти
отыра, оқушыларға аспапты музыканың әрбір халықтың мәдени және рухани
мұрасына дұрыс көзқарасты қалыптастыру, оларды мектепте пайдаға жаратудың
жолдарын көрсету маңызды мәнге ие болып отыр. Мұның бәрі, әлбетте, музыка
пәні мұғалімдерінің іскерлігінің нәтижесінде жүзеге асады. Осы орайда
академик Б.ВАсафьев былай деп атап көрсетеді: "педагог-музыкант өзінің
күнделікті жұмысында аспапты орындаушы ретінде, хордың жетекшісі ретінде,
музыкалық әдебиетті жақсы білетін әрі оны еркін меңгерген музыка тарихшысы
ретінде өзін көрсете білуі тиіс"18.
Сонымен жоғарыда айтылған педагог-ғалымдарымыздың ой-пікірлері арқылы,
аспаптық музыканың окушыларға жан-жақты тәрбие берудегі мүмкіндігінің
жоғары екенін, олардың педагогикалық мән-маңызының бүгінгі таңда бұрынғыдан
да арта түсетінін, әсіресе балалардың қызықтыра отырып тәрбиеленуін
қалыптастыруда тиімді құралы ретінде пайдалануға болатындығын дәлелдейді.
1.2 Бастауыш сынып - білім берудің негізгі кезеңі
Өнердің үлкен саласының бірі музыка. Дүниеде музыкасыз жер жоқ.
Шырылдап анасынан жерге түскен бала әндете туады. Адам өліп азалы болғанда
да қайғырған кейінгілер ән арқылы зарын сыртқа шығарады. Данышпан ұлы Абай
өлеңнің құдіреттілігін:
"Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең"
деп баға беріп кеткен. Бұлай болатын себебі музыка жәй ғана дыбыс емес,
музыка еріккеннен шыққан нәрсе емес, ол қоғамдық құбылыс, -деп жазды
белгілі композитор, академик А.Жұбанов19.
Жалпы музыканың маңыздылығын бастауыш сынып оқушыларына түсіндіруде
педагогикалық тұрғысынан қарастырылып; келеді. Көптеген педагог-
ғалымдарымыздың еңбектері бүгінгі танда өнер түрлерінің ерекшеліктеріне
сипаттама бере отырып, оның мектеп окушыларының музыкалық мүмкіндіктерін
анықтауға талпыныс танытады, сондай-ақ балалардың қабілетін дамыту
жолдарын ашып көрсетуде сан түрлі реформаларын пайдаланып келеміз.
Музыкалық тәрбие жас буынға тікелей әсер етіп және кешенді түрде әсер ете
отырып, рухани жан дүниесін байытады, адамгершілікті өркениеттілігіне
қалыптастырады, дүниетанымдық көзқарастарын кеңейтеді. Адам жанына кешенді
әсер ету барысында оқушылардың музыкалық-эстетикалық қызығушылығын,
қабілеттерін, эстетикалық қарым-қатынасын қалыптасуына септігін тигізді.
Сондай-ақ музыка адам жанын эмоциональді толғандырып ойлау, есте сақтау,
қиялдау, зейін қою, ерік күші сияқты психологиялық қасиеттерін дамыту мен
қатар, тіпті дене тәрбиесінің жетілуіне де жан-жақты әсер етері сөзсіз.
Музыканың ғажайып қуатты күшін ертеректе Шығыстың ғұламалары Әл-Фараби
"Музыканың ұлы кітабы" деген еңбегінде, Ибн-Синаның ғылыми трактаттарында
айырықша аталып көрсетілген. "Белгілі бір музыканы" оны тындаған кезде
біздің рахаттану себебіміз, біздің сезілген және қабылдаған нәрсеміздің
бәрінің еңбегімен ұқсас болады. Мәселен, қайғыру да ... қабылдаудың
жетілгендігіне немесе жетілмегендігіне байланысты... практикалық музыканың
өнердің түрлі бөліктеріне оқу-үйрену нәтижесінде қол жетеді" — деп жазды Әл-
Фараби20.
Сонымен музыка ұғымына түсінік берген кейбір шымдарымыздың
зерттеулеріне назар аударсақ, мысалы: "музыкалық энциклопедиялық сөздікте"
бұл жөнінде былай делінген: "Музыка дегеніміз - ақиқаттың әсерлі үні, әуен
түрінде жеткізетін өнер, қоғамдық идеологияның бір түрі"21.
Н.В. Гоголь "Скульптура, живописи және музыка" деген мақаласында
музыканың таңғажайып қасиетіне мынадай анықтама береді. "Музыка екпінге
толы, ол кенеттен, бірден адамға жерден "көтеріп" алып кетеді де, қуатты
дыбыстарының жаңғырығымен тұншықтырып, бірден оны өзінің сиқырлы дүниесіне
"сүңгітіп" жібереді. Музыка күй сандық тілін басқандай, адамның жан-
дүниесіне өктем әсер етіп, өне бойын билейді, жанын тебірентеді"22 десе, В.
Миненко "бүкіл тарихтың барысында музыка қашанда- болса- -адам қашанда
болса адам өмірінде аса маңызды роль атқарады. Оның адамға күшті әсер ету
құдіреті ертедегі уақыттан-ақ мәлім болды" — деп музыка тәрбиенің бір
құрамы екенін түсіндіріп берді23. Ал педагог-ғалым В.А.Сухомлинский
балалардың адамгершілікті рухани дамуындағы музыка мәдениетінің маңызын
атай келе: "Музыка, әуен, музыкалық дыбыстар әсемдігі — адамгершілікті және
ақыл-ой тәрбиесінің маңызды құралы, жүрек пен жан тазалығының қайнар
бұлағы" - деп музыканың маңыздылығын көрсетіп берді24.
Музыка - адам сезімінің нәзік тілі, яғни адамдардың бір-бірімен
эстетикалық байланыс, қатынас құралы десек, ендеше өскелең ұрпаққа тәрбие
беруде музыканың атқаратын ролі аса зор. Ендеше бастауыш сынып оқушыларына
музыка сабағында музыкалық эстетикалық тәрбиесін жандандырьш, жағымсыз
касиеттерінің өршуіне тосқауыл бола алатын халық педагогикасына негізделген
ұлттық тәлім-тәрбиенің ширығы түскені абзал. Ол үшін тәрбиелік
мүмкіндіктері мол халық өнерімен қатар музыканың оқушыға әсер ететін
балалар композиторларының әндерімен бірге музыкалық аспаппен ойналған
күйлердің таным мен сезіміне берер әсері мол. Белгілі ғалым-зерттеуші
А.В.Затаевич "Казақ халқы" әлемдегі ең бай халық болып есептелуі тиіс, онық
халық әндерінің мазмұны мен ой тереңдігі, әуен әсемдігі, сымбатты түр
сипаты үлкен интелектуалдығымен, дарындылығымен байқатады деген"25 болатын.
Ал "күй" композитордың ішкі жан сырының айнасы десек, оның "күй" деген
атының өзінде үлкен қуат, шабыт құдіреті жатады. Сол үшін де шақ күйшіні
айырықша қадірлеп, есімдерін ерекше құрметпен атаған. Аты аңызға айналған
күй атасы Қорқыттан бастап, өмірдің қыры мен сырын күй тілімен халық
композиторларының есімдері мен мұралары күй құдіреттілігінің айқын
көрінісі.
Сонымен музыкада халық дәстүрі, елдің тарихы, шежіресі, дидактикамен
терең үндескен философиялық ой-толғаныстары, жүрек тебірентер ғажайып сырлы
сазы жатыр.Бастауыш сынып оқушыларына, алғаш мектеп табандырығын аттағаннан
бастап музыка сабағының маңыздылығын, жалпы музыканың ұғым-түсінігін
қалыптастыра отырып, мектептегі музыкалық тәрбиедегі оқытудың жалпы
принциптері басшылыққа алынады. Ол оқушылардың танымдық қызметімен және
оқыту мақсатының заңдылықтарымен тығыз байланысты.
Оқыту — тәрбие мен дамудың бірлігі. Педагогикада оқытуды даму мен
тәрбиені бір-бірінен бөліп-жармай, бірге қарастырады. Оқытудың барлық
жүйелері принциптері,мазмұны, әдістері, ұйымдастыру тәсілдерінің бәрі
алдымен балаға тәрбие беруді көздейді26.
Музыканы оқытудың тиімділік принципі музыка сабағында бір ғана
принципті бөліп алып, сол принцип бойынша сабақ өткізу мүмкін емес.
Тиімді оқыту- оқыту процесін жоғары сапалы, ең озық әдістер арқылы
жүргізу болып табылады. Бұл принцип бір сарынмен, үнемі бір үлгімен
оқытуға, оқушыларға шектен тыс күш түсіруге, оқу материалын тез қарқынмен
үстірт өтуге қарсы. Нақтылап айтқанда музыка сабағында тиімділік приципін
қолдану төмендегідей сәттерден тұрады:
-жиынтықты (нақтылық музыканы талдап, таңдап", тыңдамастан бұрын, өтілетін
тақырыпқа байланысты мақсат қою);
-генеразация (музыканың кейбір көркемдік құралдарын жеке-жеке бөліп алып,
соған назар аударып, бақылау);
-пәнаралық байланыс (музыкада бақылағанын, басқа пәндер мен музыканың
арасындағы сабақтастықты тауып оны талдау);
-оқушының қызметін салыстырмалы бағалау негізінде басты мәселеге бағыттау;
-оқытудағы дифференциация (жіктеу) және индивидуализация (музыканы тыңдап,
талдау барысында қабілеті төмен, музыкалық сөздік қоры шектеулі немесе ән
әуенін бұзып айтатын оқушымен жасалатын жұмыстар);
-шешімді дұрыс табуға қажетті жағдай жасау;
-басқару мен окушының өзін-өзі басқару арасындағы тиімді бірлік (оқушының
жауабын мұғалімнің іскерлікпен дұрыс бағыттап отыруы);
-жағдайды шұғыл реттеу және өңдеу, белгілі бір мәселені қорытындылау музыка
сабағының әр бөлігінде болып отырады. Ал, сабақтың соңында - жалпы
қорытындылау. Бұл кезде материалды оқушылардың қаншалықты дәрежеде
меңгергеніне көз жеткізе отырып бағалаймыз.
Ғылымилық принципке сүйеніп оқыту — берілген пәнді ұғымдар, нақты
дәлелдемелер мен заңдылықтар негізінде оқыту болып табылады. Музыкалық
білім беру барысында — оқушының психикалық даму деңгейіне қарай, оның
физиологиялық мүмкіндігі. Ол мүмкіндіктің деңгейі ескеріле отырып, өтілетін
шығармаларды талдау жолдары біртіндеп күрделене түседі. Алдымен
шығармашылық жанрлық интонациялық ерекшелігі, музыканың дамуы, құрылым
типтері болып тереңдей береді.
Сабақтың жүйелі өтілу принципі Жүйелілік пәннің тақырыптық құрылымынан
көрінеді. Бір-бірімен тығыз байланыста өтілген тақырыптар бала білімінің
жүйелілігін қамтамасыз етеді. Бағдарламаның мұндай құрылымы материалдарды
оқушының терең меңгеруіне жол ашады. Бұл арқылы жеке музыкалық аспаптың
немесе шығарманың, композитордың атын есте сақтап қалу емес. Оқушының
берілген музыкалық шығарманы терең сезімі мен тақырыпты жете түсініп
меңгеруіне қол жеткізу.
Түсініктілік пен көрнекілік принципі Музыканың мазмұнын айқындау
балалардың сезім органдары көрнекіліктер арқылы қабылданады. Сондай
көрнекіліктің бірі — иллюстративті (суретті) материалдар. Оған
композитордың орындаушы артистің, шығарма мазмұнын ашатын суреттер мен
кестелер, музыкалық аспаптардың суреттері жатады.
Нота сауатын өтуге дайындық кезеңінде қимыл жасату арқылы дыбыс
биіктігін көрсету немесе дыбыстың ұзақтылығы мен биіктігін графикалық түрде
жазу музыканы жете қабылдауға себепші болады. Мысалы Л. Хамидидің "Қазақ
вальсін" тыңдау барысында вальс ырғағының жай, баяу қозғалысын жете
түсіндіру үшін оның ырғақтық ерекшелігін мынадай тік сызықтар мен көрсетуге
болады:
Музыканың мазмұнын жасауда оның көркемдік құралдарының орны ерекше.
Соның бірі — тембр. Дыбыс бояуын балалар тек есту арқылы сезіну барысында
қабылдайды.
Білімнің берік болу принципі. Сабақта өтілетін материалдар жоғарыда
қарастырылған принциптер негізінде түсіндірілсе ғана білім берік болады,
есте сақталады. Бұл принцип бойынша, ең алдымен өтілген музыкалық
материалдардың есте сақталуы қарастырылады. Оқушы сабақта музыканы жай
тыңдап, талдаумен ғана шектелмей, белгілі бір қимылдар жасаса, сол
музыкамен ойындар ойнаса, күрделі музыкадан үзінді әуенді дауыспен
орындаса, өз шама-шарқынша музыка мазмұнына байланысты суреттер салса,
жеңіл әндерді өздері әр түрлі музыкалық аспаптармен орындаса, өз шама-
шарқынша музыка мазмұнына байланысты суреттер салса, жеңіл әндерді өздері
әр түрлі музыкалық аспаптармен орындаса, мұндай сәттерде меңгерілетін
музыканың әсері мол. Демек, оқушы жан-жақты таныған музыка есте ұзақ
сақталады.
Әдетте оқушыларға олардың өз белсенділігі мен ынта-жігерін, басқа да
қабілеттерін көрсете алатындай тапсырмалар беру. Мысалы, өтілген әннің
мазмұнына сай өлең дайындап келу, ұнаған әнін аспапта ойнауға талпыну,
тыңдаған музыка мазмұнына сай сурет салу немесе суреттер табу, өздігінен
қимыл-қозғалыстар ойлап табу, яғни оқушы өзі іштей соны жете түсінсе ғана
сабақ өз мақсатына жеткені, оқушының талдай алу тәжірибесінің молайғаны.
Эмоциялық пен саналықтың өзара байланысы. Музыка сабағында эмоционалдық
жағдай тудыру музыканы саналы қабылдауға жол ашатын сәттердің бірі.
Оқушыдағы музыка әсерінен пайда болған сезім шығарманың тілін, кейде жете
қабылдай бермейтін тұстарын түсінуге көмектеседі.
Эмоциялық ықылас бала бойындағы ынтаны зейінге бағыттайды. Оқушыларды
эмоциялық танымдық іс-әрекет музыкалық шығармаларды педагогикалық мақсатқа
сай меңгерту, түсіндіру барысында көрінеді. Музыканың адамға әсері де,
әрбір адамның ойлауы мен сезіміне байланысты. Басқаша айтсақ музыканы
қабылдау, ойлау мен сезім арқылы жүзеге асады. Олай болса әр адамның жалпы
сезіну мүмкіндігі мен ойлау қабілеті әр түрлі.
Әсіресе сезіне тыңдаған оқушы музыкалық көркемдік құралдарын ажырата
отырып, оның музыка мазмұнын жасаудағы ролін түсінеді.
Білім берудің шамаға сай келу принципі. Бұл принцип сабақта өтілетін
музыкалық материалды тыңдауда көрінеді. Әсіресе үйретілетін ән мен музыканы
тындауда мұғалім оқушылардың шама-шарқын әр кез ескеріп отырады. Мысалы, 5
балаға жеңіл, 3 балаға өте жеңіл, 10 баланың меңгеруге шамасы жетеді, 10
оқушыға "ауыр" деген сияқты таңдау жасалып, сынып оқушыларының көпшілігі
орындауға немесе талдауға шамасы жететін музыка таңдальш алынады. Себебі,
оқушылардың музыкалық даму деңгейі әртүрлі. Дегенмен, оларды сабақта
елеусіз қалдырмай, әнді жақсы орындайтын оқушының жанына отырғызып, хормен
айтуда көпшілікке ілесе қосылып отыруға кеңес беріп немесе жеңіл музыкалық
аспаптарды (сылдырмақ, тұяқ, қоңырау т.б.) орындатуға болады. Сондай-ақ ән
сала білмейтін окушылардың арасында да тыңдаған музыканы жақсы талдай
алатындары жиі кездеседі. Сондықтан сабаққа барлық оқушы белсенді қатысып,
өз шамасына қарай тапсырмалар алып отырады. Сонымен музыканы оқытудың
негізгі формасы сабақтық жүйеге негізделеді. Ол окушыларды жас шамасына
қарай топтап, белгілі бір уақыт көлемінде өтіле отырып, оқу-тәрбие
процесінің негізгі талаптарын жүзеге асыруды көздейді. Қазіргі мектептерде
музыканы оқытудың әр түрлі формалары (бригадалы, лабораториялық, жеке дара,
сыныптық ) қолданылады. Олардың ішінде оқытудың жеке дара сабақ арқылы
жүргізіліуі - музыка мектептерінде оқытудың жүйелі әдісі ретінде сақталып
келеді. Ал, жалпыға бірдей білім беретін мектептерде музыканы оқыту
сыныптық-сабақтық жүйеге көшті. Сабақ - тәрбие процесін ұйымдастырудың
негізгі фомасы. Бұл жүйенің тиімділігін өмір тәжірибесі көрсетіп отыр.
Сыныптық - сабақ жүйесі бойынша бір сыныптағы оқушылардың жас шамасы
бірдей болғанмен музыкалық даму дәрежесі, психофизиологиялық ерекшеліктері
әртүрлі болып келуі заңды құбылыс. Осыған қарамастан балаларға берілетін
білім көлемі бірдей болып келгендіктен сабақтың жан-жақты ойластырып
жоспарлануы және оның оқу-тәрбие талаптарына сай болуы қарастырылады.
Ғылыми-зерттеу жұмысы негізінен бастауыш сынып оқушыларын қамтитын
болғандықтан, мына проблемаларға назар аударылды: "Бастауыш мектептің
өзінде баланың танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп,
адамның күнделікті өмірінде білім алудың қаншалықты маңызды екеніне көзін
жеткізу қажет. Бұл кезеңде гуманитарлық-эстетикалық бағыттағы пәндерді
кеңінен енгізу керек, өйткені осы жастағы балалар әсершіл әрі ұғымтал
келеді. Бала бастауыш мектепті бітірген кезде төңірегіндегі оқиғалар
жайындағы әсерін қисынды да жүйелі баяндап, жанындағы адамдармен ешбір
қиындықсыз белсене қарым-қатынас жасауды үйренуге, алғаш білімін түсініп,
өмірде қолдана білуді талап ететін дағдыларды толық игеруі тиіс".
Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінде жүргізілетін өнер сабақтары
қоғамда болып жатқан құбылысты, жаңа ойды бала санасына басқа сабақтардан
бұрын жеткізуші болып табылады. Өйткені өнер - өмір шыныдығы. Өмір шындығы
мектеп табалдырығын аттаған балаға білім беру, тәрбиелеуде жан-жақты
қарастырылады. Сондықтан ән-күй сабағының әдіс-тәсілдері үнемі жылма-жыл
өзгеріп, бала тәрбиесі ісіне жаңа нышандар әкелуі заңды да. Мұндай жаңа
нышандар жаңа бағдарламалар тудырады. Осының нәтижесінде жер-жерде түрлі
жаңа бағдарламалар дүниеге келді. Бұл орайда М.X. Балтабаев " Елім -ай",
Ж.Кәрімованың "Музыкамен сабақтастырылған әдебиет", Ә.Райымбергенов
"Мұрагер", У.Бекеновтың "Мұрагерлер" атты музыка бағдарламаларын атап
айтуға болады.
Осыдан кейін Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменова біріге отырып
бастауыш сынып оқушыларына арнап ұлттық музыка негізінде "ән-күй" пәні
бағдарламаларын жасап шығарды. Ұсынылған әдістемелік оқу құралы мұғалімнің
музыка сабақтарын қалай өткізуіне бағыт-бағдар көрсетілген. Әдістемеде
бағдарлама мазмұнын жақсы білетін мүғалім мен оқушының арасындағы байланыс
ескерілген.
Жалпы бағдарламаның мазмұны "ән-күй халық қазынасы" атты ортақ тақырып
аясында шоғырланған. 1, 2, 3, 4-сынып бағдарламары нақты тақырып бойынша
екі жартыжылдықты қамтиды. Авторлардың негізгі ойына сәйкес бұл тақырып І-
ІV сыныптардың әрбір музыкалық материалдарынан көрініс тауып, жүйелілікпен
тақырыптары ашылды. Олар мынадай тәртіппен орналасқан9:
Сыныптар Тақырып аттары
I сынып Сырлы да сазды әуен
Күмбірлеген күміс күй
II сынып Ән мен күй-халық әні
Аңыз-ертегі әлеміндегі ән мен күй
III сынып 1.Эпос сарыны.
2. Ақыл,нақыл өсиет
3.Айтыс өнері.
4. Күй тартыс
IV сынып Қос арна
Халық музыкасының әлемдік арнаға ұласуы
Бағдарламаларға ортақ мақсат: музыка өнері арқылы рухани жағынан бай,
халық музыкасын өмірдің бейнесі ретінде түсініп қабылдайтын және оны
сүйетін халқымыздың әдет-ғұрьштары мен салт дәстүрлерін қастерлеп,
классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін қадірлей білетін жеке
тұлғаны тәрбиелеу.
Ортақ міндеттері: халқымыздың музыкалық шығармашылығына балалардың
сүйіспеншілігін оятып, оны құрметтеуге тәрбиелеу және өз халқының әдет-
ғұрпы мен салт дәстүрлері жөнінде түсініктерін қалыптастыру; балалардың
әсемдікке, сұлулыққа деген сезімін дамыту, оларды халқымыздың аспаптық
әншілік шығармашылығын эстетикалық ләззәт, әсер алуға тәрбиелеу; музыкалық
өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып, халық шығармашылығының көне заман
мен осы заманғы сабақтастық дәстүріне балалардың назарын аудару; баланың
музыкалық қабілетінің дамуына түрткі болу, ырғақты сезіну, ести білу және
есте сақтау қасиетін тәрбиелеуіне назар аударылған; музыканы тыңдау және ән
айту барысында музыкалық сауаттылық элементтерінен білім беру; музыка
тындау және орындау барысында оған шығармашылықпен қарауға тәрбиелеу,
қызығушылығы мен қиялын дамыту.
Авторлар бағдарлама мен оқулықты өзара байланыста қарастыра келе
өнертануға, қазақ музыкасының тарихына, музыкалық-педагогакалық жұмыстарға
және бастауыш мектеп окушыларының физиологиялық, психологиялық дамуы
жөніндегі әдебиеттерге, шет елдің алдыңғы қатарлы музыкалық ісжүзілік
тәжірибелеріне қатысты назар аударған.
Берілген оқулық авторлардың он жылғы ғылыми ізденісінің, бақылауының,
ісжүзілік тәжірибиесінің нәтижесінде жасалды. Мысалы: М.Оразалиева күйді
тындатудың ең тиімді әдістерін ұсынған. Ол балалардың жас ерекшелігіне
лайықтылығы мен сабақтастығы жүйелілігін тексерді. Ал Б.Сүлейменова қазақ
халқының эпосын зерттеді.
1-сыныптың басты мақсаты ретінде қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-
дәстүрін, өнерін қадірлейтін, оның өмірімен байланыстылығын түсіндірумен
қатар, эстетикалық және музыкалық танымы дамыған, рухани бай жеке тұлғаны
тәрбиелеуге бағытталған.
II-сыныпта оқушыларға күй дегеніміз не деген сұрақпен басталған.
Күйдін, мазмұнына оны балаларға тындатудың аңыз әңгімелері айтылған. Күйдің
мәніне, түрлеріне, топтастыру ерекшелігіне тоқталады. Бағдарламадағы
күйлерді мынадай жүйемен көрсеткен: төрт түлік малға арналған күйлер, арнау
күйлер, табиғатқа арналған күйлер, тарихи күйлер т.б. Сонымен қатар "Жыл
басы кім болады?" атты бір бөлімді балалар операсы берілген. Бұл музыкалық
ертегінің тәрбиелік мәні зор. Эпикалық аңыз күй "Жетім бала" балаларға
білім берумен қатар, қазақтың нағыз азаматы болуға тәрбиелейді. Біз бұл
мәселеге практика кезінде көз жеткізген болатынбыз.
III - сыныпқа арналған бағдарламасы қазақ халқының дәстүрлі поэзиясы
мен аспаптық музыка өнерінің өзара байланысын көрсетуге бағытталған.
Бағдарламада халық поэтикалық шығармашылығы "Алпамыс батыр" жыры, халық
арасына кеңінен тараған "Он үш жаман" атты терме, Бұқар жыраудың термесі,
Тұрмағанбеттің "Жастарға өсиет" термесі, сондай-ақ Біржан мен Сара айтысы
және күй тартыс өнері тәрізді тәрбиелік мәні зор дүниелерді қарастырған. Ән-
күй сабағының бір бөлігі музыкалық сауаттылыққа негізделген.
ІV-сынып бағдарламасы қазақ және шетел композиторларының күрделі
классикалық шығармалармен қатар, симфония, оратория, симфониялық поэма, хор
поэмасы, вариациялар, опера сияқты күрделі музыкалық әлеміне таныстыруды
көздеген.
Сондай-ақ музыка тындау және ән айту барысында музыкалық сауаттылыққа
сай бір немесе екі дауысты қарапайым әндерді нотамен айтуды қарастырған.
Музыка сабағы ән айту, музыка тыңдау, музыкалық сауаттылық,
шығармашылық тапсырмалар және басқа да қосымша іс-шаралар тәрізді музыкалық
іс-әрекеттің негізгі түрлерінің бірлестігінен құрылған.
Бағдарламадағы "Музыка тындау" бөліміне енген қазақтың халық аспаптық
музыкасы төмендегідей міндеттерді басшылыққа ала отырып жасалған:
-баланың қызығушылығын қалыптастыруда күйлердің тәрбиелік мүмкіндіктерін
толығымен пайдалану;
-күйлердің мазмұнын ашуда музыкатану, өнертану саласында жарық көрген
еңбектерді негізге алу;
-күйлерді тыңдату барысында балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, әр
түрлі қызықты әдіс-тәсілдерді пайдалану;
-күйлер туралы берілетін жалпылама түсініктемелерге баса назар аудару
(күйлердің топтастырылу ерекшеліктері, шығарманың қысқаша мазмұны,
композитор жөнінде мәлімет, күйдін, шығуына себеп болған тарихи-әлеуметтік
жағдайлар, күйшілік мектептер, орындаушылар жөнінде мағлұлматтар т.б.);
-күйлердің мазмұнын, мақам-әуенін, баланың эмоциялық тұрғыда қабылдауына
көңіл бөлу;
-баланың тыңдаған күйден алған әсерін айтқызып, қолдап отыру т.б.;
Бастауыш сыныптарда аспаптық музыкасына оқушылардың қызығушылығы
қалыптастыру ісін М.А.Оразалиева педагогика, психология және оқыту
әдістемелерінің жетістіктеріне сүйене отырьш, жан-жақты түрде, мүғалімнің
творчестволық деңгейіне, шеберлігіне сай, окушының қызығушылығын дамыту
мақсатын көздеу ыңғайында жүзеге асырылған және эксперимент жұмыстарын
жүргізу арқылы көрсетіп берді.
II ТАРАУ
Мектеп бағдарламасы шеңберінде аспатық музыканы қолданудың әдіс-
тәсілдері
2.1 Күй, күйшілік дәстүр және оны тыңдатудың тиімді тәсілдері
Күй өнері - қазақ музыка мәдениетінің ең жетекші ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz