Ұлттық педагогика тарихындағы А. Құнанбаевтың тәлім-тәрбие мұралары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І-тарау А. ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ

АҒАРТУШЫЛЫҚ ОЙ-ПІКІРІ

  1. А. Құнанбаевтың өмірі мен қызметі . . . 6-10
  2. А. Құнанбаевтың педагогикалық идеяларының

дамуы . . . 11-18

ІІ-тарау ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫНДАҒЫ

А. ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ

МҰРАЛАРЫ

  1. Абайдың «қара сөздері» мен қазақ рухани мәдениетіарасындағы сабақтастық мәселесі. А. Құнанбаевтың шығармалары туралы оқушылардың білімдерін анықтау, қалыпқа келтіру . . . 19-37

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 38-39

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 40

К I Р I С П Е

Еліміздің егемендік алып, коғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кезеңдегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

Қазакстан Республиқасы Президентінің халқымызға арналған Жолдауында басшылықпен бүкіл қауымның алдына қойған өрелі талаптары да осы жөнінде: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің бабаларымыз бен немерелеріміз оиымен бірге ер жетеді. Олар өз ата-бабасынан алған мұрасын игеріп, өз ұрпағының жауапты да, жігерлі білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады, » -делінген.

ХХІ-ғасыр елімізге айтарлықтай өзгеріс әкеліп, қоғамымыз дамудың сан-қилы сатысынан өтіп, өркениетті елдерінің қатарына қосылады деп күтілуде.

Жеке тұлғаның қалыптасып, ой-өрісінің дамуында белсенділігінің артып, қоршаған ортаны танып, білуінде және алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдана білуінде негізгі орын алып, оқушыларды шығармашылыққа жетелейтін іс-әрекеттердің бірі - оқушылардың сабақ барысында және сабақтан тыс кездерде орындайтын өзіндік жұмыстары.

Егеменді ел болып, өркенниетті даму жолын таңдаған қазақ мемлекетінің мақсатының алдында тұратын негізгі мақсаттарының бірі - жас ұрпақты, білімді, тәрбиелі және қазак халкының адал азаматтары етіп тәрбиелеу болып табылады. Соның бірі қазақ халқының дарынды перзенті А. Құнанбаев.

Бүгінгі ұрпак тәрбиесіне қатысты ең күрделі мәселе ұлттық және жалпы адамзаттың мәдени мұраларды жас өспірімнің бойына ізгі қасиеттерді сіңіріп, ұлттық сана сезімін қалыптастыру, рухани байлығын өсіру болып отыр. Сондықтан, бүгінгі таңда жас ұрпакты халықтың тәрбие негізінде тәрбиелеу үшін ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаевтың педагогиқалық көзқарастары мен идеяларын қазақ мектебінің сыныптарына енгізу мүмкіндіктерін зерттеу өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Осыған орай, Қазақстан тарихындағы көрнекті қазактың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі Абай Құнанбаевтың педагогиқалық идеялары мен ағартушылық қызметінің дамуын және оның ізбасар шәкірттерінің тәлім-тәрбиелік мұраларын жаңаша зерттеудің қажеттігі туындады. Біздің мақсатымыз XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі педагогиқалық идеяларға бүгінгі күн тұрғысынан ғылыми-теориялық сипаттама беру, олардың өзара үндестігін айқындау болып отыр.

Көшпелі де қараңғы елдің ортасында өмірі өткен аса дарынды ақын Абай тағдырының қандай ауыр, қандай аянышты болғанын бар бейнесімен көз алдыңа әкеле қою да оңай емес. Абайдың абайлық бітім кескінін, тарихтық тұлғасын танытқан ерекшеліктері бар.

Осындай қасиеттері Абайдың жас жігіт шағынан өлер кезіне шейін әр алуан болып айқындалып шығып отырады. Жекелеп санасақ, жас кезіндегі өмірлік, азаматтық ең бірінші ерекшелігі: «Әкенің ұлы болмай, халықтың ұлы боламын» деген тартысында, «Әкесінің баласы - адамның дұшпаны, адам баласы - бауырың» деген ой Абайдың сөзі ғана емес, адамгершілік, гуманистік жолы да болатын. Арлан бөрінің соқпағына бөлтірік бөрі ақылы көптігінен түспейді, бөрілік табиғатынан деп білген Абай, жасында әкеден кол үзгенде ел үшін, ел көшіне, тарих көшіне соны қоныс тың өріс табу үшін қол үзген, сол үшін кеткен. Ол кетуі үстем тап әкімдерімен кетісуі еді. Осыны ісінде де, өлең еңбегінде де арман етті.

Екінші ерекшелігі: өзі үшін, елі үшін ізденді, ізденді де тапты және бар тапқаны мен тудырғаны ұстаздыққа салды. Ақын болып өсер ақынды тәрбиеледі. Қазақтың жаңа әдебиетінің классик әдебиетінің іргесін өзі қалап туғызып, сол әдебиетке басшы, халыққа қамкор, қайраткер болады.

Үшінші ерекшілігі: жуан бел надан содыр ру басылардан бөліне кеткен бетінде бірден халықты, халықтың мұңын тапты. Сол халықтың жоғын берер жаңалықты іздеді. Жеке қазақ тарихы мен топырағынан іздеген жоқ, үлгілі көрші елдер - өнерлі орыс халқынан іздеді. Ұлы орыс халқының ғасырлық қазынасына өз халқының қолын, жолын жеткізуді мұрат етті. Орыс халкының өткен тарихынан, өзі тұтас тірісінен өзіне де, жұртына да дос, көмек тапты.

Төртінші ерекшелігі. Қос қанаттан биікті меңзеген ақындығын бұрынғы қазақ ақындарының ешқайсысы шығармаған әлеуметтік ұлы тартыс кұралына айналдырды. Санай берсек, Абай басынан, өмір, еңбек соқпағынан тағы талай ерекшеліктер аталар еді. Бірақ өмірбаянын тұрғы-тұрғы биігінен қарап, жинап түйемін дегенде, дәл осы аталған төрт күнгей анық Абайдың төрт тірек діңгегі сияқты.

Барынша тұтас ой ықыласымен ілгері, жарқын заманға ұмтылғандықтан, Абай өз халкының ой-санасы өсу тарихында анық прогресс жолын бастаушы болды. Өз заманының тарихтың кертартпалық бөгетінің бәрінен аттап өтіп, ел-жұртын дүниелік мәдениетке жеткізем деушінің ең алдыңғы бірі болды. Сол талап тартысы арқылы, еңбек-егісі арқылы, заман межеулігін, жеңіп, қазақтың еңбек елі мен орыс халқының ой құралдарын бір араға қосып, алдағы күндер үшін біріккен күрес қайраткері болды. Жасы жетпей қартаю сарыны дүние жүзі әдебиетте жиі кездеседі. Мысалы И. С. Тургеневтің «Дворян ұясы» аталатын шығармасындагы басты кейіпкерлердің бірі - Лаврецкий жасы отызға жеткен шағында қартаю сарынын айта бастайды. Отызға жетпей өмірмен коштасқан Лермонтов шығармаларында да мұндай сарын аз емес. Абай «Қартайдық» деген сөзді тән қартаюынан емес, жаны жүдегендіктен айтқан болу керек. «Мыңмен жалғыз алысқан» ол насихат сөздерін тыңдаушыларына ұқтыра алмағандықтан, «қайран сөзім қор болды» деген сарынға түскенде, бұл ойын тереңдетіп: «Менсінбеуші едім наданды,

Ақылсыз деп қор тұтып,

Түзетпек едім заманды,

Өзімді тым-ак зор тұтып,

Таппадым көмек өзіме,

Көп наданмен алысып,

Көнбеді ешкім сөзіме,

Әдетіне қарысып» - деген қорытындыға келеді. Өйткені әдет-әр халықтың сана-сезіміне жүздеген, кейде мыңдаған жылдар бойына сіңіп қалыптасып қалған мінез құлықтар. Оны өзгертуге көп уақыт, үлкен күш керек. Ондай күш Абай тұсындағы қазақ қоғамының бойында болмады. Сол әдетті жеңе алмаған Абай «Жүрегім менің қырық жамау, Қиянатшыл дүниеден, Қайтіп аман қалсын сау, Қайтқаннан соң әрнеден» деген уайымға салынады. Содан кейін: «Көңілім қайтты, достан да, дұшпаннан да, «Дос, жарың, ағайының - бәрі екі ұшты», «Қажымас дос халықта жоқ» деп тарығады.

А. ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ

АҒАРТУШЫЛЫҚ ОЙ-ПІКІРІ

  1. А. Құнанбаевтың өмірі мен қызметі

Жүрегімнің түбіне терең бойла

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма.

Өсер ұрпақ, келер дәурен, туар тарих қауымына ақын арнап кеткен мұңды сырлы бір сәлем, наз сәлем осы еді. Шөл ғасырлардың қу медиен құла түзінен болар заманға, жақын заманға қарай жалғыз аяқ жол тартқан ақын ол еді. Сахараны басқан қара түн қақ жарып, жалғыз қолда жалынды жарық шырақ ұстап халқына өріс ашып, бет нұсқап «таңың сонау белден атады, күнің осынау жақтан шығады» деп кеткен ақын да сол еді. Рас қытымыр заманы мен надан қауымға ол ақын жұмбақ еді. Жұмбак па біз үшін сол ардақты ақын бұл күнде. Жоқ, жұмбақ емес.

Бүгін ақын өмірде жоқ. Бірақ біз үшін Абай өткен жан ба?

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?-

демеп пе еді. Өткен жан емес. Ақын жолы халық жолымен, тарих жолымен қабыса табысқан шақта оның өзіне өлім жоқ, өзіне заман, дәурен шегі жоқ. Біздің дәуірімізге әрі бұрыңғы, әрі бүгінгі Абай болып, келешек шексіз заман үшін де тарих аспанындағы бір тұрақты нұры боп шырқай бермек. Ол болашақ күндерде де Абай әрі бұрынғы, әрі ар жағындағы келешектің өлмес, өшпес тұрғыласы болмақ, күншуағы айықпас күнгей беті боп тұрмақ.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим), 1845 жылы осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты ішінде туады.

Ақынның әкесі Құнанбай - ол күнгі сахараның жуан әкімінің бірі.

Түгел тобықтының ұлығы болған.

Абайдың ең алғашқы балалық шағы «күндестің күлі күндес» дейтұғын көп шешенің, арасында өтеді. Бірақ өзін тапқан шешесі Ұлжан мен үлкен шешесі Зере жаратылыстан мінезді, әділ, мейірбан адамдар болып, жас Абайды бауырмал, адамгершілік жолымен тәрбиелеуге тырысады. Әкесі қойған Ибраһим деген атты да сол аналар еркелетіп өзгертіп: «ойлы бол, абайлағыш, аңдағыш бол» деп «Абай» қойған.

Бала Абай сабақты әуелі үй молдасынан оқиды. Кейін Құнанбай сегіз жасар баласын Семейге апарып, Ахмет Риза деген имамның тәрбиесіне береді. Сол шаһарда, сол медреседе бес жыл тұрып, он үш жасына шейін оқуды үзбей оқығанда зейінді шәкірі Абай көп сауат алады. Ақындықтың ерте білінген қозғауы да осы кезде басталады. Кітаптан оқыған келісті жырды, жыршыны сүйе бастайды. Бұдан бұрын кәрі құлақты әже тәрбиесін алып жүргенде туған сахарасынын аңыз дастанын, аңыз әңгімесін, көркем қазынасын көп тыңдап, көп ұғып, құмартып өскен жас енді араб, иран, шағатай, түркі ақындарын іздерлеп оқып, жадына алады. Тағатшыл имам, намазқой халфе, дүмше молдалар арасындағы қуыс кеуде, кұрғак сопылыққа салынбай ынталы зерек шәкірт шығыстың ақындық бұлағына, классик тұнық поэзиясына ден қояды.

Өмірі қатал, суық бетті әке мен қайратты, әділ баланың екі арасында енді қайтып ұғыспастай қайшылық, қарсылық өседі. Осының арты барған сайын дами беріп, ақырында, әке мен баланың арасында араздық пен алыстау туады.

Абай жиырма сегіз жасқа жеткенде әке жолынан мүлде бөлініп, жаңғырар заманның жаңа жол іздер азаматы болуға бет қояды.

Абай-ұстаз, сыншыл ақын, күй шығарғыш өнерпаз. Бар қазақтың

өнерлі қауымы - мұның досы. Айналасына талантты жас үйіріледі. Үгітіне, өлеңіне халқы ынталай құмартады. Сонымен барған сайын Абайдың абырой-атағы артады. Өлең үлгісі болса ол да қазақтың барлық жас ұрпағына жайыла тарап, өнер серік айт пен тойда, талап пен ойда өмір серік боп, тәрбие тәлімін үнемі беріп, ұдай түсті.

Абайдың жаңашыл ағартушылық, әлеуметтік үгіттері ұрғанда соларды ұрып жататын. Олардың көбі кейде болыс, кейде би, шетінен шылқа бай болып өз туыстарының, бірі қаладағы ұлыққа сүйеп алысады. Абайдың сыны жалғыз елдегі надандық емес, патшалықтың қазақ ішіндегі кұрылысына қатты сокқы боп тиіп жатушы еді. Елдегі Абайдың дұшпаны Оразбайларға үн қосып, Семейдің жандаралы да ақынды сахарадан айдамақ боп көріп еді. Бірақ қалың ел ортасындағы үлкен абырой даңкынан сескеніп, өзіне тиісе алмады да, тек, маңындағы айдалып келген достарын алыстатты. Ел жуандары, Абайға еріп, шәкірт, серік болған жас достарын қудалады. Абайдын өз басын да арыз-шағымнан, дау-шардан айықтырмай көп әлекпен бунап жүрді. Сондай пәле-жала талқысына көп түскен шағында Абай кейін

налып жырлаушы еді:

Ортаға көп салдым,

Өзімде барымды.

Япырм-ау - неңді алдым,

Сау қоймай арымды, -

деп зар шығарушы еді, бірақ шыншыл, әділ, тура жанды Абай ұлғайған сайын халықтың мұңдас досы болып күшейе беріп еді. Абайдың ем болар өсиетін көксеушілер, әділ, адал билігіне ынтығушьшар талай алыс қияннан табатын болады. Шындық іздеген халықтың Абай қамкор дана досты тапқан жолы осы еді.

Абай тірлігінің мағына-мәнісінің өзін бұрынғы қазақ ақындарынан мүлде басқа, жаңаша бағалап ұғындырады. Осы жолда өнерлі елдің бәрінен оқы, үйрен, үлгі ал. Адам баласының бәрінің тарихындағы жақсылығынан, өнерінен үйрен. Бұл жолда дін дін де, ата салт та, ескі кұрылыс қалып та кедергі, бөгет болмасын. Болар болса аттап өт, елең қылма. Кім білім беріп, елдігіңді жаңа белге шығарар болса сол досың, сол жақының деп, халық, қауымға бет сілтейді. Осы жолда ел тарихының кесірі болатын:

Сабырсыз, арсыз, еріншек,

Көрсе қызар жалмауыз.

Сорлы қазак сол үшін,

Алты бақан алты ауыз.

Болып жүрген пәлешіл, ескішіл, керенау, надан ру басыларды
еңбек елінің, ел тарихының барып тұрған залалды арам тамақ паразиті
деп жариялайды.

Қылып жүрген өнері

Харкеті әрекет.

Өзі оңбаған антұрған,

Кімге ойлайды берекет, -

деп таңбалайды.

Осындай жұрт әлеумет тірлігіне арнап айтқан ұлы акынның
үлкен үн, қатты сынын үнемі көреміз. Сондай ұстаздық сөзінде
жаманшылықтың пішін-кескінін аса жиіркенішті етіп, жалтармастан
басқа сабап, жарып айтқан ақын қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын, дәл
бұндай толық боп шыққан емес.

Қазақтың елдігімен, тарихымен, бұрынғы қазынасымен жалғаса отырып, соны өсіріп, өрістетіп Абай айтқан жаңалық бұл саналғандар ғана емес, тағы да әлде неше. Бірақ бар тарауындағы бар ерекшелік соның бәрін, жаңа дәуірге бастаймын деген ағартушы ақын өзінен бұрынғы ақынның бәрінен басқаша айтуында. Сондайлық басқаша, тың жаңалықты Абай шығыс әдебиетінің қорына қол артқан кезде мол тауып отырады.

Абайдың айнымай, қажымай ұстап қалған бір құралы, бір дос бар-ды. Ол - сол ақындық еді. Өзгесінің бәрінен ажыраса да жалпы айрылмас сол серігі арқылы келер ұрпақ туар тарих жарқын күйімен тіл қатысқандай болатын. Сондықтан да өзінің жан сырын айтып, келешекке жолдаған жырында өз ақындығы туралы:

Көк қанат бейіс құсындай

Қу ағашқа қонақтай.

Ол бұтақтан қозғалмас,

Өкіріп дауыл, соқса жел.

Өзгеге бола жырламас,

Ыстық күнді жоқтар ол.

Жанымның жарық жұлдызы

Жамандық күнде жарымсың,

Сөз болсын ескі әр сөзі

Кейінгіге қалынсын, - деген.

Бұл анық келешектің ыстық, мейірлі күнін жоқтаған, кейінгіге сырын ашқан ұлы ақынның арыздасу сөзі, соңғы өсиеті еді.

Мінеки, осындай сипат сымбаты бар, бір жағынан ұлы орыс халқының мол мұрасын ой қорегі етіп өскен ұлы Абай қазір бізге-өткен заманның аса бір ғажайып жаратылысы сияқты көрінеді. Ол өз халқымыз тарихындағы ең бір биік шың басына шығып көлеңкісін, жемісін көпке жайып тұрған алып емен, тау емені сияқты. Барынша тұтас ой ықыласымен, ілгері жарқын заманға ұмтылғандықтан, Абай өз халхының ой санасын өсу тарихында анық прогресс жолын бастаушы болды. Өз заманының, тарихтың кертартпалық бөгетінің бәрінен аттап өтіп, елі, жұртын дүниелік мәдениетке жеткізем деушінің ең алдыңғы бірі болды. Сол талап тартысы арқылы заман мешеулігін жеңіп, қазақтың еңбекті елі мен орыс халқының ой құралдарын бір араға қосып, азаттық жолындағы біріккен күрес қайраткері болды. Сондықтан да Абайдың ардақты жырлары Ұлы Отан соғысында елін, жұртын қорғап жүрген қазақ жауынгерлерінің командирлерінің сенімді серігіндей болып, бар майданда ере жүрді. Олардың барлық ұлы одақ ұлттарының ұлдарымен жүрекке жүрек, білекке білек қосқан қаһармандық қимылында Абай аға дос боп құптап отырды.

Сондай боп өз халқыныц адал ұл-қыздарымен қатар қанды жорықтың ауыр жолдарын бірге кешіп өткен Абай біздің шын бақыт дәурен болған қазіргі дәуірімізде бұрынғыдан да қадырман, ардақты боп отыр.

Абай тікелей мұғалімдікпен айналысып, сабақ беріп, арнайы түрде педагогика ғылымдарына бағыштап еңбек жазбағанымен, оның шығармаларының өне бойы адам жанының небір түпкірлеріне үңілетін адам тәрбиесіне қатысты тұнып тұрған озық идеяларға толы. Соның бастысы - дара тұлғаның өзін-өзі қалыптастыруына апаратын жолды дәл тауып, «жан кұмары» - «білмекке құмарлық» деп жұмбақтың шешуіне айналдырғаны. Қазіргі педагогика тілімен айтқанда, Абай оқушы үнемі еңбектеніп, іздену үстінде болу керек. Бұл пікірлер дара тұлғаның даму теориясының басты қағидаларымен үндесіп жатыр.

Қорыта келгенде айтарым, Абай - қазақ халкының тарихи көшін ілгері бастауда, ой-пікірлерінің шеңберін кеңейтуде, ұлттық мәдениетін көтеруде ерен еңбек сіңірген ұлттық болмысымызға дара біткен жарық жұлдыз. Абай тағылымы оның даралығында, Абай даналығы оның данышпандық ойлары мен парасатты сөздерінде.

Абай парасаттылығы оның ағартушылық ой-түйіндерінде, сол ұстаздық ойларының асқар белесі ел тәрбиесінде деп білемін.

1. 2. А. Құнанбаевтың педагогикалық идеяларыңың дамуы

Қазақстандағы педагогиқалық ойлардың даму тарихы қазактың жазу мәдениеті негіздерімен байланысты.

Ежелдегі дәстүрдегі қазақтың ағартушылық негіздерін сөз еткенде 6-9 ғасырдағы көне түркі ескерткіштерін - Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жазбалары, «Оғызнаме» дастаны, «Қорқыт ата» кітабы, Әбу Насыр Әл Фарабидің педагогиқалық еңбектерін атап, ол негіздердің мәнін ашып көрсетті.

Қазақ жерінде Х-ХІІ ғасыр арасында өркениеттік серпіліс болып, ірі қалалардьщ саны көбейіп, сол қалалардағы ағартушылық іс- әрекеттер мен ой-мақсаттардың алтын қазынасы ретінде Жүсіп Баласағұнидің «Құдатғу білігі», Қожа Ахмет Иассауидің - «Диуани Хикмет», Ахмет Иүгінекидің «Хибатул-халайық» және бүкіл түркі халықтарының тілін зерттеп, сөздігін жасаған Махмұт Қашгаридің «Диуани Лұғат ат-түрік» сияқты ұстаздық еңбектердің жарық көргенін айтуға болады.

ХIII-ХІY ғасырда -“Кодекс Куманис” (Қыпшақ тілінің сөздігі) және Мұхамед Хайдар Дулатидің “Тарихи Рашиди”, Қыдырғали Жалайырдың “Жамиғат-тауарих”, Захириддин Бабардың “Бабырнаме” шығармалары мен жыраулардың және жыраулар поэзиясының тарихтану және ағартушылық мәні зор болды.

Бертін келе XIX-XX ғ. ғ. ағартушы -демократ ақындарымыз, ғалымдарымыз өздерінің педагогикалық көзқарастарын өз шығармалары, еңбектері арқылы білдіріп отырды.

Ыбырай Алтынсарин ең алғаш мектеп ашып, қазақ балаларына арнап оқулық жазса, Абай Құнанбай ұлы да қазақ халқына деген ыстық ықыласын, қоғамға жанашырлығын, педагогикалық көзқарастарын өлеңдері арқылы да, қарасөздері арқылы да беріп отырған.

Абайдың акындық жолға бет бұрғандығы алғашкы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналды. 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі осы тақырыптағы -тұңғыш туындысы болумен қатар, акынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады. Абай мұнда ең алдымен, жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді. Ғылымды-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді. Өзінің қателігін балаларын оқытумен тузеуге бет алғанын айтады.

Мұнда ұлы-ақын «Қызмет қылсын, шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбиені мінеп, сынайды.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім,

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім

Адамның бір қызығы бала деген,

Баламды окытуды жек көрмедім.

Ақынның мұндағы идеясы баланы оқытудан ешқашан қашпау керек және оны атақ үшін емес көзі ашық, көкірегі ояу білімді азамат болып өсу үшін оқыту керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру туралы
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Абай Құнанбаевтың өмірбаяны, ақындық жолы
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Абайдың музыкалық мұрасындағы тәрбие беру жолдары
АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫНА ТӘЖІРИБЕ
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Абайдың қара сөздері мен нақылдары
Абай Құнанбаевтың педагогикалық ой-пікірлерін сабақтан тыс қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz