Меншік құқығының жалпы құқықтың сипаттамасы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1-тарау. Қазақстан Республикасы меншік туралы заңдарының даму тарихы . . . 4
2-тарау. Меншік құқығының жалпы құқықтың сипаттамасы
2. 1. Меншік құқығының түсінігі және мазмұны . . . 7
2. 2. Меншік құқығына ие болу негіздері . . . 11
3-тарау. Меншік құқығының түрлері
3. 1 Жеке меншік ұғымы және түрлері . . . 16
3. 2 Мемлекеттік меншік ұғымы мен түрлері . . . 30
4-тарау. Меншік құқығын қорғау . . . 33
Қорытынды . . . 36
Қолданылған нормативтік-құқықтық актілер . . . 37
Қолданылған әдебиеттер . . . 37
Реферат
Таңдалынып алынған бітіру жұмысының тақырыбы, қазіргі уақыттағы өте өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сондықтан да біз азаматтық-құқықтың маңызды институты - меншік құқығының түсінігі, оның дамуы мен еліміздегі азаматтық заңдарына талдаулар жасап, азаматтық және шаруашылық істері бойынша сот практикасын қолданып, оның даулы ережелері қарастырылды.
Бітіру жұмысын жазу барысында Қазақстан Республикасының 30 тамыз 1995 жылы қабылданған Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі және басқа да нормативтік-құқықтық актілер, осы тақырыпқа байланысты арнайы заң әдебиеттері мен экономикалық әдебиеттер қолданылды.
Жұмыстың көлемі 37 беттен тұрады. Жұмыста меншік құқығының құқықтық аспектілерін кешенді түрде қарастыруға, меншік туралы заңдардың дамуының теориялық проблемаларына назар аударылды.
Бітіру жұмысын жазу барысында Қазақстан Республикасында жүргізіп жатқан құқықтық және экономикалық реформалар басты назарда болды.
Кіріспе
Қазақстан Республикасы бүгінгі күнде нарықтық дамудың жолына түскен, егеменді мемлекет. Бұл жаңа құбылыс біздің өмірімізді, ең алдымен құқықтық жүйеде түбірімен өзгерістер енгізуді талап етуде. Осы себептерге байланысты Қазақстанның нарықтық қатынастарын жаңа азаматтық-құқықтық реттеу қажеттілігі туындады. Елде жеке меншік нысаны енгізіліп ол даму үстінде. Экономикада және мемлекеттік басқару жүйесінде түбірлі өзгерістер болып, жекешелендіру процесі өтуде және халық кәсіпкерлік қызметтің әр түрлі аясында белсенді қатысуда. Сондықтан мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар терең, жан-жақты азаматтық-құқықтық реттеуді талап етеді.
Осыларға байланысты біз азаматтық-құқықтың маңызды институты меншік құқығын, оның даму тенденцияларын ашып көрсетуге, отандық азаматтық заңдарға шетелдер заңдарымен салыстыра отырып талдаулар жасауға, сондай-ақ азаматтық және шаруашылық істер бойынша сот практикасын қолдануға, меншік құқығы туралы цивилдік ғылыми ойлардың ахуалын көрсетуге, оның даулы ережелерін қарастыруға, Қазақстанның қазіргі заманғы жаңа азаматтық заңдарын қолдануға тырыстық.
Бітіру жұмысында көрнекті отандық ғалымдар М. К. Сүлейменов, Ю. Г. Басин, Ғ. И. Төлеуғалиев, А. Г. Диденко, О. Қ. Ихсанов, Ә. Е. Бектұрғанов, Н. Б. Мұхитдинов және тағы басқа ғалымдар еңбектері мен шет ел әдебиеттері және қажетті нормативтік актілер қолданылды.
Жұмыста меншік туралы Қазақстан Республикасының заңдарының даму тарихы, меншік құқығының түсінігі мен мазмұны, меншік құқығының пайда болу негіздері, меншік құқығының түрлері, меншік құқығын қорғау мәселелері қарастырылды.
1-тарау. Меншік туралы Қазақстан Республикасы заңдарының
даму тарихы
Қазақстан Республикасының ұлттық меншік құқығының қалыптасуы өте қиын жағдайлардан өткендігі белгілі. Бұрынғы КСРО азаматтық заңдары жеке меншік құқығын мойындамай, мемлекеттік меншікті жетекші және жалпыхалықтық деп есептеді. КСРО Конституциясы социалистік меншіктің үш түрлі нысанын бекіткен болатын: мемлекеттік, колхоздық-кооперативтік, кәсіподақтардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың меншігі мен сондай-ақ социалистіктен туындайтын жеке меншік1.
Осымен бірге, КСРО-да ұзақ уақыт бойы қоғамдық меншіктің (мемлекеттік меншіктің) жеке адамдар меншігінен басымдылығы қамтамасыз етілді. Жеке меншік тиісті құқықтық деңгейде қорғалмады және өндіріс құралдарына таралмады.
Тоқсаныншы жылдардың басында ғана "мемлекеттік меншік" түсінігінен бас тарту процесі басталынды. КСРО Конституциясының 10-бабы негізінде (1990 жылғы 14 тамыздағы редакциясы бойынша) және 1990 жылғы 6 наурыздағы КСРО-ның Меншік туралы Заңына сәйкес меншік мынадай түрлерге бөлінді: азаматтар меншігі, коллективтік меншік және мемлекеттік.
КСРО Конституциясының 11-бабына сәйкес мемлекеттік меншік барлық кеңес халқының жетістігі деп есептелінді. Мемлекеттік (жалпыхалықтық) меншік кеңес мемлекетіне жататын біртұтас қорды құрады, бұл біртұтас болып табылып, мемлекет оның жалғыз субъектісі болды. КСРО-дағы меншік туралы заң (21, 22, 23-баптар) жерді және басқа да табиғи объектілерді мемлекеттік және басқа да объектілер қатарына жатқызбады. Бұл объектілер бір мезгілде КСРО-ға және республикаларға тиесілі болды, сондықтан мұндай жағдай меншік субъектілерін индивидуализациялауға айқын қарама-қайшылықты тудырды (Қазақстан Украина жерінің меншік иесі бола алмайтыны белгілі) 2. "Жалпы игілік" түсінігі бұл мүліктік иесіздігін сипаттады, өйткені меншік барлығына тиесілі болып, жеке ешкімге тиесілі болмады. Мұндай құбылысқа қазақтың "ортақ өгізден, оңаша бұзауым артық" деген мәтелі өте дұрыс берілген баға болды. Сондықтан "халық игілігі" деп заңдарда бекітілген категорияның, алғашқы кезден-ақ болашағы күңгірт еді. Сол уақыттағы Қазак, КСР Конституциясы да жалпыхалықтың игілігі деп халықты танығанымен, "халық" түсінігіне нақтылы анықтама бермеді. Экономикалық мағынада, егер меншік субъектісі - біртұтас халық болса, оның бірде-бір бөлігі өздігінен меншік иесі бола алмайтындығы белгілі. Заттардың жалпыхалықтылығы тауар-ақша қатынасына қарама-қайшы болып, осының нәтижесінде мемлекеттік меншік нарықтық қатынастардан шығып қалды. Бір ғана меншік иесіне тауарсыз экономика тән болды. Мәні бойынша заттармен халық біртұтастық ретінде байланысты болған жоқ, оның жекелеген бөліктері (заңды тұлғалар мен азаматтар) байланысты болды.
КСРО-ның меншік туралы Заңына бұрынғы "жекеменшік" ұғымы орнына жаңа "азаматтар меншігі" ұғымы енгізілді. Заң әдебиеттерінде көрсетілгендей, " . . . частная собственность была не обязательной принадлежностью капиталистического хозяйства, а было лишь признаком товарного хозяйства"3.
Қазақстанның шаруашылық дербестігін даму шарттары мен бекімденуін қарастырған, Қазақ КСР-інің өзін-өзі басқаруы және өзін-өзі қаржыландыруы концепциясында индивидуальді меншікті жеке және жалдамалы еңбекті қолданатын индивидуальді-өндірістік (ұсақ жеке) меншікке бөлу идеясы ұсынылды.
1991 жылы 12 желтоқсанда қабылданған Қазақ КСР-нің Меншік туралы Заңы алғаш рет заңдық тұрғыда меншік құқығының негізгі принциптерін және түсінігін бекітті, Қазақ КСР-нің жерге және басқа да табиғи ресурстарға айрықша меншік құқығын жариялады. Басқа барлық меншік республикалық меншік болып жарияланды, бірақ бұкілодақтық меншік пен оны қалыптастыру танылды. "Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы" заңның 3-бабы былайша нақтылы: "Республика территориясындағы барлық ұлттық байлық оның меншігі болып табылады және оның юрисдикциясына өтеді". Қазақ КСР-і өз меншігінен КСРО меншігін, республикалық және коммуналдық меншіктерді құрады.
Қазақ КСР-нің "Қазақ КСР-індегі меншік туралы" Заңының пайдалы жағы 1-баптың 2-тармағы болды, онда былай деп көрсетілген еді: "Азаматтар меншігі табыс әкелмейтін жеке және рухани мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін жеке және табыс әкелетін жеке түрлерде болады". Дегенмен Заңның кейбір ережелері елеулі түзетулер енгізілуді талап етті. Мысалы, мемлекеттік меншік құқығы субъектілері болып барлық деңгейдегі халық депутаттары кеңесі танылды. Ал мүліктің иесі ретінде Кеңестер емес, мемлекет немесе әкімшілік-территориялық құрылымдар түсуі қажет. Бұл Заңда сондай-ақ, дұрыс емес ережелер де болды. Мысалы, Қазақ КСР-і мемлекет ретінде коммунальды меншіктің субъектісі болып танылмады (Заңның 19-бабы) .
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының меншік туралы Заңында меншіктің үш нысаны бекітілінді: азаматтар меншігі, ұжымдар меншігі және мемлекеттік меншік. Заңның 24-бабына сәйкес жерге меншік тек мемлекетте болды, ол тек арендаға немесе мүрагерлікпен өмір бойы иеленуге берілуі мүмкін болды. Бұл заңда алғаш рет заттық құқықтар бекітілінді (толық шаруашылық жүргізу құқығы және басқалар) .
Меншікке байланысты жағдайлар 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (жалпы бөлім) және 1999 жылдың 1 шілдесінде Азаматтық Кодекстің жаңа Ерекше бөлімінің күшіне енуіне байланысты түбірімен өзгерістерге ұшырады.
Бұл азаматтық заңдар азаматтық-құқықтық ғылымдағы және меншік құқығы саласындағы жетістіктер өте жоғары деңгейде рәсімдеді. Ол нарық талаптарын дамыған елдердің заңдарына сәйкес деңгейде берді. Азаматтық Кодекс жаңа Қазақстандық азаматтық заңдардағы меншік құқығы туралы негізгі, орталық заң актісі болды.
2-тарау. Меншік құқығының түсінігі
2. 1. Меншік құқығының түсінігі және мазмұны
Меншік туралы мәселе кез-келген қоғамның өзекті және маңызды мәселесінің бірі. Сондықтан меншік құқығын құқық институты ретінде қарастырғанда оның экономикалық категорияда екендігін ескеру қажет.
Табиғат, еңбек өнімдері және материалдық игіліктерді иеленуге және пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастар меншік деп түсіндіріледі. Сондықтан меншік статистикалық тұрғыда өндірістің шарты болып табылатын белгілі дәулет ретінде (заттарды иелену) 4 және динамикалық тұрғыда, заттың пайдалы қасиеттерін алу, оны иелену (заттарды өндіріс процесінде пайдалану және оларға билік ету) түсініледі. Құқық нормаларымен реттелінген меншіктің экономикалық қатынастары меншік құқығы нысанына ие болады.
Заң ғылымдары меншікті мынадай мағыналарда бөледі: 1) меншік құқығы объективтік мағынада; 2) меншік құқығы субъективтік мағынада. Мәселе материалдық игіліктерді иелену, пайдалану және басқару жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттеуші азаматтық құқық нормалары (кодекс, заңдар және басқа да нормативтік актілер) туралы болып отырғанда біздің алдымызда меншік құқығы объективтік марынада көрінеді, бұл меншіктің құқықтық институтын құрушы нормалар жиынтығы.
Ал мәселе субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқы болғанда, бұл меншік құқығының субъективті мағынасын білдіреді.
Меншік құқының анықтамасы Азаматтық Кодекстің 188-бабында берілген: "Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы". Бұл анықтама өте дәл берілген болып табылады және ғылыми, өйткені құқық субъектісіне өз қудалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы берілген. Меншік құқығының анықтамасы заң құжаттары арқылы танылған мүлікке оның өз қалауынша билік етуі ретінде түсінілуі қажет. Бұл жөнінде М. К. Сулейменов өте дұрыс атап көрсетеді: " . . . ключевой фразой в определении права собственности является по своему усмотрению"5. Бұл билік ету мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алуды, оған әсер етуді, өзгертуді, бөлуді, оған билік етуді, біреуге беруді және жойып жіберуді білдіреді. Сондай-ақ Азаматтық Кодекстің 188-бабы қарастырған меншік құқығын шектеу, оның шексіз болмайтындығын білдіреді, сондықтан ол заңдармен анықталуы қажет. Меншік иесінің ез өкілеттілігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын бұзбауға тиіс. Қазақтар мен заңды мүдделерді бұзушылық басқа нысандармен катар, меншік иесінің өзінің монологиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасаудан көрінуі мүмкін. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын да қолдануға міндетті. Иелену, пайдалану және билік етумен қатар, меншік құқығының тағы бір құрамдас бөлігі, оны заң актілерімен қорғау да болып табылады, бұл құқық бөтеннің құқығына тәуелді емес, меншік иесі оның мүлкіне әсер етуге кез-келген тұлғаға тиым салуға құқылы оны сақтауға және қорғауға және бұл құқықтар бұзылған жағдайда оны қайтарып алуға немесе қалпына келтіртуге, сондай-ақ бұзылғаны үшін шығындардың орнын толтыруға.
Азаматтық Кодекстің 188-бабыңың 1-тармағына сәйкес, меншік құқығының мерзімі шексіз. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық Кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.
Меншік құқығының мазмұнын меншік иесінің өз мүлкіне иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы құрайды. Бұлардың әқайсысы меншік құқығының қажетті элементі болып табылады және олардың әрқайсысы шектелген бірлікте бұл құқықтың мазмұнын сипаттайды. Меншік иесі бұл аталған құқықтардың кез-келгенін, тіпті үшеуін де үшінші тұлғаларға, меншік иесі болып қала отырып, үшінші тұлғаларға бере алады.
Кейде заң талабы бойынша мүлік кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін меншік иесінен мәжбұрлі түрде алынуы мүмкін, мұндай жағдайда ол барлық үш құқықтан да айырылады. Дегенмен, мұндай жағдайда ол меншік иесі болып қала отырады, егер ол мүлікті сатқанша қарыздарының орнын толтырса, сондай-ақ ол заттарды сатып қарыздарын өтеуден қалған бөлігіне меншік иесі болып қалады.
Иелену құқығын заң мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету деп береді. Бұл меншік иесіне затқа үстемдік етуге фактілі мүмкіндік береді, сондықтан затты пайдалану үшін маңызды алғышарт құрайды.
Заң иеленуді былайша бөледі: заңды және заңсыз, адал ниетпен және арам ниетпен иеленуші. Иелену заңды болып табылады, егер ол құқықты негіздерде алынса, заттарды иелену заңсыз болып табылады, егер оны күштеу, жасырын немесе талап ету мерзімі өткеннен соң оны қайтармау негіздерінде иеленсе. Сондай-ақ, егер мүлікті иеленуші ол заттың заңсыздығы туралы білмесе және білуге тиісті болмаса адал ниетпен иеленген болады. Ал иелену арам ниетпен иеленген болып табылады, егер ол затты алған кезде оның заңсыздығын білсе және білуге тиіс болса.
Сондай-ақ мүліктің, меншік иесі болып табылмайтын, бірақ өзінің жеке қозғалмайтын мүлкіндей он бес жыл бойы, не өзге мүлікті кем дегенде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлікке меншік құқығын (иелену көнелігін) алады. Мемлекеттік тіркеуге жататын «қозғалмайтын және өзге де мүлікке меншік құқығы Бұл мүлікті иелену көнелігіне сәйкес алған тұлғада осындай тіркеу кезінен бастап пайда болады.
Мүлікке меншік құқығын алғанға дейін оларды өз мүлкіндей иеленуші азамат немесе заңды тұлға өз иелігін мүліктің меншік иелері болып табылмайтын, сондай-ақ заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негіздерге сәйкес оларды иеленуге құқығы жоқ үшінші жақтардан қорғауға құқылы6. Иелену көнелігі төлену құқығынан меншік құқығының құрамдас бөлігі ретінде ерекшеленеді.
Пайдалану құқығына келсек, пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, мол алу және өзге де нысандарда болуы мүмкін.
Пайдалану құқығынан жай пайдалануды ажырата білу қажет. Пайдалану құқығы - бұл затты қолдану құқықпен қамтамасыз етілген, субъективті меншік құқығының құқығы. Пайдалану - бұл осы құқықты жүзеге асыру, затты нақтылы пайдалану немесе оны ақырына дейін тұтыну, нақтылы табыс алу (жеміс алу) .
Меншік иесі негізінен өз пайдалану құқығын қалай жүзеге асыратынын өзі шешуі қажет. Дегенмен, Конституцияның 6-бабы, меншіктің міндет жүктейтіндігін және оны қолданудың қоғам иелігіне қарама-қайшы келмеуін бекітеді.
Билік ету құқығын қарастырсақ, билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.
Билік ету құқығы - бұл меншік құқығы объектісіне қатысты заңдық мәмілелер жасау құқығы. Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі өз өкілеттілігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрлерде де билік етуге құқылы.
Кейбір жағдайларда билік ету құқығы тек мемлекет келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, әрекет қабілеттілігі шектелген тұлға билік ету құқығын жүргізу үшін мәміле жасау кезінде оның заңды өкілінің келісімі талап етіледі.
Билік ету құқығы мүліктің иесі болып табылмайтын тұлғамен де жүзеге асуы мүмкін. Бұл заңның арнайы көрсетуі бойынша, не меншік иесімен жасалынған шарт бойынша жүруі мүмкін. Мысалы, темір жол жүкті жүк алушыға бере алмайтын болса, оны басқа тұлғаға береді.
Меншік иесі өз меншігінен тек игілік алмайды, сондай-ақ егер заң актілерімен немесе шарттармен өзгеше қарастырылмаса, өзіне тиесілі мүлікке сәйкес ауырлықтарға да ие болады және бір жақты тәртіпте бұл ауырлықты үшінші тұлғаға жүктей алмайды.
Егер мүлік заңды түрде үшінші жақтарда болса, олардан бөтен адамның мүлкін күтіп ұстауға жұмсалған шығындарын, егер шартта өзгеше көзделмесе, меншік иесі өтеуге тиіс. Ал затты күтімсіз және заңсыз ұстаған адамға ұстауға жұмсалған шығындары өтелмейді.
Иеліктен айырылған заттардың кездесйсоқ жазылу немесе кездейсоқ Бұліну қаупі, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше белгіленбесе, сатып алушыда меншік құқығы пайда болумен бір мезгілде соған көшеді.
Егер иеліктен айырушы адам заттарды беру мерзімінің өткізіліп жіберілуіне кінәлі болса немесе сатып алушы оларды қабылдау мерзімінің өткізіліп жіберілуіне кінәлі болса, кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бұліну қаупін мерзімін өткізіп жіберген тарап көтереді.
2. 2. Меншік құқығына ие болу негіздері
Меншік құқығына азаматтық құқық субъектілері әр түрлі негіздер бойынша ие болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 235-бабы меншік құқығының пайда болу негіздеріне арнайы арналған. Дегенмен, заң белгілі бір шектеулі тізімдері негіздерді бекітпейді, яғни меншікке ие болудың басқа да негіздері болуы мүмкіндігін көрсетеді. Меншік құқығы заңдық фактілердің күшіне сәйкес алынуы мүмкін, осылармен заң оның пайда болуын байланыстырады. Бұл заңдық фактілер негіздер деп аталынады7.
Меншік құқына ие болудың алғашқы және туынды негіздерінің шектерінің критерийлеріне не жатады, бір жағдайда ерікті, ал екінші жағдайда құқық қабылдаушылықты есептейді, ал екіншісіне басымдылық беріледі8.
Азаматтық Кодекс алғашқы негіздерге мыналарды жатқызады: жаңа дайындалған немесе жаңа жасаған затқа меншік құқығы (135-қ, 1-т, 136-6), өндеу (237-6), иелену көнелігі (240-6), жинауға не аулауға арналған көпшілік қолды заттарды меншікке айналдыру (241-6), иесіз заттар (242-6), өз бетімен салынған құрылыс (244-6), олжа (245-6), қараусыз жануарлар (246-6), меншік иесінен алынған затты иелену (248-6), көмбе (247-6) .
Туынды негіздермен меншік құқығының пайда болуының негіздері көбінесе шарттар болып табылады, сондай-ақ мұрагерлік, заңды тұлғаны қайта ұйымдастырғандағы құқық мирасқорлығы. Туынды негіздерге сондай-ақ меншікті мемлекет меншігіне айналдыру, жекешелендіру, реквизициялау және тәркілеу, жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру, күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналарды сатып алу және заңдарда көрсетілген басқа да негіздер жатады.
Енді меншік құқығының пайда болуының бастапқы негіздерін қарастырсақ.
Азаматтық кодекстің 235-бабының 1-тармағы меншік құқығының пайда болуының бастапқы негізінің бірі ретінде "жаңа затқа меншік құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиеді" деп бекітеді. Мұнда меншік құқығы бұрын болмаған затқа пайда болады. Заттың иесі оны жасаған немесе дайындаған адам болады, егер ол заңдарда немесе шарттарда өзгеше көрсетілмесе. 236-бапқа сәйкес, салынып жатқан үйлерге, құрылыстарға, өзге де мүліктік кешендерге, сондай-ақ жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы осы мүлікті жасау аяқталған кезден бастап пайда болады.
Егер заң құжаттарында немесе шартта құрылысы аяқталған объектілреді қабылдап алу көзделген болса, онда тиісті мүлікті жасау осылайша қабылдап алынған кезден бастап аяқталған болып есептеледі.
Қозғалмайтын мүлік мемлекеттік тіркеуге тиіс реттерде, оған меншік құқығы осылайша тіркелген кезден бастап пайда болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz