Бастауыш сыныптарда Ы. Алтынсариннің шығармаларын оқытудың маңызы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-5
1 - тарау. Ы. Алтынсаринің педагогикалық еңбектерінің тәрбиелік маңызы . . . 6-27
1. 1. Ы. Алтынсариннің өмірі мен педагогикалық қызметі . . . 6-15
1. 2. Ы. Алтынсарин шығармаларын бастауыш мектепте оқытудың педагогикалық маңызы . . . 16-27
2-тарау. Бастауыш сыныпта Ы. Алтынсариннің шығармаларын оқыту әдістемесі . . . 28-49
2. 1. Ы. Алтынсариннің бастауыш сыныпта оқытылатын шығармалары . . . 28-39
2. 2. Ы. Алиынсариннің шығармаларын оқыт тәжірибесі . . . 40-49
Қорытынды . . . 50-51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 52-53
-
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі.
Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында, «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу», «Ұрпақтар бiрлiгi мен сабақтастығы жылы» атты қаулыларында кезiнде асыра сiлтеу мен зұлматтың зардабына ұшыраған қазақ зиялы қауымының мұрасын қалпына келтiрiп, оны бүгiнгi қазақ халқының жасап жатқан тарих тағылымдарымен сабақтастыра отырып жалғастыруға көзделген.
Кезінде қазақ халқының болашақ тағдырын орыс мәдениетімен бірлікте алып қараған Шоқан, Абай және Ыбырай секілді ұлы ағартушы - демократтар тарихымызда өшпестей із қалдырды. Осы орайда, Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі мен еңбегі орасан зор. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел - жұртын көрші елдің өнер білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлесіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды.
Ыбырай жасаған оқулық, ең алдымен, орыстың, қала берді Европа оқымыстыларының педагогикалық көзқарастары мен оқыту, тәрбиелеу әдіс - тәсілдеріне негізделіп жасалды, бірақ ұстаз оларды талғам - талдаусыз, сол күйінше ала салған жоқ, керсінше, оған енетін материалдарды қазақ балаларының түсінік - танымына сәйкес етіп алды, өзі де осы талапқа орай әңгіме, өлеңдер жазып құрастырған хрестоматиясына қосты. Сөйтіп, ұлы ағартушы - ұстаз халқымызды білім бұлағынан сусындатып, өзге мәдениетті елдердің қатарына қосуға бойындағы бар күш - қуатын, білімін сартқа жұмсады. Бұл бағытта тыңнан жол салып, соған бүкіл саналы өмірін арнады.
Ыбырайдың қоғамдық, педагогикалық, ғылыми көзқарастарының бекіп қалыптасуына В. В. Григорьев, Н. И. Ильминский, Я. П. Яковлев секілді орыс достарының әсер - ықпалы ерекше болды. Солардың тікелей ақыл - кеңесі, көмегі арқасында ол өзінің тәжірибесі мен білімін арттырып қана қоймай, Россияның И. Герцен, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов тәрізді революционер - демократтардың еңбектерімен танысып, Л. Н. Толстойдың, И. И. Паульсонның, К. Д. Ушинскийдің оқулықтарын өз хрестоматиясына үлгі етіп алады. Олардан көптеген аудармалар жасап, тәрбиелік мақсатына пайдаланып отырды
ҚР-ң Бiлiм туралы заңында «ҚР азаматтарының жаңа әлеуметтiк мiнез құлқын қалыптастыру», «ҚР мәдени-этникалық бiлiм беру», «Бiлiм мазмұнын гуманитарландыру» тұжырымдамаларында бiлiм беру iсiнде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игертуге, ұлттық сананың қалыптасып өсуiне жағдай жасауда қоғам мен тұлға арақатынасын «тұлға мен дәуiр қос бiрлiгiнiң» үндестiгiн талап етедi.
Қазiргi қоғам алдындағы негiзгi мiндеттердiң бiрi - заман сұранысына сай оқу-ағарту, тәрбие мәселелерiн сараптап, қоғамды құрайтын жеке тұлға бойындағы рухани құндылық бағдарын жетiлдiру- бүгiнгi таңның бiрiншi кезек күттiрмейтiн мәселелерiнiң бiрi болып отыр. Сондықтан да, бүгiнгi өсiп келе жатқан жастарға арналған ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын рухани құндылықтар негiзiнде оқу-тәрбие жұмысының жаңа кешенiн жасау қажеттiлiгi тууда. Қазақ халқының атадан-балаға жалғасқан рухани мұрасындағы құндылықтарды iрiктеп, оны бүгiнгi жеке тұлғаны қалыптастыруға пайдаланудың қажеттiлiгi туып отыр.
Диплом жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сыныпта Ы. Алтынсарин шығармаларын оқытудың маңызы ». деп алуға мүмкіндік берді.
Диплом жұмысының объектісі: - педагогикалық мұрасы.
Диплом жұмысының пәні: Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары мен идеялары.
Диплом жұмысының мақсаты: Ы. Алтынсариннің шығармашылық мұрасына, педагогикалық идеяларына талдау жасай отырып оны жүзеге асырудың жолдарын айқындау.
Диплом жұмысының міндеттері:
- Ы. Алтынсарин мұрасындағы негізгі педагогикалық идеяларды айқындау, жүйелеу.
- Бастауыш мектепте ана тілі сабақтарында Ы. Алтынсарин шығармаларын оқытудың әдістемелік жолдарын қарастыру.
Зерттеу әдістері:
Тақырып бойынша әдебиеттерді оқып танысу, талдау жасау, озат педагогикалық тәжірибені жинақтау, бақылау, әңгіме.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 - ТАРАУ. Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ
1. 1. Ы. Алтынсариннің өмірі мен педагогикалық қызметі
Ыбырай Алтынсарин - ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған қазақ зиялыларының көшбасы, тұңғыш халық ағартушысы, қазақ тарихында қоғамдық ой-пікірлердің қалыптасуына үлес қосқан көрнекті қайраткер. Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ даласындағы аумалы - төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас жеткіншектердің тағдырына терең үңілген ағартушы- ұстаз Ы. Алтынсарин ел ішінде орын алған сауатсыздық пен білімсіздікке қарсы ашық күреске шықты. Сонымен қатар, Ресейде басталған азаттық қозғалыстың өрлеу кезеңінде қазақ ағартушыларының демократиялық идеяларының белсенді жаршысы болды. Қазақ даласында жаппай сауаттылық пен білім беру ошағын орнатқан Ыбырай халықтың мұң-мұқтажы мен арман- тілегін орындау мақсатында көпшілік арасында қыруар жұмыстар атқарды.
Ы. Алтынсарин Қазақстандағы әлеуметтік - педагогикалық мәселелерді шешудің басты жолдары мен негізгі ұстанымдарын ұсынды. Іргесі қаланбақшы алғашқы мектеп құрлысын, тұңғыш берілетін білімнің бағыт- бағдарын айқындады, қалың бұқараға оның мазмұны мен маңызын түсіндірді, қазақтың төлтума жазуын қолға алды, бастауыш мектепке қажетті оқу - құралдарды дайындады.
Ұлы педагог қазақ ортасында үстемдік құрған қоғамдық әділетсіздікке қарсы болды. Надандық пен зұлымдық тудырушыларды әшкереледі. Феодалдық-рушылдық езгі мен патшалық самодержавиенің қаратүнек заманында Алтынсариннің өлеңмен айтылған жоғарғы идеялары жастарды рухтандырып, халыққа жалынды үндеу тастады. Бұл қазақ даласындағы бүкіл қауымға қағылған алғашқы қоңырау еді. Ол ел- жұртын көрші елдің өнер-білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлесіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер даярлауға күш салды.
Алтынсариннің тұсында Қазақстанда педагогика ілімінің негізі қаланды. Ыбырайдың қоғамдық, педагогикалық, ғылыми көзқарастарының қалыптасуына белгілі ориенталист ғалымдар В. В. Григорьев, Н. И. Ильминский, Я. П. Яковлев секілді орыс достарының ықпалы ерекше болды. Л. Н. Толстойдың, И. П. Паульсонның, К. Д. Ушинскийдің оқулықтарын өз хрестоматиясына үлгі етті. Олардан көптеген аударма жасап, тәрбие мақсатында пайдаланып отырды.
Ыбырай жаңа типті мектептер үшін оқулық жасау мәселесімен
60-жылдардың басында-ақ шұғылданды. Өйткені, қазақ жастарына шын мәнінде білім мен тәрбие беру үшін жаңа оқулықсыз жұмыс жүргізу мүмкін емес еді. Мұның үстіне қазақ арасында діни оқудың кең орын алғандығы, діни кітаптардың көптігі Ыбырайды жаңа оқулық жасау мәселесіне үнемі итермеледі. 1879 жылы жарыққа шыққан "Қазақ хрестоматиясының" негізін осы кезеңнен ойластыра бастаған. "Қазақ хрестоматиясының" пайда болуы Ыбырайдың ағартушылық қызметімен тығыз байланысты. Хрестоматияның жаңа ашылған мектептерге арналып жазылуының өзі осыны дәлелдейді. Ыбырай бұл еңбегінде көркем шығармалары арқылы өзінің ағартушылық және педагогикалық идеяларын толық көрсетіп, насихаттады. Ыбырай оқулық жасамастан бұрын қазақ даласында сол уақытқа дейін қолданылып келген діни кітаптардың негізгі сырын, кертартпалық мәнін айқын таныған. "Молдалар оқытып жүрген татар, араб, парсы кітаптарының бәрі де, - деп жазды ол 1862 жылы, - адам баласын дұрыс ойдан адастырады, кері кетіреді". Қазақ мектептері үшін оқулық жасау мәселесі 70-жылдардың бас кезінде айрықша көтерілді. Жаңа оқулықтың қандай сипатта болуы жайында ол: "Мәселенің ең мәнді жері: қазақтарға татар фантазимінің ықпалын тигізбеу, қазақтардың білім алуына оның кесірін тигізбеу ғой. Ондай ықпалдан құтқару үшін, бірте-бірте, бірақ шын құтқару үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығара білу керек" деп жазды. Ағартушының бұл пікірі оның оқулық жөніндегі ойының 70-жылдардың бас кезінде айқын қалыптасқанын, жалпы эстетикалық ұстанымдарды тұрақтап, жүйеленгенін және нағыз ілгерішіл сипатта болғанын аңғартады. Хрестоматияны құрастырғанда ол халықшылдық, гуманизм, демократизм, демократизм, патриотизм идеяларын көздеді. Хрестоматияны жасау жолында 1876 жылы 1888 жылға дейін үздіксіз жұмыс істеді.
"Қазақ хрестоматиясы" К. Д. Ушинскийдің "Балалар әлемі" және басқа да орыс класикалық педагогикасының үлгісінде жасалды. Ол мынандай бөлімдерден тұрады:
- тақпақтар, балаларға арналған әңгіме, ертегілер, оқушылардың туысқандарына хат жазу үлгілері;
- үлкендерге арналған әңгімелер;
- ауыз әдебиетінің үлгілері;
- мақал- мәтелдер;
Балаларға таныс, олардың өмірлеріне жақын және халықтық идеяларды тарататын әңгімелер мен жырларды алды. Бұл бөлімді ол ғалым елегінен өткен, орыс хрестоматиясынан тұрақты орын алған орысша шығармалармен байытты.
Хрестоматияға енгізілген шығармалар балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, жоғарыда айтып өткен оқу, еңбек тақырыптарына толық тоқталған. Мысалы, кітаптың беташары оқуға шақырудан басталып, негізгі тақырыптардың бірі- еңбек мәселесін сөз етеді.
Халықтық мақсаттағы озық идеялар жақсы жазылған еңбектер арқылы ғана қоғам өмірінде кеңінен тарап, салмақты күшке айналатынын лайықты нәтиже беретінін түсінді. Қазақ елінің әр түпкірінен жаңа мектептерді қанша ашқанымен, олар арқылы бүкіл дала өмірін толық қамти алмайтынын сезінді. Негізгі мақсатқа сәйкес жаңа оқулықсыз мектептер күткен нәтижелерге жеткізе бермейтінін байқады. Осыдан келіп ол өзінің ағартушылық және қоғамдық идеяларын еңбекші халыққа кеңінен жеткізу мақсатымен оқулықтар шығаруды қолға алды. 1876 жылыдың желтоқсанынан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісті. Алтынсарин тірі кезінде хрестоматияның бірінші бөлімін ғана бастырды. Ол өлгеннен кейін хрестоматияның бірінші бөлімі "мактубат" деген атпен араб әліппесімен Санкт- Петербургта 1899 жылы қайта басылып шықты. Хрестоматияның екінші бөлімінің мазмұндамасына қарағанда, бастауыш ғылыми білім берудің энциклопедиясы болған сияқты. Мұнда, ең алдымен, жаратылыстану, тарих, жағрапия, химия, физика, сондай-ақ техника саласынан да түсінік бергісі келетінін, жан- ажақты білім беруді көздегенін айтқан еді. Бірақ, бұл кітабы әлі күнге дейін табылмай келеді. Өзінің Н. И. Ильминскийге жазған хатында: "Қазір қырғыз хрестоматияныңсының екінші бөлімін жасап жатырмын", - деп мәлімдейді. (Сыздықов Ә. С. Ы. Алтынсаринның педагогикалық пікірлері және ағартушылық қызметі. Алматы, Қазақтың мемлекеттік оқу құралдары баспасы, 1950. 164-б. ) . бұл кітаптың маңыздылығын терең түсінген оның: "Жалпы және ғлыми мәліметтер беретін қырғыз тілінде кітап жазып, туысқандарыма тағы да бір еңбек сіңіргім келеді" арманы дәлел. Хрестоматияның алғы сөзінде ол: "Бұл кітапты алғаш құрастырғанда біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім" деп жазған. Халыққа тигізер пайдасы мол, мазмұны мағыналы тәрбие құралын жазып шығу абыройлы да мархабатты, ұлы іс екенін ол санасымен зерделей білді. Бұл кітабына Ыбырай үлкен сенім артты. "Қазақ халқының қазіргі жағдайында маңызы күшті болатын бұл еңбекті, - деп жазды ол 1880 жылы, - ойдағыдай орындап шығуыма құдай тек өмір мен күш беретін болсын, мұны жақсылап қолдана білсек, бұл қазақ даласына көп өзгеріс енгізеді" (Дербісәлин Ә. Ыбырай Алтынсарин- ұлы педагог, ағартушы, жазушы // Ыбырай Алтынсарин тағылымы. - Алматы. Жазушы, 1991. -89-б. -79-100-б. ) . Осы жылы "Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы" оқулығын жарыққа шығарды. Аталған еңбектер тұңғыш рет қазақ тілінде шыққан оқулықтардың төл басы еді. Сонымен қатар, 1884 жылы Қазан қаласында "Шариятыл ислам- Мұсылмандық шарт" кітабын шығарды. Аталған еңбектің мақсаты дін мен Құранды жақсы білмейтін дүмше молдалардың ықпалынан арылып, ислам дінінің шарттарын жастарға үйрету, дұрыс бағыт беру болды. Жергілікті мектптерде Інжіл мен діни парызды уағыздауды әдепсіздік пен ессіздік деп есептеді (Алтынсарин И. Собр. Соч. Т. І. 327- 333-бет) . "Байлық, кедейлік, білім, надандық құдайдан таралатынына сеніп керегі жоқ, өмірде еңбек етіп, оқу керек, егер сен білім алсаң дандайсыма, басқаларды оқытып, оларды прогресс пен әділет жолына бағыттауға тырыс" деп адамгершілік пен имандылықтың үлгісін көрсетіп, діни тарихы мен мұсылмандық салт-дәстүрлерден мол мәлімет береді (Алтынсарин И. Шариятыл ислам. - Қазан, 1884. -55-57-б. ) . Дін қағидаларын ғылыми тұрғыда түсіндіріп, халықты надандық пен татар фанатизмінен сақтандыруға тырысты. Қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін әрекет етті.
Көрнекті совет педагогі, профессор Е. Н. Медынский өз еңбегінде Алтынсариннің жалпы атқарған қызметін жоғары бағалап: " Алтынсарин қазақ мектептерінің инспекторы ретінде өз халқы үшін бастауыш училищелердің ашылуына себепші болды, бұл мектептерде Ушинский ұсынған прогресшіл оқыту әдістерін орнатып, осы мектептер үшін бірқатар оқулықтар жазды" деп баға берді. (Медынский Е. Н Педагогика тарихы. - Москва. Мемлекеттік оқу педагогика баспасы, 1947. 408-б, 454-б. )
Ыбырай- оқытушы- педагог қана емес, оқу- ағарту майданының белсенді қайраткері. Оқу инспекторы қызметін атқарып жүрген кезінде ауылдарда мектеп ұйымдастыруға ұйытқы болды. Ақтөбе, Торғай, Ырғыз, Тройцк уездерінде бір-бірден екі сыныптық орталық училище ұйымдастырды. 1881 жылы Орск қаласында қазақ мектептері үшін мұғалімдер даярлайтын училище аштырды. Жеті жерден болыстық мектеп ұйымдастырды. Ол мектептердің бесеуі ұлы ағартушының тірісінде: Бөрте, Қарабұтақ, Обаған, Жетіқара болыстарында 1887 жылы, Қараторғай болысында кейін 1891 жылы ашылды. Бұл мектептерде 16 мұғалім, жүз қаралы оқушы болды. 1883 жылы 15 қарашада Торғай қаласында қолөнер мектебін ашады. Бұл мектеп қазақ даласындағы техникалық мәні бар тұңғыш оқу орны болды. 1887 жылы тағы да Ыбырайдың бастамасымен Ырғыз қаласында қазақ тарихында тұңғыш рет қыздар үшін екінші мектеп ашылды. Кейінгі жылдары қыздарға арналған орысша- қазақша 5 мектепте 1896 жылы 211 оқушы оқыса, оның 141-і орыс қызы да, 70-і қазақ қызы болды.
"Мектеп- қазақтарға білім берудің басты құралы, олар қазақ даласының кез келген жеріне ретсіз орнатыла салатын болса, ешбір пайда келтіре алмайды . . . Артта қалған халықты білімге қызықтырып тарту керек, қазақ халқының келешегі тек осыларда" деп, Алтынсарин метеп жағдайының жақсы болуына артық сапалы білім беру үшін мұғалімдердің өз дәрежесінде болуына артық мүмкіншіліктер туғызуын талап етті. "Сонда ғана оқушылардың саны тез арада өсетіні даусыз, ал Ордада мұндай оқушылар көбейіп, ғылымды бойға сіңірсе, дүниеге деген көзқарасын түзетсе, олар бүкіл халыққа да әсер етеді, сонда фанатизімнің күл- талқаны шығады", - дейді 1871 жылдың 31 тамызында Н. И. Ильминский жазған хатында ( Н. И. Ильминский Воспомианание об Алтынсарине. 229-231-бет) .
Ұлы ұстаз мектеп ашып, оқу- тәрбие жұмыстарын жүргізуде орыстың сол кездегі Бунаков ашқан Петин мектебі (Воронеж мектебі), Н. А. Корфтың бастамасымен Екатеринослав губерниясының Александр уезінде ұйымдастырылған мектептер және Л. Н. Толстойдың Ясная Полянадағы мектебін үлгі тұтты.
Төңкеріске дейінгі ұлт мектебінің жайын білетін педагогика ғылымының докторы, профессор А. Ф. Эфирав Ы. Алтынсаринның педагогикалық көзқарастары туралы былай дейді: "Алтынсаринның педагогикалық қызметін үстірт қараған адам ол Ильминскийдің жүйесін ғана қолданды деп қалуы мумкін . . . Шындығанда, ол Ильминскийдің көптеген жақсы жақтарын пайдалана отырып, оның православиялық - діншілдік көзқарасын қабылдамады. Алтынсарин 60-жылдардағы орыс зиялыларының озық идеяларымен қаруланып, сол кездегі демократ - ағартушылармен пікірлес болды. Чернышевский мен Добролюбовтың есімдерін жоғары бағалады. Ол Ильминский жүйесінен өзгеше мектеп жасады. Ыбырайдың көшпелі халық балаларына лайықтап ашқан мектеп - интернаттары түрі жағынан болсын, бағдарлама жағынан болсын Ильминский мектебінен басқаша еді" (Эфиров А. Ф. Статья об Алтынсарине / "Советская педагогика". -1945. -№ 4, 31-бет) .
Ы. Алтынсарин балаларға білім мен тәрбие беру ісінде маңызды рөл атқаратын мұғалім дей келіп, оларға бірқатар педагогикалық талаптар қоя білді. Оқу-тәрбие ісінде дұрыс қолданған тәсіл жемісін берері хақ дейді. Оқытудың тым теориялық жағын ұстамай, оқушылардың қабілетіне қарап, үлкен шыдамдылықпен қажырлы еңбек етуді ұсынады. "Мұғалім балалармен істес болады, егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы тиіс" деп, мұғалімге үлкен жауапкершілік артқан Ы. Алтынсарин мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырмен сөйлесуі тиіс: әрбір затты ықыласымен, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан қарапайым тілімен түсіндіру керектігін айтады (Ильминский Н. И. Воспомианание об Алтынсарине. 373-бет) . Ол мұғалімнен өте сезімталдықты, балаға деген сүйіспеншілкті, бала жанын түсінуді талап етті. Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерімен санасуды міндеттеді. Ғалымның пікірінше, қазақ халқының жарқын болашағы оқу- тәрбие үрдісінің ең маңызды ұйытқысы болып табылатын мұғалімдерге байланысты болды. Жақсы мұғалімді дүниедегінің барлығынан жоғары бағалаймын дей отырып, педагогикалық шеберлікті шыңдауға шақырды әрі осы істі өзі ұйымдастырды.
Ы. Алтынсарин балаларға сапалы білім ғана беріп қойған жоқ, саналы тәрбие де берді. Тәрбиенің әр түрлі бөліктеріне- адамгершілік, еңбек және дене тәрбиесіне баса назар аударды. Бала психологиясының жалпы сипаты туралы тақырыпты да алғаш рет талдады. Ағартушы-ұстаз елге үлгі боларлық шығармалар жазу барысында алдына үлкен мақсат қойды. "Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшылық тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін" дейді. Өз шығармаларында адамгершілікке тәрбиелеу идеясын көтеріп, оны шешудің жолдарын іздестірді. Шығармаларының идеясы- шыншыл, еңбек сүйгіш, әдепті қоғам белсендісін тәрбиелеп және оларды ғылым- білімге үйрету еді.
Ата - ананы сыйлау, құрмет тұту, ана қадірін түсіну, жақын достарын сыйлай білу керек деген жалпы халықтық қағиданы әрқашан бала зердесіне салып отыру әрбір тәрбиешінің міндеті дейді. "Ананың сүюі" деген өлеңі бала жанын тебірентіп, ана қадірін аяққа бастырмауға үндейді. Ананың балаға берілген сезімі мен ізгі ниетін жеткізе отырып, аналық мейірімнің молдығын, асылдығын ба лаларға ұғындыру мақсаты көзделген. Ата- ананың сыйлай білген, оның қадір- қасиетін түсінген бала басқаның қадір-қасиетін түсінген бала басқаның да қадір-қасиетін өз ата-анасындай құрметтей алатын болып өседі деген тұжырымды білдіреді. Сол сияқты "Аурудан-аяған күштірек " деген әңгімесінде де осы тақырып кеңінен ашылады. Мұнда жас баланың шыдамдылық, төзімділік, имандылық сияқты ерік- жігер қасиеттері сипатталады. Аяғын сындырып алған бала қиналғанын анасына білдірмейді. Бұған таң қалған сынықшы: аяғың ауырмай ма, қабағыды да шытпайсың ғой -деп сұрайды. Қасында шешесінің жоғын көрген бала: "Ауырмақ түгілі жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе әжемде қиналып, жүдемесін деп шыдап жатырмын " депті. Ал, "Асыл шөп " деген әңгімесі балаларды ұстамдылық пен сабырлыққа тәрбиелейді. Бірдей жәшік көтерген екі қыздың бірдей мазасызданып: сен неге қуанып, мәз болып келесің?- деген сұрағына Бәтима: мен жәшігімнің ішіне жеңілдететін шөп салып алдым, аты "Сабыр"дейді. Қысқа да нұсқа әңгіме мазмұны балаларға үлкен ой тастайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz