«Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы ойын-сауық бағдарламалары
КІРІСПЕ
1.«Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы ақпараттық.танымдық бағдарламалар
1.1.Телеарнадағы ақпараттық бағдарламалардың берілу тәсілі, обьективтілігі
1.2. Сараптамалық.танымдық бағдарламалардың көтеретін жүгі
1.3. Интерактивтік «Сырға» бағдарламасы
2.«Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы ойын.сауық бағдарламалары
2.1.«Қымызхана», «Тойбастар», «Айтыс» . Қазақстан чемпионаты» бағдарламаларының көркемдік деңгейі
2.2. Ойын.сауық бағдарламарындағы телевизиялық әдіс
ҚОРЫТЫНДЫ
СІЛТЕМЕЛЕР ЖҮЙЕСІ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Қазақстан ұлттық телеарнасындағы ақпараттық-танымдық бағдарламалар

1.2. Сараптамалық-танымдық бағдарламалардың көтеретін жүгі
1.3. Интерактивтік Сырға бағдарламасы
2.Қазақстан ұлттық телеарнасындағы ойын-сауық бағдарламалары
2.1.Қымызхана, Тойбастар, Айтыс - Қазақстан чемпионаты
бағдарламаларының көркемдік деңгейі
2.2. Ойын-сауық бағдарламарындағы телевизиялық әдіс
ҚОРЫТЫНДЫ
СІЛТЕМЕЛЕР ЖҮЙЕСІ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Қазір ақпарат заманы. Ақпараттар тасқыны кәдімгі Ы. Алтынсарин атамыз
айтқандай Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызуға мүмкіндік тудырып
отыр. Батыс пен Шығыстың мүдделері тоғысқан, Америка бүкіл әлемнің қожасы
болуға талпынған, Ресей ТМД елдеріндегі ықпалын жоғалтпауға күшін салған,
Қытай аждаһадай аранын ашқан бүгінгідей заманда қазақ ақпаратының
бәсекелестікке төтеп берерліктей мүмкіндігі болуы керек.
ХХІ ғасыр ақпарат билік құратын ғасыр болуы керек. Бұрын билік
идеологияның, қарудың қолында болды. Енді ақпараттың қолына көшетін кез
жетті. Ал, ақпарат ғасырында ақпараттың экспансияның астына көміліп қалмау
біз үшін басты мақсат. Қазақстан ұлттық телеарнасында соңғы жылдары
жасалып жатқан оң қадамдар, жаңа ізденістер осындай мақсаттың үдесінен
туған секілді. Қазақ баспасөзінің жаңа белесі туралы профессор Намазалы
Омашев былай дейді: Қазақ баспасөзі жаңа үрдіске иек артып келеді.
Бұқаралық ақпараттың көз-жанарын байлап, екі өкпесін қысқан тас қамалдың
есігі ашылып, ішіне саңылау түскендей газет, журналдардың тілі стилі
бұрынғы қалпын жойып жаңа леппен, жаңалықпен көрініс табуда. Ақпарат
ағынында бәсекелестік пайда болды. Ал, бәсеке дегеніміз баспасөздің ішкі
динамикасы, дамытушы күші емес пе? [1.142].
Қазақстандағы телеарналардың саны оннан асып жығылады. Осы арналардың
ішінде қазақ тілінде хабар тарататындығы жағынан Хабар, Қазақстан және
31 канал арналары өзара бәсекелесе алады. Хабар телеарнасы қазақ
тіліндегі ақпараттық-танымдық және сараптамалық хабарларымен қоса, ойын-
сауық бағдарламаларының көптігі жағынан ерекшеленсе, 31 канал арнасы
ақпараттық-танымдық және сараптамалық бағдарламалары жағынан көзге түседі.
Ал, Қазақстан ұлттық телеарнасының бұл арналардан айырмашылығы неде? Бұл
мәселелерді сөз етпес бұрын Қазақстан телеарнасының өткені мен бүгініне
аз-мұз шолу жасап көрелік.
Қазақстан телеарнасы эфирге шығып, көрерменімен қауышқалы 50 жылға
жуық уақыт болды. Дәлірек айтсақ келесі жылдың наурызында Қазақстан
телеарнасының өмірге келгеніне 50 жыл толады екен. Бұл туралы С. Масғұтов
1958 жылы телевизия Қазақстанда пайда болды. Республика астана тұрғындары
8 мартта тұңғыш рет өз экрандарында қазақ телевизиясының алғашқы дикторлары
З.Жұматова мен Н.Омарованың дидарын көрді [2. 110] деп жазса, Құдайберген
Тұрсын Қазақ телевизиясы ресми түрде 16 наурыз күні ашылды [3.10] дейді.
Содан бері Қазақстан телеарнасы талай белесті басынан өткерді. Ең әуелі
небәрі 5-6 сағаттың көлемінде хабар тарата бастаған телеарна келе-келе әрі
қуатты әрі жалғыз телемонополияға айналды. Алайда, тәуелсіздіктің алғашқы
жылдарындағы өтпелі кезеңнің қиыншылықтары Қазақстан телеарнасын соқпай
өткен жоқ. Сөйтіп нарықтың алғашқы жылдарында тұралап қалған телеарна сол
баяғы 1958 жылдың таз кепешін қайта киген. Тек 2000 жылдан кейін ғана
Қазақстан телеарнасының ісі қайта жандана бастады. Бұдан кейін
Қазақстан телеарнасының бағдарламалар саны артып, эфирден берілетін
уақыты 24 сағатқа жетті. Соның ішінде қазақ тіліндегі хабарларының үлес
салмағы өзге тілдегі хабарлармен салыстырғанда 80%-ға жуықтады. Бұл
Қазақстан Республикасының БАҚ туралы және Тілдер туралы заңдарындағы
Электронды БАҚ-тағы мемлекеттік тілдің үлес салмағы өзге тілдердің жиынтық
үлес салмағынан кем болмасын [4.5] деген бабын орындауда өзге
әріптестерінен қара үзіп кеткендігін танытады.
Алайда, 2006 жылдың сәуір айында ондағы басшылықтың ауысуына орай, бір
топ қызметкер жаңа басшының келгенін құптамай телеарнадан жұмыстан кетті.
Бұл жайында Түркістан газетінде журналист Гүлзина Бектасова
Қазақстандағы наразылықтың төркіні неде? [5] деген мақаласында айтады.
Телерадио корпорацияға жаңа басшының келуі әрі шығармашылық топтың
едәуір бөлігінің (120 адам) жұмыстан кетуі Қазақстан телеарнасындағы
барлық қазақтілді бағдарламалардың жабылуына алып келді. Сөйтіп, ондағы
ақпараттық саясат, қазақ тіліндегі бағдарламалар қайта жасалу міндеті алға
қойылды. 2006 жылдың сәуірінен жұмысқа кіріскен жаңа ұжым көрермендерге жар
салып, Күздің он жаңалығы болатындығын мәлім етті. Біздің диплом
жұмысымыздың негізгі нысанасы осы он жаңалыққа арналады.

Бүгiнгi таңда қазақстандық ақпарат ғаламдық кеңiстiкке қанат жайып, жер
жүзiнiң түкпiр-түкпiрiне таралып отыр. Өйткенi, дүние әлемнiң әр шетiнде
өмiр сүрiп отырған адамзат баласы айналасында болып жатқан оқиғадан бiз
өзiмiз жайлы бейхабар, құлаққа ұрған танадай жеке-дара тiршiлiк ете
алмайды. Бұл қажеттiлiк ақпарат алмасу арқылы жүзеге асады. Ақпарат және
ақпарат тiлi кеше мен бүгiннiң жемiсi емес. Оның түп тұқияны бiз бiлмейтiн
ескi дәуiрлерде жатыр. Қазақ баласы атам заманнан берi ақпарат алудың ауыл
үй арасының өсек-аяң, сыбыр-күбiр, ұзын құлағынан бастап, хабар беру, жоқ
iздеу, аттан салу, сауын айту т.б. толып жатқан (ауызша, жазбаша) түрлерiн
пайдаланып келдi. Осының нәтижесiнде ақпарат және ақпарат тiлi қалыптасып,
ол қоғам өмiрiнiң бүкiл саласын қамтып, айрықша дамып отыр. Бұл күндерi
қазақ тiлi өмiрдiң азды-көптi 108 саласы мен кiшi саласында қолданылады
[6. 31]. Ал, ақпарат тiлi болса, ол қоғам өмiрiнiң барлық саласына бiрдей
қызмет ететiндiгiмен ерекшеленедi. Сондықтан да қазiргi таңда ақпарат
тiлiне қойылатын талап та жоғары.
Ақпараттың басты мақсаты елiмiзде және әлемде болып жатқан түрлi саяси-
экономикалық, әлеуметтiк, мәдени-рухани жаңалықтарды қоғам өмiрiнiң сан
қырлы саласы бойынша дер кезiнде шұғыл да, жедел, анық та қанық, нақты да
жылдам, толық нысанды (обьективтi) түрде маңызды әрi мәндi мәлiметтерiмен
қамтамасыз ету. Сонымен қатар, ақпарат тiлi адамға қажеттi мәлiметтердi
жылдам жеткiзумен ғана шектелмейдi, ол жалпыға бiрдей әдеби тiл
нормаларының қатаң қадағалануын тiл заңдылықтарының бұзылмауына, жаңа
сөздер мен терминдердiң қалыптасуын, дұрыс жазылуын және дұрыс сөйлеудi
өзiне мiндет етедi. Ол әрi таза, әрi шұрайлы адам санасына тез сiңiсiп,
психологиясын еркiн меңгеретiн, өзiне баурап алатын күш-қуаты болуы керек.
Ақпарат тiлiн көркем әдебиет тiлiмен қиюластырып, оқиғаның ажарын ашып, iс-
әрекеттiң шеберлiгiн ширықтырып, болып жатқан көрiнiстiң көркiн кiргiзiп,
тiлiнен бал тамып, сөздiң мәйегiмен мәнерлеп сөйлеу керек. Мәйексiз
айтылған сөзге мән де аз берiледi. Қазақ тiлiнiң қай салаға салсаң да солай
мәнерлi сөйлейтiн шамасы бар. Бұл қазақ тiлiнiң дара қасиетi. Демек, БАҚ-қа
да әдеби тiл жат емес. Қазақстанда 1965 ақпарат құралы бар екен. Бұл анау-
мынау дейтiндей аз сан емес. Әрi оның түрлерi де сондай әр алуан екен. Ал,
өткен бiр жыл iшiнде жаңадан 65 газет, 44 журнал, 40 электронды ақпарат
құралдарының қатарға қосылуы бұл салаға деген бұқара сұранысының мол
екендiгiнiң айқын көрсеткiшi. Әманда, осы топаны мол БАҚ елiмiздiң
мүддесiне қызмет етiп жатса құба-құп. Алайда, осының қаншасы қазақ тiлiнде,
ал қаншасы өзге тiлде ақпарат бередi? Қазақтың адамның тiлiне аспандағы
бұлт азады деген мақалы еске түскенде осыншама ақпарат құралдарының
қаншасы халқымызды жаман әдет, жаттық салтқа азғыру бағытында қызмет
ететiнiн я тектеп отырса деп ойлайсың [7].
БАҚ бiрiншi кезекте өзiң жайлы өзгеге өзiңдi өзiңе насихаттаушы. Осы
салада тiлдiң барлық мүмкiндiгi пайдаланылуы керек. Сондықтан да оның тiлi
әдеби тiлдiң қаймағынан қалқып алынған,сұрыпталып, елеп-екшелген, сындарлы
мұнтаздай таза, крiшiксiз түзiледі. Сол себептен де ақпарат тiлi әдеби
көркем тiлдiң алтын қорынан сусындап отыруы керек. Сонымен қатар, БАҚ -
мемлекеттiк идеологияның жаршысы. Ал, жаршы тiлi қашан да қызыл тiлдiң
қыраны. Оның өн бойында титтей де селкеулiк болуы мүмкiн емес.
Қазақ телевизиясының тарихында ақпараттық бағыттағы хабарлар соңғы 40
жылда бірнеше қалыптасу кезеңдерінен өтіп келді. Бір айта кетерлігі,
отандық теледидардағы ақпараттың пайда болуы қазақ телевизиясының құрылу
жылдарымен тұспа-тұс келді. Актуалды камера аталған алғашқы ақпараттық
бағдарлама бүгінгі техникалық қамтамасыз етудің мол мүмкіндіктерінсіз
эфирге беріліп жүрді. Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Нейля Омарованың
естелігіне сүйенсек, алғашқы телевизия қызметкерлерінің өзі кәсіби
журналистер емес еді. Барлығы дерлік сол кездегі киностудиядан тартылған.
Алғашқы дикторларының бірі болған Ләзиза Аймашева: Ол кезде концерт,
спектакль, басқа да хабарлар ауқымы 200 метрлік тар студияда түсіріліп
келді. Барлық хабар 3 тонналық зілдей камераға түсірілді. Барлық материал
да тікелей эфир арқылы берілетін, – дейді.
60-жылдардың басында бүгінгідей сандық форматтағы бейненің мол
мүмкіндіктерінсіз жұмыс істеген шығармашылық топтың негізгі материалы кино
және фото материал болды. Барлық бейне киноүлдірге түсіріліп, жұмыс
процесінде жеделдік жағынан бірқатар қиындықтар туындайтын. Ақпараттық
технологиялар дамыған қазіргі заманда қалағаныңша бейнеүлдірді пайдалануға
болады. Ал к иноүлдірдің тапшы болуына байланысты ол тұста телевизияда
үлдір қатты үнемделетін. Оны үнемдеу мақсатында қатаң лимит еңгізілген
болатын. Яғни журналист өз материалына, егер шамамен 15 метр үлдір ғана
кетірсе, оператор бар болғаны 30 метр ғана үлдірді жұмсай алатын еді. Кейін
бұл лимит тіпті 11,5 болып кетті. Әрине, осындай жағдайда жұмыс істеген
шығармашылық топқа қаншалықты ауыр болғанын елестету қиын емес. Үлдірді
үнемдеу жолында журналист пен оператор, режиссер тек қана ең қажетті
кадрларды түсіруге машықтануы қажет болды. Түсіретін материалды лимитті
киноүлдірге сыйғызудан бөлек, киноүлдірді басып шығарудың өзіне біраз уақыт
жұмсалатын еді. Телевизия ардагерлерінің айтуынша, тек таңертең түсірілген
киноматериал кешкі жаңалықтар эфиріне әзер дайын болатын. Ал түс ауа
түсірілген кино тек ертеңгісін ғана әзірленіп, эфирге жіберілетін еді.
Сондықтан уақыттың тапшылығына байланысты көбіне-көп ол замандағы
телевизияда киноматериалдан гөрі фотоматериал көбірек пайдаланылатын.
Фотодерек – қазақ телевизиясында көп жылдар бойы кеңінен қолданылды.
Әуелбаста қысқаша ақпараттық хабарламалармен шектеліп келген алғашқы
ақпараттық хабарлар бара-бара жүйелі түрде тұрақты эфирден орын алған,
аймақтық меншікті тілшілер қосыны бар күрделі бағдарламаға айналды. Еліміз
тәуелсіздік алған жылдары масс-медиа рыногінде бірнеше жеке меншік
коммерциялық телеарналар пайда болды. Онымен қоса, ақпараттық
бағдарламалардың саны да өсті. Қазақстандағы тұңғыш тәуелсіз КТК және
Таң телеарналарында жаңалықтар қызметі құрылды. Ақпараттық
бағдарламалардың қалыптасу кезеңінің шарықтау шегі осы 90-жылдардың басымен
тұспа-тұс келді. Отандық телевизияға заманауи озық техниканың келуімен
жаңалықтар хабарының журналистері кәсіби тұрғыдағы мол мүмкіндіктерге ие
болды. Оған дейін телевизияда қолданылып келген қарабайыр Красногорск
кинокамерасының орнын VHS форматындағы телекамералар басты. Сол кезде
құрылған республикалық Қазақстан-1 арнасындағы ақпараттық бағдарламалар
редакциясының бас редакторы қызметін атқарған белгілі телемаман Тыныс
Өтебаевтың естелігіне сүйенсек, Красногорск кинокамерасымен түсірілімге
кеткен шығармашылық топтың құрамында режиссер, режиссердің ассистенті,
дыбыс режиссері, оператор және журналист барлығы 5 адам болған. Ал 1991
жылы қазақ телевизиясында VHS форматындағы телекамералар қолданыла
бастағаннан бері шығармашылық топтың құрамында не бары 2 адам: оператор
және тележурналист қана қалды. Келе-келе әлемде сандық технологияның
дамуына байланысты Қазақстанда VHS және S-VHS форматындағы камералардың
орнын кейін сандық камералар басты. Техникалық мол мүмкіндікке ие бұл
камералардың келуімен ақпараттық бағдарламалардағы жаңалықтарды дайындаудың
жаңашыл тәсілдері пайда болды. Отандық тележурналистикада әлі күнге дейін
қолданыста жүрген бұл техникалық құрал-жабдық арқылы тележурналистерге
шығармашылықты шыңдаудың жаңа жолдары ашылды [8].
Күздің он жаңалығына ұлттық телеарнадағы ақпараттық-танымдық
бағдарламалар да енді. Ең алдымен, ақпарат саясатында түбегейлі өзгеріс
енгізілді. Әуелі ақпаратты таңдауда өзгешелік бірден көзге ұрды. Демек,
бұрын телеарнадағы ақпарат сәл-пәл оппозициялық бағытта өрбісе, енді
мемлекеттік саясатқа көбірек мән берілді. Әр сағаттың басында қазақ, орыс
тілдерінде елде және әлемде болып жатқан соңғы оқиғалар көрермен назарына
ұсынылады.
1.1.Телеарнадағы ақпараттық бағдарламалардың берілу тәсілі,
обьективтілігі
Ақпаратсыз ең мықты саясаткер, ең күшті мемлекет, ең мықты халық
ешкімге айналады. Барлығына да белгілі бір оқиға ақпарат береді.
Журналистік ақпаратсыз барлығы да ешкім емес, нөлге тең, ештеңеге қажетсіз
зат сияқты болып қалады. Журналистің қоғамдық міндеті – халықты барынша
ауқымды және сан алуан ақпаратпен қамтамасыз ету. Қандай шешім болса да,
оны журналистер қабылдамайды. Журналистер тек жариялайды, әлгі ақпаратты
таратады. Тыңдаушының өзі сараптап, қажетін сұрыптап алады, сол арқылы
саяси ой қалыптастырады [9. 18] дейтін болсақ, Қазақстан телеарнасындағы
ақпараттың берілуі мен обьективтілігі де көзге бірден ұрды.
Қазақстан телеарнасындағы ақпарат туралы сөз етпес бұрын, оның
жанрлық ерекшелігіне тоқтала кеткен жөн. Профессор М. Барманқұлов
ақпараттың анықтамасын былай ұсынады. Ақпарат дегеніміз – күнделікті
тұрмыстық шындықтың санадағы көрінісі. Субьективті оқиғаны сезіну. Ақпарат
болған оқиғаны болды дейді. Ол мемлекеттің, олардың қайраткерлерінің
өміріне кері әсер етуі мүмкін. Ақпарат болған жайтты одан да күшті етіп
беруі мүмкін. Ақпарат болған жайтты әр қырынан қызығушы мен қатысушының
көзқарастарын сәйкестендіріп беруі мүмкін. Ақпарат тек болған оқиғаға ғана
емес, оны хабарлағанға да, яғни қоғамға да байланысты. Аудитория сапалы,
элитарлы болуы мүмкін. Бірақ, оларға бір ақпарат ұсынылады [9. 41].
Ақпаратты әуелі репортажсыз елестету мүмкін емес. Жанрдың ең кең
классификациясын Б. Чесноковтың зерттеу тұжырымдамасы берген болатын.
Репортаж – күрделі жанр. Сондықтан оны бірнеше аспектіде қарастыруға
болады:
1. Мазмұнына қарай:
- Оқиғалы
- проблемалық
2. Оқиғаға репортердің қатысуына орай:
- проблемалық (репортердің қатысуы міндетті)
- түсіндірмелік (репортердің қатысуына аз-аздап шек қойылған) [9.
173].
Сонымен Қазақстан телеарнасында Күздің он жаңалығының бірі ретінде
ұсынылған Айна-ақпараттың рөлі өте маңызды. Ол біріншіден, елімізде және
өзге шетелде болып жатқан маңызды оқиғалар мен ақпараттардың ең соңғысын
ұсынуға күш салады. Айна-ақпарат өз хабарын күнде таңертең Көңіл-ашар
бағдарламасының аясында ашады. Алғашқы таңертеңгілік хабар небәрі 5-10
минуттың айналасында. Бұл ақпаратта бәлкім кешегі күннің маңызды оқиғалары
қайталануы мүмкін. Одан кейінгі әр сағаттың басында ақпаратпен көрерменін
сусындатып отыратын Айна-ақпараттың ең соңғы көрсетілімі түнгі 21 сағатта
эфирге шығады. Ұзақтығы – 20 минут.
Ең алдымен ақпараттың дәлдігі әрі обьективтілігі басты назарда
ұсталынуы тиіс. Бұл туралы қазақ телевизиясының атасы атанған профессор М.
Барманқұлов былай ой өрбітеді. Ақпаратты беруде жылдамдық қана маңызды
емес. Мұнда саяси және психологиялық маңызы болуы шарт. Мәселен, қандай да
бір телеграфты агенттік немесе тәулік бойы таралатын ақпараттық
телебағдарлама басқа газет материалдарынан немесе басқа телебағдарламадан
ақпаратты беруден кешігіп қалса, онда ол арнаның беделі төмендеп, халықтың
қызығушылығын тудырмайды. Демек, әлемдік телеграф агенттіктері арасындағы
жылдамдық тек коомерциялық тұрғыдан ғана емес, саяси жағынан да маңызды.
Яғни, бірінші таратылған ақпарат оқиғаны өз деңгейінде жеткізе алса, басқа
бағдарламалардан өткен тура сол оқиға көрерменді қызықтырмайтын болады
[9.61].
Шынында да, кешкілік телеарналардың түймесін басып, қазақ тілінде
ақпаратты тамашалауға кіріскен көрермен бұған дейінгі басқа телеарнадағы
оқиғаның қайталанып жатқанын көргенде не түймені баса салады, не басқа
арнаға ауысып кетеді. Тек осы тақырыпты бұлар қай қырынан көрсетеді екен,
дегенге мүдделілер ғана сол арнада қала беруі ықтимал. Бұл жағынан алғанда,
Қазақстан телеарнасының қызметкерлері өзге арналардың алдына түсу үшін
барын салып бағатындығы байқалады. Ең бастысы, телеарнаның республиканың әр
түкпірінде өз журналисі барлығы көңілге демеу.
Қазақстан ұлттық телеарнасындағы ақпараттар туралы Айқын – TV-дидар
апталығындағы мына бір мақалаға назар аударып көрелік: Таралу ауқымының
кеңдігі жағынан бірінші орында Қазақстан Ұлттық арнасы тұр.
Бағдарламаларын еліміздің барлық облыстары және көршілес 6 мемлекеттің
халқы көре алатын Қазақстан арнасының сигналдары Интелсат-703 спутнигі
арқылы да дүние жүзіне таралып жатыр. Сәйкесінше, ҚҰТ жаңалықтар
бағдарламасы кең ауқымды аудиторияны қамтып жатыр деуге толық негіз бар.
Жалпы, бұл арнадағы ақпараттық бағдарламаның тарихы тереңде жатыр. 80-
жылдары Қазақстан, 90-жылдары Шарайна, Хабар, Ақшам деген аттармен
эфирден беріліп жүрген жаңалықтар хабары бүгінде 14 облыстағы аймақтық
тілшілер жүйесі дамыған бағдарламаға айналып отыр. Арнадағы жаңалықтар
бағдарламасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы АСБД
аталатын шығармашылық құрылымның құрамына кіреді. Дирекцияның қарамағында
жаңалықтардан бөлек, Бизнес.кz, Елден хабар, Парламент сияқты
ақпараттық бағдарламалар бар. Бұдан 4 жыл бұрын құрылған АСБД жаңалықтар
блогін күшейтуді көздейді. Әрине, бірінші хабарламасынан-ақ арнаның
ұстанған бағыт-бағдары, басшылықтың саясаты жөнінде білуге болады. Кейбір
телеарналар көрерменін тақырыптың өткірлігімен баурап алғысы келеді.
Мәселен, бір жерде наразылық шарасы өтті немесе әкім пара алып ұсталды
деген хабарламар кей телеарналарда бірінші кезекте кетуі мүмкін. ҚҰТ
жаңалықтары бірінші кезекте Президент пен Үкіметте болып жатқан
ақпараттарға орын береді. Әрине, бұл ҚҰТ шалғайдағы ауыл-аймақта болып
жатқан әлеуметтік мәселелерді тасада қалдырады деген сөз емес. Ондай
ақпараттық хабарламаларға 22-23 минуттық бағдарламаның өн бойынан міндетті
түрде орын беріледі.
Жаңалықтар беру тәсілі жағынан Қазақстан Ұлттық арнасымен ұқсас
телеарнаның бірі – Хабар телеарнасы. Екі арнаның жаңалықтарының берілу
тәсілі ұқсас болғандықтан, бірін-бірі толықтырып тұрады. Мәселен,
Қазақстанның қазақ тіліндегі қорытынды жаңалықтары сағат кешкі жеті
жарымда болса, Хабардікі сағат сегізде [10].
Алайда, Қазақстан ұлттық телеарнасы телерадиокорпорациясы шетелде
арнайы тілші ұстамайды. Бұл тек осы арнаға қатысты емес, Қазақстанның басқа
да телеарналарына қатысты кемшілік. Сондықтан болар, шетелде болып жатқан
әлемдік маңызы бар оқиғаларды біздегі телеарналардың көбі интернеттен алып
бере салатын әдетке бой алдырған. Көбіне-көп орыстілді телеарналар мен
ақпарат агенттіктерінің ақпараттарына сүйенетіндіктен, берілетін баға
біржақты. Яғни, Ресейдің көзқарасы тұрғысынан ақпарат таратылады, сөйтіп
былайғы көрерменге де Ресейдің көзқарасы еріксіз таңылады.
Айна-ақпараттың тұрақты жүргізушілерінің бірі Нұрділдә Серікұлының
Айқын – TV-дидар апталығындағы мына бір сұхбатына назар аударсақ,
Қазақстан ұлттық телеарнасының ақпараттық саясатын, оның берілу
ерекшелігін аңғаруға болады: Нұртілеу Иманғалиұлы ағамыздың айтқан бір
сөзі есіме түсіп отыр: Осы жерде отырған режиссерің болсын, операторың
болсын, журналисің болсын, барлығы тележүргізушіге жұмыс істеу керек. Сонда
ғана біздің еңбегіміз халықтың, көрерменнің көңілінен шығады.
– Әрбір журналистің жеке стилі, өзіндік бағыты бар. Дегенмен диктор
болғаннан кейін, мәтінді дайындауда осы тілшілерге талап қоясыздар ма?
– Бір ұжымда жұмыс істегеннен кейін редакторлар мен жүргізушілердің
бағыт-бағдары, сөз саптауы бір арнаға түседі. Мен жүргізуші ретінде өзімнің
тіліме ыңғайлап алғаным болмаса, тілшінің өзіндік стилін өзгерте алмаймын.
Тілшілердің де арасында түрлі-түрлі болады. Біреулері тілі орамды, салмақты
жазады, ал кейбіреулер қарапайым сөзбен жазса да, сюжеттері тартымды болып
шығады [11]. Демек, телеарна басшылары ақпараттың маңызды әрі салмақты
болуы үшін тележүргізушіге көп міндет артады әрі сенім жүктейді.
Айна-ақпараттың ең негізгі күретамыры – репортаж. Өйткені,
телевизиялық ақпаратты репортажсыз елестету мүмкін емес. А. Юровский мен Р.
Борецкий Репортаж – шынында да оқиға туралы әңгіме. Теледидар репортажы
- бұл оқиғаның өзі белең алған сәттің өзінде көрерменнің көз алдында өрбіп
отыратын оқиғаның өзі [12.115] деп нақтылайды. Ал. В. Ученова Репортажда
оқиғаны шынайы суреттеу, оны талқыға салу автордың ой-пікіріне негізделеді
[13.162] деп оқиға мен оған араласу қырларын анықтап көрсетеді.
Бұл тұрғыдан келсек, Айна-ақпараттағы репортаждардың түрі сан қырлы.
Бір репортаждар қысқа-диспатч түрінде кездеседі. Оған репортердің өзінің
қатысуы міндетті емес. Репортер болып жатқан оқиғаны баяндағанда, мәтінді
кадр сыртында оқиды. Және оның қатысуы байқалмайды. Бұл ең қысқа репортаж.
Ал, кейбір репортаждарда репортердің өзінің қатысы да, басқа да осы оқиғаға
қатысты лауазымды тұлғаның, бейтарап адамның және оған қарсы екінші топтың
пікірлері де қамтылады. Телерепортаж – теледидардың өзіндік табиғи
имманенттілігі (оқиғаға іштей қатысушылығы)... репортердің міндеті –
көрерменге оқиға жайлы толыққанды ақпарат беру [3. 172]. Дегенмен, бұл
қысқа ақпараттан гөрі, сараптама материалға ұқсап кетеді. Сол себепті де,
Айна-ақпаратта репортаждың бұл түрі жиі кездесе бермейді. Алайда,
сенсациялық материалдарды беруде мұндай түрге иек артушылық та байқалады.
Өйткені, тілші беріп отырған оқиғаны біржақты баяндаудан аулақ болуы қажет.
Бұл халықаралық журналистикаға тән үрдіс. Сол себепті де оқиғаға қатысы
барлық мүдделі топтар мен бейтарап сарапшылар 1-2 минуттық бағдарламаға
қатысуы тиіс.
Сондай-ақ, хабардың маңыздылығы көп жағдайда тележүргізушіге қатысты.
Тележүргізуші неғұрлым талапқа сай болса, соғұрлым ақпараттар легі де
тыңдаушысына қалтқысыз жететін болады. Тележүргізушіге қойылатын ең бірінші
талап - әрине, дауыс ырғағының айқын әрі ашық болуы. Бұл туралы С. Ақтаев:
...Даусың анық, ашық әрі жеңіл. Икемді, ойнақы болу керек. Диапазоның кең
болуы шарт. Кез келген мәтінді жеңіл оқысаң, ол тыңдаушысын баурап алады.
Оның құлағына жылы да жағымды естіледі... Әр сөздің мәні бар, сөйлемдегі
тұрған орнында өзіндік екпіні бар. Соларды іздеп тап та, сол кілтипанға
табаныңды тап бас [14.90-91] деп жазады. Әрі тележүргізуші сөйлеу
техникасына машықтанған, тілі икемді болғанда ғана тыңдаушысын елтіте
алады. Тележүргізуші мәнерлі, ойлы, оралымды сөйлеуді меңгеру үшін сөйлеу
техникасына жаттығып, дыбыстау мүшелерінің қызметіне жатығуы тиіс [15.53].
Демек, Айна-ақпараттың рейтингісі тек ондағы берілетін хабарлардың
обьективтілігіне, журналистердің шеберлігіне ғана байланысты емес, сондай-
ақ, жүргізушінің талантына да байланысты. Бұл жағынан оның тұрақты
жүргізушісі болып келе жатқан Нұрділдә Серікұлының аталған талапқа сай
екендігі даусыз.
Қазақстан ұлттық телеарнасындағы ақпараттар легін беретін Айна-
ақпараттан басқа Елден хабар, Бизнес кz бағдарламалары бар. Бұл
бағдарламалар берілу тәсілі жағынан ақпараттық хабарларға ұқсағанымен,
дайындалуы жағынан Айна-ақпараттан сәл-пәл өзгешелеу. Өйткені, бұлар
қайнап жатқан соңғы хабарларды жеткізуге асықпайды, тікелей эфирден
берілмейді. Бұл бағдарламалар көрерменімен қауышу үшін алдын-ала
дайындалады. Арнайы, сұрыптаудан өтіп, монтаждалады. Ал, Айна-ақпараттың
ерекшелігі сонда күн сайын әлденеше рет көреріменімен тікелей эфирде
қауышатындығында. Профессор Барманқұлов Бизнес кz бағдарламасын
экономикалық ақпаратқа жатқызады. Мир телеарнасынан шығатын Телебазар
бағдарламасы ғаламдық телемаркет нұсқасына лайықталған. Бұл супермаркет
телеарна арқылы тауарды сату, оған тапсырыс беру сияқты жүйені
қалыптастырды [9.72] дей келе бұл бағдарламаның экономикалық ақпараттың
электронды пішіні деген анықтама береді. Ал, Қазақстан ұлттық
телеарнасындағы Бизнес кz бағдарламасы туралы да осыны айтуға болады.
Қорыта айтқанда, Қазақстан телеарнасындағы ақпараттық бағдарламалар
басқа телеарналардағы қазақтілді ақпараттық бағдарламалардың ішінде көш
бастап тұр. Ол біріншіден талау ауқымы жағынан алда, екіншіден
обьективтілігі жағынан көш ілгері. Үшіншіден, көрерменмен прайм-таймда яғни
тиімді уақытта қауышатындығымен ерекше.

Сараптамалық-танымдық бағдарламалардың көш басында Айна-апта
бағдарламасы тұр. Айна-апта бұған дейін эфирде жүргізіліп келген Мезгіл
апталық шолуының орнына келген жаңа сараптамалық бағдарлама. Айна-апта
секілді сараптамалық бағдарламалар еліміздің барлық телеэкрандарында орын
алады. Айталық, Хабарда - Жеті күн, Астанада - Апта, КТК-да -
Шарайна, Рахатта - Апталық шолу, 31-канал арнасында апталық шолудың
орнына Кім? телешоуы шығады. Демек, еліміздің жетекші телеарналарының
барлығы дерлік мемлекеттік тілде апталық-қорытынды жаңалықтарын сараптама
түрінде ұсынады. Сараптама хабардың Қазақстан телеарналарының ішінде тұңғыш
рет Хабар арнасында дүниеге келгені белгілі. Сараптамалық рынок Қазақстан
медианарығында мықтап қалыптасты, өз орнын алды. Ал, телеарналардағы
сараптаманың орны өз алдына.
Телеарналардағы бағдарламалардың жанрын анықтауға келгенде қазіргі
ғалымдар әлі де бір байламға келе қойған жоқ. Мәселен, профессор М.
Барманқұлов: Жанрлардың насихаттың бір саласынан екінші саласына баруын
талдай келіп, олардың бір орнында тұрмағанын ескеру қажет. Белгілі бір
жанрдың табиғаты туралы дауласа келіп, біз кейде олардың көпшілігі қатып-
семген нәрсе емес екендігін, мәңгі-бақи өзгермейтін дүние емес екендігін
естен шығарамыз. Жанр дегеніміз – дамып отыратын түсінік. Кешегі жанр
бүгінгіден басқаша болып еді, ал ертенгі күнгі оның сұлбасы тағы да өзгеше
көрінуі мүмкін [16.13] дей келе Барманқұлов жанр эволюциясының төрт
себебін ашып: ... оның алғашқысы – жанр табиғатының өзгеруіне өмірдің өзі
себепші болса, екіншісі – зерттеуші ғалымдардың белгілі бір жанрды ашуы
немесе жоққа шығаруы, үшінші себеп – кейбір жанрлардың уақытпен үндесе
отырып қайта жаңғыруы. Төртіншісі – баспасөз бетінде қалыптасқан жанрлардың
радио, телевизия, деректі киноға өту барысында өзгеріске ұшырауы [17.58]
деп жазады. Ал, ғалым Тодоров
Жанрдың тұрақты белгілері әр дәуірге сәйкес өзгеріп, көптеген қосымша
сипат қабылдайды, бірақ, ол сипат аса маңызды деп танылмайды, сондықтан,
шығарманы белгілі бір жанрға саралауда оның айтарлықтай әсері болмайды. Сол
себепті тарихтың әр тұсында бір шығарманың өзі әр қилы жанр болып есептелуі
мүмкін. Мұндай жағдайда басты роль атқаратын нәрсе – шығарма құрылымының
(табиғатының) қай белгілері мәндірек деп саналуында. [18. 142]. Сондықтан,
Айна-аптаның жанрын шартты түрде сараптамалық деуге негіз бар.
Айна-апта сараптамалық материалдарды екшегенде алдымен аптаның ең
маңызды жаңалықтарын іздейді. Соны сараптап, көңіл елегінен өткізіп,
өзгелердің пікіріне құлақ асып, өздерінің көзқарастарын қоса береді. Айна-
аптаның жүргізушісі Дәурен Ғайып бұған дейін ысылған кәнігі телевизия
журналисі. Тележурналист – көпшілік аудиториясы жүйесі негізінде мынадай
талаптарды орындайды: біріншіден, көпшіліктің талап-тілегін қанағаттандыру
үшін олардың үндеріне құлақ асу. Бұл аудиториямен арадағы байланысты
нығайта түседі. Екіншіден, теледидардағы журналист социологияның тұжырымдық-
методологиялық негіздері бойынша көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Үшіншіден, зерттеу жұмыстарының сапалы әрі тұрақты жүргізілуі, хабарлар
мазмұны мен түр-пішінінің, идеясы мен көркемдік дәрежесінің артуына
септігін тигізіп кемшіліктерді болдырмаудың жолдарын көрсетеді [3.204].
Осы тұрғыдан алғанда, Айна-аптаның қорытынды ақпараттарында небәрі 4-5
проблема айтылады. Оның барлығы өмір қажеттілігінен туындаған маңызды
мәселелер. 31 канал арнасы қорытынды сараптамасында негізінен қоғамдық
мәні бар, әлеуметтік және сенсациялық жаңалықтарға басты назар аударып,
бірінші кезекті соларға берсе, Қазақстан арнасындағы жаңалықтардың реті
мемлекеттік маңызды мәселелерден басталады. Дегенмен, кейде өзге арналар
мән бермейтін кейбір маңызды ақпараттар дәл осы Айна-аптаның төрінен орын
алып жатады.
Тележурналист ақпаратты жинау мен факт табу жұмысын екі сатыға бөліп
қараған жөн болар. Біріншісі – ақпарат пен фактіні редакцияға әкелмес бұрын
оларды бұл қалай? деген сұрақ тұрғысынан зерделеуі керек. Материал ең
алдымен журналистің өзін қызықтыруы қажет. Осы сұрақ бойынша жасаған
тұжырымы, шешімі арқылы әрбір журналистің қабілеті, парасаты шығармашылық
саналығы танылады. Екіншісі – неге осылай? деген сұраққа жауап іздеу
[19.149]. Міне, бұл тұрғыдан келсек, Айна-аптаның журналистері өмірдің
өзі тудырған қажеттіліктерді екшей біледі және өздері таңдаған жаңалыққа
аса құштарлықтары сезіліп тұрады. Сөйтіп, көрерменге де, өзіне де қызықты
ақпараттың сараптамалығы да көңілге қонымды шығады.
Қазақстан ұлттық телеарнасындағы тағы бір сараптамалық хабар Бауыржан
Омарұлы жүргізетін Мемлекет ток-шоуы. Ток-шоу немесе тікелей эфирдегі
қызу пікірталас. Бұл нағыз майталман журналист түсетін майдан, қайтпас
қаһарман қатысатын қақтығыс. Жүргізуші үшін телефон желісіндегі
тыңдарманмен тіл табысу мәдениетін меңгеретін мінбер. Айтылған сөздің
атылған оқ екенін мойындап, анық бағасын алатын айна-қатесіз емтихан. Оған
тақырыбы осындай салмақты көтеретін, табиғаты заман тынысымен астасатын
айтулы мәселені өзек еткен жөн [20, 114]. Бұл тұрғыдан келгенде,
Мемлекет ток-шоуы дәл осы мақсаттың үдесінен шыға біледі.
Мемлекеттің Айна аптадан өзгешелігі – бұнда студияда бір емес,
бірнеше адамның қатысуы. Студия қонақтары белгілі бір мемлекеттік маңызы
бар тақырыптарды талқылайды. Бұл хабардың пішінін дөңгелек-үстелге
жақындатуға болады. Дөңгелек үстел жайында профессор Марат Барманқұлов
былай дейді: Бұл жанр диалогшылар тобына арналған. Егер, сұхбаттағы және
баспасөз-мәслихатындағы адамға журналист сұрақ қойса, ол бірсарынды,
директивалы, позитивті немесе эмоциональды жауап береді, ал дөңгелек
үстел басындағы бір адам емес, бірнеше адам жауап береді. Екіншіден,
жауаптар біркелкі болмайды, әңгімеге қатысушылардың әрқайсысы өз пікірін
білдіреді. Бір-бірімен пікір алмаса отырып, сұрақтың мәнін ашады. Мақсат –
мәселені бірден бірнеше маманның көзқарасынан білу. Әңгімеде журналистің
рөлі сұхбат пен баспасөз мәслихатындағыдай жоғары емес. Оның аты-жөні
аталмауы да мүмкін. Әңгімені ұйымдастырудағы міндеті – тақырыпты таңдау,
қатысушыларды шақыру, тақырып бағытын реттеу [9. 142]. Демек, дөңгелек
үстелдің тиімділігі - әңгімеге қатысушы мәселені әр тұрғыдыан, жан-жақты
қырынан ашуға тырысады. Қазақстан ұлттық арнасында дәл осындай типті
бағдарлама бұған дейін Күлтөбе болғаны белгілі. Күлтөбедегі
тақырыптардың дені ұлттық мәселелерге арналатын. Ал, Мемлекеттің мақсаты,
аты айтып тұрғандай, мемлекетте болып жатқан оқиғалар мен проблемаларды
талқылау. Мәселен, Мемлекеттің соңғы күндердегі бір саны Қазақстан
Конституциясына енгізілген реформаларға арналды. Осыған орай студия
қонақтары да заңгерлерден, депутаттардан құралды.
Телеэкран қонағы қашан да сый-құрметті, дұрыс қарым-қатынасты қажет
етеді. Сөйлеуші адам – бүкіл студия қонағы. Оған қажетінше сый-құрмет,
ілтипат, ізеттілік көрсету, жаңылмай, жатық сөйлеп шығуына жағдай жасау
телевизия студиясындағы әрбір қызметкердің борышы [9. 83]. Бұл тұрғыдан
алғанда, кәнігі тележурналисі Бауыржан Омарұлының тәжірибесі мол.
Айна-аптаның негізгі өзегі – ақпараттар болса, Мемлекет ток-шоуының
негізгі өзегі – сұхбатта қатысушы адамдар, олардың субьективті пікірлері
мен көзқарастары. Сұхбат – жай ғана әңгіме емес, репортердің естігісі
келген жауаптарын алдын ала дайындалған әңгіме барысында айтып бере
алмайды. Суырып салмалық диалог кезінде ойлардың, күтпеген сұрақ және нақты
жауап, ақыл-ой жекпе-жегі, әдет айналымындағы қалдықтар және ойлар
тізбегі, шынайы ауызша тілдің салтанаты еш нәрсені ұмытып кетпейтін сәт –
міне осылардың барлығы сұхбатқа кіреді. Бұл анықтама теледидар ықпалының
арқасында ойластырылды. Ол мақсат тұтқан арманға жету үшін ұмтылады [9.
126]. Біріншіден, аталған бағдарламада сұрақ күтпеген жерден, тұтқиылдан
қойылуы мүмкін. Ал, теледидар қонағы осы күтпеген сәттен жол таба білетін
алғыр, пікірсайыста өз ойын асықпай, сарабдал жеткізетін адам болуы заң.
Екіншіден, сұхбатқа шақырылатын адам сол күнгі әңгіме тақырыбынан хабардар
ғана болып қоймай, сол тақырыпты жан-жақты зерттеген, егжей-тегжейлі
білетін болғаны жөн. Ал, Мемлекет ток-шоуының қонақтары дәл осы
талаптардың деңгейінде болады. Әрі жүргізуші Бауыржан Омарұлы әр кез
қиыннан қиыстыра отырып, жол таба біледі.
Қазақстан ұлттық телеарнасындағы тағы бір сараптамалық бағдарлама –
Парламент апталығы. Парламент пішіні жағынан ақпараттық бағдарламаға
сай келеді. Бірақ, ол өткен аптадағы Парламенттегі жаңалықтарды
қорытындылап, сараптап беретіндіктен, біз оны сараптамалық бағдарламалар
қатарына қосып отырмыз.
Сайып келгенде, Қазақстан телеарнасындағы сараптамалық-танымдық
материалдардың жүгі аса ауыр. Ол бір диплом жұмысының бір бөлімінің
ауқымына сия да бермейді. Біздің ой елегінен өткізіп, қорытынды
жасағандарымыз осылар болды. Құдайберген Тұрсын: ...Шынайы көркем туынды
шындықты үш өлшемде алып көрсетуге тиіс. Біріншіден, өмірде осындай болды
деп, шындықты қаз-қалпында беру; екіншіден, өмірде бұлай болуға тиісті емес
деп, кертартпа күштердің қианатынан қорғау; үшіншіден, өмірді өзгертетін,
жаңартатын адамдарды тауып, тани білу [3.104]. Міне, Қазақстан
телеарнасындағы сараптамалық бағдарламалардың ұстанған бағыты. Жаңа
заманның жаңа теледидарын жасаудағы ізденістерінен ыждағаттылықты байқауға
болады.
1.3. Интерактивтік Сырға бағдарламасы
Таңертеңгілік Көңілашар бағдарламасымен қоса, күн сайын түскі сағат
2.30-да тікелей эфирге шығатын қыз-келіншектерге арналған Сырға
бағдарламасы - Күздің он жаңалығының бірегейі болғаны белгілі.
Жүргізушісі – Гүлмира Дайрабай. Сырға бағдарламасы – тікелей эфирге
шығады. Сол себептен де болар оны интерактивті деп айдарлаған жөн болар.
Сырғаның қонақтары әртүрлі адамдар. Ал, шын мәнісінде ондағы әңгіме ауыл-
үйдің абың-гүбің тірлігі жайында десек артық болмайды. Сондай-ақ, Сырғаға
келген әрбір қонақ елімізге танымал, саясаткер немесе қоғам қайраткері,
өнері адамы болуы да ықтимал. Онда қоғамдық, әлеуметтік және отбасылық мәні
бар мәселелер талқыланады. Сырға саясаттан тыс. Арасында телефон
қоңырауына жауап беріледі. Тікелей эфир дегеніміз – радиодағы
интерактивтілік. Интерактивтілік деген не? Бұл кәдімгі тікелей эфирдегі
кері байланыс, тыңдарманнан келіп түсетін телефон қоңырауы, пейджер арқылы
алынатын хабарлама, тұтастай алғанда эфирдің мазмұны мен құрылымы. Телефон
желісіндегі тыңдармандармен кері байланыс қазіргі заманғы
радиожурналистикада кеңінен қолданылуда. Телефон арқылы құттықтау жолдайды,
тыңдағысы келген әндерді сұрайды. Және соның бәрін тікелей эфирге өз
дауысымен айтады, бағдарламаға қатысып отырған студия қонағымен тілдеседі,
өз пікірін білдіріп, ой таластыруға мүмкіндік береді. Соның бәрімен қатар,
тыңдаушылардың ұтыстарға, алуан түрлі ойындарға қатысуын да
интерактивтлікке жатқызуға болады [20.11].
Сондай-ақ, француз тілінде сөйлейтін аспаздың тамақ жасау әдісі сөз
болады. Әңгіме соңында студия қонақтары әлгі аспаздың дастарханынан дәм
татады. Ең қызығы, студия қонақтарының сол сәтте шығып жатқан кез-келген
Оңтүстік Корея телехикаясын бір сағаттай уақыт отырып тамашалап, соңында
пікір айтуы. Бәлкім телебағдарламаны ұйымдастырушылардың өзгеше ойлап
тапқан әдістерінің бірі осы болар. Дегенмен, студияға келген әрбір қонақтың
алтын уақытын телехикаямен өлтіру тым ұтымды шықпаған. Тікелей эфирдегі
әрбір әрекет жеке-жеке және тұтастай алғанда уақытқа тәуелді. Сондықтан
да секундтар аясындағы сөйленген сөздің салмағы нысанаға алынуы – шарт
[20.10]. Мәселен, Сырғаның соңғы бір бағдарламасында қонаққа келген
Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Кореяның Жасыл қырат жақта
телехикаясын бір сағаттай тамашалап, бағдарлама соңында өз ой-пікірімен
бөлісті. Біздіңше, Мәжіліс депутатының уақытын телехикаяға арнауы, оған
бүкіл Қазақстан көрермендерінің куә болуы көңілге қонбады. Өйткені, халық
қалаулысының телехикаядан өзге де проблемасы жетіп артылмай ма? Ол халықтың
сөзін сөйлеп, заңын шығаруды басты мақсат етуі керек қой.
Жалпы, Қазақстан телеарнасындағы интерактивті бағдарламалардың жұртты
қызықтырмау себебін теледидар қызметкерлері де, журналистер де іздеп көрді.
Айталық, Қазақстан ұлттық телеарнасы облыстық филиалының аға режиссері
Балжан Медебаеваның Айқын газетіне берген бір сұхбатында
интерактивтіліктің көрерменді тарта алмауының бірнеше себебін көлденең
тартады: Жалпы, әлемдік тәжірибе бойынша кез келген теле-радио компанияда
оның имиджін көтеретін жобалар жасауды ойластыратын идеяшыл топ болады.
Олар – нарықтың сұранысынан шыға алатын не тауар жасауға болады, қандай
бағдарлама ойластырған абзал немесе көрерменнің көкейіндегі іздеп жүрген
жобасы қайсы деген сауалдарға жауап іздейтін менеджердің де міндетін қоса
атқарады. Ал бізде ше, ол мүлде жоқ. Режиссер компанияның отымен кіріп,
күлімен шығып жүргенде қайдағы шығармашылық ізденіс? Оны айтасыз, бізде
тіпті режиссер, журналист, оператор және шығармашылық жөніндегі жетекші
отырып, бір мәселе талқылау деген жоқтың қасы ғой. Сосын бізде арнайы
режиссуралық жоғары білім беретін оқу орны да жоқ. Мысалы, менің өз басым
журналист шекпенінен шықтым.
Бізге Ресейліктерге қарап ізденуге болады, көшіруге болмайды. Керек
жерін үйреніп, қажет тұсын игеріп, өз кәдемізге жарата білсек, жарап жатыр.
Әрине, ашығын айту керек, олар қандай бір жобаны жасамасын жарқыратып,
жандырып шығарады да, көрермен көңілін баурап алып кетеді. Бұл тұста біздің
ұятты екеніміз рас. Өзіңіз де көріп жүрсіз ғой, жеңіл әзіл, құрғақ әңгімеге
құрылатын бағдарламалардың ең басты ерекшелігі – жарықпен қамтылуында.
Сахнаны безендіру, бағдарламалық атмосфера жасау, қызылды-жасылды түстерді
ойнатып қою. Ұтылатын, өкінетін де тұсымыз сол – біздің техникалық әрі
қаржылық қорымыз оны көтермейтіні.
Көп жерде ток-шоу жасай алмауымыздың сыры біздің халықтың
менталитетіне де қатысты шешіліп жатады. Себебі бізде көп алдына шығаратын
кейіпкер жоқ. Кім анау Окна, не басқалардағы сияқты өз өмірін теледидар
алдына шығып айтып бере алады? Ешкім де. Құрығанда соны қолдан жасаудың өзі
мүмкін болмай отырған жоқ па? Қазір эфирге шығып жүрген Жебе
бағдарламасын қазақы қалыптағы ток-шоу деп айтуға әбден лайық. Соның өзінде
топ болып талқылап жататын мәселелер кей кезде қатысушы тараптар арасындағы
ашыла алмаудың әсерінен көздеген межеге жете алмай жатады [21].
Тікелей эфирдегі жұмысты жүзеге асыру сипаты өндірістегі жоғарғы
қарқынды еңбек ырғағына ұқсайды. Осығай орай тікелей эфирді шығармашылық
өндірістік процесс ретінде қарастыруға болады. Ғылыми зерттеулер көрсетіп
бергендей, тікелей эфирдегі жүргізушінің қызметі айрықша, кейде тіпті,
төтенше ахуалда жүзеге асады. Демек, келесі кезекте тікелей эфир
шығармашылық-техникалық сипаттағы күрделі психологиялық процесс. Сондықтан
да, тікелей эфирді жүргізетін радиожурналиске кәсіби деңгейдегі даярлықпен
қатар, арнайы психологиялық дайындық қажет.
Негізінде тікелей эфирдегі психологиялық ахуалды қалыптастырудың
іргетасы микрофон алдына барғанға дейінгі даярлық кезінде жүзеге асатын
нақты әрекеттер мен тынымсыз ізденіс нәтижесінде қаланбақ. Ең бастысы,
тікелей эфир жүргізушісі тартымды да, татымды, ұтымды да ұтқыр дүниелердің
үздік үрдісін ұсынатын кәсіби маман болуы керек. Ол үшін журналист сол
тұрғыдан қойылатын талаптар деңгейінде өзінің кәсіби санасын қалыптастыруы
тиіс. Кәсіби сана – журналистің жеке санасындағы көзқарас, сенім формасында
жүзеге асатын кәсіби-адамгершілік түсініктер.
Журналистің кәсіби санасының құрылымы: а) әдістемелік сипаттағы білім,
яғни, жалпы ізденіс пен тақырыпқа сәйкес әлеуметтік зерттеулер негізінде
жинақталған білім; ә) технологиялық ережелер мен қағидалар, яғни, тікелей
эфирдің техникаға тәуелді екеніне және радиоарнаның ұстанған бағытына
байланысты туындайтын талаптарды орындау мен ережелерді сақтау; б)
адамгершілік бағдарлар, яғни, мәдениеттілік таныту, сыпайылық сақтау,
дүниетаным деңгейін көрсету; в) жұмыс барысында жинақталған тәжірибе, яғни,
күн сайын шеберлікті шыңдау. Міне, осы кәсіби сана құрылымын толық
меңгергенде ғана журналист професионализмнің кілтін тауып, өзінің ішкі
даусын тыңдау қабілетіне ие болады. Сөйтіп, ол өз қызметіндегі мейлінше,
күрделі жағдайларда кәсіби қағидаларды пайдаланып, саналы нәтижелерге қол
жеткізеді [22.85]. Сырға дәл осы талаптардың үдесінен шыға алып жатыр
ма? Әрине, Сырға өзіне жүктелген міндетті адал атқарып келеді. Ондағы
студияның жабдықталуы, көрермендердің өзін еркін игеруге мүмкіндік алуы,
тіпті, тікелей эфирдің кейбіреулеріне тән болып тұратын оқыс жағдайлардан
да қазір ада. Жалпы, тікелей эфирдің схемалық көрінісін 3 түрге бөліп
қарауға болады:
1.Жүргізуші – қонақ;
2.Жүргізуші – қонақ – байланысқа түскен тыңдармандар.
3.Жүргізуші – байланысқа түскен тыңдармандар.
Тікелей эфир – интерактивтлік сипат алып Журналист – Эфир – Аудитория
тізбегімен басталған процесс қайтадан қолма-қол керісінше,
Аудитория – Эфир – Журналист тізбегіндегі әрекетке алмасады [20.71].
Сырғаның орысша түрі кешкі сағат 17.40-та эфирге шығады. Дела житейские
деп аталады. Меніңше, осы Дела житейские ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz