Мектептің оқу – тәрбие ісінде халық педагогикасын пайдалану
Мазмұны
Кіріспе
І.тарау. Мектепте халық педагогикасын пайдаланудың теориялық негіздері
1.1. Халық педагогикасының мәні, мазмұны мен құрылымы
1.2. Қазақ этнопедагогикасы педагогика ғылымының бөлігі ретінде
1.3. Оқыту үрдісінде халық педагогикасын пайдалану
1.4. Сыныптан тыс жұмыста халық педагогикасын пайдаланудың формалары мен әдістері
ІІ.тарау. Халық педагогикасын оқу . тәрбие ісінде қолданудың әдіс . амалдары
2.1. Мектептің оқу.тәрбие үрдісінде халы педагогикасын пайдаланудың жолдары
2.2.Оқушылардың бойында халық педагогикасын тиімді арттыру, дамыту жолдары
2.3.Халық педагогикасының оқыту . тәрбие ісінде қолданудағы дәрежесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі
Қосымша

Адамзат баласының ежелден келе жатқан ортақ мүддесінің бірі – ұрпақ тәрбиесі. Осы мақсатта әрбір халықтың сан-алуан ой - пікірлері мен іс-тәжірибелері ғасырлар бойы жинақталып отырған. Адамзат баласына ортақ рухани қазынаның құрамдас бір бөлігі болып саналатын бұл жетістіктерді халықтың тәлімгерлік тәжірибесі дейміз.
Қазақ халқының да сан-ғасырлық тарихи-мәдени жетістіктерінің жемісін, рухани байлығын, жанына біткен еңбексүйгіштік, имандылық, бауырмалдық, балажандық, қонақжайлық, т.б. қасиеттерін танытатын тәлімгерлік тәжірибесі бар. Онда кешегі өткен данғой қариялар, ғұлама ойшылдар, би-шешендер және ақын-жыраулардың саналық болжамдарының, психологиялық пайымдаулары мен педагогикалық тұжырымдарының өшпес ізі жатыр.
Еліміздің президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Қоғамдық ойдың тағы бір бағыты дәстүрге, халықшылыққа сүйенеді. Шынында да, бұрынғы қасаң қағидалар жарамсыз болып қалған кезде неге назар аудару керек. Сірә, қарапайым әрі түсінікті, сонымен бірге әр халықтың өміріндегі терең имандылық пен рухани негіздерге, дәстүрлерге назар аудару керек.»,-деп көрсетуі бұл проблеманың көкейкестілігін айқындай түседі[26;18].
Осы орайда республикамызда халықтық дәстүрді жинақтап зерттеу, саралап игеру, оларды жастар тәрбиесіне кеңінен ендіру, жаңғырту үлкен міндет болып табылады. Өмір талабымен бұл өмірге қайта оралған халықтық педагогиканың озық дәстүрлері бұл күнде отбасы, мектеп тәжірибесінен лайықты орын ала бастады.
Бұл мәселеге мемлекет тарапынан да қамқорлық көрсетілуде. Қазақстан Республикасының қазақ тілінің әлеуметтік маңызын арттыру жөніндегі іс-шаралары, ғылым мен мәдениеттің өрістеуін қамтамасыз ететін Конституциясы, еліміздің мәдени-әлеуметік дамуына бағытталаған тұжырымдамасы жастарға жалпы адамзаттық және ұлттық игіліктер негізінде адамгершілік, эстетикалық тәрбие, мәдени білім беру ісін жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді деген сенімдеміз.
Мұндай игі бастама қазірдің өзінде білім мазмұны мен әдістеріне, оқу жоспарларына жаңалықтар мен өзгерістер әкелуде.
Белгілі педагогика классиктерінің өздері де халқының тәлімгерлік тәжірибесінен үйреніп, оны зерттеулеріне арқау болса, бұл мәселелерге
қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаевтардан басқа А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, т.б. үлкен мән берген.
Бүгінде Қ.Бөлеев, Қ.Жарықбаев, С.Ұзақбаева, С.Қалиев, т.б. көптеген қазақ зерттеушілері осы дәстүрді жалғастырып, халық педагогикасы тарихын, оның ауыз әдебиеті мен ақын-жыраулар поэзиясындағы көріністерін, орта ғасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлерін жан-жақты қарастырып келеді.
Осындай жетістіктеріміз болса да педагогикалық әдебиетте, баспасөзде жазылып, мектеп тәжірибесінен көрініс беріп, жүрген талғамсыздық, сыңаржақтық, ұраншылдық, мәселенің ішкі мазмұнына емес, сыртқы көрінісіне әуестенушілік секілді келеңсіз құбылыстар бой көрсетуде. Мұның өзі уақыт талабына сай оқыту үрдісінде халық педагогикасын пайдаланудың қажеттілігі мен педагогика теориясы мен практикасында бұл мәселенің жеткілікті зерттелмеуі арасында қарама-қайшылықты тудырады.
Осыған орай, зерттеу проблемасы оқыту үрдісінде халық педагоггикасын пайдаланудың педагогикалық-психологиялық негізін қарастыру, педагогикалық жолдарын айқындау, осының негізінде ғылыми-әдістемелік нұсқау дайындау қажеттілігінде болып отыр.
Бұл қайшылықты шешу курстық жұмысымның тақырыбын «Мектептің оқу – тәрбие ісінде халық педагогикасын пайдалану» деп таңдауға мүмкіндік берді.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Ахметова З. «Кәусар бұлақ» тәрбие бастауы. «Қазақстан мектебі» №6 1993.
2. Ахметова З. «Кәусар бұлақ» бағдарламасы. «Қазақстан мектебі» №6 1993.
3. Әшімбаев М. Халық – ғажап тәлімгер. Алматы, 1994.
4. Әбілова З. , Қалиеав Қ. Этнопедагогика оқулығы. Алматы, 1999.
5. Волков Н.Г. Этнопедагогика М., 2000.
6. Волков Н.Г. Неотьемлемная часть народный культуры «Советская педагогика» №7 1989.
7. Ғаббасов С. «Ізгілік әліппесі» 1-2 кітап Алматы, 1991.
8. Диваев Ә. «Тарту» (Құрастырған және алғы сөзімен түсініктемелерін жазған Ф. Оразаева) Алматы, 1992.
9. Дәулетов Н. Халықтық тәрбиенің кейбір мәселелері. «Халық педагогикасы мен психологиясы дәстүрлерін оқу-тәрбие ісінде қолдануы» атты ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Алматы, 1992.
10. Дәулетов Н. «Халықтық педагогика ма, әлде халықтық тәрбие ме?» Орал өңірі. Наурыз, 1995.
11. Давулетова О. Асыл мұра. «Қазақстан мектебі» №1 1994.
12. Жарықбаев Қ. Тағы да халық педагогикасымен этнопедагогика немесе қазақ тәлім – тәрбиеі туралы «Ұлағат» №3-6 1997.
13. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі: оқу құралы. Алматы, 1995.
14. Жарықбаев Қ. Состояние и развитие этнопедагогических и этнопсихологических исследований в Казахстане Алматы 1992.
15. Жұмалиев Қ., Ақшолақов Т. Қазақ әдебиеті 9 класс алматы. 1995.
16. Жүнісқызы Н., Адамбаева Т., «Атамекен» бағдарламасы бойынша жұмыс істеу «Қазақстан мектебі» №11-12 1998.
17. Измаилов А.Ә. Народная педагогика: Педагогическая воззрения народов Средней Азий и Казахстана. Москва, 1991.
18. Қожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. Алматы, 1998.
19. Қожахметова К.Ж.Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері алматы, 1993.
20. Қалиев С. ХV-ХІХ ғасырдағы ақын – жазушылардың поэзиясындағы педагогикалық ой-пікірлер. Алматы, 1990.
21. Қалиев С. Халықтық педагогиканы оқу-тәрбие жұмысына енгізудің ғылыми әдістемелік негіздері «Қазақстан мұғалімі» 1993.
22. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері, тарихы. Алматы, 1993.
23. Қаржаубаева А. «Атамекен» бағдарламасы туралы бірер сөз. «Қазақстан мектебі»№1 1994.
24. Мұратханова Р. Экологиялық білім мен тәрбие негіздері. «Биология, география және химия» №3, 2001.
25. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2030» Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 1997.
26. Назарбаев Н.Ә.Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде. «Орал өңірі» 1993.
27. Наурыз: жаңғырған салт-дәстүрлер. Құрастырған – М. Қазыбеков. Алматы, 1991.
28. Омархан Қ. Генетика және халықтық педагогика «Биология, география және химия» №2 2001.
29. Спанов О. «Елім-ай» елек елінде «Қазақстан мектебі» 1993.
30. Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы. «Қазақстан мектебі»1993.
31. Тілеужанов М. Қазақ тағылымы. Орал, 1994.
32. Тілеужанов М. Ел әдебиеті. Алматы, 1992.
33.Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық пед

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университет колледжі
Мектептің оқу – тәрбие ісінде
халық педагогикасын пайдалану
Тексерген: педагогика
пәнінің оқытушысы
Арыстанғалиева В.Т
Орындаған: Ф-311 тобының
оқушысы Утепова Т.А
Орал – 2010ж
Мазмұны
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І-тарау. Мектепте халық педагогикасын пайдаланудың теориялық негіздері
1.1. Халық педагогикасының мәні, мазмұны мен құрылымы
... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Қазақ этнопедагогикасы педагогика ғылымының бөлігі ретінде
... ... ... .13
1.3. Оқыту үрдісінде халық педагогикасын пайдалану
... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
1.4. Сыныптан тыс жұмыста халық педагогикасын пайдаланудың
формалары мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 35
ІІ-тарау. Халық педагогикасын оқу – тәрбие ісінде қолданудың әдіс –
амалдары.
2.1. Мектептің оқу-тәрбие үрдісінде халы педагогикасын пайдаланудың
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2.Оқушылардың бойында халық педагогикасын тиімді арттыру, дамыту жолдары.
2.3.Халық педагогикасының оқыту – тәрбие ісінде қолданудағы дәрежесі.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..4 7
Қолданылған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .49
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Адамзат баласының ежелден келе жатқан ортақ мүддесінің бірі – ұрпақ
тәрбиесі. Осы мақсатта әрбір халықтың сан-алуан ой - пікірлері мен іс-
тәжірибелері ғасырлар бойы жинақталып отырған. Адамзат баласына ортақ
рухани қазынаның құрамдас бір бөлігі болып саналатын бұл жетістіктерді
халықтың тәлімгерлік тәжірибесі дейміз.
Қазақ халқының да сан-ғасырлық тарихи-мәдени жетістіктерінің жемісін,
рухани байлығын, жанына біткен еңбексүйгіштік, имандылық, бауырмалдық,
балажандық, қонақжайлық, т.б. қасиеттерін танытатын тәлімгерлік тәжірибесі
бар. Онда кешегі өткен данғой қариялар, ғұлама ойшылдар, би-шешендер және
ақын-жыраулардың саналық болжамдарының, психологиялық пайымдаулары мен
педагогикалық тұжырымдарының өшпес ізі жатыр.
Еліміздің президенті Н.Назарбаев Қазақстанның болашағы – қоғамның
идеялық бірлігінде атты еңбегінде: Қоғамдық ойдың тағы бір бағыты
дәстүрге, халықшылыққа сүйенеді. Шынында да, бұрынғы қасаң қағидалар
жарамсыз болып қалған кезде неге назар аудару керек. Сірә, қарапайым әрі
түсінікті, сонымен бірге әр халықтың өміріндегі терең имандылық пен рухани
негіздерге, дәстүрлерге назар аудару керек.,-деп көрсетуі бұл проблеманың
көкейкестілігін айқындай түседі[26;18].
Осы орайда республикамызда халықтық дәстүрді жинақтап зерттеу, саралап
игеру, оларды жастар тәрбиесіне кеңінен ендіру, жаңғырту үлкен міндет болып
табылады. Өмір талабымен бұл өмірге қайта оралған халықтық педагогиканың
озық дәстүрлері бұл күнде отбасы, мектеп тәжірибесінен лайықты орын ала
бастады.
Бұл мәселеге мемлекет тарапынан да қамқорлық көрсетілуде. Қазақстан
Республикасының қазақ тілінің әлеуметтік маңызын арттыру жөніндегі іс-
шаралары, ғылым мен мәдениеттің өрістеуін қамтамасыз ететін Конституциясы,
еліміздің мәдени-әлеуметік дамуына бағытталаған тұжырымдамасы жастарға
жалпы адамзаттық және ұлттық игіліктер негізінде адамгершілік, эстетикалық
тәрбие, мәдени білім беру ісін жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді деген
сенімдеміз.
Мұндай игі бастама қазірдің өзінде білім мазмұны мен әдістеріне, оқу
жоспарларына жаңалықтар мен өзгерістер әкелуде.
Белгілі педагогика классиктерінің өздері де халқының тәлімгерлік
тәжірибесінен үйреніп, оны зерттеулеріне арқау болса, бұл мәселелерге
қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаевтардан басқа
А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, т.б. үлкен мән
берген.
Бүгінде Қ.Бөлеев, Қ.Жарықбаев, С.Ұзақбаева, С.Қалиев, т.б. көптеген
қазақ зерттеушілері осы дәстүрді жалғастырып, халық педагогикасы тарихын,
оның ауыз әдебиеті мен ақын-жыраулар поэзиясындағы көріністерін, орта ғасыр
ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлерін жан-жақты қарастырып келеді.
Осындай жетістіктеріміз болса да педагогикалық әдебиетте, баспасөзде
жазылып, мектеп тәжірибесінен көрініс беріп, жүрген талғамсыздық,
сыңаржақтық, ұраншылдық, мәселенің ішкі мазмұнына емес, сыртқы көрінісіне
әуестенушілік секілді келеңсіз құбылыстар бой көрсетуде. Мұның өзі уақыт
талабына сай оқыту үрдісінде халық педагогикасын пайдаланудың қажеттілігі
мен педагогика теориясы мен практикасында бұл мәселенің жеткілікті
зерттелмеуі арасында қарама-қайшылықты тудырады.
Осыған орай, зерттеу проблемасы оқыту үрдісінде халық педагоггикасын
пайдаланудың педагогикалық-психологиялық негізін қарастыру, педагогикалық
жолдарын айқындау, осының негізінде ғылыми-әдістемелік нұсқау дайындау
қажеттілігінде болып отыр.
Бұл қайшылықты шешу курстық жұмысымның тақырыбын Мектептің оқу –
тәрбие ісінде халық педагогикасын пайдалану деп таңдауға мүмкіндік берді.
Зерттеу болжамы – егер оқыту үрдісінде халық педагогикасын пайдалану
тиімді болуы үшін, оқыту үрдісінің мазмұны мен әдістемесі оқушылардың сана-
сезіміне, сенімін, еркін, қарым-қатынасын және мінез-құлқын ұлттық тәлім-
тәрбиелік мақсаттылықпен қалыптастыруға бағытталған жүйемен қамтамасыз
етілер еді.
Зерттеудің мақсаты - халық педагогикасының мазмұны мен құрылымын
теориялық тұрғыдан қарастырып, оны мектептің оқыту үрдісінде пайдаланудың
тиімді жолдарын айқындау.
Зерттеу міндеттері:
- халық педагогикасының теориялық негіздерін қарастыру;
- халық педагогикасын мектептің оқыту үрдісіндегі тәрбиелік
мүмкіншіліктерін ашып көрсету;
- озық үлгілерін оқыту үрдісіне ендірудің нақты жолдарын көрсету.
Зерттеу пәні – жалпы білім беретін мектептегі оқыту үрдісінде халық
педагогикасын пайдалану жүйесі.
Зерттеу объектісі (нысаны) – Тасқала ауданы, Родник ауылы, Родник
негізгі жалпы білім беретін мектептегі оқыту үрдісі.
Зерттеу көздері – халық педагогикасына байланысты тарихшы-
этнографтардың, философтардың, психолгтардың және педагогтардың еңбектері,
Қазақстан Республикасының ресми құжаттары; зерттеу проблемасы бойынша
жазылған ғылыми педагогикалық еңбектер; жалпы білім беретін мектептердегі
мұғалімдердің озат тәжірибесі; автордың педагогикалық тәжірибесі.
Зерттеу әдістері: тарихи-этнографиялық, философиялық, психологиялық,
педагогикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау,
оқушылардан сауал-сұрақ алу, интервью алу, әңгімелесу, педагогикалық
бақылау арқылы озат педагогтық іс-тәжірибені зерттеу, оны қорытындылау,
метематикалық әдістер.
Зерттеу базасы - Тасқала ауданы, Родник ауылы, Родник негізгі жалпы
білім беретін мектебі.
І-тарау. Мектепке халық педагогикасын пайдаланудың теориялық негіздері
1.1. Халық педагогикасының мәні, мазмұны мен құрылымы.
Қазіргі уақытта бүкіл тарихи, мәдени адамгершілік, рухани
құндылықтарымыз жаңа заман тұрғысынан қайта бағаланып отыр. Сонымен қатар
төл мәдениетіміз, салтымыз, дәстүріміз, тіліміз, ұлттық намысымыз, табиғи
ортамыз, ұлттық мәдениетіміз бекіп, жаңғырып, дамып келе жатырған кезінде
әр халықтың ұлттық өзгешелігін, ерекшелігін зерттеп біліп, тауып, шешіп
қамту керек деген талапты жүзеге асру әбден қажет.
Уақыт талабымен өмірге қайта оралған халықтық педагогиканың озық
дәстүрлері бұл күнде отбасы, мектеп тәжірибесінен лайықты орын алал
бастады. Халықтық педагогика, этнопедагогика мәселелерін этнография,
этнопсихология, педагогика ілімдерімен қатар этнология, шығыстану,
этнолингвистика ғылымдарымен де тығыз байланысты. Сол себепті халық
педагогикасының бұлақ бастауы – көне наным-сенімдердің тәрбиелік сипаты
басты назарға алынады. Оның асыл арналарын қоғамдық сананың түрлері мен
категориялары арқылы жүйелеудің маңызы зор. Қоғамдық дамудың алғашқы
сатыларында тәрбиелік ой – сана көне наным-сенімдермен аралас көрінеді. Оны
ғылым тілінде халық педагогикасының синкреттік (толық дамыған жағдайы)
белгісі деп атаймыз. Халықтың тәлімгерлік тәжірибесі өзінің синкреттік
белгілеріне қарай екі салаға жіктеледі. Олар: идеологиялық және жанрлық
синкретизм. [20,14]
Мұның алғашқысы тәрбиелік ой-сананың мифтік ұғымдардан ажырамай, рулық –
тайпалық деңгейдегі көрінісін білдірсе, келесі түрі оның көне ұғымдардан
бөлініп, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ырым, кәде, жол-жоралғы т.б. жанрлық
салаларға жіктеле бастағанын байқатады.
Заманның талабына сай соңғы уақытта халық педагогикасын байланысты
зерттеулер көбеюде. Соларға сүйене отырып Халық педагогикасы,
Этнопедагогика атауларын қарастырайық. Педагогикалық әдебиетте халық
тәрбиесі, халық педагогикасы және этнопедагогика ұғымдарына, олардың
арақатынасына байланысты көптеген пікірілер бар. Жергілікті педагог – ғалым
Н.Даулетовтің пікірінше Халық тәрбиесі, Халық педагогикасы,
Этнопедагогика деген ұғымдар осы кезге дейін өзіндік ғылыми түсінігі
сараланып, нақтыланбай келеді.
Н.Дәулетов халықтық тәрбиені белгілі бір ұлттың жеке адамға, соның
ішінде балаға тәрбиелік ықпал етуінің тарихи қалыптасқан жүйесі деп
түсінеді. [9.122]
Академик Г.Н. Волковтың пікірінше халық педагогикасына қарағанда халық
педагогикасы әлдеқайда біртекті. Халық педагогикасымен халық тәрбиесінің
арасында, тәрбиелеу өрісіндегі идея мен шындықтың арасында педагогикалық ой
мен педагогикалық практиканың арасында тікелей бір мағыналы сәйкестік жоқ.
Осыдан келіп шығатын қортынды Халық тәрбиесі – бұл педагогикалық
практика, тәрбиелеу өрісіндегі өмір, шындық, ал халық педагогикасы – бұл
халық білімінде жүзеге асқан идея, педагогикалық ой. [6.307].
Ал, халық педагогикасымен қатар этнопедагогика дейтін де ұғым бар.
Осы екеуінің арақатынасы қандай бұлар синоним ұғымдар ма, әлде қайсысы
білім қайсысы ғылым, әлде басқаша ма деген сауалдар туындайды.
Еліміздің белгілі педагог – ғалымы Қ.Жарықбаев академик Г.Н. Волковтың
осы екі ұғымының ара жігін анықтап көрсеткен ойларын қостайды. [12.35].
Г.Н. Волковтың пікірінше халық педагогикасы дегеніміз әр этностың
отбасылық тәрбиесінің жиынтығы, ол әлі ғылыми жүйеге нақты түспеген,
атаулары мен принциптері анықталмаған ілім білімдерінің қарапайым саласы.
Халық педагогикасы – халықтың ауыз әдебиетінде, салттарында, әдет-
ғұрыптарында, ырымдарында, балалардың ойындары мен ойыншықтарында мәңгі
сақталып қалған білім, педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу
тәжірибесінің жиынтығы. Бұл әдетте, ауызша таралады. Халық педагогиаксы –
халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланатын педагогикалық
мақсатының, міндеттерінің, мазмұнының, әдіс-құралдарының, тәсілдерінің
жиынтығы мен өзара байланысы . [5.18].
Қ.Жарықбаевтың пікірінше халық педагогикасы - бұл тәлім-тәрбиелік
ғылымының алғашқы баспалдағы, ол тәрбие туралы ілім-білімдердің, ой-
пікірлердің жиынтығы. [13.38]
Ол жеке өз алдына ғылым бола алмайды, өйткені оның өрісі тар, әрі
теориялық астары жоқтың қасы, ол қарапайым тәжірибенің деңгейінде тұрған
феномен. Ал этнопедагогика болса – бұл ғылыми педагогиканың жеке бір
саласы, мұның өзіндік ғылыми атаулары, белгілі принциптері бар.
Қ.Жарықбаев халық педагогикасы ұғымының синонимдеріне халықтық
тәрбие, халық тәлімі, қазақ тағылымы, ұлттық тәлім-тәрбие т.б. осы
тәріздес ұғымдарды салыстырып пайдалануға қарсы. Оның пікірінше халық
педагогикасын жоғарыда келтірген ұғымдардың баламасы деу қате. Бұларда
өзіндік мағынасы бар. Тәрбие ұғымының қолданылу аясы тәлім, тағылым
ұғымдарынан әлдеқайда ауқымды, яғни логика ғылымының тілімен айтсақ тәрбие
кең мағыналы текті ұғым да, ал қалғандары одан мән—мағынасы бар түрлі
сипаттағы ұғымдар.
Халық педагогикасына академик А.Э. Измайлов мынадай анықтама береді:
Халық педагогикасы – ұрпақтан ұрпаққа көбінесе ауызша түрде жалғасып келе
жатырған халықтың тарихи және әлеуметтік тәжірибесі жемісінің жинақталып
және іс жүзінде тексерілген білімінің, мағлұматының, дағдылардың жиынтығы.
Халық педагогикасы ұғымымен бірге этнопедагогика ұғымы да бар. Бұл
ұғымды педагогикалық әдебиетке ең бірінші болып академик Г.Н. Волков
енгізді. Этнопедагогика – халықтың жасөспірім тәрбиелеу тәжірибесі туралы,
олардың педагогикалық көзқарастары туралы, тұрмыс, отбасы, ру, тайпа, ұлт
педагогикасы туралы ғылым. Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан
ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді. Сөйтіп, егер халық педагогикасы
тәжірибеге және оны баяндауға қатысты болса, ал этнопедагогика теориялық
ойлаудың, ғылымның өрісіне қатынасты болады.
Қазақ халқының педагогикасының тереңінен тамыр тартқан арналарын
зерттеген Қ.Жарықбаев этнопедагогиканы ұлттар мен ұлыстардың ұрпақтан-
ұрпаққа беріліп отырған тәлімгерлік тәжірибесін зерттейтін ғылым ретінде
таныса, С.Қалиев халық педагогикасы деп сол халықтардың ғасырлар бойы
жинақтаған ұрпақ тәрбиесі жөніндегі ой-пікір, білім, тәжірибелердің
жиынтығын айтады.
1.2. Қазақ этнопедагогикасы педагогика ғылымының құрамдас бөлігі ретінде
Салыстырмалы талдау этнопедагогиканың ғылыми статусының бар екенін
көрсететтін негізгі компоненттерін байқатты.
Қазақ этнопедагогикасын анықтау үшін К.Қожахметова әр түрлі ғылыми
саладағы әдебиетті талдай келіп мынадай қортындыға келді: педагогика –
жалпы, оның заңдары этнопедагогика саласына да әсер етеді; этнопедагогика –
ерекше, яғни барлық этникалық топтарға, этнос формаларына тән, этникалық
ерекшелік астарларды педагогикада бөліп шығарады; қазақ этнопедагогикасы –
бұл жекелік, мұнда тілде, дәстүрде, салттарда, дінде көрінісін тапқан
этникалық мәдениеттің өзіндік беті арқылы пайда болған ерекшеліктерін
көреміз. Бұл ерекшелік ортаның, тұрмыстың, шаруашылық іс-әрекеттің,
этникалық психологияның әсерімен тарихи қалыптасқан этникалық дүние танудың
өздігінен пайда болып отыр. Міне, олардың бәрі педагогикада өзінің ұштасу
нүктелерін табады. [19;150]
Қазақ этнопедагогикасының объектісін, пәнін, т.б. анықтау үшін
К.Қожахметова оның білімнің басқа салаларымен байланысын қарастырады
Кейін ғалым-педагог құрылымдық – талдау тұрғысын пайдаланып,
этнопедагогиканы педагогикамен салыстыра келіп, оның логикалық құрылымдық
компоненттерін, яғни мақсаты мен міндеттерін, объектісін, пәнін,
функцияларын, әдістерін, категорияларын, заңдарын, заңдылықтарын,
теорияларын анықтайды. Этнопедагогиканың компоненттерін анықтауға Г.Н.
Волковтың еңбектері кеңінен пайдаланылған.
Салыстырмалы талдау этнопедагогиканы ғылыми педагогиканың құрамдас
екенін көрсетті, себебі құрылымдық таладу тұрғысынан қарастырғанда білім
жүйесінің ғылыми екендігін көрсететін негізгі компоненттері бар екенін
анықталды.
Педагогика мен этнопедагогиканың байланысы ішкі пәнаралық байланысқа
жатады, себебі этнопедагогика педагогиканың құрамдас бөлігі. Ал,
этнопедагогика мен этнопсихологияның байланысы ұлттық сананы, ұлттық
мінезді, ұлттық сезімді, т.б. мәселелерді зерттеу байланысында этномәдениет
жетекші роль атқарады, себебі ол этнопедагогиканың мазмұнына, құралдарына
тікелей әсер етеді.
Көптеген ғылыми талдаудан кейін К.Қожахметова қазақ этнопедагогикасына
мынадай анықтама береді: қазақ этнопедагогикасы – қазақ философиясының,
этникалық мәдениеттің, этнографияның қиылысында қалыптасқан педагогика
ғылымының құрамдас бөлігі, оның саласы. Оның пәні бүкіл өмір бойы
отбасында, халық ағарту мекемелерінде үздіксіз жүзеге асырылатын қазақ
этникалық тәрбиенің жүйесі болып табылады. [19;163]
Этнопедагогика арқылы этникалық ерекшелік есепке алынып педагогикалық
білім нақтыланады. К.Д. Ушинский бір халық екінші халықтың үлгісі бойынша
өмір сүре алмайтынын көрсетіп, әрбір елде халықтың мүддесіне, мақсатына
сәйкес өзіндік білім және тәрбие беру жүйесінің қажет екендігін айтты.
Шынында да, әрбір халық қайталанбас тәрбие жүйесіне ие. Сол ерекшелігі,
яғни психологиялық құрылым ерекшелігімен, тілмен, ұлттық мінезбен, ұлттық
өзіндік санамен, салт-дәстүрмен, дінмен т.б. байланысты қазақ этносына тән,
ерекше қазақ этнопедагогикасын зерттеді.
1.3. Оқыту үрдісінде халық педагогикасын пайдалану.
Дүниеге ғылыми көзқарастың қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс, оның
барасында жеке көзқарастар мен сенім жүйесі дамиды, жеке адамның әрекет
жасауына бағыт береді. Ерте балалық шақтың балаларда қоршаған болмысқа
дұрыс түсінікті тәрбиелеу, оларды табиғат құбылыстарымен таныстыру қажет.
Әрине, бала қоршаған ортамен өзі-ақ танысады. Дегенмен, отбасы, балабақша
және мектептің жұмысы балада болмысқа деген белсенді танымдық қатынасты
оятуға бағытталуы керек.
Болмысқа танымдық қатынасты ояту және тәрбиелеудің бір жолы - өмірді
тікелей бақылаудан басқа, танымдық әдебиеттерде жатыр, әсіресе, халық
ауызекі шығармашылығының үлгергендігі. Бұған дәлел ретінде С.Ұзақбаеваның
еңбектерін алуға болады. Оның пайымдауынша қазақ халқының шығармашылығында,
әсіресе эпостар мен ертегілерде жекелеген құбылыстар фантастикалық
бейнелермен әсірелеп көрсетілгенімен, шын мәнінде олардың мазмұны объектілі
болмыстың көрінісі болып табылады.
Бүгінгі күні оқытуда қойылып отырған талаптардың бірі - өмір шындығын
балаларға халық ауызекі шығармашылығы арқылы көрсету, оның негізінде
балалардың ой-өрісін, қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін
дамыта отырып, олардың халық шығармашылығына сүйіспеншілігін, қызығуын
арттыру. Ендеше оқу материалдарын сабақ мазмұнына сай етіп, оларды енгізу
–балалардың алған білімін толықтырып, жан-жақты дамуына ықпал етпек.
Егер халық ертегілеріне педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын
болсақ, мұның жеке тұлғаға танымдық әсері жоғары. Өйткені, онда табиғи
құбылыстардың және адам өмірінің алуан түрлі қырлары, сыртқы көріністері
адамның ішкі психологиялық жан-дүниесіне теңеп бейнелеу шебер берілген.
Айта кету керек, халық педагогикасының асыл мұралары бастауыш мектептің
білім мазмұнында өзінің орнын алуда.
2002 жылы “Атамұра” баспасынан бастауыш мектептің 2 – сыныбына жаңа
буын оқулықтары қайта басылып шықты. Қазір мектеп оқушылары “Ана тілі”
оқулықтарының жетілдірілген нұсқасын қолдарына алды:
- балаларға арналған тақпақ, санамақ, мазақтау, өтірік өлең, т.б.
- төрт түлік жырлары: төрт түлік туралы өлеңдер, мал, жан –жануарлар
айтысы, т.б.
- ертегілер: хайуанаттар жайындағы ертегілер
- аңыз әңгімелер : тазша бала, Алдар көсе, Қожанасыр туралы, т.б.
- шешендік сөздер: әйгілі билер мен шешендік сөздері
- жұмбақтар мен жаңылтпаштар: әр түрлі тақырыптағы
- орыс халқының ертегілері: хайуанаттар жайындағы
Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық
шығармашылығы болғандықтан, оның ішінен көркем тіл де, терең ой да, тамаша
үздік кейіпкер де табылады. Оның осы сияқты аса жоғары идеялық-көркем
қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып
үйрену жолдары, әдіс-амалдары бар. Мәселен, ертегілерді алатын болсақ, ол
ел аузында ғасырлар бойы сақталып, айтылып, әңгімеленіп келеді. Ал осы
ертегілер арқылы бала айналасындағы өмірді, адамдарды кеңірек танып,
ұстамдылыққа үйренеді, адамгершілік қасиеттерге ие болады, әсемдікті
түсінуге мүмкіндік алады.
Балалардың әсемділікті сезініп, түсініп, оған қызыға білу олардың өмірді
ерте тануына көмектеседі. Әрине, ертегілердегі суреттелген туған жер
байлығы, табиғат сұлулығы, жер бетінің көріністері, ертедегі батырлардың
оларға деген көзқарасы, олардың халық бақыты үшін күресі, киген киімі,
пайдаланған қару-жарағы, сауыт-сайманы, мінген аты балаларға өмірді танып
білудің маңызды құралы болады.
Демек, жас ұрпақта жан – жақты тәрбиелі, қабілетті азамат етіп өсіруде
халық ертегілерінің танымдық – тағлымдық рөлі орасан зор.
Ертегі - өмір оқулығы. Себебі қуанышта, күлкіде, шаттақта, уайым –
қайғыда сол ертегіде.
Жалпы қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып, баспаға шығуы ХІХ
ғасырдың екінші жартысынан басталады деуге болады.Қазақ ертегілері туралы
алғашқы жинақ 20-жылдарда шықты. Бұл профессор П.Фалевтің Введение в
тюркскую филологию (1922) және М.Әуезовтың Әдебиет тарихы (1927)
еңбектері болды.
Байқап қарасақ, ертегілерде адамның айтайын деген ойы ашық айтылады,
онда бүркемеленіп, жасырынып тұрған ештеңе жоқ. Сондықтан әрбір ертегі
өзінің тақырыбы мен мазмұнына қарай өз тыңдаушысын ойлантады, қиялға
батырады. Кейде балалар ертегіні тыңдап отырғанда Өмірде бұлай болмайды
дегенді жиі айтады. Осы жерде Ал өмірде қалай болады? деген сұрақ өз-
өзінен туады.Міне, осының өзінен – ақ оның танымдық жағы көрініп тұр.
Демек, халық ертегілерінің эмоциялық, жеңіл түсініліп қабылдануы оның
өзіндік ерекшелігі болып табылады. Әйтсе де, әр ертегі өзінің мазмұны мен
түрі жағынан оқушыларға ұсыныла бермейді.
Халық осы балаға жастай тәрбие беруде баланың қалыптасып жетілуіне
тікелей ықпал ететін тәрбиелік дүниелерді. ертегілер, батырлар жыры, ұлттық
ойындар т.б. пайдаланған. Ертегілерге келетін болсақ: К.Д.Ушинский бала
тәрбиелеудегі ауыз әдебиетінің рөліне ерекше тоқталып Ертегілер халықтық
педагогиканың алғашқы және тамаша үлгілері. Ертегілердей халықтың асқан
даналық тәрбиесімен тепе-тең келетін бірде-бір тәрбие құралы жоқ деген
болатын. Ертегілер балалардың жастай ақыл-ой жағынан дамуында, адамгершілік
жағынан жетілуінде ерекше орын алады. Ақыл-ой жағынан даму дегенде
балалардың ертегідей небір оқиғаларды, қиял-ғажайып суретерді көз алдына
елестетіп, қиялдарының дамуын риялды күнделікті өмір сырларын тануға деген
фантазиялық ойлау әрекеттерінің жетілуін түсінеміз. Қазақ ертегілеріндегі
бір қанатының өзі жайып жібергенде айшылық жерді алып келетін самұрық,
көзді ашып жұмғанша айшылық жерді алты-ақ аттайтын аттар, жүрісіне шаң
ілеспейтін желаяқ, бір тауды көтеріп бір таудың үстіне қоятын таусоғар, бір
өзі үлкен дарияны бір-ақ ұрттайтын көлтауысар бейнелерін көз алдына
елестету, бала қиялына әсер етіп, ойлау қабілетіне тікелей ықпал ететін
жоғары тәрбиелік дүниелер болып табылады. Бұл қиял түрлері әртүрлі
елестеулердің өзгеріп, өңделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялдағы
елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы әдіс
арқылы ертегілердегі мифологиялық бейнелер (жезтырнақ) т.б. құрастырылады,
сол сияқты қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі гипербола.
Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері, үлкейтіліп көрсетілуін
айтады. Ертегілердегі қиял-ғажайып бейнелерді жасауда гипербола көп
қолданылады (жеті басты айдаһар, самұрық құс т.б.). Адамгершілік деген
уақытта ертегінің ең басты ерекшелігі онң жағымды кейіпкерінің өз мұратына
жетуі, өз мұратына жетуі үшін ол кейіпкер әділ, тапқыр, батыл, күшті,
ақылды болып келеді, демек бала ертегіні оқи отырып адам өмірде бақытты
болу үшін, өмірдің ең жоғарғы мұратына жету үшін, адамға керек басты
қасиеттердің не екендігін жастай түсініп қана емес, оны өз бойына
қалыптастыруға тырысушылығын көруімізге болады. Керісінше ертегідегі
жағымсыз кейіпкерлер яғни өтірік айтатын, біреуді алдап, басқа біреудің
еңбегі арқылы күн көретін адамдардың өз мұратына жете алмауы, ит пен құсқа
жем болып, орта жолда қалып отыратынын бала өзінің түсінігіне сәйкес қарсы
сезімде тәрбиеленетінін байқауымызға болады.
Мысалы, Жақсылық пен Жамандық ертегісінде ағайынды екі адамның
өмірде тек қана қайырымдылық, әділдік, еңбекқорлық жасаған Жақсылықтың өзі
өмір мұратына жеткендігі сипатталса, керісінше Жамандықтың жаман істер
істеуіне байланысты жеңілуі көрінеді. Ертегілердің балаға тәрбиелік әсері
жөнінде айтқан уақытта оның құрылысы бала психологиясына соншалықты әсер
ететіндей етіп алынады. Мысалы, Ер төстік немесе Аяз би ертегілерін
алатын болсақ ертегілердің қарапайым өмірді көрсететіні жартысынан аз
бөлігі болса, жартысынан көп бөлігі өмір қиындығын көрсетеді, ал өмір
қызығын, тәттілігін көрсететін бөлігі аз ақ сөйлеммен беріледі, яғни
ертегінің басты кейіпкері небір қиындықтарды бастан кешіре жүріп соңынан
көздеген мақсатына жетеді. Бұдан баланың өмірге құштарда, жігерлі, талапты
болып өсуіне тікелей ықпал ететін ертегілердің тәрбиелік жағынан көруімізге
болады.
Демек, жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелі, қабілетті азамат етіп өсіруде
халық ертегілерінің танымдық-тағылымдық рөлі орасан зор.[5.196]
Сол сияқты батырлар жырына тоқталатын болсақ, мұнда да баланың ақыл-ой,
адамгершілік жағынан жетілдіруде алатын орны ерекше. Батырлар жырындағы
батырлар мінген тұлпарды,
Астыңғы ерні жер тіреп, үстіңгі ерні көк тіреп,
Тасқа тиген тұяғы,
Көмірдей ойып жаншыпты.
Көлденең жатқан көк тасты,
Тіктеп тиген тұяғы,
Саз балшықтай иледі.
Ат тұяғы тиген жер,
Тесіле жаздап солқ етті, - деп суреттеуі, оны баланың көз алдына елестеуі
бала
қиялына қаншалықты күш түсіреді десеңізші. Сондай-ақ батырлар жырындағы
еңбек адамдарының арасынан шыққан батырларды мергендігімен ел жұртын асырап-
сақтаған адамдар бейнесінде суреттейді.
Халық осындай батырлар жыры арқылы Ер тарғындай ер болуды, Қобыландыдай
батыр болуды, Қамбардай қамқоршы болуды ұрпақтарына үлгі еткен. Батырлық
жырлар осындай тәрбиелік әсер етумен қатар өткен замандардан мәлімет бере
отырып, оймен бірге тілді де дамытады, адамның өзін-өзі тәрбиеленуіне,
мінез-құлықтарының қалыптасуына себепші болады. Сонымен қатар ұлттық
ойындарға келетін болсақ: ұлттық ойындар адамның ақыл-ой, дене күш жағынан
дамуына ғана қолайлы жағдай жасап қоймайды, сонымен қатар ол жас ұрпақты
ертеңгі еңбекке, тұрмысқа дене күші жағынан
Мысалы: асық ату, хан ойындары баланың ептілігі мен мергенділігін
қалыптастырса, тоғызқұмалақ ойыны – баланың ойлау жүйесін дамытады, ал
ақсүйек ойыны баланы қырағылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелейді.
Қорыта айтқанда, ақыл-ойы жақсы дамыған жас ұрпақ тәрбиелеуде, халықтық
тәжірибеге негізделген тәрбиенің орны ерекше болды. Соның негізінде
халық өзінің біртұтастығын сақтап, байтақ өңірді алып жатқан өзен-көлін,
жер-суын, жазиралы даласын қорғап, өркениетті бірыңғай дамуын қамтамасыз
етті.
1.4. Сыныптан тыс жұмыста халық педагогикасын пайдаланудың формалары мен
әдістері.
Мектептерде ғылыми педагогикаға сүйенген тәрбиелеу процесі жүргізілуде.
Осыған орай, халықтық педагогика осы жүйеде өз орнын қалай табады деген
заңды сұрақ туады.
Педагогикалық әдебиетте халық педагогикасының прогрессивті идеяларын
кездейсоқ және де байланыссыз қолдану күткендей нәтиже әкелмейтінін
көрсетіп отыр. К.Қожахметованың пікірінше қазақ этнопедагогикасының
материалдарын мектептің қазіргі оқу-тәрбие процесінде қолдануда тұтастық
принцип бойынша жүзеге асырылуға тиісті, әр түрлі пәндер бойынша
сабақтарда, кластан және мектептен тыс жұмыста және отбасы тәрбиесінде.
[20;13]
Халық тәжірибесінде тәрбиенің көптеген түрлері бар: ақыл-ой, өнерге
баулу және эстетикалық тәрбие, отаншылдық және дене тәрбиесі, адамгершілік,
жыныстық-гигиеналық тәрбие, т.б.
Халқымыздың рухани өмірінде өзек болған кәсіп пен өнердің түрлері,
жастарды сол кәсіп пен өнерге баулудағы халықтық тәрбиешілердің өнегелі
ықпалы, тәрбие құралдары мен әдістерінің баланың жас және жыныстық
ерекшеліктеріне сай қолдануы, баланы жан-жақты жетілдіру мәселелері
қарастырылғаны абзал. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі отбасындағы
еңбек тәрбиесіне негізделді. Мал бағу, егіншілік, ағаш ұқсату, темір, тері
өңдеу, аңшылық, құсбегілік, есепшілік, бапкерлік, сынықшылық, сазгерлік,
жыраулық, бақсы-балгерлік сияқты кәсіппен өнердің түрлері олар үшін күн
көрістің көзі ғана емес, рухани қажеттілік тәрбие құралы да болған.
Отбасындағы еңбек тәрбиесі екі түрлі мақсатқа-баланы еңбек етуге,
қабілет, икем, дағдысын дамытуға және сол негізінде оның бойына халықтың
ізгі қасиеттерін дарытуға бағытталған.
Сонда халық тәжірбисіндегі тәрбие мен оқыту, үйрету ісі бірін-бірі
толықтырып отыратын тұтас процесс екені байқалады.
Осыған орай еңбек тәрбиесі баланың жас және жыныс ерекшеліктеріне,
дидактикалық принциптерге негізделген деген пікір түйінделеді.
Баланың отбасындағы дағдыларын одан әрі дамытуға елге танымал өнер мен
кәсіп шеберлерінің халықтық тәрбиеші ретіндегі ықпалы зор болған.
Халқымыздың психологиялық пайымдауларымыз да біршама кең. Түрлі ғылым
деректеріне сүйене отырып айтар болсақ, қазақ халқының психологиялық ұғым –
түсініктер, бүгінгі психология, психо-физиология ғылымдары талаптарынан
алшақ болмағаны байқалады. Қазақ халқының психологиялық – ұғым түсініктері
баланың даму кезеңдерінен берілген мынадай атаулардан да көрінеді. Мысалы,
бір жастан екі жасқа дейінгі бала сәби деп аталса, осы кезеңдегі қызды
бөпе деп, ұлды бөбек деген. 2-3 жас аралығында балдырған деп атаған.
Осы атаулар бүгінгі тәжірибемізде де негіз алып жүр. Бір жасқа дейінгі
бала нәресте деп аталған, олар балабақшада нәрестелер тобында
тәрбиеленеді. Үш жасқа қараған балалар бірінші сәбилер тобында, төрт жасқа
қараған балалар екінші сәбилер тобында тәлім-тәрбие алып келеді.
Қазақ халқында адамның барлық жас кезеңдеріне лайық атаулар бар. Оған
ойын баласы (8-12 жас), сығыр (12-15 жас), бозбала (18-19 жас), жас
жігіт (20-30 жас) сияқты атаулар дәлел болады. Бала өмірінің барлық
кезеңдері мен белестеріне лайықталған отбасылық және қоғамдық тәрбие
мектептері – ана мектебі, әке мектебі, ата мен әже мектебі, құрбы – құрдас,
дос-замандас, ағайын-туыс, нағашы және қайын жұрт, ене мен келін, абысын-
келін, жеңге мен қайын сіңлі, құда-жекжат ортасының ықпалы да жан-жақты
болып келеді. Жас бөбекті күтіп баптауға, жетілдіруге бағытталып жүйелі
түрде ұйымдастырылатын бұл тәрбие процестерін Г. Н. Волков сөзімен айтқанда
баланың жас дамуы мен қалыптасуының халықтық бағдарламасы деуге болады
[5.68].
Осы мазмұндас бағдарлама көптеген халықтардың тәжірибесінен байқалады.
Солардың қатарында чуваш халқының Семь блогословений, Три добра,
буряттардың Девять доблестей мужчины т.б. бағдарламаларын атап өтуге
болады.
Олардың мазмұны мен мақсаты негізінен ер жігітті шарт қою арқылы шыңдап
жетілдіруге бағытталған. Осы мазмұндас тәрбие бағдарламасы қазақ халқында
да бар. Оның негізгі бағыттары жігітке жеті өнер де аз, сегіз қырлы, бір
сырлы дейтін қанатты сөздердің мазмұнына сияр еді.
Оның мазмұны былайша жүйеленеді:
1. Халық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz