Ислам дін негіздері, иманның шарттарына жалпы түсінік және ислам психологиясы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І.Мухаммед Пайғамбар(с.а.у) қысқаша өмір жолы және дін таратудағы рухани төңкерісі
1.1 Исламды таратудағы Мухаммед Пайғамбар (с.а.у) психологиясы
1.2 Исламды халық санасына сіңірудегі,бес парыздың рөлі мен маңыздылығы.
ІІ.Ислам дін негіздері, иманның шарттарына жалпы түсінік және ислам психологиясы
2.1 Ислам дін негіздері, иман шарттарының адам психологиясына әсері мен пайдасы
2.2 Діни сенімнің жеке адам, және этнопсихологиялық әлуметтік қалыптасуына діннің тигізетін әсері
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі.

дiн психологиясындағы (ислам) психикалық гигиена
Реферат
Бiтiру жұмысы дiн психологиясы саласында жазылған.II тараудан 49,
беттен қорытынды және 44, пайдаланған әдебиеттерден тұрады
Бiтiру жұмысының мақсаттары мен мiндеттерi
Бүкiл адамзат тарихындағы ең үлкен тұлға, Мухаммед Пайғамбардың жеке
тұлғасы мен дiн жаюдағы ,психологиясына талдау жасап, оларды теориялық
жағынан негiздеу
Осы мақсатқа орай туындаған басты мiндеттер деп мына төмендегiлердi
айтуға болады.
Мухаммед Пайғампардың өмiрi, ой толғамдары мен дiн жаюдағы
психологиясы, әдiстерiн талдай отырып мазмұны мен мәнiне үңiлу.
Мухаммед Пайғампардың, Пайғампар(с.а.у) болған VI ғ аяғы мен VII ғ
басындағы дүниенiң халi, адамдардың рухани әлемiне, дiни сенiмдерiне ,
дүние танымдарына, мәдениетiнiң даму деңгейiне әсер еткен, Ислам дін
негіздерін айқындау.
Ислам дін, психологиясының мәнін зерделеп діни сананың руханилық
мүдделерін қалыптастыру.
Ислам дінінің негіздері мен шарттарының адам психологиясына әсері мен
мәнін ашу.
Зерттеу объектiсi: (Ислам) дiн негіздері және психикамызға әсерi:
Зерттеу пәнi: Ислам дiнi негiзi болған исламның бес шарты мен иманның жетi
шарты:
Әдiстеме: жеке адамның этнопсихологиялық және әлуметтiк
қалыптасуына дiннiң тигiзетiн әсерiн,шет ел ғалымдарының зерттеулерi мен
түсiндiрiледi.Алынған нәтижелердiң экспериметтiк талдау барысында дiни
наным мен сенiмнің маңызы жоғары екені анық байқалады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І.Мухаммед Пайғамбар(с.а.у) қысқаша өмір жолы және дін таратудағы рухани
төңкерісі
1.1 Исламды таратудағы Мухаммед Пайғамбар (с.а.у) психологиясы
1.2 Исламды халық санасына сіңірудегі,бес парыздың рөлі мен маңыздылығы.
ІІ.Ислам дін негіздері, иманның шарттарына жалпы түсінік және ислам
психологиясы
2.1 Ислам дін негіздері, иман шарттарының адам психологиясына әсері мен
пайдасы
2.2 Діни сенімнің жеке адам, және этнопсихологиялық әлуметтік
қалыптасуына діннің тигізетін әсері
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі.
Кiрiспе
Бүгiнгi таңда дербес Қазақ мемлекетiнiң қалыптасуы өте күрделi тарихи
кезеңдерде жүрiп жатыр. Жас мемлекетiмiздiң қалыптасуында, әлеуметтiк
қиыншылықтар аз емес.
“Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы құқықтық және
әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы адам және
адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары”–деп, Қазақстан Республикасының
конституциясының бiрiншi бабында тұжырымдалған.Ғ.Мұстафин ағамыз айтқандай
“Бiз бұған дейiн ұлтшылдыққа қарсы тұрдық, ендi ұлтсыздыққа қарсы. Бұған
дейiн дiншiлдiкке қарсы тұрып келдiк, ендi дiнсiздiкке қарсы тұратын мезгiл
жеттi”. - дегендей. Кеңес империясы құрдымға кетумен басталған әлеуметтiк
өзгерiстер мен дағдарыстар ой-сана, тәрбие, сенiм жағынан жаңа қоғам, жаңа
психология қалыптастырды.
Осы айтылғандарға орай бiздiң зерттеуiмiздiң өзектiлiгi мен қажеттiлiгi
елiмiздегi тәуелсiздiкпен бiрге қайта оралған ата-бабаларымыз ұстанған
Ислам дiнi екендiгiнде дау жоқ. Коммунизм идеологиясының қою қараңғы түтiнi
адамдардың санасын улап, дiндi – апиын, құдайларды – үрей жаратады,
бiлiмсiздiк, – дiнсiздiктiң себебi, дiн – құр идеология деп түсiндiрдi.
Қолмен жасалған тар идеологиялар адамзаттың рухани қажеттiлiктерiн
қамтамасыз ете алмады. Құдайға шүкiр қазiр тәуелсiз мемлекетiмiзде адамдар
өзi еркiнше дiндi ұстанып, рухани аштықтарын қанағаттандыруда. Алайда,
жақсылық пен жамандық қашанда бiрге жүредi. Соңғы кездерi исламды бүкiл
адамзаттың алдында қаралап, террорим және экстремизм десе ислам дiнiне
тиесiлi болып көрiнетiн психология қалыптасты. Және де елiмiзге көптеп
келген жат ағымдар мен секталар, өз діні мен иделогияларын телу де.Жартты
ғасырдан астам уақыт шынымен дін апин, деген психология, мен көзқарас
болды.Қазіргі уақытта, керісінше дінсіздіктің апин, діннің психикамызға
гигиена екенін нақтылау.
Қазiргi мақсатымыз – Ислам дiнi ақылдың, бiлiмнiң тазалықтың, сондай-
ақ, бейбiтшiлiк пен тәртiптiң дiнi және адамдарды жағымды көркем
мiнездiлiкке, абзал әдептiлiкке тәрбиелейтiнiн- “Дiнсiз iлiмнiң ақсақ,
iлiмсiз дiннiң соқыр”.- екенiн айқындау. Және еліміз қоғам дамуын
арттырғысы келсе, өнеркәсiптiк технологияны, мәдениеттi ғана емес, дiни
руханилықты да өркендету керек екендiгiн баса ашып көрсетемiз.
Зерттеу мақсаты мен мiндеттерi:
Бiтiру жұмысының мақсаттары мен мiндеттерi:

тұлғасы мен дiн таратудағы психологиясына талдау жасап, оларды теориялық
жағынан негiздеу.

Мухаммед Пайғамбардың өмiрi, ой толғамдары мен дiн таратудағы
психологиясы, әдiстерiн талдай отырып мазмұны мен мәнiне үңiлу
Мухаммед Пайғампардың Пайғамбар болған VI ғасырдың аяғы мен VII
ғасырдың басындағы дүниенiң халi, адамдардың рухани әлемiне, дiни
сенiмдерiне, дүние танымдарына, мәдениетiнiң даму деңгейiн әсер еткен,
Ислам дін негіздерін айқындау.

Зерттеудiң болжамы:Бүгiнгi қоғамдағы кейбiр етек жайған кiсi
өлтiрушiлiк, тонау, зәбiр жапа, ашкөздiк, қылмыстың не бiр түрлерi
жезөкшелiк, нашақорлық, маскүнемдiк бәрi-бәрi рухани салауатсыздықтың
яғни дiнсiздiктiң салдары және рухани немесе психикалық иммунитетiмiздiң
жоқтығы. Бұл иммунитеттi тек дiни тәрбие арқылы қалыптастыра аламыз.
Сондықтан имандылық пен ұждандылықты, көркем мiнездi бойға сiңiретiн
дiни тәрбие мен дiни iлiмдердi отбасында, бала-бақшада, мектепте, жоғарғы
оқу орындарында пән болғызып оқыту керек және ғылыми оқу әдiстеме жасап оны
бүкiл қауым пайдаланатын болса, бұл жайт адамдардың жүрегiнде иман,
қоғамда тәртiп орнатып, психикалық иммунитетiмiздi кеңейте түскен болар
едiк.
Зерттеу обьектiсi: (Ислам) дiн негіздері және психологиямызға әсерi.
Зерттеу пәнi: Ислам дiн, негiзi болған исламның бес шарты мен иманның жетi
шарты.
Зерттеудiң теориялық маңызы: Елiмiздiң тәуелсiздiк алғанына онбес жыл
толуға жақындады. Тәуелсiздiгiмiз бен бiрге қайта оралған
құндылықтарымыздың бiрi және бiрегейi ата-бабаларымыз ұстанған ислам дiнi
екендiгiнде сөз жоқ. Жетпiс жылдай қара түнекте бодандықтың азабынан салт-
дәстүр, мен тiлiмiздi, дiнiмiздi ұмытып дүбәрә мәңгүрттiкке түсiп едiк.
Сондықтанда қазiргi Қазақстанда дiни сана сезiм мен дiн
психологиясының теориялық мәселесiнiң қалыптасуы өте күрделi процесте
жүруде, тек елiмiзде ғана емес жалпы әлем де асыл дiнiмiз исламға жат
терроризм және экстремизм ұғымдары мен қара күйелер жағылу да сол себебтi
ислам дiнiнiң негiзгi құндылықтары болған шарттары мен сенiмдерiне
теориялық жағынан ерекше көңiл бөлдiк.
Түптеп келген де дінді, психологиялық тұрғыдан қарасақ дiн негіздерін,
идеяларын саралағанда , Ислам дiнi тек бейбiтшiлiк пен татулықты
кiшпейiлдiлiктi, адамгершiлiктi, имандылықты қалыптастыратынын көремiз.
Тақырыптың жаңалығы: Жалпы дiн, және дiн психологиясы, саласы осы
күнге дейiн толық зерттелiнген жоқ сол себебтi бiз зерттеуiмiзде мына
мәселелердi қарастырамыз.
1. ислам дiнiнiң негiзi болған иман, намаз, ораза, зекет, қажылықтың
тек құдайға жасалынатын құлшылық пен ғибадат қана емес психикамызға әсерi,
сондай-ақ психикамызға психикалық гигиена екенiн айқындау.
2. ислам дiнiнiң негiзi болған иман шарттарына, сену және оның адам
психологиясына әсері мен пайдасын жан-жақты айқындау.
3. Егер осы Исламның бес шарты болған парыздарды бойымызға
сiңiрсек (атам қазақтың ер қаруы бес қаруы дегендей) психикамызға да бес
қару болатын, өте үлкен психикалық иммунитет екенін көрсету.
I-тарау Мухаммед Пайғамбар (с.а.у) қысқаша өмір жолы және дін таратудағы
рухани төңкерісі.
1. Исламды таратудағы Пайғамбардың психологиясы:
Ислам дiнi Аллаһ тарапынан адамдарға жiберiлген ең соңғы хақ дiн
және Мухаммед (с.а.у) ең соңғы Пайғамбар екенi тарихтан
мәлiм.Пайғамбарымызға дейiнгi дәуiрде жер бетiнде жамандық пен зұлымдық
үстемдiк құрды.Сол кезде адамдар құдды кiр-қоқыс пен надандық шалшығында
едi.
Адамзат әдiлет және өркениеттен мақұрым рухани көр-соқыр надандық
батпағына көмiлген жезөкшелiк пен ардан безушiлiк, зорлық зомбылық белең
алған тiптi кейбiрулер жабайлықтың шегiнен шығып сәби қыздарын тiрiдей
көметiн, ұятсыздық пен қараңғылық жайлағаны соншалық бiрнеше еркек бiр
әйелдi әйелдiкке алатын, сондай ақ қоғамда әйелдiң титтей қадiрi болмады.
Ақшаға сатылатын бұйым мен пара- пар едi. Адамдар бiр бiрiне тiсiн қайраған
топтар халiнде тайпаларға бөлiнiп қан төгiс тыйылмады .Адамзаттың осы
халiн ақын Махметаниф екi жыр жолы мен тамаша суреттейдi:
Бiрiн -бiрi талап жеп қырқысқанда,
Асып түстi адамзат жыртқыштан да.
Мiне тап осындай дәуiрде 571 жылда рәбиүл әууәл айының 12 –сi күнi
таңға жуық Пайғамбар (с.а.у) дүниеге келдi.Пайғамбарлар шоғырының соңғы
жұлдызы, Мухаммед (с.а.у) ға Пайғамбарлық мiндет қырық жасында келгенi
мен, ол мiнез-құлықның байлығы мен дүйiм жұртқа үлгi өнеге бола бiлдi.Ол
өтрiк пен екiжүздiлiк атаулыдан аулақ болды.
Сол бiр ешкiм, ешкiмге сенбейтiн шақта барлығы оған сенiп сенiм
артатын, дау тудырған мәселелер де оның қара қылды қақ жарған билiгiне
жүгiнетiн тiптi оған шыдамайтын дұшпандары да адамгершiлiгi мен туралығын
мойындайтын мiне содан берi ғасырлар озып, ғылым дамып, мәдениет
өркендесе де күллi адамзат Оның бойындағы асқақ та биiк қасиеттерiне
қайран қалу мен келедi.Тарихта оның өмiрiндей ешбiр дақ түспеген таза да
пәк ғибратқа толы екiншi бiр тұлға жоқ Абай атамыз Пайғамбарымыздан үлгi
алуға былай деп үндейдi.
“Аллаһ мінсіз әуелден пайғамбар қақ,
мүмин болсаң үйреніп сенде ұқсап бақ”.- деген.
Американдық ғалым Майкл Харт өзінің “Адамзат тарихындағы ұлы жүздік”-
атты кітабында адамзат баласының тарихында өнегелі де ғибратты із қалдырған
ұлы тұлғалардың өмірбаяндарын жазған еңбекте Аристотел, Платон, Евклид,
Архимед бастаған топтың алдында ең бірінші болып, Майкл Харт Мухаммед
(с.а.у) көрсеткен екен. Аллаһ Құранда “сен керемет мінез-құлыққа иесің”-
деп Аллаһ елшісінің бойындағы осы қасиеттерді нұсқайды.
Иә, Пайғамбарымыз өмірден өткеніне он төрт ғасыр өтсе де еш ескіріп
тозбайтындай әрі ахретке дейін келіп кетер күллі адамзатты тәнті еткен осы
ұлы қасиеттер мен көрем мінез-құлықты қайдан үйреніп қайдан алды?
Пайғамбарымызды осылай етіп кім тәрбиелеп, кім өсірді?Тосын бұл сұрақтың
жауабы ретінде Әке-шешесі дейін десек Пайғамбарымыз Әкесінен, анасының
құрсағында алты айлық кезінде шешесінен алты жасында айырылып, тұл жетім
қалды.
Демек, Аллаһ елшісінің тәлім тәрбиені әке-шешесінен алуы еш мүмкін
емес.Ал, оған бұл көркем мінез, жалпы тәлім тәрбиені өскен ортасы өмір
–сүрген қоғамы берді дейін десек ,ол қоғамның тарихта “надандық,
қараңғылық”- дәуірі деп қаратаңбасы мен орын тепкені бәрімізге мәлім.
Зұлымдық пен қатыгездік билік құрған бұл қоғамда, қыз бала тірідей көміліп,
әйел атаулы қорланып базарларда бейне бір саудаланатын, тіпті зина жасаушы
осы ұятты ісі мен халық алдында мақтанып атақ абыройға кенелетін.
Ата-тегі шежіресі белгісіз көптеген балалар өз әкесінен бейхабарды.
Әлсіздер құлға айналып, мүдделері адам бейнесіндегі жыртқыштардың аяғында
тапталып жатты.Міне осындай бір қоғамда жалпы адам баласын бойындағы асыл
қасиеттері мен таңғалтып, көркем де сұлу мінез-құлқы мен тәнті еткен
адамзаттың асыл тәжі Аллаһ елшісі (с.а.у) тәрбиелеп жетілдіру мүмкін бе?
жай қатардағы бір адам бұл қоғамның тыныс алған зиянды вирусы нан еш
зақымданбай дін аман сау құтылу мүмкін бе? Мұндай қараңғы қоғам өзінде жоқ,
қасиеттерді басқаға қалай бермек, демек Пайғамбарымызға бұл көркемде әсем
қасиеттерді беріп арнайы тәрбиелеп жетілдіріп, сол арқылы біз құлдарында,
тәрбиелеп тура жол көрсетуші Аллаһ болмағы еш күмәнсіз.
Енді пайғампарымызды қырық жасына дейінгі өміріне көз жүгіртіп зер
салсақ, Ол қырық жасына дейін адамдардың арасында ең сенімі тұлға деп
қабылданғандықтан, Мекке халқы оны “Мухаммед әмин”- “сенімді Мухаммед”- деп
атаған Мекке халқы кез келген сапарға шығар болса, қолындағы ең құнды
заттарын еш күмәндан бастан Пайғамбарымызға аманаттап
тапсыратын.Пайғамбарымыз аманатқа қиянат ету уәде де тұрмау және де жалған
сөйлеу,екі жүзділіктен ада болған.Осылай Мекке халқы Мухаммед(с.а.у) қырық
жасына дейін бір рет болсада жалған сөйлеуіне куә болмаған .
Осындай күндердің бірін де Мухаммед өзіне ғана таныс әлемге шомған
сәтте, Жәбірейіл(с.а.у) Аллаһтың әмірі мен оған Пайғамбарлық міндетін
білдіруге келді.Ол адамзатты тура жолға бастаушы Аллаһтың сүйікті құлы
Мухаммед(с.а.у) ға Құранның алғашқы аяты “Ей Мухаммед! Оқы! Жаратқан
Раббынның атымен оқы! Ол Аллаһ, адамды ұйыған бір тамшы қан түйірінен
жаратты! оқы! Раббың аса жомарт, Ол адамға қаламмен жазуды үйретті Адамға
білмеген нәрселерін үйретті”.- (Ғалақ сүресі 1-5 аят) Осылайша Мухаммед
(с.а.у) пайғамбарлық міндет жүктелді.
Осы ретте Бәкір Сыдық “қырық жасына дейін бірде-бір өтірік сөйлемеген
адам, мінез- құлқы өзгерместей толық қалыптасып, тұрақтаған осы жасынан
кейін қалайша өтірік айтсын”- деп Пайғамбар болғанын уағыздаған дінін, еш
куәсіз қабыл етіп, мұсылман болған. Иә, Пайғамбарымыз керемет ұстаз, тамаша
тәрбиеші. Оның теңдессіз ұстаздығымен тәрбиешілігінің алдында бүкіл әлем
бас иеді. Тағы тарихқа көз жүгіртсек.
Пайғамбарымызға дейін Араб түбегі және әлем жағдайы қалай еді!? міне,
Пайғамбарымыз сол қараңғы қоғамда бар-жоғы жиырма үш жылдың ішінде
тәрбиелеп, жетілдіріп әлемге үлгі болар қоғамға айналдырды.
Оның тәлім- тәрбие сабағы адамзат тарихындағы барлық кезеңдермен әр
тайпаны жинаған бір мектеп сияқты еді. Барлық ұлттар тілдерінің, түстерінің
және даму дәрежесінің айырмашылығына қарамастан, осы топқа қосылып жатыр
еді. Әділет ләззаттарының дәмін татып көрді. Халыққа салауаттылықты және
тыныштылықты жайды.
Адамдарды бір- бірімен бауырмалдықпен өмір сүруге үйретті. 1789 жылғы
Ұлы Француз төңкерісінің негізгі пікірлерін дайындаған философ Лафает
“Адам хақтары баяндамасы” жарияланбай тұрып, бүкіл заң жүйелерін зерттеген.
Ислам заңының өзгешелегін, үстемдігін көріп “Ей, Мұхаммед! Сенің әділетті
орнату, іске асыру жөніндегі жеткен жетістіктеріңе әлі ешкім жете алмады” -
деп тебіренген. Пайғамбарымыздың сыртқы ортадағы қоғамға берген тәрбиесі
және ішкі жан- дүниесінің әсері күшті бір дәрідей, жартылай жабайы көбі
адамгершіліктен хабарсыз надан бір қауым мен қоғамды адамзат тарихының
аңсаған - “сахаба” сипатымен елестетуге де мүмкін еместей мәртебеге
жеткізді.
Оларды бір діннің, бір тудың, бір заңның, бір мәдениеттің және бір
басшылықтың астына біріктірді. Надан жабайы, қанішер адамдарды мәдениетті,
қылмыскер және рухы кембағал мінезділерді яғни, Аллаһқа деген махаббатпен
және одан қорқумен және ғибадат, құлшылық қылатын иманды, таза адамдар
дәрежесіне жеткізді.
Ғасырлар бойы назар аударарлықтай бірде бір адам шығара алмаған қауым
оның тәрбиесінен, нұрмен безенген өте көп адам шығарды және ол адамдарды
білімді, парасатты, иманды ғылым және темірқазық шырағы етіп, дүниенің төрт
бұрышына алып барды. Шөлге түскен сәуле нұры мәңгілікті қанатына алып,
бүкіл адамзатқа таратылды. Әлемнің жаратылу мақсаты жүзеге асты.
Ол қысқа уақыттың ішінде дүниеде ешбір Патша жете алмаған жетістіктерге
жеткен, асқан ұлы тұлға бола білді. Адамдардың рухы, иманы көтерілген
кезінде де аяғының астына жайылған кең дүниенің еш біреуіне көңіл аудармай,
бұрынғыдай қарапайымдылықпен “Ұлық болсаң, кішік бол”- деп жарлы түрде
кірпіштен қаланған кішкентай үйінде өмір сүре берді.
Құрма жапырақтарымен төселген төсекте ұйықтады. Қарапайым және таза
киімдер киді. Жарлы адамнан да төмен өмір сүрді. Кейін бүкіл мемлекеттер өз
қалауларымен оның басқаруына кірді. Арабстанның ол жағы мен бұл жағына әкім
болды. Қалағанын істеуге мүмкіншілігі болды. Ол сонда да қарапайымдылығын
тастамады. Өзінің ешбір нәрсенің иесі емес екенін, барлығының да Аллаһтың
құдіретті қолында екенін айтатын.
Бір күні Хазіреті Омар Пайғамбарымыз (с.а.у) үйіне келеді. Бөлменің
ішін көзбен шалып шығады. Үйдің ішінде көзге көрінетін ештеңе көрінбейді.
Құрма жапырақтарынан өрілген бір көпшік бар екен. Пайғамбарымыз (с.а.у.)
соған сүйенгенінен оның тәніне батып, із қалдырған екен. Бұрышта бір уыстай
арпа, оның қасында ілулі тұрған ескі су қабы бар. Міне, бары осы-ақ.
Бұл уақытта бүкіл Араб түбегіндегілердің Хазірет Пайғамбарымызға мойын
ұсынған, бұл кезде Пайғамбарымыздың дүние мүлкі тек қана осы заттар еді.
Бұларды көрген Омар ішін тартып, өзін ұстай алмай, көздеріне жас келеді.
Хазірет Пайғамбарымыз “Неге жылайсың ей, Омар?”-деп сұрайды. Ол да: “Неге
жылаймын, Ей Аллаһтың елшісі?” Рим және Парсы патшалары дүние нығметтерінің
ішінде жүзеді. Ал Аллаһтың Пайғамбары кепкен көпшіктің үстінде өмір сүреді
дейді. Сонда Ей, Омар! Кисра мен Қайсар қамсыз дүние нығметтерінен ләззат
ала берсін бізге ақырет нығметтері жетеді ... деп айтады.Және де бір мысал
беріп, Мен және дүниенің мысалы “жаздың ыстық күнінде бір ағаштың астында
ұйықтап алып ,өз жолына кететін бір жолаушы адамдай” деп айтқан.
Өйткені, Аллаһ ол мүбәрәк құлын, бүкіл адамзатқа бір яғни ең кәміл
үлгі өнеге етіп жаратқан. Сондықтан оны әлсіздер мен жарлы жақыбайлардың ең
төменгі сатысы болған “тұлдыр жетімдіктен” бастатып өмірдің барлық
кезеңдерінен өткізіп құдыреті мен билік жағындағы ең жоғарғы саты яғни
Пайғамбарлық пен басшылыққа дейін көтерген.
Пайғамбардың іс-әрекеттері адамзат үшін ең кәміл үлгі өнеге болып
табылады. Мысалы, Философ Нисе “Супер Хуман” яғни кәміл адам ой пікірлері
мен талай беттік көзқарасын баяндаған. Бірақ бұл кәміл адам түсінігін,
өмірдегі іс-әрекеттері мен күшейте алмаған ол тек бір ой көзқарас болып
қалған. Ал, Аристотель мінез-құлық философиясының бір топ заңдары мен
ерекшеліктерінің тегін қалағанына қарамастан оның философиясына сеніп,
іске асырып бақытты болған бірде, жан көре алмаймыз. Ал хазреті
Пайғамбарымыз өзінің елшілік міндетін бастаудан бұрын өзін халыққа
сүйдірген және барлық болмыс парасатымен халықтың сенімді Мухаммед, деп
айтатындай бір кәмілдікке жеткен.
Сонымен қатар, ол дінді таратып жаюды бұл сипаттар берілгеннен кейін
бастаған. Халық оның жақсы мінез-құлығын, қайрымдылығын, ақылдылығын,
адалдығын, пайғамбар болмай тұрып білген және оны ұнатып сүйген еді.
Хз.Пайғамбар “мен тек қана мұғалім ретінде жіберілдім”- деу арқылы,
Пайғамбарымыз адамдарға білмейтіндерін үйретіп, әдептіліктің озық үлгісін
көрсететін елші екендігін білдірген.
Барлық Пайғамбарлар жіберілген қауымына киіну,үйлену,тамақ
жеу,сәнденуіне ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына,сауда саттығына,әдеп-
ғұрыптарына үлгі өнеге болған.Осы шындықты Құранда былай баяандайды
“Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да неден тыйса одан тыйылыңдар, әрі
Аллаһтан қорқыңдар”-деп бұйырған.Пайғамбарымыз(с.а.у) Аллаһ тағаланың
тәрбиесінен өткен адамдар арсында теңі жоқ мұғалім һәм тәрбиеші адамдарға
тура жолды көрсететін көкірегі ояу, кәміл адам.
Сондықтан Пайғамбарымыз өзіне түскен Құранның көрсеткен жолы мен жүріп
негізгі қызметін оқыту әрі тәрбиелеу арқылы адамзат баласын кемелдікке
жеткізу үшін бар күшін салған.Хз.Пайғамбарымыз сахабаларын һәм үммбетін
тәрбиелеген де ұстанған жолын жеке-жеке қарастырайық [44,15-33б.]
1. Ақырын біртіндеп сатылап тәрбиелеу әдісі:
Пайғамбарымыз сахабаларын тиімді тәрбиелеудің бірі ретінде сатылап
тәрбиелеу әдісін айтуға болады.Қыруар білімді бірден адамның санасына
сіңіріп жіберу психология мен педогогиканың қағидаларына қайшы
келеді.Оқушыға білімнің бірден әрі артығымен берілу қиынға соғады, ал
білім аз-аздан берілер болса, оны оқушы тез арада меңгере алады.
Адам баласын жаратқан Аллаһ оның әлсіздігін,қабылетін білгендіктен
қайткендеде қателікке бой алдырмайтын жолдарды оған үйреткен.Сөйтіп оның
ақыл ойының дамуы мен тәрбиеленуінде, мағұлыматтарды аз-аздан беру арқылы
ғана мүмкін болатындығын,Құранда былайша баяандаған “Біз құранды адамдарға
тоқырап оқу үшін бөлімдерге айырып аз-аздан түсірдік”-шындығындағы
Құрандағы сенім,құлшылық ахлақ, әрі қарым-қатынасқа байланысты
аяттар,адамдарға ауыр келмейтіндей дәрежеде бөлік-бөлік болып түсіп
отырған.
Хз.Пайғамбарымыздың өмірінен Құрандағы дәл осы әдісіті қолданғанын
айқын көре аламыз.Ол білімді адам баласының зейініне, суға лақтырған тас
секілді дөп басып қоятын болған, тастың әсерінен пайда болған толқынын
күтетінді. Х.з.Пайғамбар сахабаларына қандай да бір нәрсені үйреткенде үш
негізге баса назар аударған
1.оқушының қабылеті
2.аз-аздан сатылап беру
3.оқушының психологиясы бұл әдіс әлі де кең қолданылып келеді
2.Сұрақ –жауап әдісі: Х.з.Пайғамбарымыз сахабаларға дінді
түсіндіруде, білмегендерін үйрету де сұрақ-жауап әдісін көптеп қолданған.
Өйткені сұрақ, зейінді ояту үшін қойылады.
Сұрақ тәжірибенің нәтижесін білу үшін де сұралады. Бір күні
Пайғамбарымыз сахабаларды жинап бір нірсені түсіндірмек болады, жарлы
деген кім екенін білесіздер ме? - деп сұрайды ал, сахабалар жарлы деп
ақшасы жоқ, адам деп жауап береді. Сонда Пайғамбарымыз үмбетімнің арасында
жарлының кім екендігін айтайын. Ол ахрет күні намаз,ораза, мен зекеті бола
тұра тірі кезінде әркімді бір мазақтап, жала жауып, әркімнің малын дүниесін
тартыпалып құл ақысы жайлы сұралмай тұрып сауабы таусылған адам. Сондай
-ақ адамдардың күнәсін мойынына алған соң, тасталған адам деп жауап береді
осындай мысалдар мен Пайғамбарымыз (с.а.у) ақиқатты айтып қана қоймай
адамдардың ой өрісі мен де санасу қажеттігін әрі жалқаулыққа салынбау үшін,
ақиқатты кез-келген жерде айтпау, керектігін білдірген.
Осылайша қате пікір мен қате көзқарастардың алдын алуға
болады.Пайғамбарымыз алдымен сұрақ сұрап, қарсы алдындағы адамдардың
назарын өзіне қаратқаннан соң дұрыс жауабын өзі беріп,айтқысы келген ойын
түсінікті түрде, әрі екінші рет естен шықпайтын мысал бере тәмсіл сөздермен
қиыннан қиыстыра адамдардың жүрегіне жол тауып отырған
3.Қиссалар арқылы тәрбие әдісі:
Адам баласы қисса немесе хикаядан әсерленетіндіктен тәрбиеде олардың
рөлі орасан зор. Сол оқиғалардың басы қасында болмаса да, ғибрат алу үшін
айтылады.Мәселен қариялардың жастық шағын еске түсіріп айтуының өзінде
үлкен мән бар.
Мұндай әңгімелер жастарға ой салып бойына ерекше күш береді. Құран мен
Сүннетте де осы тәсіл баса назар аударылғандығын айқын көруге
болады.Өйткені өткеннен ғибратланып олардың жіберген қателіктерін
қайталамауға,адамды терең ойлауға түрткі болу. Х.з.Пайғамбарымыз сондықтан
көбінесе сахабаларға бұрын өмір сүріп кеткен қауымдардың басынан
өткендерін, діни ақиқаттарды еске салып үлгі өнеге алуға шақырып отырған.
4.Кінәлау жолы мен тәрбиелеу:
Х.з.Пайғамбарымыз ұстанған әдістердің бірі, алдына мәселесін айтып келген
адамдарды ренжітпейтіндей етіп тиімді шешім айтқан жалпы кінәлағанда,
адамның көңіліне тиерліктей сөз айтудан сақтанатын болған.Оған бұл оқиғаны
мысал етуге болады.Бір күні бір жас жігіт Пайғамбарымызға келіп: Ей,
Аллаһтың елшісі (мен өзімді ұстай алмаймын) менің зина жасағым келеді.
Соған сенен рұхсат сұрай келіп отырмын дейді.Бұл сөзді естіген
Пайғамбарымыздың қасындағы сахабалар қатты ашуланып, ол жігітті ұрмақшы
болып, Ей, Аллаһтың елшісі бұған тиісті жазасын берейік деді. Оның сөзіне
асқан сабырлықпен қараған Х.з Пайғамбарымыз, оны менің қасыма жақындау алып
келіңдер деп әмір берді. Жас жігітті жақындау тартып онымен былай деп
әңгімелесті.
-Анаңның зинақорлық жасағанын қалайсың ба?
-Әлбетте қаламаймын.Онсыз да ешкімнің анасымен зинақорлық жасауын
қаламайтыны белгілі.
-Жарайды. Қызың мен бөгде адамның зинақорлық жасауын қалайсың ба?
-Әрине қаламаймын.
-Олай болса, барлық адам қызымен зинақорлық жасағанды қаламайды. Содан
соң Пайғамбар ол жігіттен әпкесі, қарындасы, нағашы әпкесінің зинақорлықпен
айналысуын ұнатып, ұнатпайтындығы жайлы сұрады. Оның жауабы жоғарғыдай
болды. Ол өзінің қателігін жақсы түсінді. Хадисті- риуят етушінің айтуына
қарағанда, сол кезден бастап, әлгі жігіт зинақорлықты мүлде ұмытыпты. Міне,
жас жігітті ренжітпей әрі осындай іске бармайтындай етіп ашуға салынбай
жауап берудің тиімді жолдарын пайдаланған.
5. Сөздің маңыздылығын білдіру үшін сөзді бірнеше мәрте қайталау
әдісі:Тәлім тәрбие беру жолындағы ең маңызды жайттардың бірі ретінде
білуге тиісті мәселелерді бірнеше рет қайталау екендігін айтуымызға
болады.Өйткені адам баласы көбінесе кейбір білімдерді бірнеше мәрте оқып,
тыңдау арқылы ғана толық түсіне алады. Қайталау әдісінің адам
психологиясына тиімді екендігін Құран мен сүннетте де көптеп айтылған.
Бірде Пайғамдар (с.а.у) “Сіздерге ең қайырлы және ең жаман адамның кім
екендігін айтайын ба”?- деген сөзін үш рет қайталады. Сол жерде отырғандар
иә деді. Х.з Пайғамбар “Ең жақсыларың, халық оның алдына барғанда жақсылық
жасайтынын әрі оның еш жамандық жасамайтынын білетін болса міне сол адам.
Ал ең жамандарыңыз болса, халық одан ешқашан жақсылық күтпейтін әрі
жамандық жасайды- ау деп күдіктенетін адам” - деді. Бұл жерде Х.з Пайғамбар
бір біріне мінезі жағынан мүлде сәйкес келмейтін екі адам жайлы айтпастан,
алдын сөздің маңыздылығына көңіл аудару үшін сөзін үш рет қайталады.
Сонан олардың саналарына сіңіру үшін ең тиімді жолмен баяндады және де
Пайғамбар көбінесе айтатын сөзін Аллаһтың атымен ант етіп бастайтын болған.
Х.з Пайғамбардың бұлай сөз бастауының басты себебі сөздің мәні мен
маңыздылығына көңіл аударды. Ол жайлы бір хадисінде былай айтқан: “Бар
құдіреті күшке ие болған, Аллаһтың атымен ант етемін. Сендер иман
келтірмейінше, жәннатқа кіре алмайсыңдар, бір бірлеріңді жақсы көрмейінше
иман келтірген болып саналмайсыңдар”-деген және де бір бірлеріңнің
араларыңда сүйіспеншілік пен мейірім тудыратын істі айтайын ба?-деп
“Араларыңда сәлемді жайыңдар”- деген және Х.з Пайғамбар алдымен айтатын
сөзінің маңызына көңіл аударту, арқылы мұсылмандарға өз араларындағы басты
міндет пен бір- біріне деген махаббатты арттырудың жолын үйреткен .
6. Сүйіспеншілік пен мейірім әдісі: Сүйіспеншілік жоқ жерде тәрбие мен
білімнің берілуі мүмкін емес. Адамдар арасындағы қарым- қатынас пен
ынтымақ, бірлікті күшейтудің жалғыз жолы осы сүйіспеншіліктің негізінде
жатыр. Пайғамбар (с.а.у) сахабаларының арасындағы сыйластық пен
түсіністіктің артуына да сүйіспеншілік пен мейірім басты себепші болғаны
айтпаса да түсінікті.
Осылай Пайғамбар (с.а.у) Ислам дінін үмбетіне жаюды сүйіспеншілік пен
тәрбие психологиясының озық үлгісін көрсете білген. Сондай- ақ Пайғамбар
(с.а.у) керемет психолог еді. Ол адамдардың қоғамдағы дәрежесіне ақыл
деңгейі мен түсінігіне және мінез- құлықтары мен құбылмалы көңіл- күйлеріне
қарай сөз таңдап, уақыт белгілейтін. Міне, сондықтан Х.з Пайғамбар бүкіл
тұлға болмысы мен заманының заңғар тұлғаларының жүрегіне жол тауып, Ислам
дініне деген сүйіспеншілік отын маздатып, санаулы жылдардың ішінде
адамдарды надандық шырмауынан құтқарып, мәдениеттілік пен парасаттылықтың
іргесін қалап, зор рухани төңкеріс жасаған ең үлкен тұлға[15,118-147б.].
1. Иман парызындағы психикалық гигиена
Иман қой, ақыл қойшы, нәпсі бөрі,
нәпсіге қой бермейді ердің ері.
Таяқты мықты ұстап ақыл тұрса,
алалмас иманыңды сайтан пері,-
Деп атақты жырауымыз Шал ақын жырлағанындай “адамды адам еткен ақылы,
сұлтан еткен- иманы” Біз адам баласы өте күрделі жаратылыстамыз. Тән мен
жаннан жаратылған жұмбақ та, сиқырлы дүниеміз.
Бірақ жан мен тән туралы көп айтамыз. Бөрі болған нәпсіміз туралы ауыз
ашқымыз келмейді. Біз жаратылысымыздан пенде болғандықтан, бізге жанымызды
(психикамызды) тойдырудан гөрі, нәпсімізді тойдыру әлдеқайда жеңіл.
Қарнымыз ашса тамақ жейміз. Қысқасы тәніміздің қалауының барлығын жасаймыз.
Нәпсімізге құлмыз. Ал нәпсімізді тежеп ұстауға қауқарсызбыз. Нәпсінің ісі
бізді хайуан қылады. Ал иман жүрегімізге жол тапса, иманды болсақ адам
болып туған бізді азамат қылады.
Сондықтан қазіргі басты міндет имандылықты сақтап және одан әрі
қуаттап, жандандыратын нағыз иманға қол жеткізіп, иманның ұлылығын сақтап
қалу. Бәрінен бұрын иман шарттарын жандандырып оның орындалуы мен шұғылдану
ауадай қажет, тіпті мәжбүрлік деуге де болады.
Біздің жүрегіміз минутына жетпіс рет соғып, біздің мүшелерімізді
қанмен қоректендірсе, дәл сол сияқты рухани азық болған иман да біздің
психикамызды қоректендіреді.Іргетасы жарылып тұрған үйдің бөлмелерін
жөндеп, ішін әшекейлеумен құламауға септігі тиер ме? немесе тамыры шіріген
ағашты қуратпаймын деп бұтақтары мен жапырақтарын дәрілеп шара қолдану оның
өмірін көркейте ма? Біз өзімізді бір үй десек, оның іргетасы иман шарттары,
ал үлкен бір ағаш болсақ, оның тамыры иман негіздері.
Сондықтан адам баласына ең бірінші үйренетін ілім мен тәрбие ол-иман.
ұлы Абай атамыз отыз сегізінші қара сөзінде иман туралы былай дейді:- Әуелі
дін исламның жолындағы пенделер иманның қақиқатын білсін. Иман дегеніміз
–бір ғана инандық емес.Аллаһтың бірлігіне құран оның сөзі екендігіне,
Пайғамбар оның тарапынан елші екендігіне инандық жә не бітті. Сен Аллаһ
үшін иман келтіремісің? Я, өзің үшін де иман келтіремісің? Сен иман
келтірмесең де, Аллаһқа келер ешбір кемшілік жоқ еді. Я өзің үшін иман
келтіресің, жә инандық.
Ол инанмақтығың құр ғана инанмақпенен қалса, саған пайда бермейді. Оның
үшін сен өзің инанмақтығыңнан пайдалана ма? десең пайда береді. Кәміл иман
болады. Пайданы қалайша алуды білмек керек яғни Исламда құр сеніп
қойғанменен ешқандай іс бітпейді. Іс жүзеге асқанда ғана орасан зор ықпал
тиеді. Қысқасы, иман дегеніміз- тек қысқаша түрде Құдайды мойындап қоюмен
бітпейді.
Иманның көптеген мәртебелері бар. Әлсіз де жаттанды да. Атап айтсақ,
тәнде, көкіректе, көңілде, жүректе. Иман әсіресе мынадай алай- дүлей
адасушылық көп заманда тез өшіп қалады. Нағыз иман болса, сарқылмайтын
қуат. Бұл қуатқа үнемі қол жеткізіп отыру үшін ұялы телефондарымызды
қуаттағандай күнде бес рет намаз оқып және иман негіздерін жасап,
жүрегімізге иман психикамызға гигиена жасап отруымыз керек.
Ғалымдар былай дейді: “Салиқалы амалдар атқарылып, күнәлі істер
тасталмайынша, иман кәміл иман болып есептелмейді ”- деген. Сыртқы
құлшылық ішкі иман дәрежесінің көрсеткіші. Белгілі ғалым Ибн Гаймия дүниеде
бір жаннат бар, кім ол жаннатқа кірмеген болса, онда ахіреттегі жаннатқа да
кірмейді”-яғни ол иман ету Сондықтан иман ең үлкен нығымет.Отынды сүю де
иманнан. Ендеше имандылық пен инабаттылықты, адалдық пен тазалықты,
әділдік пен шыншылдықты бойымызға дарытушы, санамызды сауықтырушы және
игілік атауының қайнар көзі күллі көркем қасиеттердің кәусар бұлағы болған
иманды жандандырайық.
2. Намаз парызындағы психикалық гигиена
Исламда нағыз махаббат пен сүйіспеншілік жаратушы Аллаһқа арналады.
Сондықтанда сүйгенді сүймектік басты қағида болып саналады. Исламның
шарттарының әрбірі жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуында ерекшк рөл
ойнайды. Біз бұл ретте Намаздың адам өміріндегі алар орны ерекше екенін,
Намаздың бес рет оқылуының өзінде сансыз кереметтер бар екенін ашу. Біз көп
ретте дене шынықтыру жаттығуы ретінде, немесе жасы егде тартқан шал-
кемпірлерге тиесілі жасайтын дәстүр немесе сенім, құлшылығы деген
психология қалыптасқан.
Ислам дінінің шарттарының ішінде иман етуден кейінгі ең ұлысы болған
Намаз. Сондықтан Намаздың психикамызға қалай әсерін қарастырайық:
Пайғамбар (с.а.у) бір хадисінде “Намаз діннің тірегі”- деп ұлықтап
көрсеткен. “Дәрет парыз баспау үшін тәнді кір, Намаз парыз баспау үшін
жанды кір”- дегендей, Намаз оқу ең алдымен рухани тазалыққа, әрі тәндік
тазалыққа шақырып, адам бойындағы теріс пиғылдарды түбірімен жоғалтады.
Өйткені Пайғамбарымыз “күнде бес уақыт жуынған адамның денесінің кірі қалай
кетсе, бес уақыт Намаз оқыған адамның рухани кірі қалмайды”- деген хадисі
бар. Бұл біздің өмірімізде де күнделікті кездесетін,қолданылатын толып
жатқан гигиена барына бір мысал. Атап айтсақ, тек өз жеке басымызды алып
көрелік.Киім-кешектің тазалығы (ауыстырамыз, жуамыз), денеміздің тазалығы
(өзімізді кір сезінсек тез жуынамыз),т.б. Гигиенаны ең көп қажет ететін
медицина ғылымы “тазалық-саулық кепілі” деген.
Ислам діні “тазалық- иманның жартысы” -деп еңбасты орында атап
көрсеткен. Қазіргі тұрмыс-тіршілігімізде, әсәресе тұрмыстық жағдайда
эмоциялық, стрестік дауылдар, кездейсоқ керағарлықтар тым көбейіп отыр.
Жүйкенің тозуы мен жан-дүниенің жарақаттануы, жамандық жас талғамай,
кеудесінде жаны бар, санасы уланған кез-келген адам істеп жатыр.
Қазір қоғамымызда айықпас дерт болып жабысқан нашақорлық, ішімдік,
жезөкшклік, адам өлтіру, ұрлық-қарлық көбеюде. Әрине ауру асқынбай, дауа
іздеудің жолы әрқашанда жеңіл болмақ. Пайғамбарымыз бір хадисінде
“сендердің араларыңда кім де кім бір жамандық көрсе, оны қолымен түзетсін.
Оған күші жетпесе, тілімен түзетсін. Оған күші жетпесе, жүрегімен оны жек
көрсін. Бұл иманның ең әлсіз дәрежесі деген. Тіпті Пайғамбар өлім аузында
жатып сахабаларына айтқан ең ақырғы өсиеті де “Намаздан ажырамаңыздар,
Намаздан ажырамаңыздар”- деп үні қарлыққанға қарамай айтқан. Сондай-ақ
Құранда “кітаптан саған уахи етілгенді ғана оқы да, Намазды орында,
күдіксіз Намаз арсыздықтан, жамандықтан тыяды”- бұл Намаздың маңызы зор
екенін көрсетеді. Сол арқылы да Намаз діннің тірегі, сөздің нұры, жүректің
шаттығы. Намазда Адамзат жаратушысының алдына бес рет шығып, таңнан кешкі,
құптан намазыны дейінгі, яғни бір күнгі бес рет оқылатын Намазында
Раббысына шын беріліп, екеуінің арасында ешбір кедергі жоқтығын сезеді.
Аллаһпен сырласа отырып, оған деген құрмет-құлшылығы мен қорқынышын,
жақындығын жүрегімен сезінеді және бір Намаздан, бір Намазға, дейін жасаған
ұсақ күнәларын кешірілуімен дұға тілектерін тілейді.
Сондай-ақ өзінің көп нәрсеге мұқтаж, әлсіз, тәуелді құл екенін
мойындап, өзінің нәпсісін тізгіндейді. Осылай күнде рухани жан-дүниемізге
күнделікті рухани азық болатын психикалық гигиена жасаймыз. Сонымен қатар
Намаздың қимыл-қозғалыстарымен дене шынықтыру арасындағы айырмашылықты
байқау қиын емес.
1.Бес уақыт Намыз барысында қырық рет иіліп түрегелумен қатар, маңдай
жерге сексен рет тиеді.
Адам өмірінде қанның атқарар қызметі аса ерекше. Айталық Намаз оқудан
ада күні бойы оқтаудай тік жүрген адамның қан айналымы күн сайын басын
сексен рет жерге қойып, қырық рет жығылып, түрегеліп намаз оқыған адамның
бойындағы қан айналымы бірдей емес. Екеуінің де жүрегінен басына таралатын
қан мөлшері әрқалай болады.
2.Намаз жай, баяу оқылатындықтан жүрекке күш түспейді.
3.Намаз күннің әркелкі уақытында оқылады.Дене шынықтырушылар күн сайын
бес уақытта да жаттығумен айналыспайды.
4. Намаз тіршіліктегі өміріміздің соңына дейін жасалынады, ал өмірінің
соңына дейін қай гимнастикашы дене жаттығуын үзбей жасай алады.
5.Намаз оқу үшін тазаланып, дәрет алу шарт. Кей жағдайларда бой дәрет
алуды талап етеді.
Ал, гимнастикамен айналысу үшін мұндай мәжбүрліктің болмайтыны
шындық. Намаз оқитындарда есте сақтау қабілетінің нашарлауы, адамгершілік
қасиеттен айырылуы секілді келеңсіз жағдайлар анағұрлым аз кездеседі. Және
өмір-жасы, денсаулығы мықты болуымен қатар “Demans senil”- деп аталатын
ақыл-естен алжасуға ұшырамайды. Намаздың, диафрагма астындағы дене
мүшелеріне жақсы әсер етуі, асқазандағы қоректің жақсы қорытылуын, өт
жолдарының бітелмей жақсаруын қамтамасыз етеді. Оған қоса, күн сайын намаз
оқып, бірнеше мәрте үздіксіз қимыл- қозғалыста болу “оментюмдағы” майларды
азайтады.
Әр, намаздағы барлық ритмикалық қимылдар ішек “перистализмінің”
көбейтіп, ішектердің жеңілдеуі мен үлкен- кіші дәреттің қиындықсыз жүруін
қамтамасыз етеді және бүйрекпен қатар, бүйрекүсті бездерінің жақсы жұмыс
істеуіне котолизатор болады. Өйткені сексен рет жығылып- түрегелу бүйрек
“пелвисинде” қалдық көбеюімен тас жиналмаудың алдын алады. Сондай- ақ намаз
оқығанда тізе, сан, тірсек, иық, қол буындары иіліп- бүгіліп, үнемі қалыпты
қимыл қозғалысын үзбейтіндіктен, ревматизммен қоса, дегенеративті ауру
атаулыдан сақ болады және үш нәрседе үнемі алда болады:
1. Тазалық- дене және рухани
2. Жүрек жылуының күшеюі.
Айталық, тәкаппарлықтан қарапайымдылыққа, тас жүректіліктен
бауырмалдылыққа бейімделу (намаздағы маңдайдың сәждеге тиюі, тәкаппарлықты
жеңетіндігі) себепті өркөкірек кісілердің көпшілігі әсіресе, маңдайын
сәждеге тигізуді қаламайды. Құранда:- “шындығында намаз, ынталылардан
басқаларға ауыр келеді”- (Бақыра сүр.4.5.).
3. Уақыттың жүйеленуі.
Ертең мен бүгіннен озамын деп, есеп күніне есеппен баруды Аллаһтың
берген ең үлкен нығыметі, денсаулық пен уақытты тиімді пайдалануға
асығады.Қорытынды айтар болсақ, намаз біздің бүкіл өміріміздің айнасы.
3. Ораза парызындағы психикалық гигиена
Ислам ғұламаларындағы мәшһүр дәрігер болған Ибн Сина медицина
ілімін, екі сөзге түйді. Сөздің сұлулығы – оның қысқалығында, тамақ
жегенде аз же, жегеннен кейін төрт, бес сағат өтпей тамақтанба, шипа
оның қорытылуында, яғни қорыта алатын мөлшерде же, жанға және асқазанға
ең ауыр әрі қатты шаршататын нәрсе тамақ үстіне тамақ жеу деген.
Ислам шарттарының бірі Рамазан Оразасы сөздікте жуу,тазарту, мағналар
береді.Ораза біздің Физиологиялық және Психологиялық яғни жан және тән
тазалығына ерекше әсер еттетіні шындық.Ораза дегеніміз Аллаһтың әмірімен
белгілі уақытта Аллаһтың ризасы үшін өзімізді ішіп жеуден тыю, яғни
өзіміздің биологиялық қажеттіліктерімізден ерікті түрде бас тарту.
Ораза негізінен материалдық және рухани сақтандырушы сондай-ақ
медициналық тұрғыдан қарағанда диета.Тағам заттарының және тамақпен
бірге ас-қазанымыз қабылдаған әр-түрлі тағамдардың күш-қуат энергия қимыл
қозғалысқа айналуы жас клета өндіруі оңай шаруа емес.
Сонымен қатар адам ішіп жеу де қалай болса солай адал арам демей әр
нәрсені ауызына сала беру,бұл жағдай денеге артық салмақ салып оны тез
шаршататындықтан түрлі ас пен тамаққа әуес адамдардың өмір жасы белгілі
дәрежеде қысқа болуына себеб.Жалпы әр мүшенің шектеулі белгілі бір мерзімге
дейін өмір сүру қабылеті бар.Сондықтан ішкі мүшелерімізді де өз мөлшерінен
көп нәрсеге қинау оның өзіндік жұмысын қиындатып тез қартайуына жол
ашады.Сол себебті аз тамақтанған адамдар да жастығы мен тың кезі өмір
бойы сақталғандай әсер де болады.
Ораза осы тұрғыдан денсаулығымызға да психологиямызға да өте
пайдалы.Оған қоса оразаның қарсы дененің иммунитетін күшейтетін қасиеті де
бар.Бүгінігі таңда медицина саласында Ораз мен диетаның қаншалықты маңызды
екені баршамызға белгілі.Өйткені барлық дәрігерлердің қай-қайсысы болмасын
не жеп не жемеу керектігін ескертеді.
Былайша айтсақ қазіргі таңда аурудың психологиясы мен ауруда, және
тағам арасында қаншалықты үлкен байланыс бар екенін ұғынуда.жалпы аурудың
астан, және ас адамның арқауы екені дәлелденуде.Ораза және тамақтану:
Жалпы аурудың 50% ас қазан бұзылуы тудырады.Біздің зат алмасуымыз үшін
қышқыл мен тұз тепе-теңдігі қажет, болғанымен біз күнделікті өмірде
қадағалап жатпастан бәрі-бір өз қалауымызша тамақтанамыз осының салдарынан
туындайтын денедегі ауыртпалықты жылына бір ай күндізгі уақыттарда
тоқтатуға ораза сеп.Бұл Ораза негізнен адамның ішкі мүшелеріне жиналатын
майларды ерітіп метобализмды жандандырады.Бүйрек бауыр, қуық, сусамыр,
жүрек пен тамыр ауруларына қарсы төзімділікті артырады.
Сонымен қатар Оразаның пайдаларын. Алекс Каррел былай дейді: “Тамақ
ішпеу әуелі,аштықты ұғындырады.Кейде жүйкені бұзады,соңында әлсіздік
сезімін оятады алайда, ең маңыздысы бауырдағы шекерлерді,тері астындағы
май қыртыстарын бұлшық ет, без, көк бауыр жасушаларындағы протейндердің
қимылын артырады.барлық мүшелер өз құрамы мен жүрек бір тұтастығын қорғау
үшін жанын салады міне осылайша ораза ткандарымызды тазалап өзгертіп
отырады.”-дейді Ораза және Психология
Өмірлік маңызы бар емтихан сынақтарды тапсырмақ болған оқушы,
студенттерге жасалған тәжірибелерде толқу,тебіреніс,уайым, қорқыныш,пен
үрейді басып жүйке мен ойды жақсартуда оразаның анағұрлым оң ықпал
ететіндігі байқалған.Мұнда беттің,қызарып көздің қанталауы, дірілдеп тіл
тұтығуының себебі аяқ асты пайда болған горманалды және ішкі сұйықтық
бездер мен соған қатысты мүшелердің қызыметінің бұзылатындығын көрсеткен.
Медициналық зерттеулерде қанның адреналин гормондарын көтеруі, қант
диабетіне шалдықтыратынын дәлелдеген.Жылдам немесе баяу ,қатты әлде жеңіл
болуына байланысты толқу мен қорқу адамға түрліше қант диабетін
тудырады.Қорқынышқа тап болған адамның зәрінде міндетті түрде глюкоза
шекері кездеседі.Осындай жағдайларға жиі тап болатын адамдарға
психологтардың берер кеңесі көбіне көп аш жүру,яғни ораза ұстау.Өйткені аш
құрсақтық немесе Оразада болу ауыр істерде, естен танған жағдайларда қандай
бір үрей мен қысымға тап болғанда жүйкенің шыдамдылық қабылетін артырады.
Адамның талпынысы мен күш қайратын шыңдайды, горманалды сұйықтықтарды
ретке келтіріледі және рухани дағдарысқа жол бермейдi. Ой-пiкiрдi
кеңейтiп, сананы серпiлтедi. Бұған қоса Оразаның қорқу мен жүйке жұқаруынан
пайда болатын психологиялық ауруларға да емдiк қасиетi бар.
Ораза – рухани қалқан. Адамдағы терiс пиғыл яғни нәпсiқұмарлық
сезiмiнiң қозуы, жыныстық гормондардың әсер күшiмен олардың мөлшерiне
байланысты.
Ол гормондар жыныстық мүшеге тiкелей қатысты. Бұл қандағы жыныстық
гормондар деңгейiнiң артуының нәтижесi. Қандағы мұндай арту көрсеткiшi көп
тамақ жеуге деген әуестiктi көрсетедi. Ораза яғни ашқұрсақтық осы
гормондардың қандағы мөлшерiн азайтады. Сондықтан ораза ұстаған күндерi
байқалынатын нәпсiнiң тыным табуы қандағы гормонның азайуынан осы
нәпсiқұмарлық шәһуаттық сезiмдер басылған тұста, адамның ақыл-парасатын
асқақтататын адамгершiлiк сезiмдер ояна бастайды.
Оразаның құмарлық сезiмдi басатытын Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай
деген:- “Үйленуге шамасы келетiн жастар дереу үйленсiн, үйлене алмайтындар
ораза ұстасын. Өйткенi ораза – нәпсiнi қорғаушы қалқаны”- деген.
Зеректiк пен ой қабiлет тұрғысынан оразаның пайдасы: Бiздiң миымыз ең
бiр таңқаларлық мүшемiз. Мида ең көп ткандар мен жасушалар, тұтастай дене
жүйкелерiмен байланысқан.Ми жасушалары басқаларға қарағанда өте көп жұмыс
атқаратындықтан мидың қанға деген зәрулiгi өте үлкен. Жүректен шыққан қан
20м. секунда миға жетедi.
Көлемi тұтастай кiшкене болғанымен, қанға тойымсыз. Денедегi қанның
төрттен бiрi миға барады.Жанды тiршiлiк иелерiнен ақыл, сана, ойлау тек
бiзге тән болғандықтан өзге жаратылыстарға қарағанда мидың құрылысы да
өзгешелеу.
Сондықтан бiздiң зеректiгiмiз, ойлауымыз, есте сақтауымыз өз кезегiнде
миға келетiн қанның мөлшерiне де байланысты. Яғни миға баратын қан мөлшерi
қаншалықты көп болса, оның белсендiлiгi де соншалықты арта түседi. Қан аз
барға жағдайда мидың жұмыс iстеу қабiлетi азая түседi. Егер тойып тамақ
жеп, асқазанда тамақ толып тұрса, оны қорыту үшiн қанның көп мөлшерi
асқазанға кетедi де, миға баратын қан мөлшерi азая бередi.
Ал, миға қанның аз баруы өз кезегiнде мидың жұмыс iстеу қабiлетiн
төмендетедi. Осылай ми жасушаларының салғырт жұмыс iстеуi денеге әсер етпей
қоймайды.Сол себептi тойып жеген тамақтан кейiн мидың ойлау, жұмыс iстеу
қабiлетiнiң төмендеуi жалқаулыққа жол берiп, дененiң ауыр тартуы көзге ұйқы
тығылуы байқалады. Осы тұрғыдан алғанда оразаның ми жасушаларына деген
әсерi көп. Өйткенi оразада яғни аш құрсақтықта миға көп мөлшерде қан
барады. Бұл мидың қимыл-қозғалысымен жұмыс iстеу қабiлетiн еселей түседi.
Сондықтан қиын әрi комплекстi проблемаларды шешуде, ойлау күш қуатын қажет
ететiн жағдайларда, қиын сынақ кездерiнде ауыз бекiтiп, ораза ұстаған көп
пайдалы.Мiне байқағанымыздай Абай атамыздың сөзiмен айтсақ,
қарыны тоқтық,
жұмысы жоқтық,
аздырар адам баласын:- деп бекер айтпаған.
Ораза және қоғам өмiрi
Қоғамдағы өмiрге көз жiберсек, адамдардың көбi материалдық
мүмкiндiктерiне қарай әртүрлi өмiр сүретiндiктерiн көремiз. Ораза елдегi
дәулеттi адам мен жоқ жiтiк арасында, эмпатия тудырады. Егер ораза ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz