Жерді бонитеттеу және оны бағалау



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

І . ТАРАУ. ЖЕР КАДАСТРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИППАТАМАСЫ ... ... ... 5
1.1 Жер кадастрының теориялық негіздері 5
1.2 Жер учаскесіне құқықты мемлекеттік тіркеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Жерді есепке алудың міндеті және сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.4 Жердің сапасын есепке алу 11

ІІ . ТАРАУ. ЖЕРДІ БОНИТЕТТЕУ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ... ... ... ... .. 16
2.1 Топырақты бонитеттеу 16
2.2 Жердің кадастрлық бағасы 19
2.3 Жерді кадастрлық бағалау әдісі 21
2.4 Жерді бағалау үшін базистік көрсеткіштерді есептеу және бағалау шкаласын құру, жер пайдалануды бағалау 23
2.5 Жер кадастрын жүргізу тәртібі 27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

h1
h2h3
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

І - ТАРАУ. ЖЕР КАДАСТРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИППАТАМАСЫ ... ... ... 5
1.1 Жер кадастрының теориялық негіздері 5
1.2 Жер учаскесіне құқықты мемлекеттік тіркеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Жерді есепке алудың міндеті және сипаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.4 Жердің сапасын есепке алу 11

ІІ - ТАРАУ. ЖЕРДІ БОНИТЕТТЕУ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ... ... ... ... .. 16
2.1 Топырақты бонитеттеу 16
2.2 Жердің кадастрлық бағасы 19
2.3 Жерді кадастрлық бағалау әдісі 21
2.4 Жерді бағалау үшін базистік көрсеткіштерді есептеу және бағалау
шкаласын құру, жер пайдалануды бағалау 23
2.5 Жер кадастрын жүргізу тәртібі 27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 33
КІРІСПЕ

Әр мемлекеттің тағдырында негізгі рольды жер ойнайды, ол өзінің пайда
болу және қызмет көрсету мүмкіндігін анықтайтын фактор болып табылады.
Эффектілікте көтеру және мемлекеттік басқару сапасы, т.с.с. ұлттық
ресурстар біріккен ақпараттық жүйемен бірге ортамемлекеттік басқару жүйесін
құру, Қазақстан-2030 стратегиясының ұзақмерзімді приоритеті болып
табылады.
Қазақстандықтардың көңілін алатын сұрақ-жер туралы сұрақ. Онымен
елдің салт-дәстүрлері және адам тағдырлары байланысқан, олардың келешек
ұрпақ алдында жауапкершілігі,- ҚР-ның Президентінің Н.А.Назарбаев өз
үндеуінде ерекшелеп айтты.
Елде өткізіліп жатқан реформалар нәтижесінде қоғамдық-экономикалық
формацияның ауысу процесі, жаңа жер сабы және оған қатысты жер
қатынастарының құрылуы жүріп жатыр. Цивилизациялы жер қатынастарын құру
және жылжымайтын мүлікті басқару жүйелері-нарықтық экономиканың негізгі
құралы, бүкіл дамыған елдердің кілттік мәселелерінің бірі болып табылады.
Бұл мәселені жүзеге асыру негізі, мемлекеттік жер кадастрын құру жеке
жүргізу, оның жердік-ақпараттық жүйелерін автоматизациялау болып табылады.
Формациялардың ауысуы жер кадастрының мақсатты бағытталуының
объективті қажеттілігінің өзгеруін шарттайды. Бұл жер өз қызметтерін сақтай
отырып, негізгі құрал ретінде кеңістіктік базистің өндірісі және негізгі
табиғи ресурс, жылжымайтын мүлікке айналады. Осыған байланысты әр жер
участогы заң түрінде жылжымалы мүлік статусын алып және заңды, жеке
тұлғалардың мүлігінің құрамына енуі тиіс. Осымен қатар, жерді қолдану
жолдары өзгереді-ақылы жерді қолдану енгізіледі, бұл жерде өту механизмінің
жерді кадастрлы бағалау негізінде өңдеу қажеттілігі туады. Жер ресурстарын
рационалды және эффектілі қолдану-мемлекеттік маңыздылығы бар мәселе. Бұл
сұрақтың шешімі 2003жылы 1-шілдеден бастап Қазақстан Республикасының 149
бабымен қарастырылған, яғни жер кадастрын, оның толық көлемімен жүргізу
қажеттілігін тудырады. Мемлекеттік жер кадастры ҚР-ның жерінің табиғи және
шаруашылық жағдайлары туралы мәліметтер жүйесін көрсетеді, орналасқан жері,
мақсатты қолданылуы, көлемі және жер учаскелерінің шекаралары, олардың
сапалы мінездемесі, жерді қолдану және жер учаскелерінің бағалануы туралы
есеп. Жер кадастры Қазақстан Республикасының 2003ж. қарастырылған
Мемлекеттік жер кадастрының жүргізу туралы тәртібін Министрлер
Кабинетінің қаулысы енгізілді.
Бұл жұмыста жер кадастрын нормативті-құқықтық негізін реттеуі
қарастырылды, елде жүргізіліп жатқан жер реформаларының бөлінбес
құрастырушысы ретінде.
Мемлекеттік жер кадастрының өзіндік ерекшелігі және жерге
орналастырушылық құқықтық реттеу заты сияқты жер ресурстарын басқаруда
тәуелсіз құқықтық институттың пайда болуын және дамуын шарттайды.
Жер реформаларының басталуымен нарықтық өзгеріс рамкаларында жерге
орналасу және мемлекеттік жер кадастрының принципті жаңа көптеген
қатынастарын

h4 І - ТАРАУ. ЖЕР КАДАСТРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИППАТАМАСЫ

1. Жер кадастрының теориялық негіздері

Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және
шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдалануы,
мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың
есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің
өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. Мемлекеттік жер
кадастрына жер учаскелеріне құқықты субьектілер туралы ақпарат та
енгізіледі.
Жер кадастрының құрамдас бөлігі суармалы жер учаскелерінің
мелиорациялық жай-қүйі, олардың табиғи және ирригациялық-шаруашылық
жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау туралы, оларды
пайдаланудың есебі туралы мәліметтер жүйесін құрайтын суармалы жерлердің
мелиорациялық кадастры болып табылады.h4
Қазақстан Республикасының жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды жер
ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен оның аумақтық
органдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасының мемлекеттік
кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және жер ресурстарын
басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өздеріне қатысты алғанда
мемлекеттік басқару органы болып табылатын, мамандандырылған республикалық
мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай
жүйе бойынша жүргізеді.
Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері мемлекеттік ақпараттық ресурс
болып табылады.
Мемлекеттік жер кадастры аэрофототопографиялық, фотограмметриялық,
кадастрлық суретке түсіруді, жобалау-іздестіру, картографиялық және бағалау
жұмыстарын, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеулер мен
іздестірулер, жер мониторингін, жерді мөлшерлік және сапалық есепке алу
және мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге байланысты басқа да жұмыстар
атқару арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік жер кадастрының деректерін есепке алу мен оларды сақтау
бірлігі тұйық шекарада бөліп шығарылған, белгіленген тәртіппен жер құқығы
қатынастарын субьектілеріне бекітілген жер учаскелерінің нысаналы мақсатына
және оларды пайдаланудың рұқсат етілген сипатына қарамастан, Қазақстан
Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелері мемлекеттік кадастрлық
есепке алу жатады.

h41.2 Жер учаскесіне құқықты мемлекеттік тіркеу

Меншіктің жалпы түсінігі. Жерге меншік құқығының түрлері. Жер
учаскесіне жер пайдалану және меншік құқығын тіркеу мазмұны және міндет
атқаруы. Тіркеуге алынатын құжаттар мінездемесі. Жер беру сипаты мен
мерзімі бойынша жерді пайдаланудың түрлері. Жер-тіркеу процесінің
жүйелілігі және мазмұны. Жер учаскесі мен онымен байланысты жылжымайтын
обьектілердің бірыңғай мемлекеттік реестрі мазмұны және жүргізу тәртібі.
Жер учаскесіне құқықты тіркеуді автоматтандыру.
Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу жер кадастрының құрамды бөлігі
болып, тиісті мемлекеттік құжаттарға жазуларды енгізу мен нақты жер
учаскесіне меншік және пайдалану құқығын рәсімдеудің заңды шаралары ретінде
қаралады. Қазақстан жағдайында ол мемлекеттік сипатқа ие.h4
Ол жерге мемлекеттік және жеке меншік құқығы мен жер учаскесін
пайдалану құқығын бекіту және қорғауға бағытталған. Жер тіркеу деректері
заңды күшке ие. Оның міндетіне жердің құқықтық және шаруашылық жағдайы
туралы мәліметтерді жинау, жүйелі сақтау және жаңалау кіреді.
Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу алдында заңды рәсімдеулер:
жергілікті жерде учаскелердің белгіленген шекарасын бекіту, жер учаскелері
ауданын анықтау және тиісті жоспарларды құру жүргізіледі. Бұл жұмыстар
шаруашылық аралық жерге орналастыру тәртібімен орындалады. Жер пайдалану
мен жер иеленуді тіркеу жерді есепке алумен тығыз байланысты жүгізіледі.
Жер учаскелерін тіркеу негізгі (алғашқы) және күнделікті (кезекті)
болып бөлінеді.
Жер тіркеу құжаттарына тиісті мәліметтерді енгізу және жүйелеу, жаңа
жер учаскелерін (жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар) рәсімдеу бойынша
жұмыстарды алғашқы тіркеу барысында жүргізеді. Оны жүгізу процесінде жер
учаскесі туралы алғашқы жазулар енгізіледі.
Жердің құқықтық жағдайына анықтаулар талап етілгенде, жер пайдалану
құрамында және көлемінде заңды өзгерістер болғанда ғана жердің шаруашылық
пайдалануында кезектегі процестер жүргізіледі. Сонымен мемлекеттік қажет
үшін жерді алу нәтижесінде пайдаланатын жердің жалпы ауданы өзгеруі мүмкін.

Жер пайдаланудағы барлық болып жатқан заңды өзгерістерді рәсімдеу
бойынша жұмыстар мен алғашқы тіркеу мәліметтері және құжаттарындағы тиісті
анықтауларды енгізу пайдаланатын жерді күнделікті тіркеу ретімен жүзеге
асырылады.
Бұндай жағдай дәрежесінде жер тіркеу мәліметтерін қолдау қамтамасыз
етіледі.
Республикада жер учаскелерін мемлекеттік тіркеу белгілі жүйеде
қалыптасады және мемлекеттік есепке алумен тығыз байланысты жүзеге
асырылады. Бәрінен бұрын тіркеу мәліметтері әрбір жер учаскесі жерінің
сапасы мен санын есепке алу барысындағы деректер сапасында қабылданады.
Жалпы ауданды қайта бөлістіргенде, тіркеу барысында көрсетілген, жерді
есепке алу барысында анықталған алаптар аудандармен үйлестіріледі. Бір
жағынан, территория бойынша жер-есепке алу мәліметтері әлі қалыптасқан жер
учаскесі, жер пайдалануды тіркеу жұмыстарын жүргізу барысында қолданылады.
Тіркеу бірлігі мен жер учаскесінің белгілі бір шамасын қамтамасыз ету
және құжаттар тұтастығы болады. Ауданда (қалада) жерді есепке алудың
негізгі құжаты мемлекеттік жер кадастры кітабы болып табылады. Жерді есепке
алудан жер учаскелерін тіркеудің айырмашылығы, бірыңғай мемлекеттік жер
қорының барлығын емес, тек оның пайдалану мен иеленуге берілген
территориясы қамтылады. Бос жатқан мемлекеттік босалқы жерлерде тіркеу
жүргізілмейді.
Жерді тіркеу мәліметтері топырақты бонитеттеуде (сапасын айыру) және
жерді экономикалық бағалауда пайдаланылады.

h41.3 Жерді есепке алудың міндеті және сипаты

Жерді есепке алудың түсінігі. Есепке алудың объект, бірлік, қайнар көз
мәліметтері. Жерді есепке алудың міндеті және оның экономикадағы ролі.
Ауданның жылдық жер есебін алқаптар, жер санаттары және меншік иелері мен
жер пайдаланушылар бойынша жүргізу тәртібі мен түсінігі. Жер алқаптарын
топтастыру, олардың сипаттамасы. Жерді есепке алудың түрлері мен тәсілдері.
Алқаптар бойынша жердің санын есепке алу. Жер учаскелерін және онда
орналасқан жылжымайтын мүлікті тіркеу мақсатында есепке алу меншік құқығын
және басқа да құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке ауыртпалықты
мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ететін қажетті шарт болып табылады. h4
Жер учаскелерін тіркеу мақсаты үшін есепке алу жұмыстарын жүргізу
тапсырыс берушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жер есебі жер кадастрының құрамды бөлігі ретінде, халық шаруашылығы
есебінің бір түрі болып саналады.
Оны жүргізу әдістерінің өзгешелігі жердің өндіріс құралы және
жылжымайтын мүлік обьектісі ерекшелігіне байланысты жер учаскесін сапалы
сипаттау және бейнелеу үшін заттық (натуралды) өлшеуіштер қолданылады.
Есепке алу, Республиканың жер қорын тиімді пайдалану мен қорғау үшін
қажетті пайдаланатын жердің мөлшері, сапасы мен шаруашылығы туралы
мәліметтерді алуға, өңдеуге, талдауға және сақтауға бағытталған.
Мемлекеттік жер есебі белгілі жүйе болып, оған жердің сандық және сапалық
есебі кіреді.
Жер учаскесіне жерді сапалы сипаттау және сандық бейнелеу үшін заттық
(натуралды) өлшеуіштер қолданылады. Есепке алу, Республиканың жер қорын
тиімді пайдалану мен қорғау үшін қажеті пайдаланатын жердің мөлшері, сапасы
мен шаруашылығы туралы мәліметтерді алуға, өңдеуге, талдауға және сақтауға
бағытталған.
Жалпы мемлекеттік мәселелерді шешу барысында жер есебі мемлекеттік шара
болып есептелінеді. Сол үшін, оны жүргізудің міндетін, мазмұнын және
тәртібін мемлекет анықтайды. Ол жерді есепке алу ақпараттарының мазмұны мен
оны алу тәсілдерін, есепке алу және есеп беру құжаттары мазмұнын, есеп беру
мерзімін, есеп жүргізетін органдар мен тұлғаларды, жер есебін жүргізуге
бақылау тәртібін анықтайды.
Жер есебі сапасы жақсы жоспарлы-картографиялық материалдары негізінде
жердің нақты жағдайы мен пайдалануы бойынша жүргізіледі. Жер есебіне барлық
жер қоры әкімшілік-территориялық бірлікке бөлінген, жер санаттары мен жерді
пайдаланушылар, жер пайдалану мен алаптар жатады. Алаптардың сапасы топырақ
қабаты, топырақтың құнарлы заттармен қамтамасыз етілгендігі, жер бедері,
жер оты құрамы қалындығы, мелиоративтік жағдайы және т.б. бойынша
анықталады. Жер есебі бірыңғай әдіс бойынша, яғни жер санаттары мен бөлек
аймақтар мәліметтерін салыстыруды қамтамасыз етіп жүргізіледі. Бұл мақсатта
жер есебі ақпараттарын алудың, өңдеудің және топтастырудың бірыңғай жүйесі,
бірыңғай жер кластары мен алаптар қолданылады.
Жерді есепке алу жұмыстары өз міндетіне, мазмұнына және ерекшеліктеріне
байланысты жалпы кадастрда негізгі (алғашқы) және күнделікті (келесі) болып
бөлінеді. Бұл есепке алу түрлері бір-бірімен өзара байланысты және жерді
есепке алудың бірыңғай процесінің белгілі бір кезеңін білдіреді.
Негізгі есеп алу міндеті:
1. Есептелінетін территорияның барлық жоспарлы материалдарын алуды
жүйелеу және талдау жасау.
2. Жоспарлы материалдар мен жер-есебі мәліметтерінің қажеті алғашқы
деректерін алу мақсатымен тексеру және түсіріс бойынша тиісті
далалық жұмыстарды жүргізу.
3. Барлық есептелінетін территорияның пайдаланатын және қайта
бөлістірілетін жердің сапалық жағдайын, өлшемін анықтау.
4. Арнайы жер-есептік жоспарлы материалдарды дайындау және жер-есептік
текстік құжаттарға алғашқы жазуларды енгізу.
5. Жер қорына жер санаттары, жер пайдаланушылар, алаптар бойынша
бөлістірілуін, құрамын анықтау және оларға әкімшілік бірліктер
(аудандар, облыстар) бойынша сапалық сипаттама беру.
Қазіргі кезде (уақытша) республикамызда есепке алынатын аудан және
облыстық жер учаскесінің компьютерге енгізілген электрондық карталары бар.
Жер учаскесінің есептелінетін квартал, аудан және облыстық электрондық
карталарды компьютерден алу жолымен графикалық тәсілін қолдану, тек есепке
алудың дәлдігін жоғарылатып қоймай, бастапқы (алғашқы) күнделікті есепке
алудағы өзгерістерді енгізу процесін автоматтандыруға және картографиялық
есепке алу материалдарын беруге мүмкіндік береді. Графикалық тәсіл,
анықталатын жердің кеңістік жағдайы, олардың құрамы мен пайдалануынан
көрініс беруді қамтиды. Текстік және графикалық тәсілдердің өзара белгілі
(айқын) байланысы бар.
Мәліметтерді анықтауда графикалық тәсіл дәл болған сайын, текстік
құжаттарда қамтылатын мәліметтер де соншама дәл болады. Көрсетілген
тәсілдер, бір-бірін толықтырып, жерді есепке алу барысында, оған жан-жақты
сипаттама беруге мумкіндік береді.

41.4 Жердің сапасын есепке алу

Жердің сапасын есепке алудың маңыздылығы. Жер учаскесінің алқаптар
түрлері мен топырақ түрлері бойынша сапалық жағдайы.
Жер сапасын топтастыру. Құнарлығы төмен механикалық құрам және құнарын
азайтатын белгі бойынша жер сапасын есепке алу. Жайылымдар мен
шабындықтардың мәдени-техникалық жағдайын есепке алу. Егістік жердегі
топырақтың агроөндірістік сипаттамасы. Жер сапасының сатысын есепке алу
және жер-кадастр құжаттарында оларды белгілеу. Жер учаскесінің паспорты.
Жерді есепке алу жұмыстары өз міндетіне, мазмұнына және
ерекшеліктеріне байланысты жалпы кадастрда негізгі және күнделікті болып
бөлінеді. Бұл есепке алу түрлері бір-бірімен өзара байланысты және жерді
есепке алудың бірыңғай процесінің белгілі бір кезеңін білдіреді.
Негізгі есеп алу міндеті:h4
1.Есептелінетін территорияның барлық жоспарлы материалдарын алу жүйелеу
және талдау жасау.
2.Жоспарлы материалдар мен жер–есебі мәліметтерінің қажетті алғашқы
деректерін алу мақсатымен тексеру және түсіріс бойынша тиісті далалық
жұмыстарды жүргізу.
3.Барлық есептелінетін территорияның пайдаланылатын және қайта
бөлістірілетін жердің сапалық жағдайын, өлшемін анықтау.
4.Арнайы жер-есептік жоспарлы материалдарды дайындау және жер-есептік
текстік құжаттарға алғашқы жазуларды енгізу.
5.Жер қорына жер категориялары, жер пайдаланушылар, алаптар бойынша
бөлістірілуін, құрамын анықтау және оларға әкімшілік бірліктер
(аудандар,облыстар) бойынша сапалық сипаттама беру.
Жердің санын есепке алу барысында тек жер қоры санаттары жалпы ауданын
анықтап қоймай, сонымен бірге жер алқаптарының түрлері мен түр тармақтары
бойынша жер сапасы мен аудандары туралы мағлұматтар алады. Жерді есепке
алу, жер алқаптарының нақты өлшемдері мен жағдайлары бойынша жүргізіледі.
Сонмен, алқаптар бойынша белгілі бір жер классификациясы қолданылады. Онда
ауылшаруашылық алқаптар егістік, көпжылдық екпе ағаштар, тыңайған шабындық,
жайылым түрлері және түр тармақтары бойынша көбірек егжей-тегжейлі
анықталады.
Ауыл шаруашылық алқаптар дегеніміз - ауылшаруашылық өнімдерін өндіру
үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жер алаптары. Ауыл шаруашылық алқаптарына:
егістік жерлер, көпжылдық екпе ағаштары, тыңайған жерлер, шабындық және
жайылымдар жатады.
Егістік жерлерге - ауыл шаруашылық дақылдар егіліп, жүйелі түрде
өңделетін және пайдаланылатын таза жатқан жерлер жатады.
Тыңайған жерге - бұрыннан егістікке пайдаланып келген және бір жылдан
көбірек, күзден күзге дейін ауылшаруашылық дақылдарын егу үшін
пайдаланылмаған және сүдігерге дайындалмаған жерлер кіреді.
Тыңайған жер - таза, эрозияға ұшыраған, тұздалған, сортаңданған,
батпақтанған, бұталанған, орман аралас, тастақты, төмпешікті болып
бөлінеді.
Көпжылдық екпе ағаштарына жеміс-жидек өнімдерін, техникалық немесе
дәрілік өнімдер алуға арналған, жасанды құрылған ағашты-бұталы көшеттер,
иеленген жерлер жатады. Бұлардың құрамына бақ, жүзімдік, жидектік, жемісті
питомник плантация жатады.
Шабындыққа - пішен шабу үшін жүйелі түрде пайдаланатын, көп жылдық
шөптесін өсімдіктер жамылған жерлер жатады. Олар: суармалы, құрғақ және
батпақты болып бөлінеді.
Суармалы деп - өсімдіктердің өзгеруіне әсерін тигізетін, белгілі бір
мерзімде сумен суарылатын, өзен, көл жайылымдарында немесе ойпат жерлерде
орналасқан шабындықтарды айтамыз.
Құрғақты - бұл негізінен атмосфералық жауын-шашынмен ылғалданатын,
жыралар мен сайлардың жазықтығында, баурайларында және су айрықтарының
жоғарғы элементтерінде орналасқан шабындықтар.
Батпақтыға - артық сулану жағдайларындағы нашар құрғатылатын
тегістелген жолақтық территорияларда немесе батпақ шетіндегі жер бедерінің
төменгі элементтерінде орналасқан шабындықтар жатады. Шабындықтың түрі мен
жағдайын анықтау барысында ескерілетін маңызды көрсеткіштердің бірі -
ондағы өсімдіктердің өсіп-жетілуінің сапасы мен өзгешелігі болады.
Шабындықтың құрамы: мәдени, түбегейлі жақсартылған, таза, томарланған және
орман аралас (сырты), зиянды ластанған (қоқым басқан), желінбейтін
(непоедаемыми) және улы өсімдікті болып бөлінеді.
Мәдени шабындыққа - жүйелі түрде тынайтқыш берілетін және күтім
жасалатын, жақсы жер оты құрылған, түпкілікті немесе жер беті жақсартуы
жүргізілетін шабындық жатады.
Түпкілікті жақсартылған шабындық-бұл мерзіммен жаңартылып тұратын,
жаңа жер оты құрылған, түпкілікті жақсару бойынша шаралар кешені жүргізілуі
нәтижесінде пайда болатын шабындық учаскелері (көбірек пішен орып алу
мақсатында түпкілікті жақсартылған шабындық). Олар: көпжылдық шөптерді таза
түрінде егу бір жылда жүргізілген немесе келесі жылы бұрын егілген
дақылдардан кейін егілетін болып бөлінеді.
Таза шабындыққа - бұта, түбір, ағаш және тас сияқтылар жоқтың қасы,
оларға учаске ауданының 10% аз бөлігін жабатын учаскелер жатады.
Томарланған, бұталанған және орман аралас шабындықтар күшті және
күшсіз болып бөлінеді. Егер оның ауданын 10%-дан 20%-ға дейін, ал томарлар
20%-дан көп жапқан болса күшті томарланған деп айтылады. Күшсіз бұталанған
немесе әлсіз орман аралас шабындықтарға учаске ауданының 10%-ден 30%-ға
дейін бұталар немесе ағаш өсімдіктері жапқан, ал күшті бұталанған немесе
күшті орман араласқанда - ауданның 30%-дан 70%-ға дейін аумағын алып
жатады.
Жайылымға - мал жайылымы үшін жарамды және жүйелі түрде пайдаланылатын
көп жылдық жер оты өсімдіктері жамылған жерлер кірмейді. Жайылым да
шабындық сияқты суармалы, құрғақ және батпақты болып бөлінеді. Жайылымдар:
түбегейлі жақсартылған жайылым, мәдени жайылым, отарлық жайылым,
суландырылған жайылым болып бөлінеді.
Түбегейлі жақсартылған жайылым - шаруа малдары жайылатын жер оттарын
көбейту мақсатында шөп тұқымдары себілген және сексеуіл мен бұталар пайда
болған жер учаскелері.
Мәдени жайылым - түпкілікті немесе жер беті жақсартылған, жүйелі түрде
тыңайтқыш берілетін, жер отының өсуі жақсарған және уақытымен жайылымға мал
айдайтын жайылымдар.
Орман аудандарына жататын жерлерге орманмен жабылған, егіс қорғайтын,
су реттейтын, жыра-батпақ маңындағы орман жолақтары, жыралар мен сайлар
бойындағы көшеттер, өзен бойындағы, суаттар, құмдар, қолайсыз жерлердегі
орман саябақтары, орман питомниктері және кесіліп қалған ағаштар, ағаш
кесетін жерлер мен қураған, күйген көшеттер, алаңдар (тоғай арасындағы ашық
жер).
Орман белдеулеріне ауылшаруашылық алқаптарын эрозиядан, құрғақтану,
желден қорғау мақсатымен және құрғату немесе суару тармақтарын қорғау үшін
құрылған белдеу түріндегі орман көшеттері жатады.
Батпақтар - жер асты суларының көтерілуі және атмосфералық жауын-шашын
нәтижесіне жер бетінің үстіңгі қабатының ылғалданып, суланып, шіріп кеткен,
шымтезек түріндегі жерлерді батпақтар деп атайды. Олар өсімдігіне, су
режиміне және шымтезек қатпары түріне байланысты ойпатты, төбелі және
өтпелі болып бөлінеді.
Су асты жерлеріне жалпы су астындағы және өзендер мен жылғалар,
көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа да жасанды суаттар астындағы,
каналдар, коллекторлар мен арықтар астындағы бөлек аудандар жатады.
Мал айдайтын жолдар, құрылыстар мен аулалар, көшелер мен аландар,
құмдар, жарлар, мұздықтар, иеленген жерлер бөлек есептелінеді. Пайдалы
қазбалары өндіру барысында бұзылған селдер, шөгінділер, ұсақ малта тастар,
қиыршық тастар, саз балшықтар, ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын басқа
иеленген жерлер де есепке алынады.
Суарылатын және құрғатылатын жерлер маңызды шаруашылықтық бағалы
алқаптарға жатады. Бәрінен бұрын суарылатын жүйедегі жалпы аудандар есепке
алынады.
Мемлекеттік жер кадастрының деректерін есепке алу мен оларды сақтау
бірлігі тұйық шекарада бөліп шығарылған, белгіленген тәртіппен жер құқығы
қатынастарын субъектілеріне бекітілген жер учаскелерінің нысаналы мақсатына
және оларды пайдаланудың рұқсат етілген сипатына қарамастан, Қазақстан
Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелері мемлекеттік кадастрлық
есепке алу жатады.

ІІ - ТАРАУ. ЖЕРДІ БОНИТЕТТЕУ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ

2.1 Топырақты бонитеттеу

Жер өндірістің басты құрамы. Құнарлықтың түсінігі және мәні. Топырақ
бонитировкасы түсінігі және Қазақстан Республикасында жүргізудегі
тәжірибесі. Құнарлық деңгейін өлшеу, оны бағалаудың принциптері. Топырақты
бағалауда, академик В.В. Докучаевтың әдістемесі. Қазақстан Республикасында
топырақты бағалаудың ерекшеліктері. Жер бағасы жүйесіндегі топырақ
бағалаудың ролі бағалау жұмысын жүргізуде далада топырақ құрылымы,
қалыңдығы, бедер, өсімдіктер зерттеліп, топырақ түрлері топырақтары
анықталып, карталарда және жергілікті жерлерде олардың шекаралары
белгіленеді, жиналған мәліметтер лабораторияда өңделеді.h4
Бонитет латын тілінен аударғанда "сапалық" дегенді білдіреді.
Топырақтың бонитеті - оның сапасының көрсеткіші. Әдетте бонитеттеуді бір
белгілі мақсаттар және талаптар үшін топырақтарды топтастыру мен бағалау
деп түсінеді. Көбінесе бонитеттеу негізіне топырақтардың табиғи нышандары
және теориясының дамуына профессор В. В. Докучаев көп үлесін қосты. Бұл
ғалымның ойлап тапқан табиғи тарихы жерді бағалау әдісі 1882-1987 ж.ж.
Нижегород губерниясында жүргізілген бағалау жұмыстарында іс жүзінде
қолданылған. Ол топырақтарды бағалауда ең алдымен топырақты табиғи дене
ретінде бағалады. Мұнда адам қатынасы және уақыт жағдайлары ескерілмеді.
Сол үшін топырақ құрамын зерттеп, оның физикалық қасиеттерін топырақ
астындағы қабаттармен байланысын біліп алып, топырақтардың салыстырмалы
құндылығын анықтауды ұсынған.
Бұл теориялық жайларды оның шәкірті Н. М. Сибирцев және басқа ғалымдар
әрі қарай дамытты. Олардың негізгі мәні:
1. Топырақта жетіспейтін заттарды тыңайтқыштар түрінде толықтырып,
оның сапасын жоғарылату;
2. Өсімдіктердің нашар жетілуі топырақтағы зиянды заттардың
мөлшеріне тәуелді;
3. Қажетті заттар көп болса, топырақ сапасы жоғары;
4. Топырақтың физикалық қасиеттері оптималдық жайына жақындаған
сайын, оның сапасы жоғары болады және т.б.
Техникалық тұрғыдан:
1. Топырақтарды табиғи топтастыру;
2. Олардың геологиялық қасиеттерін анықтау (қалыңдық, қарашірік
мөлшері, топырақ асты сипаты);
3. Химиялық құрамын анықтау;
4. Топырақтың физикалық қасиеттерін анықтау әдістері алынған.
Бағалау жұмысын жүргізуде далада топырақ құрылымы, қалыңдығы, бедер,
өсімдіктер зерттеліп, топырақ түрлері (топтары) анықталып, карталарда және
жергілікті жерлерде олардың шекаралары белгіленеді, жиналған мәліметтер
лабораторияда өңделеді.
Қазіргі уақытта қолданылатын әдістемелік ұсыныстарға сәйкес
топырақтарды бонитеттеу деп салыстыруға келетін егіншілік қарқындылығында
және агротехника деңгейінде топырақтарды олардың құнарлығы бойынша сапасын
салыстырмалы түрде бағалау түсініледі. Көрсеткіштер ретінде дақылдардың
шығымдылығы және өнімділігі мен тығыз байланыстағы топырақтың ең орнықты
қасиеттерін пайдалану ұсынылады. Топырақтардың табиғи қасиеттері бойынша
құрылған шкала көрсеткіштеріне (балл өнімділік бойынша балдарды
ескеріп,түземелер енгізіледі).
Топырақтарды бонитеттеу жер бағалау жұмыстарының бірінші сатысы ретінде
жерді экономикалық бағалау үшін топырақ топтары (кластары) түрінде бастапқы
негіз беру керек. Бонитеттеу барысында анықталған, белгілі жаратылыс
сипаттамаларын ескере отыра, тиімді пайдалану мәселелерін шешуде көп маңызы
бар.
Одақтық әдістемеде (1976 ж.) қойылған негізгі талаптар: 1.
Топырақтардың агроөндірістік топтары бірыңғай принцип бойынша құрылулары
керек; 2. Топтар салыстыруға келетін болуы керек.
Топырақтардың агроөндірістік топтары суарылатын, құрғатылатын жерлер
үшін жеке бөлінеді. Топырақ түрлерін агроөндірістік топтарға біріктіруде
қолданатын көрсеткіштер:
1) бір топырақтық-климаттық провинцияға немесе округке қарауы;
2) топырақтардың жыныстық жақындығы (топырақ қабатының морфологиялық
құрылымы, физикалық қасиеттері, су, ауа, жылу режимдері);
3) химиялық, физикалық-химиялық қасиеттері, қоректену заттардың
мөлшелері;
4) тұздану, сортандану, эрозияға ұшыру, тастану деңгейі және т.б.
Жалпы түрде топырақтарды бонитеттеу жұмыстары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақтың жұту қабілеті
Топырақ бонитетінің қысқаша тарихы
Топырақ бонитеті
ОҚО Түлкібас ауданы «Шабыт» шаруа қожалығының ауылшаруашылық алқаптарының құнын бағалау
Бонитет балы
Топырақ бонитетінде сандық көрсеткіштері
Жер кадастрының құрамдық бөліктері
Жер учаскесінің құны
Жер кадастры
Топырақтарды бонитеттеу және ауыл шаруашылық алқаптарын экономикалық бағалау
Пәндер