Шет елдердегі сақтандыру жағдайы
МАЗМУНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Тарау. Сақтандырудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Сақтандыру тұралы түсінік және оың
әлеуметтік.экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Сақтандырудың түрлері және сақтандыру тұралы ұғымдар ... ... ... ... ..8
2. Тарау. Шет елдердегі сақтандыру жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1 Қытай Халық Республикасының сақтандыру жағдайы ... ... ... ... ... ... 15
2.2 АҚШ.тың сақтандыру жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
3. Тарау. Еліміздегі сақтандыру және шетелдік тәжірибені қолдану
мүмкіндігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру жағдайын талдау ... ... ... ..22
3.2 Шетелдің сақтандыру тәжірибесін қолдану мүмкінділігі ... ... ... ... ... ..26
ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1-Тарау. Сақтандырудың теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 5
1.1 Сақтандыру тұралы түсінік және оың
әлеуметтік-экономикалық мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

2- Тарау. Шет елдердегі сақтандыру
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1 Қытай Халық Республикасының сақтандыру жағдайы ... ... ... ... ... ...
15
2.2 АҚШ-тың сақтандыру
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3- Тарау. Еліміздегі сақтандыру және шетелдік тәжірибені қолдану
мүмкіндігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 2

3.2 Шетелдің сақтандыру тәжірибесін қолдану
мүмкінділігі ... ... ... ... ... ..2 6
ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .30
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
КІРІСПЕ
Макроэкономикалық тұрақтылық үшін қажетті қаржы резервтерін құра
отырып, сақтандыру техногенді және экологиялық уақиғалар кезіндегі
өндірістік күштердің қалпына келуі мен дамуына көмегін тигізеді,
мемлекеттің болжанбаған шығындарын қысқартады, инфляциялық фактордың
әрекетін төмендетеді, тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс пен ұсыныс ара
қатынасын оңтайландырады. Еліміздің сақтандыру ісі мен нарығы жылдан-жылға
өсіп дамып келеді, ал дамыған елдермен малыстыра кетсек, аліде
жеткіліксіздіктер бар. Қазіргі уақытта сақтандыру ұйымдары қызметінің
шынайылығы деңгейін арттыру проблемасы, тəуекелдерді басқару жүйесін,
əсіресе, банктік топқа кіретін сақтандыру ұйымдарының тəуекелдері бөлігін
жетілдіру, сақтандыру ұйымдарының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту
өзекті болып табылады. Бұдан өзге, сақтандыру секторында отандық сақтандыру
қызмет көрсету нарығының аясын ұлғайту бойынша шаралар, шаруашылықты
жүргізетін субъектілердің жəне халықтың сақтандыру мəдениетін жəне міндетті
сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру өзекті болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты –Шет елдегі сақтандыру тұралы талдау жасау
негізінде Қазақстандағы сақтандыру саласын арттыру жолдарын ұсыну.
Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылды және
шешілді:
- сақтандыру және сақтандыру қызметінің әлеуметтік-экономикалық мәнін
ашу;
- сақтандыру қызметін ұйымдастыру нысандары мен түрлерін қарастыру;
- Шет елдегі сақтандыру ерекшеліктерін талдап, олардың артыұшалыұтарын
қорту;
-Қазақстандағы сақтандыру жағдайын талдау және шетел тәжірибесін қолдану
жолдарын ұсыну.
Курстық жұмысты жазуда әдістемелік негіз болған осы саладағы отандық және
шет ел авторларының еңбектері.
Зерттеу объектісі болып шет елдегі және Қазақстандағы сақтандыру саласы
болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, үш маңызды бөлімдерден, қорытындыдан,
пайдалнған дереккөздер тізімінен құралады.
1-тарау. Сақтандырудың теориялық негіздері.
1.1 Сақтандыру тұралы түсінік және оың әлеуметтік- экономикалық
мәні
Сақтандыру - қоғамдық экономикалық қатнастарын айрықша сферасын көне
категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндрісттік және
әлеуметтік экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түртік
болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауып-қатерлік сипаты.
Сондықтан өндіріс процесін жалғастыру, азаматтардың жекеленген санаттарының
өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алып
үшін олардың қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының, натуралдық
заттай басалқы қоррларын да немесе резервтерін де, сондай ақ ақша
ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша
қаражаттары әдетте резерв немесе сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Тұжырымдай келгенде сақтандыру – сақтық ұйымы өз активтері есебінен
жүзеге асыратын сақтық жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке
немесе заңи тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға
байланысты қатнастар кешені.
Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру
қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіс қамтамасыз ету
үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжамдық
қорғау болып табылады. Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән
болып келеді;
1,қатынастардың ықтималдық сипаты
2,қатынастардың төтенше сипаты(кез келген ауқымда –мемлекеттік, аймақтық
деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде)
Сақтандыру категориясы қаржы категориясымен ортық өзгеше белгілері бар:
Сақтық қатынастардың ақшалай сипаты: сақтандыру қоғамдық өнімінің құнын
қайта бөлуге қатысуы: оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен
қосарланып отырады; сақтық қатнастарының бір бөлігінің міндетті сипатының
болуы.
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субьектісі
болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі
болып табылады , қалған барлық жағдайда сақтық ісін экономикалық жүйе
шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге
асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.
Кездейсоқ жағдайлардан туындаған нұқсанды уақыт бойынша үлестіру бір
шаруашылық жыл шегінен асып кетуі мүмкін. Төтенше жағдайлар бірнеше жыл
болмауы мүмкін және олардың нақты болатын күні белгісіз болады. Бұл жағдай
қолайлы жылдары түскен сақтандыру төлемдерінің бір бөлігін қолайсыз жылдары
болатын төтенше жағдайларды өтеудің қайнар көзі ретінде
қолдану үшін резервтеу қажеттілігін тудырады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері себебінен
оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілітіндігінде. Демек, сақтандыру –
қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи
тұлғалардың мүлік тік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды
төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта
бөлгіштік қатнастардың айрықша сферасы.
Сақтандырудың қоғамда бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функцияларын
атқарады.
Бөлу функциясы – бұл функцияның өзектілігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол
алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландырк жолымен
сақтық жағдайы болу мүмкіндігін жоюға бүгіліді. Жеке басты сақтандыруда
бөлу фукциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтақ функциясына
бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдердің жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң
мақсатты пайдалануды қамьамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты
қатнастарына көрінеді.
Сақтық қатнастарының бір бөлігін салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен
қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы
болады. Бұл қатнастар мен қорлар байланысылған және жалпы ұлттық сипаты бар
төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда
тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа кәсіп орындардың , ұйымдардың,
халықтың ерікті қайрымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдыруы
мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымды обьектілерін
жаңғыртуға, экономикалық тепетеңділікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды
жүзеге асыруға келтірілген зиянды өтуге пайдаланылады.
Қатнастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қорларды –
әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана
отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағытты болады. Бұл
қатынастардың іс-әрекеті қорғауға бағыттылығы болады. Бұл қатнастардың іс-
әрекеті халқты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен байланысты. Үшінші бөлік
қатынастары тұйық аясын пайдалана отырып және олардың осы жиынтығы шегінде
бұл қатнастардың баламалылығында жете отырып, адамдардың денсаулығы мен әл-
ауқатын, олардың мүлік, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субьектіліодің
мүлік сақтық қорғау жөніндегі қатнастар болып табылады. Бұл – жалпы
сақтандыру мен өмірді сақтандыру және шаруашылық жүргізуші субьектілер үшін
мүлікті сақтандыру. Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес
бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру экономикалық категориясының маиериалдық- ақшалай иелері сақтық
қорлары болып аталады, олар ұдайы қоғамдық өндірістің элементтері, сақтық
қатынастары қатсушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары,
қаражаттардың ерікті аударымдары, қайы көрсету және сақтық қатынастары
қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшалық төмендер
есебінен қалыптасатын ақшалай немесе иатериалдық қаражаттардың резервтері
болып табылабы. Сақтық қорлары – қоғамның, ұлттық шаруашылығындағы сан
алуан, алдын-ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған
қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Нарықтық экономикадп сақтық қатнастарының едауір бөлігі комерциялық
қатнастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді
сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық
қызметтерін көрсетуге түрленеді және мұндай қызметтер көрсетудің ерік
рыногына ұсынады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы сақтық тарифиері мен
жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге сұраным олардың
сапысымен және бағаның деңгейімен анықталады.
Сақтық жуйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына,
халқтық әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар
мен шаруашалық жүргізуші субьектілерінің мүлік сақтандыруға ықпал етуге
тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда,
әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.
1.2 Сақтандырудың түрлері және сақтандыру тұралы ұғымдар
Сақтандырудың нысандарын қарастыра келсек, ол төмендегідей болып
табылады:
міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті,
сақтандыру обьектісі бойынша - жеке және мүліктік,
сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және жинақтаушы
емес.
Міндетті сақтандыру – заңды актлер талаптарына орай жүзеге асыратын
сақтандыру. Ол сақтандырушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті
сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы болып табылады. Міндетті
сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу
жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін
заңнамалық актлермен белгіленеді.
Ерікті сақтандыру –тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын
сақтандыру.
Сақтық ұйымның сақтық қызметі Өмірді сақтандыру және Жалпы сақтандыру
саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды
қамтиды: өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру.
Жалпы сақтандыру салысы ерікті сақтандыру нысанына мыналарды
қамтиды:жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық
сақтандыру; көлік құралдарын сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүлікті
сақтандыру; кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары иелерінің
және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру; иян
келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру.
Сақтандыруды жүзеге асырудың негізгі ұйымдық-құқықтық нысандары болып
мемлекеттік сақтандыру, акционерлік қоғамдар жүргізетін сақтандыру және
өзара сақтандыру табылады.[1]
Мемлекеттік сақтандыру – бұл сақтандырушы ретінде мемлекеттік ұйым бой
көрсететін сақтандыру нысаны. Мемлекеттік сақтандыру сақтандырудың барлық
түрлерін жүргізудегі мемлекеттің абсолютті монополиясы жағдайында,
сақтандырудың жеке түрлеріне мемлекеттік монополия жағдайында немесе қандай
да бір мемлекеттік сақтандыруда монополиясы жоқ болған жағдайда жүргізілуі
мүмкін. Қазір ТМД елдеріндегі сақтандырудың дамуы соңғы вариантқа
жақындауда. Бірақ, мемлекеттік сақтандырудың кейбір түрлерін жүргізудегі
басымдылығының болу мүмкіндігін ұмытпаған жөн.
Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттің сақтандырушы қызметінің тек жалпы
мемлекеттік стратегиялық мағынадағы мүдделерді сақтандырудағы ғана
басымдылығын көрсетуге болады. Осылайша, “Казагрополис” республикалық
мемлекеттік ауыл шаруышылық сақтандыру кәсіпорыны (құрылтайшысы Қазақстан
Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі) үшін басым бағыт болып ауыл
шарушылығының өндірісін міндетті сақтандыру табылады. Ал “Казахинстрах”
мемлекеттік сақтандыру компаниясы үшін инвестицияларды сақтандыру
басым бағыт болып табылады.
Акционерлік сақтандыру – сақтандырушы ретінде өзінің жарғылық
капиталын акциялардың көмегімен құратын акционерлік қоғамдар бой көрсететін
сақтандыру қызметін ұйымдастыру нысаны.Акциялар арқылы жарғылық капиталды
құру құрылтайшыларға заңды және жеке тұлғалардан ақша ресурстарын тарту
арқылы тез арада сақтандыру операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді.
Алғашқы капиталды құру тәртібіне қарай ашық типтегі және жабық типтегі
акционерлік қоғамдарды және де жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді
бөледі. Бұл айтылғандар дүниежүзілік тәжірибеге тән.
Өзара сақтандыру - өзара көмек көрсету мақсатында сақтандырушылардың
бірігуі байқалған сақтық қорғаудың ұйымдық нысаны. Өзара сақтандыру қоғамы
– қазақстандық нарықтың жаңа қатысушысы. Қазақстандағы өзара сақтандыру
қоғамының қызметі “Сақтандыру қызметі туралы” Заңмен және Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексінің “Өзара сақтандыру” атты 845 бабымен
реттеледі.
Өзара сақтандыру қоғамдары өз мүшелерінің мүліктерін және басқа да
мүліктік мүдделерін сақтандыруын жүзеге асырады және де коммерциялық емес
ұйымдар болып табылады. Коммерциялық қызметті жүзеге асырғанда қызмет ету
тәртібі сақтандыру (қайта сақтандырушы) ұйымдар үшін бекітілген талаптарға
сәйкес жүзеге асырылады. Заңдылық негіздің дамымауына байланысты сақтандыру
нарығындағы бұл тауаша бой көрсетпеген. Осылайша, “Қазақстан
Республикасындағы сақтандыру нарығы 1996-98 жылдардағы негізгі бағыттары
жөніндегі” Қаулыда шағын және орта бизнесті дамыту мақсатымен өзара
сақтандыру қоғамдарын құру туралы ереже жобасын дайындау мақсаты қойылған.
Сонымен бірге, Азаматтық Кодексте олардың қызмет ету жағдайлары өзара
сақтандыру туралы заң актілерімен анықталады делінген. Бірақ қазіргі күнге
дейін заң жобасы ұсынылмаған.
Сақтық қызметі - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта
сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты заңнамалырға сәйкес
уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.
Сақтандыру пулы – белгілі бір тәуекелдерді бірігіп
сақтандыру үшін
сақтандыру компанияларының бірлестігі. Негізінен сақтандыруға қауіпті, ірі
және жаңа тәуекелдер қабылданғанда құрылады. Пулдың қызметі бірлесіп
сақтандыру қағидатына сүйеніп құрылады. Әр компания пулға сақтандырылған
тәуекелдерді береді, пул жинаған жарналардың белгілі бір үлесін алады және
де сол үлесте нұқсандарды өтеу бойынша жауапкершілік алады. Пулдар шетелде
авиациялық, атомдық, әскери тәуекелдерді, жауапкершілікті және т.б.
сақтандыруда кеңінен дамыған.
Сақтандыру ұйымдарының ынтымақтастығының нысаны болып
сақтандырушылардың одақтары мен ассоциацияларын құру табылады. Қазақстан
Республикасында құрылған сақтандырушылар одағының мақсаты –
сақтандырушыларға методикалық және ұйымдық ақпараттық көмек көрсету,
сақтандыру бойынша заң және нормативтік актілер жобаларын дайындауға
қатысу, сақтандыру қызметкерлерінің мамандандырылуын жоғарылату бойынша
курстар мен семинарлар ұйымдастыру, сақтандырушылардың қаржылық
тұрақтылығын нығайту бойынша ұсыныстар дайындау және т.б.
Енді сақтандыру нарығының қатысушылары жайлы қысқаша айта кететін
болсақ, “Сақтандыру қызметі туралы” Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының
сақтандыру нарығының қатысушылары: [2]
1. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
2. сақтандыру брокері;
3. сақтандыру агенті;
4. сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;
5. актуарий;
6. уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор);
7. өзара сақтандыру қоғамы;
8. сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де
жеке және заңды тұлғалар.
Қайта сақтандыру ұйымы – уәкілетті мемлекеттік органның тиісті
лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) – сақтандыру шарттарын жасасу және
орындау қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде
жүзеге асыратын заңды тұлға;
Жоғарыда аталған Заңға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы
өзінің негізгі сақтандыру қызметінен басқа төмендегідей қызмет түрлерін
атқарады:[3]
1. уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерінде
көзделген тәртіппен инвестициялық қызметті;
2. тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы
шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сақтандыру ұйымы үшін);
3. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру
үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды;
4. ақпарат бөлімдерінің кез келген түрлерінде сақтандыру ісі және
сақтандыру қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды;
5. бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған (сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымы үшін) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасауға
байланысты келіп түскен (сақтандыру ұйымы үшін) мүлікті сатуды немесе жалға
беруді;
6. сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша кеңес берушілік
қызмет көрсетуді;
7. сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін
арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді;
8. сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы болуды;
Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары - өз қызметін уәкілетті
мемлекеттік органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, актуарий және
уәкілетті аудитор.
Сақтандыру брокері – сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері
бойынша консультациялық қызметті өз атынан және сақтанушының тапсыруымен
сақтандыру шарттарын немесе өз атынан және цеденттің тапсыруымен қайта
сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын
заңды тұлға;
Сақтандыру брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып табылады және
оны уәкілетті мемлекеттік орган лицензиялауға тиіс. Сақтандыру брокерінің
өзі қатысып жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша
өкілеттігі мен жауапкершілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының
тараптарымен жасалатын тиісті шарттармен белгіленеді.
Сақтандыру агенті – берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының
атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық
қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге
асыруға өкілеттігі сақтандыру ұйымының тиісті құжаттарымен белгіленеді.
Сақтандыру агентінің өкілеттігі болмаған жағдайда оның сақтандыру агенті
ретіндегі қызметіне жол берілмейді.
Актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем
қабілеттігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында
сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің
экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті
атқаратын жеке адам;
Актуарийлік есептеулер мынадай негіздер бойынша:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша –
бастамашылық актуарийлік есептеулер;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда –
міндетті актуарийлік есептеулер жүргізіледі.[4]
Уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор) – уәкілетті мемлекеттік
органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
аудиті жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым (аудитор);
Сақтандыру қызметінің аудитін жүзеге асыруға қойылатын талаптар
уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен
белгіленеді.
Уәкілетті аудитор, жүргізілген аудит туралы қорытындының көшірмесін,
уәкілетті мемлекеттік органға оның жазбаша сұрауы бойынша беруге міндетті.
Сондай-ақ, уәкілетті аудитор сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
қызметіне міндетті аудит нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының
заңдарын бұзушылықтар туралы уәкілетті мемлекеттік органға дереу хабарлауға
міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында ішкі аудит
қызметі (аудиторы) болуы міндетті, оның қызметі лицензиялауға жатпайды.
Ішкі аудит жүргізу тәртібі, уәкілетті мемлекеттік органның талаптары
ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті ішкі
құжаттарында белгіленеді.
2-тарау. Шет елдердегі сақтандыру жағдайы
Шетелдік тәжірибе ретінде мен еліміздің экономикалық, саяси және басқа
да қатынастары бойынша серіктес елдерінің сақтандыру жайлы айтқым келіп
отыр. Осылайша, мен Қытай Халық Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының
сақтандыру жағдайларын қарастырып өтпекпін.
2.1 Қытай Халық Республикасының сақтандыру жағдайы
Сақтандыру саласы Қытайдың ақша-несие нарығының маңызды құрамдас
бөлігі болып табылады. Қытай Халық Республикасындағы сақтандыру негізінен
мүлікті сақтандыру, азаматтық жауапкершілікті сақтандыру, кепілді
сақтандыру және жеке сақтандыру сияқты төрт негізгі сақтандыру түріне
бөлінеді. Қазіргі кезде Қытайда сақтандыру компаниялары сақтандырудың 400
түрі бойынша қызмет көрсетеді. Қытайдың сақтандыру мекемелерінің ішінде
ерікті және міндетті болып бөлінетін қайта сақтандыру операциялары кеңінен
тараған.
Реформалардың тереңдеуі және Қытай Халық Республикасының сақтандыру
нарығының ашыла түсуіне байланысты сақтандыру операцияларының, әсіресе
өмірді сақтандыру операцияларының қарқынды дамуы өтіп жатты. Егер 1997 жылы
өмірді сақтандырудан түсетін табыстар сақтандыру табыстарының 55%-н құраса,
1998 жылы 60%-ды құрады. 1998 жылы Қытай Халық Республикасының сақтандыру
саласының табыстары 124,7 млрд юань (15 млрд $), оның ішінде 49,96 млрд
юань (8,2 млрд $) - мүлікті сақтандырудан, 68,3 млрд юань (8,2 млрд $) -
өмірді сақтандырудан түссе, қалған сақтандыру операцияларынан түскен табыс
- 6,5 млрд юань немесе 783 млн $ құрады. Дәл сол жылы мүліктік нұқсандар
бойынша және қысқа мерзімді жеке сақтандыру бойынша өтемдер 31,8 млрд юань
(3,8 млрд $) құрады. Өмірді сақтандыру бойынша өтемдер 23,8 млрд юань
немесе 2,9 млрд $ құрады. Қытай Халық Республикасының ұлттық
экономикасындағы сақтандыру саласының үлесі жылдан-жылға өсуде. Осылайша,
ЖІӨдегі сақтандыру саласының үлесі 1960 жылы 0,25%-дан 1998 жылы 1,48%-ға
дейін өсті. Соңғы 20 жылы Қытай Халық Республикасының сақтандыру саласының
орташа жылдық өсу қарқыны 34% құрайды. Бұл жайлы 4-кесте мәліметтерінен
көруге болады.
4-кесте. Қытайдағы сақтандыру саласының 1990-2003 жылдардағы табыстары.
(млрд юань)[5]
Жыл 1995 1996 1997 1998 2001 2003
Табыс 59,5 77,7 108,0 124,7 210,9 388,0
2002 жылдың басындағы жағдай бойынша Қытай Халық Республикасында 52
сақтандыру компаниясы, оның ішінде мүлікті сақтандыру бойынша – 22, өмірді
сақтандыру бойынша – 26, қайта сақтандыру бойынша – 1, екі сақтандыру тобы
және бір “саяси” сақтандыру компаниясы жұмыс істеді. 2004 жылдың
ортасындағы жағдай бойынша барлық сақтандыру компанияларының активтерінің
сомасы 1 трлн юаньға (120,5 млрд $) жуық мөлшерді құрады.
Елдің сақтандыру нарығында акционерлік және шетел компанияларының
болғандығына қарамастан, елдің сақтандыру нарығының едәуір үлесін
бұрынғыдай мемлекеттік сақтандыру компаниялары бақылап отырады. Мысалы,
өмірді сақтандырудың Қытай компаниясының үлесіне елдегі өмірді сақтандыру
көлемінің 52% келеді. Екінші орында “Пинань” компаниясы (24%) тұр.
“Тайпинян” компаниясы 11%-ды, ал “Синьхуа” компаниясы 3,5%-ды бақылайды.
Осылайша, қазіргі кезде тек төрт сақтандыру компаниялары ғана Қытайдағы
өмірді сақтандырудың 90%-н қолында шоғырландырған.
2000 жылдың басында Қытай Халық Республикасында ресми түрде 13 ұлттық
сақтандыру компаниясы (шетелдік және бірлескен сақтандыру компанияларын
қоспағанда) тіркелген болатын. Оның ішінде 2 – бас сақтандыру компаниялары,
7 – мүлікті сақтандыру компаниялары, 3 - өмірді сақтандыру компаниялары, 1-
қайта сақтандыру компаниясы. Территориялық белгісі бойынша олар 8 жалпы
мемлекеттік сақтандыру компанияларына және 5 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz