Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму жағдайын талдау



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I. Сақтандырудың экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Сақтандырудың экономикалық мәні, мазмұны, даму тарихи аспектісі ... ..
1.2. Сақтандырудың түрлері, нысандары және ұйымдастыру ерекшеліктері...9
1.3. Сақтандыру нарығының дамуының шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... .12

II. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1. Сақтандыру ісін ұйымдастырудың құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

III. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласының мәселелері және оларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
3.1. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелер ... ... ... ..
3.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелерді шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31 Қосымша

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I. Сақтандырудың экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.1. Сақтандырудың экономикалық мәні, мазмұны, даму тарихи аспектісі ... .-
1.2. Сақтандырудың түрлері, нысандары және ұйымдастыру ерекшеліктері...9
1.3. Сақтандыру нарығының дамуының шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . 12

II. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

2.1. Сақтандыру ісін ұйымдастырудың құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ..-
2.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

III. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласының мәселелері және оларды
шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 24

3.1. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы
мәселелер ... ... ... .-
3.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелерді шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..31
 

Кіріспе

Соңғы кездері Қазақстанның саяси -экономикалық және қоғамдық өмірінде
болып жатқан сан - алуан өзгерістер іскерліктің көптеген түрін тудырып,
оларды жүзеге асырумен қоғамды жанталастыруда. Шетелдіктердің тәжірибесі
көрсетіп отырғандай, олардың капиталдарының нығаюының бір көрінісі - ол
сақтандыру нарығының дамуы болып табылады. Сақтандыру нарығы тек жеке
капиталды ғана емес елдің макроэкономикалық көрсеткіштеріне де әсерін
тигізуде. Мысалға, сақтану дәрежесі оның сақтанушысының мәртебесін
көрсетеді. Тіпті, қазіргі кезде шетелдегі сақтандыру түрлері көптігі
соншалық, соған орай олардың тұтынушыларының көлемін де көрсетеді. Біздің
елімізде сақтандыру 90 жылдары дами бастап, сол жылдары сақтандыру
компаниялары ашыла бастады. Бірақ өкінішке орай сол кезде олардың дамып
кетуін тежеген - заңнаманың нашар дамуы болды. Олардың заңнамасы тұрақты
емес, әр жыл сайын өзгеріс енгізілуде, не үкімет тарапынан еш жағдай
қарастырылмаған, тіпті сақтандыру саласының дамуын көздейтін бағдарламалар
жасалынбаған. Тақырып осы аталған және курстық жұмыстың барысында әлі де
қозғалатын мәселелермен өзекті болып келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты. Нысанаға алынып отырған тақырыпты жан - жақты
зерделеу. Қазіргі кездегі сақтандыруға қатысты заңнаманы қарастыра отырып,
болып жатқан олқылықтарды ашып - көрсету. Қандай жақтан тежеу көруде,
неліктен олардың дамуы әлі күнге дейін толық пісіліп жетілмеген? Осы және
тағы басқа да сұрақтарға жауап табу. Шетел тәжірибесін қарастыра отырып,
біздің елмізде оларға деген жетпей жатқан көмекті қарастыру. Курстық
жұмыстың мақсаты сол тәжірибелерді танып біліп, жіберіліп отырған
қателіктерді көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
ҚР сақтандыру нарығы: мәселелері мен даму болашағы атты тақырыпты
кешенді, әрі жан - жақты танып білу;
Сақтандыру нарығы жөнінде жалпы түсінікті қалыптастыру;
Шетел сақтандыру нарығын мысалға келтіре отырып, оны бізге тәжірибе
жүзінде енгізуді көрсету;
Олардың түрін ажыратып, ұйымдасу принциптерін зерделеу;
Сақтандыру нарығына талдау жасау;
“БТА Өмір” БТА Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы” АҚ
өмірді сақтандыру компаниясының мысалында еліміздегі
сақтандырудың экономикалық маңызын көрсету;
Қазақстандағы сақтандыру нарығының мәселелерімен танысу сол
мәселереді болдырмау жөнінде іс - шараларды қарастыру.
Нарықтық экономика шарттарында сақтандыру қаржылық тұрақтандырушы рөлін
атқарады. Өйткені ол қоғамда немесе табиғатта болып жатқан олқылықтардың
орнын толтырушы болып келеді. Сақтандырушы сақтанған адамға қысылған
уақытында қол ұшын беріп, көмек көрсетеді. Сақтансаң - құдай сені сақтар
деген сөз бекер айтылмаған. Бұл сөзде құдай рөлін - сақтандырушы ойнайды.
Сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы байланысты сақтандырушылық қатынас
деп атаймыз.
Қоғамдық - экономикалық қатынастар жүйесінде өзіне тән бөлімдеріне
байлансты, көптеген құбылыстарға байланысты бөлінеді. Ол құбылыстармен
курстық жұмыстың бірінші бөлімінде танысуға болады.
Бұл қатынастар табиғат пен адамның арасында объективті қарама
-қайшылықтың бар болуымен байланысты және қоғамдық өндіріс барысында
тәуекел болатын құбылыстар көптеген жағдайларда көзделмеген сипатқа ие
болады. Үздіксіз қоғамдық өндірістің объективті талаптары, бір жағынан
мұндай құбылыстардың жағымсыз нәтижелерінен қорғану қажеттілігінен, екінші
жағынан бұл құбылыстар әсерінен шығындардың (жоғалтулардың орнын толтыруын
қажет етеді) болуын туындатады.
Сондықтан қоғамда, жеке өндірушілерде, олардың топтарында (салалық
немесе аумақтық) қажетті қаражаттармен жабдықтау, табиғи - заттай запастар
немесе резервтер, сонымен бірге өндіріс процесін жалғастыру мақсатында
оларды сатып алу үшін ақша ресурстарының бар болуы керек, сондай - ақ
азаматтардың жекелеген категориясының өмір сүру деңгейін тұрақты ұстау
керек.
Мұндай ақша - қаражаттары сақтандыру және резервтік қорлар түрінде
құрылады.
Ал сақтандырудың түрлерімен және ұйымдасу принциптерімен курстық
жұмыстың барысында танысуға болады. Сонымен қатар курстық жұмыста АҚШ
мемлекетінің сақтандыру нарығы мысалға алынып, қарастырылған.
Екінші бөлімінде еліміздегі сақтандыру нарығына талдау жасалып,
заңнамалық құжатымен танысуға болады. Қазақстанда жұмыс атқарып отырған
“БТА Өмір” БТА Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы” АҚ
өмірді сақтандыру компаниясы мысалға алынып, оның экономикалық маңызы
көрсетілген.
Ал үшінші бөлімде сақтандыру нарығындағы мәселелер және олардың шешу
немесе болдырмау жолдары қарастырылған.

I. Сақтандырудың экономикалық мәні.

1.1 Сақтандырудың экономикалық мәні, мазмұны, даму тарихи аспектісі.

Адам мүлікке ие болғанннан бастап, оның сақталуына, апатқа ұшырауынан
қауіп қатер төне бастады. Сондықтан өз мүліктерін сақтау үшін адамдар
тәуекелді ықтымақты және өзара бөлу жолдарын іздестірді. Адамдар мүлікті
сақтау үшін алуан түрлі қорлар құрыла бастады. Ең алғашқы сақтандыру
бастамасы ежелгі Гректер мен Вавилондар да пайда болды. Ең алғашқы
сақтандыру полисі 1584 жылы Триполь және Марсель қала арасындағы жүкті
сақтауды қамтамасыз ететін 5% мөлшерінде алынып отырды. Сақтандыру —
қоғамның эканомикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне
категорияларының бірі.
Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің
қауіп қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестернін жалғастыру,
азаматтарды жекелеген талаптарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап
отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, және өндірушілердің,
олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерді) натуралдық -заттай
қосалқы қорларында немесе резервтерінде, сондай ақ ақша ресурстарында
бірінеші ретті қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары
әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Қоғамдық - экономикалық қатынастар жүйесінде өзіне тән бөлімдері келесі
құбылыстарға байланысты бөлінеді:
Бұл қатынастарға қатынасатын табиғи ерекшеліктер мен адамдардың
жағдайлары (ауру, кәрілік пен өлім, баланың туылуы);
Адамдардың еңбек қызметіне қатысуы, оның тәуекелдігі қызметінің әр
түрлеріне байланысты (жарақаттар, мүгедектілік, кәсіби аурулар);
Өндірістің қолайсыз табиғи - климаттық жағдайлары (құрғақшылық, күрт суыту
және т.б.);
Төтенше апаттар (жер сілкіну, су тасқыны, дүлей жел);
Авариялар мен кездейсоқ апаттар (жарылыстар, катастрофалар, өрттер);
Көзделмеген жағдайдың болуынан, сондай - ақ қателер мен дұрыс
есептемеуден ұлттық шаруашылықтың дамуындағы диспропорциялар.
Бұл қатынастар табиғат пен адамның арасында объективті қарама
-қайшылықтың бар болуымен байланысты және қоғамдық өндіріс барысында
тәуекел болатын құбылыстар көптеген жағдайларда көзделмеген сипатқа ие
болады. Үздіксіз қоғамдық өндірістің объективті талаптары, бір жағынан
мұндай құбылыстардың жағымсыз нәтижелерінен қорғану қажеттілігінен, екінші
жағынан бұл құбылыстар әсерінен шығындардың (жоғалтулардың орнын толтыруын
қажет етеді) болуын туындатады.
Сондықтан қоғамда, жеке өндірушілерде, олардың топтарында (салалық
немесе аумақтық) қажетті қаражаттармен жабдықтау, табиғи - заттай запастар
немесе резервтер, сонымен бірге өндіріс процесін жалғастыру мақсатында
оларды сатып алу үшін ақша ресурстарының бар болуы керек, сондай – ақ
азаматтардың жекелеген категориясының өмір сүру деңгейін тұрақты ұстау
керек. Мұндай ақша - қаражаттары сақтандыру және резервтік қорлар түрінде
құрылады.
Сақтандыру дегеніміз - сақтандыру ұйымдары өз активтері есебінен жүзеге
асыратын сақтандыру төлемдері арқылы сақтандыру шартында белгіленген
сақтандыру жағдайы кездейсоқ өгеде оқиғалар туындаған кезде және заңды
тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты
қатынастар шешеді.
Сарапшы мамандардың пайымдауынша, эканомикалық қатынастардың жаңа
жүйесін өткеннен кейін шығынды өтеудің тиімді механизмі әрі табыс көзі
ретінде сақтандыруға деген объективті қызығушылығын арттыруға тиісті
болатын.
Сақтандыру мемлекетік саласының бір қатар мәселелерін шешуге және
эканомикаға инвистиция салуға жәрдемдеседі. Сақтандыру компаниялары ел
эканомикасына нақты ішкі инвесторлар бола алады.
Сақтық қызметі сақтық ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің
негізгі түрі болып табылады. Бұл қызметтен басқа ол қызметтін мынадай
түрлерін: уәкілетті мемлекеттік органнның нормативтік құқықтық актілерінде
көзделген тіртіппен инвестициялық қызметті; сақтандыруға тиісті жинақтаушы
сақтық шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына
қарыз беруді; сақтандыру ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін
пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды; ақпарат
берілімдерінің кез-келген түрінде сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі
жөнінде арнаулы әдебиет сатуды; бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған
немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасауға байланысты келіп түскен
мүлікті сатуды немесе жалға беруді; сақтандыру қызметіне байланысты
мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді; сақтандыру саласында
мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқуды ұйымдастыру мен
жүргізуді; сақтау агенті ретінде сақтандыру делдалы болады; консорциум
немесе жай серіктестік құруға қатысуға құқылы.
Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтандырушыларға сақтандыру
төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қор құруға құқылы. Қордың құрылу
тәртібі мен қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы
уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын
ескере отырып, өзінің сақтанушыларына сатып алу саласы тегінде қарыз беруге
құқылы.
Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі оның өз қаржылық
міндеттемелерін уақытында және толық орындау қабілетімен анықталады.
Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігінің көрсеткіштері, активтердің
өнімділігі ескеріле отырып, қабылданған міндеттемелер арасындағы
нормативтік арақатынастардың сақталуы болып табылады. Сақтандыру ұйымының
қаржылық тұрақтылығы сыртқы қаржылық және өзге де факторлардың қолайсыз
әсер етуі мемкіндігін ескере отырып, сақтандыру және қайта сақтандыру
шарттары бойынша қабылданған міндеттмелердің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде
өзінің төлем қабілеттілігін сақтау қабілетімен айқындайды. Сақтандыру
ұйымының қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері мыналарды біріктіреді:
жарғылық және өз капиталының ең аз мөлшерін; активтердің құны және олардың
әртраптандырылуы дәрежесін; сақтандыру резервтерінің және өзге де
міндеттемелердің мөлшерін; төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін;
сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша міндеттмелер көлемінің
арақытынасы; көрсетілетін сақтық және сақтандыру қызметінің пайдалылығын
жүзеге асырылатын инвеститциялық саясыттың тиімділігі.
Табиғаттың төтенше күштері, кездейсоқ құбылыстар, өндірістік факторлар
мен ақшалай кірістер есебінен қатерлердің орнын толтырумен байланысты
экономикалық қатынастар дербес сақтандыру категориясына бөледі.
Сақтандырудың мақсаты азаматтарды, мүлікті, қоғамды немесе ұжымды
қорғау және ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін өндірістік
процестерді қорғау болып табылады.
Сақтандыруға тән қасиеттер:
1) Қатынастардың ықтималды сипаты;
2) Қатынастардың төтенше сипаты (әр түрлі масштабта - мемлекеттік,
аумақтық, кәсіпорын немесе оның бөлімдері, жеке адамның деңгейінде).
Сақтандырудың экономикалық категориясының материалдық заттай тасушылары
болып қоғамдық ұдайы өндіріс элементтері, сақтандыру қорлары
қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет қаржылары, ерікті аударымдары
мен қайырымдылық қаржылары және басқа да сақтандыру қатынастарының
қатысушылары тарапынан төленетін арнайы төлемдер есебінен қалыптасатын
ақшалай және заттай құралдар резерві түрінде сипатталатын сақтандыру қоры
табылады.
Нарықтық экономикада сақтандыру қатынасының маңызды бөлігі коммерциялық
болып табылады. Біріншіден, бұл жеке және мүліктік сақтандыруға қатысты.
Өйткені, олардың қызметтері өзіндік сақтандыру қызметтеріне
трансформацияланып, қызметтердің еркін нарығында ұсынылады. Мұндай
қызметтің бағасы сақтандыру тарифтері мен салымдар түрі ретінде көрінеді.
Сақтандыру қызметіне сұраныс олардың сапасы мен баға деңгейіне байланысты
анықталады. Сақтандыру қызметіне сұраныс олардың сапасы мен баға деңгейіне
байланысты анықталады. Сақтандыру ұйымдары клиенттерді тарту үшін қызметін
жақсартады, оның ассортиментін кеңейтеді, шығындарды өтеу туралы
кепілдіктерді жоғалтады. Сақтандырушылар салымдары есебінен қалыптасқан
сақтандыру қорлары белгілі бір уақытта өздерінің тікелей мақсаты бойынша
сақтандыру - төлемдері үшін қолданылмайды. Мұндай жағдайларда сақтандыру
қорының қаражаттары табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберіледі.
Сонымен бірге, бұл табыстардың бір бөлігі клиенттерді тарту үшін сақтандыру
қызметіне бағаларды мақсатты түрде төмендетуге бағытталады. Сақтандыру
ұйымының мұндай операцияларды жүргізуі (клиенттерді тартуы) сақтандыру
нарығында бәсекенің пайда болуына әкеледі. Өйткені, көптеген адамдар
жағымсыз жағдайлар кезінде шығындардан тиімді шығу жолын іздейді.
Сақтандыру ұйымының қызметі, пайда табу мақсатында аралас салаларға
қаражаттарды инвестициялауы сақтандыру ісі деп аталады. Осылайша салаларға
бөлініп, олар қазіргі кезде өз қызметтерін атқаруда.

1.2. Сақтандырудың түрлері, нысандары және ұйымдастыру ерекшеліктері.

Сақтандыру қызметі - сақтандыру ұйымдарының сақтандыру шарттарын жасау
мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына
сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың лицензиясы негізінде жүзеге
асырылатын қызмет.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынандай сатыларды
қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық
сақтандыру; көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су
көліктерін) сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүлікті сақтандыру;
кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары иелерінің және
тасымалдаушының азаматтық - құқықтық жауаптылығын сақтандыру; шарт бойынша
азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақтандыру; зиян келтіргені үшін
азаматтық- құқықтық жауаптылықты сақтандыру.
Жоғарыда аталып өткендей сақтандырудың өзіне тән қасиеті бар және де
сол қасиеттерге байланысты бөлініп, әр түрлі әдістер мен ұйымдастыру
ерекшеліктеріне байланысты жұмыс атқарады.
Қатынастардың бір бөлігі сәйкес ақша қаражаттар қорының бағыты кең
мақсатты резервтік қорларды қолдану, қоғамдық қорғау жүйесі арқылы жалпы
салыстырмалы сипатқа ие болады. Бұл қатынастар мен қорлар жалпы ұлттық
сипат алатын төтенше құбылыстарды жою мен алдын алу үшін бағытталған және
олармен байланыста болады. Мұндай жағдайларда тұрақты қорлардан басқа
(жалпы қоғамдық материалдық резервтер, Үкіметтің резервтікқорлары)
кәсіпорындар, ұйымдар, қайырылымдылық есебінен қосымша қаражаттарының
жұмылдырылуы мүмкін. Бұл қорлар халық залалының орнын толтыру үшін,
инфрақұрылым мен өндіріс объектілерін қайта құру, экологиялық тепе - теңдік
қалыптастыру шараларын іске асыру үшін қолданылады. Қатынастардың екінші
жағы әлеуметтік сақтандыру және әлеуметік қамтамасыз ету тәрізді
салыстырмалы тар мақсатты қорларды құру және пайдалану арқылы азаматтардың
әлеуметтік жағдайын қорғауға бағытталады. Бұл қатынастар халықты әлеуметтік
қорғаудың қажеттілігімен байланысты болып келеді. Қатынастардың үшінші
бөлігі халықтың денсаулығы мен әл - ауқатын, мүлігін, сондай - ақ
шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлігін сақтандыруды және осы жиынтық
шеңберінде қатынастардың баламалылығына қол жеткізуді сипаттайды. Бұл
азаматтарды мүліктік және жеке сақтандыру, сондай - ақ шаруашылық
субъектілерінің мүлігін сақтандыру.

Жалпы сақтандыру 4 салаға бөлінеді.( Қосымша А)
Жалпы сақтандыру жүйесінің дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып
табылады.
Сақтандырудың экономикалық мәніне осы категорияның қоғамдық мақсатының
сипатталуы ретіндегі қызметтері сәйкес келеді. Бөлу қызметі: оның
ерекшелігі - ол қайта бөлу ретінде қатысады. Ол ескерту қызметіне қосылады,
мысалы, сақтандыру жағдайының бөлу мүмкіншілігін ескерту шараларын
қаржыландыру жолымен болдырмау. Жеке сақтандыруда бөлу қызметі жинақтау
қызметіне қосылады. Бақылау қызметі сақтандыру қорының мақсатты қолдануы
мен сақтандыру қорының мақсатты төлемдерінің жұмылдыруын қамтамасыз етуі
бойынша нақты қатынастарда көрінеді.
Сақтық келісімшарттарын жасауғы және сақтық операцияларының
нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс-қимылы сақтық нарығында
жүргізіледі. Сақтық нарығы дегеніміз ақша қатынастарының сферасы, онда
сатып алу, сату объектісі ерекше тауар сақтық қызмет болып табылады және
оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады.
Сақтандыруда сақтандыру резервтері мен қорларды құруының негізгі екі
тәсілі қолданылады: бюджеттік және сақтандырушылық. Ірі катастрофалар мен
апаттардың нәтижелерін жою үшін қосымша әдіс ретінде қайырымдылық жинау
қолданылады. Сонымен бірге өзін - өзі сақтандыру негізінде ақша
қаражаттарының немесе материалдық запастардың құрылу әдісі болуы мүмкін,
яғни бір азамат немесе бір шаруашылық субъект шегінде. Мұндай әдіс ауыл
шаруашылық (запасы - фураждар қоры, дән, жем, жанармай), материалдық
өндіріс саласындағы кәсіпорындарда (шикізат, жартылай фабрикаттар және тағы
басқа материалдар запасы) қолданылады: азаматтардың жеке жинақтары оларды
сақтандыру запастары (қорлары) ретінде қарастырылуы мүмкін. Сақтандыру
түріне және заңға немесе сақтандыру қатынастарының
қатысушылары арасындағы арнайы келісім - шартқа байланысты анықталады.
Сақтандыру қатынасының бірінші бөлімі - қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс
қолданылады, екінші бөлім - әлеуметтік сақтандыруда екеуі де, үшінші бөлім
- мүліктік және жеке сақтандыруда тек сақтандыру әдіс қолданылады.
Ал сақтандыру нысандарына келетін болсақ, сақтандыру нысандары жайлы
бізге көбінесе ақпарат беретін еліміздің Азаматтық Кодексі болып табылады.

Сақтандыру нысандары.
1.Сақтандыру нысандары:
1) міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті;
2) сақтандыру объектісі бойынша - жеке және мүліктік;
1) сақтандыру төлемін жүзеге асыру негіздері бойынша жинақтаушы және
жинақтаушы емес болып табылады.
2. Сақтандыру қызметін лицензиялау мақсатында заң актілерінде өзгеше
жіктеу көзделіу мүмкін.

1.3 Сақтандыру нарығының дамуының шетелдік тәжірибесі.

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) қазіргі кездегі сақтандыру нарығы
өздерінің түрлері мен көлемі бойынша күллі әлемде өзіне теңін таба алмайтын
шығар.
Қазіргі кезде АҚШ монополиялары бүкіл әлемдегі сақтандыру нарығының 50
% бақылап отыр. Тек АҚШ өзінде ғана 10 мыңға жуық сақтандыру компаниялары
бар, соның ішінде 8 мыңға жуығы мүліктік сақтандыру бойынша жұмыс жасайды.
АҚШ өзіміз білетіндей әрбір штаттың өзіне тән заңнамалық құжаттары бар, сол
сияқты сақтандыру саласында да әрбір штаттың өзіне тән сақтандыру жөніндегі
заңнамалық құжаттары бар, сондықтан сақтандыруды бақылайтын жалпы
мемлекеттік немесе федералдық орган жоқ.
Әрине, әр штат өзіне тән жарғылық капиталын және сақтандырудағы
ұсынатын қызметтерінің түрлерін бекітеді. Бақылаушы сақтандыру ұйымы
сақтандыру компанияларын, брокерлерін, агенттерін тексере отырып, оларға
лицензия береді.
Сақтандыру ұйымдарының екі типтері бар олар: акционерлік қоғамдар,
өзара сақтандыру ұйымдары. Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары әрине жоқ.
Компанияның акцияларын заңды және жеке тұлғалар арасында үйлестіріледі.
Негізінде АҚШ өзара сақтандыру ұйымдары тарихи тұрғыдан қарағанда ертерек
қалыптасып қалған, бірақ акционерлік компаниялар оларға қарағанда көбірек.
Америкада сақтандырудың үш типтері бар:

бенефиттер (өмірді, денсаулықты, зейнетақыны, медициналық, қор жинауды және
тағы басқаларды сақтандыру);
жеке мүліктік (мұнда кіретіндер: құрылыстық, автокөлік
жеке азаматтардың мүлкіне кіретін кез - келген заттар);
коммерциялық (сақтандырудың басқа да түрлері).
Көптеген штаттардың заңнамасында сақтандыру компанияларының мүлікті
және өмірді сақтандыру бойынша жүргізілетін операцияларының
специализациялары жазылған. Қазіргі кезде АҚШ сақтандыру компанияларының
активтері 1,6 триллион долларды құрайды немесе бір сақтандыру компаниясына
950 миллион доллардан келеді. Сақтандыру индустриясының антимонополиялық
заңнамаға келмейтіні тек АҚШ тән қасиет болып келеді.
Барлық сақтандырушылар үнемі бақылауда, ал олардың атқаратын қызметтері
үш консалтингтік компаниялармен сарапталып отырады. Бұл компаниялар бұқара
халыққа сақтандыру саласындағы болып жатқан өзгерістер, олардың қаржылық
жағдайлары жөнінде таратып, каталогтар жасап, басылымдарда рейтингті және
төлеуге қабілеттіліктерін жариялайды.
Брокерлік компаниялардың да өздеріне тән спецификалық бөлімшелері бар.
Олар да басқа компаниялардың қаржылық жағдайларын зерттеп, қызмет көрсету
деңгейі, қызметтердің бағалары жайлы сараптама жасап үнемі хабарлап
отырады.
Әрбір сақтандыру компанияларының криттерийлері ретінде шығыстардың
деңгейі, табыстардың және инвестициялар бойынша түсім коэффициенттері,
дебиторлық қарыз деңгейі саналады.
Өмірді сақтандыру АҚШ сақтандыру компанияларында үлкен беделге ие болып
табылады. Сондықтан да өмірді сақтандыру саласына үлкен қаржылық
құралдардың түсімі ағылуда, ал олар әртүрлі зейнетақы қорларына келіп
түсуде. Бұл қаржылық құралдарды басқару үшін де үлкен комиссиондық төлемдер
алынуда, олар да миллиондаған табыстар әкелуде (0,1 % мөлшерінде).
Американдық сақтандыру қоғамында инвестициялардың ағылуы үлкен орын
алады. Өйткені жылдық қорытындылар бойынша инвестициялардан түскен түсім
негізгі болып табылады.
Осыдан инвестициялық ресурстар сақтандыру компанияларын өндірістік
корпорацияларға қарағанда сыртқы қаржылық орталықтарға айналдырады.
Ежелден қазіргі күнге дейін Американың аты әйгілі сақатндыру
компаниялары келесілер: Стейт фарм мьючуэл отомобил иншуранс компани
(1922 жылы Техас штатында негізі қаланды) негізгі қызметі транспорттарды
сақтандырумен айналысады, өздерінің алған алғыстары бойынша бүкіл әлемде
бірінші орын алады.

Тағы бір аты әйгілі компаниялардың бірі Метрополитен Лайф иншуранс
Компани, (1868 жылы Нью - Йоркте негізі қаланған, ал 1915 жылдан бастап
өмірді сақтандыру бойынша жұмыс жасауда).

Америка Құрама Штаты Қазақстан Республикасы

АҚШ нарығында 10 мыңнан астап Дүние жүзілік тәжірибе бойынша
сақтандыру компаниялары жұмыс сақтандыру катигориясы екі бағытта
істейді. Олардың 8000 мүліктік қызмет атқарады:
сақтандыру мен айналысады. Әр штаттың1.Монопольді;
жеке сақтандыру заңы бар. Сонымен 2.Бәсекелестік сақтандыру нарығы.
бірге сақтандыру үйымдарының екі Қазақстан сақтандыру нарығында 41
түрпаты бар. Бірінші акционерлік сақтандыру және қайта сақтандыру
қоғам. Екіншісі өзарасақтандыру компаниялары өз қызметтерін жүзеге
қоғамы.Акционерлік қоғамды жеке және асыруда.
заңды тұлғалар иеленеді. Сондықтан Негізінен сақтандыру нарығында жеке
мемлекеттік сақтандыру ұйымдары меншік сақтандыру компаниялары
болмайды. қалыптасқан. 2004 жылдан бастап,
Сақтандыру қызметі үш бағыт бойынша сақтандыру нарығын реттеумен
жүреді; айналысатын жеке меншік
Бенфит, өмірді және денсаулықты мамандандырылған орган құрылған.
сақтандыру; Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
Жеке мүлікті сақтандыру; реттеу мен қадағалау бойынша
Коммерциялық сақтандыру. агенттік

Кесте 1. АҚШ сақтандыру нарығымен Қазақстан сақтандыру нарығын
салыстыру
ІІ. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығынығ даму жағдайына
талдау.

. 2.1 Сақтандыру ісін ұйымдастырудың құқықтық негіздері.

Біздің елімізде де сақтандыру саласын заңмен реттеп отыратын жалпыға
бірдей Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі болып табылады.
Азаматтық кодекске жыл сайын әртүрлі өзгерістер болып тұратындықтан ол
өзгерістер сақтандыру саласын да тимей кетпейді. Мысалға 2011 жылдың
Азаматтық кодексінде сақтандыру шарттары жайлы былай делінген
Сақтандыру шарты:
1.Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйақысын
төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы
басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру
сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға)
сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.
2. Сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік
негізінде сақтандыру жүзеге асырылады.
Осы Кодекспен реттелетін сақтандыру қатынастары. Сақтандырушылар мен
сақтанушылар арасындағы қатынастар, сондай -ақ олардың сақтандыру шартын
жасау және оны орындау процесі кезінде туындайтын сақтандырылғандармен және
пайда алушылармен қатынастары осы Кодекспен реттеледі.
Яғни барлық қатынастар еліміздің заңымен реттеліп жүзеге асып отырады.
Жоғарыда АҚШ мемлекетінің сақтандыру саласын мысалға алған кезде, мүлдем
өзгеше болған. Мысалға, онда әрбір штаттың өзіне тиесілі заңымен реттеледі.
Сонымен қатар осы саланы реттейтін консалтингтік компаниялармен де
реттеледі. Ал бізде бүкіл Қазақстанның аумағына жалпы бәрімізге бірдей
заңмен бақыланады.
Жоғарыда аталып өткен сақтандыру нысандарының бірі міндетті және ерікті
сақтандыру жайлы да Азаматтық кодекстен білуге болады.
Міндетті және ерікті сақтандыру:
1. Міндетті сақтандыру - заң актілері талаптарына орай жүзеге асырылатын
сақтандыру.
2. Міндетті сақтандырудың түрлері, тәртібі мен талаптары заң актілерімен де
шартпен де жүктеуге болмайды. Міндетті сақтандыру сақтаунышының есебінен
жүзеге асырылады.
3. Міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрін жүзеге асыруға
лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады. Мұндай шартты жасасу
жоғарыда аталған сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.
4. Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын
сақтандыру.
Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың
келісімі бойынша белгіленеді.
Ең бастысы сақтандыру кімдерге арналған және бұл қызметтің түрімен кім
қолдана алады? Бұл сұраққа келесі баптан жауап алуға болады.
Сақтандыру объектісі:
1. Заңды тұлғаның немесе азаматтың кез - келген мүддесі сақтандыру
объектісі бола алады. Сақтандырудың міндетті түрлері
бойынша сақтандыру объектісі сақтандырудың осы түрін реттейтін
заң актілерімен айқындалады.
2. Сақтанушының құқыққа қайшы мүдделері сақтандыруға жатпайды.
3. Осы баптың 2 - тармағына көзделген мүдделер
объектісі болатын сақтандыру шарттары жарамсыз болып табылады.
Әрине кез - келген іскерлік қатесіз болмайды. Бірде бір жылда
сақтандыру компаниясының шығындары көп болып, сол компания жабылып қалуы
мүмкін немесе еліміздің кейбір азаматтары, сол сияқты сақтандыру
компаниялары міндетті сақтандыру шарттарын орындамауы да мүмкін. Бұл жағдай
да Кодексте қарастырылып, шешімі табылған. Егер азаматтар міндетті
сақтандырудан бас тартса, онда бұл міндет сот арқылы шешіледі. Ал егер
сақтандыру компаниясы өз уәдесінде тұрмаса, онда олар сақтандырылғандардың
алдында жауапты болады.
ҚР Азаматтық кодексінде сонымен қатар сақтандырушы мен сақтанушыларға
да анықтама беріледі.
Еліміздің сақтанушы - деп сақтандырушымен шарт жасасқан адамды айтамыз.
Мұнда сақтанушы болып заңды және жеке тұлғалар бола алатындығы жайлы сөз
қозғалған.
Сақтандырушы - сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы
пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға
(пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының) шегінде
сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті тұлға деп айтылған.
Мұнда біз жаңа бір пайда алушы деген сөзбен кездестік. ҚР Азаматтық
кодексінің 816 - бабы бойынша: Пайда - алушы деп сақтандыру шартына сәйкес
төлемдерді алушы тұлға деп анықталған. Мұнда заңды және азамат пайда алушы
бола алады.
Ал жалпы сақтандыру жағдайын заңның 817 - бабы анықтап, оны былай
деген: Сақтандыру жағдайы - басталған байда сақтандыру шарты сақтандыру
төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға - делінген.
Жалпы сақтандыру кезінде сақтандырушы компания барлық жағдайды өздері
жасайды. Өздері заңға сәйкес жарғыларын құрады, ставкаларын қояды сол
сияқты міндеттерді атқара отырып, залалдың соңында оның мөлшерін де
анықтайды. Бірақ мұның барлығы әрине ҚР Азаматтық кодексімен бекітілген.
Сақтандыру комланиясының қаржылық-шаруашылық қызметінің маңызды бағыты
сақтандыру резерві және меншік капиталының қаражаттарын инвестициялау болып
табылады. Жинақтаушы сақтандыру арқылы жиналған сақтандыру сыйақысының бір
бөлігін инвестициялау сақтандыру келісім-шарттарын орындаудың қажетті
элементі. Сақтандырудың тәуекелді түрлері ең алдымен мүліктік тәуекелден
сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақысын инвестициялау табыстың қосымша және
елеулі көзі болып табылады.
Сақтандыру компаниясының сақтандыру операцияларынан кейін, табыс көзі
ретінде екінші болып келетін олардың инвестициялық қызыметі дұрыс дамымай
отыр. Сонымен қатар, Қазақстандағы сақтандыру қызметі нарығындағы өскен
бәсекенің салдарынан сақтандыру тарифтерінің төмендеуі, әлеуетті
сақтанушының тәуекелден қорғаудың баламалы әдістерін таңдауы
сақтандырушылардың инвестициялық белсенділігін дамыту проблемасын, ең
көкейкесті проблемалардың қатарына қояды.[2;32-34]
Сақтандыру компаниясының активтері қарқынды түрде өсуде, 2011 жылдың 1
сәуірінде ҚР сақтандыру нарығының тұтас активі 366,7 млрд теңгеге жетті.
Институтционалды инвесторлардың активтерінің тұрақты өсуі ең сапалы және
өтімділігі жоғары қаржылық инструменттерге активтерге орналастыру үшін
сәйкес шарттарды жасауға алғы шарттар қояды. Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (ҚҚА)
бұл бағытта белгілі бір шаралар жүргізуде. Бірақ, оның мүмкіншіліктері
отандық қаржы нарығының белгілі даму ерекшелігіне байланысты шектеулі.
Сондықтан, сақтандыру компаниялары және зейнетақы қорлары экономиканың
нақты секторын ұзақ мерзімді ресурстармен қамтамасыз етуде елеулі роль
атқармайды.
Акция нарығының дамымауына байланысты өтімді қаржы инструменттерінің
тапшылығы тек сақтандыру компаниялары үшін ғана емес, елдің қаржы нарығының
да маңызды проблемасы болып отыр. Сондықтан, сақтандыру компанияларының
инвестициялық портфелінің құрылымындағы өзгерістер тек портфельді
диверсификациялау, жоғары табыстылығымен немесе аз тәуекелі бар
инструментті таңдау қажеттілігімен ғана емес, сонымен қатар салым
кездерінің шектеулігімен байланысты. Оған дәлел, Қазақстан Республикасы
Ұлттық банктің қысқа мерзімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының өмірді сақтандыру компаниялары
Қазақстанда сақтандыру нарығының қазіргі жағдайын қарастыру
Қытай Халық Республикасының сақтандыру дамуының жағдайы
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау
Сақтандыру нарығы жайлы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы
Қаржы нарығының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы
Қаржы нарығының мәні мен құрылымы
Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының жағдайы
Пәндер