Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы және дамуы



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І ТАРАУ. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНДЕРІ
1.1 Шағын және орта бизнестің экономидағы ролі мен мазмұны ... ... ...5
1.2 Шағын және орта бизнестің мақсаттары мен атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
2.1 Аймақтағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму перспективасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Ақтөбе облысындағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Шағын және орта бизнестің даму перспективасы ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
3.2 Шағын бизнесті басқарудың экономикалық механизмдерін жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І ТАРАУ. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНДЕРІ
1.1 Шағын және орта бизнестің экономидағы ролі мен мазмұны
... ... ...5
1.2 Шағын және орта бизнестің мақсаттары мен атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
2.1 Аймақтағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму
перспективасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Ақтөбе облысындағы шағын және орта бизнестің жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ
МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Шағын және орта бизнестің даму
перспективасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... 15
3.2 Шағын бизнесті басқарудың экономикалық механизмдерін
жетілдіру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей
түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. Биылғы жылы Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: Қазақстан
өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдік бәсекеге
барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты Қазақстан
халқына Жолдауында: Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік
әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы
ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың
өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған
жұмысты күшейту қажат,-делінген. Осыған байланысты Қазақстанның жаһандық
экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі
жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан
шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық
жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты мақсаттар
мен бағдарламалар жүзеге асырылды.
Ұсынылған бағыт Қазақстан экономикасын дамыту қағидаларына
негізделген, ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру
стратегиялары Ел Президентімен Қазақстан халқына: Қазақстан экономикалық,
әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында Жолдауында, яғни Қазақстан
экономикасын жақсарту және оған серпінді сипат беру, өзара байланысты
мақсаттар кешенін шешу көзделді.
Курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік
қызмет нарығының ахуалын талдау және экономикалық тұрақтылық жағдайында
кәсіпкерлік қызметті жүргізуде ұсыныстар жасау.
Міндеттері:
- шағын және орта бизнестің экономикадағы ролі мен мазмұнын ашу;
- шағын және орта бизнестің мақсаттары мен атқаратын қызметтерін
қарастыру;
- Аймақтағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму перспективасын
талдау;
- Ақтөбе облысындағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдау;
- шағын және орта бизнестің даму перспективасы ашып көрсету;
- шағын бизнесті басқарудың экономикалық механизмдерін жетілдіру.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі елдің кәсіпкерлік қызмет
саласындағы бағыттарын жүзеге асыру, кәсіпкерлік субъектілері қызметінің
аясын барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған
институционалдық жағдайларды жетілдіру болып табылады.
Зерттеу пәні қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметті жүргізудің
әдіс - тәсілдерін жетілдіру бағыттарын топтастыру.
Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау әртүрлі
бағыттарда жүзеге асырылады. Болашақта елде шағын кәсіпкерлікті дамытуды
одан әрі кеңейту бағыттары жоспарланып отыр. Осыған байланысты кәсіпкерлік
бағытты жандандыру шаралары да ұйымдастырылу үстінде.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
І бөлімде шағын және орта бизнестің экономидағы ролі мен
мазмұны, шағын және орта бизнесті мақсаттары мен атқаратын қызметтері
қарастырылады.
ІІ бөлімде аймақтағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму
песрпективасын талдау, Ақтөбе облысындағы шағын және орта бизнестің
жағдайын талдау қарастырылған.
ІІІ бөлімде шағын және орта бизнестің даму перспективасы
ашып көрсету, шағын бизнесті басқарудың экономикалық механизмдерін
жетілдіру қарастырылған.
Курстық жұмысты жазу барысында келесідей экономист - ғалымдардың
еңбектері қолданылды: Әубәкіров Я., Токсанова Н., Жесенбай Қ., Мейрбеков
А.Қ., Алімбетов Қ.Ә., Комягин Б.И., Қашықов Ш. және т.б. Ал сандық
көрсеткіштер келесідей мерзімдік басылымдардан алынды: Қоғам және дәуір ,
Егемен Қазақстан, Қаржы менеджмент және де т.б.

І ТАРАУ. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНДЕРІ
1.1 Шағын және орта бизнестің экономидағы ролі мен мазмұны

Кәсіпкерлік әлемдік қоғамдық дамудағы барлық кезеңдеге
қатысты болып табылады. Ортағасырлық араб ойшылы Ибн-Хальдун (1332-1406 жж)
кәсіпкерлікті меншікпен, еңбекпен, адамның қабілеттілігімен сәйкестендіре
отырып зерттеген. Батыс Европада кәсіпкерлікті оқып білу физиократтар
иелігінде болған. Ф.Кенэ Экономикалық кестеде басты орынды жер иелері -
кәсіпкерлеріне берген, яғни егер де кім жерді жалға алса, ол ауыл
шаруашылығын жоғары өндірістік дәрежеде көрсетеді,-дейді. Кәсіпкерлік
түсінігінің дамуы одан кейін физиократтар түсінігінде А.Тюргоның еңбегінде
көрсетілді. Оның схемасында қоғамның өндірістік тобының міндеттілігі
қарапайым жұмысшыларға еңбекақы төлейтін, аванс беретін капиталистерге
немесе кәсіпкерлерге түсті. Ж.Б.Сэй Саяси экономия трактатында
кәсіпкерді қандай да бір өнімді өзінің меншігіне және өзінің есебіне
әкелуге іс-әрекет жасайтын тұлға ретінде сипаттады. Сонымен қатар, ол
кәсіпкерлікті тәуекел факторына, ал кәсіпкерді өзіне пайда келтіру үшін
тәуекелге баратын адам деп көрсетті. Кәсіпкерлікті дамытудағы қажетті
шарттардың бірі деп ол өндіріс факторларын қозғалысқа келтіретін (табиғат,
еңбек, капитыл) адамның білімі деп есептеді.
А.Маршал бойынша оның негізілігі шығамашылық процесс
функциясы ретінде қойылған бағыттар деп көрсетіледі. Ал, И.Шумпетердің
айтуы бойынша, кәсіпкерлік бұл қоғамдық жүйенің және ғылыми - техникалық
қозғалыстың негізі ретінде капитализмнің адамдық факторы болып табылады.
Капитализмнің орталық фигурасы ретінде ол кәсіпкерлікті қарады. Сондай-ақ,
кәсіпкерлікті технологияның дамуымен, жаңашылдықпен және экономикалық
өсумен байланыстырды. Кәсіпкерлікті жаңа негізгі өндірістік факторлар
комбинациясын жасаудағы шаруашылық субъектілері деп түсінді.
Шағын және орта бизнес базар қатынастарын ұдайы іске қосып
отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын және орта
бизнес, ең алдымен, базардың тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының
құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты
белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар,
мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті
орта тапты жасақтайды. Шағын және орта бизнестің әлеуметтік міндетіне:
халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық
сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. Дамыған елдердің тәжірибесі
шағын және орта бизнес экономиканың даму қарқынын арттыра түсетінін
көрсетеді. АҚШ-та барлық жұмыс күшінің 50 пайызы шағын кәсіпкерлікпен
шұғылданады. Ішкі өнімің 33 пайызын нақ сол қамтамасыз етеді. Жапонияда
жұмыс күшінің 80 пайызы шағын кәсіпкерлікте жұмылдырылған, жалпы өнімнің
55 пайызы солардың үлесіне тиеді. АҚШ-та шағын кәсіпкерлік ғылыми - зерттеу
жұмыстарының 3 пайызын ғана жүзеге асырса да, өндіріске енгізілетін ірі
жаңалықтардың 50 пайызын қамтамасыз етеді. Шағын кәсіпорындардың
экономикалық тиімділігі соншалықты айқын: ірі кәсіпорындар жаңа өнім
өндіруге жұмсаған бір доллар шығынмен салыстырғанда, осы көрсеткішпен шағын
кәсіпорындар жаңа өнімдерді 17 есе көп шығарады, шағын фирмалар мен дербес
өнер тапқыштар жаңа технологияның 90 пайызынан астамын жасайды.[3, 132б.]

Қазақстанда шағын кәсіпорындар жүйесін қалыптасыру әлі жүріп
жатыр. 1990-жылдардың басында Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің анықтамалары болмаған еді. Сондықтан, әрқилы құрылымдарға
түрлі анықтамалар қолданылды. Кейбіреулер он немесе одан да аз жұмысшысы
бар кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызса, енді біреулер мұны 200 және
одан да көп жұмысшысы қамтылған кәсіпорындар үшін қолданады. Соның
салдарынан бірыңғай статистикалық ұғым қалыптаса қоймады, шағын бизнеске
жатызылатын кәсіпорындардың нақты белгілері айқындалмады. Мұның өзі,
республиканың экономикалық дамуына осы сектордың қосар үлесіне лайықты баға
беруге және шағын кәсіпорындарды нақты топтастыруға мүмкіндік бермеді.
Бизнеске қатысына қарай, шағын деген анықтама жұмысшылардың саны, жалпы
табыс, сондай-ақ, жылдық айналым ұғымында түіндірілуі мүмкін. Фирмаларды
көлемі бойынша топтастыру кезінде негізінен бірінші белгі ескеріледі: шағын
бизнеске жұмысшы саны 100 адамға дейін, ал Қазақстанда 50 адамға дейін
болатын, кәсіпорындарды жатқызу қабылданған.
Бүгінгі күні шағын кәсіпорындар тиімді болып табылатын
өндіріс түрлері аз емес. Көптеген ғалымдар өркенияты базарлы экономиканың
материалдық және әлеуметтік базасында ұсақ, сондай-ақ, орташа бизнес тиімді
қызмет көрсетеді деп санайды. Олар жеке меншікке негізделген шаруа қожалығы
ғана ауыл экономикасын өркендетеді десе, басқалары ірі шаруашылықтардың
басымдылығын алға тартады, үшіншілері осы және басқа да меншік пошымдарын
мойындайды. Бірақ шаруашылықты басқарудың кез-келген пошымы, орнықты
экономикалық орта қалыптасқанда ғана табысты жұмыс істей алады, яғни
меншіктің барлық пошымы үшін бірдей базар шарттарын орнықтырып, нағыз
бәсекелестікке жол ашудың маңызы зор. Шағын және орта бизнес тек
бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен
ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы олып табылады. Ол шағын және орташа
қалалар мен аудандар аумағында тұратын адамдардың әлеуметтік-экономикалық
жағдайын жақсартуға қызмет етеді. Шағын және орта бизнес мемлекет тарапынан
оңай қадағаланады және оны дамытуға көп шығын жұмсалмайды.
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті дамыту
мен колдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар
белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз
ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру,
айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік
иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген.[3, 133б]
Соңғы 20-25 жылдарда жаңа нарықтық экономикада шағын
кәсіпкерлік рөлінің әдістемелік өзгергені байқалады. Бірігіп жұмыс істеу
қарым - қатынасында орнықты және тиімді келісімдер жүргізу және тәуелсіз
өндірушілер массасының өсуі байқалады. Шағын кәсіпорындарды ірі
кәсіпорындармен салыстырғанда, экономикалық тиімділіктің жергілікті нарыққа
жақындығы, тұтынушылардың сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі.
Шағын кәсіпорын өндірістік және дербес тұтынудың бөлінуімен байланысты
өркендейді. Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы
жетілдіруге септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс
орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды. Шағын кәсіпорындардың дамуы
нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын
арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік
жасайды.
Қазіргі жағдайда, экономиканы сауықтандыруға шағын
кәсіпорындардың қосқан үлесі жоқтың қасы. Оның себебі, жалпы өндірістің
төмендеуі және ТМД елдерімен экономикалық қатынастардың үзілуінен болып
отыр. Сонымен бірге, шағын кәсіпорынға мемлекеттік қолдау орындала алмай
келеді. Шағын кәсіпорындарға жан - жақты қолдау болмаған жағдайда олар өз
бетімен жұмыс істеп кете алмайды. Дүние жүзіндегі барлық елдерде шағын
кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау қоры болады. Мысалы, Жапонияда жыл сайын 2-
3 млрд.доллар бюджетте қаралады. Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік
қолдау тек қана пайдаға салынатын салық жеңілдігі ғана. Шағын бизнестің
басты проблемасы - ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде
мүлікке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын шағын кәсіпорында жоқтың қасы,
сондықтан шағын кәсіпорындардың керекті несиесіне кепілдік бере алмайды.
Сондықтан, шағын бизнесті қолдайтын арнайы банк, несие банктің бір бөлімі
болуы керек. Шағын кәсіпкерлік фирмалар қәзіргі жағдайда делдалдық сферада,
сонымен қатар тез айналатын сала сауда - саттық, қоғамдық тамақтану,
азаматтық құрылыс, техника және машиналарды жөндеу, басқада салаларда орын
алып отыр. Шағын кәсіпорын өзінің жеке пайдасын аттыру мақсатында және
кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігіне қарай сұраныс бар тауарлар шығару мен
қызметтер атқару үшін өзінің әлеуметтік дамуы негізінде жұмыстарын алдын -
ала жоспарлауы керек. Жоспардың негізінде тауар алушылармен және шикізат,
материалдар сататын кәсіпорындармен, өндіріске керекті өнімдермен жабдықтау
туралы шарттар болуы керек. Қазіргі кезде, нарықтың жасақталуы - көпқырлы
процесс. Мұнда ірі монополистік кәсіпорындармен қатар шағын бизнесті
дамытуға үлесін қосатын кәсіпорындардың дамуы жалпы экономикалық тиімді
шара. Оның ірі кәсіпкерлік фирмаға қарағанда тиімділігі жергілікті нарыққа
жақындығы, тұтынушылардың сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі,
қосымша жұмыс орнының жасақталуы, жергілікті шикізаттарды ұтымды пайдалану
және тағы басқалар. Қазақстан Республикасында экономикалық реформа
барысында алдын-ала түбегейлі ойластырылған бағдарламаның жоқтығынан ірі
индустриалды кәсіпорындарды шағын, орташа кәсіпорындарға жаппай көшуден
тарихта кешірімсіз қателер болды. Бұл өрескел қателіктерді жою үшін
мемлекет ірі индустриалды кәсіпорындарды қайта құрумен байланысты шағын
кәсіпорындарға арнайы бағдарламалар бойынша жан-жақты көмек көрсету керек.
Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындардың әлеуметтік қызметі жұмысқа
қамтылмаған көптеген жұмыс күшін қамту, ол әлеуметтк қайшылықты, қиындықтар
мен жұмыссыздықты жоюға септігін тигізеді.

1.2 Шағын және орта бизнестің мақсаттары мен атқаратын қызметтері

Шағын және орта бизнесті дамытуға Қазақстан азаматтарының
бизнеспен айналысуына қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау
мақсатымен мынадай шаралар көзделген:
- жеке адамның және жанұялық кәсіпкерліктерін, шаруашылық қожалықтарының
істеріне мемлекет ұйымдарының заңсыз араласпауына кепілдік беретін
заңдармен қамтамасыз ету;
- шағын бизнес субъектерін мемлекеттік тіркеудің жеңіл тәртібін енгізу,
бұл тіркеудің мерзімін және ақысын қысқарту, қажетті жоғарғы орынның
көлемін азайту, шағын кәсіпкерлік меншігіне мемлекеттік меншікті
ақысыз беру;
- мемлекеттік бақылау ұйымдарының шағын бизнес субъекттерінен қосымша
ақы алуға мүмкіндік беретін қазіргі күші бар заңдылық нормативтер мен
жағдайларды жою. Бұған тек заңдар бекітілген айыптар, өсімдер және
басқа санкциялар жатпайды;
- материалдық өнімдер өндірісімен шұғылданатын шағын бизнес субъектеріне
салық және кеден ақысын төлеуде жеңілдіктер беруді өрістету.
Шағын бизнестің негізгі мақсаты – халықты жұмыспен
қамтамасыз ету, оның әлеуметтік проблемаларын шешу және еңбекке деген
ынталылығын дамыту, тұтыну нарығын мол ассортиментті тауарлармен және
қызмет етумен толтыру.
ҚР экономика, индустрия және сауда министрлігі жанында шағын
кәсіпкерлікті қолдайтын агенттігі ашылған. Оның міндеттері мынадай:
- шағын кәсіпкерлікті қолдайтын орталық және жергілікті ұйымдардың
әрекеттерін реттеу;
- шағын бизнес даму бағдарламаларын жасауға және іске асыруға қатысу,
алдымен материалдық өндіріс өрісінде;
- шағын кәсіпкерлікке қаржылай және техникалық көмек көрсету мәселелерін
шешу үшін халықаралық қаржы институттарымен байланыс жасау;
- экономиканың шағын бизнес секторына шетел инвестицияларын тарту үшін
қолайлы жағдай жасауға жәрдем беру.
- Шағын бизнес объекттердің статусы олардың жұмысшылардың санына
және жиынтық табысына негізделеді.
ҚР Үкіметінің заңды ұйымдары мен кәсіпкерлерінің, халықаралық

ұйымдарының шетелдік үкіметтік және үкіметке жатпайтын құрылымдардың
қатысуымен 1997 жылы маусым айына дейін шағын кәсіпкерлікті дамытатын Қор
ашылуы жөнінде ұсыныс енгізілуі белгіленген. Қордың негізгі әрекеті бәсеке
негізінде шағын бизнес жобаларына 5 млн. теңге көлемінде несие беру. ҚР
Үкіметіне ҚР Ұлттық банкісімен бірге шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарына
және екінші деңгейдегі банкілерді де мемлекеттік қатысуымен есеп шот ашуды
қамтамасыз ететін шараларды тапсырма берілді. Осымен қатар екінші
деңгейдегі банкілерді бірінші кезекте шағын бизнес субъектеріне несие
беруін ынталандыратын шаралар жүйелері де жасалуда.
Облыстарда ҚР Қаржы министрлігімен бірге мынадай шаралар
жүргізілуде:
• мемлекеттік кәсіпорындарындағы пайдаланылмайтын объектерді және
алаңдарды түгелдеу;
• 1997 жылдың екінші тоқсанында пайдаланылмайтын субъектерді өндіріс
әрекетімен айналысатын шағын бизнес субъектеріне тендер арқылы сату
және олардың құнын бөліп-бөліп үш жыл мерзімінде төлеуге рұқсат
беріледі;
• пайдаланылмайтын өндіріс ғимараттар туралы мәлімет берген
кәсіпкерлерге, егерде олар өндіріспен айналысса, ғимараттар жалға
немесе сенімхат бойынша бір жыл мерзімінде беріледі. Келешекте
объектер кәсіпкерлердің меншігіне беріледі. Егер де кәсіпкерлер алты
айдың ішінде өндірісті іске асыра алмаса, объектер қайтарылып алынады.
Қайтарылған мүліктер қайтадан жарысқа қойылады;
• шағын бизнес орталықтарын және бөлімшелерін салуға арналған жерлер
анықталады, ай сайын шағын бизнес субъектері араларында жерді сату
жарыстары жүргізіледі;
• Жердің құны бес жыл мерзімінде бөліп-бөліп төленеді. Өндіріспен
айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектеріне жерге ие болу құжаты ақысыз
беріледі;
• өндірістік әрекеттер ұйымдастыру үшін шағын бизнес кәсіпорындарының
пайдалануына, аяқталмаған мелекеттік құрылыс объектері тендер
негізінде берілуі қамтамасыз етіледі.
Демек, шағын және орта бизнестің рөлі мына көрсетілген алты
қызметтен көрінеді.
Біріншіден, шағын өндіріс нарық конъюктурасының өзгерісін
икемді сезінеді, бұл нарық экономикасында ірі кәсіпорын алыптарға мүмкін
емес.
Екіншіден, шағын бизнес әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы
қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай бизнестің болмауынан осы ресурстар
пайдаланылмаған болар еді.
Үшіншіден, шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда
айтарлықтай үлес қосады, бұл кез – келген мемлекеттің жоғары деңгейде
монополия экономикасы жағдайында бірінші кезекте маңызды.
Төртіншіден, шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін
шешуде үлкен рөл атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық
жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50 – 60% және жаңа жұмыс орындарының 70 –
80% келеді.
Бесіншіден, атап көрсеткендей, шағын өндірістің ғылыми –
техникалық жаңалықтардың 50% келеді (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар,
Палороид типті фотоаппараттар).
Алтыншыдан, шағын бизнестің әлеуметтік қысымды жақсартудағы
орнын таптырмас рөлі бар. Ауыр дағдарыс кездерінде халық осыдан жұмыс тауып
және өздерінің қабілеттерін жүзеге асыра алады.
Кәсіпкерліктің халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, өтпелі
экономикада мемлекет, ережеге сәйкес, тек жаңа басталған сауда кәсіпкерлігі
көтермеледі, бұл өндіріс саласындағы қызметті тиімсіз қалдырды. [4, 157б]
Өтпелі экономика үшін нарықтық инфрақұрылымының дамымағандығы
тән, бұл шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейді.
Қазақстан Республикасындағы 1998 жылға дейін тоқтамаған
өндірістің құлдырауы, инфляциялық процестер кезіндегі бағалардың өсуі,
тұрғындардың номиналды табыстардың өсуін анық басып озды, бұл өндіріс
саласында оның ішінде шағын бизнес негізінде кәсіпкерлік қызметтің дамуын
айтарлықтай тежейді.
Соңында шағын және орта бизнестің дамуын тежеуші факторына
өндірістік саладағы шағын бизнестің маңыздылығын әлі бағаламағандығын
жатқызуға болады.

ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
2.1 Аймақтағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму перспективасы

Шағын және орта бизнесті қаржыландыруды жандандыру отандық
экономиканы дамытудың ең өзекті мәселелерінің бірі. Себебі, олар арқылы
әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген мәселелерін шешеді: өндіріс
өнеркәсібін модернизациялауды және кеңейтеді, бәсекеге қабілетті өнімдерді
шығарады, жұмыс орны санын өсіреді, халықтың әл-ауқатының жалпы деңгейін
көтереді.
Республикамыздағы тағы бір мәселе шағын кәсіпкерлікке
қаржылық көмек көрсетуде географиялық дисбаланс байқалады. Өйткені қаржының
басым бөлігі Алматы (62%), Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе областарында
жергілікті органдардың шағын бизнеске көңіл аудармауы мен төмен қолдауына
байланысты жалпы берілген несиелердің (1,5%). Ал, Алматы облысының үлесіне
барлық банктік несиелердің 13%, Шығыс-Қазақстан – 6%, Жамбыл облысының
үлесіне небәрі 1%. Ал, екінші қалалар мен ауылдың шағын және орта
кәсіпорындары несиелік ресурстарға өте зәру болып отыр, яғни несие
ресурстары аймақтық жобалардан тыс қалып отыр. Өйткені коммерциялық
банктердің аймақтармен байланысы және аймақтық кіші және орта жобаларды
қаржыландыруға олардың ынтасы жоқ.
Сонымен қатар, банктік нормативтер де шағын бизнесті
қаржыландыруға олардың ынтасы төмен. Қазіргі кезде аймақтарда: ұсақ сауда
орнын, тамақтандыру саласы сияқты өте қарапайым жобалар ғана ұсынылады.
Елде отандық шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді дамуы үшін
қызметі инновацияны енгізумен, өнім экспортымен байланысты, шағын және орта
субъектілері жеңілдетілген несиелеу сияқты қолдау түрін әрі қарай тарату
және кейбір жағдайларды іске асыру механизмін құру қажет, франчайзинг,
венчурлік бизнесті субмердігерлік және лизингті белсенді қолдану үшін
жағдайлар жасау керек. Осындай қолдаудың нәтижесінде шағын және орта
кәсіпкерлік ұлттық экономикада елеулі рөл атқара бастайды.
Сонымен қатар, біздің ойымызша, шағын және орта
кәсіпкерлікті Қазақстанда дамытудың бірден-бір жолы – бұл сала аралық шағын
кәсіпорындар құру, аймақтық салалық құрылымды жетілдіруде шағын
кәсіпкерліктің рөлін көтеру арқылы олардың арасындағы сапалы біркелкі
үйлестіру жұмыстарын ұйымдастыру, шағын кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштерін
қалыптастыру, нарықтық экономикасы тұсында көп деңгейлі шағын кәсіпкерлікті
дамытуды жеделдету шараларын дайындау жатады.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі мақсаты -
олардың әлеуметтік-экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер
жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал ету.

2.2 Ақтөбе облысындағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдау

Ақтөбе облыс экономикасының үдемелі дамуының ерекше
талабы − шағын және орта бизнестің субъектілері қызметін
жандандыру, бизнесті қолдау инфрақұрылымын дамыту үшін жағдай
жасау.
2009 жылғы кәсіпкерлік дамуының экономикалық көрсеткіштері
экономиканың осы саласында оң нәтижеге қол жеткізгендігін дәлелдеп отыр.
Бұл кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының күшеюімен байланысты.
Мемлекеттік қолдаудың басты бағыттарының бірі − қаржылық
қолдау. Мемлекеттік сатып алуларда қазақстандық үлесті көбейтуге зор
мән беріліп отыр. 2009 жылы мемлекеттік сатып алу сомасы 67,7 млрд.
теңгені құрады. Мемлекеттік сатып алу көлемінде шағын және орта
бизнес субъектілерінің тауарлары, жұмыстары мен қызметтерінің үлесі − 42,4
млрд. теңге немесе 62,2 % құрады.
2009 жылы облыста барлық қаржыландыру көздерінен шағын
және орта бизнеске 77,2% млрд. теңге көлемінде қаржы несиелік қолдау
көрсетілді.
Осылайша, бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік
саясатының жүзеге асуы облыстағы бизнестің одан әрі дамуын
қамтамасыз етті. 2009 жылы бизнес субъектілерінің жалпы саны 4,5% ұлғайды
және бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлға түріндегі кәсіпорындар саны
6,4% өсті.
Мәлімет көзі: [2] алынған
Облыстың әр 1000 адамына 12 шағын және орта
кәсіпорындарынан келеді. [3, 9б.]
Шағын және орта бизнесте жұмыс жасайтын адамдар саны
158,0 мың адамға жетті және аймақтың экономикасында жұмыс
жасайтын тұрғындар санының 40,0% құрады, сонымен қатар аталған
саладағы жұмысшылар 2008 жылмен салыстырғанда 3,2% өсті.
Егер шағын және орта бизнес субъектілерінің өңірдің жалпы
өніміндегі үлесі 2008 жылы 16,6% құраса, 2009 жылы − 19,0% құрады,
өндірілген өнім, атқарылған жұмыс пен көрсетілген қызметтер
көлемі 151,8 млрд. теңгеге жетті, бұл 2008 жылдан 5,1% артық.
Шағын және орта бизнес субъектілерінен түскен бюджет
төлемдері 57,4 млрд. теңгені құрады немесе 2008 жылмен салыстырғанда
97,3% (бюджеттік түсімдердің азаюы ҚҚС (НДС), КТС (КПН) және
әлеуметтік салық мөлшерлемелерінің түсуіне байланысты).

Мәлімет көзі: [2] алынған

Жеке кәсіпкерліктің қарқынды дамуына әсер еткен кәсіпкерлік
инфрақұрылымының маңызды элементтері: бизнес инкубаторлар,
консалтингтік және кеңес беру орталықтары. Бүгінде 50-ге жуық қоғамдық
бизнес құрылым белсенді жұмыс жасауда, оның ішінде 18 қор, соның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесінің қалыптасуы
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуы
Шағын және орта бизнестің мақсаттары
Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
Ұсақ бизнес
Шағын және орта бизнестің инновациялық әлеуеті
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы
Кәсіпкерлік. Кәсіпкерлікті дамыту
Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ-ның кәсіпкерлік фирмаларды несиелеу механизмдерін жетілдірудің негізгі бағыттары
Пәндер