Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің төлем карточкалар айналымы операцияларының ұйымдастырылуы және дамуы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстандағы коммерциялық банктердің пластикалық карточкалармен операцияларын ұйымдастырылуы және дамуы.
Төлем карточкаларның қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдаланылуы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие. Халықтық нарықтарда әр түрлі төлем карточкаларын пайдалану технологиясын дамытуда көптеген жетістіктер бар. Пластикалық карточкалар алдағы уақытта төлем құралымен бірге төлқұжат ретінде қолданысқа енбекші.
Қолма-қол қағаз ақшалар орнына төлем карточкаларын және электронды ақшаларды қолдану - бұл өркениетті әлемге ену үшін жасалған маңызды қадам. Оларды пайдалану банк операцияларының ЭЕМ-ның көмегімен компьютерлендіру, автоматтандыруды қолдайды.
Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын, қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналымының қысқаруын, ақша айналымына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады.
Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып төлем карточкасы табылады.
Төлем карточкасы - бұл ақша емес, ол электронды терминалдар мен басқа да құрылғылар арқылы ақшаңызды басқару құралы. Электронды терминалдар мен құрылғылар төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валютаны айырбастауға және т. б. операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Карточканы жоғалту ақшаны жоғалтуды білдірмейді: ақшаңыз толық сақталады.
Әлемде төлем карточкалардың оннан аса дебеттік және кредиттік түрлері бар: саяхат, халықаралық есеп айырысулар, банкоматтан қолма-қол ақша алу, бөлшек сауда есептеу үшін және т. б.
Төлем карточкаларын пайдалана жүргізілетін төлемдер қолма-қол ақша беру төлемдері мен сауда терминалдары арқылы жүзеге асырылатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін ақы төлемдері болып жіктеледі. Ал төлем карточкалары жергілікті жүйелер карточкалары және халықаралық жүйелер карточкалары болып бөлінеді. Жергілікті жүйелердің карточкалары ұлттық валютада тек Қазақстан Республикасының аумағында (ALTYN, ЕРТІС, Каспийский) қолданылады. Халықаралық жүйелердің карточкалары еліміздің ішінде де және сыртында да қолданылады (VISA International, Europay International, American Express, HSBC, Dinners Club International) .
Банктерге карточкалардың беретін артықшылықтарының бірі - олардың банктен алыс қашықтықта тұратын клиенттерде қызығушылық тудырғанында. Әдеттегідей клиенттер жұмысына немесе тұрғылықты жеріне жақын банкті таңдайды. Карточкалардың пайда болуымен бұл мәселе аса маңызды болмады. Банктерге өзінің карточкаларын мыңдаған шақырым жерлерге тарату арқылы өзінің ықпал ету дәрежесін ұлғайтуға мүмкіндік туды.
Пластикалық карточкалар Қазақстан нарығын белсенді жаулап алуда. Соңғы бірнеше жылдарда «электронды әмияндарды» белсенді шығарып отыратын банктердің саны өсті. Қазақстандық нарықта барлық негізгі халықаралық карточкалар бар.
Қазақстанда магнитті карточкалар саласы бойынша барлығы әдеттегі классикалық сызба бойынша жүзеге асырылады:
-халықаралық карточкалардың эмитент-банктері санының қарқынды өсуі;
-алдыңғы қатарлы төлем жүргізу бәсекелестігі;
-магнитті карточкаларды банктік технологиялық процесте пайдалануды ұлғайту, мысалы, шотты бақылау құралы ретінде.
Қазақстанда «карточкалық» іс қазіргі кезде нағыз бумды бастан кешіп жатыр. Көптеген банктер магнитті карточкаларды, микросхемалы және смарт-карточкаларды пайдалану арқылы жеке төлем жүйесін құруда. Қазақстандық банктердің көбі Visa және Europay халықаралық жүйелеріне қосылуда. Елімізде пластикалық карточкаларға негізделіп жүзеге асырылатын жүйелердің барлығын атап отыру мүмкін емес. Бұнда бірден бірнеше бағдарламаларды көруге болады. Бұл халықаралық төлем жүйелері, магнитті карточкаларға негізделген жинақ кітапшалары және смарт-карталар.
Диплом жұмысына осы тақырыпты таңдап алудағы мақсатым: Қазақстанда пластикалық карточкалар негізінде төлем төлеу нарығының қалыптасу барысын, қызмет көрсету деңгейін жүйелі түрде талдау, карточкалардың түрлері мен құрылымын анықтау және «ЦентрКредитБанк» АҚ-ның төлем карточкаларына талдау жасау.
Жұмыс міндеттері :
-Төлем карточкалардың ұғымы мен мәнін қарастыру;
-Төлем карточкаларның түрлерін қарастыру;
-Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің төлем карточкалар қызметін талдау;
-Коммерциялық банктрдің төлем карточкаларын дамытуға байланысты ұсыныстар жасау.
Дипломдық жұмысты жазу барысында мынадай экономист ғалымдардың еңбектерін пайдаландым: Сейтқасимов Ғ. С., Көшенова Б. А., Мақыш С. Б., және т. б.
Қазақстандағы төлем карточкаларын шығаруға байланысты қызметті лицензиялайтын, оларды шығаруға және пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейтін жалғыз орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекетгік мекемесі болып табылады. Қазақстандағы төлем карточкалар нарығы 1994 жылдан бастап дами бастады. Қазақстанда ең танымал төлем карточкалары болып «Visa» және «Eurocard-Mastercard» табылады. Олар арқылы 300-ден аса елдердің 18 млн-нан аса сауда және сервис мекемелерінде қызмет көрсетіледі. Төлем карточкаларымен есеп айырысулар - төлем карточкаларымен есеп айырысулар компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өндеу кұралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы : Төлем карточкалардың ұғымы мен мәнін қарастырылған, төлем карточкаларның түрлерін қарастырылған, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің төлем карточкалар қызметін талдау жасалған, Коммерциялық банктрдің төлем карточкаларын дамытуға байланысты ұсыныстар жасалған.
Халықтық нарықтарда әр түрлі төлем карточкаларын пайдалану технологиясын дамытуда көптеген жетістіктер бар. Пластикалық карточкалар алдағы уақытта төлем құралымен бірге төлқұжат ретінде қолданысқа енбекші.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі айқындалып, дипломдық жұмыстың міндеті, зерттеу нысаны, Зерттеудің ғылыми жаңалығы , Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі зерттеудің тәжрибелік маңыздылығы, зерттеудің ғылыми жаңалығы айқындалады.
Бірінші тарауда- Қазақстандағы коммерциялық банктердің пластикалық карточкаларның теориялық негізі, төлем карточкалардың ұғымы мен оның түрлері, төлем карточкаларының пайда болуы мен айналымға енуі, төлем карточкалары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық аспектілері.
Екінші тарауда- Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің төлем карточкалар айналымы операцияларының ұйымдастырылуы және дамуы, Төлем карточкалар айналымы операцияларының дамуын талдау, «ЦентрКредитБанк» АҚ-ның тарихы мен қаржылық сипаттамасы, «ЦентрКредитБанк» АҚ-ның шығаратын төлем карточкаларның түрлері.
Үшінші тарауда -Коммерциялық банктрдің төлем карточкалармен көрсетілетін қызметтерін дамыту жолдары, «ЦентрКредитБанк» АҚ-ның төлем карточкалармен көрсетілетін қызметтерін жетілдіру, Қазақстан Республикасында төлем карточкалармен есеп айырысудағы мәселелерді шешу жолдары мен перспективалары.
Диломдық жұмыстың қорытындысында, жұмыстың маңыздылығы, дамыту жолдары мен негізгі ұсыныстары беріледі.
1 Төлем карточкаларына жалпы сипаттама
1. 1 Төлем карточкалардың ұғымы мен оның түрлері
Пластикалық карточка - бұл ақпараттың қазіргі жоғары технологиялық алып жүрушісі. Мамандардың айтуы бойынша, пластикалық карточка - бұл Қазақстанның төлем жүйесінің болашағы. Пластикалық карточка жақында тек қана қолма - қол ақшаларды емес, құжаттарды да ауыстырады (жеке куәлік немесе төл құжат орнына - карта суретімен) . Барлық әлемде 2, 5 миллиардтан астам адам тауарлар мен қызметтерге төлем жасау, жалақы алудың құралы және есептеудің тағы басқа түрлері ретінде пластикалық карточкаларды таңдады. Ендеше, пластикалық карточка қолма - қол ақшалармен еспетеуге қарағанда, қолайлы, әрі сенімді болып табылады.
Төлем карточкасы - электронды терминалдар немесе өзге құрылғылар арқылы ақшаға қол жеткiзу құралы, онда мұндай карточканы ұстаушыға төлемдердi жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және төлем карточкасының эмитентi белгiлеген әрi соның шарттары бойынша басқа операцияларды жүргiзуге мүмкiндiк беретiн ақпарат болады.
Пластикалық карточкалар банк ісіндегі «технологиялық» революцияның маңызды элементтерінің бірі болып табылады
Төлем карточкасын беру кезінде шарт жасалады, онда мынадай міндетті шарттар болуы тиіс:
- төлем карточкасын беру талаптары;
- төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру талаптары;
- қосымша картокалар берілетін адамдардың тізімі немесе адамдардың тізіміне сілтеме (төлем карточкаларын беру туралы шарт негізінде түрлі ұстаушыларға бірнеше төлем карточкаларын беру кезінде) ;
- төлем карточкасын алу тастау және оқшаулау талаптары;
- төлем карточкасының және/немесе төлем карточкаларын беру туралы шарттың қолданылу мерзімі;
- тараптардың құқықтары мен міндеттері;
- тараптардың жауапкершілігі.
Бірінші көпшілік төлем карточкаларын пайда болу тарихы жарты ғасырдан астам болып саналады. Қазақстанның тұрғындары олардың күнделікті өміріне сеніммен кірген төлем құралының осы түрінің ыңғайлы екендігін өткен он жылдың ортасында ғана бағалай алды.
Әлемдік карточка индустриясын дамытудағы маңызды кезең 2000 жылдардың бірінші жартысы - чиппен жабдықталған төлем карточкаларын тарату уақыты болды. Уақыт көшіне ілесе отырып, Қазақстандық банктер 2005 жылы магниттік жолағы бар карталарды біртіндеп ауыстыра отырып, «чиптік» карталар шығаруға кірісті.
Қазіргі уақытта төлем карточкаларының нарығында қызмет көрсетудің үлкен ассортименті көрсетілді және түрлі карточкалық бағдарламалардың елеулі саны ұсынылады. Мәселен, төлем карточкасының көмегімен дүкендер мен мейрамханаларда тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем жасауға, коммуналдық қызмет көрсетулерді, байланыс қызметін, салық және кеден төлемдерін төлеуге, кредиттерді өтеуге, карточкадан карточкаға ақша аударуға, Интернет немесе телефонды пайдалану арқылы тауарларға және қызмет көрсетуге тапсырыс беруге болады.
Пайдаланушылар мен банк жұмысшылары карточкалар туралы айтқанда, түсініктер шатасып кетеді. Біреулер несие карточкалары туралы айтып, оларды банктік дейді, ал басқасы есеп айырысу карточкалары туралы айтып, оларды пластикалық деп атайды. Бұл түсініктер ұқсас болғанымен, мағынасы әр түрлі. Несие карточкаларын банктік деп, біз оларды кім шығаратынын айтамыз, пластикалық карточкалар туралы айтып, олардың қандай материалдан жасалатынын айтамыз.
24 тамыз 2000 жылы ҚР төлем карточкаларын шығару мен пайдалану ережесіне сәйкес, төлем карточкасы - бұл заңды және жеке тұлғалармен тауарлар мен қызметтерге қолма-қолсыз төлем жүргізу үшін, қолма-қол ақша қаражаттарын алу үшін, сонымен қатар, шетел валютасында айырбас операцияларын жүргізу үшін колданылатын карточка.
Карточкаларды пайдалану арқылы төлем жүйесін құруда қандай да бір карточкалардың түрін таңдау маңызды болып келеді. Бұның маңыздылығын түсіну үшін карточкалардың жеке түрлеріне талдау жасап, оларға классификация жасайық.
Карточкалардың классификациясы - бұл жай ғана мәселе емес. Карточканы шығару туралы шешім қабылдағанда, бұл не үшін керек және бұл қандай карточкалар болатынын анықтау керек. Карточканы алғысы келген адам, оның оған не үшін керектігін түсініп, керекті карточканың түрін таңдауы керек. Карточкалық қызметтің мәні - оларды шығару емес, төлем жүйесіне қатысушылар арасындағы қолма-қолсыз есеп айырысуды жүргізудің механизмінде. Карточка қандай да бір төлем жүйесіндегі бұл механизмнің ерекшелігі және құралы болып табылады.
Карточкалардың түрлері:
- қағаз (картонды) ;
- пластикалық;
- металды.
Ең бірінші қолданылған карточкалар картоннан болды. Бұндай карточкалар өткен ғасырдың 20-жылдары кәсіпорындармен бөлшек саудада және мұнай компанияларымен пайдаланылған. Төлем ретінде бұл карточкалардың қызмет көрсету мерзімі ұзақ емес, жүзеге асыратын төлем сомасы көп емес болуы керек. Қағаз карточкалар арзан, бірақ ұзақ мерзімді емес, ал металды карточкалар қымбат және ұзақ мерзімді, пластикалық карточкалар арзанырақ, қайта өңдеуге жеңіл беріледі және ұзақ мерзімді болып келеді.
Карточка ақпаратты тасымалдаушы болғандықтан, ақпаратты сақтау мен енгізудің классификациясы болады. Келесі түрлері бар:
- графикалық жазу;
- эмбоссирлеу (қысу) ;
- штрих-кодтау;
- магнит сызығын кодтау;
- чипті кодтау;
- лазерлі жазу (оптикалық карточкалар) ;
- радиожелілік жазу.
Карточкаға ақпаратты жазудың ең алғашқы түрі болып графикалық жазу табылады. Ол қазіргі кезде де барлық карталарда пайдаланылады. Алғашында картаны ұстаушының тек аты мен тегі, картаның эмитенті туралы ақпарат болатын, кейін қол үлгісі қарастырылып, аты мен тегі эмбоссирленетін болды.
Эмбоссирлеу (қысу) карточкамен төлеу жасау операциясын жеделдетуге мүмкіндік береді. Карточкадағы эмбоссирленген ақпарат жедел түрде арнайы құрылғы импринттердің көмегімен қағазға түсіп отырады. Қазіргі заманғы жабдықтар карточкаға ұстаушының суретін және қол үлгісінің лазерлі көшірмесін енгізуге мүмкіндік береді.
Штрих-кодтау графикалық жазудың бір түрі болып табылады. Картаға страндарттарға сай штрихтар енгізіледі. Бұл ақпарат арнайы құрылғы арқылы оқылады. Карточкаға ақпаратты штрих-кодтау арқылы жазу магнитті сызық пайда болғанға дейін қолданылды. Бірақ штрих-кодты карточкалар арнайы карточкалық бағдарламаларда қолданылады, онда есеп айырысу талап етілмейді.
1960-жылдардың аяғына қарай қолма-қол ақшаларды алуға мүмкіндік беретін автоматты ақпараттың пайда болуы карточкалық бизнесте революция жасады. Карточкаларды ұстаушылар бұндай ақпараттарды пайдалану үшін карточканың арғы жағына магнитті пленкадан жасалған сызық жабыстырылды. АҚШ-та магнитті сызығы бар карточкаларға қызмет көрсететін ең бірінші банкоматтар болып 1969 жылы «Docutel» фирмасының банкоматтары табылады. Магнитті сызығы бар карточкалардың пайда болуынан бастап қана әрбір ұстаушыға Pin-кодты ендіру мүмкіндігі туды.
Транзакцияны жүргізу келесідей орындалады. Карточкамен операцияны жүргізу кезінде электронды құрылғы карточканың магнитті сызығынан ақпаратты өткізеді, осыдан кейін кассир операция сомасын енгізеді, ал карточканы ұстаушы арнайы Pin-пад клавиатурасына Pin-кодты енгізеді. Электронды құрылғы алынған мәліметтерден ақпараттық пакет дайындап, мәліметтерді өңдеу орталығына жібереді. Бұл орталық алынған мәліметтер пакетін өңдеп, оң нәтиже алғанда электронды құрылғыға операцияны орындауға рұқсат жібереді.
Магнитті сызығы бар банктік карточкалар әлемдік стандарттарға сәйкес жасалады, ол стандарттарды Стандарттар бойынша Халықаралық Ұйым (ISO - International Organisation of Standartization) ойластырып бекітеді.
Бұл стандарттар мыналарды анықтайды:
- карточканың өлшемі;
- магнитті сызықтың орналасуы;
- магнитті сызықтағы жазылымның құрылымы;
- символдарды қысудың орны мен формасы.
Магнитті жазылым пластикалық карточкаға ақпаратты енгізу әдісінің ең кең тараған түрлерінің бірі. Бірақ 10-15 жыл өткеннен кейін магнитті сызықтар алаяқтықтан қорғай алмады. Одан да сапалы ақпаратты тасушыны ойластыру барысында чипті пайдалану идеясы ұсынылды. Чип өзімен интегралды микросхеманы білдіреді. Микросхемасы бар карточкалар ақпаратты тасушынының жаңа түрін білдіреді, бұндай карточкалар ақпаратты сақтап қана қоймай, сонымен қатар оны өзінің ішкі алгоритмі бойынша өңдейді. Бұндай карталар Смарт-карталар деп те аталады.
Микросхемасы бар пластикалық карточкаларды 1974 жылы бірінші ойлап тапқан француз журналисі Ролан Морено. Чиптік карточканың артықшылықтарымен бірге кемшіліктері де бар. Олардың бірі болып өзіндік құны саналады, ол магниттік карточканың құнынан біршама жоғары.
Банктік карточканың мынадай өзіне тән реквизиттері бар:
- оготипі, яғни карточканың қай төлем жүйесіне тиісті екендігі, мысалы: «Master Card», «Visa» және т. с. с. ;
- карточканың нөмірі (ол 16 саннан тұрады) ;
- карточка иесінің аты-жөні
- карточканың эмитентінің атауы;
- карточканың қызмет ету мерзімі;
- карточка иесінің қол қою үлгісі.
Қазіргі кезде көптеген эквайер банктеріміз ірі сауда үйлерімен өзара жасаған келісімшарт негізінде төлем карточкаларын шығаруды кездеп отыр. Мұндай карточкалардың иелері аталған сауда үйлерінде сауда жасағанда белгілі бір жеңілдіктерді пайдаланады.
Ол үшін сауда үйінде ПОС терминал орнатылады. Мұндағы Pos-терминал дегеніміз сауда немесе кызмет көрсететін кәсіпорында банктік карточкаларға қызмет көрсетуге арналған құрылым. Құрылғылары орнатылады.
Pos (ағылш. Point of Sale - сауда орны) - эквайрер банкпен өзара жасалған келісім-шартка сәйкес, тұтынушылардың сатып алған тауарлар мен қызметтері үшін төлем құралы ретінде банктік картаны қабылдайтын, сауда немесе қызмет көрсететін кәсіпорын.
Қазақстан аумағында қолданылып жүрген карточкалар қолданылу аясына қарай екі түрге бөлійеді:
- локальдық немесе оқшауланған, яғни бір елдің аумағында қолданылатын төлем карточкалары;
- халықаралық, яғни әлемдік банктік тәжірибеде еркін қолданылатын төлем карточкалары.
Төлем карточқаларымен есеп айырысулар слиптің көмегімен жүзеге асырылады.
Слип (Pos-терминал немесе банкоматтың түбіртегі) - төлем карточканы пайдаланып операция жасалғандығын растайтын есеп айырысу құжаты.
- Слип мынадай көрсеткіштерді қамтиды:
- Pos немесе банкоматтың идентифкаторы;
- операцияның жасалған күн;
- операция сомасы және валютасы;
- эмитент банктің операцияларды авторизациялауды растайтын коды;
- банктік карточканың өзіне тән белгілері;
- слипте карточканы ұстаушының қолы.
Мұндағы, авторизация - эмитент банктің төлем карточкасын пайдаланып операция жүргізуге берген рұқсатын білдіреді. Авторизациялау процедурасы аяқталған соң эмитентбанк, банктік картаны (слип) пайдалану арқылы жасалған есеп айырысу және езге құжаттарды төлеуге байланысты міндеттеме алады.
Авторизациялау екі режимде: «он-лайн» және «офф-лайн» режимінде жүзеге асырылуы мүмкін.
«Он-лайн» режимі (ағылш. on-line - нақты уақыт режимі) - банктік картаны шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысы арқылы немесе магнитті штрихті картаны көмегімен жасалатын операцияны сипаттайды. On-line режимінде рұқсат алу үшін эмитент банкпен арада байланыстың болуы қажет.
«Офф-лайн» реэісимі (ағылш. off-line - қолжетімсіздік) - банктік карточканы шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысты қажет етпейтін, яғни чипті (микросхемалы) картаның көмегімен жасалатын операцияны білдіреді.
Эквайрер банк - банктік карточкалар көмегімен жасалтын операциялар бойынша Pos-терминалдармен есеп айырысуды жүзеге асыратын банк.
Қазақстанда 2000 жылдың аяғында Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің құрылтайшылығымен жабық акционерлік қоғам нысанында «Процессингтік орталық» құрылды. Мұндай ұйымды құрудың басты мақсаты Қазақстанда төлем карточкаларын пайдаланудың біртұтас кеңістігін жасау болып табылды.
Ұлттық процессингтік орталық - төлем жүйесінің технологиялық ядросы болып саналатын мамандандырылған есептеу орталығы.
Ұлттық процессингтік орталық мынадай қызметтерді атқарады:
-төлем карточкалары бойынша транзакцияларды ендеп, қажетгі құжаттарды дайындау;
-төлем жүйесіне қатысушы банктер арасында өзара есеп айырысуларды жүргізуге арналған ақпараттар даярлау;
-телем карточкаларын, соның ішінде халықаралық төлем карточкаларын пайдалану аркылы жүзеге асырылатын төлемдер клирингін ұйымдастыру;
-төлем жүйесіне катысушы банктердің үстеме шығыстарын азайту мақсатында екінші деңгейдегі банктер мен бағдарламалық-техникалық құралдарды көтерме бағамен жабдықтаушылар арасынын байланыстыру жұмыстарын ұйымдастыру;
-қатысушы банктерді техникалык және ақпараттык жағынан қолдау;
-төлем карточкаларын қабылдау торабын ұйымдастыру .
Карточкадағы ақпараттар көлемі бірнеше ондаған байттан бірнеше килобайтқа дейін өзгереді. Осыған орай карточкалардың өзі бірнеше түрге бөлінеді:
- интеллектуалды емес карточкалар. Бұған ақпараттары өзгермейтін тұрақты карточкалар немесе шартты тұрақты карточкалар жатады. Шартты тұрақты карточкаларда маңызды емес мәліметтер көлемі қайта жазылуы мүмкін, мысалы, карточкадағы код немесе карточканың қызмет көрсету мерзімі;
- интеллекті шектелген карточкалар (Smart Cards) . Бұл карточкаларда мәліметтер бірнеше бөлімдерге бөлініп тасталады. Бұл бөлімдердің әрқайсысында мәліметтерді өңдеудің өз тәртібі болуы мүмкін.
- суперинтеллектуалды карточкалар (Super Smart Cards) . Сырт пішінімен смарт-карталардың гибридін еске түсіреді.
Банктік карточкалар негізінде микропроцессорлы карточкаларды қолданған дұрыс, олардың көмегімен операцияларды орындауда максимальды қорғаныс қамтамасыз етіледі, микропроцессорлы карточкалар қолма-қолсыз есеп айырысуда «электронды әмияндар» қызметін атқарады. Қазіргі кезде гибридті карточкалар пайдаланылады, яғни карточкаларда бір уақытта магнитті сызық пен микросхема қоса орналасады.
Лазерлі жазуы бар карточкалар оптикалық карточкалар деп те аталады. Олардың негізгі ерекшелігі еске сақтау қабілетінің үлкендігі. Олар ең қымбат карточкалар болып табылады. Банк ісінде олар әзірше қолданылмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz