Жаңа банктік қызметтер мен өнімдер, олардың талдау әдістері
Жоспары:

I. Жаңа банктік қызметтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
1.1 Лизинг ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Факторинг ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.3 Консалтинг пен траст ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
II. Коммерциялық банктік операциялары
2.1 Актив операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2 Пассив операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
III. Банк қызметін талдау
3.1 Банктік қызметті бақылау мен қадағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
3.2 Рентабельділікті талдау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Пайдаланылған әдебиеттер

I. Жаңа банктік қызметтер
Банктік қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс - әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез – келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
« Қазақстан республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы » Заңға сәйкес банктер мынадай операциялар орындай алады:
n ақылы негізде депозиттерді тарату;
n клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және

1. 15 қыркүйек 1999ж Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің баланстық шотын ашу жүргізу және жабу тәртібі жөніндегі нұсқау.
2. 24 сәуір 1997жыл №130 «шетел валютасын қолданумен байланысты қызметтерді лицензиялау жөніндегі» өзгертулер және толықтар мен бірге.
3. 26 желтоқсан «1998жыл бағалы қағаздар рыногінда брокерлік және кастодиандық қызметтерді жүзеге асыруға II-деңгейлі банктердің келісім беруінің ережесі» өзгертулер мен толықтырулар мен бірге.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 27 мамыр 1997жыл №218 «Банк активтері мен шартты міндеттемелерін жүктеу және олар бойынша Қазақстан Республикасы II-ші деңгейлі банктері» есептеу жөніндегі ереже өзгертулері және толықтырулары мен бірге.
5. Қазақстан Республикасының 31тамыз 1995ж «ҚР банктер және банк қызметі жөніндегі» заңдық күші бар өзгертулері мен толықтырулары бірге.
6. Макеев О.М., Сахарова л.С., Сидоров В.П. Комерческие банки и их операции- М.: ЮНИТИ «Банки и Биржи»,1995г
7. Адекенов Т7 Банки и фондовый рынок.- М.: Ось-89.1998г
8. Асхауер Г7 Введение в банковское дело.-М. 1997г
9. Банковское дело: Справочное пособие\ Под ред. Ю.А. Бабичевой-М.: Экономика, 1994г
10. Лаврушин О.А. Банковское дело-М.: Финансы и статистика, 1999г
11. Козлова Е.П. Галина Е.Н. Бухгальтерский учет в камерчиских банках. –М.: Финансы и статистика, 1996г
Ачкасов А.Н. «Активные операции комерческих

I. Жаңа банктік
қызметтер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 2
1.1
Лизинг ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2
Факторинг ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... . ... ... ... ... .5
1.3 Консалтинг пен
траст ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 7
II. Коммерциялық банктік операциялары
1. Актив
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..9
2.2 Пассив операциялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12
III. Банк қызметін талдау
3.1 Банктік қызметті бақылау мен
қадағалау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...15
3.2 Рентабельділікті талдау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланылған әдебиеттер
I. Жаңа банктік қызметтер
Банктік қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын
функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс -
әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез – келген банк өнімінің
негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту
мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы
операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет
төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық
қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын
ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және
оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір
қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал
етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша
қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік
қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық
негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық
қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу қаржылық
операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
Қазақстан республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы
Заңға сәйкес банктер мынадай операциялар орындай алады:
n ақылы негізде депозиттерді тарату;
n клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға
кассалық қызмет көрсету;
n қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке
тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
n инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің
тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
n заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару ( чектерді,
вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды,
акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
n төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да
операцияларды жүргізу;
n ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар кепілдеме
және өзгеде міндеттемелерді беру;
n тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және өзгеде
міндеттемелерді беру,;
n тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету,
осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассалық
(факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
n банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету,
клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
n клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша
қызметтер (сейфтік бизнес);
n коммерциялық мәмілелердіқаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз
(форфейтинг);
n клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды
(қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
n банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
n лизингтік операциларды жүзеге асыру.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да
банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен
операцияларды жүргізу, халықтың ақшалай салымдарын қарау, ақшаларды
аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация).
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі
қызметтерді былай құруға болады:
n уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
n экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
n қолма – қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
n инвестициялық қызметі;
n клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
1.1 Лизинг
Лизинг операциясы деген жолдаушы кәсіпорындардың ұзақ мерзімге
машиналарды, жабдықтарды, қозғалмайтын мүліктерді және негізгі капиталдың
басқа элементтерін жалға бергенде жүргізілетін операциялар. Банктер лизинг
компанияларына несие беру арқылы лизинг операцияларына қатысады. Сонымен
қатар, банктер жалға беретін машиналар мен құралдарды шығарушы -
кәсіпорындарды да несиелеуі мүмкін. Шарт мерзімнің соңында жолдаушы лизинг
объектісін қалған құны бойынша сатып алуына болады. Банк лизинг операциясын
жүргізу арқылы клиенттің төлем қабілетсіздігінен туындайтын шығын қауіпін
төмендетеді. Оған қоса, банк жалға берілетін мүлікке амортизациялық
төлемді қосуға құқы бар. Ондай жағдайда сол мүліктен салық төленбей, ол
сома жабдық алуға жұмсалуы мүмкін.
Шынында да , банк жетекшілері пайдан ыжоғарылатуға тырыса отырып,
шығын мен зиянды барынша азайтуға ұмтылыс жасайды.
Мұның барлығы белгілі бір шамада бір-біріне қарама-қайшылық тудырады,
оған банк иелері мен оның салым шыларының мүдделерінің қарсы келуі негіз
болады. Біріншілер, қосымша пайда табу үшін тәуекелдікке баруға дайын
болса, ал екіншілер үшін, банкке сеніп тапсырылған қаражаттардың сақталуы
ең маңызды. Табыстылық пен тәуекелдіктің арасындағы ықшамды қатынастыұстап
отыру, банкті басқарудың біршама күрделі мәселелерін құрайды.
Банк үшін негізгі тәуекелдік түрлері оның портфеліен байланысты болып
келеді, яғни банктің қаражатына жұмсалынған қаржылық активтермен
байланысты.
Тәжірибеде төрт басты портфельдік тәуекелдік түрлері белгілі: несиелік,
өтімділік, пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі, валюталық тәуекелдік.
1.2 Факторинг
Факторинг деген өнімдерді сату процесінде контрагенттердің арасында
туындайтын төленбеген қысқа мерзімді қарыз тапсырысын банкке сату. Бұл
жағдайда банк өнімді сатып алушыдан төлеуді талап ететін құқыққа ие болады.
Сонымен қатар банк клиенттіңайналмалы капиталын несиелеп оның несиелік
тәуекелін өзіне алады.
Қарыз беру мәселесін шешерде банк жеткізушінің несие қабілеттілігін
талдап, оған қарыздардың жағдайы хабарлармен танысады. Төлей алмау
қабілетін банк (фактор) өзіне алатындықтан,ол жеткізушіге жалпы соммасының
сексен- тоқсан пайызын бірден өзі төлеп, ал қалғаның дебитор қарыздың
барлық соммасын өтегеннен кейін ғана қайтарады. Коммерциялық банктер
несиенің осы түрін дамытып, өз операцияларын кеңейтуге қосымша мүмкіндік
алып, табысын ұлғайтуға және клиенттерімен байланысын нығайтуға қол
жеткізеді.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі
банктер өміріне нақты кіруде.Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал
түрде КСРО Менбанкісінің жоспар-нұсқауы бойынша қызмет етті, сондықтан
банктік тәжірибеде тәуекелдік деген түсінік те болған жоқ. Егер
клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде ақша қаражаттары
болмаған жағдайда банк автоматты түрде оған төлем несиесін ұсынатын.
Қазізгі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген
операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан
банктік қызмет үшін туекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең
төмеңгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.
Банк тәуекелдігі дегеніміз не ? Тәуекелдік негізінде ықтималдылықты,
ал нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз
ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін
түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болу үшін келесі категорияларды ескеру
керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар.
Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш
ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы
көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді,сондықтан тәуекелдік
деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері өзара
тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелдіжоғарлату категориясын қолдану
арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының
дамуы үшін негіз болып табылады.
Банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар шығарады. Бұл
салымшыларға төленетін пайыздар; басқа қаржылық институттардан қарызға
алынатын несиелік ресурстар үшін төлем; есеп айырысу операцияларымен,
бағалы қағаздармен байланысты шығындар; жұмыскерлерді, ғимараттарды, т.б.
ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясына қатысты тәуекелдік, көзге
көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын
шегу нәтижесінде пайда болады.
Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның
жұмсалу формасында көрініс табатын залалдар алдағы операцияларды,
есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен немесе жағдайдың
болжана алмауына байланысты болады. Сол секілді залалдар тәуекедегі нашар
несиелік портфельмен , конъюктураның толық есептелінбеуімен байланысты
болғанда банкке әрқашан қолайсыз жағдайларға ұшырауына қауіп төндіреді.
Жалпы кез келген қызмет түрі міндетті түрде белгілі бір тәуекелмен
байланысты. Нарық жағдайында жұмыс істейтін кез келген кәсіпорын сияқты
банкте жоғалтулар мен банк тәуекелдігіне ұшырауы мүмкін.
1.3 Консалтинг пен траст
Әдетте бәсеке деп белгілі бір нарықтағы заңды тұлғалар арасындағы
қарсыластықты айтады. Теорияға сәйкес ол – қарсыластың сол нарықтағы сатып
алушылар мен сатушылардың санына, сондай-ақ олардың операцияларының
ауқымына байланысты анықталады. Егер де біз банктік бәсеке туралы атсақ,
онда оның еркін нарықтағы бірқатар белгілерін қарастыруға болады.
Бірінші белгісі –капиталдар нарығында қаржылай қызмет көрмететін
көптеген қаржылық институттардың болуы.
Екінші белгісі - әрбір нарыққа қатысушыларда толық ақпараттар
көлемінің болуы. Онсыз ол әрекетін дұрыс таңдай алмайды.
Үшінші белгісі – барлық қатысушылардың нарыққа шығарылатан қаржылық
өнімдерінің (депозиттер, несиелер және басқа да қызметтер ) бірыңғайлығы .
Төртінші белгісі – ешбір қатысушы басқа қатысушылардың қабылдаған
шешімдеріне ықпал ете алмайды.
Бәсекелестік кез келген істе керек және ол еркін нарықта тиімді.
Бәсекелестік бар жерде кез келген қызмет тиімді болады, өнімге немесе
қызметке деген баға төмен және тұтынушыларға тиімді.
Сонымен, біз қай бәсеке банктік қызметте болатыны және оны
төмендетудің негізгі әдістерін қарастырдық . Мұндай шараларды жасау бәсеке
шеңберіндегі банк стратегиясының маңызды компаненті болып табылады.
Демек, нарық шаруашылығындағы банктік қызметтің басты бәсекесін және
банкротты төмендету арқылы операциялардан түсетін пайданы барынша
жоғарылатудан тұрады.
Банк стратегиясы төмендегідей қағидалардан құралады:
- қалай да арзанға сатып алу;
- қызметтерді сақтау.
II. Банктік қызметтің операциялары
2.1 Банктік қызметтің пассив операциялары
Пассив операциялары - олар өз қарауына әр түрлі са-лымдарды тартып,
басқа банктерден несие алып, езінің бағалы қағаздарын шығарып және сол
сияқты баска да каражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын кұру және
оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансынын пассивінде көрсетіледі.
Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына карағанда
алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір
қор мөлшері қажет.
Пассив операцияларына мыналар жатады:
• салым қабылдау (депозиттер);
• клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент-
банктерге) ашу және оларды жүргізу;
• өзінің бағалы кағаздарын шығару (облигация, вексель,
депозиттік және жинақ сертификаттары);
• банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие
ресурстарынан;
• репо операциялары;
• суровалюталық несие алу.
Банктің капиталы өз қаражаты, тартылған қаражат және эмиссияланған
қаражаттардан кұрылады. Банктің өз каражатына акционерлік және резерв
капиталы, сонымен бірге бөлінбеген пайда жатады. Акционерлік капитал немесе
жарғылык қор бағалы кағаздар нарығында акцияларды орналастыру арқылы
жинақталады. Жарғылык қордың мөлшері, оны қалыптастыру және езгерту
банктің жарғысында көрсетіледі. Жарғылық капиталдың сомасы заңмен
шектелмейді, дегенмен банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін
орталык банк оның төменгі аз мөлшерін бекітеді. Батыс елдерінің
коммерциялық банктерінің жарғылық капиталы 10-15 млн. ЭКЮ болады. Жарғылык
корды ұлғайту акционерлер қаражаты есебінен, сондай-ақ өз қаражаты (резерв
қорынан), акционерлердің дивидендтері және пайда есебінен жүзеге асырылуы
мүмкін.
Банктің резерв капиталы ағымдагы пайдадан бөлінген сомадан құрылады. Ол
ойда болмаған шығындарды және бағалы кағаздар курсының төмендеуінен болатын
шығындарды жабуға арналады. Оның мөлшері жарғы қорына байланысты пайызбен
белгіленеді.
Бөлінбеген пайда шоты деген - ол арадағы транзит шоты. Онда акционерлер
арасында дивиденд түрінде бөлінбеген және резервке түспеген пайда
жинақталады. Пайданы резервке бөлу төлейтін салыкты төмендету әдісіне
жатады, себебі резервтердің көп түрі салықган босатылады. Қазіргі
коммерциялық банктердің ресурс қорында өз қаражатының үлесі 10% шамасында.
Коммерциялық банктердің өзгешелігі ~ олардың өзгенің қаражатымен қызмет
жасауы. Банк капиталының 90%-ға жуығы тартылған каражат. Тартылған
қаражаттың ең үлкен мөлшері банктің өз капиталына байланысты анықталады. Әр
елдерде өз капиталы мен тартылған капиталдың арақатынасы әр түрлі болады.
Ол нормативтер 1:10 катынасынан 1:100 катынасына дейін ауытқиды. Мысалы,
Швейцарияда ол 1:12 катынасы болса, ал Жапонияда 1:83
қатынасына тең.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың
және басқа банктердің қаражаттарын тартуы мүмкін. Тартылған ресурстар
белгіленген мерзіміне қарай басқарылатын ресурстар және ағымдағы пассивтер
болып бөлінеді.
Басқарылатын ресурстар банкке тартылган мерзімдік депозиттерді және
банкаралық несиелерді біріктіреді.
Ағымдағы пассивтер есептесу, ағымдагы және корреспонденггік шоттардағы
қалдықтардан кұрылады.
Салым - ол белгілі бір шартпен иесінің банкке сактауға салған акша
қаражаты. Ол колма-кол ақша немесе ақшаның колма-қол емес формасында,
ұлттық немесе шетел валютасында салынуы мүмкін.
Ақша каражаттарын салымға тарту депозиттік операциялар деп
аталады. Банктер үшін депозит олардың пассив операцияларының басты түрі,
сондықтан ол активтік несие операцияларын жүргізудіц негізгі ресурсы.
Салымдар әр түрлі белгілерге байланысты жіктеледі. Салушысына қарай
депозиттер жеке және заңды тұлғалардың депозиттері болып бөлінеді. Банктен
алу мерзіміне карай мерзімді және талап бойынша алынатын депозиттер болып
бөлінеді. Талаппен алынатын депозиттерге қаражат толық немесе бөлік-
бөлікпен салынып және иесінің талабы бойынша дәл сол сиякты жолмен
алынады. Бұл депозиттер клиент ашқан әр түрлі шотгарда орналастырылып,
колма-қол акша және қолма-кол ақшасыз есеп айырысуға алынуы мүмкін.
Талаппен алынатыи салымдарда есептесу, ағымдағы және бюджеттік шоттарда
белгілі бір максатқа жұмсалатын, корреспонденттік шоттарда басқа банктермен
есептесуге арналған, сондай-ақ есеп айырысу айналымына арналған каражат
сақталады. Салымның бұл түрі негізінен тұрақсыз, себебі клиенттер өз
шоттарындағы каражатын үнемі пайдаланатындықтан, ондағы қалдық мөлшері әр
кез өзгеріп отырады. Сондықтан банктер бұл шоттар бойынша пайыздық өсім
төлемейді. Салымдарды өзіне тарту үшін бәсекелестік жағдайында коммерциялық
банктер клиенттерді тарту және талаппен алынатын салымдарды ұлғайтуды
ынталандыру мақсатында шот иелеріне қосымша кызмет көрсетін, сондай-ақ
олардың сапасын арттыруға ұмтылуда. Ағымдағы шот иелері өз қаражатын чек
кітапшаларымен немесе несие карточкаларымен алады (атаулы ақша кұжаты).
Мерзімді салымдар - ол салыну мерзімі және пайыздық өсім төлеу мөлшері анық
керсетілген депозиттік шотқа салынған ақша қаражаты. Төлем мөлшері салымның
көлемі мен мерзіміне байланысты анықталады. Егер мерзімді салым иесі
салымын келісілген мерзімнен бұрын пайдаланғысы келсе, онда салым бойынша
төленетін пайыз мөлшері кемиді. Мерзімді салымдар ұзак мерзімге
салынатындықтан, олар тұрақты акша қаражаты. Сондықтан банк
Еуровалюталык несие - ол шетел банктерінен еуровалюта-мен алынатын несие.
Әлемдік қарыз капиталы нарығында басты валюта болып доллар есептеледі.
2.2 Актив операциялары
Банктің жинақтаған ресурстарын табыс табу және өтімділігін қамтамасыз
ету мақсатымен орналастыруын актив оперяциялары деп атайды.
Актив операциялары негізінен төрт топқа бөлінеді:
• Несие - есептеу операциясы, оның нәтижесінде банктің
несиелік портфелі калыптасады;
• Инвестициялық операциясы , ол инвестициялык портфельдің негізін
құрайды;
• Кассалық және есептесу операциялары - банктің клиенттерге
көрсететін қызметтерінің бірі;
• Басқа операциялар.
Несие-есептеу операциялары - ол банктің несие ресурстарын орналастыру
қызметіндегі несие беру операциясы. Банк табысының көп бөлігі осы
операцияларды жүргізуден түседі.
Коммерциялық банктердің клиенттеріне беретін қарызын біраз белгілерге
байланысты топтастыруға болады:
• борышқордың типіне байланысты - кәсіпорынға, үкіметке және
жергілікті үкімет органдарына, халыққа, басқа банктерге
берілетін қарыз;
• пайдаланатын мерзіміне байланысты - қысқа мерзімді (1 жылға
дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ
мерзімді (5 жылдан жоғары);
• қызмет ету ортасына байланысты - өндіріс аясына
берілген карыз және айналыс аясына берілген карыз;
• борышқордың қай салаға тиістілігіне карай
өнеркәсіпке, саудаға, ауыл шаруашылығына, транспортқа
берілетін қарыз;
• қамтамасыз етілуі бойынша - кепілді, қорғаулы, қауыпсыз және
қамтамасыз етілмеген (бланктік);
• өтеу тәсіліне қарай - бір уакытта және бөлік-бөлікпен өтелетін
қарыз.
Несиені банктер несиелеудің мына негізгі қағидалары сақталғанда ғана
береді: қамтамасыздық, қайтарылымдылық, мерзімділік, төлемділік және
максаттылық.
Көптеген мемлекеттерде қарыз белгілі бір несиелік шектеумен (лимит)
несие линиясын алумен беріледі. Мысалы, АҚШ-та, Германияда, Голландияда,
Бельгияда борышқорға ашылатын контокорренттік шот бойынша лимит бекіту
формасы кең тараған. Контокоррентік шот деген - несиелік шотпен ағымдагы
(есептесу) шоттың біріктірілуі. Бұл шот бойынша дебеттік сальдо (қалдық)
клиентке несие беруді көрсетсе, ал кредиттік сальдо шотта өзінің қаражаты
бар екенін көрсетеді. Несиенің бұл түрі қысқа мерзімді ағым-дағы
қажеттілікке беріледі.
Ал кейбір мемлекеттердің (Ұлыбритания, Канада) банктері несиені
шектеуді овердрафт бойынша жүргізеді. Овердрафт - клиентке чек бойынша
банктің қысқа мерзімді несие беруі немесе оның банкке берген шоттарын
ағымдағы шотындағы қалдықтан артық болса да, бекітілген лимит шегінде
банктің төлеуі. Нәтижесінде ағымдағы шотта дебеттік қалдык калады.
Овердрафттың жоғары сомасы ағымдағы шот ашылғанда шартпен анықталады.
Несиелеудің бұл формасы - контокорентті шотпен берілетін несиенің түрі. Ол
-клиенттің ағымдағы есеп айырысуына қаражат жетіспестігін қанағаттандыруға
берілетін несие. Несие үшін акы жұмсалған нақты карыз бойынша алынады.
Берілетін несиенің келемі көптеген мемлекеттерде несие линиясының
мөлшерін (лимит) бекіту арқылы реттеледі. Бұл жағдайда банк пен клиент
арасында келісім бекітіледі, ол бойынша банк борышқорға келісілген мерзім
аралығында белгілі бір сомаға несие беруге міндетті. Несие линиясы бір
жылға ашылады. Келісілген мерзім аралығында борышқор қайтадан келіспей-ақ
және қосымша рәсімдемей-ақ қажет кезде несие алуға мүмкіндік алады.
Әйтседе, егер клиенттің қаржылық жағдайы нашарлап кетсе, онда келісімнің
аяқталуы мерзіміне дейін оны жою кұкы банкте болады.
III. Банктік қызметтің талдауы
3.1 Банктік қызметті бақылау мен қадағалау
Еліміздің банк жүйесіне бүгінгі таңда бәсекелестіктің өрістеуі мен
табыстың жалпы деңгейінің төмендеуі тән. Бұл жағдай банк қызметін одан
әрі реформалау, ондағы сапалық жаңарулар мен тұрақтылықты арттыру
бағытындағы Ұлттық банктіңпәрменді саясаты әрекетінде банк санының
сапслық жағынан өсу сипатына қарама – қайшы әсер етіп және оныңазаюын
тудырумен қатар қаржы нарығында тек өздерінің бәсеке – қабілеттігі мен
жеткілікті рентабельдігін қамтамасыз ететін банктердің жұмыс істеуіне
көкжиек ашылатындығын көрсетті.
Қазіргі кезеңде банк жүйесінің болашағы көп ретте экономиканың
макроэкономикалық дамуындағы оң өзгерістермен тығыз байланысты.
Инфляцияның төмендеуі және теңгенің валюталық курсының тұрақтануы –
дәстүрлі қаржы нарықтарындағы табыс операциялары бойынша проценттік
мөлшердің төмендеуі банктер алдында шешуін талап ететін күрделі міндеттер
қойып отыр. Мұның барлығы банктерді қаржы саласындағы тұрақтану
процестерінің дамуынан туындаған төменгі инфляциялық ортаның қатаң
жағдайларына бейімделуге мәжбүр етеді.
Бүгінгі күні экономикалық процестің барлық қатысушылары мен тұтастай
қоғам мүдделі болып отырған тұрақтылық пен сенімділік арқауы болып
табылатын банк жүйесінің қалыптасуы мен жұмыс істеуі – сол банктердің
жеткілікті табысты , рентабельді болуы жағдайында ғана жүзеге асады.
Осыған байланысты жекелеген банктердің экономикалық тиімділігін бағалау
мен оны айқындайтын көрсеткіштерді талдаудың әдістері мен тәсілдері
ерекше маңызға ие.
Жекелеген банктің жұмыс істеуінің әр түрлі жағдайын қарастырғанда
айналып өте алмайтын маңызды мәселенің бірі – рентабельділік. Себебі –
нарық жағдайында әрбір банк қызметінң басты мақсаты – пайда табу немесе
оның мөлшерін жоғарғы деңгейге жеткізу. Сондықтан әлемдік тәмірибеде
банк қызметі тиімділігінің белгісі мен өлшемі ретінде белгілі бір уақыт
аралығында қол жеткізген қаржылық нәтиже мен рентабельділік деңгейі
саналады.
Рентабельділікті анықтауда ең кең тараған әдістің бірі пайданы банк
активінің жалпы мөлшерімен салыстыру:
пайда
AP=
активтердің жалпы сомасы
Мұндағы AP – активтер рентабельділігі .
Бұл көрсеткіштің экономикалық түсіндірмесі банктік активке салынған
қаражатының бір ақша бірлігі қанша пайда әкелгендігін, яғни банктің өзіндік
және таратылған қаражатының орналасуы тиімділігін көрсетеді.
AP – н келесідей үлгіде көрсетуімізге болады:
AP көрсеткіші пайда маржасы мен активтер табысына тікелей сай келуіне
байланысты. Жоғарғыдағы формуладан көріп тұрғанымыздай активтер
рентабельділігін көтеру бір жағынан табыстың қосымша көздерін іздестіруден,
екінші жағынан шығындарды тимді бақылауды жүзеге асыру есебінен мүмкін.
Енді бұл көрсеткіштің еліміздің банк жүйесінде алар орны үлкен, ірі бір
банк мысалында анықтап көрелік.
Активтер рентабельділігінің көрсеткіштері берілген 1- кестеден
көрініп тұрғандай, жиынтық барлық табыс өсуі болғанымен, шығыстардың жоғары
қарқынмен өсуі пайда маржасының төмендеуін туғызған. Сондай-ақ активтер
сомасының өсу қарқыны жалпы табыстардағы өсуден едәуір асып түсуі себепті
активтер кірісіне де төмендеу тән. Екі фоктордың жыл ішіндегі төмендеу
бағытындағы өзгерісі ресурстар тиімділігін бейнелейтін бұл көрсеткіштің
едәуір төмендеуіне алып келеді.
Жоғарғыдағы формуладан көріп тұрғанымыздай активтер рентабельділігін
көтеру бір жағынан табыстың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz