«БТА Банкі» АҚ-ғы ұйымды басқарудың әдістері мен тәсілдері


Жоспар
Кіріспе . . . 3
1. «БТА Банкі» Ақсай филиалының құрылу тарихы . . . 4
2. Экономикалық сипаттамасы . . . 6
3. «БТА Банкі» АҚ-ғы ұйымды басқарудың әдістері мен тәсілдері . . . 8
4. Депозиттік операциялардың сипаттамалар . . . 10
5. Пластикалық карта бөлімі операцияларының сипаттамасы . . . 12
6. Кредиторлық операциялардың сипаттамасы . . . 14
7. Есеп-айырысу-кассалық операцияларының сипаттамасы. Валюталық операциялар . . . 17
Қорытынды . . . 20
Қосымшалар
Кіріспе
Банк - бұл ежелгі экономикалық табылым. Жалпы банк - компания өздерінің қаржыларын салып максималды пайда табу мақсатында жұмыс істейді. Банктің құрылуы б. з. б. VII-VI Ежелгі Шығыста адамдар жинақ жасауға шамалары келген кезде басталды деп есептеледі. Кейін банк Ежелгі Грекияда пайда болды. Бұнда соғыс жүріп жатқан кезде сарбаздардың ақшасын қасиетті храмдарда сақтауды қолға алды. Себебі, қасиетті жерлерді тонауға екі жақтың да сарбаздарының батылы жетпеді.
Бірақ ежелгі банк қоймаларында ақшаға толы қапшықтар пайда бола бастаған кезде жергілікті кәсіпкерлердің назарына түседі. Оларда « өздерінің операцияларының масштабын ұлғайту үшін неге өзгелердің жинақтарын қолданбасқа?» деген жөнді сұрақ туады. Әрине, белгілі төлеммен!
Осылайша экономиканың екі маңызды қатысушыларының - жинақ иесінің және өз қызметін ұлғайту үшін капиталды қажет ететін сатушы.
Дами келе банктер қызмет түрлерінің тізімін одан әрі көбейтті. Бүгінгі таңда банктің қызметтері алуан түрлі, бірақ олардың барлығын 4 негізгі санатқа жатқызуға болады:
1. Халықтың жинағын тиімді салымдарды ұйымдастыру үшін жинау;
2. Халықтың жинағын коммерциялық ұйымдарға ақылы қолдануға ұсыну;
3. Коммерциялық ұйымдар мен халыққа тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлемдерді ұйымдастыруға көмек көрсету;
4. Тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлемдерді жеңілдету және жеделдету үшін ақшаның жаңа түрін құру.
«Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметі туралы » заңында мынадай анықтама берілді: Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы бапта белгіленген өзге де операцияларды жүргізуі банк қызметі болып табылады. Банк жүйелерінің дамуы елдегі саяси жағдай мен экономикалық қатынасына және даму деңгейіне тәуелді. Банк қызметі қандай шамада реттелетініне қарай банк ісін ұйымдастырудың екі түрі бар:
- Мамандандырылған банк ісі, онда банктер мен банктік емес мекемелер операцияларының арасында қатаң шекара қойылады;
- Барлық несие институттарына әр түрлі қаржылық қызмет көрсетуін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап банк ісі.
1. « БТА Банкі» Ақсай филиалының құрылу тарихы.
Тұран Әлем Банкінің құрылуы 1925 жылдан тамыр алады, сол кезде республика аумағында алғаш рет Қызылордада КСРО Сауда - өнеркәсіп банкінің Қазақ бөлімшесі құрылған болатын, кейіннен ол Өнеркәсіп - құрылыс банкі болып қайта аталды, ал «БТА Банкі» соның мұрагері болды.
«Тұран Әлем Банкі» - 1925 жыл.
КСРО Сыртқы экономикалық қызмет банкінің 1990 жылғы 23 қаңтардағы «Алматы қаласында КСРО Сыртқы экономикалық банкін ашу туралы» бұйрығы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен КСРО Сыртқы экономикалық банкінің арасында 1989 жылғы 11 желтоқсандағы келісімнің негізінде 1990 жылғы 23 қаңтардағы Алматы қаласында КСРО Сыртқы экономикалық банкінің Қазақ республикалық банкі ашылды.
КСРО Өнеркәсіп - құрылыс банкінің Қазақ республикасының Банкінің 1991 жылғы 28 наурыздағы №33 «Банкті қайта құру туралы» бұйрығы Өнеркәсіп - құрылыс банкінің Қазақ республикасының банкі «ТұранБанк» Мемлекеттік коммерциалық өнеркәсіп - құрылыс банкінің Қазақ республикалық банкі болып қайта құрылды.
«ТұранӘлемБанкі» ЖАҚ акционерлерінің 1998 жылғы 6 маусымдағы жиналысы Банкті жабық акционерлік қоғамнан - ашық акционерлік қоғам ретінде қайта тіркеу туралы шешім қабылдады.
«ТӘБ» АҚ Ақсай филиалы КАБ «ТұранБанк» пен АБ. Ол 1993 жылдың 11 маусымында №65 бұйрық бойынша құрылып, «ТұранБанктің» Ақсай филиалының даму тарихы Қарашығанақ елді мекенінің даму тарихымен тығыз байланысты.
«Қазақстан Әлем Банкінің» қосылуы нәтижесінде қалыптасты. 1997 жылы «ТұранБанктің» Ақсайдағы бөлімшесі «ТұранӘлемБанкі» ЖАҚ Батыс Қазақстандағы филиалына бағынудан Негізгі банкке бағынуға өтеді.
2004 жылдың 14 мамырында «ТӘБ»ААҚ-ның Ақсай филиалы «ТӘБ» АҚ болып өзгертілді. ҚР-ның «Акционерлік қоғам туралы» заңына сәйкес Банк Жарғысына Мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілді. Филиалдың заңды мекен-жайы: БҚО, 090300, Ақсай қаласы, Центральный переулок, 1 үй.
Өзінің қызметі барысында филиал кішкентай бөлімшеден бастап «БТА Банк» жүйесінің жетекші филиалының біріне айналып отыр. Филиал Ақсай қаласы бойынша 2 ХҚО және Орталық бөлімшеге ие. Бөлімшелер келесі мекен-жайлар бойынша орналасқан:
- «Трнава» сауда орталығы;
- «Астана» сауда орталығы;
- Центральный переулок, 1 үй мекен-жайы бойынша орналасқан Орталық бөлімше.
Банктік қызмет көрсетудің тізімі төменде көрсетілген банктік өнімдер жиынтығы ретінде көрсетіледі:
- Жедел депозиттерді толтыру;
- Депозиттерді сұранысқа дейін толтыру;
- Карталық шотқа толтыру;
- Шетел валютасына айырбастау операциясы;
- Коммуналды және басқа да төлем түрлерін қабылдау;
- Пос - терминал бойынша карталармен қызмет көрсету;
- Аудару операциялары және тағы басқалары.
2. Экономикалық сипаттамасы.
2009 жыл Банк активтерінің өсуі байқалды. Өткен жылмен салыстырғанда 1, 7 рет - 45, 922 млн теңгеден 79, 205 млн теңгеге өсті.
Клиенттермен операция жүргізу барысында, бірінші орында- несиелендіру арқылы активтер санының жоғарылауы байқалды. 2009 жылдың соңында несиелік салымдар 2 есе өсіп, 56, 711 млн теңге немесе активтердің жалпы сомасының 71, 6 % -ын құрады.
Банк жоғары қарқынмен бағалы қағаздар нарығын ұлғайтты. Бағалы қағаздарға салымдардың көлемі 3, 2 есе өсіп, активтердің жалпы сомасының 6, 8% -дан 12, 7 %-ға дейін құрады.
Айналым құралдарының жоғары жылдамдағы және ыңғайлы кредиттік саясат төмен кірісті активтердің үлесін баланс құрылымында 19, 5% -дан 9, 1%-ға дейін төмендетуге ықпал етті. Корреспонденттік шоттарда және Банк кассасындағы құралдар көлемі 7, 232 млн теңгені құрады.
2010 жылда пассив құрылымының өзгеруі. Банктің сенімділік көрсеткіші жағымды көрсетілген жеке меншік капиталдың ұлғаюымен байланысты.
Ұсыныстардың жоғары сапасы мен алуан түрлігі есеп шоттардағы қалдықтар немесе депозиттік түріндегі құралдар арқылы ресурстар базаны құрылымдауға мүмкіндік береді.
Банкке деген клиенттің сенімінің көрсеткіші болып клиенттердің қарқындылығы мен көлемі табылады. Тартылған құралдардың қарқыны 2010 жылда жоғары болып қала берді. Жалпы клиенттік база 69, 657 млн теңгеге өсіп, 2009 жылмен салыстырғанда 1, 7 есе өсті.
Корпоративті клиенттердің шоттарындағы қалдықтардың жалпы көлемі 1, 8 есе өсіп, 2010 жылдың басында 20, 990 млн теңгені құрады. Осы көрсеткіштерден клиенттердің Банкке деген сенімділігінің жоғары екенін көруге болады.
2010 жылы басқа банктерден тартылған құралдардың үлесінің өсуі Банк статусының көтерілуін көрсетеді. Банк аралық депозиттердің көлемі 1 жылда 1, 8 есе өсіп, жалпы міндеттемелер көлемінің 24, 3%-ын құрады.
Баланстанған Банк міндеттемелерінің көбеюі капиталдың өсуімен байланысты. Бағытталмаған Банктің түсімі мен жарғылық қордың өсімі арқылы Банкке тиесілі құралдардың көлемі 1, 8 есе өсіп, 8, 935 млн теңге құрады. Банкке тиесілі құралдардың үлесі пассивтер құрылымында 11, 3 % -ын құрады.
2010 жылдың табысы Банктің 13, 141 млн теңге құрады және де 12, 226 млн теңге шығыс жасалды.
Банктің табыс құрылымында бірінші орынды несиелік операциялардан түскен түсім алады-59, 1%.
Ал, 2-ші орынды шетелдік валютамен байланысты операциялар алады- 17, 8 %.
Комиссиондық табыстың өсуіне клиенттік базаның өсімі, ШКО желісінің ұлғаюы ықпал етеді және14, 4% -дан 15, 1 %-ға дейін құрайды.
Нарық туралы ой тұрақты болуымен, Банктің күшті қаржылық жағын көрсетеді.
3. «БТА Банкі» АҚ-ғы ұйымды басқарудың әдістері мен тәсілдері.
Ақсай филиалының менеджменті өз маман иеларінен тұратын ұйымшыл топтан кұралған. Клиенттермен жұмыс жасау ыңғайлы болуы үшін Банкте әр түрлі қызметтерді атқаратын арнайы бөлімдер қарастырылған:
- Несиелік бөлім;
- Операциялық бөлім;
- Валюталық бөлім;
- Пластикалық карта бөлімі;
- Жинақтау бөлімі;
- Касса және т. б.
Әр жұмыскердің пікірін негізге алу ұжымды басқарудағы негізгі бағыт болып келеді.
2009 жылы Ақсай филиалында штаттық жұмыскерлер саны 53 адам, ал оперативті жұмыскерлер саны 37 адам болып келеді. Жұмыскерлердің 25 жоғары білімді - 67, 56%, ал қалған 32, 44% - арнаулы орта білімді.
Жұмыскерлердің көп саны бас банк ұйымдастырған әр түрлі курстар арқылы жетілдіре түсті. Алынған білімдерін өндіріс процесінде қолданып, өндірістік бағдарламаны жүзеге асыру барысында кеңінен қолдануда.
Тұрғындардың ақша қаражаттарын депозиттерге, салымдарға тарту мақсатында және де Банк қызметтері көлемін өсіру мақсатында 2009 жылы кассалық есеп айырысу бөлімдерін көбейту саясаты жалғастырылды.
Банк басқармасы Банк алдындағы тұрған міндеттерді тиімді шешу - жоғары білікті мамандар және дағдыланған менеджмент негізінде жүзеге асырылады деп есептеледі. Сондықтан, Банк ұжымын басқару келесі принциптер арқылы негізделеді:
- Қарқынды дамитын Көшбасшы - Банк имиджін құру;
- Банк қызметкерлері арасында корпоративті рух қалыптастырып, біріккен топ құру;
- Ішкі резервті жүзеге асыру;
- Банк қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің жетілдірілуі;
- Twining бағдарламасы аясында ұжымды оқыту, әр түрлі семинарлар жүргізу және т. б.
Банк келесі талаптарды негізге ала отырып, оқыту жүйесі мен ұжымды кері дайындауды тиімді жүзеге асыруда:
- қызметкерлерді оқыту барысында және ұжымды басқаруда басқарушыларға жауапкершіліктің артылуы,
- қызметкерлердің жұмыс жасау бағытын және қасиеттерін есепке ала отырып, қызметкерлерді жеке дайындау,
- Банк міндеттерінің қаржылық және өндірістік есебі.
«БТА Банкі» АҚ Ақсай филиалының ұжымдық құрылымы
4. Депозиттік операциялардың сипаттамалары .
Ақсай филиалының «БТА Банкі» АҚ-ның депозиттік саясаты Банктік стратегияның маңызды бөлігі болып табылады.
Ақсай филиалының «БТА Банкі» АҚ-ы клиенттерге әр түрлі көлемді салымдарды ұсынады: ұлттық, шетелдік валютада;
ағымдағы және әр түрлі талаптары бар жедел салымдар.
Қазіргі кезде клиенттерге ұсынатын келесі депозиттер бар:
- Формула успеха мультивалютный;
- Формула успеха Капитал мультивалютный;
- Platinum;
- Детский мультивалютный;
- Sprint;
- Дружба;
- Выгодный курс;
- Антиинфляционный.
Салымшылардың жағдайын қарастыратын салымдардың әр түрлі талаптары ресурстардың тұрақты көздерінің өсуін қамтамасыз етеді.
Банктің тартымды депозиттік саясатымен қатар депозиттік базаның өсуіне Жеке Тұлғалардың салымдарын сақтандыру қорына барлық ірі Қазақстандық банктердің қосылуы ықпал етті.
Тартылған депозттердің проценттік саясатын анықтау барысында Банк бәсекелес банктер ұсынатын операциялар бойынша нақты және болжамды түсімдерінде, статистикалық және маркетингтік тексерістің талдауына, депозиттер бойынша сыйақылардың тұрақты өсімінің талдауына сүйенеді.
Қойылған мақсаттар мен міндеттердің орындалуы үшін 2008 жылы Ақсай филиалының «БТА Банкі» АҚ табысты клиенттерді таңдады.
Тұрақты клиенттер арқылы филиал табысының артуы клиенттік базаның бөлінуіне әкелді: VIP, MIDL (кездейсоқ) .
01. 01. 2011 жылы жеке тұлғалар бойынша депозиттік база 66743 теңге құрады. Ал, 2009 жылы 235053752 теңге құрады. 2010 жылдың маусым айынан бастап Ақсай филиалының«БТА Банкі» АҚ «Қарашығанақ» аймақтық депозитіне салымдар қабылдай бастады. 2010 жылдың 1 маусымынан 31 желтоқсанына дейін салымдар келесідей көрсеткіштерді көрсетті: 240256, 99 USD - доллармен 37 салымшы; 28 салымшы - 8145151, 58 теңге, ҚР бағамы бойынша (155, 1) 52 салымшы 515, 48 USD.
Кесте 1. Ақсай филиалының «БТА Банкі» АҚ-ның депозиттер көлемі
мың теңге
2011-2009ж/ғы
Пайыздық көрсеткіші
%
Жоғарғы кестедегі депозиттер көлеміне келсек, 2009 жылы қажет болғанша 51796480 мың теңге болды. Ал 2010 жылы 102099947 мың теңгеге өскен болса, 2011 жылы 125421763 мың теңгеге өсті, ал 2011-2009 жылды салыстыра келсек пайыздық өсімі 242. 14%(125421763/51796480*100%) пайызға өсті. Жоғарғы кестеде, депозиттің жедел түрі 2009 жылы 151184940 мың теңге болды. Ал, 2010 жылы 330401844 мың теңгеге өсті. Жедел депозит 2011 жылы 542133780 мың теңгеге өсті. 2011-2009 жылдардың пайыздық көрсеткішін салыстырғанда 358. 5%(542133780/151184940*100%) болды. Осы кестеден депозит көлемінің жылдан жылға өсіп келгенін көреміз.
5. Пластикалық карта бөлімінің операцияларының сипаттамасы
Ақсай филиалының «БТА Банкі» АҚ-ы карточкалық бизнес нарығында көшбасшылық орынға ие.
Карточкалар ұстаушылар саны -15672 адам. 2010 жылы 4522 карточка шығарылды. Сонымен қатар, Visa Platinum - дана, Visa Gold -40 дана, Visa Classik 283 дана.
Ай сайынғы банкоматтың айналым 280 млн теңгені құрайды.
1. Пластикалық карточкаларды шығару тәртібі.
- Жаңа карточкалар клиенттердің орнатылған формадағы арыздары арқылы шығарылады.
- Карточканы шығарумен Ақсай филиалының «БТА Банкі» АҚ-ның менеджерлері және бөлшек бизнес басқармасы айналысады.
- Ақсай филиалының «БТА Банкі» АҚ-ның карточкасымен жұмыс жасауға жауапты менеджерлерінің карточканы шығару үшін қабылданған құжаттарды қабылдау іс қимылы:
- клиенттерді карточкалар түрлерімен таныстыру;
- 2 данадан Арыз және келісімшартты толтыруды ұсынады;
- Төлем карточкасының берілуі және қолданылуы келісімшартты тексереді және клиенттің құжаттар жинағын қалыптастырады;
- Арызды өзінің қолымен куәландырады;
- Арызды Арыздарды тіркеу журналына тіркейді:
- Клиенттке дайын карточканы қай уақытта ала алатындығын айтады;
- Жеке тұлғалар үшін арызына шот тіркеп, ашылған карточка түрін, валюта түрін нақтылап жазады. Ал заңды тұлғалар үшін - барлық құжаттар пакетін карточкалық операциялар есебі бөліміне шот алу үшін жібереді;
- Клиент туралы мәліметтерді карточкалар шығаратын Gpeatess Reg бағдарламасына енгізеді.
Бұл бағдарламада «карточканы шығаруға арналған тапсырыс» атты файл құрылады. Бұл файлда «Ескертулер» бағанында келесі карточка шығарудың арнайы жағдайларын көрсету керек:
- Негізгі карточка иесінің белгіленген лимитті шешудің шамасы;
- Стандартсыз шығару (кері шығару) мерзімі,
- Сақтандыру депозитін салу және карточка үшін төлем бойынша мәлімет;
- Егер карта акциялар немесе жалақы арқылы жіберілсе, акцияның жобалық атауын нұсқау керек;
- Құрылған файлды Lotus арқылы карточка шығару секторының қызметкеріне жібереді;
- Арыз бен құжаттарды Мониторингтік және тәуекелдер бөлімшесіне жібереді;
- Толтырылған, қол қойылған, куәландырылған арыздар мен келісімшарттары карточка шығару секторының қызметкерліріне мұрағаттау үшін жіберіледі;
- Ақсай филиалының «БТА Банкі» АҚ-ның менеджері толтырылған, қол қойылған, куәландырылған арыздар жалақы жобалары және жеке тұлғалардың Visa Domestic, Girrus Maestro local арқылы мұрағатталады.
2. Карточкаларды шығару тәртібі.
Карточкаларды шығару процессі 2 түрге бөлінеді: негізгі, қосымша. Жергілікті карточкалар Visa Domestic, Girrus Maestro 3 жылға, ал халықаралық карточкалар 1 жылға жіберіледі.
Карточкаларды шығарумен ТОО «Алем кард» айналысады.
6. Кредиторлық операциялардың сипаттамасы.
«БТА Банкі» АҚ ақсай филиалының қызметінің басты бағыттарының бірі жекешелендіру болып келеді.
Несиелік шығыстар бойынша жиналған тәжірибені қолдана отырып, филиал, сенімді заемшылар базасын, жеке және заңды тұлғалар бойынша несиелеу бағдарламарын ұлғайтты. 2010 жылы банк 2351223 мың теңге көлемінде несие берді. 2009 жылмен салыстырғанда бұл өлшем 1, 46 есе өсті.
Есепті жыл бойы кредиттік портфель 636 140 мың теңгеден 9140698 мың теңгеге дейін өсті. Несиелік портфельдің елеулі өсуі, филиалдың депозиттік базасының шетелдік инвестициялардың тартылуымен түсіндіретін жаңадан берілген несиелер есебінде жүргізіледі.
Банктің таңдаған несиелендіру түрінің нәтижесінде, кредиттік портфельдің заңды тұлғалардың орташа алғанда несиелік берешектің 80% құрайды.
Өтелген несиелер сомасының негізгі борышын - 1722234 мың теңге - заңды тұлғалар, ал 350235 мың теңгені жеке тұлғалар өтеді.
Есепті жыл бойы бөлшек несиелендіру 27 851 мың теңгеден 129 256 мың теңгеге дейін өсті. Негізінен «кезек күтпейтін мұқтаждар бағдарламасы » және «көлік сатып алушы несиелендіру бағдарламасы» үлкен сұраныс пен қолдануда.
Ірі заемшылармен қатар Банк ірі және кіші кәсіпорындарға қызмет көрсетеді. Олармен жұмыс жасай келе Банк олардың бизнесінің дамуын қадағалайды. Көптеген жағдайларда Банк клиенттер арасында кепіл беруші болып келеді.
Меншікті капиталдың қарқынды өсуінің нәтижесінде Банк алдында жаңа мүмкіндіктер ашылды. Қызметтердің жаңа түрлерін көрсету, ірі жобалардың қызмет етуі нақты болды. Осыған байланысты Банктің стратегиялық маңызды жағының бірі - әрдайым аса күрделі және нәтижелі халық-шаруашылық жобаларға ауысуы болып табылады.
Клиенттерге кредиттік жобаларды ұсыну тәжірибесі қарқынды дамуда. Банкпен таңдалған несиелендіру түрі несиелендіру құжаттарын ресімдеуді жеделдетумен қатар, заемшы категорияларының қаражаттық жағдайын бірдей бағалауға мүмкіндік береді.
Банк беретін несиелер құрылымында операциялардың кірісті болуын қамтамасыздандыратын қысқа мерзімді несиелер басым. Қысқа мерзімді несие берумен қатар Банк орта мерзім және ұзақ мерзім негізіндегі жобаларды қаржыландырады.
Банктің кредиттік портфелінің жоғары сенімділігін несиелендіру көлемінің өсуіне үйлестіру жүзеге асырылды. Бухгалтерлік есептің Халықаралық стандарттарына сәйкес есептелінетін Банк несиелерінің шығындары бойынша резерв, барлық портфельдің несиелер бойынша мүмкін шығындардың толық орнын толтыру бірдей (барабар)
Кесте 2. 2009-2011 жылдар бойынша жабылған және берілген несиелер мың теңге
Сонымен қатар, 2-ші кестеде көріп отырғанымыздай банктің несие көлемі 2009 жылы заңды тұлғаға берілген несие 1213366 мың теңге, ал 2010 жылы берілген несиенің көлемі 1917822 мың теңгеге өсіп, 2011 жылы заңды тұлғаға берілген несиенің көлемі 1516514 мың теңгеге түскен. 2011-2009 жылдағы абсолюттік көрсеткіші 303168 мың теңгеге(1516514-1213366) тең болды. Пайыздық көрсеткіші 124. 98%(1516514/1213366*100%) тең болды. Ал, жеке тұлғаға берілген несие 2009 жылы 398149 мың теңге құрады, 2010 жылы 433401 мың теңгеге түсіп кеткен. 2009-2011 жылдағы абсолюттік көрсеткіші-72760 мың теңгеге(325389-398149) төмендеп кеткен.
Жабылған несиелерге келсек, экономикалық тұлға үшін 2009 жылы 350464 мың теңге несие жабылған, ал жеке тұлға үшін 2009 жылы 211146 мың теңге несие жабылған. Ал, 2010 жылы экономикалық тұлға үшін жабылған несие көлемі 1722234 мың теңгеге төленді. Ал, жеке тұлға үшін жабылған несие көлемі 350235 мың теңгеге өсті. 2011 жылы экономикалық тұлға үшін 1015125 мың теңге несие жабылды, ал жеке тұлға үшін 2011 жылы 2072464 мың теңге көлемінде несие жабылды. 2011-2009 жылдарды салыстыра келе экономикалық тұлға үшін абсолюттік көрсеткіші 664661 мың теңге(1015125-350464) құрады. Ал қатынасы 289. 65%(1015125/350464*100%) тең болды. Жеке тұлға үшін жабылған несиенің абсолюттік көрсеткіші1861318 мың теңге(2072464-211146) болды. Ал, пайыздық көрсеткіші 981. 53%-ға (211146/2072464*100%) тең болды.
Кесте 3. 2009-2011 жылдар бойынша пайыздық түсімдер
2009-2011ж/ғы Пайыздық
Көрсеткіші
%
Осы кестеде көріп отырғанымыздай, пайыздық түсімдер 2009 жылы несиелер бойынша 64781 мың теңге, USD-доллары 35271 тең болды. 2010 жылы бірнеше көлемге өсіп, 70352 мың теңгеге, 84590 USD-ға тең болды 2011 жылы 519854 мың теңге, және 351877 USD-ға тең. 2009-2011 жылдағы пайыздың көрсеткіші 802. 6%-ға (519854/64781*100%), USD-997. 6%-ға (351877/35271*100%) тең болды.
Ал, несиелер бойынша пайыздар 2009 жылы 36007 мың теңге болса, 2010 жылы 100052 мың теңгеге өсті. 2011 жылы 154949 мың теңгеге көтерілді 2009 жыл мен 2011 жылды салыстыра келе пайыздық көрсеткіші 430. 33%-ға (154949/36007*100%) тең болды.
7. Есеп айырысу, кассалық операциясының сипаттамасы.
Қолма - қол жасалмайтын есеп айырысудың экономикалық базасы материалдық өндіріс болып табылады. Осыған орай төлем айналымының басым бөлігі тауарлық операциялар бойынша есеп айырысу болып келеді: «БТА Банкі» АҚ Ақсай филиалы қолма қол жасалмайтын есеп айырысу желі ішінде де, басқа банктермен, басқа қалалармен жүргізеді. Филиал үшін қолма қолсыз есеп айырысу ең тараған түрлеріне түбіртек және төлем тапсырмасы жатады.
Төлем беруші мен алушы арасындағы есеп айырысу түрлері келісімшарттарда өздерімен анықталады. Төлем беруші және алушы арасындағы есеп айырысу бойынша өзара наразылықтарын банктің мекемесінің қатысуынсыз шешіледі.
Төлем тапсырмасы - шот иесінің жазбаша өсімін көрсетеді.
Тауарлар және қызмет көрсетулер үшін есеп айырысу төлем тапсырмалары келесі жағдайда қолданылады:
- Алдын-ала төлемдер, қызметтер үшін,
- Тауарлық операциялар бойынша несиелік берешекті өтеу үшін;
- Соттау шешімі бойынша,
- Үй жай үшін жалдау ақысын төлеу бойынша;
- Транспорттық, коммуналдық, тұрмыстық эксплутациондық қызметі үшін төлем.
Тауарсыз емес есеп айырысуларда келесілер үшін қолданылады:
- Бюджетке төлемдердің аударылуы;
- Банктік несиенің жабуы;
- Мемлекеттік және экономикалық сақтандыру органдарына аударымдар;
- өсім төлемдері, айыппұлдар үшін және т. б. .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz