Құқықтық норма



МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І тарау Құқық нормалары туралы түсінік
1.1 Құқық нормаларының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Құқықтық норманың құрлымы мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
ІІ тарау Құқықтық норма
2.1 Құқықтың қайнар көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Құқық нормаларын іс жүзіне асырудың түсінігі,
оның негізгі нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ІІІ тарау Құқықтық нормалардың қажеттілігі
3.1 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
3.2 Қоғамның қатынастарын реттейтін нормалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
Пайдаланылған әдибеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І тарау Құқық нормалары туралы түсінік

1.1 Құқық нормаларының
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1.2 Құқықтық норманың құрлымы мен түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

ІІ тарау Құқықтық норма

2.1 Құқықтың қайнар
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...19

2.2 Құқық нормаларын іс жүзіне асырудың түсінігі,
оның негізгі
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .26

ІІІ тарау Құқықтық нормалардың қажеттілігі

3.1 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

3.2 Қоғамның қатынастарын реттейтін
нормалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 8

Пайдаланылған әдибеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40

Кіріспе

Қазақстан Республикасында жеке бірлескен кәсіпкерік, коммерциялық
және сауда қызметінің дамуына байланысты өнім сапасын мемлекеттік
бақылау туралы, денсаулық және тұтынушылар құқықтарын қорғау
туралы, рынокты жалған өнімдер мен тауарлардан қорғау туралы
мәселе барған сайын өткір сипат алуда.
Көптеген заң және үкімет актілері адамдардың еңбек құралдарымен және
заттарымен, техникамен және табиғат күштерімен қарым - қатынас ережелерін
анықтайтын нормаларды бекітеді.
Құқық нормасы – бұл мемлекет таныған және қамтамасыз ететін
жалпыға міндетті, формальды анықталған жүріс-тұрыс ережесі. Құқық
нормасынан қоғамдық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен
міндеттері туындайды және осы ереже аталған субъектілердің әрекеттерін
реттеуге бағытталған.
Менің курстық жұмысымның тақырыбын таңдауыма құқық нормаларын
жеткіліксіз зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізеді. Осы
курстық жұмыстың тақырыбын ашу үшін негізгі бөлімді үш сұрақ
шеңберінде қарастырдым.
Біріншісінде, құқық нормасының түсінігі және жалпыға міндеттілігі,
формальды анықталғандығы, мемлекетпен байланысы және т.б. басты
белгілері жайында айтылады.
Екіншісінде, құқық нормасының реттеуші, құқық қорғаушы,
құқық беруші, тыйым салушы, императивтік, диспозитивтік және басқа да
түрлері жайлы айтылады. Сонымен қатар осы бөлімде құқықтық
норманың құрлымы үш элементтен құралатыны, яғни
гипотиза, диспозиция және санкциядан тұратыны туралы айтылады.
Ал үшіншісінде, құқық нормаларын іс жүзіне асырудың
түсінігі және оның негізгі нысандары, яғни сақтау, орындау,
пайдалану және қолдану нысандары жайлы айтылады.
І тарау Құқық нормалары туралы түсінік

1.1 Құқық нормаларының түсінігі

Құқық – күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі - қоғамдық
қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық – жалпыға
бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.

Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана ереже қағидасы.
Мысалы құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіші,
торпасы.

Құқықтық норма – мемлекет таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық
қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын,
олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын
жалпыға бірдей міндетті ереже, норма.

Құқықтық норма - заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың
айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма
айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық,
нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін
табуға мүмкіндік береді.

Құқық нормасы – бұл адамдардың белгілі бір жағдайдағы мінез -
құлық бағдарламасы. Бұл, әрине, заңдық модель, өйткені, онда адамдарға
бағытталған белгілі бір құқықтары мен міндеттері жазылып көрсетілген барлық
мінез-құлық нормасы берілген. Мысалы, азаматтың бұзылған құқығын сотта
қалпына келтіру құқығын реттейтін нормада өзінің бұл жөніндегі
талап- арызын сотқа жолдауға құқықтығы, ал оны қабылдау соттың міндеті
көзделген.

Осыдан келіп, мынаны байқауға болады: кез келген заңды мәндес мінез
-құлық барлық жағдайда басқа адамға қатысты тәртіп (мінез –құлық) болып
табылады.Демек, құқылық іс-әрекеттің ерекшелігі сол, ол бір мезгілде іс-
ерекет жасайтындар мен осыған қатысушылардың арасындағы қатынасты тудырады.
Бұл қатынас құқықтық немесе заңдық делінеді. Құқық нормасы, сөйтіп, мінез-
құлық (тәртіп) моделін және осы мінез-құлыққа қатынасы бар адамдардың
мүдделерінің арасындағы құқықтық қатынастар моделін қамтиді.

Норма дегеніміз – қоғамның даму барысында қалыптасқан мінез –
құлық ережесі. Адамзат, бәрімізге мәлім болғандай, әр түрлі
қатынастарды реттейтін көптеген мінез – құлық ережелерін бекітті.
Солардың ішінде техникалық және әлеуметтік топтың нормалар айырықша
орын алады. Техникалық және әлеуметтік нормалар бір- бірімен өзара
байланыста болады.

Көптеген заң және үкімет актілері техникалық ережелер мен
техникалық нормаларды, яғни адамдардың еңбек құралдарымен және заттарымен,
техникамен және табиғат күштерімен қарым-қатынас ережелерін анықтайтын
нормаларды бекітеді.

Нормативтік – құқықтық актілерде көбіне не сақталуы заң
жағынан міндетті деп танылатын техникалық нормаларға сілтеме жасалады, не
олардың мазмұны баяндалады. Техникалық норманың актіде баяндалғандай
күйде сақталуы осы нормативтік акт бағытталған тұлғалар үшін заң
жағынан міндетті. Нормативтік – құқықтық актілер тиісті нұсқамаларға
сілтеме жасай отырып, белгілі бір техникалық нормаларды сақтаудың
неғұрлым жалпы нұсқамаларын береді. Мұндай нормативтік актілер техниканың
даму деңгейіне сәйкес сол кезде бар техникалық нормаларды сақтауға,
алушылар үшін заңдық міндеткерлік туындата отырып, сілтемелік я
болмаса дербестік сипатта болады. Бұл нормаларды кінәлы болып бұзу құқық
бұзушылық ретінде бағаланады.

Мұндай техникалық актілер заңдарды жүйелеу кезінде іс жүзінде
ескеріледі, бірақ енгізу қисынсыз болғандықтан заңдардың хронологиялық және
жүйелік жинақтары мен жиынтықтарына енгізілмейді.

Сөйтіп, біз техникалық нормаларының құқық нормаларымен
қамтамасыз етіліп, өзара тығыз байланыста болатындығын көрдік. Ал енді
әлеуметтік нормалар жөніндегі білімімізді жоғарыда сөз еткен едік,
сондықтан оны қайталамауды жөн деп таптық.

Құқық нормалары дегеніміз мемлекет тағайындаған не
мақұлдаған және құқық бұзушылықтан қорғайтын жалпыға міндетті
мінез – құлық ережесінің эталоны, үлгісі, ол, әрине, қатынастарға
қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейді. Олар тәртіпті
мемлекеттік реттегіш болып саналады, өйткені онда мемлекеттің
еркі айқындалады.

Құқық нормаларынан өзгеше жекеқұқылық актінің нормаға
негізделе отырып, бір жолғы мәні болады, жеке белгілі бір адамға
қатысты болады. Мәселен, жұмысқа қабылдаудың еңбек туралы заңдарға
белгіленген жалпы тәртібі норма болса, кәсіпорын немесе мекеме
басшыларының нақты азаматты жұмысқа қабылдау туралы бұйрығы жеке акт.
Бұдан нақты жеке тұлға көрсетілмеген не қоғамдық қатынастар
түріне бағытталған қандай да болсын нұсқама үнемі құқық нормасы
бола береді деп түсінбеу керек. Мысалы, “2001 жылғы мал қыстатуды
ойдағыдай өткізілгені үшін мал қыстатуды өткізуге қатысқан барлық
қызметкерлерге алғыс жарияланып бағалы сыйлықтар берілсін” деген
нұсқама жеке адамға арналмаған, ол да бір жолғы орындаумен аяқталатын
нұсқама. Онда алғыс жарияланған адамдардың дәл еңбек кітапшасына
тиісті жазба жазу бұйырылған лауазымды адамдардың да тектері
көрсетілмеген. Солай бола тұрса да бұл құқық нормасы емес. Ол
өзінің заңдық табиғаты жағынан шебер Сыбановқа немесе машинист
Амановқа қызмет бабындағы немесе өндірістік қызметіндегі жоғары
көрсеткіштері үшін алғыс жариялау туралы бұйрықтан ешбір
айырмасы жоқ.

Жеке актілерден басқа, құқық нормаларынан жалпы сипаттағы нормативтік
емес актілерді ажырату керек. Олар тұтастай бір құқық нормаларын қамтиды,
оларды орындауға құқықтың көптеген субъектілері қатысады, бірақ олар да бір
жолы орындауымен тынады.

Құқықтық нормалар қашанда нақты, формальды түрде бекітілген
нысанда болады. Сондықтан мұндай нормалар мамлекеттік өкіметтің
ресми, жалпы жұртқа міндетті нұсқамалары бола отырып, формальды
түрде белгіленген ереже болып табылады. Құқықтық нормалар ресми
құжаттарда дәл және жеткілікті дәрежеде тәптіштелген ережелер
түрінде тұжырымдалатыны осы формальды нақтылыққа байланысты, олардың
дұрыс түсініліп, қолданылатыны осымен қамтамасыз етіледі.
Құқық нормасына тән белгілер:

-жалпыға міндеттілігі-ол адамдардың мүмкін және міндетті әрекеттеріне
қатысты мемлекеттің биліктік ережелерін білдіреді;

-формальды анықталғандығы- ол жазбаша түрде ресмиқұжаттарда көрініс
табады;

-мемлекетпен байланысы- оны мемлекеттік органдар орнықтырады және
мемлекеттік әсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі;

-ұсынушылық – міндеттемелік сипат- ол бір субъектілерге құқықтар
берсе, келесі субъектілерге міндеттемелер жүктейді, себебі, құқықты
міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыру мүмкін емес;

-мемлекетпен белгіленеді немесе санкцияланады;

-субъектінің мүмкін болатын және рұқсат етілген тәртібінің жалпыға
міндетті шектерін айқындайды;

-қажетті жағдайларда олардың жүзеге асырылуы мәжбүрлі мемлекеттік
шаралармен қамтамасыз етіледі;

-типтік қоғамдық қатынастардың мемлекеттік реттеушісі болып табылады.

1.2.Құқықтық норманың құрлымы мен түрлері

Кезкелген құқықтық норма белгілі бір құрлымнан, яғни ішкі
құрылысынан тұрады. Құқық нормаларының құрылымын айтпастан бұрын оның
қандай бөліктерден (элементтерден) тұратындығын және олардың арасындағы
байланысты анықтау керек.

Құқық нормаларының құрылымы- бұл қажетті элементтердің функционалдық
еріктілігін қамтамасыз ететін ықшамдалған жиынтығы. Ондай бөліктер үшеу:

1)гипотиза- бұл сондай құқық нормаларының элементі, мұнда
норманың іс жүзіне асырылуға тиіс жағдайларды көрсетеді, оның әрекет
ету саласын анықтайды. Басқаша айтқанда, норманың қашан және қандай
нақтылы өмірлік жағдайларда күшіне енеді және ол кімдерге қатысы бар
екендігін көрсетеді. Мысалы, Қазақстан Республикасында Зейнетақымен
қамсыздандыру туралы Заңда адамның жасына байланысты зейнеткерлікке
шығу құқығының нақтылы жағдайлары көрсетілген: орталықтан зейнетақы
төлемдерін тағайындау үшін, 2001 жылғы 1 шілдеден бастап, нресектерге
63 жас, әйелдерге 58 жас, ал бұлардың тиісінше еңбек стажы, 1998
жылғы 1 қаңтардан бастап, 25 және 20 жыл болулары тиіс. Зейнеткерлікке
жеңілдетілген жағдайлар бойынша да шыға алады.

2)диспозиция- бұл гипотизадағы көрсетілген құқық нормасының іске
асырылуы жағдайларының тууына байланысты пайда болатын субъектілердің
құқықтары мен міндеттері тағайындалуы арқылы нақтыланатын мінез-құлық
ережесінің моделі. Демек, диспозицияда құқық субънетілерінің құқықтары мен
міндеттері көрсетіледі. Басқаша айтқанда, диспозиция- мінез-құлық
ережесінің жазылу мазмұны. Мысалы, Қазақстан Республикасындағы Еңбек
туралы Заңының (2000ж) 9-бабында жеке еңбек шартының мазмұны берілген.
Қылмыстық құқықта мысалы, ұрлық, яғни бөтен мүлікті жасырын ұрлау,
-делінген.

3)санкция- осы мінез-құлық ережелерін бұзғаны үшін қолданылатын
мемлекеттің ықпал ету шаралары. Яғни, диспозицияның іске асыру күй-жайын
қамтиды. Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілгендей,
өнегелі еңбектері үшін қызметкерлерді ордендермен, медальдармен,
айрықша белгілермен, сыйақымен марапаттау. Немесе, Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің 125- бабында: “Адамды ұрлау –4 жылдан
7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады”, -делінген. Әрбір сөз
етілген элементтердің құқық нормалардың құрылымында өз еркі және
атқаратын рөлі ерекше болады. Гипотизасыз норма өзіндік мазмұны
жояды. Ал санкциясыз норма өз күшінен айырылады. Сондықтан, құқық
нормаларының конституциясын мынадай модельде көрсетуге болады: “Олай
болса... былайша...”.

Санкция диспоцицияның бұзылуына байланысты туатын қолайсыз жағымсыз
жағдайларды көрсететін нормалардың бөлігі.

Құқық нормалары құқықтағы өзінің рөлін атқара алмас еді, егерде
олардың құрылымдық элементтерінің біреуі болса да актілерде көрсетілмесе.

Демек, құқық нормалары, олардың барлық элементтері заң
баптарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көрсетіледі.
Кей кездерде, қандай да болмасын құқық нормаларының элементтері
нормативтік құқықтық актінің баптарында толық тұжырымдалмауы мүмкін,
тек түсініледі, оны логикалық ойлау арқылы анықтауға болады,
өйткені олар сол актінің немесе өзге нормативтік актілердің басқа
баптарынан қисынды түрде туындап жатады. Мысалы, Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің ерекше бөлімінің барлық баптары
бір принципке негізделіп құрылған. Онда диспозиция гипотизада
айқындалған іс-әрекетті жасауға тыйым салуды көздесе (мәселен, қасақана
кісі өлтіру), ол санкция- оны жасаған кінәлі адамға жазаның түрін
қолдануын анықтайды. Бірақта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің
96-бабының 1-бөлігінде: Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы
қасақана қаза келтіру 6 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады, -деп жазылған. Өзіміз көріп
отырғанымыздай, мұнда қасақана кісі өлтіруге тыйым салынса
деген жазу жоқ. Соған қарамастан әрбір дені-сау адамға диспозиция
айырықша жазылмаса да түсінікті, қасақана адамды өлтіруге болмайтындығы
(диспозиция), егерде бола қалған жағдайда қылмыстық жазаға кінәлі адамның
тартылатыны (гипотиза) бәрімізге мәлім. Мұндай жағдайларда гипотиза
мен диспозиция бірігіп кеткендігі бөлініп тұр, өйткені келтірілген
мысалдан қандайда да болмасын іс-әрекетке тыйым салу (диспозиция)
арқылы оның белгілерін анықтауға (гипотиза) болады.

Құқық нормасы әрқашан нормативтік актінің баптарына сай келе
бермейді. Бұл жағдай тек баптарда құқық нормаларының үш элементі
(гипотиза, диспозиция, санкция) бірдей көрініс тапқан кезде байқалады.
Бірақ құқық нормалары нормативтік актілердің баптарында басқа тәсілмен де
жазылуы мүмкін. Бір бапта бірнеше нормалар жазылуы мүмкін. Мұндай кезде бір
бап бірнеше нормалар жазылуы мүмкін. Мұндай кезде бір бап бірнеше
бөліктерден тұруы, оның әрқайсысы бөлек құқықтық нормадан құрылуы мүмкін.

Заң баптарын (нормативтік құқық актілердің тармақтарынан) құқық
нормаларынан ажырата білуіміз қажет.

Қорыта айтатын болсақ, құқық нормалары мен нормативтік актілердің
баптарының ара-қатынасын былайша айқындауға болады:

-құқық нормаларының құрылымдық үш элементтерінің барлығы да
нормативтік актінің бір бабында келтірілуі мүмкін;

-бірнеше құқықтық нормалар нормативтік актінің бір-ақ бабында берілуі
мүмкін;

-құқықтық норма бірнеше баптарда көзделуі мүмкін.

Өз кезегінде құқық нормаларының элементтері құрылымына, құрамына,
көлеміне қарай жәй, күрделі, альтернативтік болуы мүмкін.

Жәй гипотиза-құқық нормаларының іске асуының негізгі болып табылатын
бір жағдайда тұжырымдауы мүмкін, жәй диспозиция бірмінез-құқықты білдіреді,
ал жәй санкция- бір зардаптарды, қолайсыз жағдайларды айқындайды.

Күрделі гипотиза екі немесе одан да көп міндетті жағдайларды қамтуы
мүмкін, олардың жиынтығы келіп, құқық нормаларының іс-жүзіне асырылу
негізін қалайды. Күрделі диспозиция бірнеше құқықтар мен міндеттерді
қамтыса, ал күрделі санкция бірнеше зардаптардың қатарынан болуын
тұжырымдайды.

Альтернативтік гипотиза бойынша заңда көрсетілген бірнеше
жағдайлардың біреуі ғана құқық нормаларының іске асырылуының негізі бола
алады. Альтернативтік диспозиция –бұл заңда көрсетілген бірнеше құқықтар
мен міндеттердің бірі ғана (құқық не міндет) болса жеткілікті. Демек, бұл
құқық субъектінің бірнеше мінез-құлық ережелерінің біреуін ғана қолдануы
деген сөз. Ал альтернативтік санкция бойынша бірнеше жазаның ішіндегі
біреуі ғана қолданылуы мүмкін.

Альтернативтік диспозиция дегеніміз (қылмыстық құқыққа сәйкес) бір
қылмыстың құрамында бірнеше әр қилы іс-әрекеттердің немесе бірнеше әр түрлі
зардаптардың болуы.

Альтернативтік санкциялардың болуы жазалау шарасын тағайындау кезінде
құқық бұзушының жеке басын, оның кінәсінің деңгейін, құқық бұзушылықтың
нақты жағдайлары мен оның зардаптарын ескеруге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа құқық нормаларының құрылымдық бөліктерінің жеке
дара ерекшеліктері де бар. Айталық, гипотиза тұжырымдау нысанына қарай –
жалпы (абстрактілік) немесе нақтылы (казуалдық) болып бөлінуімүмкін.
Абстрактілік гипотиза норманың қолданылуының жалпы түрдегі
сипатын анықтайды, ал казуистикалық – бұл нормалардың іс-қимылдарының
нақтылы тізбектелген жағдайларын баяндайды. Қазіргі кезде казуалдық
гипотиза құқықшығармашылықта қолданылмайды десек қателеспейміз. Өйткені,
оның кемшіліктерін айтпасақ та белгілі: оның қолданылуы құқық нормаларының
көбеюіне әкеліп соқтырады, сонымен қатар заң анықтамаларын ғылыми тұрғыда
толық беруге мүмкіншілік тудырмайды.

Гипотезада оқиғаның нақты жағдайлары қаншалықты дәл айқын
көсетілгеніне қарай құқық нормаларын айқын және салыстырмалы – айқын
деп бөлуге болады. Гипотизасы айқындалған нормада оны жүзеге асыру
жағдайларына қажетті айғақтардың соншалықты түсінікті және тұжырымдарда
оның бар екендігіне ешкімде күмән келтіре алмайды. Мысалы, Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 152- бабында: Мұндай
мәмілелерді: “мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа,
жиырма бес ең төменгі жалақыдан жоғары сомасы... жазбашы түрде
жасауға тиіс”,-делінген. Мәміленің жазбаша түрде жәйті- бұл айқын гипотиза.
Кейде мұны абсолюттік айқын деп те атайды. Демек абсолюттік айқындалмаған
гипотиза нормаларда да бар екен.

Салыстырмалы айқын гипотизада құқық нормаларының қолданылуын
шектеуін заң белгілі бір жағдаймен байланыстырады. Кей уақытта гипотиза бір
жақты және екі жақты болуы да мүмкін. Бір жақты гипотиза тек норманың
қолданылуына негіз болатын жағымды не жағымсыз жағдайлардың қажеттілігін
көрсетеді.

Диспозиция нормаларын талдау барысында оның да көптеген әр қилы
түрлерінің бар екендігін байқаймыз. Мұның да гипотиза сияқты казуалдық және
абстрактылық нормалары болады. Біріншісінде – іс-әрекеттерге рұқсат етілген
немесе оған тыйым салынған тұжырымдар нақты көрсетілсе, екіншісінде –
нақтылы мінез-құлықтың түрі көрсетіледі. Казуалдық диспозицияның тарихи
көрінісі прецедент (белгілі бір іс бойынша соттың не өзге
мемлекеттікорганның шешімі).

Мінез-құлық (тәртіп) ережелерінің жазылу тәсілдеріне қарай
диспозиция жәй, тізбекті, сілтемелі, бланкеттік болып бөлінеді.

Жәй диспозиция, айталық Қылмыстық кодексте, қылмыстың түрін ғана
айқындайды, оның аныұтамасы берілмейді. Бұл тәсіл – құқықбұзушылықтың
белгілері айқын болғанда ғана қолданылады.

Тізбекті (кейде аудармада описательная дегенді жазбалы деп те
жүріс) диспозицияда қылмыстың белгілі бір түрі айқындалып қана қоймай, оның
негізгі белгілері де тұжырымдалады.

Бланкеттік диспозиция, айталық қылмыстық белгілерін
анықтамайды, бұл жұмысты арнаулы мемлекеттік орган шешуі тиісті.

Санкцияның да әр түрі бар. Жоғарыда айтылғандардан басқа, оның
толық және толық еместігі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің ерекше
бөліміндегі барлық нормаларда санкция толық берілген. Ал толық
емес санкцияға мынандай мысалдарды келтіруге болады: Азаматтық кодексінің
157- бабындағы мәселелерді жарамсыз деп тану немесе Қазақстан
Республикасының Неке және отбасы туралы Заңының 13- бабы бойынша некенің
қиылуы тек азаматтық хал актілерінде жазылып мемлекеттік тіркеуден өткеннен
кейін ғана заңды деп есептеледі.

Құқық нормаларын түсіну үшін олардың элементтерін білу ғана
емес, нақтылы түрлерінің әр қилылығына қатыстылығын анықтау ең
басты мәселе болып табылады. Әдетте, құқық нормаларының мынадай негізгі
түрлері қарастырылады:

1) Олардың функцияналдық рөліне қарай бөлінуі:

-бастапқы (негізгі) нормалар, бұлар қоғамдық қатынастарды
құқылық реттеудің негізін белгілейді, оның мақсатын, міндетін, бағытын
айқындайды. Демек, оларды белгілі бір мәселені реттеудің жалпы бастапқы
ережелерін көздейтін, оның қағидатты негізін беретін алғашқы нормалар
ретінде және соның шеңберінде неғұрлым нақты, жеке мәселелерді нақтылаушы
(туынды) деп бөлу. Мысалы, нақтылы заң түсініктемесіне берілетін анықтаманы
қамтитын жалпы принциптерді жариялау нормалары, және т.б.;

-жалпы нормалар, белгілі бір құқық салаларының жалпы бөлігіне тән
және олардың тиісті құқық салаларының барлығы немесе көптеген
институттарына таралуы;

-арнаулы нормалар белгілі бір құқық салаларының нақтылы
институттарына қатысты және қоғамдық қатынастарды олардың өзіндік
ерекшеліктерін ескеріп реттейді.

2) Құқықтықт реттеудің пәніне және салалық қатыстығына байланысты
олар конституциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және т.б.нормалары.
Былайша сұрыптау заң нормаларын іздестіріп табу, түсіндіру және ресми
тіркеу үшін, сондай-ақ заңдарды ғылыми жағынан негіздеп сұрыптау,
нормативтік актілердің әр түрлі жинақтарын шығару үшін маңызды.

3) Құқықтық нормалардың сипаттамасына қарай материалдық (қылмысдық,
азаматтық, жер және т.с.с.) және процессуалдық (қылмыстық іс жүргізу,
азаматтық іс жүргізу) болып бөлінеді.

4) Құқықтық реттіліктің әдістемелігіне қарай авторитарлық және
автономиялық болып бөлінеді.

Авторитарлық әдістеме – реттеушілік биліктің құқықтық тұжырымдарына
негізделген.

Автономиялық әдістеме – жақтардың қатынастарындағы мінез-құлық
ережелерін реттеуге еріктілік мүмкіншілігін беру негізіне бағытталған.
Демек, құқық қатынастарына қатысушылардың тәртіптік ережелерін өз еркімен
қалап алуларын айтамыз. Бір қоғамдық қатынастарда құқықтық реттеліктің
авторитарлық әріавтономиялық әдістемелері болуы мүмкін. Сондықтан, құқық
салалары екі бірдей әдістемелікті қатарынан қолдану арқылы бөлінеді.

Айталық конституциялық құқық – құқық салаларының бастысы болып
табылады, ондағы реттеушіліктің пәні конституциялық құрылыстың негізі: адам
мен азаматтың құқықтары, қоғамды басқарүдың мемлекеттік тәртібі. Бұл
жағдайдағы басымдылық әдіс авторитарлық болып есептелінеді.

Азаматтық құқық – мүліктік және мүліктік қатынастырға
байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейді. Азаматтық
заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар,заңды тұлғалар,
мемлекет, сондай-ақ әкімшілік - аумақтық бөліністер болып
келеді.

Сонымен бірге,мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке
қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында
өзгеше көзделген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.
Мұның негізгі әдістемесі – автономиялық.

Әкімшілік құқық-атқарушы - өкімдік қызметінің процесінде мемлекет
органдарының өзара қарым-қатынастарынан туындайтын басқару қатынастарын
реттейді. Бұл құқықтық саладағы басымды әдістеме-авторитарлық.

Қылмыстық құқық – тұлғаның құқықтарын, мүлкін, ұйымдардың
құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті,
қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен
аумақтық тұтастығын қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін
қылмыстық қол сұғылмаушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың
қауіпсіздігін қорғау,сондай қылмыстардың алдын алу міндеттерін реттейді.
Мұндай басты әдістеме – авторитарлық.

Неке және отбасы құқығы – неке мен отбасы мүшесіне
байланысты қатынастарды реттейді. Бұл саладағы басты әдістеме
авторитарлық болып табылады, бірақ соңғы кездерде кең қолданылып жүрген
әдістемеге автономиялық та жатады.

Қаржылық құқығы – мемлекеттің қаржылық қызметінен түындайтын
қатынастарды реттейді. Ол бюджетке салық пен басқа да адамдарды
төлеттірудің негізі мен тәртібін, әрі ақшаны жиыстыру мен бөлуді
анықтайды. Оған тән ықпалды шаралардың қатарына авторитарлық
әдістеме жатады.

Азаматтық іс жүргізу құқығы – азаматтық істер бойынша сот төрелігін
жүргізу тәртібін реттейді. Негізгі әдістеме – авторитарлық болып табылады.
Басқа құқық салаларынан осындай принциптік негізде, яғни құқықтық
реттіліктің пәнін, әрі қосымша осы құқық саласының ерекшелігін ескеріп,
құқық реттіліктің әдісін қолданып, жүзеге асырылады.

5) Уақыт жағынан әсер ету күшіне қарай құқық нормалары тұрақты
және уақытша болып бөлінеді. Уақытша нормалардың қолданылуы не заңда мерзім
көрсетілуімен шектеледі; күшіне бірден немесе актіде көрсетілген белгілі
бір мерзімде енетін нормалар, кері күші бар немесе ондай күші жоқ нормалар
болып бөлінеді.

6)Әдістемелік реттілігіне қарай, олар:

-императивтік нормалар, бұлар қатаң түрдегі тұжырымдар , олардың
іске асуы құқық субъектілеріне байланысты емес.

-диспозитивтік нормалар, яғни олардың іс жүзіне асуы субъектілердің
өз шарттарында басқаша мінез-құлық ережелерін тағайындалғандығына
байланысты. Дәлірек айтсақ, ол бағытталған адамдардың тәртіп ережесін
өздері тағайындалуы тиістігі.

7) Құқық нормаларының қандай мемлекеттік органдардың шығаруына
байланысты ең жоғарғы күші бар заңдар нормалары мен заңнан туындайтын
нормалар, бұлар заң нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

8) Кеңістіктегі әсер ету күшіне қарай нормаларды шығарған органның
құзіреті таралатын бүкіл республика аумағында қолданылатын жалпы күші бар
(Конституция) және актінің өзінде көрсетілген белгілі бір жерде таралатын
жергілікті әсер күші бар нормалар болып бөлінеді.

Құқық нормаларын әр қилы топтастырылуына қарамастан, олардың ішінде
ең бастылары реттеушілік, қорғаушылық және мамандандырылған нормалар болып
табылады.

Реттеушілік нормаларды, басқаша айтсақ, құқық тағайындайтын деп те
атайды, олар қоғамдық қатынастарға қатысушыларға құқық пен міндетті
жүктейтін тұжырымдарды белгілейді.

Өз кезеңінде тұжырымдардың мазмұнына қарай реттеушілік нормалар
міндеттеуші, тыйым салушы және уәкілдік беруші деп бөлінеді.

Тыйым салатын нормалар заңда рұқсат етілмеген әрекеттерге бармау,
қоғамда зиянды теріс қылық жасамау міндетін белгілейді. Қылмыстық,
әкімшілік кодекстерінің ерекше бөліміндегі баптардың барлығы тыйым салу
нормаларына жатады.

Уәкілдік беретін нормалар азаматтар мен қоғамдық қатынастарға
басқа да қатысушыларға субъективтік құқықты белгілеп, белгілі бір жағымды
іс-әрекеттер жасауға рұқсат береді.

Құқық қорғау нормалары, мемлекеттің бұрыс мінез-құлыққа теріс
реакциясы бола отырып, құқық бұзушыға қатысты мемлекеттік
мәжбүрлеу шараларын көздейді, яғни заң жауапкершілігінің түрлерін және
өзге де құқық қорғау шараларын белгілейді. Заң жүзіндегі шаралар көздейтін
құқық қорғау нормалары жағымды реттеу нұсқамаларының орындалуын қамтамасыз
етеді.

Құқық қорғау нормалары да екі бөлшектен: диспозициядан және
санкциядан тұрады.

Құқық қорғау нормаларында тұжырымдалған санкциялар әр түрлі болады.
Олардың біреулері айыппұл жазалау сипатындағы шараларды көздейді. Құқық
бұзу түрлеріне қарай санкциялар қылмыстық-құқықтық , әкімшілік, тәртіптік
және өзгедей болып бөлінеді.

Осылардың ішінде арнаулы (кейде оны мамандандырылған дейді)
нормалар ерекше орын алады. Олар реттеушілік нормалар мен құқық қорғау
нормаларының іс жүзіне енуін қамтамасыз етуге бағытталған тұжырымдар. Осы
нормалар мыналарға бөлінеді:

-дифиниттік, яғни заң ұғымдарының анықтамасын немесе олардың
белгілерін көздейтін құқықтарды айтамыз;

-нормалық принциптер, яғни құқықтықреттіліктің бастапқы бағытын
белгілеуге арналған нормативтік актінің қозғалысы туралы, олардың
қабылдануы, өзгертілуі, толықтырылуы, күшінің жойылуы, басқа қатынастарға
таралуы. Мұндай принциптер заң жүйесінің жалпы бағытын, бірлігін , құқықтық
реттеудің біріңғай негіздерін қамтамасыз етеді.

ІІ тарау Құқықтық норма

2.1 Құқықтың қайнар көздері

Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында былай делінген:
1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен
бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар
абсолютті деп танылады, олардан ешікім айыра алмайды, заңдар мен өзге де
нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай
анықталады.
3. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып,
міндеттер атқарады.
4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше
көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада
азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады,
сондай-ақ міндеттер атқарады
5. Құқық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы
мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге
арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі,
үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғамның
материалдық тұрмыс жағдайлары.
12.1. Бұл бап Республикада адам қүқықтары мен бостандықтарын тану мен
қорғаудың негізгі ережелері мен принциптерін тану мен қорғаудан тұрады.
Онда еліміздің қүқықтық жүйесінде адамның құқықтары мен бостандықтарын
тану институты, сондай-ақ заң шығарушылардың оларды - экономикалық,
әлеуметтік, мәдени және саяси-құқьіқтық жағынан қорғалу кепілдігін
қамтамасыз ету міндеттемесі бар екендігі танылған. Бұл кепілдіктер әртүрлі
нысанда Конституцияның II-бөлімінің келесі бөлімдерінде де жазылған, алайда
тұтас алғанда олар сығымдалып түсіндірілген деуге болады. Мысалы, саяси-
қүқықтық кепілдіктер айтар-лықтай толық ашылса, әлеуметтік-экономикалык,
және мәдени кепілдіктер ықшамдалып берілген.
12.2. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің басты ілімі және
негізгі принципі ретінде адамның табиғи құқығының теориясы тұжырымдамасы
алынған. Сөйтіп, осы нормаға сәйкес заң шығарудың және заң қолданудың басты
өлшемі олардың жеке адамның құқықтары мен бостандықтарына сәйкестігі болып
табылады. Яғни, осы тармақ мемлекет саясатындағы жүйелік орталықтандырудан
жеке бастық орталықтандырудың басымдығын ресми түрде орнықтырды. Ол
мемлекеттің бұрынғы кеңестік режимі кезінде үстемдік еткен ұжымдық
демократия тұжырымдамасынан ресми түрде бас тартуды білдіреді. Аталған
қағиданың іс жүзінде қолданылуына әр заңды және әр заң жобасын
гуманитарлық, оның ішінде қоғамдық сараптамадан өткізу және мемлекеттік
органдардың қызметіне конституциялық бақылау жасау үшін іргелі негіздер
қалау мүмкіндігін жатқызуға болады.
Еліміздің құқықтық жүйесінде бірлестіріліп жүйеленген табиғи-құқықтық
теория құқықтың мемлекет қызметінен басымдығын табиғи түрде қамтамасыз
етеді, сөйтіп Президентті қоса алғанда лауазымды адамдарға қоғамдық
қадағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік туады.
12.3. Осы тармақта адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі ерекшеленген.
Егер адам құқығы тумысынан жазылған болса, азаматтың құқығы кейін пайда
болады. Азаматтың құқықтық мәртебесіне табиғи түрде адам құқығы, сондай-ақ
жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілдігі негізіне
қызмет ететін, азамат пен оның мемлекеті арасындағы ерекше билік
қатынастарын қоғамдық шарттар түрінде белгілейтін саяси қүқықтар мен
міндеттер кешені кіреді. Азаматтың мәртебесі, осы аталғандарға қоса, тек
құқықтар ұғымын ғана емес міндеттер ұғымын да қамтиды, айталық азамат
иеленген саяси билікке деген құқығы осы билікті мемлекеттің осы адамға
қатысты құқығының екінші жағы ретінде арнау міндетінің болуы қажеттігімен
де ерекшеленеді.
12.4. Конституцияның осы нормасына сәйкес шетелдіктер мен отансыз
адамдардың (апатридтердің) Қазақстан Республикасы азаматтарымен әлеуметтік-
экономикалық және тиісінше саяси салада азаматтық құқықтары мен
міндеттерінің толық теңдігі белгіленген. Әдеттегідей, мемлекет азаматтары
барынша кең саяси құқықтық субъектілікті пайдаланады, алайда жекелеген
жағдайларда, айталық, дипломатиялық корпус үшін, Республиканың халықаралық
келісім жасасуларынан туындайтын ішінара ерекшеліктер болуы мүмкін.
12.5. Осы норма бұзылған жағдайда кері зардаптарға әкеліп соқтыруы
мүмкін құқықтары мен бостандықтарын жеке адамның іске асыруының шегін
орнықтырады. Бұл, мысалы, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтары,
конституциялық құрылыс және қоғамдық; имандылық. Аталған шектеулер құқықтық
практикада жалпыға мәлім шектеулер болып табылады. Мәселе заң
қолданушылардың осы шектеуді түсінуіне келіп тіреледі. Орталықтандырылған
құқықтық саясат кезінде мұндай түсіндірме бүкіл ел "көлемімде айтарлықтай
жеңіл таратылуы да, кеңейтілуі де мүмкін, ол - қорғауды, тіпті жеке адамның
құқықтық мәртебесінің өзін биліктің толық жоққа шығаруына мүмкіндік
жасайды. Сондықтан аталған ереже тиісті нормативтік актілермен дәл
нақтылауды қажет етеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабында былай делінген:
1. Әркімің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және
өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға
қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.
2. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы
қорғалуына құқығы бар.
3. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген
жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі
13.1. Конституцияның 13-бабының 1-тармағының нормалары азаматтық
заңдарда дамытылған. Конституцияның 13-бабында айтылатын "құқық субъектісі"
санаты азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің
азаматтық-құқықтық ұғымын құрайды.
ҚР АК-інің 13-6абында азаматтық құқығы және міндеттілік жүктеу
қабілеті болудың (азаматтық құқық қабілеті) барлық азаматтар үшін бірдей
дәрежеде танылатындығы белгіленген. Азаматтық құқық қабілеті ол туған
сәттен бастап болады және ол қайтыс болуымен тоқтатылады.
Азамат Қазақстан Республикасы шегінде де, сондай-ақ шет елдерде де
мүлікке, оның ішінде шет ел валютасына меншік құқығына; мүлікті мұралыққа
алу және мұралыққа беруге; реслублика аумағында еркін жүру және тұратын
орнын еркін таңдауға; Республика шегін еркін тастап шығу және оның аумағына
еркін қайта оралуға; заң актілерімен тыйым салынба-ған кез келген қызметпен
айналысуға; занды тұлғаны жеке немесе басқа азаматтармен және заңды
тұлғалармен бірлесе құруға; заң актілерімен тыйым салынбаған кез келген
мәміле жасауға және міндеттемелерге қатысуға; жаңалық ашуға, ғылым, әдебиет
және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық нормаларының түсінігі
Құқықтық нормалардың түсінігі, элементтері және белгілері
Құқық нормаларын талқылаудың түрлері
Құқық түсінігі және қоғамдағы рөлі
Құқық нормасының түсінігі
Құқық нормасының құрылымы
Құқықтық норманың жалпы түсінігі
Құқық нормаларының құрылымы
Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен ролі
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ НОРМАЛАР
Пәндер