Қазақстан Республикасындағы кеден органдарының дамуы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Қазақстан Республикасындағы кеден ісінің даму кезеңдері мен
қалыптасуы
1.1 Кеден қызметiнiң тарихы мен даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қазақстан Республикасында кеден ісінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ...7
2. Қазақстан Республикасындағы кеден органдарының даму
2.1 Қазақстан Республикасының кеден органдарын даму кезеңдері ... ... ... ..22
2.2 Қазақстан Республикасы кеден органдары қызметін жетілдіру ... ... ... ... 29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.1 Кеден қызметiнiң тарихы мен даму
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 5
1.2 Қазақстан Республикасында кеден ісінің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ..7

2.1 Қазақстан Республикасының кеден органдарын даму
кезеңдері ... ... ... ..22
2.2 Қазақстан Республикасы кеден органдары қызметін
жетілдіру ... ... ... ... 29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..41
Кіріспе
Тәуелсіздік алғаннан бастап біз жаңа мемлекет құрып Кеңес одағынан
ерекше жаңа нарықтық экономика, жаңа демократия құрып жатырмыз. Қазір
Қазақстанда мүлдем басқа саяси және экономикалық жүйе жүзеге асып жатыр.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы сыртқы экономикалық қызметті реттеу
механизмінің алғы-шарты болады және өзгеруіне ықпал тигізеді. Оған
мемлекеттің монополиясы жоқ. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26
бабына сәйкес әрбір тұлғаның кәсіпкерлік бостандығына құқығы бар. Қазақстан
Республикасының Кедек кодесінің 8 бабы бойынша барлық тұлғаларға тең
негізде тауар мен көлік құралдарын енгізу және шығару құқығы берілген.
Заңмен көрсетілмеген жағдайда ешкімді бұл құқықтан айыруға немесе шектеуге
болмайды.
Сыртқы экономикалық қызметті заңдастыру сыртқы нарыққа тікелей шығу
құқығын алған кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және жеке
кәсіпкерлердің санын кеңейтті. Осыған сәйкес тауар, жұмыс, қызмет, ақпарат,
интеллектулдық қызмет нәтижесін халықаралық алмасу аясындағы кәсіпкерлікті
реттеу бойынша мемлекеттің маңызы да өсті.
Мемлекет тауарлар мен көлік құралдарының шекара арқылы өтуінің сәйкес
кедендік режимін бекітеді, кеден төлемдерін өндіріп алады, кеден ережелерін
бекітеді, басқару қызметі мен реттеудің көптеген басқа түрлерін жүзеге
асырады.
Қазақстанның кеден жүйесі ұлттық экономиканың дүниежүзілік
шаруашылықпен қажетті байланысын қамтамасыз етіп, біздің республикамыздың
халықаралық еңбек бөлінісінде қатысуын ынталандырып, ішкі және сыртқы
нарықтардағы отандық және шетелдік өндірушілердің арасындағы бәсекелестікке
ықпал беріп нарықтық механизмнің негізгі құралдарының бірі ретінде
қалыптасып келеді.
Сонымен қатар кеден ісі осы салада сәйкес саясатты тудырып жүзеге
асыратын мемлекеттің жеке монополиясы болып табылады. Ол арнайы құрылған
органдар арқылы кеден ісін басқару функциясына ие.
Бұл жерде мемлекеттік монополияның маңызы неде? Алдымен, сыртқы сауда
айырбасын орталықтан реттеуді қамтамасыз ету. Бұндай монополия екі міндетті
жүзеге асырады: ел экономикасының даму мәселелерін шешу үшін сыртқы
экономикалық байланыстарды жан-жақты пайдалану және оны жағымсыз сыртқы
экономикалық факторлардың – спекулятивті, монополиялық, конъектуралық, т.б.
әсерінен қорғау. Кеден саясаты сыртқы сауданы мемлекеттік реттеудің тарихи
қалыптасқан нысаны, ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі болып
табылады. Оның мәні мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту
бойынша келісілген экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық
шараларының біртұтас жүйесін құруда көрінеді. Оның негізгі мақсаттары:
кеден аумағындағы тауар айналымын бақылау және реттеу құралдарын аса тиімді
пайдалануды қамтамасыз ету, отандық нарықты қорғау бойынша сауда-саяси
міндеттерді жүзеге асыруда қатысу, ұлттық экономиканың дамуын ынталандыру,
құрылымдық қайта құрылысты жүргізуге және басқа да міндеттерді жүзеге
асыруда қатысу.
Кеден саясаты мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының туындысы бола
тұра бар бар нақтылықтарды объективті талдау және ескеру негізінде
қалыптасады және жүзеге асырылады. Сондықтан ол мемлекет мүдделерінің
сыртқы экономикалық, сыртқы сауда, қаржы, салық, валюта салаларында өз
текті бір призма болып, осы қасиеті арқылы мемлекет саясатының катализаторы
деп айтуға болады. Осылайша қаржылық тұрақтылыққа жету, ішкі нарықты реттеу
және оны импортерлардың адалсыз бәсекелестігінен сенімді қорғау, шетел
инвестицияларын өндіріске ынталандыру, отандық өндірушіні қиын салық
ауыртпалығынан босату, елден шикізатты шығарған кезде тәртіпті сақтау,
импорттың оптималды құрылымын қалыптастыру, тауар мен қызмет экспортының
валюталық түсімдерін қамтамасыз ету, мемлекеттен капиталды шығаруын
бақылауды күшейту, контрабанданы болдырмау, ұлттық экономиканың
дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциясы жіне т.б. кеден саясатына тәуелді
болады.
Осы жағдайда кеден саясаты мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге жәрдемдесу керек екенін айту қажет. Бұл мемлекеттің
әлеуметтік, саяси және қорғаныс өмірі мен прогресивті дамуының тиісті
деңгейіне, оның саяси мүдделерінің мүмкін болатын ішкі және сыртқы қауіптер
мен ықпалдардан тәуелсіздігіне кепілдік беретін экономиканың жағдайы деп
түсінеміз. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды
құрал ретінде кеден саясаты мемлекеттің жалпы экономикалық стратегиясының
мақсаттарымен және міндеттерімен анықталады.
Қазіргі уақытта қазақстанның кеден қызметінің интенсивті қалыптасуы
жүріп жатыр. Бұл әртүрлі елдердің жиналған тәжірибесі ескерілетін күрделі
процесс. Сондықтан ежелгі дүниедегі бірінші кеден алымдарының пайда
болуынан бастап олардың қазіргі кездегі қалыптасуына дейінгі әртүрлі
елдердің кеден органдарының қызметіндегі кейбір ерекшеліктерін талдаймыз.
Бұл осы процесті түсінуге және алынған тәжірибені қазақстандық кедендік
қызметте пайдалануға көмектеседі.
1. Қазақстан Республикасындағы кеден ісінің даму кезеңдері мен қалыптасуы
1.1 Кеден қызметiнiң тарихы мен даму кезеңдері
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзiнiң тәуелсiздiгiн жариялады.
(Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесi Қазақстан халқының ерiгiн бiлдiре
отырып..., - республиканың конституциялық заңында, - Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жариялайды және
Қазақстан Республикасын (халықаралық құқық субьектiсi( деп жариялайды(.
Саяси салада күштi президенттiк республика құру бағытын таңдады.
Қазақстан Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық бойынша Кеңестiң (ОБСЕ(
толыққанды мүшесi болды, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы мүшесi болды, Халықаралық
валюталық қор, Бџкiләлемдiк БанкХалықаралық даму ассоциациясы, Бџкiләлемдiк
денсаулық сақтау үйымы және тағы да басқа көптеген ұйымдардың мүшесi
атанды.
Қазақстандық кеден қызметi ҚР Президентiнiң 1991 жылғы 12
желтоқсандағы ҚР-ң Кеден Комитетiнiң құрылуы туралы Жарлығымен құрылды. Осы
жылдар iшiнде қызмет барлық деңгейде құрылымдық реформалану мен
ведомствалық бағынушылықтың бiрнеше дәуiрiн басынан өткердi. Динамикалы,
құбылыстарға толы- жас тәуелсiз егемен Қазақстанның экономикалық қалыптасуы
тәрiздi үлкен жол өтiлдi. Жыл сайын кеденшiлер елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы
Назарбаев тарапынан өз миссияларының маңыздылығы мен тiреуiн сезiне,
Отанымыздың экономикалық мүдделерiн қорғауға ат салысады.
1991 жылы 24 желтоқсанда (Кеден тарифi және бажы туралы( Заң
қабалданады, мұнда тарифтiк шаралар сауду саясатының және сыртқы
экономикалық қызметтi мемлекеттiк реттеудiң маңызды құралына айналды.
Өте қысқа мерзiмде барлық негiзгi бағыттар бойынша республика кеден
ограндарының құрылуы жүргiзiлдi. Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы
саясатының құрамдас бөлiгi болып табылатын бiртұтас кеден саясаты
әзiрлендi, кеден iсiнiң нормативтiк базасы құрылып, дамыды, кадр құрамы
айқындалды, кеден органдарын басқару жүйесi функциясын атқарып келедi,
кеден инфрақұрылымының құрылуы аяқталуда.
Қазақстан Республикасы елбасының Қаулысымен 1993 жылы 27 желтоқсанда
бiртұтас және тиiмдi кедендiк-тарифтiк саясат әзiрлеу мақсатымен Кедендiк-
тарифтiк кеңес құрылды.
1995 жылы 20 шiлдеде Қазақстан Республикасы елбасының Жарлығымен
қабылданған Заң күшi бар ( Қазақстан Республикасының кеден iсi туралы( Заңы
кеден органы дамуы тарихындағы ең басты уақиға болды.
1995 жылдан бастап Қазақстан экономикасы кейбiр iскерлiк қарбаласпен
сипатталды. 1994 жылдың екiншi жартысынан бастап және 1995 жылдың басында
сыртқы экономикалық қызметтi реттеудiң либерализациясы тенденциясының
күшейгкнi байқалды. Елбасының 1665 жылғы 11 қаңтардағы (Сыртқы экономикалық
қызметтiң либерализациясы туралы( Жарлығына сәйкес экспорт пен импортты
квоталаудан бас тартылды, лицензия беру тәртiбi жеңiлдетiлдi және белгiлi
бiр тауар тiзiмi бойынша келiсiмшарттарды тiркеу ұғымы енгiзiлдi. Қазақстан
Республикасы территориясына әкелiнетiн подакциз тауарларына жаңа акциз
ставкаларын енгiзу үлкен мағынаға ие болды.
Сыртқы сауданы либерализациялау және сыртқы экономикалық қызметтiң
жаңа қатысушыларының сыртқы нарыққа шығу жағдайында кеден органдары алдында
жаңа талаптар мен мiндеттер қойылады. Сыртқы экономикалық қызмет саласында
ғана емес, басқару саласындағы да қатынастарда реттейтiн нормаларды
жүйелендiру қажеттiлiгi туындайды. Кеден iсiн жетiлдiру бойынша жұмыстар
басталып кеттi, ол басқару үрдiсiнiң дамуына әсерiн тигiздi. Кеден Комитетi
мәртебесi күшейдi – 1995 жылы 1 сәуiрде Қазақстан Республикасының
Жарлығымен Қазақстан Республикасы Кабинет Министлiгiне қарайтын Кеден
комитетi құрылды. Сол жылдың қазан айында Үкiметке бағынатын, бiрақ оның
құрамына кiрмейтiн орталық аппарат мәртебесiндегi кеден комитетi боллып
қайта құрылады(
1997 жылдың қаңтарынан ол Мемлекеттiк кеден комитетi болады(
1997 жылдың қазанынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiндегi
кеден комитетi болады(
1998 жылдың қазанынан оны толығымен Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне
бередi.
Қазiргi уақытта 2002 жылғы 28 тамыз Қазақстан Республикасы
Президентiнiң ( 931 жылғы (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару
жүйесiн әрi қарай жетiлдiру шаралары туралы( Жарлығына сәйкес Қазақстан
Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден Комитетi Үкiмет құрамына
кiрмейтiн Қазақстан республикасының Кеден бақылау агенттiгiне қайта
құрылады.
Алғашында республиканың кеден органдары жұмысы 1992 жыл 14 тамыздағы
кеден туралы Ережемен, ҚР Министрлер Кабинетiнiң бiрқатар қаулыларымен және
кеден органдары жұмысын регламенттейтiн бiрқатар нормативтiк құжаттармен
реттелдi. Алайда әр өткен жылдың өзiндiк ерекшелiктерi бар және қоғамның
мүдделерiн қорғайтын мемлекеттiк билiк құралы ретiнде кеденнiң қолтаңбасы
даму сатысы болып табылады. Бұл жерде кеден қызметiнiң динамикалық,
мақсатқа бағытталған дамуы көрiнiс тапқан. Алғашында берiк әрi нәтижелi
кеден қызметiн құру оңай емес мiндет болды. Себебi кеден саласы, басқадай
емес, халықаралық өмiрде унификация мен стандарттауға ұшырауы тиiс. 1992
жылы маусымда Қазақстан Кедендiк Бiрлестiк Кеңесiне Бџкiләлемдiк Кеден
Ұйымы кiрдi. Кеден қызметiнде болған тағы бiр айта кететiн елеушi оқиға, ол
1995 жылы МДП кiтапшасын қолдана жүктердi халықаралық тасымалдау туралы
Кеден Конвенциясына қосылу МДП Конвенциясы- 1975 болды. 1995 жылы 20
қаңтарда қол қойылған Беларусь Республикасы, ҚР және РФ арасындағы Кеден
Одағы туралы келiсiмшарт өзара саудада барьерлердi жоюға, кооперациялық
өндiрiстiк байланыстарды қалпына келтiруге, өнеркәсiптiк өндiрiстi
көтермелеуге және бiздiң елдерiмiзде экономикалық реформалардың
нәтижелiлiгiн көтеруге бағытталған.
Кеден Одағы - өзара саудада кедендiк шектеулердi алып тастау және
үшiншi елдер қатынастар бiртектi кедендiк реттеудi қабылдау туралы
Келiсiмшарт.
Кеден Одағының мақсаты- одақтық қатысушы елдерiнiң өзара саудасын
жеңiлдету.
Кеден Одағы құрылуының алғашқы сатысында келесiдей шараларды жүргiзу
қажет болды.
- кеден заңдарын унификациялау,
- құрамына бiртұтас кеден тарифы мен тарифтiк емес реттеудiң бiртұтас
тәртiбiн қабылдауды, дамуын және нашар дамыған елдер қатысында
жеңiлдiктердiң бiртұтас жүйесiн қабылдауда және үшiншi елдермен кеден
режимдерiн унификациялауды енгiзетiн сыртқы экономикалық қызметтi
реттеудiң тәртiбiн унификациялау,
- тауар импорты кезiнде алынатын салықтарды қосымша құн салығы және акциз
унификациялау.
Беларусь, Қазақстан және Ресей сарапшыларының бiрлескен жұмысы
нәтижесiнде кеден заңнамалары унификацияланды, жаңылыс жерлерi табылып, СЭҚ-
тiң тарифтiк емес реттеудiң бiртұтас жүйесi талқыланды. Ресей мен
Қазақстанның ВЭД саласындағы нормативтiк базасы өте жақын және елеулi
өзгерiстерге ұшырамаған. Өзара саудадағы таривтiк шектеулердi экспорттық
және импорттық баждарды алу алып тастау кеден одағы туралы келiсiмшартқа
қол қойылғаннан кейiн жүзеге асырылды және бiздiң елдер арасындағы тауар
алмасуды күшейттi. Бiрiншi саты аяқталғаннан кейiн 1996 ж 29 наурызда
Мәскеуде Кеден одағы туралы келiсiмшарт Қырғыз Республикасының қосылуы
туралы келiсiмге қол қойылды. Кедендiк тарифтер мен акциздердi ставкаларын
унификациялау мәселесi әлде де қиын болып тұр. Кеден одағы шеңберiнде
сыртқы экономикалық қызметтi реттеудiң заңнамалық және нормативтiк базасын
унификациялау мақсатында 1996 жылдың 1 шiлдесiнен бастап экспорттық кеден
баждары алынып
1.2 Қазақстан Республикасында кеден ісінің қалыптасуы
Кеден ісінің тарихы ерте заманнан басталады. Көне заманнан бастап
саудаға баж салынған, тауар өткізу, мемлекеттер мен қалалардың шартты
шекараларын өту үшін алымдар төленген. Бір сөзбен айтқанда саудамен
байланысты барлық әрекеттерге. “Таможня” сөзі белгі, басшының мөрі дегенді
білдіретін “тамға” көне түрік сөзінен шыққан. “Кеден” сөзі ежелгі қазақ
тілінен аударғанда шекарадағы кеден дауын білдіреді. Қазіргі Қазақстан
аумағындағы алғашқы кедендік баждар сақ патшайымы Томиристің басшылығы
кезінде алынды. Алғашқы кедендік ережелер б.з. бірінші мыңжылдығында Ұлы
түрік қағанатының бірінші басшылары Бумын Қаған және Этим қаған заңдарында
көрсетілген.
Қазақстан Республикасы аумағындағы кеден ісі мен кеден қызметінің
гүлденуі Ұлы жібек жолының кезеңіне келеді. Ұлы жібек жолының негізгі
бөліктері Қазақстан жерлері Тараз, Отрар, Түркістан, Сығанақ қалалары
арқылы өтетін. Бұл қалалар кедендік баждарды жинау орталықтары болған. Осы
қалалар арасындағы жолдарда керуен-сарайлар болған, оларда тауарлар
сақталған (қазіргі уақытша сақтау қоймаларының үлгілері). Керуен-сарайдың
кедендік комиссары атқамінер деп аталған, ол баждары қалаларда төленетін
тауарды өлшеп, мөрлеп, тамға қойған. Атқамінер тауар иелерінің өтініші
бойынша тауардың сақталуы мен жеткізілуі үшін жауапты керуен-басшыларды
тағайындаған.
Қазақ хандарының алғы атасы, Шыңғыс-ханның баласы Жошы-хан өз иелігіне
Дешт-Қыпшақ жерлерін алған. Ұлытау шықтарында Сарайлы қаласын салған. Осы
қасиетті тауларда қазақ әскери-көшпенді тайпаларының көсемдері аластау
(отпен тазару) салтын өтті. Осы жерде де алғашқы орыс князьдері тазару
салтын өтіп адалдыққа ант берген. Шыңғыс хан ұрпақтары басқарған дәуірде
алғашқы алымдар осы қалаға түскен. Жошы хан қайтыс болғаннан кейін оның
көмілген жері қазақтардың қасиетті тағзым ету жері болды. Оның баласы –
Бату хан әкесінің ойын жүзеге асырып Алтын орда ірі империясын құрды. Алтын
империяның қақпасын таза алтыннан жасалған екі ат безендірді. Осы қалада
1242 ж. Бату ханмен Александр Невский арасында әскери-саяси одақ құрылды.
Қазақстан, Ресей, Шығыс Еуропаның және Солтүстік Кавказдың және жерлерін
біріктірген бұл қала кедендік баждарды жинау бойынша ең басты қала болды.
Хандар орыс князьдарына, қазақ сұлтандарына, польша және литва корольдарына
тапсырған 20 астам салық және кедендік ярлыктар (грамоталар) сол дәуірден
сақталған. Грамоталарда баждың мөлшері және баж салынатын тауарлар мен
қызметтердің тізімі көрсетілген. Әдетте православиелік және мұсылмандық дін
қызметкерлері кедендік баждарды төлеуден босатылған, бұл грамотада арнайы
айтылған.
Бірақ, кедендік баждарды өндіріп алудың Алтын орда ұлыстарында басты
құжаты баспа болған. Алтын орда дәуірінен бастап қазақ мирасқорлары 150
түрлі салық, кедендік баждар және басқа алымдар мен міндеттерді мұраға
алған. Қазынаға түсетін табыстары 80 пайызға жуығы кедендік баждардан
тұрды. Нағыз осы кезеңде кеденшілер аса жоғары мәртебеге ие болды. Аты
аңызға айналған қазақ ханы Әз-Жәнібек Қажы-Тархан (Астрахань) ірі қаласын
салды. Бұл қалада кеден қызметі бюолған, ол келесі лауазымдардан тұрды:
тархан (кедендік салық генералы), ұлан (Шыңғыс ұрпағы, ақ сүйек), даруга
(ішкі салықтар үшін жауап беретін), басқақ (сыртқы алымдар үшін жауап
беретін), шағауыл (кедендік баждарды бақылау бойынша хан кеңесшісі),
бақауыл (кедендік заставаның командирі), есаул (кедендік жасақтың
командирі), тамғашы (тамға салатын адам), қазақ (салық жинаушы), шабарма
(кедендік баждарды күштеп жинауды орындаушы). 19 ғ. Қазақстанда кедендердің
болғаны туралы айтатын мұрағат құжаттар бар. Сол уақытта Қазақстан аумағы
Ресей империясының құрамында болған. 18 ғасырда сыртқы сауда өсуіне
байланысты алғашқы шекара кедендері құрылды. Барлығы 5 текке бөлінген:
еуропалық, азиялық, кавказ, Кавказдың арғы беті және қытай саудасы.
Кедендер 3 тапқа бөлінген және аймақтар бойынша анықталған. Азиялық сауда
аймағының бақылауында Орынбор, Троицк, Петропавл, Семей, Бұқтарма (Омбы)
кедендері болған. Кедендердің әрекеттері Сауда жарғысымен реттелге, бірақ
1755 ж. ол Кедендік жарғымен ауыстырылған және Коммерц-алқаға, одан кейін
Қаржы министрлігінің Әскери сауда департментіне бағынған. Солтүстікте 1752
ж. Қызыл жар қонысында Петропавл бекінісі құрылған. 1759 ж. Ресей
императорының жарлығымен сауда ұйымдастырылған, керуендер Қырғызстанға,
Қоқанға, Бұқараға, Хиуаға бағытталған, орыс тауарлары Қазан, Архангельск
және басқа губерниялар (қалаларға) апарылған. Тауардың шекара арқылы
жасырын өтуін болдырмау үшін және кедендік алымдар алу үшін 1782 ж.
шекаралық кеден ұйымдастырылды. Оңтүстікте 1891 ж. 25 қаңтарда Жаркент
кедені ұйымдастырылды. Сол кезде оның штатында 17 адам болған, және ол
Түркістан кедендік бөліміне бағынған. 1920 ж. Жаркент кеденінің негізінде
Хоргосс кедені құрылды. Шығыста Зайсан кедені 1891 ж. құрылды (қазір
Майқапшағай кедені). 1918 ж. 29 мамырда Халық комиссарларының кеңесі
“Орталық және жергілікті өкіметтерінің баждарды жинау және жергілікті
кедендік мекемелердің қызметін реттеу құқықтарына шек қою туралы” Декрет
қабылдады, ол арқылы КСРО-ның кедендік қызметі құрылған. Барлық осы
жылдарда ҚР аумағында Ташкент кеденіне бағынған “Хоргос”, кедені, Алматы
кедені болған.
Егемендік алғаннан кейін ҚР Президенті қабылдаған алғашқы құжатының
бірі “ҚР Президентінің жанындағы Кеден комитеті құру туралы” 1991 ж. 12
желтоқсандағы № 539 жарлығы. Жұмыс нольден басталған. Саяси салада қуатты
президенттік республика құруға бағыт алынды. Тәуелсіз бұқралаық ақпарат
құралдарының жүзеге асуы үшін жағдайлар жасалды. Қазақстан Еуропадағы
Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының (ОБСЕ) толық құқылы
мүшесі болды, Біріккен ұлттар ұйымына кірді, Халықаралық валюта қорының,
Халықаралық даму ассоциациясының, Халықаралық инвестицияларға кепілдік
агенттігінің, Инвестициялық дауларды реттеудің халықаралық орталығының
мүшесі болды. Жүзден артқы мемлекет біздің елді мойндады, олардың көбімен
елшіліктердің, үкіметтердің деңгейінде дипломатиялық қатынастар құрылды.
Республиканың сыртқы саяси курсы нақты мемлекеттермен, оның ішінде ТМД
елдерімен, толық өзара сенімге негізделген өзара тиімді достық
қатынастардан, басқа мемлекеттермен әділеттік және халықаралық әріптестік
негізінде кең байланыстар дамытудан тұрады [9].
Өзінің тәуелдігінің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан экономикалық
өзгерістердің және нарыққа көшудің өз үлгісін жүзеге асыруға бағыт алды.
Реформа бойынша экономиканы, мемлекеттік органдардың орнын, функцияларын
және рөлін түбегейлі өзгерту керек болған. Экономиканың мемлекеттік секторы
да белсенді дамып жатты. 1992 ж. ортасында оған 35 акционерлік қоғам, 76
салаарлық және сыртқы экономикалық ассоциациялар, 30 жақын концерн және
консорциум кірген. 120 коммерциялық банк, 40 сақтандыру және 20 лизинг
компаниялары, 2 ірі аудиторлық орталық, 11 мыңға жуық кооператив, 230 орта
және 5,5 мың шағын кәсіпорын, оларда халық шаруашылығында жұмыспен
қамтылғандардың 15 пайызы жұмыс істеген. Ауыл шаруашылығында 1997 ж. 51 347
шаруа қожалықтары болды. Осы уақытта республикада 6777 кәсіпорын және ұйым
жекешелендірілген.
Қазақстандағы жекешелендіру процесі салық салу, баға тағайындау, еңбек
ақысын төлеу және банк саясаты реформасымен бір уақытта жүзеге асты.
Нарықтық құрылымдардың қалыптасу саласында шағын бизнестің дамуына,
монополиялық құрылымдардың үлкейтуге үлкен назар аударылған.
Нарықтық қатынастарға көшудің құқықтық базасын құру үшін республикада
бірнеше заңдар мен нормативті-құқықтық актілер қабылданды, олардың ішінде
“Қазақстан Республикасындағы меншік” туралы, “Қазақстан Республикасындағы
шетел инвестициялары” туралы, “Қазақстан Республикасында шаруашылық
қызметтің еркіндігі және кәсіпкерліктің дамуы” туралы, “Банктер және банк
қызметі” туралы заңдар [5].
Меншік туралы Заңға сәйкес оның объектілері мен нысандары анықталған.
Ол қазір Қазақстанда азаматтардың, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және
мемлекеттік деп бөліне бастады.
Шаруашылық қызметтің еркіндігі және кәсіпкерліктің дамуы туралы заң
негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді
анықтайды, азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік құқығын жүзеге асыру
кезіндегі кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз етеді[13].
Монополистік қызметті шектеу туралы заңның маңызы үлкен, оның негізгі
мақсаты нарықтық реттеу механизмін жүзеге асыру, еркін бәсекелестікті,
кәсіпкерлікті ынталандыру, республикадағы тұтынушылардың мүдделерін қорғау.
Сонымен қатар мемлекеттік монополия темір жол құрылысы және қолданылуында,
қорғаныс, космос жұмыстары мен зерттеулері, магистралды құбырғылар жұмысы,
коммуникациялар, байланыс, ішінара электроэнергетика салаларында сақталған.
Жаңа банк құрылымдарының жүйесі құрылды.
Сыртқы экономикалық саясатта шетел капиталы, техникасы, техноологиясы
кең пайдаланылады. Республика аумағында 1996 ж. сыртқы экономикалық
байланыстардың қатысушылары - 995 өнеркәсіп кәсіпорын тіркелген, халық
шаруашылығына ТМД ең ірі шетел инвестициялары бағытталған. Экспорт-
импорттық әрекеттер көбінесе республикалық сыртқы экономикалық құрылымдар
арқылы жүргізіледі және республикалық экспорттың (өкінішке орай, шикізат
экспорты басым) қайта бағыт алу тенденциясында дамып келеді. Шетел ірі
фирмаларымен, корпорацияларымен келісім-шарттар жасалған. Қазақстан
экономикасына капитал салудың мысалы ретінде “Тенгизшевройл” бірлескен
кәсіпорнын құру туралы 40 жылға меморандумға қол қоюды айтуға болады.
Сыртқы саяси және сыртқы экономикалық байланыстардағы приоритет
Ресейге беріледі. Республика тәуелсіздігінің қысқа мерзімінде Ресеймен
әріптестіктің үлкен потенциалы қалыптасты, экономикалық өзара қатынастарды
реттейтін көптеген екіжақты келісім-шарттар жасалды: космос кеңістігін
зерттеу бойынша, жаңа типті әскер құру туралы, т.б.
Екі жақты қатынас деңгейінде Украинамен, Беларусьпен, Кавказ
елдерімен, Балтия мемлекеттерімен өзара әріптестік бекіді. Ортаазиялық
аумақ бойынша жақын көршілеріміз - Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен,
экономикалық блок шегінде - Түркменстан, Тәжікстан елдерімен аса
интенсивті дамып жатыр.
Қазақстан азиялық және европалық мемлекеттермен байланыстарын табысты
дамытып жатыр. Республика үшін біздің экономикаға маңызды инвестициялар
беретін АҚШ-пен тығыз байланыс өте мәнді.
Бір сөзбен айтқанда, тәуелсіздік алғаннан кейін еліміз халықаралық
аренада өзін өзі жариялап көрсетті. Қазақстанның егемендік пен
тәуелсіздігін алуы, оны халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі
ретінде мойындау оның алдында оларды жүзеге асыру үшін оптималды механизм
құруды талап ететін және барлық ішкі және сыртұы саясат мәселелерін
орындауды талап ететін үлкен міндеттер қояды [9].
Қазақстан Республикасының кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың
құрамдас бөлігі ретінде өзінің заң жүзінде бекітілген мақсаттары бойынша
ішкі нарықта, отандық өндірушілерді және тұтынушыларды, тауарлар экспорты
мен импортын қорғауға, шетел инвестицияларын тартуға, сауда саясаты
міндеттерін шешуге ықпал тигізу керек. Сыртқы экономикалық байланыстарды
реттеу экономикалық тәсілдермен кедендік баждар, әртүрлі салықтар мен
алымдар арқылы жүзеге асады. Отандық өндірісті қорғау үшін барлық елдер
импорт тауарларына баж салу механизмін қолданады. Кеден саясатының
мақсаттарын бізде Президент, Парламент, Үкімет ҚР 2006 ж. Кеден кодексінің
негізінде анықтайды. Кодекстің мазмұны 16 бөлімнен, 73 тараудан, 531 баптан
тұрады. Кейбір баптарға әрдайым сәйкес өзгерістер енгізіліп тұрады.
Кеден кодексінің 63 бабында былай деп жазылған: “Қазақстан
Республикасында біртұтас кеден саясаты жүзеге асып тұрады, ол Қазақстан
Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі” [10].
Кеден саясатын жүргізу мемлекеттік билеіктің орталық органдарының
құзіретіне жатады.
Қазақстан Республикасы кеден саясатының мақсаттары:
- қазақстандық нарықты қорғау;
- қазақстандық өндірушілерді және тұтынушыларды қорғау;
- экономиканың дамуын ынталандыру;
- экономикадағы құрылымдық қайта құрылыстың жүргізуіне жәрдем
көрсету;
- бәсекелестікті қолдау және монополизмге қарсы тұру;
- шетел инвестицияларын тарту;
- сауда саясаты міндеттерін шешу;
- аталған кодекске және Қазақстан Республикасының басқа заң
актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік биліктің
орталық органдары анықтайтын басқа мақсаттар.
Яғни, біздің республикамыздың кеден саясатын кедендік төлемдердің
біртұтас, мақсатты жүйесін құру және оларды мемлекет шекарасы арқылы өтетін
тауарларға қолдану арқылы жүзеге асатын сыртқы экономикалық қызметті
мемлекеттік реттеу саласы деп анықтауға болады.
Кеден органдары.
Қазақстан өзінің географиялық орналасуы, табиғи ресурстары және аудан
көлемі бойынша әлемде алдыңғы орындардың бірінде. Жер шарының 2 пайыз
аумағын, Азияның 6 пайыз жерін, бұрынғы КСРО 12 пайыз жерін ала отырып
ауданы бойынша дүниежүзіне тоғызыншы орын алып отыр. Қазақстанның
мемлекеттік шекарасының ұзындығы қазіргі кезде 12 187 километр, оның
ішінде: Ресей Федерациясымен – 6 467 км, Өзбекстанмен – 2300 км,
Түрменстанмен – 380 км, Қырғызстанмен – 980 км, Қытаймен – 1460 км, Каспий
теңізі бойынша – 600 км.
Кеден кодексінің 6 бабында былай деп жазылған: “Қазақстан
Республикасының кедендік аумағын құрғақтағы аумақ, аумақтық сулар (теңіз)
және ішкі сулар, олардың үстіндегі әуе кеңістігі, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының құрлықтық қайраңында орналасқан жасанды аралдар,
қондырғылар, ғимараттар және кеден ісі саласында Қазақстан Республикасының
юрисдикциясында ғана болатын өзге де объектілер құрайды. Қазақстан
Республикасының аумағында құрылған арнайы экономикалық аймақтың аумағы
Қазақстан Республикасының кедендік аумағының бір бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасы кедендік аумағының шектері, сондай-ақ арнайы
экономикалық аймақтардың периметрлері Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасы болып табылады”.
Бұны былай түсіндіруге болады: кеден аумағының, мемлекеттік аумақ
сияқты, құқықтық режимінің негізінде мемлекеттің егемендігі жатыр. Кеден
аумағында толық көлемде біртұтас кеден заңнамасы, біргелкі тарифтер
жәнесыртқы экономикалық қызметті реттейтін басқа да құралдар жүзеге асып
жатыр.
Ішкі және сыртқы шекаралар бар.
Сыртқы шекара жанама жатқан мемлекеттердің кеден аумақтарын бөледі. Ол
әдетте мемлекеттік шекарамен сәйкес келеді, еркін кеден аймақтары мен еркін
қоймалардың периметрін есептемегенде. Сыртқы шекарада заңнамамен
тағайындалатын әкімшілік-кедендік режим жүзеге асады. Осы шекараны қорғау
кеденшілермен бірігіп жұмыс істейтін шекара әскеріне жүктелген [11].
Кеден ісін жалпы басқару - үкіметке, тікелей айтқанда Кеден комитетіне
жүктелген. Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне сәйкес кеден
органдарының негізгі міндеттері:
- кеден саясатын дайындауға және жүргізуге қатысу;
- кеден ісін жүргізу кезінде ҚР заңнамасының орындалуын, азаматтар
мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғалуын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін
тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген тарифтік және тарифтік емес реттеу
шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
- сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке
қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден ісі саласындағы
құқық бұзушылыққа қарсы күресу;
- кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыру және
жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы
арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетін жағдайлар жасау;
- өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын
қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы
халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу; шет мемлекеттердің кеден
және өзге де құзыретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден
ісі мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;
- бірыңғай бюджет саясатын іске асыруға, кеден органдарының
материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;
- өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қорғау, адамның өмірі мен
денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды
қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы
тауарлар мен көлік құралдарын өткiзу пункттерiнде радиациялық
бақылау жүргізу;
- Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де
міндеттерді орындау.
Жүктелген функцияларына байланысты кеден органдары құқыққорғау
органдары болып табылады және контрабандамен, кеден ісі саласындағы
қылмыстармен, кеден ережелерін, кеден шекарасы арқылы өтетін тауарларға
байланысты салық заңнамасын бұзумен күреседі, есірткі заттарының,
психотроптық заттардың, қару-жарақтың, ҚР және шетел мемлекеттері
халықтарының құндылығы деп есептелетін көркем сурет, тарих және
археологиялық құндылықтарының, интеллектуалдық меншік объектілерінің,
жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің, олардың
бөліктерінің және дериваттардың (тері, азу тіс, бас сүйек, мүйіз), басқа
тауарлардың заңсыз айналымымен күрес жүргізуге, халықаралық терроризмге
қарсы күреске және ҚР аэропорттарында халықаралық азаматтық авиация
қызметіне заңсыз араласуын болдырмауға жәрдем көрсету[12].
Құқыққорғау функцияларынан басқа кеден органдарының сыртқы
экономикалық қатынастармен байланысты тағы бір қызмет түрін айтуға болады –
банктермен бірге валюталық бақылау. Бұл бақылау – республиканың
экономикалық қауіасіздігін бекітудің маңызды құралдарының бірі. Сондықтан
оны маңыздылығы бойынша контрабандамен, есірткі бизнесімен күресудегі құқық
қорғау қызметімен бір қатарға қояды.
Республиканың тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап оның кеден
органдары әрдайым қалыптасу кезеңінде болып тұрады. Олардың қалыптасуына
қабылданатын заң актілері ықпал тигізеді, олар мемлекеттік тіркеуге жатады
және кеден режимдерін, төлемдерді, рәсімдеуді, бақылауды реттейді. 1996 ж.
16 қыркүйектегі № 1119 Қаулымен “Кеден органдарында лауазымды тұлғалардың
қызмет өту” туралы ережесі және ант беру мәтіні бекітілген, нақты айтқанда
онда негізгі ережелер, қызметке тұру және оны өтеу сұрақтары көрсетілген.
Кеден оргнадарының біртұтас жүйесіне кіретіндер:
– ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті;
– Кедендік бақылау департаменті;
– Кедендер;
– Кедендік посттар;
– ҚР кеден шекарасындағы бақылау-өткізу пунктері;
– Арнайы кедендік мекемелер.
Осы жүйенің қызметін біріктіретін, басқаратын және бағыт беретін – бұл
Кеден комитеті. Ол өзіне бағынатын органдардың жағдайы үшін, оларға заңмен
жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы үшін жауап береді. Бұл
комитет кеден саласында негізгі мемлекеттік орган болып табылады және
өзінің құзіреті шегінде барлық кеден органдары және басқа мемлекеттік
органдары, меншік нысанына және бағыныштылығына байланыссыз кәсіпорындары,
мекемелері, ұйымдары, азаматтар мен лауазымды тұлғалар орындауға міндетті
номативтік актілер шығарады. Ол тәуелсіздік жарияланғанға дейін 1991 ж. 12
желтоқсанда құрылған, ал бір жылдан кейін, яғни 1992 ж. 12 қарашасында
Қаржы министрлігінің Бас кеден басқармасына қайта құрылып, ол 1995 ж.
сәуірінде Министрлер кабинетінің жанындағы соған бағынатын Кеден комитетіне
(Үкімет құрамына кірмейтін орталық орган мәртебесі бар орган) қайта
құрылады. Одан кейін 1997 ж. 14 қаңтарында ол дербес мемлекеттік орган
болып қалыптасады, бірақ 1997 ж. аяғында республиканың Қаржы министрлігінің
Кеден комитеті болып қайта құрылады. Аталған заңның 7 бабы бойынша осы
комитетте алқа құрылады. Кеден органының басшысын ҚР Президенті
тағайындайды [1].
Орталық кеден зертханасы және кеден басқармаларында, жергілікті
жерлердегі ірі кедендерде сараптама бөлімдері жұмыс істейді. Орталық кеден
зертханасының, сәйкес сараптама қызметтерінің функцияларына кеден
мақсаттарында тауарлардың сараптамасын және зерттеуін жүргізу жатады.
Теңіз шекараларын қорғау үшін (олар Каспий теңізінің акваторийінде
мыңнан асады) “Барыс” атты теңіз кедені құрылған, оның Ақтау, Атырау
қалаларында, Ганюшкино және Баутино елді мекендерінде дислокациясы бар.
Жағалау күзеті үшін 10 катер сатып алынды. Кеме жүру сезоны басталғанда
олар теңізде экономикалық мүдделерді қорғау керек, бекіре, уылдырық, мұнай
ұрлануымен, есірткі заттардың заңсыз айналымымен күресу қажет. Бұл жұмыстың
бірінші кезеңі болып табылады. 126 кеден посттары болғанымен, шекаралар
бұрынғыдай мөлдір – олар барлық жолдарды жаппайды, олардың арасындағы ара-
қашықтық 200-300 км. Тағы 49 кеден постын ашу жоспарланған, ал кеденшілер
қару-жарақтан бастап тікұшақтарға, бронетранспортерлерге дейін қамтамасыз
етілу керек.
1993 ж. 27 желтоқсандағы ҚР Президентінің жарлығы бойынша бір- тұтас
және тиімді кеден-тарифтік саясатты әзірлеу мақсатында Кеден-тарифтік кеңес
құрылған. Оның негізгі міндеттері: ҚР тауарларды әкелудің тиімді тауар
құрылымы, тауар әкелуі мен шығаруының, ҚР аумағында валюта табыстары мен
шығындарының тиімді тепе-теңдігін сақтау, ҚР тауарларды өндіру жіне тұтыну
құрылымында прогрессивті өзгерістердің жүзеге асуы үшін жағдайлар жасау,
экономиканы шетел бәсекелестігінің жағымсыз әсерінен қорғау, дүниежүзілік
экономикаға тиімді интеграция үшін жағдайлар жасау.
Кедендік тарифтің негізгі элементтері: кедендік баж, тауардың кедендік
бағасы, тарифтік емес жеңілдіктер, преференциялар.
Заңнама бойынша ҚР кеден органдарының тану жалауы, тану белгісі бар.
Олардың барлық бөлімдерде болуы кеден органдарының біртұтастығының және
атқарушы билік жүйесіндегі оқшаулануының белгісі болып табылады. Олар басқа
ұйымдармен, азаматтармен, мемлекеттік органдармен, кеденшілерге жүктелген
мәселелерді шешуде жәрдем көрсетуге міндетті лауазымды тұлғаларымен өзара
жұмыс істейді. Заң басқа мемлекеттік органдарға кеден жүйесінің, оның
бөлімдерінің құзіретіне қол сұғуға, олардың функцияларын өзгертетін, оларға
қосымша міндеттер жүктейтін әрекеттер жасауға немесе олардың қызметіне
басқаша араласуға тыйым салады.
Кеден кодексінің 506 бабына сәйкес өзінің жеке, моральдық, іскерлік,
кәсіби қасиеттері, өзіне жүктелген міндеттерді орындауға денсаулық жағдайы,
дене бітімінің дамуы және білім деңгейі жөнінен қабілетті, кеден
органдарына қызметке қабылданған Қазақстан Республикасының әрекетке
қабілетті азаматтары кеден органдарының лауазымды адамдары болып табылады.
Кеден органдарының лауазымды тұлғаларына, олардың ішінде бағынышты
мекемелер мен ұйымдардың басшылары мен мамандарына жеке атақ беріледі. 10
саты бар:
– Қызметтегі мемлекеттік кеңесші;
– кеден қызметінің 1, 2, 3 рангтегі мемлекеттік кеңесшісі;
– кеден қызметінің 1, 2, 3 рангтегі кеңесшісі;
– кеден қызметінің 1, 2, 3 рангтегі инспекторы.
1993 ж. 3 мамырындағы № 344 Үкімет қаулысы кеден органының лауазымды
тұлғаларының формалық киімінің, аяқ киімінің және жабдығының тізімін және
пайдалану ережелерін бекітті.
Кеден кодексінің 527 бабы кеден органдарының мемлекет және азаматтар
алдындағы ҚР экономикалық егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін, ңкеден ісі саласында міндеттерді орындау үшін
жауапкершілігі бекітілген. Олар жұмыскерлері азаматтардың заңды құқықтар
мен мүдделері бұзғанда осы құқытарды қалпына келтіру керек және кінәлі
тұлғаларды жауапкершілікке тарту керек. Құқыққа қайшы әрекеттердің немесе
әрекетсіздіктің нәтижесінде тұлғаларға және олардың мүлкіне келтірілген
шығын немесе зиян өтелуге жатады. Осы органдардың лауазымды тұлғалары
құқыққа қайшы әрекеттері үшін әкімшілік, қылмыстық немесе басқа
жауапкершілікке тартылады. Кодекске сәйкес олар арнайы құралдар мен қатаң
шектелген мөлшерде күштеу шараларын қолдану үшін қару-жарақпен жабдықталады
(Кодекстің 517-521 бб.).
Кеңес дәуірінен кейінгі Қазақстанның кеден органдары алғашқы рет
анықталған құқықтық мәртебеге ие болды. Осыған дейін олар өз қызметінде
КСРО Кеден кодесін және 200 астам нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа
алған. Қазір шашыраңқы көптеген нұсқаулары мен басқа ережелерді емес
біртұтас заң актісін басшылыққа алу мүмкіндігі бар.
Кеден кодексі әкімшілік-құқықтық, қылмыстық және қылмыстық
процессуалдық заңнамаға және сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларының
қатынастарын реттейтін ережелерге негізделген (14). Бұл кеден қоймаларының,
уақытша сақтау қоймаларының, бажсыз сауда дүкендер жүйесінің, кеден
тасымалдаушыларының, экспорт табысының түсімін валюталық бақылау, кепіл
пайдалану, код беру үшін тауарларға сараптама жүргізу жұмыстарын
ұйымдастыруына өзгерістер енгізу қажеттілігін талап етті. Бұл құжатта
алғашқы рет ҚР кеден аумағының, кеден шекарасының түсінігі берілген,
кедендік тасымалдаушы атты жаңа қызмет түрі енгізілді, тауарларды және
көлік құралдарын әкелу және шығарудың тәртібі реттелген, 17 кеден режимі
бекітілген, кеден органдарының мәртебесі, лауазымды тұлғалардың құқықтары
мен міндеттері анықталған.
Сонымен қатар, жаңа құжат кеден алдында тұрған негізгі міндеттерді
орындауға толық кірісуге мүмкіндік береді. Олардың саны 13: Қазақстан
Республикасының кеден саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; өз
құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету; орындалуын бақылау кеден органдарына
жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын
қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы
өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тарифтік және тарифтік емес реттеу
шараларының сақталуын қамтамасыз ету; сыртқы экономикалық және кеден ісі
саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін
қорғау; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден ісі саласындағы
құқық бұзушылыққа қарсы күресу; кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды
жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетін жағдайлар жасау;
өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру және тағы басқалары.
Жаңа кодекс қабылданғаннан кейін кеден органдарының құқыққорғау
қызметінің заңнама базасы пайда болды. Енді кеден органдарының міндеттеріне
құқыққа қайшы әрекеттер жасаған немесе жасауды дайындаған тұлғаларды
іздестіру және анықтау бойынша жұмыс кіреді. Осы органдардың құзіретіне өз
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақстаныда және халықаралық кеден органдарының
сұранысы бойынша жүргізілетін анықтау қызметі кіреді.
Жаңа заңды қабылдау республика кеденшілерінің жұмысын ұйымдастыруға
мүмкіндік берді. 1995 ж. тек 7 айы ішінде 43 680 мың тонна сыртқы сауда
жүгі, 47 мыңнан астам халықаралық пошта жіберулері, 654 мыңға жуық
контейнер орны рәсімделді, кеден ережелерін бұзу фактісі бойынша 1 537 іс
қозғалды, 9 623,6 млн. теңге төлем алынды. Ал 1996 ж. 10 айы ішінде
контрабанда бойынша 172 қылмыстық іс қозғалды, кеден ережелерін бұзу үшін
11 023 іс қозғалған, 68 млн.теңге айып-пұл өндірілді, 823 килограмм есірткі
зат табылды.
ҚР Президент жарлығына және Үкімет қаулысына сәйкес халықаралық
авиатасымалдау үшін жаңа ашылған 5 өткізу пунктінде және Қытай шекарасында
1 автомобиль өту жолында уақытша схема бойынша кеден бақылауы жүзеге
асырылды. Үкіметтің басқа қаулыларына сәйкес ТМД мүшелері - жанама
мемлекеттермен шекараларда республика шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен
көлік құралдарын тезірек рәсімдеу үшін бақылау-өткізу пунктерінің құрылысы
мен техникалық жабдықталуы көрсетілген. 1996 ж. басында кеден органдарының
бақылауында 50-ден астам уақытша сақтау қоймалары жұмыс істеді. Бірақ
сыртқы сауда айналымының өсу жағдайында олардың және инфрақұрылымның басқа
объектілерінің санын көбейту керек.
Жаңа заңның қабылдануы республиканың кеден органдарының
қызметкерлеріне қойылатын талаптарды көтеруге мүмкіндік берді. Кеден ісі
туралы Жарлық қабылданғаннан кейін 1995 ж. маусымында осы жүйенің
қызметкерлері аттестациядан өтті, оның нәтижесінде осы органдардың жұмысына
баға берілді, жұмыскерлердің лауазымына сәйкес келуінің іскерлік және жеке
қасиеттері тексерілді. Нәтиже кеденшілердің өздерін таң қалды. 4754 адамның
ішінде тек 3767 ғана өз лауазымына сай келді. 627 адам жұмысын жақсартқан
және комиссияның нұсқауларын орындап бір жылдан кейін қайта аттестациядан
өткен жағдайда ғана лауазымына сай болады. 125 адамның лауазымы
төмендетілді және 225 адам жұмыстан шығарылды. Аттестация кезінде 49
қызметкер өз қалауы бойынша жұмыстан шығару туралы өтініш берді, бұл осы
адамдардың акәсіби дал еместігінің белгісі.
Әрине республиканың кеден қызметі басқа қызмет түрлері сияқты
нарықтық экономиканың қиыншылықтарын басына кешіп отыр. Бірақ осыған
қарамастан кеден органдары экономикаға үлкен үлес қосып жатыр. 1995 ж.
қаңтарынан шілде айына дейін олар қатаң есептің, экспорт-импорт баждарын
өндірудің арқасында бюджетке 8 млрд. теңге аударды.ал 1998 ж. кедендік
баждарды жинау жоспары 24,6 млрд. теңгеге қазан айының аяғында орындалған,
жылдың аяғында қосымша 8 млрд. теңге жиналды.
Мемлекет кеден органдары қызметкерлерінің білімін жетілдіруге көп
көңіл аударады. Кеден қызметкерлерінің білімін көтеруде үлкен қажеттілік
бар, өйткені бұл жүйеде барлығы тек 4 мың офицер бар, ал кәсіпкерлер аз.
Сондықтан жақын уақытта Қазақстанда академия ашу туралы шешім қабылданды.
Қаржы министрлігінің 1992 ж. желтоқсанында № 62 “Жаңа кеден
мекемелерін ашу туралы” бұйрығы бойынша Көкшетау кеден басқармасы ашылған.
Аз уақытта орталық аппарат және жергілікті кеден мекемелері құрылым
және ведомстволық бағыныштылық реформасының бірнеше кезеңдерін өтті. Бұл
сапалы жаңа құрылымның қалыптасуы және республиканың кеден қызметінің
нығаюы кезеңдері болды. Әртүрлі уақытта кеден басқармасын Кұльмағамбетов
Марат Қадырқұлұлы, Рахымбердиев Руслан Есімғалиұлы, Игіліков Ерлан
Игілікұлы, Алипов Абай Қазбекұлы, т.б. басқарған.
Кеден ісі сұрақтары бойынша өкілетті органның барлық аумақтық бөлімдер
сияқты Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті бірнеше
өзгерістерді басынан кешті. 1992 ж. желтоқсан айында “Көкшетау” кеденіні
құрылғаннан кейін алты жарым жыл өткен соң 1999 ж. 2 сәуірінде ҚР
Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетенің бұйрығымен “Көкшетау”
кедені Ақмола облысы бойынша Кеден басқармасы болып қайта құрылды.
2002 ж. 7 маусымында Ақмола облысы бойынша Кеден басқармасының бастығы
болып Дүйсебаев Сержан Дәмебайұлы тағайындалған.
2006 ж. 17 қыркүйегінде ҚР Кедендік бақылау агенттігінің бұйрығымен
Ақмола облысы бойынша Кеден басқармасы Ақмола облысы бойынша Кедендік
бақылау департаментіне қайта құрылды.
2008 ж. 23 желтоқсанында Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау
департаментінің бастығы болып Ахметов Жасұлан Рамазанұлы тағайындалды.
Қазіргі уақытта ҚР барлық кедендік аумағында 16 кедендік бақылау
департменттері, 12 дербес кеден жұмыс істеп жатыр. 5651 қызметкері егемен
Қазақстанның экономикалық мүүделерін адал қорғап отыр.
ҚР кеден органдарының құрылу күнін атап өтердің алдында Ақмола облысы
бойынша Кедендік бақылау департаментінде Ақмола облысының тарихында алғаш
рет болған атаулы оқиға болды – мемлекеттік бюджет табысына 5 миллиардтан
астам кедендік төлемдер салықтар аударылды.
ҚР жас кеден қызметі жыл сайын егеменді және тәуелсіз еліміздің
сенімді қорғаншысы болып, мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау
бойынша өзінің қызмет саласын кеңейтіп жатыр, өзінің материалды-техникалық
базасын нығайтып жатыр.
Қазақстан Республикасының кеден комитеті мемлекеттік кірістер
министірліктердің құрамына енеді. Өз қызмет атқарған жылдарда маңызды қайта
ұйымдастыру, сонымен қатар құрылыстарды өзгертуде. Қазір ол өзінің
статусымен орталық атқару органы болып келеді, Қазақстан Республикасының
кеден органының бірыңғай жүйесін басшылық етеді және кеден ісімен тікелей
басшылық етеді. Кеден органдарының құрылымы бірыңғай жүйеден құрылады, яғни
оған кіретіндер:
• Қазақстан Республиксының орталық кеден органы
• Кеден басқармасы
• Кеден
• Кеден күзет органдары
ГДРК министірлік кеден комитеті – елдегі кеден қызметінің ең басты
басқару органы. Кеден коммитетінің құрлымы:
• Кеден комитетінің төрағасы
• Бірінші орынбасар
• Орынбасар
• Көмекші
• Төраға кеңесшісі
Комитет негізін басқарма құрайды:
• Контрабанда және кеден ережелерінің бұзылуын қадағалайтын күрес ұйым
басқармасы
• Кеден табыстарын қарайтын басқармасы
• Кеден контактілерін қарайтын басқармасы
• Ақпарат жұмыстарын қадағалайтын қаражаттық-шаруашылық басқармасы
• Кадрлар басқармасы
• Сыртқы байланыстар бөлімі
• Қауіпсіздік бөлімі
• Кеден экспертизалар бөлімі
Кеден бақылау басқармасы мынадай бөлімдерден тұрады:
• Кеден бақылау ұйымы
• Кеден тәртіп бөлімі
Контрабанда және кеден құқығы бұзылғанын қадағалайтын күрес ұйым
басқармасы мынадай жұмыс жасайды:
• Шапшан (оперативный) бөлімі
• Контрабандамен күрес бөлімі
• Кеден құқығын бұзуларымен күрес бөлімі
Заңға сүйінген қамтамасыз ету бөлімінде алдын ала ескерілген, заң шығару
және кеден құқықтар ұйымдық бөлімі қарастырады, ол практикалық заңгерлік
істер заңгерлік бөлімде орналасқан.
Қызметкерлердің толық штатымен бухгалтерия қарастырылып отырған
басқарманың басты бөлімшесі болып табылады. Басқа ең маңызды емес бөлімшесі
қаржыландыру және кеден органдардың қаражаттық – шаруашылық қызметін
атқаратын бөлімі болып табылады.
Қажетті бөлімшесі заттық – техникалық жабдықтау, қару – жарақтар,
қорғаныс құралдары және техникалық бақылау бөлімі болып табылады.
Кеден клмитетін сыртқы экономикалық қатынастардың ішкі мемлекеттік
органдарына жатқызуға болады. Қосымша дәлелмен сондай бекіту пайдасына
кеден комитеті құрылымында сыртқы байланыстар бөлімі көрсетіледі. Бөлім
мақсаттарына кіретіндер:
• әр түрлі елдерде ақпараттар жинау және кеден іс күй – жағдайын жүзеге
асыру
• басқа елдермен Қазақстанның кеден ынтымақтастығы
Сыртқы байланыстар бөлімі келесі функцияларды орындайды:
• кеден іс сұрақтарына байланысты халықаралық заңға сүйінген актілерді
зерттеу.
• Орталық халықаралық органмен, дүниежүзілік кеден органмен (ДКО) және
басқа халықаралық кеден органдарымен ресми қатынастарын жүзеге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz