Есiнiң дұрыстығы мен дұрыс еместiгi


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: Қылмыс субъектiсi
Жоспар
Кiрiспе . . . 3
1-Бөлім. Қылмыс субъектiсi
- Қылмыс субъектiсi ұғымы . . . 5
- Субъектiнiң жастық нышандары . . . 8
2- Бөлім. Есiнiң дұрыстығы мен дұрыс еместiгi
- Есiнiң дұрыстығы ұғымы . . . 13
- Есі дұрыстық - қылмыстық жауаптылық шарттарының бірі ретінде . . . 17
- Шектеулi есi дұрыстық пен мас күйiнде қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылығы . . . 20
3- Бөлім. Арнайы субъект
- Арнайы субъект ұғымы мен қызметтiк қылмыстардың субъектiлерi . . . 24
- Арнайы субъект нышандары . . . 26
- Әскери қызметшiлер мен арнайы субъектiсi бар қылмыстарға қатысу . . . 28
Қорытынды . . . 31
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi . . . 33
Кiрiспе
Қоғамға қауiптi әрекеттердi тек қана адамдар жасайды. Әр-бiр нақты қылмыстың өзiне тән жеке сипаттары болады, оның iшiнде осы қылмыста кiнәлi тұлғаны сипаттайтын сипаттамалар. Кез-келген тұлға тек қана өзiне тән және оның дербестiгiн құрайтын ерекше нышандарға ие.
Әр-бiр жеке сипаттамалар қылмыс құрамының теориялық және заңнамалық конструкцияларында бейнеленуi мүмкiн емес. Қылмыс құқығы теориясында қылмыскерге тән типтiк қасиеттер таңдалып, қылмыс субъектiсiнiң нышандары ұғымдарында қамтылған.
Қылмыс субъектiсi - бұл кiнәлi адамға тән қылмыс жауаптылығына тартуға қажеттi нышандардың минималды жиыны. Бұл нышандардың кем дегенде бiреуiнiң жоқтығы қылмыс құрамының жоқтығын бiлдiредi.
Курстық жұмыстың өзектілігі - Қазiргi кезде қылмыс субъектiсi туралы iлiмнiң маңызды мәселелерi ретiнде жауаптылыққа қабiлеттiлiк пен арнайы субъект нышандарын орнату болып қалып отыр. Жауаптылыққа қабiлеттiлiктi жоққа шығармайтын психикалық аномалиялары бар тұлғалардың жауапкершiлiгiн бөлiп қарастыруға қажет.
Елiмiздiң қылмыстық заңнамасын талдау нәтижесiнде заңгерлер тұрақты түрде қылмыс субъектiсiнiң нышандарын анықтайтын қылмыстық-құқықтық нормаларға сүйенген деп аталатын болады. Сонымен қатар, қылмыс әрекеттерiнiң тiзiмi әрдайым ауыстырылады, ал қылмыс жауаптылығымен және қылмыс субъектiсiн жазалаумен байланысты сұрақтар, қылмыспен күрес аясында алдына қойған мақсаттарға сай, мемлекет дамуының түрлi кезеңдерiнде нақтыланып, бөлшектелдi.
Жаңа экономикалық қатынастардың дамуы, мемлекеттiк қызмет институтының қалыптасуы, әскери реформа және тағы басқа бiздiң қоғамымызда болып жатқан өзгерiстер көптеген түсiнiктердi қайта ұғынуға әкеледi. Соның iшiнде, құрамы арнайы субъектiге бағытталған қылмыстарды жасау үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тарту.
Қылмыстық құқық ғылымында қылмыстың субъектісі түсінігіне қатысты көптеген еңбектер жазылған. Қылмыстың субъектісі нақты қылмыстық әрекеттегі қылмыс құрамы бар немесе жоқ екендігін анықтауға өзінің үлкен әсерін тигізеді. Кез келген адамды біз қылмыстық жауаптылыққа, жазаға тарта алмаймыз. Жалпы түсінік бойынша жаза қылмыс жасаған адамды түзеу үшін, оның өз әрекетінің мәнін түсіндіру үшін арналған мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Осы жағдайда қылмыс жасаған адам өзіне тағайындалған жаза мәнін түсіне ала ма деген сұрақ туады. Әрине, ол жазаның мәнін түсініп, ондай әрекетті енді жасамау керектігін, егер жасаған болса оған нақты бір мәжбүрлеу шаралары қолданылатынын ұғыну керек. Ал оны тек есі дұрыс және өмірлік тәжірибесі жиналып, психикасы толық қалыптасқан белгілі бір жасқа толған адам ғана түсіне алады. Міне, бұл қылмыстың субъектісінің белгілеріне жатады.
Арнайы әдебиеттерде қылмыс субъектiсi тақырыбы едәуiр терең талданған. Осыған орай Михеевтiң, Первомайскидiң, есi дұрыс еместiкке арналған монографияларын және Орымбаевтың, Устименконың, Здравомыслованың, Куринованың арнайы субъекттi зерттеу жұмыстарын атап өту қажет.
Соңғы онжылдықта, жаңа Қылмыс Кодексiн даярлау мен қабылдаумен байланысты шектеулi жауаптылыққа қабiлеттiлiк туралы басылымдар пайда болды. Оның iшiнде Ивановтың, Шишкованың, Кудрявцеваның зерттеулерi.
Қымыстық құқықта қылмыстың субъектісі ұғымымен қатар "қылмыскердің жеке тұлғасы" деген түсінік бар, яғни нақты адамға жауаптылыққа тарту, жаза тағайындау үшін оның жеке басының әлеуметтік қасиеттерін толық зертеу қажет.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті - қылмыстың субъектісіне жалпы құқықтық түсінік беру, оның белгілерін анықтау және оларға заңды сипаттама беру. Сонымен, бүгінгі күні заңгерлер арасында заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы туралы бірнеше пікір пайда болған. Осы сұрақты шешу үшін ҚК-тің бірнеше бабы сараланады.
1-Бөлім. Қылмыс субъектiсi
- Қылмыс субъектiсi ұғымы
Қылмыс субъектiсi - бұл қоғамға қауiптi әрекеттi жасаған және заңға сай ол үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тартыла алатын тұлға. 1
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың субъектісі болып есі дұрыс және қылмыс жасаған уақытта қылмыстық заңда көрсетілген жасқа толған адам табылады. Қылмыстың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілеті бар адам танылады.
ҚР ҚК 4, 6, 7-баптарының талаптарына сәйкес ҚР ҚК-нің күші Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтарға, азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ шетелдіктерге қолданылады. Бұдан туатын қорытынды, қоғамға қауіпті іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды, яғни бұл аталғандар қылмыс субъектісі болып табылмайды. Егер адам жануарларды немесе табиғи күштерді пайдалану арқасында қасақана немесе абайсыздықпен басқаға зиян келтірсе, онда қылмыстық жауаптылыққа сол адамның өзі тартылады. Мысалы, қабаған итке адамды қасақана қаптырса, онда сол адам жөнінде қасақана дене жарақатын келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесі қарастырылады, ал мұндай жағдайда ит қылмыс субъектісі емес, қылмысты жасаудың құралы болып табылады.
Сонымен қоса заңды тұлға (мекеме, ұйым, кәсіпорын және басқа да заңды ұйымдар) қылмыстың субъектісі болып табылмайды. қайсібір заңды тұлғада еңбекті қорғау ережелерін кінәлі түрде бұзған лауазымды адам, егер соның салдарынан адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса жауаптылыққа тартылады. Егер біз заңды тұлға қылмыс субъектісі деп айтсақ, онда біз қылмыстық құқықтың негізгі қағидаларының бірі - жеке адамның қылмыс үшін жауаптылығы қағидасын бұзамыз. Сондықтан бұл жағдайда заңды тұлғадағы нақты қылмыстық әрекет жасаған лауазымды адам немесе олардың тобы қылмыстық жауаптылыққа тартуы тиіс.
Қылмыс субъектілері белгісі ҚР ҚК 14-бабында ашылады. Ол бойынша есі дұрыс, қылмыстық заңнамада көрсетілген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиіс.
Ал, ҚК 14-бабының 2-тарауында қылмыстық құқықтың ең маңызды принципі - азаматтардың заң алдында тең принципі баяндалған, яғни қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысын, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей. Бұл принцип конституциялық принцип болып табылады, өйткені ҚР Конституциясының 14-бабында бекітілген.
ҚК 14-бабынан көретініміз қылмыс субъектілерінің келесідей заңды белгілері болуы тиіс:
- есі дұрыстық;
- қылмыстық жауаптылыққа тартуды шартты болып табылатынын қылмыстық жауаптылық жасқа толу;
- адам тобына жатуы (жеке тұлға болуы) .
Адамды қылмыстың субъектісі деп тану үшін ол осы үш белгінің жиынтығына ие болуы тиіс, бір белгінің жоқ болуы, қылмыстың субъектісінің жоқ екендігін көрсетеді, сәйкесінше мұнда қылмыс құрамы жоқ. Ал, қылмыстық құқықтың пәнінен білетініміз қылмыс құрамы жоқ болуы, қылмыстың субъектісінің жоқ болуы, қылмыстың жоқтылығының белгісі.
Кiнә принципiне сәйкес қылмыс жауаптылығына жансыз нәрселер, жануарлар мен заңды тұлғалар тартыла алмайды. Бұл принцип жауаптылықты қылмыс жасаған тұлғаның өз әрекеттерiне есеп бере алуымен және оларды басқара алуымен байланыстырады, ал бұл қабiлеттiлiкке тек қана адамдар ие. Қылмыстық жауаптылыққа заңды тұлғаларды тарту - жазалау мақсаттарына сәйкес келмейдi, себебi қылмыстық жазалау тек қана адамдарға әсер етуге бағытталған.
Адам кiнәсi анықталған қоғамдық қауiптi әрекетi (iс-әрекет немесе әрекетсiздiгi) және пайда болған қоғамдық қауiптi зардаптар үшiн ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. Объективтi айыптауға, яғни кiнәсiз зиян келтiргенi үшiн қылмыстық жауаптылыққа жол берiлмейдi. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кiнңәi деп танылады. Абайсызда жасалған әрекет Қазақстан Республикасының қылмыс кодексiнiң ерекше бөлiмiнiң баптарымен көзделген жағдайларда ғана қылмыс деп танылады.
Өзiнiң әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нақты сипатын сезiне алатын және оларды басқаруға қабiлеттi адамдар ғана қылмыс субъектiсi ретiнде таныла алады. Психикалық күйiне байланысты өзiнiң әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн) басқара алмаған және олардың нақты сипатын сезiнбеген адамдарға қатысты қасақана мен абайсыздық нысанындағы кiнә жоққа шығарылады. 2
Психикасы сау адамдарда өзiнiң әрекетерiне жауап бере алушылық белгiлi-бiр жасқа жеткенде пайда болады, әдетте оның шамасы 16 жасқа теңестiрiледi. Бұл жасқа жеткен адамда белгiлi-бiр өмiрлiк тәжiрибе жинақталып, айналадағыларға пайдалылық көзқарасынан өзiнiң қылықтарының сипатын сезiне ала алу қабiлеттiлiгi пайда болады. 3
Қазақтан Республикасының Қылмыс Кодексiнiң 1997 жылғы 16 шiлде N 167, 6 бабынының 1 пунктiне сай Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам жауапқа тартылуға тиiс. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерiнiң және иммунитеттi пайдаланатын өзге де азаматтардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе осы адамдар Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған жағдайда халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi (ҚК 4п. 6б. ) . Бiрақ аталған тұлғалардың қылмыстық қуалау иммунитетi олардың қылмыстық-құқықтық нормаларды бұзған жағдайда қылмыс субъектiсi ретiнде танылмауын бiлдiрмейдi. Бұл жайда қылмыстық жауаптылықтан босату ақталмау негiздерiне сүйене отырып жүзеге асырылады. 4
Сөйтiп, қылмыс субъектiсiнiң негiзгi нышандарына: белгiлi бiр жасқа толған есi дұрыс жеке тұлға (ҚК 14б. ) . Бұл барлық қылмыстардың ең елеулi нышандары жалпы қылмыс субъектiсi туралы ғылыми түсiнiктi құрайды. Қылмыс субъектiсiнiң факультативтi нышандарына арнайы субъектiнiң нышандары жатқызылады. 5
- Субъектiнiң жастық нышандары
Белгiлi-бiр жасқа толу - қылмыстық жауаптылыққа тартудың қажеттi шарттарының бiрi.
Қылмыстық жауаптылыққа тартыла алатын жасты анықтау негiзiнде кәмелетке толмағанның саналы түрде сезiну деңгейi, болып жатқанды қабылдай алу қабiлеттiлiгi мен осыған сай осмысленно әрекет ету қарастырылады. Жас балалар, қылмыс субъектiсi бола алмайды, себебi өзiнiң жасына орай жеткiлiктi деңгейде жасаған әрекеттерге есеп берiп, оларды басқара алмайды. 6
Өзiнiң қылықтарының қауiптiлiгiн мойындай алу қабiлеттiлiгi өмiрлiк бақылаулар мен тәрбиелену нәтижесiнде бiрте-бiрте қалыптасады. Белгiлi-бiр жаста боз балада өмiрлiк тәжiрибе жинақталып, өзiнiң қылықтарын саналы түрде меңгере алу мен өзiнiң қылықтарын жете түсiне алу мүмкiндiгi пайда болады.
Тұлғаның қылмыстық жауаптылыққа тартыла алатын минималды жасы бұрыннан берi мемлекеттiң қылмыстық саясатының құралы ретiнде қызмет еткен. Сөйтiп, алғаш Ресейде Петр I Әскери артикулаларымен (1715 ж. ) бұл жас 7 жасқа теңестiрiлген, және бұл жас кейiн өзгерiстерге ұшырап жатты. Сөйтiп, коммунизм дәуiрiнде ол 17 жасқа теңестiрiлген, ал алған Кеңес қылмыстық кодексте (1922 ж. ) - 14 жасқа. Дегенмен, 1935 жылы қабылданған «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыспен күресу шаралары туралы» қаулы бiрқатар ауыр қасақана қылмыстар үшiн қылмыстық жауаптылықты 12 жастан бекiттi. 7 Демек, медицинамен орнатылған кәмелекетке толмағанның психикалық даму деңгейiнiң әлеуметтiк ортасына (ең алдымен тамақтануы, күнделiктi шарттары, бiлiмi) сәйкестiгi есепке әрдайым алынып қойған емес.
Қазақстан Республикасының қылмыс кодексi жас шамасын дифференцирленген түрде қарастырады, осыған орай, кодексте субъектiнiң екi түрлi жастық нышнына сiлтеме берiлген: 15-бапқа сәйкес, қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. Ал қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар кiсi өлтiргенi, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi, ауырлататын мән-жайлар кезiнде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтiргенi, зорлағаны, жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттерi, адамды ұрлағаны, ұрлық жасағаны, кiсi тонағаны, ұрып-соққаны, қорқытып алғаны, ауырлататын мән-жайлар кезiнде автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иеленгенi, ауырлататын мән-жайлар кезiнде мүлiктi қасақана жойғаны немесе бүлдiргенi, терроризм, адамды кепiлге алуы, террористік актi туралы бiле тұра көрiнеу өтiрiк хабарлағаны, қару-жарақты, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлағаны не қорқытып алғаны, ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылығы, тағылық, есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды ұрлағаны не қорқытып алғаны, ауырлататын мән-жайлар кезiнде қайтыс болған адамдардың мүрдесiн және олардың жерленген жерлерiн қорлағаны, көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткенi үшiн қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. Барлық аталған қылмыстар қасақана қылмыстар болып табылады. Қылмыстық жауаптылыққа тарту үшiн азайтылған жасты орнату, жас өспiрiм осы қылмыстардың қауiптiлiгiн саналы түрде ұғына алатындығымен байланысты. 8
Көзделген жасқа жеткен кәмелетке толмаған адам, бiрақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезiндегi өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн толық көлемiнде түсiне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс еместiгiн реттейтiн норманың (ҚК 15б. ) қызмет етуi гуманизм мен әдiлеттiлiк принциптерiнiң жүзеге асырылуына дәлел.
Суъектiнiң үшiншi жастық нышаны - 18 жас9 ретiнде танылған, себебi бiрқатар қылмыстар субъектiлерi, жасалатын әрекеттердiң ерекше сипатына байланысты, тек қана кәмелетке толған азаматтар болуы мүмкiн. Мысалы, қылмыстық немесе басқа қоғам қызметiне қарсы топқа кәмелетке толмағандарды тарту, әскери немесе альтернативтi азаматтық қызметтi өтуден қашу т. б.
Кейбiр жеке қылмыс құрамдарына жауапқа тартудың нақты, кәмелет жасынан жоғары жас орнатылған. Олардың бәрi арнайы субъектiсi бар құрамдар. Мысалы, әдiлетсiз сот үкiмiн, актiсiн немесе шешiм қабылдау субъектiсi тек қана судья бола алады, демек тұлғаның, басқа шарттардан басқа, кем дегенде 25 жасқа толуы талап. Сол сияқты, дәрiгердiң, кеме капитанының мәртебесiне ие болу үшiн, кәмелеттен жоғары жаста болуы сөзсiз.
Кәмелетке толмағанның жасын анықтағанда, сот туған күнiң, айын нақты түрде орнатуы керек. Қажет жағдайларда нақты туған күндi анықтау үшiн сот-медициналық сарап қызметтерiн тұтынуы мүмкiн. Сондай-ақ, жас өспiрiмнiң нақты туған күнi анық жағдайда толық жасы туған күннен келесi күннен бастап толық деп есептеледi, ал туған күнi анықталмаған жағдайда сараппен болжанған минималды жасқа жеткен деп саналады. Егер сарапшылармен тек қана туған жылы ғана орнатылған болса, онда туған күнi ретiнде аталған жылдың соңғы күнi саналады.
Қылмыс кодексi жауапқа тартудың жасына сiлтеме жасай отырып, кәмелетке толмағанның, кей жағдайларда 20-ға жетпеген тұлғалар үшiн, жауапкершiлiктiң және жазаның арнайы ережелерiн орнатады.
Қылмыс субъектісінің жасқа толу белгісі
Қылмыстың субъектісі болып кез келген есі дұрыс жеке адам болмайды, ол қылмыстық заңмен белгіленген жасқа толуы керек. Адамды қылмыстық жауапкершілікке тартудың ең негізгі шарттарының бірі оның белгілі бір жасқа толуы. Өте жас балалар қылмыс субъектісі бола алмайды, өйткені олар өздерінің тым жастығына сәйкес жеткілікті жағдайда өздерінің қоғамға қауіпті іс-әрекеттеріне жауап бере алмайды, сондықтан заң өзі арнайы көрсеткен жасқа толмаған жасөспірімді қылмыстық жауапқа және басқа да жазаға тартуға тыйым салады. 10
Кәмелетке толмағандардың жас мөлшері және оларды қылмыс субъектісі деп тану мәселесі ҚК 15-бабында арнайы қарастырылған. Ол бойынша қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жуаптылыққа тартылуы мүмкін.
Тек қылмыстық заңда белгіленген жағдайларда ғана адам 14 жастан қылмыстық жауапкершілікке тартылады. ҚК 15-бабында 2 тармағы бойынша қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар кісі өлтіргені (96-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені (103-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіргені (104-бап, 2б. ), зорлағаны (120-бап), жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері (121-бап), адамды ұрлағаны (125-бап), ұрлық жасағаны (175-бап), кісі тонағаны (178-бап), ұрып-соққаны (179-бап), қорқытып алғаны (181-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иеленгені (185-баптың 2-4б. ), ауырлататын мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (187-баптың 2, 3б. ), адамды кепілге алуы (234-бап), террористік акті туралы біле тұра көрінеу өтірік хабарлағаны (242-бап), қару-жарақ, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлағандығы немесе қорқытып алғандығы (255-бап), ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылығы (257-баптың2, 3б. ), тағылық (258-бап), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлағаны не қорқытып алғандығы (260-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде қайтыс болған адамдардың мүрдесін және олардың жерленген жерлерін қорлағаны (275-бап 2б. ) көлік қөұралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткені (299-бап) үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс.
15-баптың 2-бөлігінде көрсетілген тек қана қасақана қылмыс үшін жауаптылық көрсетілген.
Егер 14-тен 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам 16-жастан бастап қылмыстық жауаптылық туындайтын қылмысқа қатысып және онда 14 жастан бастап қылмыстық жауаптылық туындайтын қылмыс жасаса, онда ол он төрт жастан бастап қылмыстық жауаптылық туындайтын қылмыс бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Мысалы, 14 тен он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам бандитизмге (237-бап) қатысса (ол құрам ҚК 15б. 2-тармағында көрсетілмеген), онда ол ұрлық, тонау, зорлау, адам өлтіргені үшін жауапта болады, егер ол шабуыл жасауға қатысса, бірақ бандитизм үшін жауапқа тартылмайды.
Қылмыстық заң жауапқа 16 жастан, ал кейбір арнаулы заңдарда көрсетілген қылмыстың түрі үшін 14 жастан тартылатынын белгілегенімен, кейбір әрекеттердің мәнінің ерекшелігіне және субъектілердің ерекше белгілеріне қарай, қайсыбір қылмыстың субъектісі болып жасы кәмелетке толмаған адамды қылмысқа тарту - 131-бап, әскери қылмыстарда (16-тарау) қылмыс субъектісі болып тек жасы 18-ге толған адамдар ғана табылады. Қылмыс істеген кәмелетке толмағандардың жасы, туған жылы, айы-күні дәлме-дәл анықталуы қажет. Адамның белгілі бір жасқа толуы туған күнімен емес, одан кейінгі тәулікпен есептеледі. Кәмелетке толмағандардың жасы сарапшының қорытындысы бойынша анықталғандай, оның туған күні болып сол аталған жылдың соңғы айының соңғы күні (31-желтоқсан) танылады.
14 жасқа толмаған адам қылмысы үшін, қылмыс белгілері болса да қылмыстық жауаптылық болмайды. Оларға ішкі істер органдары ұсынуымен, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссия қорытынды болғанда мәжбүрлі түрдегі тәрбиешілік шаралары тағайындалады. Олар арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелеріне орналастырылады.
Егер сот кәмелетке толмаған адамды оқу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды жөн деп таппаса, ол ұсынысты қанағаттандырмайды, іс материалдарын кәмелтке толмағандар жөніндегі комиссияға жібереді. Комиссия құқық бұзушыға кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссия туралы Ереженің 30-бабындағы көрсетілген өзге де тәрбиелеу шараларын қолданады.
Заң шығарушы жауаптылықтың жалпы жасы 16 жас деп белгілегенімен, субъектілердің ерекше белгілері бойынша кейбір қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық тек 18 жастан пайда болады. Мысалы, кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту.
ҚР ҚК 18-бабында мас күйінде қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылады, яғни алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Мас күй деген біз оған нашақорлық және уытқұмарлық мастық күйін де қосамыз. Бұл жағдайларда адам мастықтың физиологиялық жағдайында болады. Физиололгиялық мастық түрінде адамның жүйкелік қызметінің тежегіш процестері әлсірейді және өзін-өзі басқару қабілетін белгілі бір дәрежеде жоғалтады. Бір мас күйде болған адам шындықпен байланыста болады және оның әрекеттері ниеттелген сипатта болады. 11
2-бөлім. Есiнiң дұрыстығы мен дұрыс еместiгi
- Есiнiң дұрыстығы ұғымы
Қоғамға қауiптi әрекеттердi жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылықты тек есi дұрыс тұлғалар ғана сазайынға тартыла алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz