Қылмыстық құқық объектісінің түрлері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Қылмыстың объектісі қылмыс құрамының міндетті элементі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Қымыс құрамының түсінігі және оның белгілері ... ... ... ... ... .4
1.2. Қылмыстың объектісінің ұғымы және оның маңызы ... ... ... ...7
2. Қылмыстық құқық объектісінің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
3. Қылмыстың объектісі және қол сұғушылықтың заты ... ... ... ... 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

1. Қылмыстың объектісі қылмыс құрамының міндетті элементі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...4
1. Қымыс құрамының түсінігі және оның белгілері ... ... ... ... ... .4
2. Қылмыстың объектісінің ұғымы және оның маңызы ... ... ... ...7

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Кіріспе
Қылмыстық жауаптылық – мемлекеттік мәжбүрлеудің ең қатаң түрі болып
есептелгендіктен, мемлекет арқылы ең маңызды деп танылған қоғамдық
қатынастарды қорғау барысында пайдаланады. Қоғам өмірінде орын алып отырған
барлық қатынастар, осы позиция тұрғысынан қылмыстық құқық нормаларының
көмегімен қорғалынатын және қорғалынбайтын деп бөлінеді. Сондықтан да,
әлеуметтік тұрғыдан алып қарағанда, тек қылмыстық заңмен қорғалынатын
қатынастарға ғана қоғамға қауіпті қол сұғу қылмыс деп танылады. Қоғамға
қауіпті қол сұғушылықтың дәрежесі қоғамдық қатынастың маңыздылығына, осы
қатынасқа келтірілген зиянның сипаты мен мөлшеріне, қол сұғушылықтың
таралуына, іс – қимылды және қылмыс жасауда кінәлі адамды сипаттайтын
мәліметтерге тікелей тәуелді.
Заңмен қорғалынатын қоғамдық қатынас неғұрлым маңызды болған сайын,
жасалынған қоғамға қауіпті қол сұғушылық соғұрлым қоғамға қауіпті деп
есептелінеді. Заңмен қорғалынатын қоғамдық қатынастардың тізбегі Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің 2 бабында көрсетілініп кеткен.
Қылмыстық заңның жалпы адами құндылықтарға қайта оралуы, қылмыстық заңмен
қорғалынатын объектілердің жариялылық қағидасына сәйкес белгілі бір
кезектілікпен орналасуын білдіреді. Яғни, адамның мүддесі қылмыстық –
құқықтық қорғаудың негізі ретінде қаланған. Адамның мүддесін сенімді және
тиімді түрде қорғау бірмезгілде қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді
қорғауға көмектеседі. Заңшығару аясындағы қылмыстық – құқықтық қорғаудың
объектісін анықтаудың бұндай үстемдігі – дамыған демократиялық елдердің
қымыстық кодекстеріне толығымен сәйкес келеді.
Қылмыстың объектісін дұрыс анықтаудың қылмысты саралаудағы маңызы өте
зор. Қылмыстың объектісін дұрыс анықтамау, қылмыс істеуде кінәлі деп
танылған адамға қылмыстық заңның дұрыс қолданбауына әкеліп соқтырады.
Сәйкесінше, қылмыстық құқықтың негізгі қағидаларының, әділеттілік,
заңдылық, азаматтардың заң алдындағы теңдігі, қылмыстық репрессия шараларын
үнемдеу бұзылуын туындатады.
Қылмыстың объектісі қылмыс құрамының міндетті элементі болғандықтан,
оны зерттеу қылмыстық құқық оқулықтарында, курстарда жекелеген
монографиялық зерттеулерде жүзеге асырылған. Айта кететін болсақ,
Б.С.Никифоров, Н.И.Коржанский, В.Я.Таций, Е.І.Кайржанов, А.Н.Ағыбаевтің
еңбектерінде жан - жақты түрде қамтылып қарастырылған.

1.1. Қымыс құрамының түсінігі және оның белгілері
Көптеген қылмыстардың ішінде нақты бір қылмысты анықтау үшін, қылмыс
құрамының ұғымы қолданылады.
А.В.Наумовтың айтуынша: “Қылмыс құрамы дегеніміз, қоғамға қауіпті іс-
арекетті қылмыс ретінде сипаттайтын қылмыстық заңмен белгіленген
объективтік жане субъективтік белгілердің жиынтығы. Қылмыс құрамының ұғымы
төрт белгіні құрайды, теорияда оларды қылмыс құрамының элементтері деп
атайды.[1]
А.Н.Ағыбаев: Қылмыстың құрамы деп – қылмыстық заң бойынша қоғамға
қауіпті іс-арекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік
беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған
элементтердің және белгілердің жиынтығы деп көрсетеді.[2]
Кейбір оқулықтар мен әдебиеттерде “қылмыс құрамының элементтері” және
“қылмыс құрамының белгілері” деген ұғымдар бірін-бірі алмастырып отырады.
Қылмыс құрамының элементі дегеніміз, заң бойынша қылмыс деп табылатын
қоғамға қауіпті іс-әрекеттің әртүрлі жақтарына тиесілі топтық белгілерді
құрайтын қылмыс құрамының құрылымдық бөлігі. Қылмыс құрамының элементтері
қылмыстың әртурлі жақтарына тиесілі: қылмыстың объектісіне, объективтік
жағына, субъективтік жағына, субъектісіне.
Қылмыс құрамының белгісі деп, қылмыстың неғұрлым маңызды қасиеттерінің
нақтылы заңдық сипаттамасын айтамыз. Қылмыс құрамының белгілері төрт топқа
бөлінеді және оның төрт элементтеріне сәйкес келеді. Ал мағынасы бойынша
екі түрге бөлінеді.
1. Қылмыс құрамының негізгі белгілері:
а) қылмыстың обьектісін сипаттайтын белгілер: қылмыстық қол сұғушылықтан
қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастар;
б) қылмыстың обьективтік жағын сипаттайтын белгілер: обьектіге зиян
тигізетін немесе зиян тигізу қаупін тудыратын қоғамға қауіпті іс-әрекет;
қоғамға қауіпті нәтиже; себепті байланыс;
б) қылмыстың субьективтік жағын сипаттайтын белгілер: кінә- қасақаналық,
абайсыздық;
в) қылмыстың субьектісін сипаттайтын белгілер: жеке тұлға, есі дұрыстық,
қылмыстық жауаптылық жасы.
Қылмыс құрамының осы негізгі белгілері кез келген қылмыс құрамында
болады және олардың біреуінің болмауы қылмыс құрамының жоқтығын көрсетеді.
Қылмыстың объектісі – қылмыстық қол сұғушылықтан зиян шегетін немесе
зиян келуі мүмкін қоғамдық қатынастар.
Кез кеген қылмыс материалдық игіліктерге емес (заттар, ақша т.б.)
қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Ол қоғамдық қатынастар әрекет етуші
қылмыстық заңмен қорғалуы қажет (ҚР ҚК 2 бабы). Қылмыскермен қол сұғылатын
қоғамдық қатынастардың сипатына қарай, қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты
анықталады. Қоғам үшін қылмыстың объектісі неғұрлым құнды болса, соғұрлым
жасалатын қылмыстың ауырлығы да көп болады. Сайып келгенде, қылмыстың
объектісі дегеніміз, кінәлмен қылмыстық қол сұғушылық жасалатын, қылмыстық
заңмен қорғалған қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыстың объективтік жағы қылмысты істеген адамның мінез-құлқының
сыртқы көрінісін білдіреді. Объективтік жақ ең алдымен қоғамға қауіпті
мінез-құлық актісінің сыртқы көрінісі, ол адамның әрекеті немесе
әрекетсіздігі арқылы көрініс табады.
Қылмыстың субективтік жағын және субъектісін сипаттайтын белгілер
қылмыс жасаған адамның субъективті ерекшелігін көрсететіндіктен қылмыс
құрамының субъективтік белгілері деп аталады. Субъективтік жақ қылмыстың
ішкі жағын, мәнін және мазмұнын сипаттайды. Қылмыс жасаған адамның ішкі
дүниесінде, оның еркі мен санасында өтетін психикалық процестің корінісі.
Демек, қылмыстың субективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-
әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып
табылады. Субъективтік жақтың белгілеріне кінә, ниет және мақсат жатады.
Кінә кез келген қылмыс құрамының міндетті белгісі. Ол адамның өзінің
қасақаналық пен абайсызда істейтін қоғамға қауіпті іс-әрекетіне жане оның
қоғамға қауіпті зардабына деген көзқарастарының жиынтығы болып табылады.
Қылмыстың субъектісі дегеніміз, қоғамға қауіпті іс- әрекетті жасаған
жане заңға сәйкес сол үшін мемлекеттің алдында қылмыстық жауаптылықты
көтеруге қабілеті бар адамды айтамыз. Қылмыс субъектісін сипаттайтын
белгілерге: жеке тұлға, есі дұрыстық, қылмыстық жауаптылық жасына жету яғни
16 жасқа толу жатады (кейбір қылмыстар үшін 14, 18 жасқа жету міндетті).
Көрсетілген белгілермен қатар, арнаулы белгілерді қажет ететін адам,
қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады (мысалы: әскери қылмыстарда
әскери қызметші).
2. Қылмыс құрамының арнаулы факультативті белгілері. Бұл белгілер бір
құрамдар үшін міндетті, екіншілері үшін міндетті емес болып табылады,
яғни бұл заң шығарушының кейбір қылмыс құрамдарын сипаттау үшін
қолданатын белгілері. Оған: қылмыстың зардабы, уақыт, орын, қылмыс істеу
тәсілі, құралы, қылмыстық ниет, мақсат, қылмыстың заты, қылмыстың арнаулы
субектісі жатады. Бұл белгілер қылмыс құрамында аталып көрсетілсе, онда
олар сол құрамның қажетті белгілері болып табылады. Қылмыс құрамында
көрсетілмеген жағдайда, олар қылмысты саралауға әсер етпейді, тек қана
жаза тағайындағанда есепке алынады.
Кейбір авторлар жоғарыдағы көрсетілген екі топтан басқа, үшінші топты,
яғни қылмысты сипаттайтын бірақ, қылмыс құрамынан тыс жатқан белгілерді
ажыратады. Бұл белгілердің қоғамға қауіпті іс-әрекеттің дәрежесіне әсер
ететіні соншалықты, оның қоғамға қауіптілігін жойып, қылмыс қатарынан
шығарып жібереді. Оған мысалы, қылмыс құрамынан тыс жатқан кінәлінің жеке
тұлғасының жақсы жағынан сипаттайтын белгілер жатқызылады.
Қылмыс кұрамы дегеніміз - бұл қылмыстың объектісіне,
объективтік жағына, субъектісіне және субъективтік
жағына жататын заңмен белгіленген белгілердің бірлігі
болып табылады. Қылмыс құрамы белгілерінің тек қана біреуін
немесе бірнешеуін анықтау, барлық белгілері толық
болмаған жағдайда қылмыс құрамы туралы айтуға мүмкіндік
бермейді. Егер қылмыс құрамы болмаса, онда қылмыстық
жауапкершілік үшін негіз де болмайды.
Қылмыс кұрамына заңшығарушы мемлекет үшін және
сондықтан да жазаланатын қоғамдық қауіпті немесе әрекетсіздікті
сипаттау үшін қажетті деп есептейтін белгілер жиынтығы
кіргізген.
Жоғарыда атап өткеніміздей, қылмыс құрамының белгілері қылмыстық заңда
көзделеді. Бірақ Қылмыстық кодекстің тиісті баптарының диспозицияларында
барлық белгілер міндетті түрде көрсетіле бермейді. Осы орайда,
В.Н.Кудрявцевтің пікірімен толықтай келісуге болады: “Заң шығарушы қылмыс
құрамын емес, қылмыс құрамының белгілерін толықтай сипаттайтын қылмыстық-
құқықтық норманы құрайды. Бұл белгілердің өзі адам санасынан тыс
объективті түрде өмір сүреді және олар шын мәнісінде нақтылы қылмысқа
тиесілі болады. Ал заң шығарушының міндеті сол белгілерді аса дәлділікпен
және нақтылықпен тауып көрсете білу болып табылады. Осыған байланысты
заңдағы баптың диспозициясы тек қана қылмыс құрамының элементтерін
көрсетеді”.[3]
1.2. Қылмыстың объектісінің ұғымы және оның маңызы
Қылмыс құрамының элементі ретінде, объект, тікелей қабылдауға мүмкін
болмағандықтан, өзіне ерекше назар аударуды талап етеді. Қылмыс құрамының
басқа элементтеріне қарағанда, объектіні сол мезетте анықтау өте қиын,
әдетте қылмысқа қатысушылар мен куәлер қылмыстың қай объектісінің бұзылғаны
туралы сұраққа жауап бере алмайды. Объектіні анықтау арнайы білімді талап
етеді де, істің барлық мән-жайларын егжей-тегжейлі талдау арқылы
анықталады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2 бабы – Қылмыстық
кодекстің міндеттерін анықтай отырып, ең маңызды деген объектілердің
тізбегін көрсеткен: адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары,
меншік, қоғамдық тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік, қоршаған орта, Қазақстан
Республикасының конституциялық құрылысы, бейбітшілік пен адамзат
қауіпсіздігі.
Қолданыстағы қылмыстық заңнамада адам және азаматты қорғау бірінші
кезектегі маңызды мәселе ретінде қарастырылады. Кеңестік дәуір барысында,
мемлекеттік және қоғамдық мүдделердің маңызы жеке адамдардың мүдделеріне
қарағанда маңызды деп есептелінген болатын. Жеке адамдардың мүдделерін
бірінші кезекке қою, отандық заңнаманы демократиялық елдердің қылмыстық
кодекстеріне сәйкестендіріп, қылмыстық құқықтың жалпыадамзаттық құндылықтар
идеалына қайта оралуының куәсі іспеттес.
Қылмыстық құқықтың теориясында қылмыстың объектісі қылмыстық заңмен
қорғалатын қоғамдық қатынастар ретінде анықталады.[4]
Қоғамдық қатынастар ретінде, құқықтық нормалармен қорғалынатын
материалдық және материалдық емес өмірдің заттары мен құбылыстарына
байланысты біріккен қызмет процесінде адамдар арасында қалыптасатын әртүрлі
байланыстар түсіндіріледі.[5]
Яғни, адам әлеуметтік тіршілік иесі ретінде көрінетін қоғамдық
қатынастар ерекше сипатқа ие. Адам өзі құрған заттармен, объективті әлеммен
және басқа да тұлғалармен белгілі бір қатынастарға түседі. Сондықтан да,
адамзат санасының қоғамдық табиғаты мен таным барысындағы қоғамдық
қатынастарды зерттеу қажеттілігі түсіндіріледі.
Қоғамдық қатынастар адамдар арасында тәжірибелік, танымдық және рухани
әрекеттердің нәтижесінде қалыптасады. Қоғамдық қатынастардың өзі
сипаты бойынша және құрылымы бойынша да күрделі құбылыс болып
табылады.
Қоғамдық қатынастардың құрылысы келесі құрамдас элементтерден тұрады:
1. қатынастардың субъектілері;
2. қатынастадың субъектілерінің әлеуметтік байланысы;
3. субъектілердің мінез – құлқы орын алып отырған пән, яғни қоғамдық
қатынас.
Қоғамдық қатынастардың субъектілері болып осы қатынастардың
қатысушылары, яғни жеке және заңды тұлғалар, олардың өкілдері тадылады.
Қоғамдық қатынастардың субъектілерін бөліп шығару қатынастарды анықтау
үшін қажет, себебі, әлеуметтік статус субъект енген аяны көрсетеді де,
оларды қорғайтын қылмыстық – құқықтық нормаларды дұрыс анықтауға мүмкіндік
береді. Қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастардың бір субъектісі әрқашанда
адам болып табылады.
Қатынастардың субъектілерінің әлеуметтік байланысы белгілі бір қоғамға
маңызды қызметпен сипатталынады. Қылмыстық құқықта әлеуметтік байланыс үш
аспектіде көрініс табады:
а) жеке адамдардың арасында;
ә) жеке адамдармен заңды тұлғалардың арасында;
б) қоғамдық қатыастардың пәні және субъектілерінің арасында.
Кейбір авторлардың пікірі бойынша, дәл осы жерде, қоғамдық
қатынастардың мазмұнында мүдде әлеуметтік категория ретінде, алғашында
оларды туындататын қозғаушы күш, кейінірек олардың құрамдас, мазмұнды
бөлігі ретінде көрінеді.[6]
Қоғамдық қатынастың пәні – қоғамдық қатынастың неге байланысты
туындайтыны. Қоғамдық қатынастың пәні – объектінің құрылымдық элементі.
Сонымен, қоғамдық қатынастар қылмыстың объектісі ретінде мына
элементтерді: қоғамдық қатынастардың субъектілерін; олардың әрекеттерімен
өзара қатынастарын; қоғамдық қатынастар субъектілерінің заңмен қорғалатын
материалдық, заттық мүліктік және басқа да игіліктері мен мүдделерінің
жиынтығын қамтиды.
Осыған орай, қоғамдық қатынастар дегеніміз адамдардың белгілі-бір
әлеуметтік қажеттілікке байланысты мінез-құлықтары, іс-әрекеттері мен
олардың өзара байланыстарының көріністерінің жиынтығы болып табылады.
Қоғамдық қатынастар бұл - өте күрделі және әр түрлі, жан-жақты әлеуметтік,
өз бойына бірнеше элементтердің өзара бір тұтас бірлігі қоғамдық
қатынастардың тұтастығын құрайды. Қылмыстық қол сұғушылықтың объектісі
болып табылатын қоғамдық қатынастардың маңыздылық дәрежесі де қылмыстық
заңдарды рет-ретімен орналастыру үшін аса қажет. Осы белгісіне қарай
қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің тарауларының, сондай-ақ әрбір тараудағы
қымыстардың орналасу тәртібі жүзеге асырылады.
Бірақ қоғамдық қатынастардың басты элементтері қоғам, мемлекет және
олардың қойылымы, құрылуы және олардың өкілдері; әртүрлі
бірлестіктер және адамдар үжымы, жеке тұлғалар; материалдық
әлемнің пәндері және қоғамдық қатынастар қатысушылары арасындағы
өзара байланыстары бола алады.
Қылмыстық – құқық теориясында қоғамдық қатынастардың мазмұнын құрайтын
элементтер жөнінде әр түрлі пікірлер бар. Мысалы, профессор Б.С.Никифоров
қылмыстың жалпы объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастардың құрамында
қоғамдық мүдде орын алады деп санайды.[7] Профессор Я.М.Брайнин осыған
ұқсас пікірді қорғап және қолдап қоғамдық қатынастардың суъбектілерінің
мүдделері де, қоғамдық қатынастардың элементтерінің қатарына кіреді, - деп
тұжырымдаған.[8] Профессор Е.А.Фроловтың пікірінше мүдде – қоғамдық
қатынастардың ядросы болып саналады.[9]
Сондай-ақ профессор А.В. Наумов қылмыстың объектісі қылмыстық заңмен
қорғалатын қоғамдық қатынастар деген теория әр кезде бірдей қолданылуға
жататын әмбебап теория емес, деген ұстанымды көрсеткен.[10]
Қылмыстық құқықтың теориясында объектіге қатысты басқа да көзқарастар
орын алған. Мысалы, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, қылмыстың объектісі
– “кімге қатысты қылмыс жасалынады, яғни, қылмыстық әсер етуге ұшыраған
жеке адамдар, адамдардың тобы, қылмыстық құқықпен қорғалынатын материалдық
және материалдық емес құндылықтарәсер ете отырып, осы адамдарға зиян
келтіріледі және зиян келтіру қаупі төндіріледі”, деп есептейді.[11]
Дегенмен де бұл көзқарастармен келісуге болмайды.Қылмыстың объектісінің
бұндай ұғымы заң шығарушының позициясына да, қалыпты ойлауға да қайшы
келеді. Қылмыстың объектісінің аталған түсінігі объект пен қылмыстың затын
бір жазықтықта қарастырады да, негізсіз түрде қылмыстың жәбірленушісін де
қамтиды. Яғни, объект - әруақытта адам, адамдар тобы; ал қылмыстың заты –
осы адамдардың белгілі бір материалдық және материалдық емес құндылықтары.
Бұл позиция қылмыстың объектісінің негізгі талабына – қылмыстық
қолсұғушылықтың нәтижесінде неге зиян келтірілетіндігі және зиян келтіру
қаупінің төндірілетіндігі талабына сәйкес келмейді. Сондықтан да, бұл
көзқарасты басшылыққа алатын болсақ, біз жекелеген қылмыстарды, мысалы,
диверсия мен терроризмді ажырата алмаймыз. Себебі, олардың екеуі де
көптеген адамдарға қарсы бағытталған. Сол себепті де қылмыстың объектісі
мен қылмыстың затын араластыру екеуінің де маңызын жоғалтуға әкеліп
соқтыруы мүмкін.
А.В.Наумов қылмыстың объектісі деп “өткен ғасырдағы қылмыстық құқықтың
классикалық және әлеуметтік мектептері қалыптастырған құқықтық игіліктер
деген теорияға қайта оралуымыз қажет”, деп есептейді.[12]
XIX ғасырдың ортасында қылмыстың формальді анықтамасына негізделген
қылмыстың объектісінің нормативтік теоиясы кең тараған болатын. Осы
теорияға сәйкес, қылмыс құқық нормасын бұзудың мәні, ендеше, құқықтық норма
қылмыстың объектісі, яғни қылмыстық іс – қимылдың еге бағытталғандығы.
Осыған байланысты, Н.С.Таганцев Егер де біз қылмыстан тек нормаға қол
сұғушылықты көретін болсақ, қылмыс формальді, өмірге қабілетсіз ұғымға
айналады, деп көрсеткен.[13]
Нормативтік теориядн бөлек қылмыстың объектісі ретінде субъективтік
құқықты тану теориясы да кездеседі. Қылмыс кімнің болмасын құқығына заңға
қайшы қол сұғу, яғни мемлекет бұл құқықты өмір сүрудің қажетті шарты
ретінде жазамен қорғаған.[14] Бірақ та, Н.С.Таганцевтің пікірі бойынша,
субъективтік құқыққа қол сұғу, субъективтік құқық көрсетілінген құқық
нормасына қол сұғудың мәнін емес, құралын ғана құрайды. Субъективтік
мағынадағы құқық – нақты игілік немесе мүддеде көрініс таппайынша,
қылмыстық қолсұғушыықтың тікелей объектісі бола алмайды.[15]
А. А. Пионтовский: Қылмыс объектісі дегеніміз, қоғамдық қатынастар
деп дұрыс шешім қабылдай отырып, қылмыстың
тікелей объектісін қарастыруда барлық уақыт осы тезис бойынша
жүрген жоқ.[16] Мысалы, ол: "Қылмыстық қол сұғушылықтың
объектісі қоғамдық қатынастардың өзі емес, ал олардың
элементтері бола алады", деп жазды. Қоғамдық қатынастар және
мән мен құбылыс сияқты материалистік диалектика
дәрежесі жазықтығындағы қылмыстың тікелей объектісі
ретінде қылмыс объектісі қатынастарын көрсететінін
А.А.Пионтовкийдің пайымдауымен келісуге болмайды. Мән және
құбылыс дәрежесі дегеніміз бірдей заттардың әртүрлі
жақтарын көрсететін дәреже болып табылады. Сонымен қатар, қылмыс
жасау кезінде кінәлі тікелей қоғамдық қатынастарға емес, оның
жеке құбылысының элементтеріне әсер етеді, деп Пионтовский
жағдайды реттеудегі дұрыстығын жоққа шығаруға болмайды. Қылмыс жасай
отырып, қоғамдық қатынастарға қол сұға отырып, адам барлық уақыт шығын
келтіреді, осы ықпалға түскен объектіні жояды немесе өзгертеді.
Біздің түсінігімізше, зардапсыз кұбылыс дегеннің өзі табиғатта
кездеспейді. Сондықтан да, А. Н. Трайниннің: Қоғамға шығын келтірмейтін
қылмыс болмайды, - деген шешімімен келісуге тура келеді.[17]
Қылмыс объектісі мәселесін кешенді түрде алғаш рет Б.С. Никифоров
өзінің Объект преступления по советскому угоовному праву деген
монографиясында жасап шығарған болатын. Онда өзінің тікелей құрылыстың
элементтері арқылы қылмыс объектісін зерттеуге дұрыс әдістік негіз қаланған
болатын. Нақты қоғамдық қатынастар құрылысын зерттеу еңбектің авторына оның
құрамды элементтерін бөліп шыгаруға, олардың өзара байланысын және өзара
байланыстылығын көрсетуге, осы қоғамдық қатынастарға шығын келтіру
механизмін зерттеуге және осы негізде қылмыстың тікелей объектісі туралы
мәселені шешуге, объектілердің түрлерін анықтауға және олардың өзара
қатынасын анықтауға және осы мәселенің басқа да сұрақтарын шешуге мүмкіндік
береді.
Сонымен, қоғамдық қатынастар қоғамның қоғамдық-экономикалық
формацияларына байланысты пайда болады, дамиды, жетіледі. Қоғамдық
қатынастар қылмыс заң арқылы жасалмайды, қылмыстық заң қоғамдық мүддеге сай
келетін қоғамдық қатынастардың жетілуіне, дамуына, нығаюына тікелей әсер
етеді.
Белгілі бір қылмыс жасай отырып, кез келген тұлға қоғамдық
қатынастардың белгілі бір элементтеріне қол сұғады, қатынастар
қатысушыларының мүдделеріне тікелей немесе жанама зиян келтіре отырып,
олардың өзара байланысын бұзады.
Қоғамдық катынастардың барлығы қылмыстық заңмен қорғалмайды, тек қана
заңшығарушы тарапынан құнды деп танылғандар ғана қылмыстық заңның қорғауына
алынған. Қылмыстық заңда қылмыстық қол сұғушылықтан қорғалатын маңызды
қоғамдық қатынастар шеңбері көрсетілген. Мысалы, 1959 жылғы Қазақ ССР-нің
Қылмыстық кодексінің 7 -бабында көрсетілгендей, қылмыстық заңда қоғамдық
құрылысқа, саяси және экономикалық жүйеге, жеке меншік, жеке тұлға, оның
саяси, еңбек, мүліктік және басқа құқықтары мен еркіндіктеріне, сондай-ақ
қоғамдағы құқықтық тәртіпке қол сұғатын қоғамдық қауіпті әрекет қылмыс деп
мойындалынады. Қоғамдық қатынастардың осындай маңызды салаларын қорғау
қылмыстық заңнаманың міндеті ретінде көрсетілген.
Кез келген қылмыстың объектісі қоғамдық қатынастар болады. Нақты қылмыс
объектілерінің мазмұны және құрылысы туралы, оларға қылмыстық қол сұғу жән
зиян келтіру механизмі туралы мәселелер әлі де болса толық зерттелмеген
мәселелер қатарына жатады.
Жоғарыда айтылғадарды жиақтай келе, қылмыстың объктісінің негізгі
қасиеттері мынада:
1. Қол сұғушылықтың объектісі - материалдық және
материалдық емес құндылықтар, яғни саяси, моральдық, мәдени
және басқалары бола алады. Кез келген қол
сұғушылықтың объектісі дегеніміз - сол қол сұғушылық зиян келтірген
немесе зиян келтіру қаупін төндірген, қоғамдық қатынастар болып
табылады.
2. Объект қылмыс құрамының міндетті элементтерінің бірі болып табылады,
сондықтан да объектісіз қылмыстың өзі мүмкін емес. қылмыстық заңмен қылмыс
ретінде қарастырылатын кез келген қоғамдық қауіпті әрекет белгілі бір
объектіге қол сұғады. қылмыстық қол сұғушылық кезінде объектіге зиян
келтіреді немесе зиян келтіру қаупін тудырады.
3. Объектіні дұрыс анықтау қылмыстық әрекеттің әлеуметтік және
құкықтық табиғатын анықтауға, жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік
түрлері мен шектерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен
қатар объектіні айқындау қылмыстардың ұқсас құрамдарын
бір-бірінен ажыратуға, қылмыстық әрекетті қылмыстық емес
әрекеттен ажыратуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ кез келген
әрекеттің қоғамдық дәрежесі маңызды дәрежеде қандай объект қол
сұғушылыққа ұшырап отырғандығына да байланысты болады, сондықтан да
әрекеттегі қылмыстық заңдылықта қылмыстық қаралғандай қандай да бір
әрекеттің белгілері бар, бірақ ыздылығының аздығынан қоғамдық
қауіпті болмайтын әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып саналмайды.
Объект осымен шектелмейді.[18]
4. Қылмыс объектісінің белгілері бойынша заңшығарушы
қылмыстық-кұқықтық нормаларды жүйелеу және кодификациялау сияқты
күрделі жұмысты жүргізеді.
Қылмыс объектісін қылмыстық құқықтық реттеу объектісінен ажырату керек.
Қылмыстық құқық құқықтың басқа да салалары сияқты ең алдымен құқықтық
реттеу объекті бойынша жеке сала ретінде бөлінген.[19]
5. Объектілерді ғылыми жіктеу оның мәнін тереңірек түсінуге және оның
элементтік-құқықтық байланыстылығын ұғуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар
объектінің қылмыстық зандылықтың дамуына әсерін анықтауға және практикада
қылмыстылықпен қарсы күресте қылмыстық-кұқықтық нормаларды қолдануға
мүмкіндік береді.
Сонымен, кез келген қылмыстың объектісі қоғамдық қатынастар болады деп
айта аламыз. Нақты қылмыс объектілерінің мазмұны және құрылысы туралы,
оларға қылмыстық қол сұғу жән зиян келтіру механизмі туралы мәселелер әлі
де болса толық зерттелмеген мәселелер қатарына жатады.
2. Қылмыстық құқық объектісінің түрлері
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың объектісін жете білу үшін оның
маңызын және атқаратын рөлін, қызметін түгел ашу мақсатымен, қылмыстың
объектісін “тігінен”және “көлденеңінен” бөлу қағидасы қалыптасқан.
Кеңестік дәуірдегі қылмыстық құқықта қылмыс объектілерін жалпы,
топтық және тікелей деп жіктеу кең тараған.
Жалпы объект – барлық және әрбір қылмыстардың объектісі. Жалпы объект
қылмыстық заңдылықтар қорғауына қойылған қоғамдық қатынастар жиынтығын ғана
құрайды. Бұл жиынтыққа әртүрлі қатынастар (мемлекеттердің бейбіт өмір
сүруі, мемлекеттердің экономикалық және саяси негіздері) кіреді. Демек,
жалпы объектіге белгілі дәрежеде өздерінің әлеуметтік байланыстылығы,
жинақталу дәрежесі бойынша өзара ерекшеленетін әртүрлі қоғамдық қатынастар
кіреді. Мысалы, қандай қылмыс болмасын, әйелді зорлау немесе шпионаж,
қатынастар жиынтығы, қылмыстық заңмен қорғалады. Қылмыстың жалпы объектісі
қылмыстың таптық табиғатын және әлеуметтік-саяси мәнін анықтауда, олардың
қоғамдық қауіптілік дәрежесін анықтауда, қылмыстық емес қоғамдық қауіпті
әрекеттерден шектеуде үлкен маңызға ие болады. Жалпы объект - әрбір қылмыс
қандай да болмасын бір бөлігіне қол сұғатын тұтас ұғым. Қылмыстың жалпы
объектісі қоғам мен мемлекет құнды деп есептеген игіліктер, мүдде,
құндылықтар туралы тұтас көріністі береді.
Типтік немесе топтық объект дегеніміз өзара байланысты қылмыстық-
құқықтық нормалардың бірыңғай жиынтығымен қорғалуға тиісті болған,
өздерінің әлеуметтік-саяси және экономикалық мәндері бойынша ұқсас белгілі
бір қоғамдық қатынастардың шеңберін қамтиды. Сонымен, типтік объект
қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастардың орташа дәрежесін
көрсетеді. Қылмыстың типтік объектісінің маңызы, қылмыс үшін
жауапкершілікті белгілейтін барлық қылмыстық-құқықтық нормалар мен
қылмыстарды жіктеуді жүргізуге мүмкіндік береді. Қылмыстың типтік
объектісінің осы қасиеті қазіргі қылмыстық кодексті құру кезінде негізге
алынған болып, ол заңшығарушыға ұқсас немесе бірдей қоғамдық
қатынастарға қол сұғушылық үшін жауапкершілікті белгілейтін
нормаларды Қылмыстық кодекстің бір тарауына толық біріктіруге мүмкіндік
берді.[20]
Сонымен қатар, топтық объектіні анықтау, мемлекет пен қоғамның мүддесі
үшін, олар біріктіретін қоғамдық қатынастардың маңызын анықтайды. Мұның өзі
өз кезегінде қылмыстық қол сұғушылықтың дәрежесі мен сипатын, болған немесе
болуы мүмкін қоғамдық қауіпті зардаптардың дәрежесін анықтайды. Осы
жағдайлардың барлығын дұрыс анықтау қоғамдық қатынастарды қорғаудағы
қылмыстық құқықтың әлеуметтік рөлін ашып береді.2
Топтық объект қылмыс объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастардың
әртүрлі топтарының сипатын және әлеуметтік бағыныштылығын бейнелейтін
болғандықтан, оның аталған ерекшеліктері Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөлімінде жеке тарауларды орналастыруда пайдаланылады.
Осы жағдайларды есепке ала отырып, қазіргі Қылмыстық кодексте бірінші
орынға Жеке адамға қарсы қылмыстар орналастырылған. Көптеген жағдайларда
заңшығарушының өзі белгілі бір әдіспен қылмыстың топтық объектісін
анықтайды.
Құқықтық шығармашылық және құқық қолданатын қызметтер үшін қылмыстың
тікелей объектісі мәнді маңызға ие, тікелей объект дегенге заңшығарушының
белгілі бір қылмыстық заңның қорғауына қойған және осы құрамның белгілеріне
жататын қылмысқа зиян келтірілетін нақты қоғамдық қатынастарды атаймыз.
Демек, тікелей, жалпы және топтық объектілер қандай да бір құндылықтар
емес, тек қана қоғамдық қатынастар бола алады. Сондықтан да, қылмыс
объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастарды басқа әлеуметтік
құбылыстармен ауыстыруға қоғамдық қатынастардың элементтері, олардың
материалдық көріністері жатады. Біздің қандай дәрежеде қарастыруымызға
қарамастан, қылмыс объектісі - қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастар
болып табылады. Бұл жерден келіп шығатын қорытынды, тікелей объект ретінде
заңшығарушы белгілі қылмыстық заңның қорғауына қойған нақты қоғамдық
қатынастар ғана бола алады. Сондықтан да, қоғамдық қатынастар мемлекет пен
қоғамның мүддесі үшін қандай маңызға ие болуына қарамастан, олар осы
қатынастарға қоғамдық қауіпті қол сұғушылық үшін қылмыстық жауапкершілік
белгілейтін заңнама қабылдау жолымен заңшығарушы қорғауға алмас объект
болып табылмайды.
Көптеген жағдайларда қылмыстық занда нақты қылмыстың тікелей
объектісіне байланысты белгілер болмайды, мұны анықтау үшін белгілі бір
қылмыс құрамын әлеуметтік-саяси және заңды талдау қажет. Мысалы, су
қоймаларының ластануы сияқты қылмысты әлеуметтік- саяси талдау, адам мен
табиғат арасындағы байланыс саласының бүкіл жиынтығын қамтитын қоғамдық
қатынастардың дербес тобын құрайтын табиғатты қорғау қатынастарына
қолсұғушылық деп шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл қылмыстың тікелей
объектісі - адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, су ресурстарын
шаруашылықта толық пайдалануға қажетті су объектілерінің тазалығын
қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Бұл жерде тікелей
объектіні анықтай отырып, бұл қылмыстың топтық объектісі халықтың
денсаулығы емес, қылмыстық заң арқылы табиғатты қорғайтын қатынастар болады
деп айта аламыз.[21]
Қылмыстың тікелей объектісі қылмыс құрамының міндетті элементі ретінде,
заңшығарушы белгілі бір қылмыстық заңның қорғауына қойған қоғамдық
қатынастардың түрі болып табылады. Сондықтан да, қылмыстың тікелей
объектісінен басқа, қылмыстық ықпал объектісін шығару заңды. Бұл шешім
қылмыс объектісін жіктеу кезіндегі қателіктерді жойып қана қоймайды,
сонымен қатар нақты қылмыс құрамының объектісі қандай қатынаста болады
деген теориялық және практикалық сұраққа дұрыс жауап береді. Қылмыстың
тікелей объектісін анықтау жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік сипаты
мен дәрежесін анықтауда, жасалған қылмысты жіктеуде үлкен маңызға ие.
Көптеген жағдайларда қылмыс объектісі ұқсас қылмыстар арасында шектеу
жүргізуге мүмкіндік береді, себебі тек қана қылмыс объектісі басқаға емес,
тек қана осы қылмысқа тиісті құрамның элементі болып келеді.[22]
Кей жағдайларда қылмыстың тікелей ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz