Мелекет нысанының түрлеріне сипаттама



Жоспар:
Кіріспе

I. ТАРАУ МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ ҰҢЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ.7
1.1. Мемлекеттің нысаны туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2 .Мемлекеттің нысанының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3. Шетелдердегі мемлекеттік басқару нысанының ерекшілігі ... ... 13

II. ТАРАУ МЕЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ ТҮРЛЕРІНЕ СИПАТТАМА ... ... ...
2.1. Мемлекеттік басқару нысаны ... ... ... ...20
2.2. Мемлекеттік құрылым нысандары ... ... ... ... ...21

III. ТАРАУ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 3.1. Егемен Қазақстанның саяси проблемалары Корытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

I. ТАРАУ МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ ҰҢЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ.7
1.1. Мемлекеттің нысаны туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2 .Мемлекеттің нысанының
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... .. ...10
1.3. Шетелдердегі мемлекеттік басқару нысанының
ерекшілігі ... ... 13

II. ТАРАУ МЕЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ ТҮРЛЕРІНЕ СИПАТТАМА ... ... ...
2.1. Мемлекеттік басқару нысаны ... ... ... ...20
2.2. Мемлекеттік құрылым нысандары ... ... ... ... ...21
2.3. Мемлекеттің саяси режимі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Корытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .29

1. Мемлекеттің нысаны туралы түсінік

Мемлекет нысаны – бұл басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан
және саяси режим нысанынан тұратын қоғамның құрылымдық ұйымы.

Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрамы, құрылу
тәртібі және өкілеттіліктерінің арақатынасы.Басқару нысаны мынадай негізгі
түрлерге бөлінеді: монархия және республика. Монархия – бұл тақ ұрпақтан
ұрпаққа мұрагерлік жолмен берілетін, жоғарғы мемлекеттік билік бір адамның
– монархтың қолында болатын басқару нысаны. Монархиялар шексіз – бұнда
монарх бірден бір мемлекеттік билік органы болып табылады, және шектеулі –
бұнда жоғарғы билік өкілеттіліктері монархпен және қандай – да бір
монархтың билігін шектейтін басқа органның арасында бөлінген, болып
бөлінеді. Шектеулі монархиялар өз кезегінде өкілді (дуалистік), бұл кезде
монархта атқарушы билік, үкіметті құру құқығы, олардың алдында жауапты
министрлерді тағайындау және ығыстыру құқығы, вето құқығы және парламетті
шектеусіз тарату құқығы қалдырылған, және парламентарлық, бұнда монархтық
құқықтық жағдайы біршама шектелген, өйткені мемлекет басшысы тағайындаған
министрлер парламенттің сенім вотумына тәуелді болады, монархтың заңмен
қарастырылған жағдайда ғана кідіртушілікті қажет етпейтін вето құқығы,
парламентті тарату құқығы ғана қалдырылады, болып бөлінеді. Республика –
бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарға
берілгенн және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны. Жоғарғы
мемлекеттік билік органдарын сайлауға қатысу құқығы берілген тұрғындардың
топтарына байланысты барлық республикалар ақсүйектік, автократтық және
демократиялық болып бөлінеді.

Демократиялық республикалар өз кезегінде мынадай болып бөлінеді:1)
парламенттік, бұнда саяси өмірде шешуші рөл басында премьер –министр
болатын парламент құрған үкіметке тиесілі болады; 2) президенттік, бұнда
сайланған мемлекет басшысы, сонымен біруақытта үкіметтің басшысын
тағайындайтын және үкіметті тарататын үкімет басшысы болады.; 3) аралас,
бұнда үкіметті президент пен парламент біріге отырып құрады. ҚР
президенттік басқару нысандағы мемлекет болып табылады.

1.1 Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары.

Мемлекеттік аппарат – бұл қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет
органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын
және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат
мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі
ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен
қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен
құқықтарын қорғау үшін құрылады 1, 48б..

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы Заңының 2-бабында:
Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың
аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік
басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын
іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет делінген 2, 3б..

Мемлекеттік аппаратың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы
қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси
қарым-қатынастар, сана-сезім құрайды. Осы жүйеде әрбір органның өзінің
орны, бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі принциптері
көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын
қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл
аппаратты бір орталыққа бағындыратын – патшаның билігі орнаған Парламенттік
республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады.
Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады:
бюрократизация, дифференция, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір
типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік
қызмет – конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік
органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік
міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі 1,
48б..

Әдетте заң әдебиеттерінде мемлекеттік аппарат және мемлекет механизмі
түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекеттік аппарат – бұл
мемлекеттің басқарушылық қамтамасыз етушілік және қорғаушылық функцияларын
іске асыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың,
мекемелер мен ұйымдардың біртұтас, иерархиялық жүйесі 3, 5б..

Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің
барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз
етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.

Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық
механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес, мемлекеттік
аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:

1) тікелей басқарушылық – бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен,
тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;

2) құқықтық нысандар – бұл құқықтық заңды сипаттағы қызмет
түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және
мемлекеттік міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің
негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:

а) құқықшығармашылық қызмет – бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға,
оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;

б) құқыққолданушы қызмет – бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен
байланысты қызмет;

в) құқыққорғаушы қызмет – бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және
қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т.б.
байланысты қызмет 3, 22б..

Осы жерде мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттағы белгілеріне тоқталып
өтелік.

Біріншіден, мемлекеттік аппарат арнайы басқарумен шұғылданатын адамдардан
тұрады (заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан қорғайды).

Екіншіден, мемлекеттік аппарат органдардың және мекемелердің қиын жүйесі,
өздерінің негізгі билік қызметтерін іске асыруға тығыз байланыста болады.

Үшіншіден, мемлекеттік аппарат бөліктерінің барлық қызметтері ұйымдастыру
және қаржы құралдарымен қамтамасыз етіледі 4, 69б..

1.2. Шетелдердегі мемлекеттік басқару нысанының ерекшеліктері.

Шетелдердегі мемлекеттік басқару нысанының ерекшеліктері.
Дүние жүзінде басқару нысанының екі нысаны бар. Олар монархия және
республика.
Монархия — елді мемлекеттік заңды басқару нысаныды тек бір адамның жүзеге
асыратынын, оның мемлекеттік жоғары лауазымды тек мүрагерлік төртіппен
иеленгендігін білдіреді.
Монархия абсолютті және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолютті
монархияға барлық мемлекеттік биліктің моңарх колына топтасуы тән. Қазіргі
кезде абсолютті монархия, мысалы, Сауд Арабиясы корольдігінде (мемлекет
басшысы және рухани көсем — король), Оман сұлтандығында (мемлекет басшысы —
сұлтан), Ватиқанда (Мемлекет — Қала Ватиканда заң шығарушылық және сот
билігі папа қолында болады. Оны кардиналдар коллегиясы өкілдікке сайлайды).
Конституциялық монархия екі түрге бөлінеді: дуалистік және парламенттік.
Дуалистік монархияда екі саяси ұйым — феодальдық монархия мен буржуазиялық
парламенттің болуы тән. Монарх үкіметті тағайындайды (парламент тек король
алдында жауап береді). Парламенттің заң шығарушылық өкілеттігі монарх
тарапынан шектелген, өйткені жоғарғы палатаны монархтың өзі тағайындайды,
әрі ол тыйым салу құқығына да, парламентті тарату құқығына да және т.б. ие.
Дуалистік монархия Иорданияда (Иордания Хашимиттер корольдігі, мемлекет
басшысы — король).
Кувейтте (Кувейт мемлекеті, мемлекет басшысы — өмір, ол билеуші Сабахтар
әулеті мүшелерінен сайланады), Тайландта (Тайланд корольдігі, мемлекет
басшысы — король) жене тағы басқа елдердебар.
Парламевттік монархия. Парламентгік монархияда монарх билігі заң
шығарушылық процесінде болсын, мемлекет басқару нысаны ісін жүзеге асыруда
болсын шектеулі болады. Өйткені, үкімет парламенттік жолмен құрылады әрі
өзінің қызметі жөнінде тек парламент алдында жауап береді. Ал, парламент
үкіметке сенімсіздік көрсеткенде үкімет отставкаға кетеді не болмаса
парламент таратылады. Мұндай жағдайда үкімет кезектен тыс парламентгік
сайлау өткізуді белгілейді. Парламентгік монархияның дуалистік монархиямен
салыстырғанда басқа да өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жайында біздің
ойымызша, белгілі бір елдің мемлекеттік тәжірибесін оқып-зерттеу барысында
ғана нақты пікірлер айтуға болады. Қазіргі кезде осындай басқару нысаны
түрі дүние жүзі елдері ішінде, мысалы, Англияда (Ұлыбритания мен Солтүстік
Ирландияның Біріккен корольдігі, мұндағы ресми мемлекет басшысы—королева),
Бельгияда (Бельгия корольдігі, мемлекет басшысы — король), Данияда (Дания
корольдігі, мемлекет басшысы — монарх. 1972 жылы қаңтарда ғана Маргрега II
мемлекет басшысы болып сайланды), Испанияда (бұл елде парламенттік мұралық
монархия, мемлекет басшысы — король), Норвегияда (Норвегия корольдігі,
мемлекет басшысы — король), Канадада (мемлекет басшысы Ұлыбритания
королевасы деп нақты қөрсетілген, ол генерал губернаторды өзі
тағайындайды), Жапонияда (мемлекет пен халық бірлігі ныша-ны — император),
Люксембургте (Люксембург ұлы Герцоттығы, мемлекет басшысы — ұлы герцог)
орныққан.
Республика — бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыратын негізінен халық болып
табылатын басқару нысаны нысаны. Республикалық басқару нысаны негізінен екі
түрге бөлінеді: президенттік және парламенттік.
Президенттік республиканың басты сипаты — президент қолына мемлекет
басшысы мен атқару билігінің басшысы өкілеттіктері шошрланады (мысалы,
Аргентина, Боливия, АҚШ, Өзбекстан).
Президенттік республиканың алғашқы тарихи әрі үлгілі түрі
АҚШ болып табылады. Бұл елде президенттік институт 1787 жылғы Конституция
негізінде енгізілген. АҚШ-тың мемлекеттік билігі тыйым салу мен қарама-
қайшылық принципі негізінде құрылған. Бұл тыйым салу мен қарама-қайшылық
принципі АҚШ конституциясының жобасын жасаушы авторлардың бірі Дж.
Мэдисонға тиесілі. Ешбір уақыт ықпалына түспеген бұл идея мемлекет басқару
нысаны ісіндегі бірден-бір сәтті қадам болды. Заң шығарушы, атқарушы және
сот биліктері біріне-бірі тәуелсіз, бірақ әрі өзара байланысты болып,
әрбірі жеке алғанда қалған екеуімен шектеліп отыратын еді. "Бірінің ниетіне
екінші бірі қарсы тұратын ниетті құруымыз кажет", — деп Мэдисон текке
айтпаған. Міне, осы қанатты сөз әлі АҚШ саясаты мен саясаттануында альфа
мен омега (яғни басаяғы) болып отыр. Мэдисон тыйым салу мен қарама-қайшылық
жүйесіне мемлекеттарапынан қиянат етушілікті болдырмайынша тетік енгізе
білді. Сөйтіп тәуелсіз халықты өкіметтен "ажыратып" әрі өкіметтің де
төменнен жасалған қысымға қатты бағынышты болмауы жағын да қарастыратын
реттерді ойластырды.
Тыйым салу мен қарама-қайшылық принципі төмендегідей 6 негізгі ережелерден
тұрады:
1.Барлық штаттар тең құқыққа ие болады. Жалпы халыктық үкімет бұлардың
бірде-біреуіне арнайы жеңілдіктер бере алмайды.
2. басқару нысанының үш органы жүзеге асады. Олардың бірі — заңдар шығару
үшін, екіншісі — оны орындау үшін, ал үшіншісі — құқықтық мәселелерді шешу
үшін құрылады.
3. Заң алдында барлық азаматтар тең, бай да, кедей де, әлеуметтік
дәрежесіне қарамай, өз құқықтарының заңмен қорғалуын талап ете алады.
4. Үкімет адамдардың емес, заң өкіметі болуы тиіс. Заңнан жоғары ешкім де,
ешнәрсе де жоқ. Бірде-бір өкімет қызметкерінің билікті конституция немесе
занда рұқсат етілгеннен өзге жағдайда пайдалануына болмайды.
5. Халық конституцияны өзгерте отырып, үкімет билігін өзгерте алады.
6. АҚШ аумағында АҚШ-тың конституциясы, конгресс заңдары мен келісім-
шарттары ең жоғары зандар болып табылады.
Парламенттік республикада ең алдымен мемлекеттік биліктің жоғары органдары
жүйесінде парламенттің үстемдік ету сипаты
басқару нысаныдың аралас нысандары. басқару нысаныдың мұндай нысанында
парламенттік те және президенттік республиканың да белгілері болады.
Осындай басқару нысаны нысанына ие Франция Республикасы. Бұл елдің
Конституциясына сәйкес елдің жоғары лауазымды басшысы Президент. Францияда
1962 жылы Президентке тікелей сайлау енгізілген. Мемлекет басшысы тарапынан
үкімет құрылады әрі ел тек президент алдында ғана жауап береді. Президент
өкіметті басқару нысаныды жүзеге асырады; Премьер-министр тек министрлер
кеңесі қарайтын құжаттарды даярлауды қамтамасыз етеді.
Сол секілді басқару нысаныдың басқа да аралас нысандары кездеседі. Мысалы,
монархия және республика элементтерінің аралас түрі. Малайзия мемлекеті
басшысы — монарх 9 штаттан, сұлтандар арасынан 5 жылға (Малайзия
федерациясында 13 штат бар, оның 9-ын мүрагерлік жолмен сұлтандар
басқарады. Бұл елдегі монархтың ресми аталуы: Янгди-Петруан Агонг)
сайланады. Монарх Парламент алдында жауапты премьер-министр мен
министрлерді тағайындайды, Парламент екі палатадан: өкілдік палатасы (177
депутат) және сенаттан (58 мүшеден) тұрады. Өкілдік палатасына депутатгар
тұрғандар тарапынан, ал сенаторлардың 26-сы (әр тараптан 2 адамнан) сайлау
жолымен сайланады, ал қалғандарын мемлекет басшысы тағайындайды. Монахтың
парламентті таратуға не өзі отставкаға кетуіне құқы бар.
Мемлекеттік құрылым нысандары негізінең екі түрде: унитарлық (біртұтас)
және федерртивтік (құрама) болады.
Унитарлық мемлекеттер қатарына: Бельгия, Греция, Эстония, Қырғызстан
Республикасы, Түркменстан, Украина, Армения, Жапония, Польша, т.б. жатады.
Унитарлық елдер төмендегі негізгі сипаттарымен ерекшеленеді: конституция
бірлігі; мемлекеттік биліктің жоғары органдарының бірыңғай жүйесі;
азаматтық бірлігі; құқықтық жүйе бірлігі; сот жүйесінің бірлігі;
мемлекеттік рәміздерінің бірлігі; унитарлық мемлекет аумағы тәуелсіз
мемлекет сипаттарына ие емес әкімшілік-аумақтық жеке бірліктерге
(жергілікті басқару нысаны органдары мемлекеттің орталық органдарына
бағындырылған) бөлінеді.
Сол секілді басқа да унитарлық мемлекеттер (Ұлыбритания, Испания, Италия,
Дания, Финляндия) бар. Олардың мемлекеттік құрылымы елінің кейбір
аумақтарында автономиялы әкімшіліктері болуымен ерекшеленеді. Атап
айтқанда, Ұлыбритания құрамына Шотландия мен Солтүстік Ирландия енеді, олар
шектеулі автономиялық құқықтарды пайдаланады. Шотландия өзіне керегінде
өзінің құқықтық және соттық жүйесіне өзі ие әрі өз шіркеуі бар. Ал,
Солтүстік Ирландияға аумақтық жартылай автономиялы құқық берілген, ол
өзінің екі палатадан: кауымдық палата (52 мүшесі бар, олар 5 жыл мерзімге
тікелей дауыс беру арқылы сайланады) және сенаттан (қауымдық палата
сайлайтын 26 мүшеден), кабинеттен (премьерминистр бастаған 8 министр)
тұрады. Солтүстік Ирландияда атқарушы билікті губернатор атқарады.

1.3. Мемлекеттік құрылым нысаны

Мемлекеттік құрылым нысаны – тұтастай мемлекет пен оның бөлшектерінің
белгілі түрдегі құқықтық қатынастарын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық
ұйымдастырылуы. Мемлекет пен құқық теориясы мемлекеттің аумақтық
құрылымының бірнеше түрін көрсетеді :

- біртұтас мемлекет

- федерация

- конфедерация

Мемлекет нысанының соңғы элементі – саяси режим. Ол басқару және
мемлекеттік құрылым нысандары сияқты мемлекеттің мәндік-мазмұндық жағы
көрінетін, мемлекет құрылымын және оның басқа да сыртқы жағын сипаттайтын
жиынтық түсінік ретіндегі мемлекет нысанының бір компоненті болып табылады.
Мемлекеттің билік ету әдістерін зерттей отырып, жеке тұлғаның нақты
мәртебесі туралы және мемлекеттегі басқа субьектілердің қарым-қатынасы,
олардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдік және қамтамасыз етілушілік
деңгейі туралы түсінік алуымызға болады.

Тар ауқымдағы анықтамасы: мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдері мен
әдістерінің жиынтығы, оның мазмұндық қасиеті.

Кең ауқымдағы анықтамасы: демократиялық, құқықтық мемлекетте жеке тұлғаның
саяси бостандықтарының кепілдік дәрежесі, ресми конституциялық және
құқықтық үлгілерінің саяси жағдайларға сәйкес келу дәрежесі, билік
органдарының мемлекет және қоғамдық өмірдің құқықтық негіздеріне
қатынасының сипаты. Саяси режим демократиялық және демократияға қарсы
болып екі түрге бөлінеді. Демократиялық режим – халықтың басқаруға
қатысуына, барлық адамдардың теңдігі мен бостандығы қағидасын тануға
негізделген либералдық режимнің бір түрі. Демократияға қарсы режим
авторитарлық және тоталитарлық режимдерге бөлінеді. Авторитарлық режим –
халықтың аздаған мөлшерде қатысуымен бір адамның бақылаусыз толық билік
жүргізуін білдіретін қоғамның мемлекеттік-саяси құрылымы.

1.4. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны

Азаматтық қоғам және саяси жүйе. Билік және оның көрінісі. Қоғам өзара
әрекеттестікте болатын әр түрлі саяси, әлеуметтік, экономикалық,
идеологиялық, құқықтық жүйелер жиынтығы ретінде. Қоғамның саяси жүйесі –
құқық және өзге де әлеуметтік нормалар негізінде тәртіпке келтірілген,
белгілі бір елдің саяси өмірін қамтамасыз ететін және саяси билікті жүзеге
асыратын мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы.

Саяси жүйе түсінігі саяси процесстердің қалай реттелетіндігін, саяси
биліктің қалай қалыптасатындығын және қызмет ететіндігін көрсетеді. Бұл
саяси әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың механизмі. Билік және оған
қатынас әртүрлі әлеуметтік институттардың саяси функциясын сипаттайды.
Билік, егеменділік, тұлға бостандығы тәріздес қоғам өмірінің аймағы
көптеген адамдардың мүддесін қозғайды да, саяси аймаққа айналады. Осы тұста
кешенді алынған адамдардың үлкен тобының билікті, егемендікті, тұлға
бостандығын қамтамасыз етуді, өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруды жеңіп алу,
ұстап тұру және пайдалану барысы бойынша қатынасы саяси сипатқа ауысады.

Қоғамның саяси жүйесі мынандай қызмет атқарады:

1) қоғам дамуының мақсатын, міндетін және жолдарын анықтау;

2) осы мақсат, міндеттерге жету үшін қажетті құралдар мен ресурстарды
топтастыру;

3) қоғамды жақындастыру, оның құрылымының әртүрлі элементтерінің өзара
әрекеттестігі үшін қажетті шарттарды жасау;

4) мемлекеттік билікті легитимдендіру, яғни шынайы саяси өмірді ресми саяси
және құқықтық нормаларға сәйкестендірудің жоғарғы деңгейіне жеткізу;

5) қоғамдық-саяси әрекет режимдерін реттеу.

Саяси жүйелерді әр түрлі негізде топтастыруға болады. Оның пайда болуының
әлеуметтік ортасына қарай тоталитарлық және либералды-демократиялық саяси
жүйелер танылады, осы сипатына байланысты аралас (конвергенциялық) түрлері
де кездеседі. ¤зара әрекеттестік сипатына байланысты ашық және жабық саяси
жүйелер анықталған.

Қоғамның кез келген жүйесі, соның ішінде саяси жүйе өзара әрекеттестікте
болатын көптеген элементтерден құралады. Құрамдас бөліктердің өзара бірлігі
жаңа сапа тудырады. Саяси жүйенің құрылымы деп оның элементтері мен олардың
арасындағы байланысты айтамыз. Саяси жүйенің келесі компоненттері танылған:

1) қоғамның саяси ұйымы, оған мемлекет, саяси партиялар және қозғалыстар,
қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары және т.б. жатады.

2) саяси сана, саяси билік саяси жүйенің психологиялық және идеологиялық
жақтарын сипаттайды.

3) қоғамның саяси өмірін және саяси билікті іске асыру үрдісін реттейтін
әлеуметтік-саяси және құқықтық нормалар.

4) саяси билікке қатысты жүйе элементтерінің арасында қалыптасатын саяси
қатынастар.

5) саяси практика тәжірибе, ол саяси әрекет пен жинақталған саяси
тәжірибеден құралады.

Осы жерде саяси жүйенің субъектілеріне де тоқтала кетуге болады. Оларды екі
деңгейде ажыратып қарастырсақ, институционалдық деңгейде субъектілер
құрамына парламент, президент, үкімет, кәсіподақтар және т.б. кіреді де,
функционалдық деңгейде оның қатарына шіркеу, армия, оппозиция және т.б.
жатады.

Саяси жүйенің құрамына тікелей немесе жанама түрде белгілі бір саяси
функцияларды атқаратын немесе өзінің қоғамдық роліне байланысты қоғамның
әлеуметтік мақсаты мен идеалын қалыптастырушы әлеуметтік институттар
кіреді. Саясатпен тікелей айналысатын әлеуметтік институттарға мемлекет пен
саяси партиялар кіреді. Қоғамдық қозғалыстар, еңбек ұжымдары, кәсіподақтар,
шығармашылық одақтар, жастар ұйымдары, спорттық ұйымдар және т.б. саясатпен
жанама түрде айналысатын әлеуметтік институттарды құрайды.

Мемлекет және қоғамның саяси жүйесі түсініктері бөлшек пен тұтас
категориялар ретінде арақатынаста болады. Мемлекет саяси өмір құбылыстарын
жалпы міндеттілік өлшемі арқылы өткізіп, өз бойына саяси мүдделердің
көпшілігін шоғырландырады. Міне осы тұрғыдан мемлекет саяси жүйеде ерекше
роль атқарады, оған тұтастық пен тұрақтылық береді. Ол қоғам ресурстарын
пайдалана және оның өмір сүруін ретке келтіре отырып, басқару бойынша
әрекеттердің басым бөлігін атқарады.

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде орталық, жетекші орын алады. Себебі:

- Мемлекет өзінің аумақтық шекарасы көлемінде азаматтық
белгісі бойынша біріккен бүкіл халықтың бірден-бір ресми өкілі ретінде
көрінеді.

- егеменділіктің бірден-бір иегері болып табылады.

- қоғамды басқаруға арналған арнаулы аппаратқа (көпшілік
билігі) ие.

- күштеу құрылымдары болады (қарулы күштер, милиция-
полиция, қауіпсіздік органдары және т.б.)

- көбінесе құқықшығармашылық монополиясына ие болады.

- материалдық құндылықтар жиынтығын иемдене алады
(мемлекеттік меншік, бюджет,валюта және т.б.)

Саяси жүйеде қоғамның саяси өмірінің маңызды әлеуметтік институты саяси
партиялар расында үлкен роль атқарады. Саяси партиялар - өздерінің негізгі
мүдделерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік билікті жеңіп алу, ұстап тұру және
пайдалану мақсатын көздейтін идеологиялық және ұйымдық біріккен адамдардың
ерікті қауымдастығы. Партияларды парламенттік - билікті демократиялық
жолдармен, парламент жұмысына қатысу арқылы жеңіп алуды мақсат ететін және
билікті күшпен басып алуды, қоғамдық құрылымды күштеп өзгерту міндетін
қоятын партиялар деп ажыратуға болады. Мемлекет ісіне қатысуына байланысты
парламенттік партиялармен қатар, басқарушы партияларды – билікті жеңіп
алған және жүзеге асырып отырғандарды да атауға болады. Бағдарламалары мен
әрекетінің әлеуметтік бағытталғандығына байланысты саяси партиялар социал-
демократиялық, либералды-демократиялық, коммунистік, таптық, ұлттық,
нәсілдік, фашистік, діни болып жіктеледі. Әрекетінің идеалдық негізіне
байланысты доктриналдық (өз идеологиясын қорғауға бағытталған),
прагматикалық және харизматикалық болып бөлінеді. Саяси спектрдегі орнына
байланысты – солшыл, оңшыл және орталықшыл түрінде танылады.

Саяси жүйелер бірпартиялық және көппартиялық (плюралистік) болып та
жіктеледі. Қазақстан Республикасы кеңестік дәуірдегі бірпартиялық жүйеден
бас тартқалы бері, елімізде қабылданып жатқан нормативті-құқықтық актілерге
сүйене отырып, әр түрлі саяси партиялар құрылып әрекет етуде. Оның құқықтық
базасын ҚР Конституциясы, ҚР заңы Саяси партиялар туралы, ҚР Қоғамдық
бірлестіктер туралы заңдары құрайды.

Қоғамдық саяси қозғалыстар – азаматтардың белгілі бір әлеуметтік тобының
мүддесін көздеуге және маңызды саяси мақсатқа жетуге бағытталған қоғамның
барынша белсенді тобы. Қоғамдық қозғалыстардың саяси партиялардан
айырмашылығы:

- қозғалыстар тек бір саяси тұжырымды қолдайды және бір
ірі мәселені шешуді мақсат етіп қояды (Семей полигонын жабу);

- қозғалыс билікке таласпайды, оған ықпал ету арқылы өз
мәселесін шешуге бағыттайды;

- қоғамдық-саяси қозғалыста формальды ішкі иерархия, нақты
анықталған тұрақты мүшелік және тиісті құжаттар (бағдарлама,жарғы)
болмайды.

Қоғамдық - саяси қозғалыстарды да саяси партиялар тәрізді әр түрлі негіздер
бойынша жіктеуге болады: әрекет ету аймағына байланысты – әлеуметтік-саяси,
этносаяси, конфессионалдық, экономикалық, экологиялық, ғылыми және т.б.;
қатысушыларының санына байланысты – бұқаралық, элитарлық; әрекет ету
аумағына байланысты – жергілікті, аймақтық, республикалық, мемлекетаралық;
әлеуметтік құрамына байланысты – кәсіби, әйелдер ұйымы, жастар одағы және
т.б.; ұйымдасу тәсіліне байланысты – фронт, ассоциация, бірлестік, одақ,
ұйым және т.б. деп бөлуге болады.

Саяси жүйелер тарихында мемлекет пен дін қатынасы туралы мәселе ерекше
орнымен танылған. Тарих теократиялық (діни) және зиялы, жаугер-атеистік
және конфессиялық-плюралистік мемлекеттермен, соған сәйкес саяси жүйелермен
таныс.

Жалпы айтқанда, діни ұйымдар көптеген қоғамда саяси жүйенің маңызды
элементтерінің бірі ретінде (либералды-демократиялық саяси жүйелерде бұл
жоққа шығарылса да) танылып отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының
нормаларына, Қазақстан Республикасы Діни сенім бостандығы және діни
бірлестіктер туралы 1992 жылдың 15 қаңтарында қабылданған заңына сәйкес
еліміз зайырлы мемлекет ретінде танылып, ондағы діни ұйымдар мен
мемлекеттің ара қатынасы анықталған.

.

Мемлекет мәні – оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін, яғни билік және оның
тиесілік мәселелерін анықтайтын басты ерекшелік. Мемлекет мәнін қарастыру
барысында оның екі жағына назар аудару қажет. Біріншіден, әрбір мемлекет
саяси билікті ұйымдастырушы болып табылады. Бұл мемлекет Мемлекет мәні мен
функциялары, тектері мәнінің формалды жағы көрсетеді. Екіншіден, бұл ұйым
кімнің мүддесіне қызмет ететіндігін анықтау қажет, бұл оның мәндік жағын
білдіреді.

Мемлекет теориясында аталған екі негізгі: таптық және жалпы әлеуметтік
қөзқараспен қатар, мемлекет мәнін анықтаудың діни, ұлттық және нәсілдік
көзқарастары да танылған. Басқаша айтқанда, мемлекет мәні көпжақты.

Мемлекет мәнін анықтайтын теориялар:

- элита теориясы;

- технократиялық теория;

- плюралистік демократия теориясы.

Мемлекет функциясы – қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі мемлекеттің
әлеуметтік мәні мен маңызын, рөлін көрсететін оның әрекетінің басты
бағыттары. Мемлекет функциясы әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Кеңестік
ғылымда мемлекет функциясын ішкі және сыртқы қызмет деп бөле қарастырған.
Ішкі қызмет елдің өз ішінде жүзеге асырылады және саяси билікті іске
асырумен байланысты; сыртқы қызмет - мемлекеттің өзге елдермен қарым-
қатынасын қамтиды. Бұл жерде айта кететін мәселе, мемлекет функциясын ішкі
және сыртқы деп бөлудің шарттылығы. Қазіргі кезеңде кез келген мемлекетпен
жүзеге асырылатын мемлекет функциясын төрт топқа жіктеу танылған:

- мемлекеттің экономикалық функциясы. Оған экономиканың дұрыс қызмет етуін
және дамуын әртүрлі шаралардың (елдегі меншік нысандарын қорғау, сыртқы
экономикалық байланыстарды ұйымдастыру және нығайту...) көмегімен
қамтамасыз ету жатады.

- саяси қызмет. Бұған мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ
әлеуметтік және ұлттық келісімді қамтамасыз ету, өзара күресуші әлеуметтік
күштердің қарсылығын басу, ел егемендігін ішкі және сыртқы күштердің қол
сұғушылығынан қорғау мәселелерін шешу жатады.

- мемлекеттің әлеуметтік функциясы. Мемлекет тұрғындарының құқықтары мен
бостандықтарын қорғау, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін
қанағаттандыру шараларын іске асыру, тұрғындардың қажетті өмір сүру
деңгейін қолдау, еңбек жағдайын, оның ақысын, тіршілік деңгейін қамтамасыз
ету мәселелерін шешеді.

- идеологиялық қызмет. Мемлекеттің аталған функциясыне елдегі басым
идеологияны қолдау, білім беруді ұйымдастыру, ғылымға, мәдениетке қолдау
көрсету тәріздес жұмыстар жатады.

Мемлекет функциясын жүзеге асыру нысандары құқықтық және ұйымдастырушылық
болып екіге бөлінеді. Құқықтық нысандарға құқық шығармашылық (нормативті
актілерді дайындау және қабылдау), құқыққолдану (нормативті актілерді іске
асыру) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің құрылымдық нысаны мемлекет нысаны ретінде
Салықтардың функциялары
Мемлекет басқару нысанын зерттеудің теориялық құқықтық негіздері
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН МӘНІ
Мемлекет басқару нысаны
Азаматтардың табысына салынатын салық
Құқықтың маркстік теориясы
Жеке құқықтық әдістер
Мемлекет және азаматтық қоғам қағидаларын қарастыру
Ақша жүйесі,оның элементтері және түрлері
Пәндер