Тұлға туралы жалпы ұғым


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Тұлға туралы жалпы ұғым

Психологиялық ғылымда "тұлға" категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ "тұлға" ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде филасофиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, т. б. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не?

Алдымен сұрақтың екінші бөлігіне жауап беруге тырысайық. Мұны жасау оңай емес, себебі тұлға деген не деғен сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың жауаптары мен ойларыныд әр қилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді. Осы орайда И. С. Кон былай деп жазады: "Бір жағынан, он нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рөлдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтнжесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субьектісінде көреді.

Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, сондықтан "тұлға" ұғымын қарастырғанда оларды ескеру керек. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасисттерді жинаған адамды атаймын. Демек, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процсестерінің немексе әрекеттерінің жеке дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасисттері болып саналады. «Тұлға» ұғымының мазмұнына, көбінесе басқа адамдарға қатысты маңызды іс-әрекеттерді анықтайтын қасиеттерді де қосады. Сонымен, тұлға дегеніміз - ол тұрақты психолагияның сипаттамалар жүйесінде алынағн нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне, ортасы үшін маңызды м әнге ие.

Ғылыми әдебиетте "тұлға" ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының генетикалық және физиологиялық деңгейлері қосылатынын айта кету керек.

Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психологияның өзіндік түсініктері қалыптасады. Б. ГАнаньев бойынша адам ұ йымдасуының төрт деңгейі ғылыми зертгеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған.

Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы иителлектің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, т. с. с. Осы белгілер адам баласын хайуаннан ажыратады. "Индивид" ұ ғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иелеиуші ретінде сипаттайды.

Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастармен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесіңде ерекше әлеуметік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұлай болу себебі қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам - субъект, іс-әрекеі процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші.

Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның қайталанбастығын сипаттап, оның жеке даралығын анықтайды. Сонымен, "тұлға" ұғымы адамды аәеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттау үшін керек. Мәскеулік және санкт-петербурктық психологиялық мектеп өкілдерінің әдебиетгерінде адам ұйымдасуының иерархиясына әр түрлі көзқарас берілген. Мысалы, мәскеулік мектеп өкілдері "субъект" деңгейін болмай, адамның биологиялық және психикалық қасиеттерін "индивқа" ұғымына біріктіреді. Бірақ бұған қарамастан, «Тұлға» ұғымы адамның әлеуметтік ұйымдасуымен ұштасқан.

Тұлға құрылымын қарастырғаңда оған қабілеттерді, темпераментті, мінезді, мотивацияны және әлеуметтік нұсқауларды енгізеді.

Қабілеттер дегеніміз - бұл түрлі іс-әрекеттердегі табыстарын анықтаушы адамның жеке басының тұрақты қасиеттері. Темперамент - адамның психикалық процестерінің динамикалық сипаттамасы. Мінезде бір адамның басқа адамдарға қатынасын анықтайтын қасиеттер бар. Мотивация дегеніміз - әрекет етуге деген ынтаның жиынтығы болса, әлеуметік нұсқаулар - адамдардың наным-сенімдері. Бұдан басқа, кейбір авторлар тұлға құрылымына ерік пен эмоция түсініктерін қосады. Психикалық құбылыстардың құрылымының психикалық процестерді, психикалық күйлерді және психикалық қасиеттерді бөліп көрсету керек. Психикалық процестер, өз кезегінде танымдық, еріктік, эмоциолалдық болып бөлінеді. Ерік пен эмоция өзіндік құбылыс ретінде психякалық процестер шебінде қарастырылуға лайықты.

Алайда осы құбылыстарды тұлға құрылымы шебінде қарастыру үшін де авторларда негіз бар. Мысалы, сезімдер - жиі әлеуметтік бағдары бар эмоцияның бір түрі, ал ерік қасиеттері қоғам мүшесі болып табылатын адамның қылықтарын реттеуге қатысады. Осы айтылғанның бәрі қарастырылып отырған мәселенің күрделі екендігін және тұлға мәселесінің кейбір аспектілеріне қатысты белгілі келіспеушіліктердің болатындығын көрсетіп отыр. Көбірек келіспеушілік тудыратын мәселелер: адам ұйымдасуы құрылымынын иерархиясы, тұлғадағы биологиялылық пен әлеуметтіліктің қатынасы.

Тұлға дамуының кезеңдері

Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуын қандай заңдарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға даму үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстарын (кризис), даму процесін тездету мүмкіндіктері әрқилы түсіндіріледі.

Кең тараған тұлға теорияларының әрқайсысыңда тұлғаның даму мәселесі өздігінше қарастырылады. Мысалы, психологиялық теория даму деп адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механизмдерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Қырлар теориясы (теория черт) бойынша тұлғаның барлық қырлары өмір сүру барысында қалыптасады, олардың туындау, қайта түзілу және тұрақтану процестері биологиялық емес заңдылықтарға бағынады. Әлеуметтік үйрету теориясы тұлғының даму процесін адамдардың белгілі тұлғааралық өзара әрекеттерінің қалыптасу жолдары ретінде түсендірсе, гуманистік және басқа феномеиологиялық теориялар оны " Мен" деген түсініктің қалыптасуымен ұштастырады.

Дегенмен, тұлғаны барлық теориялар позициясыиан шоғырланған, біртұтас етіп қарастыру тенденциясы бар.

Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалды. Олар таза күйінде өмірде кездеспегенімен, адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді (1-кестеде көрсетілген)

Даму кезеңі: Даму кезеңі
Дамудың қалыпты желісі: Дамудың қалыпты желісі
Дамудың аномалды желісі: Дамудың аномалды желісі
Даму кезеңі: І. Ерте нәрестелік шак, (тұлғаның 1 жасқа дейін)
Дамудың қалыпты желісі: Адамдарға деген сенім. Өзара махаббат, үйір болу, ата-ана мен баланыцң бірін-бірі тануы, баладардың араласудағы және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Дамудың аномалды желісі: Анасының баласына нашар қараьуының нәтижесі ретінде баланың адамдарға сенбеуі, мән бермеушілік нем құрайылық, махабаттан айыру. Баланы ана сүтінен өте ерте және күрт айыру, баланы эмоциалдық оқшаулау.
Даму кезеңі: 2. Кейінгі нәрестелік шақ (1жастан3 жасқа дейін)
Дамудың қалыпты желісі:

Дербестік, өзіне-өзі сену. Бала өзін дербес, жеке, бірақ әлі ата-анасына тәуелді адам

деп санайды.

Дамудың аномалды желісі: Өз - өзіне сенбеу, өте ұялшақ болу. Бала өзінің бейімделмегендігін сезініп, қабілеттеріне күдіктенеді. Қарпйайым қимыл әдеперін дамуына кемшіліктерді сезінеді, мысалы, жүргенде. Оның сөйлсу қабілеті нашар дамыған кемшіліктерін қоршағандардан өте қатты жасыруға тырысады.
Даму кезеңі: 3. Ерте балалық шақ (3-5 жас шамасында)
Дамудың қалыпты желісі: Қызығушылық және белсенділік. Қоршаған ортаны қызыға зертгеп, бейнелерді елестету, ересектерге еліктеу, түрлі рөлдерге қосылу.
Дамудың аномалды желісі: Пассивтілік және адамдарға мән бермеу. Инициативаның болмауы, салбыр болу, басқа балалардан қызғану, ұсыныстардан бас тарту. Рөлдерге қосылу белгісінің жоқтығы.
Даму кезеңі: 4. Орта балалық шақ (5 пен 11 жас аралығы)
Дамудың қалыпты желісі: Енбекті сүю. Мойнына жүктелген парызды сезіну, табыстарға ұмтылу. Танымдық және коммуиикативті білім мен әдеттердің дамуы. Өз алдына шынайы мақсат ойып, оған жетуге тырысу. Инструменттерде ойнауды белсенді меңгеру, шешімдер кабылдау.
Дамудың аномалды желісі: Өзін - өзі кемсіту. Әлсіз дамыған еңбек ету қимылдары. Күрделі тапсырманы орындаудан, басқалармен жарысудан бастарту. "Дауыл алдындағы немесе жыныстық жетілу кезеңі алдындағы тыныштық сезімі. Біреуге бағынушылық. Түрлі есептерді шешкенде жұмысы зая кететіндей сезіну.

Жеке тұлға дамуының факторлары

Тұлғаның дамуы дегеніміз - адамның анатомиялық, физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, сондай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзаратығыз байланысты процесі.

Сонымен адамның жалпы дамуында өзара байланысты екі бағыты - биологкялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады

Жеке тұлғаның дамуына әсер етуші факторлар мыналар:

1. Тұқым қуалаушылық

2. Орта (биологиялық географиялық, әлеуметтік) .

3. Мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие

4. Тұлғаның іс-әрекеті

Американдық психолог және педагог Э. Торндайктың пікірінше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін тек тектілік, тұқым қуалаушылық қана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабілеті балаға «көздері, тістері және саусақтары» сияқты дүниеге келгеннен-ақ беріледі.

Тұқым қуалаушылық деп генетикалық код арқылы атадан балаға түр ұқсастығы мен кейбір ерекше қабілеттіктер нышанының берілуін айтамыз.

Ата-аналарынан балаларына тұқым қуалаушылық арқылы

- дене бітімінің ерекшеліктері;

- шаштың көздің, тері қабатының түсі сияқты сыртқы белгілер;

- қан тобы, резус-фактор;

- бала мінез-құлқының негізін құрайтын жүйке жүйесінің ерекшеліктері, психикалық процестердің өту ерекшеліктері;

- қан аурулары, қант диабеті, кейбір эндокриндік бұзылушылықтар;

- кейбір ерекше қабілеттіліктер нышаны.

Маркс пен Энгельс адамды ортаға белсенді әсер стетін, өз өміріндегі жағдайларды өзгерте алатын әлеуметтік ортадағы қайраткер деп қарастырады деп бізді айиала қоршаған бүкіл дүниені айтзды.

Биологиялық және географиялық орта адамның дене бітіміне, денсаулығына, бет пішіміне, тері қабатының түсіне, айналысатын еңбек түрлерінің пайда болуы мен қалыптасуына, салт-дәстүрлердің пайда болуына ықпал етеді.

Әлеуметтік орта сол орта үшін құнды болып табылатын бүкіл адами қасиеттер мен қабілеттердің, табиғатпен, адамдармен, қоғаммен қарым-қатынас нормаларының қалыптасуына ықпал етеді.

Джон Локк бойынша, бала жаны табиғатынан - ақ тақта сияқгы тап-таза болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны сол таза ақ тақтаға жазуы тиіс. Бұл жерде ол тәрбиенің маңызын көрсетті.

В. Г. Белинский тұжырымдауынша, өмір жазатын әріптердің мәні тәрбиеші мен жазы құралына және сол тақтаның өз саласына байланысты деп жазды. Мұнда ол тәрбиенің ролін аса дәріптеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Когнитивті лингвистика – жеке ғылым саласы
“Мектеп педагогикасы” пәні бойынша типтік бағдарлама
Авторлық сана – мәтіннің базалық ұғымы
Қазіргі қазақ тіліндегі қатысымдық тұлғалар
ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жеке тұлға анықтамасы
Қылмыс субъектісінің ұғымы мен белгілері
Тұлға туралы жалпы түсініктер
Психикалық құбылыстардың топтастырылуы
Билік және тұлға философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz