Мердігерлік шартының жекелеген түрлері


Мазмұны
КІРІСПЕ
І Тарау. Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы
1. 1. Мердігерлік шарты ұғымы
1. 2. Тараптардың құқықтары және міндеттері .
1. 3. Мердігерлік шарты бойынша жауапкершілік
2 Тарау. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері.
2. 1. Тұрмыстық мердігерлік .
2. 2. Құрылыс мердігерлігі.
2. 3. Жобалау және іздестіру жұмыстарында мердігерлік шарт.
2. 4. Ғылыми-зерттеу, тәжірибие конструкторлық және
технологиялық жұмыстардың мердігерлік шарты
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдалан ғ ан ә дебиеттер:
КІРІСПЕ
1999 жылыдың 1 шілдесінде Қазақстан Республиксының Азаматтық кодексінің ерекше бөлімі қабылданып, күшіне енді. Бұл өз мәнінде Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі нарықтық қайта құру жылдарында қалыптасқан азаматтық заң шығарудың ірі біріктіруі болып табылады. Осы тұста кеңінен қолданылып жүрген азаматтық заңмен реттелетін шарттың бірі бұл мердігерлік шарт.
Мердігерлік шарт ұғымына келетін болсақ. Мердігіерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндетті.
Мердігерлік шартты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Азаматтық заңнамада мердігерлік шарт қатынастарының түрлері де өз орнын тапқан. Мердігерлік шарттың түрлеріне тоқталатын болсақ: 1) тұрмыстық мердігерлік, 2) құрылыс мердігерлігі, 3) жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік, 4) ғылыми зерттеу тәжірибелік- конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік.
Мердігерлік шарттың ұғымы мен түрлеріне тоқталғанан кейін оның басқа да шарттардан ерекшеліктерін оның ішінде сатып алу- сату айырбас мүлікті жалға беру шарттарынан салыстырмалы түрде айырмашылқтарын жазып ашып көрсету.
Мердігерлік шарт түрлерінің ішінде тоқталғым келетіні ғылыми зерттеу тәжірибелік- конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жандандырса демекпін. Өйіткенідамыған мемлекеттердің тәжірибесінда осы шарттың түрі көп қолдынылады (АҚШ, Голландия, Щвеция) бұл шарттың мемлекетіміз үшін әкелетін экономикалық әлеуметтік өнідірістік тиімділігі жоғары.
Мысалға айтатын болсақ ауыл жылы бағдарламасына сәйкес жеке шаруашылық қожалық иелері төлдің жаңа етті сүтті түрлерін өмірге келтіргісі келсе ғылыми зерттеу институтарына тапсырыс беруге болатындығын айтқым келеді.
Жалпы дипломдық жұмысым кіріспеден 2 тараудан қорытындыдан тұрады. Әрбір тараудағы сұрақтарды теориялық және тәжірибелік материалдарды пайдалану арқасында мазмұнын толық ашуға тырыстым.
І Тарау. Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы
1. 1. Мердігерлік шарты ұғымы
Мердігерлік шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен, белгілі бір тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай мінезде болып келеді (белгілі мүлік пайда болады) . Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелері болуы мүмкін бірақ бұл мердігерлік қатынастардың мәнісін жоққа шығармайды, себебі оларда қол жететін нәтижелермен қатар белгілі қызметтің өзіде (оның барысы) маңызды болып келеді. Осы қызметті негізінен (жалпылама) онды (пайдалы) қызмет теп мінездеуге болады, сондықтан мердігерлік шартарында тараптардың өзге қатынастарымен бірге жүзеге асырылатын қызметте реттеледі.
Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметі жалпы түрде реттеледі, өйіткені ол тұлға мердігерлік шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта болса, тұлғаның қызметінің нәтижесінде оны беру бойынша міндетті де қамтиды. Сондықтан мердігерлік шартты бұрын қарастырылған шарттардан көрсетілген қызметті реттеу бойынша ережелерімен елеулі ерекшеленсе де, жасалған мүліктің өзі және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда мердігерлік шартының тараптардың құқықтары мен міндеттері бойынша сатып алу - сату шартымен ортақтығы болып келетінін тануымыз мүмкін. Азаматтық құқықтық әдебиеттер еңбек және мердігерлік қатынастардың жақындығы жөнінде айтылады. Бірақ негізінен мердігерлік қатынастарды сатып алу- сату және еңбек қатынастарынан айруға болады. Айырмашылықтары олардың әрқайсыларының қатысушыларының құқықтары және міндеттері жүзеге асырылатын шарттардың мазмұнынан айқын көрінеді.
Мердігіерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндетті.
Мердігерлік шартты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша шарт жасалу кезі және оның орындалу кезі сәйкес келмеуі мүмкін. Өз кезегінде бұл оларға тәуелділікке мердігердің жұмыс орындары қойылатын мерзімдерге әсер етеді. Кейбір мердігерлік шарттардың орындалуы және жасалуы бір уақытта болуы мүмкін, мысалы, суретке түсіру шарттары «тез» фотосуреттер дайындауымен байланысты медігерлік осындай мерзімдерінің ерекшелігі олардың барынша қысқалығы болады, және осы медігерлік жасайтын шарттың тапсырысшының себептенуші негізінде болуы мүмкін.
Медігерлікке арналған нормалар, көбінесе Қазақстан Республикасның Азаматтың кодексінде (616-683-б) ұстанылып келеді. Одан басқа Қазақстан Республикасыда халыққа тұрмыстық қызмет ету, Қазақстан Республикасыныңм мемлекеттік комитетінің 22. 09. 1996 ж. №9-7 қаулысымен бекітілген, құнды және антимонопольды саясат туралы тәртіптерінде қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімін қабылданғаннан кейін құрылыс аясында мердігерлік қатынастарда бұрын қолданған, Қазақстан Республикасының құрылыс министрлігінің 3 наурыз, 1994. №5-5 үкімімен бекітілген, Қазақстан Республикасының күрделі құрылыста мердігерлік шарттарының уақытша тәртіптері, Қазақстан Республикасының Құрылыс Министрлігінің 30. 06. 1994 ж. №7-5 Қаулысымен бекітілген, бас мердігіерлердің ұйымдарының қосалқы мердігерлік қатынастарымен өзара қатынастарының ережелері күшін жойды.
Азаматтық заңнамада мердігерлік қатынастарының түрлерінің ең маңызы және ерекше белгілері барлары реттелген. Мердігерлік шартының түрлі сипаттамасына мыналар кіреді: 1) тұрмыстық мердігерлік; 2) құрылыс мердігерлігі; 3) жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік; 4) ғылыми- зерттеу, тәжірибелік- конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік. Оларға азаматтық кодексетгі мердігерлік қатынастарды реттеуге арналған тарауында жеке парагрофтар арналған. Мердігерлік шартының жекеленген түрлеріне егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің бұл түрлері туралы ережелерінде өзгеше белгіленбесе мердігерлік туралы жалпы ережелерде (нормалар) қолданылады.
1. 2. Мердігерлік шартының субъектілері мен объектілері.
Мердігерлік шартның тараптары болып мердігер және тапсырысшы болып табылады.
Тапсырысшы - екінші тарапқа- мердігерге шарт бойынша келсілген белгілі - бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретінде азаматтық- құқықтық қатынастарының кез келген тұлғасы бола алады. Мердігерлік шарттарда мемлекеттің қатысу ерекшеліктері жеке заң актілерімен белгіленген, мысалы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің 18. 01. 1998ж. №123 бұйрығымен бекітілген, жол жұмыстары жайындағы конкурстарды (мердігерлік саудалар) ұйымдастыру және өткізу тәртібінің ережелері.
Мердігер - шарт бойынша белгілі бір жұмысты орындауға міндеттенетін тұлға, көбінесе кәсіпкерлік қызметінің субъектісі, жеке тұлға немес жеке кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бір ретті (жүйелі емес) негізде мердігерлік жұмысты кез келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара алады. Кейбір жайғдайларда, «Лиензиялау туралы» 17. 04. 1995 ж. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, (содан кейінгі өзгерістер мен толықтырулармен) мердігерлердің қызметі лицензиялануы тиіс. Мысалы, жобалау - іздестіру, құрылыс - монтаждық жұмыстары ж. б. лицензиялануы керек.
Кейбір жұмыстарды орындау үшін арнайы дағды, дәрежелі мамандық қажет. Сондықтан мердігер, мердігерлік шартты жалпы жасап, шартты орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердігер болып заңды да және жеке де тұлғалар қатысатын мердігерлік шарттарында мүмкін.
Бүкіл жұмыстың мөлшерін орындауға алғашқы шарт жасаған және басқа тұлғаларды тартқан тұлағ абс мердігер деп аталады (ҚР АК 119-б. 1-т) . Тартылған тұлға (тұлғалар) қосалқы мердігер болып табылады. Алғашқы мердігер оның алдында тапсырысшы болады. Жалпы тәртіп бойынша қосалқы мердігерлік шартты жасауға тапсырысшының келісімінң керегі жоқ. Бас мердігер тапсырысшының алдында мердігерлік шартын толығынан орындалуына жауапты болады.
Бас мердігердің келісімімен тапсырысшы жекеленген жұмыстарды орындауға үшінші тұлғалармен шарт жасаауға құқылы. Мердігерлердің келісімі барлық жұмыс орындайтын тұлғалардың іс- әрекеттероін үйлестіру қажет болғасын талап етіледі, болмаса бас мердігердің құқықтарымен мүдделері тікелей немес жанама зиян шегуі мүмкін. Алғашқы мердігер және үшінші тұлға тапсырысшының алдында іс жүзінде ортақ ( немесе үлесті) борышкерлер болып келеді, себебі олардың жасаған барлық әрекеттеріне (орындаған жұмыстарына) жұмыстың ақырғы нәтижесіде байланысты болады. Құқытық мағанада әрине олар бөлек бір -біріне байланысты (тәуелді) емес құқықтық қатынастардың субъектілері, үйіткені олардыің әрқайсысын бөлек (дербес) мердігерлік шарттары жасалады.
Тапсырысшы ең басында бірнеше тұлғалармен бір шарт жасау мүмкін осы жағдайда көптіліг орын алған міндеттемелік құқықтық қатынас пайда болады. Жоғарыда сипатталған және осы жағдайлардың кейбір айырмашылықтары орын алады. Бір мердігерлік шартын жасаудың себебі болып міндеттеме затының бөлінбейтіні келуі мүмкін (ҚР АК 287 бабының 1 тармағы), сондықтан мердігерлік, кәсіпкерлік қызметімен байланысты болуы себебінен бірнеше боыршкер тапсырысшының алдында ортақтасқан борышкерлер болып келе алады. (ҚР АК 287 бабы, 2 тармағы) .
Бірнеше мердігерлер өзара қосымша (акцессорлық) келісімдер жасауы мүмкін және олардың мәні де төмен емес, өйткені оларсыз жұмыстарды орндау тәртібінде түсінішпеушіліктер пайда болуы мүмкін. Басқа жағынан, акцессорлық (қосымша) келісімдер, олар аталғандай мәселелерді көмектесетініне қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Басқа жағынан акцессорлық (қосымша) келісімдер, олар аталғандай мәселелерді шешуге көмектесетініне қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Ю. Г. Басин мынадай мысал келтіреді: Төрелік сот тәжрибесінде үш жеке орындаушы тапсырысшы үшін ортақ төлем ақыны алып бір жұмысты орындауға келіскен соң пайда болған дау орнын алады. Алғашқы (негізгі) шартты жасасқан соң мерлігірелер алынатын ақыны өзара бөлуге байланысты келісім жасасқан болатын. Көп кешікпей, тапсырысшы мердігерлердің біреунің қызметінен бас тартқан бірақ сол мердігер басқа мердігерлерден соманың 35 пайызын құрайтын өз үлесін беруді талап еткен. Бұны ол ақыны бөлу туралы мердігерлердің өзара келісіміне сүйеніп жасаған және шарт бойынша төлемақыны бөлу туралы келісімде сол шарттың біреуге қатысты тоқтатудың салдары қарастырылмағанға сілтенген.
Келтірілген мысалды талдай отырп бұндай талаптарды, олар ақыны бөлу туралы акцессорлық келісімге негізделген соң негізгі шарт тиісті бөлігінде тоқтатылғасын негізді деп тануға болады 1 . Қосымша мердігерлер өзара келісімдермен тапсырысшының құқықтық жағдайын өзгерте ала алмайтыны туралы қорытынды жасай аламыз. Мердігерлік шартымен нысанасы- бұл мердігер мен орындаған жұмыстың нәтижесі. Мердігерліктің нәтижесі әрқашан олармен жұмыс жүргізілетін белгілі заттармен, матералдармен байланысты, оларда өзінің бейнеленуін табады.
Мысалы, бұл мүліктің құнын көбейтетін күрделі жөндеу, тек заттың тиісті халін қалпына келтіретін ағымды жөндеу болуы мүмкін. Сол сияқты кейбір өзге жұмыстарда мыаслы, көгал алаңдарды қию, киімдерді химиялық тазалау, мүліктің тиісті күйін қалыпқа келтіруге және оны күтіп ұстауға бағытталған.
Мердігерлік жұмыстар кезінде мердігерлік қызметінің өзі де реттелінеді. Кейбір жағдайларда мердігерлер мердігерлік жұмыстарды өзі орындауға міндеттенеді. Тапсырысшы жұмыстың жүргізілуін бақылай алады, демек оларды орындауға қойылатын белгілі талаптар да бар. Бақылау жасалмаса мердігер жұмысты орындау технологиясынан ауытқып кетуі, материалдарды арзанға ауыстыруы мүмкін және т. б. бұзушылықтарға жол беруі мүмкін. Мердігер бұзушылықтарының нәтижесі көрінбеуі де мүмкін, кейде олар оларға қатысты наразылық ұсыну мерзімдерінің шегінде анықталмауы мүмкін. Мердігердің қызметінің өзі реттелетінін растайтын келтіргеннен өзге де мысалдарды келтіруге болады. Жалпы аталған қызметтік реттелуі жұмыстың соңғы нәтижесіне де өз әсерін тигізетіні түсінікті.
Шарттың бағасы орындалған жұмыстың құнына сәйкес келуі керек. Баға әр кезде ақша сомасымен белгіленеді, бірақ төлеудің нысандары әртүрлі болуы мүмкін. Мердігерлік шартында орындалатын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау тәсілдері көрсетіледі. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған және тараптар баға туралы келісімге келмеген жағдайда бағаны, әдетте осыған ұқсас жұмыстарға қолданылатын бағаларды негізге алу арқылы сот белгілейді. Бағаны есептеу үшін, тараптарға келтірілген шығындар ескерілуі қажет. Егер, шарт негізінде орындалатын жұмыстың күрделі құрамы болса, яғни сол жұмыстың өзі бірнеше олардың түрінен құрылса, бірнеше кезеңдерді қамтыса және т. б. жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгіленуі мүмкін. Смета бұл мердігерлік шарты бойынша орындалатын ьарлық жұмыстың құнын жұмсалатын материалдарды (олардың құнын) анықтайтын құжат.
Мердігер жұмыстың және материалдардың құндары жөнінде біліктілеу болған соң смета көбінесе онымен дайындалады. Сонымен қатар, тапсырысшының өзінің де сметаны жасауына шек қойылмайды. Мердігермен жасаған смета, тапсырысшымен бекітіледі және шарттың ажырамас бөлігіне айналады. Өз кезегінде тапсырысшы дайындаған смета мердігердің келісімін талап етеді. Жалпы смета жөнінде келісуде оны шартты жасасу тәртібімен салыстырған ешқандай жаңалық жоқ.
Смета шамалас және тұрақты болуы мүмкін. Мердігер тұрақты сметаны көбейтуді талап ете алмайды, ал тапсырысша оның азайтылуын талап ете алмайды. Тұрақты сметаны біржақты өзгертуді құқық шартты жасау кезінде орындалуға тиіс жұмыстардың толық көлемін немес бұл үшін қажетті шығындарды анықтау мүмкін болмасады пайда болмайды. Шарт жасасқаннан кейін мердігер беруге тиісті материалдармен жабдықтардың сондай-ақ оған үшінші тұлғалар көрсететін қызметтердің құны едеуір өскен кезде мердігердің белгіленген бағаны (сметаны) көбейтуді талап ету құқығына иеленеді. Егер тапсырысшы осымен байланысты талаптарды орындаудан бас тартса, онда мердігердің шартты бұзуды талап ету құқығы пайда болады.
Шамалас сметеның ерекшелігі, оны қарастырған жағдайда мердігер өзі шығындарының көлемін оларды аздап көбейту жағына өзгерте алады. Жұмыстың шамамен белгіленген бағасын (шамалас сметаны) елеулі өсіру қажет бола қалса, бұл туралы тапсырысшыға уақытылы ескертуге және жұмысты тоқтата тұруға міндетті. Қандай болсада қосымша жұмыстарды орындау керектігі анықталғасын немесе материалдарға үшінші тұлғалардың қызметтерінің бағалары өссе, осындай қажеттілік болуы мүмкін. Бағаын елеулі өсіруге келіспеген тапсырысшы шарттан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердігер өзіне тапсырысшыдан жұмыстың орындалған бөлігінің барысын төлеуді талап ете алады. Шартта көрсетілген бағаны (сметаны) өсіру қажеттігі туралы тапсырысшыға уақытылы ескертпеген мерлдігер жұмысқа шартта белгіленген алғашқы баға бойынша ақытөлеу құқығын сақтай отырып, шартты орындауға міндетті.
Мердігерлік шарттың мерзімдері мердігердің және тапсырысшының олардың шарт бойынша міндеттерін атқаруға байланысты қызметінің (іс-әрекеттерінің ) уақыттық өлшемдерін анықтайды. Мысалы, тапсрысшы белгілі мерзімге мердігерге материалдарды және жабдықтарды беруге міндетті. Ең жоғары мән жұмыстың орындалуының мерзімдерінде болады, себебі мердігерлік шарттарының ақырында орындалуы сол мерзімдерге тікелей тәуелді болады. Оның аралығындағы жұмыс толығынан (аяқты түрде) жасалып бітуі тиіс уақыт кезеңі мердігерлік шартының жалпы мерзімін құрайды. Онымен қатар шарттар жұмыстар орындалуы үшін қарастырылған ақырғы мерзімдер де бекітіледі (ҚР АК 628 бабы 1-тармақ) . Жұмыстың жекелеген кезеңдерінің аяқталу мерзімдері - аралық мерзімдер де көзделуі мүмкін.
Аралық мерзімдер екі жақты қызмет атқарады. Бірінші жағынан, жұмыстың орындалуына байланысты мердігердің қызметінің бірдей етіп бөлінуін қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, олар тапсырысшыға жұмысты орындалуын бақылауын қамтамасыз етеді. Егер жұмыс жай, уақытылы емес орындалса және оны белгіленген мерзімде аяқтау мүмкін еместігі айқын болса тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтірілген шығындарды өтеуді талап етуге құқылы. Егер мердігерлік шартта мердігер бастапқы мерзімін бұзса, оны орындауға уақытылы кіріспесе де осы нәтиже орын алады.
1. 3. Тараптардың құқықтары және міндеттері .
Мердігер шартта келісілген жұмысты өзінің тәуекелімен орындауға міндетті. Яғни мердігердің мойнында ол кәсиби субъект болған соң, оның жұмысты орындамағандығына байланысты қолайсыз салдар болып келеді. Мердігердің осы міндетінің мазмұны тапсырысшынң орын алған заңсыз мінез құлығы ескеріліп тиісті дәрежеде өзгертілуі мүмкін. Оған жұмысты орындамағаны үшін немес дұрыс орындамағаны үшін мердігерді жауапкершіліктен босататын жағдайларда әсер ететді.
Мердігер жұмысты өз материалдарымен, күштерімен және құралдарымен орындауға міндетті. Егер материал оынмен берілсе, ол тапсырысшының алдында материалдардың сатушысы болып табылады және олардың тиісті сапасы үшін жауапты болады. Жұмыстың өзі тапсырысшының тапсырмасы бойынша орындалады және оған сәйкес болуы керек, яғни олдасапалы орындалуы керек. Мердігерлік шарт бойынша орындалатын жұмыс заттарды сериалық жасауға жатқызылмайды, сондықтан оның тиісті орындауының негізгі белгісі ретінде тапсырысшының нұсқаулары болаып табылады. Мердігер мемлекеттік стандарттардың аясында жасау технологиясының тәртіптерін сақтауға және нормативті- техникалық құжаттарда көзделген талаптарды сақтауға міндетті. Осындай талптар бірінші кезекте кәсіпкер ретінде жұмыс жасйтын мердігерлерге қолданылады (ҚР АК 632-б. 2-т), бірақ кәсіпкер емес мердігердің де жұмыс орындау кезінде міндетті қойылған талаптарынан шегінуіне құқығы жоқ, егер міндетті талаптарды орындамаса оның қызметіне тиым салынуы тиіс. Бұл жаңа заттарды жасаумен байланысты емес жұмыстарға да қатысты.
Егер жұмыстың сапасына қойылатын талаптар шартта белгіленбесе немесе толық болмай шықса, онда басшылыққа ұқсас жұмыстарға қойылатын талаптар негізі ретінде алынады. Мердігер белгіленген міндетті тлаптар мен салыстырғанда сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетін жұмысты орындау шарт бойынша өзіне алуы мүмкін.
Мердігер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиісті күйінде (түзеу) болуын қамтамасыз етуге міндетті. Ол өзі жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшыны оның күделікті шаруашылық қызметіне кірісуіне құқығы жоқ. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердігер үшінші тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы жоқ материалдармен құралдарды беруге міндетті.
Кейбір жағдайларда, мердігер жұмысты тапсырысшының материалдарымен де орындайды. Сондықтан ол тапсырысшы берген материалдарды ұқыпты және есеппен пайдалануына міндетті. Сонымен қатар, мердігер оларды дұрыс пайдалану үшін жауапты болады. Жұмыс аяқталғанан кейін мердігер тапсырысшыға жұмыс алған материалдар туралы есеп беруге міндетті. Егер материалдардың қалдықтары болас мердігер олрды тапсырысшыға беруге міндетті. Мердігер тапсырысшының келісімімен, қалған пайдаланылмаған материалдың құнына сәйке жұмыстың бағасын кемітіп сол материалды өзінде қалдыруға құқылы.
Материалдарды тапсырсшы берген болса, мердігер сол материалдарды сапасына қарай қабылдап алуға міндетті. Мердігер тапсырысшы берген жабдықтарды, техникалық құжаттарды және өңдеуге берілген заттың өзінде қабылдап (бағалауға) алуға жауапты болады. Тапсырысшының берген нұсқауларды және тағы да басқа жұмыстың орындау жағдайларын, мердігер өзінің кәсіби тәжрибесіне байланысты бағалайды.
Мердігер:
- тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техниокалық құжаттаманың немес өңдеуге берілген заттың жарамсыздығы немес сапасыздығы;
- оның жұмысты атқару әдісі туралы нұсқаулармен орындаудан тапсырысшы үшін болуы иқтимал қолайсыз салдарлар;
- орындалатын жұмыс нәтижелерінің жарамдылығына немесе беріктігіне қауіп туғызатын не оны мерзімінде аяқтауға мүмкіндік бермейтін мердігерге қатысты емес өзге де мән жайлар аяқталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертіп, одан нұсқау алғанға дейін жұмысты тоқтата тұруға міндетті.
Осындай мән-жайлар туралы тапсырысшыға ескерпеген, не ескертуге жауап алу үшін қисынды мерзімінің аяқталуын күтпестен немес жұмысты тоқтата тұру туралы тапсырысшының уақытылы нұсқауны қарамастан жұмысты жалғастырған мердігердің тапсырысшысы оған тиісті талаптар қойған кезде аталған аталған мән- жайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ (ҚР АК 628 бабы 2 тармағы) . Осы норманың мағынасы бойынша тапсырысшы мердігердің хабарлауына байланысты жауапты қиснды мерзімнің ішінде беруі тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz