Омыртқа жотасының қисаюы-сколиоз



Жоспар
І Кіріспе бөлім.
ІІ Негізгі бөлім.
2.1.Омыртқа жотасының қисаюы.сколиоз.
2.2.Омыртқа жотасының қисаюының себептері.
2.3.Емдеу тәсілдері.
2.4.Жалпақтабандылық.
2.5.Жалпақтабандықтың белгілері.
2.6.Прафилактикалық шаралар.

ІІІ Қорытынды
Қосымша материалдар
Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе бөлім.

ІІ Негізгі бөлім.
2.1.Омыртқа жотасының қисаюы-сколиоз.
2.2.Омыртқа жотасының қисаюының себептері.
2.3.Емдеу тәсілдері.
2.4.Жалпақтабандылық.
2.5.Жалпақтабандықтың белгілері.
2.6.Прафилактикалық шаралар.

ІІІ Қорытынды

Қосымша материалдар

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Сымбат дегенiмiз – қалыпты жағдайда және жұмыс кезiнде адамның
күнделiктi әдетпен өз денесiн ұстай бiлуiн айтады. Сымбатты адамның денесi
ұнамды, жарасымды және iсi өнiмдi болады. Денесi, аяғы түзу, иығы,
бұлшықетi жақсы жетiлген , жинақы, аяқ алысы дұрыс адам сымбатты болып
көрiнедi. Сымбатының дұрыс болуы iшкi мүшелердiн қалыпты жұмыс iстеуiн
камтамасыз етедi. Ал ол өзгерген жағдайда дұрыс тамақтанып , дене
шынықтырумен айналысудың манызы зор. Астың кұрамында акуыз, минералды
заттар, дәрумен жетпеген жағдайда және денеге ауырлық күшi бiркелкi
түспесе, сымбат бұзылады. Дұрыс отырмаудан окушылар, студенттер , өндiрiс
және т.б. мекемеде жұмыс iстейтiн адамдардың омыртқа жотасы кисайып,
иықтары бүкiрейiп, кеуде куысының iшiне қарай қабысуы мүмкiн.
Сымбаттың калыптасуы жүре пайда болады. Ол балалық шақтан дене
сымбатын үстелге , партаға дұрыс отыру қалпын кадағалауға және өзiн жинақы
ұстап , жүрiс-тұрысын бакылауға байланысты калыптасады.
Омыртқа жотасын кисайуынан сақтандыру.
Жас өспiрiмдердiң суйегi жұмсақ және ол жылдам қисаюы мүмкiн.
Сондықтан тiрек-қимыл жүйесi қалыптасатын кезеңде баланың дене мөлшерiне
сай жұмысты орындауын кадағалаған жөн. Жүк көтергенде баланын дене
мүшелерiне ауыртпалық күш бiркелкi түсуi керек. Төменгi сынып окушылары
кiтаптарын арқаға асатын сөмкемен алып жүргенi орынды. Сөмкенi өне бойы бiр
қолымен алып жүруге болмайтынын естен шығармаған жөн. Омыртқа жотасы сау
болуы үшін адам омыртқаның
Құрылысын білуі керек.
Барлық тірі организмдерге тән қасиет – қимыл-қозғалыс. Қимыл-қозғалыс
организмнің өсіп, дамуына әсер етеді. Оның адам денсаулығын сақтаудағы
маңызы аса зор.
Қаңқа мен бұлщық ет тірек-қимыл жүйесін құрады. Тірек-қимыл жүйесі
тіректік, қозғалтқыш және қорғаныш қызметтерін атқарады.
Адамның қаңқасы. Адамның қаңқасында 200-ден астам сүйек бар. Қаңқаны
омыртқа жотасы, кеуде қуысы, бас сүйек, иық, жамбас белдеулері, аяқ-қол
сүйектері құрайды.
Сүйектің пішіні және оның үлкен-кішілігі, олардың орналасуына және
атқаратын қызметіне байланысты. Сүйектердің кейбіреулері мүшелерді
қозғалысқа келтіретін иін, екінші біреулері тірек қызметін атқарады.
Сүйектердің бір-бірімен дәнекер ұлпасы арқылы немесе шеміршекпен
байланысуын жалғасу дейді. Омыртқа жотасы бір-бірімен осылай байланысады.
Дәнекер ұлпаның иірімделген жұқа қабаты сүйекті өзара тығыз, мықты етіп
байланыстырады. Олардың аралығындағы шеміршек адам жүргенде, жұмыс
істегенде, дене селкілдегенде тиетін соққыны бәсеңдетеді.
Тұлға қаңқасы – омыртқа жотасынан, қабырғалардың және төстіктен тұрады.
Омыртқа жотасы немесе омыртқа бағаны – мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ
болып бөлінеді. Адамның омыртқа жотасы 4 иілімнен тұрады: оның екеуі алға
қарай, екеуі- артқа қарай иіледі (48-сурет).
Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан құралады. Әрбір омыртқа денеден және
бірнеше өсіндіден тұрады. Омыртқалар бірігіп, жұлын жолын немесе жұлын
өзегін түзеді. Омыртқа жотасындағы өзекке жұлын орналасады. Омыртқа
доғасында бірнеше өсінді болады: артқы, екі қарама-қарсы, екі жоғарғы және
төменгі буын өсінділері (49-сурет).

Омыртқа жотасының бірінші омыртқасы ауыз омыртқа (атлант) деп аталады.
Ауыз омыртқасында дене және өсінділер болмайды, сондықтан оның пішіні
сақина сияқты. Оның екі ойығы бар, олар арқылы бас сүйегіне жалғасады.

І Негізгі бөлім.
2.1.Омыртқа жотасының қисаюы-сколиоз.

Ересек адамның омыртқа жотасы мойын және бел бөлімінде алға қарай,
кеуде және сегізкөз бөлімінде артқа қарай аздап имектеу болады. Олар
организм өскен сайын, әсіресе бала тұруға және жүруге үйренгеннен кейін,
біртіндеп түзіледі. Бұл иілімдердің организм үшін маңызы зор, яғни омыртқа
бағанасына кенеттен тік түсетін күшті (секіргенде, аяғына құлағанда және
т.б.) жеңілдетеді; бұлар физиологиялық иілімдер деп аталады. Омыртқалардың
қисаюы –СКОЛИОЗ.Ол адамда туа да, жүре де пайда болуы мүмкін, бұл көбінесе
5-тен 15 жасқа дейінгі балаларда, әсіресе мектеп окушыларында байқалады.
Қимыл-қозғалыс тапшылығы тек ересек адамдар арасында ғана емес,
сонымен бірге жасөспірімдер мен балалар арасында да байқалады. Өскелең
ағзаға сыртқы күштің әр түрлі жағьмсыз әсерінен омыртқа жотасы, аяқ, табан
кұрылысы, пішіні өзгеріп кетеді. Аурудың жүре пайда болуы улануға,
жаралануға, зат алмасудың бұзылуына, денеге инфекция енуіне, сол сияқты
тұлға, каңқа сүйектің қисаюы гиподинамияға тікелей байланысты. Дегенмен,
бала денесінің өзгеруіне бірден-бір себеп әр түрлі әсерлердің бірден күш
көрсетуі. Ең жиі кездесетін кемтарлық - омыртка жотасының кисаюы –сколиоз.
Әдетте, ол табиғи төрт физиологиялық иіндерден тұрады. Оның екеуі мойынмен
бел тұстарының алға карай ойысуы. Ол лордоз деп аталады, калған екеуі
кеудемен кұйымшақ жотасының сыртқа тебуі, мұны кифоз деп атайды. Омыртқа
жотасы 7 мойын, 12 арқа, 5 бел, 5 сегізкөз, 5 кұйымшақ омыртқаларынан
тұрадьы. Сымбатты сақтау үшін күн тәртібін орындау керек. Дене бітімінің
түзу, әрі сымбатты болуы, жүрісінің жеңіл болуы адамды әдемі етіп
көрсетеді. Сымбаттылық омыртқа жотасының жағдайына байланысты. Бүкірліктен
және омыртқаның бір жағына қисаюынан сымбат бұзылады.

2.2.Омыртқа жотасының қисаюының себептері.

Сымбат бұзылуының себептері:
- Бұлшықет жүйесінің жеткіліксіз және дұрыс дамымауы.
- Үстел мен орыңдықтың оқушы бойына сәйкес келмеуі.
- Ауыр заттарды бір қолымен көтеруге әдеттенуі.
- Үйде және мектепте үй тапсырмасын орындаған кезде партада дұрыс
отырмау да себеп болады.
Сымбатты болу үшін жасөспірім кезден денені тік ұстаған жөн. Партада
дұрыс отырмау омыртқаның қисаюына әкеп соғады. Омыртқа қисайған соң
сымбаттылық бұзылады деген сөз. Парта мектептің негізгі жабдығы, оның жай
үстелден айырмашылығы оның отыратын орны, көлемі және өзара кұрылысы
жағынан бір-біріне сай жасалған.
Оқушы партаға отыру үшін парта оқушы бойына сәйкес келді ме, келмеді
ме соны білуі керек. Биіктігін анықтау үшін партаға тік отырып, қолын
бірінің үстіне бірін қоямыз, сонан соң қолын көтеріп, саусағын көздің ішкі
бұрышына әкелуі тиіс. Егер солай қойылған қол партаның шетімен баланың
көзінің ортасына еркін тұрса, онда парта оның бойына сәйкес келгені. Ал
егер қол көзден жоғары тұрса -парта жоғары, ал төмен тұрса - парта төмен
болғаны. Кеудені керіп отырғанда бала мейілінше жақсы дем алып, ағзаға
түгел қан жүгіріп түрады, сабақ кезінде дұрыс отыру тек қана окушылардың
жиһаздың бойымен сәйкес келуі ғана емес, сонымен қатар партаның шеті де,
отырғыштың тұратын орны сәйкес келуі керек. Дүрыс отыру үшін отырғыштың
шеті партаның астына 3-4 см еніп тұруы қажет. Көз бен үстел арасының
қашықтығы 30-35 см болуы керек. Егер осы ережелерді сақтамасақ, партада
дұрыс отырмасақ омыртқа жотасы қисаяды екен. Омыртқа жотасының қисаюы
сколиоз ауруына шалдықтырады. Бүл аурумен көбінесе мектеп окушылары
ауырады. Сколиоз ауруы пайда болған соң сымбаттылық та бұзылады. Егер
сымбаттылық бұзылса дер кезінде емдік, гимнастикалық жаттығулар
қолданылады. Ол жаттығулар күніне екі рет жасалады
Мүсіннің, сымбаттың бұзылуына әсер етуші факторлар: басты дұрыс
ұстамау, дұрыс отырмау, үнемі бір қолмен ауыр жүк көтеру. Аурудан ағза
әлсірегенде де мүсініміз бұзылады.

2.3.Емдеу тәсілдері.

Сабақ арасындағы үзілістер кезіндегі дене шынықтыру жаттығулары
жұмыстың бір түрінен екінші түріне ауыстыру рөлін атқарып, жұмыс қабілетін
қалпына келтіреді. Жүйке импульстері жүмыс істеген бұлшық еттерден орталық
жүйке жүйесіне келеді де, қажуды жояды. Сонымен қатар, дене шынықтыру
жаттығулары жүрек пен өкпе қызметін жақсартып, миды оттегімен қамтамасыз
етуге жәрдемдеседі. Бөлмені желдету ішінде көмірқышқыл газы көп ауаны
сырттан енген таза ауамен алмастыруды анағұрлым күшейтеді.
Сымбатты бұзбау үшін сабақ үстінде немесе сабаққа даярланған кезде
дене қалпын бірқалыпты түзу ұстау өте маңызды.
Егер оқушы сабақта үнемі басын төмен салбыратып және бір жағына
қисайып, сол қолының шынтағы үстелден түсіп отыратын болса, онда омыртқа
қисаяды яғни, сколиоз ауруына шалдығады. Үстел басында сабақ әзірлеген
кезде қимылсыз немесе қимылдамастан отыру қан мен мидың оттегімен
қамтамасыз етілуін нашарлатады, өйткені омыртқа жотасы алға және солға
қарай иіледі де қабырғаның қозғалуы шектеледі, тыныс алатын ауаның көлемі
кеміп, өкпелер, әсіресе сол жақ өкпе сығылады, жүректің жүмысы қиындайды.
Балалардың ұзақ уақыт бойы біркелкі жұмыспен айналысуы біртіндеп жүйке
жүйесінің тежелуін (ұйқышылдық және зейіннің нашарлауын) туғызады. Ұзақ
уақыт бойы бір нәрсеге қадала қарау көзді талдырып, жұмыс қабілетін
кемітеді. Әрбір 40-45 минуттан соң жүмыс қабілетін арттыруға қажетті шағын
үзілістер жасалады, онда бірнеше дене шынықтыру жаттығуларын орындауға
болады: тұлғаны еңкейту, қолды сілтеу, оларды жоғары көтеру және түсіру,
екі жаққа созу, басты бұру, иықты көтеру және төмен түсіру, оларды айнала
қозғалту, отырып-тұру және т.б.
анағұрлым күшейтеді. Терезені немесе фрамутаны ұзақ уақыт бойы шамалы
ғана ашып қоюдан гөрі, терезені немесе балконның есігін бір-екі минут
айқара ашып тастау үйді жақсы желдетеді жөне бөлме іші аса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Омыртқа жотасының қисаюы
Омыртқа жотасы
Мүсін бұзылуы (бастауыш сынып балалары)
Жүзу спортының тарихы
Классикалық массаж және дене сымбаттылығының бұзылуы, оны емдеу
Омыртқалардың құрылысының жастық ерекшеліктерін анықтау
Емдік гимнастика
Емдік дене шынықтыру
Балалар мүсінінің бұзылуы. Сколиоз
Қан айналымы аурулары
Пәндер