«Өлі жандар» туындысының аударма нұсқалары


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Жұмыстың тақырыбы: Н. В. Гогольдің «Өлі жандар» туындысының аударма нұсқасы

Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың көлемі: 51 бет

Пайдаланған әдебиеттер саны: 30

Зерттеудің мақсаты мен міндеті: Н. В. Гогольдің шығармалырының қазақ тіліне аударылу тәсілдері мен «Өлі жандар» туындысының аударма нұсқаларын салыстыра отырып талдау және ерекшеліктерін анықтау.

Жұмыстың мазмұны: Жұмысымыздың негізгі бөлімі екі тараудан тұрады. Оның алғашқы тарауында Н. В. Гогольдің қазақ әдебиетіндегі аударматану ғылымына әсері мен ықпалы. және оның шығармаларының қазақ тіліне аударылу тарихы мен сол аудараманың ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдеріне тоқталып, екінші тарауында Н. В. Гогольдің «Өлі жандар» туындысының аударма нұсқаларын салыстыра саралап, өзіндік нұсқаларды да ұсына отырып, шығармадағы кейіпкерлер есімдерінің аударылуы жайлы сөз етілген. Қорытындыда жалпы жұмыс барысы жүйеленіп нақтыланады.

Жұмыста қолданылған дерек көздері: ғылыми еңбектер, аударма сөздіктер, микрофильмдер және баспасөз метариалдар.

Мазмұны

Кіріспе

Гогольдің қанжардай өткір, алтындай асыл сөзін жеткізе білу керек . . . 8

І Н. В. Гоголь және қазақ әдебиеті . . . 10

І. 1 Н. В. Гоголь шығармалырының қазақ тіліне аударылу тарихы . . . 13

І. 2 Әдеби көркем аударманың ерекшелігі және әдіс-тәсілдері . . . 18

ІІ «Өлі жандар» туындысының аударма нұсқалары . . . 22

ІІ. 1 «Өлі жандар» туындысындағы образдар жүйесі . . . 26

ІІ. 2 Романның құрылымдық жүйесі және аудармасы . . . 38

ІІ. 3 Кеіпкерлер есімдерінің аударылу ерекшелігі . . . 48

Қорытынды . . . 50

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 51


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Зерттеуге өзек болған қазақ әдебиетіндегі Н. В. Гоголь шығыармаларының аудармаларында әлі де көп зерттеуді қажет ететін, басы ашылмай келе жатқан мәселелер баршылық. Жазушы еңбектері түгелдей ана тілімізге тәржімаланғанымен, арасында аударма теориясының негізіне сай келмейтін кемшіліктер мен түсінбеушіліктер бар. Осыларды негізге ала отырып, жазушының «Өлі жандар» туындысының екі мезгілде аударылған осы шығармасының аударылу нұсқасымен салыстырылып саралануы және романның құрылымдық жүйесінің екі тілдегі мазмұн ерекшелігін қарастыру жұмыстың өзектілігін аша түседі.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Н. В. Гоголь шығармашылығы қазақ халық әдебиетіне ықпалы мен қазақ әдебиетіне әсері көп тиді. Гогольдің шығармаларының қазақ тіліне аударылуы яғни, оның аудармаларының тарихи өсіп-өрбу жолдары осы ықпал мен әсерден туған. Осылай, бір елдің әдебиеті екінші елге әсер етеді де, ой-өрісі кеңіп, өмір тану жолы тар шеңберден шығып, үлгі-өнеге алу арқылы есейіп, ер жете береді. Аударма әдебиеті төл әдебиетпен жедел өседі. Төл әдебиет аударманы кемелдендіреді. Еліміздегі аударма жұмысының қарқынды дамуының арқасында көркем аудармадағы Гоголь сынды жазушының аудармаларының тарихы мен аударма ерекшеліктерін және де әдіс-тәсілдерін зерттеп көрсету. Аударманың ерекшекліктеріне көңіл бөле отырып, Н. В. Гогольдің «Өлі жандар»туындысының екі жылдардағы аударма нұсқасымен салыстыру арқылы, романның құрылымдық жүйесін, образдар жүйесінің яғни, кейіпкерлер есімдерінің аударылу ерекшелігіне көңіл бөлу. Сондай-ақ аударма нұсқаларын салыстыра отырып талдау.

Жұмыстың әдістемелік негізі. Көркем аудармадағы Н. В. Гогольдің «Өлі жандар»туындысының аударма нұсқаларын зерттей отырып салыстырмалы әдіс, сызба әдіс, талдау әдістері негізінде жұмыстың барысы айқыдалады.

Гогольдің қанжардай өткір, алтындай асыл сөзін жеткізе білу керек

Қазіргі кезде қарым-қатынасқа деген ұмтылыстың дамуы, елдер мен халықтар арасындағы экономикалық саяси, мәдени байланыстардың ауқымының кеңеюі тек қана аударма ісінің ілгерілеуі мен білікті мамандарды ғана қажет етіп қоймай, сонымен қатар тәржіма қызметінің көптеген мәселелерін күн тәртібіне қойып отыр. Аударма деген сөздің ауқымы кең. Бір тілден екінші тілге өлең, көркем проза, ғылыми және ғылыми көпшілікке арналған әр түрлі еңбектер, дипломатиялық іс-қағаздары, саяси қайраткерлердің мақалалары мен шешендердің сөздері тағы басқа сол сияқты толып жатқан дүниелер аударылуы мүмкін. Тәуелсіз Қазақстаның әлемдік деңгейде нығаюы ақпарат алмасуға, тілдік, мәдени ауыс-түйісті арттыруға да тәуелді. Осы орайда, заман талап етіп отырған тәржіма ісінің көкейкесті мәселелерін арнайы зерттеп оқытудың және де талқылаудың маңызы зор. Осының барлығы да аудармашыға қойылатын талапты аударма теоретигі А. В. Феодоровтың айтуынша екі түрде көруімізге болады.

1/ Аударманың мақсаты-түп нұсқа мәтінін тіл білмейтіндерге таныстыру.

2/ Ал аудару дегеніміз-өзге тілдің құралдарымен баяндалған мәтінді екінші тілдің, құралдарымен толық, дәл жеткізу деген сөз. /1. 15/

Аударма осы заманның өз мұқтаждығына сай туған өнер. Оның мәселелерін қарастыру деген сөз-дүние жүзі халықтарының ынтымақ, бірлігінің жаршысы болу деген сөз. Өйткені, халықтардың өзара қарым-қатынасының күшеюі, бір-брімен жақындасуы заманымыздың жарқын белгілерінің бірі саналмақ. Дархан мәдениетіміздің бір ұшы аудармаға ойысып жатады. Мәдени өміріміздің қандай бірсаласын алсаңыз да, аударма араласпаған түрін табу қиын.

Біздер бүгінгі таңда қай тілдің, қай халықтың болмасын көптің рухани жөн дүниесімен байытар қазынасын біз ұлы орыс тілі арқылы, біз ғылым сапасында да, көркем әдебиет сапасында да әлемнің төрт бұрышында болып отырған оқиғалардан оймен де, көкірек көзбен де көңілге түйетін дәрежедеміз. Аударма, сонымен бірге туған әдебиетіміздің эстетикалық мүмкіндіктерінің молаюына, әдеби тіліміздің байи түсуне айрықша әсер етеді. «Переводы необходимыи для образования нашего еще не установившегося языка, только посредством их можно организовать из него такой орган, на коем можно будеть разыгрывать все неисчислимые и разнообразные варианты человеческой мысли», -дейді В. Г. Белинский. /2. 130/ Көптеген тіл білімпаздарының, әдебиетші ғұламалардың зерттеулеріне қарағанда, Белинскийдің осы пікірді айтқан уақытынан бері орыс тілі ең бай тілдердің бірі екенін аңғарамыз.

Аударма тарихына үңіліп қарасақ, ел мен елдің халық пен халықтың өзара ұғынып, жақындасуы ертеден-ақ пайда болғанын білеміз. Оған дәлел-әр жұрттың өмірінде жылдар бойы жалғасып келе жатқан аударма өнерінің үлгілері. Әсіресе, аударманың басқа үлгілерінен гөрі көркем туындылары бір халықтан екінші халыққа, бір тілден екінші тілге жедел жетіп отырған.

Қазақ тіліне аударма XVII-XVIII ғасырларда келген. Араб-парсы, шағатай тілдерінен ауысқан, ауызша айтылатын ертегілер мен мысал-нақылдар осы пікірдің нақты тірегіндей. Бұлар шын мәнісінде аударма емес, мазмұндап өзінше қайталау еді.

Таза қазақ тілінде аударма тәрбиесі XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап яғни, 1879 жылдардағы Ыбырай Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясынан» орын алған. Бұл орыс тілінен аудару дәстүрі еді. 1882 жылдары орыс классиктерін Абай аударған. Осы аудармалардың жасалуына жеңілдік туғызған көптеген себептер бар. Аударма әдебиетіне еркін өсуіне әсер еткен бірінші жеңілдік-ауысу, араласу арқылы ортақ сөз, ортақ ұғым көбейді. Екінші-төл әдебиетіміз де өсіп, аудармаға үлгі жасалды. Үшінші жеңілдік-тіліміздің қалыптасып, тіл ғалымдарының ат салысуымен қатар бөгде немесе орыс классиктерінің шығармаларындағы кейіпкерлердің қазақ еліне, қазақ ұғымына жат еместігі. Орыс классиктерінде, біздің негізгі жұмысымыз Гоголь аудармалары болғандықтан, Гогольде кездесетін кейіпкерлердің мінез-құлқы да, мәдени мешеулігі де, өмірге көзқарастары да қазақ елінің шындығына көп ұшырайтын кейіпкерлер Ноздрев, Манилов, Коробочка, Собакевичтер ғой. Осы жағынан алғанда Гоголь адамдарының кейпі, олардың ой-өрісі бізге өте жақын келе береді. Түсінікті ойды, таныс кескінді суреттеп жеткізу-оны біреуге ұғындыру, тұрмыста қалыптаспаған бейнені беруден жеңіл болады. Осындай жеңілдіктер арқылы аударма әдебиеті жедел өсті. Орысшадан қазақшаға жасалған аудармаларда, қазақ елінің әр қилы мәдени сатысына сай, аудармада орын алған үш түрлі әдістерді байқаймыз. Біріншісі - еркін аударма. Бұл тәсіл түнұсқаның тілін, әдеби ырғағын дәл білмеуден, түпнұсқаның өзіне тән ерекшелігін сақтаудан гөрі, аудармашының өзіне тиімділігін көрмеуден туады. Еркін аударма әрбір елдің балау кезінде мәдени шеңбердің тар кезінде пайда болады.

Аудармадағы екінші тәсіл сөзбе-сөз аудару. Бұл тәсіл көбінесе, түпнұсқанң тілін мол түсінгендерде болады. Осыған қосымша ұлы елдің әдеби мұрасын аударғанда, ұсақ елдің уәкілдері әрбір жеке сөздерін де, тіпті нүктелерін де дәл түсіруді көздейді. Осының салдарынан аударма сіресіп шығады, істеп отырған еңбектерін аудармашылар да, оқырмандар да түсінбей шығады.

Аударманың үшінші тәсілі-балама (адекватный) аударма. Бұл аударманың ең қиын түрі. Мұны екі тілді бірдей білумен қатар, сол шет түпнұсқаның ішкі сырын сарқа түсінетіндер орындайды. Оның үстіне автордың дыбыс ырғағын, тіл әдемілігін, сөз қолдану мәнерін қалтықсыз ұғынатындр жасайды.

Аударма-көне де, жаңа да өнер. Өнер болғанда, ол сөз, әдебиет публицистика ғылымдарының ажырамас бір саласы. Аударма адамдардың көш замандарға созылған тарихында тілі өзге, басқа адамдар қауымын түсіндіру құралы, олармен қарым-қатынас жасаудың делдалы, дәнекері болған. Аудармашылық нағыз шығармашылық өнер. Аудармашы екі тілді де жетік білумен қатар, әрі жазушы, әрі ғалым болуға тиіс. Аударма сапасы оның талантына, біліміне, жалпы мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты. Аударма дегеніміз - бір тілде ауызша айтылған пікірді, болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға екінші тілде яғни, оның ана тілінде түсінікті етіп жеткізу. Бір тілден екінші тілге аударылып жазылған немесе баспадан басылып шыққан барлық әдеби және жазба еңбек - аударма туынды деп аталады.

Қай кезде де көркем аударманың теориясы мен тарихы оның мәселелерімен тығыз байланысты. Аударма теориясының дамы, белгілі бір мәселелерді күн тәртібіне қойса керісінше, белгілі бір мәселелердің, шешімін табуы теорияны ілгерілетеді. Соған орай, аударма тарихы дами түседі. /3. 4/

XIX ғасыр классик әдебиетіндегі сыншыл реализмнің негізін Пушкинмен бірге орыстың - ұлы реалист жазушысы, данышпан сықақшысы, әрі патшалы Ресейдің феодалдық - крепостнойлық қоғам құрылысын әшекерлеуші - Николай Васильевич Гогольдің 1809 жылы 20-шы наурызда (қазіргі есеппен 1-сәуірде) Полтава губерниясы, Миргород уезі, Большие Сорочницы деген жерде украин помешигінің отбасында дүниеге келген. Н. В. Гогольдің ата-аналары Василий Афансьевич Гоголь - Яновский мен Мария Ивановна - украин ақсүйектері болатын. В. А. Гоголь сол өңірдегі помещиктердің арасынан өзінің оқымыстылығымен, мәдениеттілігімен, әдебиет пен театрға құмарлығымен ерекше көзге түсуші еді. Жас Николай театрлық қойылымдарды жиі көретін. Оның әдебиет пен өнерге деген қызығушылық сезімін оятқан да осы сәттер болуы әбден мүмкін. Н. В. Гоголь алғашқы білімді үйінде алады. 1818 жылдың күзінде Полтаваның уездік училищесінде екі жылдай оқып, жаңадан ашылған Нежиндегі «Жоғарғы дәрежелі ғылымдар гимназиясына» барып түседі. Онда Гоголь 1821 жылдан 1828 жылға дейін болады.

1830-1831 жылдары «Отечественные записки» атты журналында «Бисаврюк или Вечер накануне Иван Купала» атты повесі жарияланады. Украинның басынан өткен «Гетьман» атты үлкен тарихи роман, «Қорқынышты қабан» повесін жазуды ойластырды. Бұлардың бірнеше үзінділері «Северные цветы» әлманағында «Литературная газетада» жарияланады. Бұдан басқа да Гогольдің бірнеше мақалалары жарық көреді. Бұл басылымдарда Пушкин, Жуковский сияқты орыстың атақты жазушылары қызмет ететін. 1831 жылы 20 мамырда Гоголь атақты Пушкинмен танысады. Бертін келе Гоголь мен Пушкин шығармашылық тұрғыда нағыз дос болып, өздерінің шығырмашылық жоспарлары мен ойларын бір - біріне жасырмай, сеніп айтатын деңгейге жеткен. 1836 жылы Пушкин «Современникті» шығара бастаған кезде Гогольді қызметке тартқан. Оның «Күйме», «Мұрын» повестері, «Іскер адамның таңертеңі», «Журнал әдебиетінің қозғалысы туралы» мақалалары алғаш рет осы журналда жарық көреді. Сол уақыттарда Гоголь Аксаков, актер Щепкин, И. И. Дмитриев, тарихшы М. П. Погодиндермен таныса бастайды. Өзінің екі томдық хаттарында жазылғандай, шығармашылық көмектен тыс Жуковский, граф Вьельгорский әулеті, О. А. Смирнов, Аксаков сияқты тағы басқалары Гогольдің шығармашылық дарынына арнайы материалдық көмек көрсетіп отырған.

Пушкин мен Гоголь орыстың реалисттік прозасының негізін салды. Бұл екеуінің жақын болу себебі, екеуі де крепостниктік тұрмысқа наразы болды, екеуі де реалисттік көркем өнер принцептері күресті.

Гоголь Пушкиннің берген кеңесімен 1835 жылы «Өлі жандарды» жаза бастады. Гогольдің өз айтуына қарағанда, Пушкин оған өз тақырыбын берген көрінеді, маңызды мәселелерді кеңінен толғап қорытындылауы және тұрмыстың әлеуметтік жақтарын мол қамтуы, шығармадағы шын өмірлік, әрі жалпыға ортақ бейнелі образдары түгелімен Гогольдің өзініңкі. «Өлі жандар» поэмасының екі томының тағдыры туралы бірнеше деректер бар. Гогольдің өзі оның сапасына көңілі толмағандықтан 1852 жылы 11-інен 12-ақпанға қараған түнде өртеген деген болжамдар айтады. Осылайша Николай Васильевич Гоголь өмірінің соңғы жылдары граф. А. П. Толстойдың үйінде 1852 жылы 21- ші ақпанында (қазіргі есеппен 4 - ші наурызда қайтыс болады. /4. 11/

Орыс жазушыларының ішінде сайтан тақырыбына ең алғаш рет Гоголь қатты назар аударды. Адамның сайтанға айналуының бір-екі қадам екендігін байқаған жазушы - өз шығармашылығында бұл тақырыптың астарына терең үңіліп, жан - жақты зерттеп, барлық қырынан ашуға тырысты. /5. 116/

Аударма ісі кең етек жайды, сондықтан біздің шет ел әдебиет туындыларын бірнеше нұсқада оқи аламыз. Көркем аударма - кез келген халықтың этно мәдени ерекшеліктеріне кең етектен тәуелсіз қаралатын көпқырлы және құранды құбылыс. Қазақстанда авторы М. О. Әуезов болған «Көркем әдебиет туралы» мақалалар жинағы шықты. Бұл еңбекте орыс әдебиетінен қазақшаға аударудың қағидалары мен әдістеріне байланысты жинаққа орыс әдебиетінің ең жақсы аудармалары енген. Осы жинаққа енген мақалалар қазіргі таңда өзекті мәселелерді көрсетеді. Өз зеттеулерінде Сәйділ Талжанов аударма ісін қандай ғылымға ; лингвистикаға немесе әдебиеттануға жатуы туралы мәселе қозғайды және соңында екі салаға да тән шешеді. Өйткен, тілсіз әдебиет, әдебиетсіз тіл жоқ. С. Талжанов көркем аударманы кешенді түрде талдайды, оны әдебиетпен де, лингвистикамен де қазақ қоғамының әлеуметтік - мәдени мәселелермен байланыстырған. С. Талжанов теоретик және көркем әдебиеттің білікті маманы болып есептеледі. /6. 17/

І Н. В. Гоголь және қазақ әдебиеті

Қазақ аудармаларының дамуына ерекше әсер қалдырған орыстың классикалық әдебиеті, әсіресе оның ең ірі өкілі Н. В. Гогольдің бай мұрасы. Қоныстас көрші отырған орыс әдебиетінің әсері қазақ әдебиетінде ұшан - теңіз. Сол XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап орыс әдебиетінің әсері қазақ әдебиетіне көп ықпалын тигізгені бәрімізге аян.

Бір елдің әдебиеті екінші елге әсер етеді де, ой - өрісі кеңиді, өмір тану жолы тар шеңберден сытыла шығып, өнеге -үлгі алу арқылы есейіп, ер жете береді. Осылай өсіп - өрлеу жолында бір елдің өз адамдары бір - біріне әсер етеді. Орыс әдебиетінде Гоголь өзінен кейінгі жазушылардың көбіне әсерін тигізеді. /7. 4/

Орыс әдебиетінің тұтас бір дәуірі Гоголь есімімен тығыз байланысты. Орыс әдебиетінің тарихындағы бұл кезеңді Н. Г. Чернышевский «Гоголь дәуірі» деп атады. /8. 332/

Қазақ әдебиетінде Гоголь шығармаларының қазақ тіліне аударудың алғашқы мәтіні 1928 жылы шыққан. Бұл «Үйленудің» аудармасы. Гогольдің кеш аударылуы жазушыға тән сатира кекесінде көптеген аудармашыларға аудару қиынға соғады. Алғашқы аудармалары шыға салысымен-ақ, Гоголь қазақ оқырмандарын өзіне тәнті етіп алады. Қазақ әдебиетінде Гогольдің шәкірттері көбінен кездеседі. Мысалы; Б. Майлин. Ол Гогольге тікелей емес, Чехов арқылы жеткен. Чехов шығармаларымен ол 1915 жылы А. Баржақсин аудармалары арқылы танысты. Гогольмен танысуы Қ. Тайшықовтың «Өлі жандарын» басып шығарғанда және 1933 - 1934 жылы М. О. Әуезов аудармасындағы «Ревизор» спектакльін көргенде. «Ревизорын» алған әсерінен 1934 жылы «Талтаңбайдың тәртібі» атты пьесасын жазды. /9. 16/

Қазақтың зерттеушісі С. Талжановтың бір ұтымды қасиеті -сөз етіп отырған мәселесін әр қырынан қозғауы. Осылайша, Н. В. Гоголь мен қазақ жазушылары жайлы салихалы ой айтып отырып туған әдебиетімізге басқа классиктердің әсерін де кемітпейді, бұл мәселеде тереңдей түседі. Қазақ әдебиетіне Гоголь әсері дегенде, ғалым бірер жазушының туындыларын талдаумен тынбайды және бір жақсысы сол - көбінесе ондай әсерді классикалық шығарманың табиғатынан тауып отырады. /10. 12/

Гоголь шығармашылығы сыншыл реализмнің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Мұның өзі әдебиеттің қоғамдық күрестің қуатты қаруы болуына және орыс әдебиетінің дүние жүзіндегі ең озық әдебиетке айналуына мүмкіндік берді. Гогольдің қазақ әдебиетіне әсері жалпы оыс және қазақ халықтары арасындағы мәдени, әдеби қарым-қатынастардың үлкен бір саласы. Қазақ әдебиетінің тарихында Гогольдің әсері зор болған. Гоголь қазақтың өткен ғасырының алдыңғы қатарлы ақын - жазушыларна үлкен әсер етті. Гоголь шыармаларының өміршеңдігі, тарихилығы әлі өз мәнін жойған жоқ, қайта күн өткен сайын адамдардың рухани дүниесін байыту мақсатында қолданатын тәрбие құралдарының біріне айналып келеді. Біздер Гоголь мұрасынан үйреніп, оның дәстүрін шығармашылықпен дамытып, ұлттық әдебиеттің өзіне тән нақыш - өрнегімен, ерекшеліктерімен толықтырып, әдебиетімізді жаңғырта түседі. Біздің әдебиетшілерімізбен, аудармашыларымыздың туындыларында шығарманың сюжетіне немесе композициясын құруда Гогольге тікелей еліктеу, Гогольше сатиралық образ жасау әрекеттері, Гогольше суреттей бейнелеу, баяндау үлгілері бар.


I. 1 Н. В. Гоголь шығармаларының қазақ тіліне аударылу тарихы

Аударма қазақ әдебиетінде XIX ғасырдың екінші жартысында басталған. Аударма әдебиеті яғни, көркем аударма -төл әдебиетіміздің туған сыңары. Көркем аударманың сапасы төл әдебиеттің сапасына сай болады. Бұл екеуі қатар өседі. Осылай төл әдебиеттің соңына еріп, аударма әдебиеті де жедел жүрді. Аудармаға көзқарасымыз, аударманың әдеби - тілдік нормалары қалыптасып өз заманына сай өзгеріп, әдебиет сатысы өрбіп отырды. Осы сияқты өрістеудің арқасында - әдеби ұғым, әдеби талғам, әдеби тілдер туып, Пушкин, Гоголь заманы басталды. Ал енді біздің негізгі қарастыратын жұмысымыз Гогольдің шығармаларының қазақ тіліне аударылу тарихы болғандықтан, біз алдымен оның шығармаларының бай мұрасына, оларды кім және қашан, қай уақытта, сондай-ақ қандай аудармашыларымыз аударғанына тоқталып өтпекпіз.

Қазақ әдебиетінде де аударма әдебиетінде де бетке ұстар яғни, М. Әуезов, Б. Майлин, І. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов, Т. Жароков, Ә. Сәрсенбаев, М. Қаратаев, Қ. Бекхожин, Ы. Дүйсенбаев, М. Базарбаев, Ә. Сатыбалдиев, Қ. Тоғызақов, І. Жарылғапов, М. Дәулетбаев, Т. Нұртазин, Қ. Тайшықов, Ә. Ипмағамбетов деген кісілер болды.

Қазіргі біздің қазақ әдебиеті Гоголь шығармалары 1928 жылы «Үйлену» атты пьесасы жарыққа шықты. Аударған Мәжит Дәулетбаев болды. 1932 жылы «Өлі жандары» шығып, 1936 жылы түзетіліп қайта бастырылып шығады. «Өлі жандарын» аударған Қадыр Тайшықовпен қатар 1952-1958 жылыдар аралығында дәл осы шығарманы Әнуар Ипмағамбетов аударған. 1937 жылы «Шинель» және де «Иван Иванович пен Иван Никифоровичтің қалай ұрысқаны туралы» деген повестері басылды.

1938 жылы «Ревизоры» жарық көрді, бұл пьеса алдында-ақ сахнаға қойылып жүрді. Аударған М. О. Әуезов болды. 1945 жылы шыққан «Тарас Бульбаны» Т. Нұртазин аударды. Одан кейін 1948 жылы «Ревизор» тағы басылып шықты.

1952 жылдан бастап Н. В. Гогольдің шығармалары алты том болып жарыққа шықты. Н. В. Гогольдің шығармаларын М. О. Әуезов, М. Дәулетбаев А. Елшібеков, Қ. Тайшықов, Ж. . Қосыбаев, Т. Нұртазин, Ә. Ипмағамбетов сияқты аудармашыларымыз түгелімен қазақшаға аударды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы тарихи тұлғалар
Орта ғасыр әдебиетіндегі «қисса – дастандар» үрдісі
Ежелгі дәуір әдебиетінің мәселелерін тереңдете қарастырған ғалымның жұмыстары сан - салалы
А. ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ «РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫ» МЕН «МАХАББАТНАМА» ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Әлемдік әдебиет аясында болмыс бітім
Орыс және батыс классиктерінің шығармалары Ілияс аудармасында
Н. Келімбетовтің көркем әдеби мұрасы
Қазақ әдебиетінде аударманың қалыптасуы
Аударма өнері және көркемдік – эстетикалық, шеберлік проблемалары
АЛТЫН ОРДА ӘДЕБИ ЖӘДІГЕРІ - РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫНЫҢ ЖАРИЯЛАНУ ҮЛГІЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz