Мемлекет - адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым



Мемлекет туралы ұғым. Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік.тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай.ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономикасын дамытудың, әлеуметтік.саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айырықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделігігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес және бірнеше "қабатты" қамтиды.
Мемлекет дегеніміз бұл . адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым.қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс.қимылына жағдай жасау жүктелген;
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық.күш құралдары бар;
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық, субъектілері қамтамасыз ететін әкімшілік.мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекет туралы бұл түсінікті ашып, нақтылай отырып, әрбір белгі соғылған белгілерге егжей.тегжейлі тоқталып, оның мазмұнды және мәнді сипаттамасына тереңірек үңіліп, әрекет ету механизмін көрсету қажет.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттің ұғымы мен белгілері
Мемлекет туралы ұғым. Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және
соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті
жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың
айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі
аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономикасын дамытудың, әлеуметтік-
саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың
маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына
белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары,
әсер ету нысандары мен әдістері бар айырықша құрылым ретінде сипатталады.
Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет
ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси
организм ретінде қабылдаймыз.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті
анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың
күрделігігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес
және бірнеше "қабатты" қамтиды.
Мемлекет дегеніміз бұл - адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне
тән саяси ұйым:
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың
және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау,
олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі
және биліктің ұйымдастырушылық-күш құралдары бар;
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық, субъектілері
қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекет туралы бұл түсінікті ашып, нақтылай отырып, әрбір белгі
соғылған белгілерге егжей-тегжейлі тоқталып, оның мазмұнды және мәнді
сипаттамасына тереңірек үңіліп, әрекет ету механизмін көрсету қажет.
Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекеттің рулық басқару ұйымынан
басты айырмашылығы сол, онда арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу
аппаратының болуымен немесе, оқу және монографиялық әдебиеттерде
атайтындай, жария биліктің болуы тән. Бұл жердегі әңгіме қоғамнан бөлініп
шыққан, басқару негізгі жұмысына, кәсібіне, мамандығына айналған, қатары
біртіңдеп көбейе бастаған адамдар туралы. Басқарушы адамдардың мұндай
ерекше тобын алғашқы-рулық басқару ұйымы білген емес. Ол тек қана
басқарудың мемлекеттік жүйесіне тән нәрсе; олар мемлекеттің рабайсыз үлкен
механизмін іске қосады. Нәтижесіңде мемлекеттің барлық халқы бір жағынан
басқарылатыңдарға, екінші жағынан басқаратындар мен басқару жөніндегі
мамандарға бөлінген сияқты. Сөйте тұра екіншілерінің біріншісіне қатысты
тек қана басқару функцияларын емес, сондай-ақ кейбір мәжбүрлеп ықпал ету
шараларын да ресми түрде жүзеге асыруына қақысы бар.
Мемлекеттің басқа бір ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан
салық жинауға мәжбүр болуы. Салық - бұл мемлекеттің өмір сүріп, тіршілік
етуінің экономикалық негізі; салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені қаржының
жетіспеуінен немесе болмауынан оның бүкіл тіршілігі қиындайды. Салық
мемлекеттің барлық азаматтары, соларға қоса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдар да төлейді; халықтың шамалы ғана салық төлеуден босатылады.
Мемлекет салықтан түскен қаржыны басқару және мәж-бүрлеу аппаратының орасан
зор армиясын ұстауға, мемлекеттің жүргізетін ішкі саяси және сыртқы саяси
шараларын қаржыландыруға, медицинаны, білім беру, ғылым, мәдениет салаларын
қолдауға, экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, қоғамдық,
қауіпсіздікті, құқық тәртібін және қылмыс пен құқық бұзушылықпен күресті
қамтамасыз етуге пайдаланады.
Мемлекеттің ерекше белгілерінің біріне оның өз азаматтарын аумақтық
принцип бойынша бөлетіндігі жатады, ал алғашы - рулық басқару ұйымының
негізі мүлдем басқаша - қандас туысқандардың байланысы мен қарым-
қатынасынан құралады. Енді соңғысы бұрыңғы маңызын жойды, басқару ісінде
басым болудан қалды. Керісінше, мемлекет азаматтарға өздеріне тиссілі
құқықтарын бөліп, оларға міндеттер жүктеу туралы мәселені шешкен кезде,
оларды басқару, ұйымдастыру және басқа да шараларға тарту кезінде ең
алдымен олардың аумақтық тиістілігіп, тұрғылықты жерін ескереді.
Мемлекеттің даму барысында халықтың аумақтық принципі бірқатар
мемлекеттік-құқықтық институттармен тұтас алғанда жанама түрде байланыс
орната алды, ол оны нақтылай түсуге, тереңдетуге, айқын мазмұнмен
толықтыруға бағытталған еді.
Олардың ішінде қандай да бір мемлекетке тиссілілігі бекітілген
азаматтық институты ерекшеленеді. Васка тұлғалардың бәрі шетелдіктер немесе
азаматтығы жоқ тұлғалар болып танылады. Азаматтардың мәртебесіндегі
айырмашылықтарының сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың
арқасында мемлекет халықты "өзімідікі" және "өзіміздікі емес" деп
дифференциялайды. Сыртқы (мемлекеттер арасындағы) және ішкі (автономиялық
және әкімшілік-аумақтық бөліністер арасындағы) шекаралар институтының
маңызы айтарлықтай. Олардың көмегімен мемлекеттік биліктің кеңістіктегі
шегі, сондай-ақ мемлекетің егемендігінің құрамдас бөлігі болып табылатып
аумақтық билік ету институты анықталады.
Мемлекет басқа ұйымдардан қоғамда әрекет ететін құрылымдарымен және
институттарымен, егемендік сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Бұл қасиет
мемлекетті басқа ұйымдардан, қоғамның құрылымдары мен институттарынан
жоғары қонып, оған өзіндік басымдық, қанталанбас ерекшелік береді.
Егемендіктің екі құрамдас бөлігі бар: үстемдік және тәуелсіздік.
Мемлекеттік биліктің үстемдігі деп өз аумағындағы ең жоғары билікті айтады.
Аумағындағы жұмыс істеп тұрған барлық ұйымдар, бірлестіктсер, құрылымдар
мен тұлғалар мемлекеттің басымдық рөлін мойындайды, өздерін оның мәртебесі
мен маңызынан төмен қояды. Олар мемлекеттік биліктің бұйрығын орындауға,
мемлекеттің белгілеген тәртібін сақтауға міндетті. Мемлекетке тиссілі
аумақта бірде бір ұйым, бірлестік немесе құрылым мемлекетке қарсы келе
алмайды. Егемендіктің екінші бір құрамдас бөлігі болып саналатын
тәуелсіздік дегеніміздің мәнісі, мемлекет өзінің билігін дербес жүргізеді,
өзінің стратегиялық бағыты мен тактикалық жолын өзі тандайды, өз ісіне
ешкімді араластырмай, ішкі және сыртқы саясатын өзі жасайлы, басқаның
үстемдігіне жол бермейді. Тәуелсіздік ұғымының ішкі аспектісі мемлекеттің
ішінде жұмыс істейтін бірде-бір ұйымның, бірлестіктің және құрылымның
мемлекеттік биліктің дербестігіне қол сұға алмайтындығына ерекше көңіл
аударуға міндеттелді. Ал тәуелсіздіктін сыртқы аспектісі, егемен мемлекет
басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дербес қарым-қатынасты
сақтайды дегенді білдіреді.
Мемлекет - қоғамның, елдің, халықтың ресми өкілі. Қоғамның, елдің,
халықтың мүддесін ол толығымен көздей алды ма, жоқ па, қоғам, ел, халық
оған өкілеттік берді ме, жоқ па, оған қарамастан бұл мәселенің дұрыс жауабы
алдын ала түйінделіп қойған. Қоғамда, елде, халықтың арасында жұмыс істеп
жатқан басқа бірде бір ұйым (бірлестік, құрылым) қоғамның, елдің, халықтың
еркі мен мүддесін білдіруші екендігін, барлық деңгейде және барлық жағдайда
оларды көрсете аламын дсп молімцс.уге батылдық білдірс алмайды. БүгаІІ
үміткср болуға мемлекеттін ғана негізі бар. Мемлекеттің мұндай
қасиеттерінің молдығына дау жоқ..
Мемлекеттің басқарудың құқықтық нысаның, реттеуді және ықпал етуді
пайдалануы оның міндетті белгісі болып табылады. Олардың алдына тұрған
міндетті мемлекет құқықсыз шеше алмайды. Егер мемлекеттің аумағында
орналасып, жұмыс істеп тұрған басқа ұйымдар, бірлестіктер мен құрылымдар
құқық, шеңберіндс әрекет етіп, құқық тәртібін сақтауы, зандар мен басқа да
құқықтық нұсқауларды орындауы қажет болса, онда құқық аясындағы мемлекеттің
қызметі мүлде басқаша, маңызды ерекшелігімен сипатталады және әр алуан: бұл
айтылғандардан басқа, мемлекеттің құқықшығармау шылық монополиясы, сондай-
ақ құқық қорғау, бақылау, қамтамасыз етіп-кепілдік беретін функциялары бар.
Мемлекет қоғамдағы негізгі өзара қарым-қатынасына өзінің қызметіңдегі басты
демеу болып отырған құқық бастауына сүйенеді.
Мемлекетте ішкі және сыртқы функциялардың жиынтығы болуы және оларды
органдар, мекемелер мен билік құралдарының жүйесімен жүзеге асыруға
бейімделуі (бұл мәселелер төменде егжей-тегжейлі қарастырылатын болады
мемлекеттің айрықша белгісі болып табылады.
Осыған дейін айтылып келген, мемлекеттің ерекшелік белгілерінен басқа,
мемлекеттің элементтері туралы да айту керек, ол отандық оқу және
монографиялық әдебиетте халық пен аумақты меңзейді. Ол тіршілік ету және
даму процесінде мемлекет сүйенетін объективті тірек ретінде түсіндірілуі
керек. Халықсыз және аумақсыз мемлекет жоқ және болмайды да: соңғысын
табиғи факторға немесе мемлекеттің материалдық құрамдас бөлігіне жатқызу
керек.
Мемлекеттің функциясы
Мемлекет функциясынын ұғымы. Өзінің бағытына сәйкес мемлекет, әдетте,
өз қызметін белсенді атқарады, яғни қоғамдық өмірдің маңызды салаларындағы
істердің жағдайына белгілі дәрежеде ықпал етеді. Осындай тіршілік ететін
неғұрлым тұрақты және салыстырмалы түрдегі дербес бағыт мемлекет функциясын
құрады. Оның астарыман мемлекет тануда мемлекет қызметінін негізгі
бағыттарын түсіну қабылданған, онда өзіне қажетті қарым-қатынас тәртібін
бекіту мен алдыға қойған мақсатқа қол жеткізу ниетін түсіну қиын емес.
Мемлекет қызметінің осы негізгі бағыттарының әрқайсысы тұтастық пен
оқшаулықтық үлгісін көрсете отырып, белгілі бір айқындығымен сипатталады;
онда аз мөлшердегі компоненттер жинағы міндетті түрде болады, ол
компоменттер мемлекеттің дербес функциясын ерекшелеп тұрады. Ең алдымен
функцияның мағынасы туралы, яғни мемлекеттің қоғамдық қатынастың қандай да
бір саласына белсенді және мақсатты ықпалы туралы айту керек. Мұндай
ықпалдың процесінде мемлекет бір қатынасты бекітіп, дамытып, жетілдіруге
тырысса, екіншісін бейтараптандырып немесе тіпті жеңіп шығады, үшіншісінің
- жаңадан пайда болуына мүмкіндік тудырады және т.б. Мемлекеттің ықпал ету
объектісі болып табылатын бұл қатынастар бір функцияны екіншісінен
ерекшелейтін белгі ретінде саналады. Функцияның нақты мағынасы өзіне лайық
нысанға ие болуға мұқтаж. Нысан түсінігі көп мағыналы, оның құрамына
функцияны жүзеге асыру жүктелген мемлекеттік органдардың жүйесі сияқты,
онымен құқықпен байланысты қызмет те (құқық шығармашылығы, құқықты жүзеге
асыру және құқық қорғау) кіреді. Мемлекет функциясының оны жүзеге асыру
әдісі сияқты мынадай компонентін бөліп көрсету керек, оның астарынан ара
қатынасты а) сенімді және мәжбүрлеуді, б) басқаруды орталық тандырудың және
орталық сыздандырудың бастауын, в) авторитарлык, пен қоғамдық қатынастарға
қатысушылардың мінез-құлық вариантарын еркін тандау принциптерін түсінуге
болады. Осылайша, функцияның құрамына мемлекет қызметінің негізгі
бағыттарының бірі ретінде мағынасынан (өзінін басты компонентінен) басқа,
жүктелген міндеттерді шешудің нысандары (ұйымдастыру, кадр және құқықтық
мен әдістері, сондай-ақ мемлекеттік ықпал ету объектілері (қоғамдық
қатынастардың қандай да түрлері) жатады. Аталған компоненттерді тұтас
қалпында анықтап алғанда ғана мемлекет функциялары туралы ұғым
қалытастыруға болады.
Функциялар теориясы а) мемлекеттің іс-әрекеті жағын сипаттайды, оның
рөлін, мәнін, даму перспективасын ашады, басқа жақтармсн қатысын анықтайды;
6) мемлекеттің қызметін өзінің бағыты бойынша бөлуге, реттеуге мүмкіндік
береді; в) сонғысын олардың мүмкіндігіне, мәніне, іс жүзіндегі
нәтижелілігіне қарай, олардың орындалу кезегі бойынша пікір қалыптастыра
отырып, бағалауға мүмкіндік береді. Сөйте тұра ол саясаткерлерді
мемлекеттік қызметті дәл осы күндері қалыптасқан нақты жағдайдын
ерекшеліктерімен творчестволық үйлестіруге және оның түрлі бағыттарына дер
кезінде өзгертілер енгізуін қажеттігіме бағыттайды.
Мемлекеттң функциясында мемлекеттін сипаты мен қоғамдық-саяси
табиғаты, оның манызды әлеуметтік мәні бейнеленген. Мемлекет өзінің
функциясын жүзеге асырмай тұрғанда және қимыл-әрекетсіз болғанда, ол туралы
айту да қиын. Керісінше, өз функциясын жүзеге асырып отырған мемлекеттің
ісі де ол жайымда және оның терең мәні туралы пікірді тез қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Демек, мемлекеттің мәніне қарай оның функциясы
туындайтынын айтуға болады. Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттің мәні әртүрлі
болатынын салыстыру кезінде олардың функциясын, сондай-ақ оларға тон
функциялардың анатомнясын, құрылым мен бағыттылығын тізіп сипаттағанда біз,
сөз жоқ үлкен айырмашылықтарды сезінеміз. Егер мемлекетте жалпы әлеуметтік
бастаулар белең алып тұрған болса, оңда оның функциясы таптың билеуді
жүзеге асырып отырған мемлекеттікіндей болмайды, өйткені соңғысынын
функциясы үстемдік етуші таптың қарсыласын басып-жаншуға бағытталған. Мәні
бірдей мемлекеттерді салыстыру кеңінде олардың функцияларының бір-біріне
жақындығын байқауға болады. Бірақ бұл ұқсастықтардың бояуын қалындатуға
болмайды, өйткені мемлекеттердің функциялары тұрақты болмайды, оларда
бәрібір айырмашылықтар кездеседі. Ондай мемлекеттердің функциялары ұқсас
болатыны өз-өзінен түсінікті, өйткені бәрі де олардың мәнінің бірдейлігіне
байланысты.
Мемлекеттің функциясы мен мәнін себептік қатынастарымен байланыстыра
отырып, бұл тікелей байланыс еместігін естен шығаруға болмайды. Ол кейбір
аралық факторлармен, атап айтқанда дамудың белгілі бір кезеңінде
мемлекеттін алдында тұрған міндеттермен жанама байланысқа түседі.
Мемлекеттің міндеті неғұрлым динамикалы фактор, демек мәніне қарағанда
анағұрлым өзгермелі. Мемлекеттің экономика, әлеуметтік және рухани
қатынастар саласындағы, қылмыспен және құқық бұзушылықпен күресте, сыртқы
саясаттағы нақты міндеттерінің жиі өзгеруі мемлекеттік қызметтің тиісті
түрлерінің ауқымы мен қарқынына, олардың ара қатынасының пропорциясына
ықпал етеді.
Мемлекет функциясының сипаттамасы. Мемлекет функцияларын түрлі
негіздер бойынша топтастыруға болады. Функцияларды қоғамдық өмірдің
салаларына байланысты топтастыру неғұрлым кең тараған. Егер мұндай саланы
ең ірі түрінде (қоғам мен 5 мемлекеттің ішкі және сыртқы саладағы өмір
тіршілігі) алатын болсақ онда мұндай жағдайда мемлекеттің барлық
функцияларын ішкі және сыртқы деп топтастыруға болады.

Мемлекеттің ішкі функцияларына қоғамның ішкі өмірінің ірі салаларына
мемлекеттік ықпал ету немесе мемлекеттік басқару бағыттарын жатқызуға
болады.
Адамдардың өндіріс, орналастыру және алмастыру саласындағы
қатынастарын қамтитын мемлекеттің экономикалық функциясы жетекші орындардың
бірін алады. Экономикалық функцияның көлемі, масштабы және өрісі түрлі
мемлекеттерде әр түрлі болады. Алайда қандай жағдайда да мемлекет мына
төмендегі жағдайларға ықпал ете алады және, әдетте ықпал етеді де: 1)
экономиканы дамытудың сара жолын таңдау (мысалы, нарықтық, директивалық-
жоспарлы немесе аралас экономиканы таңдау); 2) мемлекеттік реттеу дережесі,
оның жетекші салаларын ынталандыру және қолдау; 3) экономикалық дамудың
неғұрлым перспективалы бағыттары үшін жайлы жағдай тудыру; 4) жеке
меншіктің түрлі нысандары мен шаруашылық қызметінің түрлі субъектілерінің
мәртебесін анықтау; 5) экономикалық инфрақұрылым құралдарын (шаруашылық
басқарудың қаржы-ақша құралдары, несие беру, заем беру, инвестициялық
саясат) пайдалану. Салық саясаты экономикалық функцияның айырықша
компоненті болып табылады, өйткені мемлекет бюджетінің құралуы, мемлекеттің
кірістері мен шығыстарының балансталуы осыған тікелей байланысты.
Жоғарыда айтылғандарға мына төмендегілерді қосуға болады, экономиканың
нақты саласына мемлекеттің ықпал ету нысаны оның қандай секторға -
мемлекеттік пе, жеке немесе ұжымдық секторға жата ма, соған байланысты.
Мемлекеттің кәсіпорындарға, ұйымдар мен экономиканың мемлекеттік секторының
объектілеріне ықпалы мол; оған басқарудың шексіз құқығы берілген (кадр
мәселесі, қаржы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, бақылау, ағымдық
оперативті басқару). Экономиканың мемлекеттік емес секторының
кәсіпорындарына, ұйымдары мен шаруашылық объектілеріне қатысты айтатын
болсақ, онда мемлекеттің олардың қызметіне ықпалы шамалы болып табылады,
ол нормативті реттеу нысандарымен, сондай-ақ олардың заңдылық талабы мен
белгіленген тәртіпті сақтауын бақылаумен шектеледі.
Кеңес кезеңінде мемлекет экономиканың көп саласын өз қарауына алғысы
келді. Соның әсерінен экономиканың көпшілік бөлігі мемлекет қарауына өтіп
кетті, қасаң бюрократиялық шеңберге салынып, тиіміділігін жоғалтты. Соңғы
кездері экономикалық функция күрделі өзгерістерді басынан өткерді: меншікті
жекешелендіру және мүлікті мемлекет меншігінен тартып алу шаралары
жүргізілді, мемлекеттік реттеудің, экономиканың дамуына ықпал ету мен
бақылау жасаудың нысандары мен әдістері өзгерді. Қолында ықпал етудің
маңызды тетігін сақтап қалған мемлекет көптеген шаруашылық істерін
жекелердің жүргізуіне өткізді. Істі бұлайша жүргізу неғұрлым тиімді де
ұтымды болып табылады.
Адамдардың, әсіресе қысымға ұшыраған адамдардың материалдық және
рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, халықты әлеуметтік жағынан
қорғауды қамтамасыз етуге, олар үшін тіршілік етудің қалыпты жағдайын
жасауға бағытталган мемлекеттің әлеуметтік функциясының маңызы артып
келеді. Азаматтарға медициналық, тұрмыстық-коммуналдық, көлік қызметін
көрсету, оларға мәдени-тұрмыс, білім беру және басқа да қызмет көрсету
түрлерінің бір бөлігін мемлекет өз мойына алып отыр. Мемлекет коммерциялық
және басқа да мемлекеттік емес ұйымдардың халықтың тұрмысы төмен тобына
әлеуметтік қызмет көрсеткені үшін салықтық жеңілдіктер белгілеп, олардың
қайырымдылық қызметін ынталандырып отырады.
Экономиканы және қоғамдық өмірдің басқа да салаларын қамтыған
дағдарысқа байланысты халықты әлеуметтік қамтамасыз ету мен қызмет көрсету
жөнінен мемлекеттік мүмкіндігі күрт азайды. Сондықтан денсаулық сақтауға,
ғылымға, мәдениетке, білім беруге және әлеуметтік саланың басқа да
тармақтарына қаржы болу ұдайы қысқаруда, ал зейнетақы, жәрдемақы,
стипендия, бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы төлеу кейде
кешігіп жатады. Азаматтар үшін мемлекет есебінен тұрғын үй құрылысын
жүргізудің, медициналық, мәдени-ағарту, ғылыми, мектеп, спорттық
объектілерді салу бағдарламалары қысқартылды. Дағдарыстан шығу жағдайды
түзетіп, мемлекеттің әлеуметтік саладағы қызметін қалпына келтіруге
мүмкіндік береді.
Мемлекеттің ішкі функцияларына сондай-ақ мына төмендегілер жатады:
І-тарау. Мемлекет теориясынын негіздері
• идеологиялық, бұл функцияның мақсаты — халықтын арасында мемлекеттің
саясатын түсіндіру, осы азаматтардың көпшілік тобының қолдауы мен
мақұлдауын қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарын, ғылыми-білім беру,
мәдени-ағарту және мекемелердің басқа да идеологиялық бағытын аталған
міндеттерді шешуге жұмылдыру. Мемлекет азаматтар санасының үкімет саясатын
қолдауға немесе оғся бүтіңні мсы мен шаруашылық кан адалыққа негізделуіне
және оппозициялық-сыни идеяларды қабылдамауына (немесе тіпті шамалы ғана
қабылдауына) мүдделі. Әдетте, мемлекет идеологиялық функцияны қамтитын
мақсаттарға қол жеткізу жолында қаржы алмайды, оны жүзеге асырушы мекемелер
жүйесін құрады, ниеттес және рухы жақын мемлекеттік емес құрылымдар
қымзметін қолдайды;
• қорғаушы, бұл функция конституциялық құрылымды сақтау мен нығайту,
мемлекеттік және қоғамдық, қауіпсізділікті, заңдылықты, құқық тәртібін,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, әлеуметтік және
ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты реттеу, қылмыспен және құқық
бұзушылықпен күрес, мемлекет жарлығын қоғамдық өмірге қатысушылардың
барлығының сақтауына қол жеткізу міндетін шешуге бағытталған. Мемлекет сот,
құкық қорғау органдарының және осы функцияны жүзеге асырумен айналысатын
билік құралдарының ұйымдастыру-мәжбүрлеу жүйесін құрады, олардың қызметін
каржыладырады, оның тиімділігін арттыру шараларын (нормативті реттеу,
бақылау және оперативті басқару жолымен) қабылдайды, оның халық үшін
қолайлы және ашық болуын камтамасыз етеді, қажеттілігіне қарай үкіметтік
емес қүқық, қорғау ұйымдарының жұмысын қолдап отырады;
• экологиялық, бұл функция айналадағы ортаны қорғауды, табиғат
байлықтарын сақтауды мемлекет тарапынан атқарылған қызметті қамтиды.
Қазіргі кезеңде мемлекет ғылыми-техникалық прогресті жедел дамытудан және
адамдардың қызметінің басқа да түрлерінен болатын табиғатқа төніп тұрған
қауіпті ескеріп, олардың зардаптарын болдырмауға, ластаушы көздерді жоюға,
айналадағы ортаға келетін зиянның басқа да түрлерін қысқартуға тиіс. Ол
қоғамдық өмірге араласушылардың барлығынан да жануарлар мен өсімдіктер
дүниесін, атмосфсралық ауаны, басқа да табиғат ресурстарын ұтымды да үнемді
пайдалануды талап ете алады, табиғат тепе-теңдігінің бұзылмауын
қадағалайды, айналадағы ортаны қорғауға байланысты жалпы мемлекеттік және
аймақтық бағдарламаларды жасап, жүзеге асырады. Қазақстанда осы жүйені
басқаратын және аталған қызметтерді атқарумен тікелей шұғылданатын табиғат
ресурстары және айналадағы ортаны қорғау министрлігі арнайы құрылды.
Бүгінде адамзатқа экологиялық қатер қаупі тоніп тұрғандықтан, ал жекелеген
мемлекеттердің оны жоюға күш-мүмкіндігі жете бермейтіндіктсн, бұл бағытты
бірнеше мемлекеттердің қызметін үйлестіру қажеттігі туады. Сондықтан,
экология саласында халықаралық, (БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар
шеңберінде) және мемлекетаралық бағдарламалар жасау, сонымен бірге бірқатар
мемлекеттердің келісімімен жүргізілетін іс-қимыл тәжірибесін тарату кең
өріс алуда,
Сыртқы функциялар халықаралық қатынастар саласына қатысты және оның
сыртқы саяси міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін мемлекет кызметінің
бағыттарын қамтиды. Ішкі функциямен салыстырғанда олар, әдетте, басымдық
таныта алмайды; керісінше ақыр соңында біріншісінен туындайды, олардың
табысты жүзеге асырылуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бейім тұрады.
Мемлекеттің сыртқы функцияларының ішінде елдің қорғаныс функциясы
маңызды орын алады. Оның мақсаты басқа мемлекеттердің тарапынан болатын
қауіп пен олардың агрессиялық әрекеттеріне қарсы тұру және қарсылық көрсету
мүддесіндн әскери потенциалды құру және байыту. Қорғаныс функциясы бейбіт
уақытта және соғыс кезеңінде әр түрлі болады: бірінші жағдайда әңгіме
агрессияға қарсы дайындық, әскери күш пен жауынгерлік техниканы алдын ала
жинастыру және жетілдіру, армияның бүгінгі күнгі күрестің барлық түрлерін
меңгеру туралы болса, екінші жағдайда - мсмлекеттің және оның армиясының
қарсыластарымен жауынгерлік шайқастар мен басқа да операцияларға шын
мәнінде қатысуы. Алайда, қандай жағдайда болса да мсмлекет аталған
функцияны жүзеге асырумен айналысатын, қорғаныс министрлігі басқаратын кең
тармақты органдар жүйесін құрады, армияны және қарулы күштің басқа да
түрлерін ұстайды, оларды жинақтаудың жәнс олардың жұмыс істеуінің тәртібін
анықтайды, әскери қызметке шақырылатын азаматтардың құқықтары мен
міндеттерін реттейді, солдаттардың офицерлер мен генералдардың озара қарым-
қытынас принциптерін бекітеді, армияны жаңа қару-жарақпен және техникамен
жарақтандырумен, оны азық-түлікпсн, киім-кешекпен, материалық-ұйымдастыру
құралдармен қмтамасыз еумен айналысады.
Мемлекеттің басқ бір сыртқ фнкциясы – көршілес, сондай-ақ басқа
мемлекеттермен қатынасты жөндеу функциясының да мәні зор. Мұндай қатынастар
мемлекетке әлемдік қоғамдастыққа кіруге, онда толық құқықты субъекті және
партнср ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Олардың нысаны әр түрлі -
дипломатпялық қатынастар, қоғамдық бірлестіктер, коммсрциялық құрылымдар
жағынан байланыстар. Мемлекеттер арасындағы қатынастарға ресми сипат пен
жария мәртебе беретін дипломатиялық қатынастар ерекше роль атқарады.
Олардың шеңберінде мемелекеттер арасында саяси, сауда-экономикалық ғылыми-
техникалық, мәдени және басқа да байланыстар нығайып, көптеген өмірліх
мәселелер өзара түсіністік негізінде шешіледі. Белгілі бір жағдайларда (екі
жақтың да ұмтылысы мен пайдасы болған кезде) мемлекетаралық қатынастар
тығыз ынтымақтастық пен өзара көмек қатынасына айналуы мүмкін, ол жасалатын
келісім-шарттардан (мысалы, достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы
келісімдер), сондай-ақ олардың үкіметінің міндеттемелерін сақтауына көбірек
көңіл бөлуінсн, бастамаларды өзара қолдаудан, аталған мемлекеттердің сыртқы
саяси акцияларын үйлестіруінен көрініс табады.
Қаралып отырған функцияны жүзеге асыруға жалпы-мемлекеттік органдармен
қатар (мемлекет басышысы, үкімст), арнаулы (сыртқы істер мииистрілігі мен
оның қарауындағы көптеген құрылымдар) органдар да қатысады. Олардың қызметі
ішкі заңдармен, сондай-ақ халықаралық-құқықтық актілер жүйесімен егжсй-
тегжейлі реттелген.
Кейбір мемлекеттер бұған дейін бөтен аумақты басып алу функциясын
белсенді орындады. Әңгіме олардың басқа елдің аумаған зорлықпсн жаулап
алып, оларды осыдан-туындайтын барлық салдарларымен қоса (халықтан аса ауыр
алымдар мен салықтар жинау, оларды аяусыз жұмсау, байлықтары мен
құндылықтарын, тәуір жерлері мен жайылымдарын иемдену, отарлап басқару
режимін бекіту) өзіне қосып алуы туралы болды. Отарлау жүйесінің құлауы
аталған мемлекеттерді бұл функциядан бас тартуға мәжбүр қылды. Бірақ қазір
де жекелеген жағдайларда, өткеннің қалдықтары көрініп қалады (мысалы, 1990
жылы Ирактың Кувейтті басып алуы), алайда олар әлемдік кауымдастықтан
ұйымдасқан қарсылықтарға тап болып, сондықтан да мемлекет қызметінің дербсс
бағытын ала алмауда.
Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы үшін өткеннің статистік
бұрмалауларын және одан туындайтын қоғам істеріне мемлекеттік араласудын
әлсіреуін теңумен байланысты мемлекеттің кейбір ішкі функциялары таралып
оларды жүзеге асырудың нысаны мен әдістері демократияландырылады.
1.7. Мемлекеттің механизмі
Мемлекет механизмінің ұғымы. Мемлекеттің көп қырлы қызметі өзінің
сипаты мен табиғаты, тікелей бағыты мен қалыптасу бағыттары, функциялары
мен өкілеттіктері, жұмыс нысандары мен әдістерімен ерекшеленетін әртүрлі
мемлекеттік құрылымдар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Оларды комплексті
пайдалану мемлекет мұқтажын қанағаттандыруға, олардың алдында тұрган
міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылған мемлекеттік құрылымдардың барлығын бірнеше түрге
бөлуге болады. Олардың ішінде мемлекеттік механизмнің маңызды буынын
құрайтын мемлекет органдарының шоқтығы бөлек. Оның басқа бір буыны болып
биліктің айырықша ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-мәжбүрлеу құралдары
(армия, полиция, түрме, барлау және контрбарлау) табылады. Мемлекеттік
құрылымның үшінші бір түріне келстін болсақ (бұл жерде мемлекеттік
шаруашылық, әлеуметтік-мәдени және басқа ұйымдар, мекемелер мен
кәсіпорындар айтылып отыр), ол мемлекеттің механизміне тікелей кірмейді,
тек жанап қана өтеді.
Мемлекет механизміне орасан зор роль берілген. Ол іс жүзінде
мемлекеттік билікті жүзеге асыруға міндетті. Барлық биліктік жетекшілік,
басқарушылық, бақылаушылық, ұйымдастырушылық және реттеушілік қызмет —
мемлекет механизмінің шексіз құқығы. Мемлекеттің саясаты, оның стратегиялық
бағыты, тактикалық міндеті мемлскеттің механизмімен жасалып, сонымен
түзетіліп, жүзеге асырылады.
Мемлскет механизмі дегеніміз, мемлекет алдында тұрган міндеттерді шешу
үшін, оның функцияларын іс жүзіне асыру үшін құрылған мемлекеттің барлық
органдарының сондай-ақ биліктің ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-мәжбүрлеу
құралдарының жүйесі.
Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде
мемлекеттік аппарат түсінігі дс кеңінен пайдаланылады. Әрине, бұл
түсініктердің ара қатынастары туралы мәселе туады. Мазмұны жағынан бір
бірімен өте жақын және көп жағдайда бір біріне сәйкес келгенімен, алайда
олардың айырмашылықтары да бар. Ол айырмашылық мынада: мемлекеттік аппарат
мемлекет мехаимзмінің мемлекеттік қызмет приициптеріне негізделген
буындарын ғана қамтиды. Сондықтан да мемлекеттік аппаратқа, мысалы
жергілікті өкілді органдар, қызметші болып табылмайтын, депутаттық қызметі
үшін мемлекеттен ақы алатын депутаттар кірмейді. Сөйте тұра, жергілікті
өкілді органдар, күмән жоқ, мемлекет механизмінің бір бөлігі болып
табылады.
Мемлекет механизмінің ерекшеліктері, оны ұйымдастырудың қызметінің
принциптері. Мемлекет механизмінің маңызды ерекшелігі, оның барлық
буымдарының ішкі бірлігінің болуы. Бір организмнің (мемлекеттік) бір бөлік
болып отырып, олар бір бірін қарсы келмеулері керек. Керісінше, олар күш
біріктіріп, адамдардың түрлі саладағы тіршілік-тынысын қамтып, қоғамды
біртұтас басқаруды қамтамасыз етулері керек. Олардың тарапынан алауыздық
мемлекет саясатын жүргізуге қайшы келетін әрекеттер жасау орынсыз болмақ.
Сөйтсе де, мұндай бірлік әр түрлі мемлекеттік органдардың функцияларын
араластыру мүмкіндігін білдірмейді. Ол оларды арасындағы құзіретті тиімді
бөлісуді жоққа шығармайды, болжайды. Мемлекет механизмінің әрбір буыны
өзіне тиісті салада еңбекке айқын шек қою мен бөлудің негізінде
қайталаушылыққа жол бермей, нәтижесінде мемлекет алға қойған ортақ
міндеттерді мемлекет қызметінің түрлі субъектілерінің күшімен орындап шығу,
қамтамасыз ететіндей әрекет етуі тиіс.
Мемлекет механизмінің ішкі бірлігі туралы ережені талдап түсіндіре
келіп, биліктің салыстырмалы түрдс үш дербес әрі тәуелді тармақтарының (заң
шығару, атқару, сот) бар екендігін ескере кеткен артық болмайды. Олар бір
бірінен окшауланған, әр түрлі нақтылы міндеттерге акцент жасайды, және
түрлі істермен айналыса отырып, тек өздеріне ғана тән қызмет нысанын
пайдаланады. Бұл факт билікті болу теориясында (Д.Локк, Ш.Л.Монтеск
ТДжеффереон және т.б.) негізделген, бұл теория қазір күннен күнге кеңінен
қолданыс табуда. Бүгінде оның ережелерімен принциптерін әлемнің көптеген
елдері конституциямен бекітіле берді. Барлық биліктің бір органда немесе
бір лауазымды тұлға шоғырлануына қарсы екендігін айтып, оны мемлекет
механизмінің үш тармағының арасында бөлудің пайдасына аргументтерін
келтіріп отырып, билікті бөлу теориясы:. 1) олардың тежемелік әрі тепен
теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасауынын қажеттілігін; 2)
бір биліктің басқа билікті функциясын орындау жолымен алмастыруына жол
бермеуді; 3) билік құрылымдарының өзіндік балансын белгілеуді бекітеді.
Мемлекет механизмінің ұйымдастыру мен
қызметінде белгілі бір принциптер бар, солардың арқасында ол нақтылы
өзгешелікке, тұтастыққа, дербес рәсімделуге және тәмәмдалуына ие болады.
Олардың қатарына мына төмендегілерді жатқызуға болады:
• барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың конституцияны,
заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді мүлткісіз орындауы басты
талабы болып табылатын заңдылык принципі;
• мемлекеттік тәртіп пен төменгі тұрған органдар бастама көрсеткенде
және оны қолдаған кезде тәртіпті сақтауға мүмкіндік беретін барлық
мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың иерархиялық принципі және
олардың өзара қарым-қатынасы;
• мәнісі мемлекеттік мәселелерді дер кезінде көтеріп және оны шеше
білуге келіп тірелетін, толғағы жеткен қоғамдық дамудын қажеттіліктерін
анықтау және оларды мемлекеттік-құқықтық нысандарда тұлғалап білдіретін
жедел басшылықтың, меңгерудің және бақылау принципі;
• мемлекет қайраткерлерінің берілген өкілеттіктер шеңберінде нақтылы
жағдайдың ерекшеліктерін ескере отырып дұрыс шешім қабылдай білуінен
тұратын кәсіпқорлық пен құзыреттілік принципі;
• жариялылық принципін жүзеге асырудың нәтижесіеде мемлекет механизмі
демократиялық сипат алып, жұртшылыққа ашық та түсінікті бола алатындығы
мемлекеттің өзінің негізгі әлеумметтік міндеті болып табылатын халыққа
қызмест ету шараларында халықтың мүддесін ескеру принципі.

Жоғарыда аталған принциптерді санамалап шығу – бүгінгі таңда мемлекет
механизмінің қызметі ұйымдастырылып, толық жүзеге асырылды деген сөз емес.
Сөйтсе де олардың маңызын кемітуге болмайды, өйткені олар мемлекет
механизміне кіретін органдар мен лауазымды тұлғалар қол жеткізуге тырысатын
жетістіктерге эталон ретінде қызмет етеді.
Мемлекеттің органы және оның мемлекет механизміндегі орны.
Мемлекттің органы мемлекет механизмінің "алғашқы клеткаларының" бірі
болып табылды. Мұндай органдардың жиынтығы мемлекет механизмінің басты
буынын құрайды. Мемлекеттік органның өзіне тән сипаты мек белгісі
анықталған жағдайда ең алдымен оның мемлекеттің құрылымдық компоненті
екендігін негізге алу қажет. Сондықтан мемлекеттің жалпы сипаты
(егемендігі, өктемдігі, мемлекеттік аумақ шегіндегі қызметінін жалпы
сипаты, адамдардың мемлекетке азаматтық тиістілігі негізінде жалпы халықты
қамту) мемлекеттік органдардын сипатына өзінін белгісін түсіреді, олардың
әрқайсында өзгеше ұйғарылады. Тұтас нәрсенің бір бөлігі ретінде (мемлекет
және онын механизмі) мемлекеттік органда қандай жағдайда да тұтастық сипаты
болады. Оның қандай құқықтары болса да, қүзыреті басқа құрылымдардың
құзыретінен қалай ерекшеленсе де, мемлекеттің атынан, билікті жүзеге асыру
құралдарының бірі ретіндс қызмет ететіндігі маңызды.
Алайда, бірқатар мағынасы бар жоғарыда аталған нұсқаулармен шектеліп
қалу жеткіліксіз, өйтсе де олар мемлекет органдарының ерекшелігін ашып
көрсете алмайды. Соны анықтау мақсатында бірқатар жалпы мемлекеттік
органдардың ерекшеліктерінің бірі ретінде мемлекеттік-билік өкілеттіктері
туралы ережені ұсынды. Өздерінің басқару және ұйымдастыру қызметінде олар
азаматтардың барлығына немесе белгілі бір қатегорияларына, лауазымды
тұлғалар мен ұйымдарға міндетті болатын билік сипатындағы жалпы немесе
нақты ұйғарымдар беруге құқылы. Бұл ұйғарымдар аталған органнын моральдық-
қоғамдық беделіне ғана емес, мемлекеттік-мәжбүрлеумен қамтамасыз етуге де
сүйенеді.
Мемлекеттік органдардың басқа сипаттағы белігілеріне мыналар жатады:
• олардың әрқайсысын конституцияның, заңдар немесе басқа нормативтік
құқықтық актілер негізінде құру;
• мемлекеттің олардың әрқайсысының алдына қойған міндетінің ұйымдық
құрылым мен қүзіретінің ауқымына сәйкес келуі;
• қызметтін олардын өздеріне ғана тән айрықша нысандары мен әдістерін
пайдалануы.
Мемлекет механизмінің маңызды буындарының сипаттамасы. Заң ғылымында
мемлекеттік органдарды мемлекет функциялары бойынша топтастырудың мүмкін
еместігі туралы қалыптасқан пікір дұрыс, өйткені олардың көпшілігі бір ғана
емес, екі немесе одан көп функцияларды жүзеге асыруға қатысады. Сондықтан
мемлекеттік органдарды топтастыру үшін басқа негіздемелер алынады. Олардың
ішінде ең көп тарағаны - өздерінің тікелей қатысы бар билік тармақтары
бойынша топтастыру болып табылады. Бұл негіздеме бойынша барлық мемлекеттік
органдар 1) заң шғгарушы және өкілді; 2) атқарушы; 3) сот органдары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің органы және оның мемлекет механизміндегі орны
Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі ретінде
Мемлекет және құқық теориясының пәні және белгілері
Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі туралы
Мемлекет және азаматтық қоғам идеясын және оны қалыптастыруды зерттеу
Ертедегі алғашқы қауымдық кезеңі
Мемлекет туралы қалыптасқан теориялар
Қоғамның даму кезеңдерін анықтаудағы негізгі көзқарастар
Мемлекет типтері
Мемлекет және азаматтық қоғам
Пәндер