Монғол империясының құрылуы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

І Тарау.

Моңғол империясының құрылуы

ІІ Тарау.

Шыңғысхан - ірі әскери және мемлекет қайраткері

ІІІ Тарау.

Шыңғысханның сыртқы саясаты

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

ХІІІ ғасырдың басында саяси дамуда ірі өзгерістер болды. Оған негіз болған себептердің біріне сол кездегі саяси аренада пайда болған негізін Шыңғысхан құрған Моңғол мемлекеті жатады. Бұл мемлекет өзі құрылған күннен бастап ақырына дейін сол кездегі саяси дамуға көп әсер етті.

ХІІІ ғасырдың басында Шыңғысхан бастаған көшпелі Моңғол тайпалары Азия мен Европаның көптеген бөлігін басып алып, Моңғол империясын құрды. Шыңғысхан армиясы Найман ханы Күшік билік еткен Қарахан (1219ж) және Хорезм (1219 - 1221 жж) мемлекеттерін аз ғана уақыттың аралығында талқандады. Закавакзьеге басып кірді, 1236 -1240 жылдарды Қыпшақтарды, Еділ - Кама булгариясын және орыс кньздықтарын, Шығыс Европаның көптеген жерлерін өзіне бағындырды.

Аз ғана уақыт аралығында осыншама тез және кең территорияны өзіне бағындырған Шыңғысханның әскери басшылықтағы орны қандай еді, ол соншама кең территорияны көп уақыт бойы қалай бейледі деген сұрақтарға бүгінгі күні зерттеушілер жан - жақты талдау жасап жүр. Шыңғысханға кеңес дәуірі тұсында дұрыс баға берілмей, оның жорықтарын тек қана қанқуйлы, қатыгез адамның іс - әрекеттері ретінде көрсетті, ал оның сол кезде тарап жатқан, бытырап кеткен өз тайпаластарының басын қосып ірі мемлекет құрғандығын, оның ірі мемлекет қайраткері бола отырып, көптеген территорияны өзіне аз уақытта бағындыра алған, оны ірі, қатал да тәртіппен құрған армиясын күшімен үнемі ұлғайтқан соғыс әдістерін жақсы меңгерген ірі қолбасшылық қабілетін көрсетпеді, айтпады. Сондықтан да бүгінде әр халық өзінің тарихына қайта үңіліп көз салар кездер өткендегі Шыңғысханның дәуіріне де қайта оралар кез келді. Сондықтан да бұл мәселе төңірегінде әлі де көп зерттеулер, еңбектер және мақалалар жарық көріп, ол сол кездегі тарихқа әділ сын берер Шыңғысханның жеке тұлға ретіндегі орнын көрсетер кез туған шығар.

ХІІІ ғасырда Азияның көптеген бөлігі мен Европаның шығысы татарларға бөлінді. Бұл көшпелі халық тайпалары бірігіп, өмір сүрген кез еді. Осы халықтың басын қосып, өз билігін жүргізген адам алғашыңда Онон, Керулен өзенінің жағысында, таулы аймақты қоныстанаған бірнеше тайпаның көсемі болатын. Өз бәсекелестерімен күрес нәтижесінде оларды жеңіп, өсіп, өмірдің сынынан өткен ол Темучин еді. Ол Моңғол тайпаларының басын құрап, татар халқын бірнен соң бірін бағындырып, 1206 жылы өз хан етіп тағайындады. Ол үкімет басына келген күннен бастып көрші жатқан тайпаларды, мемлекеттерді бағындыруды мақсат еткен еді. Осы мақсатына жету үшін ол армияны қайта құрып, жасақтарын берік тәртіпке бір орталыққа бағындырды.

Ол Шыңғыс хан деген атақ алып бірі - бірімен бұрыннан жауласып жатқан тайпаларды тәртіпке келтіру үшін әскери жасағын өте қатал тәртіп негізінде құрды, «Ясы заңдар» жинағын шығарды.

Бұрын татарлар тәуелді болған қытайды Хуанхе өзені бойына дейінгі жерлерді бағындырып, өзінің тәжірибелі қолбасшы, күшті де тәртіпті атты әскерлері нәтижесінде көп табыстарға жетті.

Трансоксония, Хорезм мен Персияны жаулап алып, тікелей оларды өз заңына бағындырды. Әскерлерінің бір бөлігі Қытайды жаулап жатса, екіншісі Үнді, Ефрат өзені бойын, Грузия арқылы Қаратеңіздің солтүстігін, Қырымды, Ресейдің бір бөлігіне, Волга бойын бағындырды. Шыңғыс хан Парсы жерін жаулап алып, Қытайдағы Тангут жеріне келіп, балаларына жаханды жаулап алуды аяқтауды өсиет етіп, сырқаттан қайтыс болды. Оның бірінші мирас қоры Үгедей кезінде моңғолдар Каспий теңізінің солтүстігін, Кваказ, Қара теңіз жағалауын, Ресейді жаулап алды (1238-1243 жж) .

Польша мен Венгрияны, Кіші Азияны, Бағдат халифатының тағын құлатып, бүкіл Қытайды, Тибет, Индияның бір бөлігін жаулады. Сөйтіп оның мұрагерлері Шыңғыс ханның соңғы тілегін оның өлгеніне жарты ғасыр толғанда орындап бүкіл Азия жерін бейледі.

Бұл империя жер көлемі жағынан бір әміршіге өте көп еді. Кейін ол төрт жеке дара бөлікке бөлінді.

Қытай, Тибет, Татар және Алтай тауына дейін Шыңғыс ханның баласы Үгедей үлесіне, төртінші мұрагері кейін астананы Пекинге көшіреді. Қалған моңғолдың үш билеушісі осы әміршіге тәуелді болды. Алтайдан Амударияға дейін Шағатай үлесі, Каспий теңізінің солтүстігінен қара теңізге дейін Жошы ұлысы. Найман жері мен Моңғолдың Шығыс бөлігі Төле үлесіне тиді. Олардың құдырет күшінің өсуіне қарсыластарының сөзссіз бағынуы себеп болды. Басып алған елдермен жерлерді билеу тағы өзінен кейін балаларына қалып отырды1.

Шыңғыс ханның қаулысы бойынша жоғарғы өкімет басына билікке, патшаның өз семья мүшесі ғана отыруға тиісті болды. Ол жалпы жиналыста сайланады. Уақыт өте келе мирас қорлар арасында алауыздық пайда болып саяси дағдарысқа ұшырады. Бұның өзі кезінде дүинені дүрсілкіндірген Шыңғыс құрған керемит империяның біртіндеп ыдырай отырып құлауына алып келді, сөйтіп ХҮ ғасырдың аяғында құлады. Осындай әлемді жаулап алушы Моңғол ұлы державасын құрған Шыңғыс хан қазіргі таңда бізге мықты қолбасшы, әрі қатыгез, адал сұраптаушы ретінде белгілі.

Бізге Шыңғыс ханның өмірі өзінің іс - әрекеттері, жорықтары туралы деректер бізге келіп жеткен. Осындай Моңғол империясы туралы және Шыңғыс хан туралы бас бейінені бізге Шыңғыс жазушылары жазған деректерден келіп жеткен. Олардың қатарына жататын

1) Парсы тарихшысы Рашид - ад - дин жазған «Шежіре жинаты»2.

Бұл жинақ ХІV ғасырда Шыңғыс хан тұқымынан шыққан Газанхан кезінде жазылған. Шығыс ғалымдары еңбегінің нәтижесінде бұл кітап бірінші болып тұр. Рашид-ад-дин моңғол имериясы кезіндегі Иран ханның минстрі болып, ханның кітапханасынан моңғол дуп деректерін зерттеп, бізге дейін жетпеген «Алтын дәптері көшірмесін» көшірген. Келесі Шыңғыс және оның мұрагерлері туралы жазбаша деректер қатарына жататын төмендегі еңбектер:

Араб жазушысы Ибн-аль-Асирдын Мисопотамияда жазылған «Хроника» еңбегі, Парсы жазушысы Джузджаниядын 1260 жылы басылған Индияда «Насыр» таблицасы, Парсы тарихшысы Жувейнидің моңғол түп деректеріне сүйене жазылған «Жаханды жаулап алушы тарихы» әлемге әйгілі. Сол сияқты моңғол халқының тарихи ескеркіші, Моңғол тілінен аударылған «Моңғолдың купия шежіресі»3.

«Купия шежірені» көптеген елдердің аты Шулы тарихи әдеби шығармаларымен теңестіруге болады. Оны жазған адам белгісіз болса да, оның қолында соңында былайша жазылған: «Ұлы Құрылтай шақырылып, тышқан жылының (1240 ж) мизам айында Кеуленге хан ордасы қонып жатқан кезде аяқталған»4. Бұл әдеби шығарма болғанымен, ХІІ ғасырда Моңғол ірі империясы орнаған шақта Моңғол елінің ішінде болған оқиғаларды шындықпен баяндап көрсеткендіктен тарихи аса маңызды дерек болып табылады. Мұнда моңғолдардың шет елге шабулы туралы жазылмаған. Әйткенмен Моңғол әскерінің батыстағы елдерге шабуылы туралы оқиғаны Рашид- ад-дин жазған « Моңғол тарихы» генерал Ибаннинің «Военное искуствои завоевание монголо - татар и средние - азиатских народов и при Чингиз - хане и Тамерлане» атты кібатында толық көрсетілген5. Онда моңғол әскери өнерімен ондағы армия ішіндегі ерекше тәртіпке жан - жақты тоқталған. Сонымен бірге К. Д. Оссонның «Моңғол тарихы» деген үш томдық кітабында толық мәліметтер берілген6. Моңғол әскерінің әскери саяси құрылысы туралы Эренжан Хара - Даванның «Чингиз хан - полководиц и его насследие» деген кітабында әскери қолбасшы ретінде толқы көрсетілген7.

«Купия шежіре» туралы Владимирцов былай деп жазған: «Орта ғасыр кезінде бірде ел, дәл моңғолдар тәрізді тарихшылар назарын аударған емес деп айтала алатындаймыз, нақтылы болған өмірдің ақиқат - шындығын айтала алатындай, бейнелеп көрсеткен» Купия шежіреден тарихи ескерткіш бірде - бір көшпелі елден қалған емес8.

Неміс тарихшысы д-р Ф. Э. Краузер Шыңғыс - ханға мынадай сипаттама берді: «Моңғол тарихы негізінен Шыңғыс - ханнан басталады. Тарап жүрген көшпелілердің басын қосып, бүкіл Азияны жаулап алу - бұл Шыңғыс - ханның жеке қолының күші. Шыңғыс - хан басып алған елін өзіне бағындырғанымен, оның мәдениетіне, дініне ешқандай әсерін тигізген емес. Тайпаның басын құрап, бәсекелестерінен өшін алған Шыңғыс хан өз алдына бір бағыт ұстады. Ол әлемді жаулап алу еді. Оның өмірінің өзі осыған бақытталды. Шыңғыс хан мұрагерлері әкесі жүрген жолын ұстап, тек қана өз даласына емес, Азияны бүкіл мәдениетті қалаларына, «Шыңғыспен Батысқа ие болды. Осындай мақсатпен Шыңғыс хан бүкіл дүние жүзі тарихы ішіне енгізер ем» - деген9.

Ал ағылшын жазушысы Корольд Лэм Шыңғыс ханға былай сипаттама берген: «Европа даласында кеменгер қолбасшы ретінде бізге Наполеон белгілі еді». Напалеонның жорығында әскерінің бір бөлігін Египет жерінде өз тағдырымен қалдырса, қалғанын Ресейдегі карта тастады. Оның империясы көзі тірісінде қулап, баласы мирас қор болудан айрылды. Шыңғыс ханға тең кемеңгерді іздеу үшін Александр Македонскийді айтуға болады. А. Македонский өз әскери фалангасымен Шыңғыс шығысқа Элиндік білімді қарастырған. Осы екі жаулап алушы өз данқының арқасында әлі күнге дейін Азия халықтарының ертегісінде жүр. Бірақ өздері өлгеннен кейін қолбасшылары патша тағына таласып, баласының қашуына алып келді. Ал Шыңғыс ханның ұрпақтары әлемнің жартысын биледі10.

Шыңғыс ханға баға беру туралы ағылшын жазушылары көп еңбек сіңірген. Ал қазіргі кезеңде осы Шыңғыс хан тұқымынан қазақ хандығы пайда болды деген пікірлер бар. Мысалы: «қазіргі таңда Қазақстандық тарихнамада қазақ хандығының шығу тегі туралы мәселе бойынша екі бағытта пікір лер бар: ол толық айқындалмай отыр. Алғашқы пікірді қолдаушылар қазақ хандарының шығу тегі Жошының үлкен ұлы Орда Еженнен бастау алады деп көрсетке, ал кейбір тарихшылар қазақ хандарын Жошының кенже ұлдарының бірі - Тұқай Темірден тараған деп дәлелдейді. Бұл жерде бұл екі дерекке сүйеніп отыр: «Жамих - ат- тауарихда», «Жошы ұрпақтарының шежіресінде» атты бөлімде Шайбани - хан - Шахбутах - Әбілқайыр, - Даулетшейх - Ибрагим - Болат - Мынтемір - Бадагүл - Жошы бұқа - Бахадур - Шайбан-хан - Жошы - Шыңғысхан. Бұл жерде Шайбана ханның оныншы атасы Шайбан хан Жошыфның бесінші ұлы деп жазылады.

Ал қазақ хандары Бұрындық пен қасымхан шежіресі бойынша: Шыңғысхан - Жошы - Тұқай Темір - Әз Темір - Қожа - Бәдік - Орыс хан - Тоқтахия - Болат - Керей - Бұрындық - Шайқым - Жармұхаммед болып келеді де, ал Орыс ханның Қойыршық атты ұлының Барақ, одан Жәнібек одан Қасымның өрбігендігін жазады. Яғни, Тұқай-Темір Жошының онбесінші ұлы етіп көрсетіледі. Сонымен қазақ хандарының арғы атасы - Жошының үлкен ұлы Орда Еженнен тараған десек қателеспейміз. 11

1. Монғол империясының құрылуы.

ХІІІ ғасырдың басында Орталық Азия жерін Енисейден Ертістің жоғарғы сағасына дейінгі жерді Түркі тілдес халықтар мекендеген. Олар ежелден көшпелі малшаруашлығымен айналысқан, тайпалық құрылыста өмір сүрді. Моңғолдықтар руға және ұлыстарға бөлінді.

ХІІ ғасырдағы Моңғол қоғамы үш топқа бөлінді, ақсүйектер қарапайым халық және құлдар. ол кезде моңғолдар Шаманға бағынған, яғни көкке табынған, «Моңғол» деген ат Х-ғасырдан бастап белгілі болды. Ұлы Қытай қорғанына жақын орналасқан оңтүстік бөлігін Қытайдықтар «ақ татарлар» деп атаған. Негізгі аты «оңғұттықтар». Солтүстік бөлігін «қара татар» немесе «орман халықтары» деп атаған.

Бұл жерде енді ол қандай халық және олар қайдан пайда болды?- деген сұрақ туады.

ХІІ ғасырдың екінші жартысында Далай-Нұр, Бұйыр-Нұр көлі маңындағы моңғол тайпасының құрамындағы татарлар көшіп жүрді. Олардың батысында Төле өзені бойында мекендеген «керейттер» тұрды, Алтай таулы өңірін, Ертіс өзенінің батыс жағасында «наймандар», солтүсітігінде Онон өзені бойында «моңғол», Саян тауы мен Байқал көлі аралығындағы «ойраттар», Жоңғар тауында «ұйғырлар» мекендеген. Мал шаруашылығымен айналысқан бұл халық жаздық, қыстық жерлерге көшіп-қонып жүрген. Қолында төрт түлік мал, соның ішінде жылқы мен түйені көп ұстаған. Қыста аң терісінен жасалған киім киген, әйелдері биік бөрік киген. Малдың жүнінен жіп, сүйегінен найзаға ұштық, кепкен көңін отын ретінде пайдаланған. Негізгі тағам осы мал болған. Сүйікті тағам ретінде жылқы етін қолданып, етті кептіріп сақтаған. Әртүрлі аң еттерін пайдаланып, жылқы қымызын сусын ретінде пайдаланған.

Олар қыста жайылымдық жерге, жазда тау өңірін мекендеген тайпаларын белгілі бір өз территориялары болған. Тағы бір ерекшелігі моңғолдықтар бірнеше әйел алып, әрқайсысына қадың мал төлеп отырған. Әрбір әйелінің жеке үйі, шаруашылығы болған.

Әкесі қайтыс болған жағдайда, баласы оның жесірлерін алуға тиіс. Негізгі үйі жиналмалы киіз үй, ол әрқашан да Оңтүстікке қаратылып орнатылған. Егер өлікті жерлейтін болса, онда оны үйге көп сақтамай, өз қаруымен, жылқысымен қоса жерлеген.

Аңшылықпен айналысу арқасында моңғол халқы өте мерген болған. Тайпа басы «Ноян» немесе «Тайшы» деп аталды, ол ханға ғана бағынып, бір тайпадан салық жинап отырды.

Осылай көшпелі малшаруашылығымен айналысып отырған жеке тайпаларды Цзинь империясы біріктірмей оларды өштестіріп, бір-бірімен үнемі айдап салып соғыстырып отырды.

ХІІ ғ. осы саясатқа байланысты Цзиньдықтар татарларды моңғолдарға қарсы қойып, бірнеше тайпа басын біріктірген Қабыл - қаған құдіретін жойды. Ол кезде олар «қара татарлар» - деп аталған еді12.

Тимучин, болашақ Шыңғыс-хан 1155 ж февраль айында «Онои» өзені бойында дүниеге келген. Оның әкесі Есукей батыр моңғолдардың боржігіт тайпасынан шыққан, ру басы. Есукей батыр, ер жүрек, өзге моңғол тайпаларымен, әсіресе татарларға қарсы шабуыл жасап отырған. Оның аты аса үлкен құрметпен моңғолдарға белгілі болған. Оның әртүрлі тайпалардан бірнеше әйелі болған. Біріншісі Ұлын Еке, Темучиннің шешесі. Есукей батыр мен Ұлын Екенін біріншісі. Сол кезде Есукей батыр басшылығымен татарларға қарсы жорыққа шығып, жеңіспен олжалф оралып келе жатқан кезінде, татар ру басының қолына қолға түседі. Оның аты Темучин болған, баласынан сол батырдың атын қойған екен. Бірнеше ғалымдардың айтуы бойынша «Темучин» - «Темірші» деген мағынаны білдіреді. Ежелгі көшпелі халықтар арасында туыстас, ру-тайпалар ішінен қыз алыспайтын әдет өмір сүрген, сондықтан үнемі өзге тайпалармен қыз алысып, құдаласып отырған13.

Шыңғыс-ханның шешесі Ұлын Еке қоңыраттың қызы еді. Есукей батыр өзінің баласын Темучинге нағашы жұртын қоңыраттан қыз айттырмақ болып, Темучин 9 жасқа толғанда Қоңырат ұлысындағы Тай шешенге барады. Тай шешеннің екі ұлы, бір қызы болған. Үлкен ұлының аты Алшы ноян, қызының аты Бөрте. Сол Бөрте екенді айттырмақ болып, құдалыққа сөйлеседі. Өз салты бойынша бір-біріне сый тартып, балаларының бой жетуін күтеді. Құдалықтан қайтып келе жатып, Есукей батыр татарлардың қолынан уланып, бірнеше күннен кейін қайтыс болады. Темучин 9 жасында әкесінен айырылып, шешесі және екі інісімен қалады. Енді Есукей батырдың бұрынға қол астындағы тайпалары жан-жаққа тарап, ыдырап көшіп кетеді.

Елде қалған Ұлын-Еске өте қиын жағдайда өмір сүреді, балалары семьясын асыру үшін аң аулап күн көреді. Ұлын Еке балаларына әкесінің батырлығын, арғы аталары, шыққан тегі туралы, әкесі өлген соң тастап кеткен тайшиут тайпасынан өскенде кек алуға балаларын жастайынан тәрбиелейді. Шыдамды, мықты болып өскен Темучин өзінің батыр болғандығын жас кезінен көрсете бастайды. Бірде оның арғымақ атын ұрлықшылар ұрлап кетеді, сонда ол оларды артынан қалмай қуа отырып, арғымағын қайтарып алады. Сол кезде ол далада келе жатып бір жас жігітпен кездеседі соны кейін өзіне көмекші етіп алады, ол Темучиннің бірінші нөкері болады.

Уақыт өте келе Темучин өз інісі Белгутаймен Тай шешенге барып, қалыңдығы Бөрте Еженге үйленеді, бас киітті қара бұлғын ішікті алып, Тола өзені бойындағы керей ханы Тұғырылға сый етіп тартады. Тұғырыл-хан Темучиннің әкесі Есукеймен «анда» болғандықтан, Темучин Тұғырылды әкем дейді. Тұғырыл-хан Темучин мен замандас адам, оның «он хан» деген лауазымы «Уан хан» дегеннен шыққан, мағынасы «бір елдің әміршісі» - деген сөз14.

Тұғырыл өз кезегінде Жұнғоны билеген Жин патшалығына Алтан ханға көмектесіп, татар тайпаларын бағындырған. Бұл еңбегі үшін алтын хан оған «Уан» атағын берген. Осы хан тұсында керей елі мейлінше күшейіп, ұлан-ғайыр өріске көсіле шыққан. Уақыт өте келе бауырлар арсында алаауыздық пайда болып, таққа таласады. Нәтижесінде Тұғырыл ханның әкесі Құршақыз Бұйрық ханның інісі Горханда таласып, шабуыл жасап, Тұғырылдың жерін иеленді. Ал он хан қашып, Есукей ханды пайдаланды, Есукей батыр Горханмен соғысып, оны талқандап Тұғырылды хан тағына қайта отырғызды. Бұған көңілі көншіген Тұғырыл хан Есукей батырмен «анда» - дос болады15.

Есукей батыр қайтыс болған соң қол астына қараған елі тарап тозып, жетім қалған баласын Темучин және жесір қалған әйелі Ұлын Еке «көлеңкесінен өзге серігі, құйрығынан басқа қамшысы жоқ» ауыр күндерді басынан кешіріп, көзге түрткі болады16. Темучин бұл жағдайдан құтылу үшін әкесі Есукейдің «андасы» Тұғырылға сүйенуге ұмтылды. Ол Тұғырылға келіп «сіз менің әкемнің «андасы» болғандықтан, өз әкеміз, мен үйленген келініңіздің атасына арнаған киітін өзіңізге алып келдім», деп қара бұлғын ішікті Тұғырыл-ханның иығына жабады. Бұған риза болған Тұғырылхан Темучинге «қара бұлғын ішіктің қарымы үшін, тозған еліңді түгел жинап саламын» - деп уәде береді.

ХІІ ғ. өн бойында Моңғолиядағы күшті мемлекет болып келген керей ханы Тұғырылға сүйене отырып, моңғол-ру тайпаларының басын құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моңғолдар мемлекетінің құрылуы
Ұлыс Жошы мемлекетінің құрылуы
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
Юань империясының әлеуметтік жағдайы
Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде. Алтын Орда
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Қазақстан моңғолдардың билігінде
Қазақстан Монғол империясының құрамында
Шыңғысхан және оның ұлдары туралы
Шыңғыс хан және оның жаулаушылық саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz