Ұзақ мерзімдерге бас бостандығынан айырудың құқықтық және әлеуметтік салдары


М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе . . .

Тарау І. Бас бостандығынан айыру жазасының құқықтық табиғаты оның тағайындалуы мен атқарылуының өзіндік ерекшеліктері . . .

  1. 1. Қылмыстық жаза ұғымы және бас бостандығынан айыру жазасының тағайындалуының құқықтық негіздері . . .

1. 2. Бас бостандығынан айыру жазасының атқарылуының ерекшеліктері мен заңнамалық негіздері . . .

Тарау ІІ. Ұзақ мерзімдерге бас бостандығынан айырудың құқықтық және әлеуметтік салдары . . .

2. 1. Ұзақ мерзімдерге бас бостандығынан айырудың түсінігі . . .

2. 2. Ұзақ мерзімдерге бас бостандығынан айырудың құқықтық және әлеуметтік салдары . . .

К І Р І С П Е

Қоғам өмірінің және соған сәйкестікте құқық ғылымының одан әрі дамуы көптеген құбылыстарға деген біздің көзқарастарымыздың өзгеруіне алып келеді. Солардың қатарында жазалау қылмыстылықпен күрестегі бірден бір тәсіл деген ұғым да қазіргі күн тұрғысынан алғанда жеткілікті дәрежеде негізді болып табылмайды. «Кез келген өркениетті қоғамда жазалау қылмыстылықпен күрестегі қажетті, бірақ ең басты құрал болып табылмайды» - деп атап көрсеткен Е. Қайыржановтың пікіріне толықтай қосылу керек [118, 185. ] .

Өкінішке орай Қазақстандағы сот тәжірибесі ұзақ жылдар бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолдануды негізгі бағыт ретінде ұстанып келгендігі рас. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі тиімділігінің әлі де болса жеткіліксіз екендігі анық. Осы ретте қоғам өмірінде басқадай мәселелер пайда болады, атап айтқанда, тәрбиелік ықпал ету шараларының кез келген нысанына қарсылық білдіретін, қылмыстық сипаттағы жүріс-тұрысты өзінің өмір салты ретінде ұстанатын адамдар санаты қалыптасады және де олар қоғам үшін қауіпті болып табылады.

Мамандардың көпшілігі бас бостандығынан айыру жазасына тиімділіктен гөрі мәжүбірлі құбылыс ретінде көзқарас білдіреді [119, 25-27. ] .

Осы тұрғыдан алғанда ұзақ мерзімдерге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның тиімділігінің мәселесі пайда болады. Жазаның тиімділігінің негізіне оның жалпы және жеке сақтандырушылық ықпалдары мен оның сотталғандарды түзеу және тәрбиелеу құралдары ретіндегі мүмкіндігін жатқызуға болады [120, 59. ] .

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің облыстар және Астана қаласы бойынша басқармаларының тергеу изоляторлары және арнайы есепке алу саласы бойынша қызметінің 2007 жылғы 9 айына жасалған шолуы бойынша біздің елімізде 75 түзеу мекемесі және 18 тергеу изоляторы жұмыс істеген. 2007 жылдың 01 қазанындағы есеп бойынша түзеу мекемелерінде 47082 сотталған жазасын өтеген, оның ішінде жалпы режимда - 16580; қатаң режимде - 18336; ерекше режимде - 3274; қоныс колониясында - 3857; емдеу мекемесінде - 4423; тәрбие колониясында - 427; түрмеде - 185 адам ұсталған. Тергеу изоляторында 7702 тұлға қамауда болған. Әртүрлі режимдердегі түзеу мекемелерінде ұсталған 47082 адамның 955-нің жеке басын куәландыратын құжаты болмаған, оның ішінде 500-і шетел азаматтары, 111-і азаматтығы жоқ адамдар болған. Маңғыстау облысының аумағында орналасқан түзеу мекемелерінде аталған мерзім ішінде барлығы 2391 адам адам ұсталған. Оның ішінде ГМ -172/8 ( қоныс колониясы) 251; ГМ - 172/1 (қатаң режим) 1650; ГМ - 172/10 (туберкулезден емдеу мекемесі) 632; тергеу изоляторында - 109 адам ұсталған. Берілген деректерге қарағанда республикамыздың бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүргендердің жалпы санының 38% қатаң режимдегі түзеу колонияларындағылар құрайтындығы анық байқалады. Маңғыстау облысына қатысты айтар болсақ, барлық 2391 адамның 1650-і, яғни 68% қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеп жатқандар болып табылады.

Соңғы жылдардағы мәліметтерге көз жүгірте отырып еліміздегі криминогендік жағдайдың біршама тұрақтанғандығын анық байқауға болатындай. Дей тұрғанмен қылмыстылықтың құрылымындағы, қарқындылығындағы жағымсыз өзгерістерге байланысты жалпы жағдай әзірге өте күрделі күйінде қалып отыр. Сонымен бірге еліміздің әртүрлі аймақтарындағы қылмыстылықтың деңгейі де әркелкі болып табылады. Сөзіміз дәлелді болуы үшін тағы да статистикалық мәліметтерге жүгінейік. Мәселен, еліміз бойынша 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда қылмыстың жалпы саны 9, 3%-ға төмендегенімен аса ауыр қылмыстар саны 2007 жылы 28-ге артып, яғни 0, 7% өсім берген.

Құқықтық статистика мен арнайы есепке алу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының ақпараттық-статистикалық материалдарында жарияланған деректерге қарағанда Маңғыстау облысы бойынша 2001 жылы 3011 қылмыс, 2002 жылы 2664 қылмыс, 2003 жылы 2374 қылмыс, 2004 жылы 2926 қылмыс, 2005 жылы 2842 қылмыс, 2006 жылы 3071 қылмыс, 2007 жылы 2749 тіркелгендігін байқауға болады. Маңғыстау облысы бойынша қылмыстылық деңгейінің бес жыл ішінде, яғни 2001-2004 жылдар аралығында төмендегендігі байқалғандығымен бұл көрсеткіш 2004 жылдан бастап қылмыс деңгейінің өскендігін анық көрсетеді. Қылмыстардың ашылу көрсеткіші 2001 жылы 79, 9%, 2002 жылы 80, 2%, 2003 жылы 80, 2%, 2004 жылы 77, 9%, 2005 жылы 75, 6%, 2006 жылы 63, 9%, құраған. Осы мерзім аралығында Маңғыстау облысында тіркелген ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны 10, 41%, артқан немесе 2005 жылы ондай қылмыстардың жалпы саны 663-ті құраса ол көрсеткіш 2006 жылы 732-ні құраған және олардың 202-сі оның ішінде 4 қасақаналықпен адам өлтіру оқиғасы ашылмай қалған. Тіркелген қылмыстардың жалпы санының қатарында ауыр және аса ауыр қылмыстар 23, 8%, -ды құраған. Бір қарағанда Маңғыстау облысында 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғандағыдан 322 қылмыс оқиғасы кем тіркеліп, яғни қылмыстылық жалпы алғанда 10, 7%-ға төмендегенімен аса ауыр қылмыстардың тіркелуі 18-ге артып, яғни 20, 2% -ға өскен [2, 5. ] .

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ресми сайтында жарияланған мәліметтерге қарағанда еліміздің батыс өңіріндегі қылмыстылықтың көрсеткіші жалпы алғанда төмендегідей болып отыр.

Атырау облысында 2006 жылы 3650, 2007 жылы 3634 қылмыс оқиғасы тіркелген, яғни 0, 4% төмендеген, Ақтөбе облысында 2006 жылы 6516 қылмыс оқиғасы тіркелген болса, 2007 жылы 5814 қылмыс тіркеліп қылмыстың жалпы деңгейі аталған облыста 10, 7%-ға төмендеген, Батыс Қазақстан облысында 2006 жылы 5596 қылмыс тіркелген болса, 2007 жылы 5333 қылмыс тіркеліп қылмыстың жалпы саны мұнда 4, 7%-ға төмендеген. Елміздің батыс өңіріне қарасты барлық облыстарда қылмыстың жалпы саны азайғанымен аталған облыстардың барлығында да аса ауыр қылмыстардың саны 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда өсіп кеткен, бұл көрсеткіш Маңғыстау облысында 20, 2%-ды, Атырау облысында 77%-ды, Ақтөбе облысында 11, 3%, Батыс Қазақстан облысында 16, 4%-ды құраған. Егер аса ауыр қылмыстардың қоғам үшін қауіптілігінің тым жоғары болатындығын ескерер болсақ жағдайдың әліде болса өте күрделі күйінде қалып отырғандығының куәсі боламыз.

Егер адамды бас бостандығынан айыру жазасына тарту жағымсыз және кейбір жағдайларда тым қолайсыз салдарға ұрындыратын болса жазаның аталған түрін қолданудың жалпы тиімділігі қандай деген сұрақ туындайды. Бас бостандығынан айыру жазасының көмегімен түзеу және тәрбиелеу мүмкін бе? Адамның сотталғанға дейінгі өмір жағдайлары мен жазасын өтеу барысындағы, яғни қоғамнан оқшаулану жағдайындағы қайшылықтар адамға қаншалықты әсер етеді [57, 94-99. ] . Сотталғандар үшін бұл қайшылықтар үш фактордан өзінің көрінісін табады: 1) қоғамның моральдық жазғыруына ұшыраған және қауіпсіздіктің арнайы шараларын қолдануды қажет ететін адамдар топтастырылған арнайы мекемелерде ұсталу; 2) өмір үшін аса қажеттілерін қоса есептегендегі өздерінің қажеттіліктерін өтеу мүмкіндігінің шектелуі ол өз кезегінде тыйым салуларға қарамастан оларды қанағаттандыруға тырысушылықты туындатады; 3) теңгермешілік негіздерде бастауыш әлеуметтік топтарға кірігу соның салдарынан өзінің жеке басының қасиеттеріне сәйкестікте ол топтарда өзінің орынын табуға тырысушылық.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға тән болатын үрей, қорқыныш, күйгелектік, өшігушілік, секемшілдік сезімдерін аталған факторлардың әсеріне деген тікелей реакция қарастыру керек. Осындай жай-күй әлдеқандай себептермен қоғамнан оқшауланған, өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруда айтақаларлықтай шектеулерді бастан кешіретін тұлғаларға (зерттеушілер, саяхатшылар, апат жағдайына тап болғандар) тән болады [121, 18-29. ] . Қылмыстық жаза өзінің болмысы бойынша қайшылықты болып табылады. Жалпы алғанда жағымды алайда қылмыстылықпен күрес өрісіндегі қоғамдық қатынастарды реттеудің өткір құралы бола отырып ол әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық мәністегі белгілі бір жағымсыз салдарды да пайда қылады. Аталған салдар бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолдану барысында өзінің айқын көрінісін табады [55, 45. ] . Олар сотталған адамның жеке басына ықпал ету күші бойынша жазаның мазмұнын құрайтын негізгі жазалаушы және түзету-тәрбиелеуші шаралардан асып түседі. [56, 79. ] .

Тарау І. Бас бостандығынан айыру жазасының құқықтық табиғаты оның тағайындалуы мен атқарылуының өзіндік ерекшеліктері

1. 1. Қылмыстық жаза ұғымы және бас бостандығынан айыру жазасының тағайындалуының құқықтық негіздері

Қоғамдағы қылмыстың алдын алудағы әралуан жүйелердің арасында шешуші рол, әлеуметтік - экономикалық, ұйымдастырушылық пен басқару, идеологиялық, құқықтық және мәдени - тәрбиелеушілік сипаттағы шараларға беріледі. Алайда қылмыстық заң бұзылған кезде, яғни жасалған қылмыспен күресте жаза, қоғамды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаудың қажетті құралы ретінде сақталып қалады.

Қылмыстық жазаның қылмыскердің жеке басына әсер етудің құралдарының бірі ретіндегі оның көзқарастары, сенімдері, тәлімдері мен дағдыларын өзгеріске ұшыратудағы объективтік мүмкіндіктерінің және жазаны өтеу барысындағы түзету мен тәрбиелеудің шектері мәселелерін зерттеудің үлкен теориялық және практикалық маңызы бар. Жазаның атқарылуын жүзеге асырушы органдардың қызметінің тиімділігінің негіздері мен көрсеткіштері, шартты-мерзімінен бұрын босатуды қолданудың негіздемесі және жазаның әртүрлі ең алдымен бас бостандығынан айыру мерзімдерінің оңтайлылығы сияқты аса күрделі теориялық және практикалық мәселелер кешенінің шешілуі аталған тақырыптың қаншалықты терең зерттелуіне негізделеді.

Қазіргі замандағы жазаға байланысты қылмыстық саясат екі негізгі бағытта жүргізіледі. Бірінше - қатаң жазаның сақталуы және қажет болған жағдайда оларды қылмыскер рецидивистерге және ауыр қылмыстарға кінәлі адамдарға қатысты күшейту. Екінші бағыт - қоғамдық қауіптілігі төмен немесе онша ауыр емес қылмыстарды бірінші рет жасауда кінәлі адамдарға қатысты жазаны жеңілдету немесе жазаны, ондай адамдарға ықпал етудің өзге шараларымен ауыстыру.

«Жаза - бұл қылмыстық заңмен қарастырылған, қылмыс жасаған адамға соттық айыптау үкімі арқылы қолданылатын жазаға тартылған адамның құқықтарын және бостандықтарын шектеуден тұратын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы». Жаза әрдайым мәжбүрлеу шарасы болып табылады.

Кез-келген қылмыстық жазаның өзіндік жапа шектіру ерекшеліктері де осыдан көрініс табады. Сотталған қылмыскердің жеке басының еңбек және мүліктік құқықтарын шектеуден жазаның жапа шектірушілік қасиеттерін байқауға болады.

Сотталған адамдарды түзету және тәрбиелеудің мүмкіндіктері мен шектері туралы мәселе тек құқықтық ғана емес сонымен қатар ол криминологиялық, психологиялық, педагогикалық болып табылады. Сондықтан берілген мәселені терең зерттеу қылмыстық және қылмыстық-атқару құқықтары, криминология, психология және педагогика сияқты ғылымдардың тұтастай кешенінің мәліметтері негізінде ғана жүзеге аса алады.

Қылмыстық жаза мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше нысаны ретінде сотталған адамдардың түзелуіне, сотталған адамдардың және басқа да тұлғалардың жаңадан қылмыс жасауының алдын алуға қызмет жасауы тиіс. Басқаша айтқанда жаңадан немесе қайталап жасалатын қылмыстардың алдын алу жазаның негізгі әлеуметтік қызметі болып табылады [7, 55. ] . Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарының мақсаттары мен міндеттері ретінде әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да, өзге адамдардың да жаңа қылмыстар жасауының алдын алу осы мақсаттарға сәйкес жазаларды өтеудің тәртібі мен жағдайларын реттеу, сотталғандарды түзеу құралдарын анықтау, олардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғау, әлеуметтік бейімделуге көмек көрсету бекітілген [8, 3. ] .

Жаза - мемлекеттік ықпал ету шарасы. Аталған принцип оның тек қылмыстық заңда бекілетіндігін білдіреді. Жазаның қылмыстық заңда ғана қарастырылатындығы қылмыстық-құқылық нормалардың санкциясында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексінде негізінен санкцияның екі түрі көрсетілген. Олар салыстырмалы - айқындалған және баламалы санкциялар болып табылады. Салыстармалы - айқындалған санкция жазаның мөлшерін белгілі бір шектен шықпайтындай етіп белгілейді. Кейбір реттерде қылмыстық-құқылық нормада жазаның ең жоғарғы шегі ғана көрсетіледі. Аталған жағдайда жазаның төменгі шегі қылмыстық құқықтың жалпы бөлімдерінің ережелеріне сәйкес: бас бостандығынан айыру үшін - 6 ай, түзеу жұмысы үшін - 2 ай мерзім деп есептелуі тиіс. Көп жағдайларда қылмыстық заң нормаларында жазаның төменгі және жоғарғы шегі көрсетіледі. Санкцияның мұндай түрі қатысушылықпен жасалған қылмыстар бойынша жаза тағайындау барысында әрбір қатысушының қылмысқа қатысудағы ролін, олардың жеке бастарының ерекшеліктерін ескере отырып әрбір жасалған қылмыстардың мән-жайларына қатысты жазаны даралап тағайындауға зор мүмкіндік береді. Балама санкция Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарындағы жазаның екі немесе оданда көп түрінің біреуін таңдап алып қолдануға мүмкіндік береді. Адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық немесе мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге қөзқарасына, сенімі, тұрғылықты жері, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына себептермен немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша тікелей немесе жанама шектеу - екі жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не үш айға дейінгі мерзімге қамауға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. (141-бап, 1-бөлігі) . Балама санкциялар сотқа кінәлі адамға бірнеше жазалардың ең әділін, тиімдісін таңдап алуға жол береді.

Қылмыстық жаза тек сотпен және айыптау үкімі арқылы тағайындалады. Ешқандай басқа мемлекеттік органның, қоғамдық ұйымдардың қылмыстық жазаны қолдануға құқығы жоқ. Бұл қылмыстық жазалау саясатының конституцияда бекітілген принципі болып табылады. Конституцияның 77 бабының 3 бөлігінің 1 бөлімшесінде: адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептелінеді - деп бекітілген. /4/ Бұдан шығатын қортынды егер адамның белгілі бір қылмысқа кінәлілігі сотта дәлелденбесе ол адамға қылмыстық жазаны қолдануға ешқандай негіз болмайды. Сонымен қатар конституцияның 76-бабында сот шешімдерінің үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болатындығы бекітілген. Қылмыстық жазаны анықтау мен қолданудың негіздемесі, тек қылмыс болып табылады. Құқықтың басқа салаларында тиісінше өзге негіздемлер әкімшілік құқық бұзушылық, тәртіптік теріс қылық, азаматтық-құқықтық деликтер болуы мүмкін.

Қылмыстық жазалардың жүйесі тұтастай алғанда және әрбір жекелеген түрі өзінің қаталдығы бойынша құқықтық жауапкершіліктің басқа түрлерімен салыстарғанда репрессивтік мәніске ие болады. Олар сотталғандардың құқықтық шектелуінің көлемі бойынша және мемлекет атынан шығарылатын соттың айыптау үкімінде жазаны тағайындау фактісінде көрсетілетін моралдық - саяси айыптаушылығы бойынша да қаталырақ болады. Сонымен қатар кез-келген қылмыстық жаза сотталғандық атағына ие қылады.

Жаза жүйесі (қылмыстық) құқықтың өзге салаларындағы құқықтық жауаптылық түрлері жүйесімен салыстырғанда кеңірек және бас бостандығынан айыру сияқты жазаның кейбір түрлері тек қылмыстық құқыққа ғана тән болады. Қылмыстық жаза қылмыскерді, оған тиісті белгілі бір игіліктерден айырады және қылмыскер мен оның іс-әрекетінің мемлекетпен теріс бағалануын білдіреді. Қылмыстық жаза ол қолданылған тұлғаға сөзсіз жапа шектірді. Жазаның нақ осы қасиеті оның қажетті белгісі болып табылып оны жаза ретінде нақтылайды. Жапа шектіру, жаза арқылы қылмыскерлерді қорқыту үшін және қоғамға қауіпті, тұрақсыз элементтерге әсер етуге қажет. Алайда жапа шектіруді, қылмыстық жазаны қолданудың бірден-бір мақсаты ретінде түсінбеуіміз керек.

Жазаның жапа шектіруі нәтижесінде ол объективті түрде және сөзсіз қылмыскерге және айналасындағы адамдарға психикалық ықпал етеді, жалпы және арнайы привентивті яғни, алдын-алу ықпалын тигізеді. Себебі, қылмыскерде, өзге тұлғаларда жаза арқылы жапа шегуге ұшырағысы келмейді. Әрине, қылмыстық жазаның белгілі бір тұлғаға қолданылуы ол адамның одан кейін ешқандай қылмыс жасамауына кепілдік әсте бермейді. Дегенменде жазалардың қандай жүйесі қабылданып, олар қалай қолданылса да жаза әрқашан алдын алушылық ықпалын тигізген және тигізеді. Себебі қоғам мүшелерінің белгілі бір көпшілігі қылмыстық жазалаудан қорыққандықтан қылмыс жасаудан бас тартады.

Қылмыстың алдын алу үшін мемлекетпен алынатын шаралар шеңбері тек жазалау шараларымен салыстырғанда әлдеқайда кең. Олардың арасында жаза сипатына ие болмайтын мәжбүрлеу шаралары бар (медициналық, тәрбиелік) . Мәжбүрлеу шаралары болып табылмайтын қылмыстың әлеуметтік себептерімен күрес шаралары. Мысалы, салауатты өмір салтын насихаттау, маскүнемдікпен, нашақорлықпен күресу саясатын жүзеге асыру т. б. Қоғаммен қолданылатын қылмыстылықпен күрес шаралары кей реттерде мәжбүрлеу шаралары бола отырып ешқашан да жазалау шаралары болып табылмайды.

Егерде қылмыстың жасалауының алдын алу үшін қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары жапа шектірмейтін болса ол жазалау шарасы болып табылмайды, ол тәрбиелеу сипатындағы немесе қауіпсіздік шарасы болуы мүмкін. Атап айтқанда олардың қатарына қоғамдық қауіпті іс-әрекеттерді жасаған кәмелетке толмағандарға қарсы қолданылатын тәрбиелеу шараларын жатқызуға болады. Егер мәжбүрлеу шарасында теріс баға беру болса және ол қоғамдық қауіпті іс-әрекеттердің алдын алу мақсатын көздесе, бірақ міндетті түрде жапа шектіруі тиіс деген ұғым қалыптаспуы керек. Егер мәжбүрлеу шарасында теріс бағалау элементі болмаса ол да жазалау шарасы болып табылмайды. Ондай шаралар қатарына есі дұрыс еместерге қолданылатын медициналық мәжбүрлеу шараларын жатқызамыз.

Мемлекетпен қолданылатын мәжбүрлеу шаралары қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қолданыла отырып келесі талаптарға жауап бергенде ғана жазалау шаралары болып табылады: 1) кінәліге жапа шектіреді; 2) кінәліге және оның іс-әрекетіне мемлекет атынан теріс баға беріледі; 3) кінәлі адамның және басқа тұлғалардың болашақта қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасауының алдын алу мақсатын көздейді. /5/

Яғни жапа шектіру мен тәрбиелеу жазаның мазмұны болып табылады. Тек аталған екі элементтің болуы барысында ғана біз жаза туралы айта аламыз. Егер жапа шектіру тәрбиелеумен толықтырылмаса немесе егер тәрбиелеу жапа шектірусіз қолданылатын болса онда аталған жағдайдың екеуінде де жаза болмайды. Жаза өзінің мазмұны бойынша жапа шектіру бола отырып ол қорқытуды туындатады, себебі жапа шектіру элементіне ие болғандықтан адамды бірнәрседен айыруға ұшыратады. Сонымен бірге жаза тәрбиелеу бола отырып көз жеткізуді туындатады ол жазаның нәтижесінде адамның жүріс-тұрысының белгілі бір түріне және қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған тұлғаға теріс баға берілуі арқылы пайда болады.

Егер жазаны қолдану барысында оның тәрбиелік мәні жоғалатын болса онда одан тек қорқыту ғана қалады. Жапа шектіру тек өздігінен енді жаза болып табыла алмайды себебі ол жазаның қоғам алдында тұрған, басқаша айтқанда оған қоғам сенім білдіретін міндеттерді атқару қабілеті жоғалады. Сондықтан жазаны қолдану заңды және ізгілікті болуы тиіс.

Енді қылмыстық жазаның құқық қолданудың ерекше формасы ретіндегі теоретикалық мәселелеріне тоқталайық. Құқықтың әлеуметтік мәнісі адамдардың жүріс-тұрысын реттеуден көрінетіні белгілі. Алайда мемлекетпен бектілген құқықтық нормалар өзінің реттеуші ролін оларды жүзеге асырудың күрделі механизмінсіз атқара алмайды.

Құқық нормалар әртүрлі нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін. Олар негізінен бірқатар мән-жайлармен себептеледі: а) құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың мазмұны және сипатының әр алуан болуы: б) адамдардың жүріс-тұрысына құқықтың ықпал ету құралдарының әртүрлі болуы: в) құқық нормасы мазмұнының өзіндік ерекшелігі: г) әлдеқандай субъектінің құқықтық реттеудің жалпы жүйесіндегі алатын орны, оның заңи ережелерге көзқарасы: д) құқыққа сай жүріс-тұрыстың сыртқы көрінісінің нысаны. /6/

Субъектілердің іс-әрекеттерінің, олардың белсенділік деңгейі мен бағытталулары бойынша құқықты сақтау, орындау, пайдалану және қолдануды бөліп көрсетуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазаның жүйелері және түрлері
Сағатпен есептелетін мерзімдер
Бас бостандығынан айырудың қылмыстық құқықтық мәселелері
Жазасын өтеген тұлғалардың әлеуметтік бейімделуінің түсінігі
Өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түсінігі
Қылмыстық жазасын өтеп шыққандар
Қылмыстық құқықтағы бас бостандығынан айыру
Қылмыстық құқықтағы жаза туралы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
«Жаза ұғымы және оның мақсаттарының тиімділігі»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz