Нарықтық экономикадағы мемлекет ролі



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

Негізгі бөлім
I.Нарықтың даму кезеңдері
1.1.Нарық қатынастарының даму кезеңдері
1.2.Қазақстандағы нарықтың даму тарихы
1.3.Қазіргі заман нарық теориясы және ондағы мемлекет ролінің көрініс табуы

II.Нарықтық экономикадағы мемлекет ролі
2.1.Нарықты ұйымдастырудың әдістері және оның зекті үш мәселесі
2.2.Нарық механизміне мемлекетінің әсер етуі
2.3.Нарықтың атқаратын қызметтері,шарттары және түрлері

III.Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері
3.1.Қазақстандағы нарық: кәсіпкерлік.нарықты дамытудың алғышарты
3.2.Нарықтық экономиканың кемшіліктерін жұмсарту және жоюдағы мемлекет атқаратын қызметтер
3.3Экономиканы мемлекеттік реттеу

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Әлі күнге дейін нарық экономикасындағы еркіншілдік, халық санасында
оған тән қанаудың қатал жүйесімен, жаппай жұмыссыздықпен, еңбекшілердің
әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын үғым ретінде орныққан. Алайда,
Батыс елдерінің тәжірибесі, нарыққа өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне
экономиканың тиімділігі мен бірқалыптылығын сақтауға, ғылымның, білімнің,
мәдениеттің көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарық ынталылық пен
кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің экономикалық
дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың сұранымдарына
бағыттауға жағдай жасайды. Нарық өзінің мәнісі жағынан тек ұқыпсыздар мен
жалқауларға, қолынан іс келмейтіндерге тиімсіз.
Мемлекеттің макроэкономикалық жэне микроэкономикалық процеске қатысуы
осы процестің бөлінбейтін элементіне айналды. Бүгінгі таңда мұндай қатынасу
барлық экономика көлемінде жүргізіледі жэне ол белсенді түрде жүзеге
асырылуда. Әлбетте, мемлекет белсенділігінің артуына қарамастан бүгінгі
таңда өркениетті елдердің экономикасы өзінің нарықтық негізін сақтауда.
Осыған байланысты экономика — мемлекет қарым-қатынастары қарама-
қайшылықты мазмұнда қалыптасуда. Неге? Себебі аталған қарым-қатынастардың
екі жағы да қарама-қарсылықта бейнеленеді.
Мемлекеттің экономикалық өмірге белсенді араласуының мынадай үш
себебін бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, мұның қажеттілігі нарық қатынастары механизмінің өзегі —
бәсекелестік күрес болып табылатындығы. Монополияның дамуы — нарықты
экономиканың бәсекелестік бастамасын бұзады. Бүл макроэкономикалық
проблемаларды шешуге теріс әрекетін тигізеді, қоғамдық өндірістің
тиімділігін төмендетеді. Мұндай қатынасты тек мемлекеттің монополияға қарсы
әрекеті ғана жеңе алады.
Екіншіден, нарық механизміне "пайдасы жоқ" өндіріс түрлері аз емес. Ең
алдымен олар капиталдың орнын ұзақ мерзімде толтыратын өндірістер. Оларды
меңгеру жекеменшік кәсіпорындарға біршама қиындықтар туғызады.
Үшіншіден, нарықтың өзін-өзі реттеу мүмкіндігінің шектелуінен
туындайтын себептер бар. Мемлекет өз күшін экономикалық жүйенің тепе-
теңдігін қамтамасыз етуге, жұмыспен қамтуды қажетті деңгейде сақтауға, ақша
айналымын бақылауға жэне т.б. макроэкономикалық проблемаларды шешуге
бағыттайды.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының қалыптасуы деген
курстық жүмысымда мен нарықтың мәні мен ерекшеліктерін, нарықты мемлекеттік
түрғыдан үйымдастырудың мәні мен оның өзекті мәселелерін, нарықтың даму
тарихы мен теориясын, оның ішінде Қазақстан нарығының тарихын, оның
артықшылықтары мен кемшіліктері туралы қарастырдым.
Менің ойымша Қазақстанда нарықты дамыту жолы орта және шағын бизнесті
дамыту. Ол үшін мемлекеттің рөлі өте үлкен.
Нарық пен мемлекеттің екеуі де маңызды. Экономиканы осының немесе
басқасының жоқ жағдайында басқару - бір қолмен шапалақтағанмен тең - деп
бекер айтылмаған.

I.Нарықтың даму тарихы және теориясы

1. Нарық катынастарыныц даму кезендері

Нарықты стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық,
реттелмелі нарық деп бөледі. Стихиялы нарық капитализмнің алғашқы кезеңінде
болды,оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен
еркін бағалар тән болады. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық
теорияның негізін қалаушы Адам Смит 1723 -1790 өзінің халықтар
байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу деген басты еңбегінде
-жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың
және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады
деп жазған болатын. Сонымен бірге А.Смит, екі кәсіпкер немесе саудагердің
арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі дамумен аяқталады деп
көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге
араласпау керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін түнгі
күзетшінің ролін атқару қажет. Мемлекет "Lаіssег fаіге" саясатын жүргізіп
бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А.Смит осы екі дәлел негізінде
жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керісінше, ол жеке капиталдың
монополиялармен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын жаман
әдеттеріне мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және
өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады. Сөйтіп, А.Смит нарықты
экономиканың өзін-өзі реттеу механизмін ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың
көрінбейтін қолының пайғамбардың пікірінше - жеке мүддені қоғамдық
игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің
күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мүндай
жағдайда, оны реттеуді монополиялар өз қолына ала бастады. Осы кезден
бастап монополиялық нарық қалыптасады.
Монополиялық нарық 19 ғасырдың аяғында 20 ғасырдың алғашқы кезеңінде
өмір сүреді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол
экономикадағы сапалық жэне сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер
етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми-техникалық прогрестің
баяулауына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның
барлық қайшылықтарының шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бұған, мемлекеттік
меншіктен ірі кәсіпорындар жатады. Нәтижесінде, сұраным мен ұсыным
сұрақтары әкімшілік-әміршілдік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне
бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі қалыптасады.
Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр.
Оны тек қана еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге - өнім
өндірушіге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, шаруашылық субъектілеріне
қаржы-несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен
топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық~ коньюнктурасын зерттейтін
маркетингтік қызметті енгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау
негізінде реттеп отыру, әр түрлі кәсіпорын ассоциацияларын, жарнама-
ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші ролін атап
көрсету керек.
Біздің жас тэуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі,
әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың
баламасыз құралы деп танып отыр. Қазақстан Республикасының нарықты
экономикаға көшу бағдарламасын көрсетуден бұрын оның тарихына тоқталып
өтейік.

1.2 Қазақстандағы нарықтың даму тарихы

Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды, оның
ерекшеліктері неде деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұрақтарға жауап
беру оңай шаруа емес. Себебі, біздер әлі күнге дейін өз халқымыздың,
жеріміздің тарихын білмейміз.
Мысалы, Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан-ақ
патриархалдық-феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан.
Бұны қазақтардың көшпелі мал шаруашылығымен айналысуымен байланыстрады. Осы
пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштердің даму дәрежесі өте-мөте
төмен болды, тауарлы-ақша, нарықтық қатынастардың қалыптасуына жағдай
болған жоқ дейді. Біздің бүл пікірге үлкен күмәніміз бар, тарихшы ғалымдар
болашақта өз пікірлерін айта жатар.
Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты - өндіріс құрал-
жабдықтарына жекеменшік. Ал Қазақстандағы өндірістік қатынастардың негізі
жерге феодалдық меншік болды. Ірі-ірі мал иелері жердің де аса ірі
меншіктенушілері болды. Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында жер өндірістің
шарты ғана емес, сонымен бірге оның негізгі құралы да болды.
Жерге феодалдық меншіктің күшеюі қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу
ісімен тығыз байланысты. Оған Ресей империясының өте-мөте қатал жүргізген
Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті. Мысалы, 1914 жылға дейін
қазақтардан 43 миллион десятина аса құнарлы, мәйекті жерлері жер ауып
келген орыс шаруаларының,, патша үкіметінің әскери чиновниктерінің
меншігіне тартып алынған болатын. Осының нәтижесінде қазақ ауылдарында жер
үшін талас-тартыс күшейді, меншіктік бөлінісу тереңдей түсті, қауымдық-
рулық қатынастар ыдырай бастады, патша үкіметінің әскери басшыларына
сүйенген ірі байлардың жерді тартып алуы барған сайын ауқымды бола түсті.
Бүл процестер қазақ халқында бұрын-соңды болып көрмеген таптық
қатынастардың қалыптасуына, оның қайшылықтарының шиеленісуіне қатты әсер
етті.
Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша
қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына, өркендеуіне жағдай жасады.
Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда
болды. Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды.
Қазақтардың күн көрісінің арқауы тек қана мал шаруашылығы болды,
егіншілікпен айналыспаған деген жалаң тұжырым жасалып келді. Қазіргі тарихи
зерттеулер бүл тұжырымның негізсіздігін көрсетеді. Егіншілік кәсіппен
қазақтар өте ертеден айналысқан, олар негізінен оңтүстік, оңтүстік-шығыс
аудандарда орналасқан болатын. Егіншілік өнімдері шаруашылықтың өз ішінде
тұтыну үшін ғана емес, басқа аудандарға шығарып сату үшін де өндірілетін
болған. Өкінішке қарай, кейіннен тауарлы егін шаруашылығының одан әрі дамып
қанат жаюына патша үкіметінің отарлау саясаты мықты кедергі болды.
Жергілікті қазақтарды шөл-шөлейтті аймақтарға күшпен көшірудің кесірінен
ұүрыннан қалыптасқан отырықшылық ұялары бүзылды. Қазақ әдебиеті газетінде
жарияланған экономика ғылымдарының докторы, профессор Толған Әбдіразақтың
Қазақстан және қазақтар деген үлкен мақаласында мынадай деректер
келтіріледі: XIX ғасырлардың орта тұсында қазақтар арқылы отарлау өлкенің
дамуына және өндіргіш күшіне айрықша кері әсер етті. Қазақтар алған байтақ
жер бөліктері, көп ұзамай тақырға айналды, олар көп ретте жеке еңбекпен
егін шаруашалығымен шүғылданудың орнына түрлі формада қырғыздарды қанаумен
айналысты. 1848 жылы жүз десятина бөлік түрінде 22376 десятина жыртылатын
жер алған Қапал станциясының қазақтары 1855 жылы, яғни сегіз жыл өткеннен
кейін тек 1826 десятина жерге егін еккен, бұл қырғыздардың бұрынғы егіннің
7 проценттейі ғана (Россия, 10 том, С-Петербург, 1913, 321 бет). Осындай
процестердің нәтижесінде қазақтардың тауарлы егін шаруашылығы құлдырап
кеткен. Осы бір ғана мысал нені көрсетеді? Ол патшалық Россияның шаруалар
арқылы отарлау саясаты қазақтың егін шаруашылығын өркендетуге жемісті ықпал
етті деген пікірдің дәйексіз екендігін көрсетеді. Оны Т. Әбдіразақов
көрсеткен мынадай мәліметтер де дәлелдей түседі. XIX ғасырдың аяғында
Ақтөбе, Қостанай уездерінде егістің 80 проценті қазақтардың иелігінде
болған. Орал уезінің қазақ диқандары 1913 жылы 5,4 миллион пұт астық жинап,
оның 4 миллион пұтын астық нарықтарына сатқан. Ал 1893 жылдың өзінде ғана
Ақтөбе уезінде қазақ шаруашылықтарының астық сатудан түсірген кірісі мал
шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен кірісі жарты еседей артық болған.
Кезінде патша үкіметі дала өлкесінде өндірілген арзан астық Россиядағы
помещик нанының бағасын кемітеді деп қауіптеніп тиісті протекционистік
(ұлттық нарықты үкімет тарапынан қорғау) нарық саясатын жүргізеді. Бұдан
біз нарықты экономиканың негізгі белгілерінің бірі – бәсеке күресі
Қазақстанда да болғанын көреміз.
Сонымен бірге нарықтық қатынастардың қалыптасуына белгілі бір
дәрежеде дамыған қолөнер кәсібі де, өнеркәсіп те әсер етті. Қазақтар үй
бастырды, жүннен мата тоқыды, теріден былғары иледі, металдан ыдыс-аяқтар
жасай білді, киім тікті, киіз басып кілем тоқыды. Бүл салалардың бұйымдары
айырбас үшін, тауар ретінде де шығарылатын болды.
Қорыта айтқанда, шаруашылық салаларының әр алуандылығы, сауданың
дамуы патриархалдық-феодалдық шаруашылықтың ыдырауына, капиталистік
элементтердің пайда болуына қолайлы жағдайлар жасады, бірақ, оны түгелдей
іріте алмады. Оның негізгі себептерінің бірі - Қазақстанда өнеркәсіп
дамуының артта қалғандығы еді. Бұл да патшалы Россияның отарлау саясатымен
байланысты болды. Өнеркәсіп ресейлік және шетел капиталының күшімен өріс
алды, ал жергілікті капиталдың бұл саламен айналысуына бөгет жасалды.
Капитал негізінен шикізат өндіретін салаларға пайданылады, кен байлықтарын
алу қасақана теріс тәсілдермен жүргізіледі, олардың тек қана аса бай, қол
күшімен ғана алынатын орындары пайданылады. Сайып келгенде осының бәрі
ұлттық өнеркәсіптің пайда болуын мейлінше қиындатып қана қойған жоқ,
сонымен бірге, қазақ елінің экономикалық артта қалуын өте үзақ уақытқа
созды.
Осындай жағдайлардың салдарынан Қазақстан революцияға дейінгі
дәуірдің өн бойында (содан кейінгі 70 жылдан аса уақыт бойына да) аграрлы-
шикізатты кіріптар ел күйінде қала берді. Жерді зор көлемде тартып алу,
отырықшылық ошақтарын талқандау, қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ұлттық
алалау, қисапсыз алым-салық қазақ халқының экономикалық жағдайының
құлдырауына, еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырауына апарып соқтырды. Осының
бәрі Қазақстандағы қоғамдық прогреске бөгет болып, оның өндіргіш күштерінің
дамуын тежеді.
Қазірде тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында жоғарыда
көрсетілген тарихи әділетсіздіктерді жою міндеті тұр. Негізгі стратегиялық
мақсат - демократияны дамыту, меншіктік қатынастарды реформалау, нарықтық
экономиканы өндіру болып табылады.. Қазақстанда нарықты экономикаға көшу
шартты түрде үш кезеңге бөлініп отыр.
Бірінші кезең 1992-1995 жылдарды қамтыды. Ол микроэкономикалық
тұрақтандырудың екі негізгі процесімен сипатталады: олар меншікті мемлекет
иелігінен белсенді түрде алу, оны жекешелендіру және тұтыну нарығын
тауарларымен толтыру. 1992 жылғы наурыздың 5-ші жұлдызында Қазақстан
Республикасы президентінің жарлығымен қабылданған Қазақстан
Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995
жылдарға арналған ұлттық бағдарламасында былай деп жазылған:
Жекешелендірудің негізгі мақсаты - мемлекетке қарасты өндірістік
объектілерді, басқа да материалдық және материалдық емес активтерді
мемлекеттің өтеусіз және өтеумен беру арқылы республика халқына ұлттық
мүлікті қайтару барысында меншік құқығын дербестендіру негізінде
орталықтандырылған-жоспарлы экономикаға көшу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Екінші негізінде (1996-2005 жылдар) экономиканың шикізаттық бағытын
біртіндеп жою жалғасты, бірақ оның басты мазмұны көлік жүйесі мен
телекомуникацияны жедел дамыту, сондай-ақ дамыған тауар жұне валюта,
капитал, жұмыс күші, бағалы қағаздар, интеллектілік меншік нарығын құру
болды.

Үшінші кезең 5-10 жыл мерзімге созылып, ашық үлгідегі экономиканың
шапшаң қарқын алып дамуымен сипатталады, соның негізінде өтпелі кезеңнің
стратегиялық мақсатына жетумен, Қазақстанның әлемдік саудадағы
айқындамасының және дүниежүзіндегі жаңа индустриалды елдер қатарына
кіруімен сипатталатын болады.

1.3 Қазіргі заман нарық теориясы және ондағы мемлекет
рөлінің көрініс табуы

Батыс елдерінің шаруашылық саласындағы саясатын анықтайтын қазіргі
заманғы экономикалық теориялар мен мектептерді, шартты түрде, екі негізгі
бағытқа бөлуге болады. Оның біріншілері - еркін нарықты және экономикаға
мемлекеттік араласпауын жақтайтындар. Еркін нарықты жақтайтындарды
либерализм (негізін салушы Адам Смит), ал оның қазіргі заманғы жақтастарын
неолиберализм мектептерінің өкілдері (батыс германия экономисі Милтон
Фридмен 1912 жылы туған) деп атайды. Екінші бағыттың өкілдері экономикаға,
мемлекеттің белсенді түрде араласуын жақтайды. Бұл идеяларды алғашқы
жақтаушылардың бірі ағылшынның атақты экономисі, қоғам қайраткері Джон
Мейнард Кейнс (1883-1946) болды. Оның пікірінің қалыптасуына 1926-1933
жылдары болған бүкіл дүниежүзілік экономикалық дағдарыс түрткі болды. Ол
өзінің басты еңбегі Жұмыспен қамтудың, проценттің және ақшаның жалпы
теориясы (1936 ж.) деген кітабындағы идеяларды классикалық теория деп
атады және жаппай жұмыссыздықты тек қана сұранымды көтермелеу, ынталандыру
арқылы шешуге болады деп қорытынды жасады. Жұмыспен қамту процесінде
мемлекеттік реттеу жүйесіне көшу Дж. М.Кейнстің жұмыссыздық туралы
концепциясының негізгі қорытындысы болып табылады. XX ғасырдың 30-шы-80-шы
жылдары бойына Батыс елдерінде кейнсиандықтың әсерімен нарықты реттеу
жүйесі әрекет етті. Оған Дж.М.Кейнстің ізбасарлары жатады. Олар, бір
жағынан реттелмелі нарықтың кейбір кемшіліктерін мойындай отырып, сонымен
қатар нарықтың автоматты түрде экономиканы өзін-өзі реттеу мүмкіндігіне
сенімдерін жоғалтқан болатын. Өздерінің зерттеулерінде, олар, бірінші
кезекте ұлттық табыс, қорлану мен тұтыну, қоғамдық жиынтық өнім, ұсыным
сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерді басшылыққа алды. Мемлекет салық
жүйесі арқылы пайданың едәуір бөлігін алып оның тиімді сұранымды және толық
жұмыспен қамтуды қолдау үшін пайдаланады: экономикада мемлекеттік сектордың
үлесі кеңейді, қосымша жұмыс орындары жасалады, азаматтарды әлеуметтік
қорғау шараларының жүйесі жүзеге асырылады (зейнет ақы, жәрдем ақша,
халыққа білім беру, денсаулық сақтау салаларына қаржы бөлу т.б.). Бұл
бағыттағы экономистердің пікірінше мемлекет экономикалық дамудың бағыт
беруші күшіне айналады, оның жәрдемімен нарықтың қолайсыз жақтарын жөнге
салып реттеп отырады.
XX ғасырдың 70-жылдарында болған экономикалық дағдарыс және
кәсіпкерлік белсенділіктің баяулауы мемлекеттік реттеудің зияндығы туралы
идеяның қайтадан туындап дамуына себеп болды. Еркін нарық идеясының
өкілдері нарық механизмінің бәсекенің негізінде балансыланған өсуді, яғни
сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін қамтамасыз етуі мүмкін деп есептейді.
Олар өзінің зерттеулерінде микроталдауды басшылыққа алады яғни, экономиканы
оқуды әрбір кәсіпорынның жұмыс істеу қарастырудан, тауарларға қойылатын
бағадан бастайды. Шын мәнінде, қоғамдық өндіріс нарық арқылы байланысқан
шаруашылық бірліктерінің жиыны болып табылады. Бұл экономистер мемлекеттің
ролі еркін бәсекеге қолайлы жағдайды жасаумен шектеледі деп тұжырым
жасайды. Олар экономикалық бостандықты, мемлекеттің экономикаға араласуының
қажетсіздігін қоғамда болатын табиғи, әмбебапты заңның әрекетімен
түсіндіреді. Мүндай неоконсервативті бағыттағы идеялардың негізінде пайдаға
салынатын салық нарқын төмендету жолымен ұсынымды көтермелеу,
мемлекетсіздендіру және бәсеке күресу жағдайында жеке кәсіпкерлікті күшейту
шаралары көзделген. Олар жалпылама жұмыспен қамту идеясына қарсы және
әлеуметтік бағдарламаларды барынша азайтуды жақтайды. Бір жағынан
әлеуметтік мақсаттарға қажетті шығындарды мойындай отырып, олар екінші
жағынан әлеуметтік кепілдіктер тегін қызмет пен төлем түрінде болуы дүрыс
емес деп есептейді. Қорыта айтқанда, бұл мектепті жақтаушылардың пікірінше
өндірісті ұлғайту мен дәулеттілікті арттырудың негізі жеке кәсіпкерлікті
дамыту болып табылады.
Соңғы кезде негізгі екі бағыттың өз ішіндегі жіктелу олардың
жақындасуына себеп болып отыр. Бүған АҚШ экономисі Пол Антони Самуэльсонның
неоклассикалық синтез теориясы барынша айқын дәлел бола алады. Оның
пікірінше неоклассикалық синтез макроэкономика мен микроэкономика
арасындағы алшақтықты жояды. Реттемелі экономика теориясының жақтастары
сияқты Самуэльсон да еркін бәсеке адамдар мен ресурстарды толық қамти
алмайды, тек қана мемлекеттің араласуы ғана дағдарысты, жұмыссыздықты
болдырмайды деп есептейді. Сонымен бірге белгілі бір ақылға сиымды шекте
бәсекені қорғаудың қажеттігін атап көрсетеді. Нәтижесінде жеке
кәсіпкерліктің және мемлекеттік кәсіпкерліктің де белгілері құрмаласқан
аралас экономика пайда болады. Толық жұмыспен қамту жағдайында шекті
пайдалылық, шекті еңбек өнімділігі теориялары түрінде көрінетін, сөйтІп
Самуэльсон үшін күн мен табыстарды бөлу теориясының негізі болып табылатын
классикалық принцип толықтай заңды күш алады.
Жалпы неоклассикалық синтезді жаңа теория деп есептеуге болмайды, ол
экономиканы реттеудегі мемлекеттің жетекші ролі жағдайындағы жоғарыда
көрсетілген екі бағыттың эклектикалық құрмаласуы болып табылады.
П.Самуэльсон өзінің неоклассикалық синтезіне ғылыми-техникалық
революцияға, экономиканы реттеуде мемлекеттің, ірі корпорациялар мен
кәсіподақтардың арасында болатын ұзақ мерзімді келісім-шарт сияқты
нысандарға үлкен мән беретін АҚШ экономисі Джон Кеннет Гэлбрейттің негізгі
жағдайларын да қосады. Бұндай ұсыныстардың мақсаты - мемлекеттік бақылауды
күшейту, әлеуметтік жанжалдарды бәсеңдету үшін әлеуметтік маневр жасау
әдісін кеңінен қолдану.
Біздің алдымызда да нарықтық экономиканы реттеудің дүние жүзінде
жинақталған бай тәжірибесін қолдану қажеттігі түр. Әрине олардың бәрі
біздің жағдайымызға сәйкес бола қоймайды. Біз үшін қазіргі басты міндет –
әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұрғындар тобына қолдау көрсете отырып,
барлық азаматтар үшін кәсіпкерлік пен өзінің қабілетін еркін қолдануға
мүмкіндік беретін әлеуметтік жағынан бағдарланған нарықтық экономиканы құру
және дамыту болып табылады.

II. Нарықтық экономикадағы мемлекет ролі

2.1 Нарықты ұйымдастырудың эдістері және оның өзекті үш мәселесі
Адамзаттың өмір сүру тарихында экономиканы ұйымдастырудың екі негізгі
әдістері белгілі: әміршілдік және нарықтық. Шаруашылықты басқарудың бүл
әдістері бір өндіріс шеңберінде бірге өмір сүре алмайды. Егер шаруашылықты
басқару таза нарық құралына негізделсе, онда ол орталықтан жоспарлауды
қажет етпейді, және керісінше, орталықтан жоспарлауды қажет етпейді, және
керісінше, орталықтан жоспарлау нарықты қабылдамайды.
Соңғы кездері экономиканы ұйымдастырудың үшінші әдісі деп әкімшілдік
әдіспен нарықтық әдістің аралас болуын айтады.
Бүл әлі аз зерттелген, дегенмен әкімшілдік әдістен нарықтық әдіске
көшу жолын жеңілдету деп есептеуге болады.

1-сурет. Экономиканы ұйымдастырудың әдістері
Шаруашылықты әміршілдік-әкімшілдік әдіспен ұйымдастыру өндірушінің
үстемдігіне негізделеді. Бүндай жағдайда, әрине, нарықтық механизм қажет
емес. Тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы шаруашылың байланыстар
орталық органдардың шешімі арқылы анықталады. Әміршілдік әдісте барлығы
алдын-ала баланс құру арқылы есептеледі. Орталық органдар өздерінің
қарамағындағы шаруашылықтарға не өндіру, кімге өндіру және қандай бағамен
өндіру керек деген сұрақтарды бұйрық-нұсқау түрінде беріп отырады. Бұндай
модельдің негізгі жұмыс істеу қағидасы: "неге мүмкіндігіміз бар, соны
өндіреміз, бізде не бар, соны ал". Орталықтан бекітілген қорлар бойынша
жоспарлап бөлу -экономиканы мұндай моделінің негізі болып табылады.
Шаруашылықты әміршілдік әдіспен ұйымдастырудың бірнеше кемшіліктері бар.
Біріншіден, экономиканы мұндай әдіспен ұйымдастыру күрделі халық
шаруашылығының егжей-тегжейіне жете алмайды. Бұған уақыт факторы өте қатты
әсер етеді. Себебі барлық шаруашылық мәселелерді орталықтан шешетін болсақ,
шаруашылыққа байланысты сұрақтар кәсіпорыннан жоғары органдарға жеткенше,
одан шешімін тауып қайтып келгенше жағдай қайта өзгеріп кетуі мүмкін, ал ол
проблемаларды шешуді қиындатады. Екіншіден, жоспарлы тұтыну және өнімге
бекітілген жоспарлы баға ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін
өндіруге, ресурсты үнемдеуді жүзеге асыруға, өнімнің сапасын арттыруға,
өндіріс шығындарын төмендетуге мүмкіндік туғызбайды. Үшіншіден, тауар
өндірушілерді материалдық ресурстар мен өнімдерден оқшаулау - қоғамдық
өндірістің тиімділігінің төмендеуіне, оның даму қарқыны мен деңгейінің
құлдырауына әкеліп соқтырады.
Нарықтық механизм бұған қарама-қарсы принципке негізделген, онда
шаруашылық субъектілерінің ешқайсысы шаруашылық сұрақтарды алдын- ала,
саналы түрде шешумен айналыспайды. Бұл сұрақтар өте қарапайым түрде
шешіледі: тауар өндірушілер мен тауар тұтынушылар нарықта кездеседі, сөйтіп
өндірістің көлемі мен бағасын анықтайды. Басқаша айтқанда, нарықтық әдіске
негізделген экономикада өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы
экономиканың өзекті үш мәселесін (не өндіру, қалай өндіру және кім үшін
өндіру керек?) шешу мақсатында әрекет етеді.
Не өндіру керек? Бүл жағдайда, тұтынушы бір немесе басқа тауарды
сатып алуды таңдау арқылы өз белсенділігін білдіреді. Егер тұтынушы белгілі
бір тауарлар түрін көп сатып алса, онда оған баға өседі. Бағаның артуы
тауар өндірудің көбеюін ынталандырады. Бұндай механизм біз бұрын ойлағандай
экономикадағы бассыздық пен бұлдырлық емес, керісінше оның сынаудан өткен
тәртібі болып табылады. Шаруашылықтың нарықтық механизммен әрекет етуі,
бейнелеп айтқанда, автоматтандырылған сипатта болады: тауарға сұраным
артса, баға өседі, онда тауар өндірушілер өндіріс көлемін ұлғайтады және
керісінше -сұраным азайып баға төмендесе оны азайтады.
Қалай өндіру керек? Ол тауар өндірушілердің арасында болатын
күресімен анықталады. Тауар өндірушілер үшін бір-ақ жол бар, ол белгілі бір
баға саясатын ұстану арқылы бәсекелесін ұту және белгілі бір пайда табу. Ол
үшін аз шығынды кажет ететін арзан және сапалы өнім шығару керек. Ал ондай
өнім қандай тауар өндірушілерде болады? Әрине, ол өндірісте ҒТП
элементтерін кең түрде жүзеге асырған, жоғары білікті кадрлары бар
кәсіпкерлерде болады. Қысқасы нарық ҒТП жетістіктерін ендіруді, тұтынушыға
қажетті өнім өндіруді ынталандыратын факторларды іздестіруге мәжбүр етеді.
Кім үшін керек? Бұл сұрақ, сұраным мен ұсынымның ара қатысына
байланысты. Бұл жағдайда нарықты өндірушілердің саны мен құрамы, олардың
табыс деңгейі және т.б. көрсеткіштеріне қарай зерттеу қажет.
Жоғарыда көрсетілген шаруашылықты ұйымдастырудың сұрақтары барлық
экономикалық жүйелерге тән өзекті мәселелер болып табылады, бірақ олар
әртүрлі шешіледі.
Шетелдік мамандардың пікірінше экономиканы ұйымдастырудың әміршілдік
немесе нарықтық әдістері "таза күйінде" өмір сүрмейді. Олардың
тұжырымдауынша, нарықты экономикасы дамыған елдерде экономиканы
ұйымдастырудың аралас моделі қалыптасқан, онда жеке және қоғамдық
институттар экономикалық бақылау жасайды:, жеке жүйе "көрінбейтін қолмен"
нарықтық механизмге бағыт-бағдар беріп отырады, ал қоғамдық институттар-
әкімшілдік жолмен реттеу және салық стимулдары арқылы.

2.2 Нарық механизміне мемлекеттің әсер етуі

Нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді
механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп
есептеледі, оны математикамен, ген инженериясымен, электроникасымен және
адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Бірақ нарық
механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды. Ал
бұл меншіктің алуан түрлі формалары және әр түрлі тауар өндірушілер
болғанда ғана мүмкін, бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз өмір сүруге
қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиімді жұмыс
жасайтын болашағынан үміт күттіретініне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз
нарықтың қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық
механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Сонымен бірге нарықтық механизм идеалды емес, оның елеулі қайшылықтары
да бар. Оның жағымсыз жақтарына әлеуметтік жіктелу, әлсіздерге, әсіресе
банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік, жұмыссыздықтың болуы жатады.
Экономиканы бірыңғай сұранымға ғана бағдарлап, нарық орны толмайтын табиғат
ресурстарын және қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етпейді. Сондықтан
мемлекет қоғам атынан адамдардың дұрыс экологиялық жағдайда өмір сүру хұқын
реттеп отыратын шараларды жүзеге асыруы қажет.
Реттелмейтін таза нарықтық экономика адамның еңбек ету, білім алу
табыс табу сияқты әлеуметтік-экономикалық хұқтарына кепілдік бермейді. Бұл
салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді. Мемлекет
бағаны реттеу, салық жүйесінің негізінде табысты қайта болу, бюджет
шығындарының есебінен жұмысшыларды қайта мамандандыру, оларға жәрдем ақша
бөлу және халықты әлеуметтік қамту жүйесі арқылы нарықты экономиканың
қысымын жұмсартады. Бұндай шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты
саяси-әлеуметтік ахуалды ұстап түру мүмкін емес.
Нарықтық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек
ресурстарын,еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды
көздейді. Бірақ көп қаржы мен уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында
стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды,өндірісте терең құрылымдық
өзгерістер жасауды қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде мемлекеттің
стратегиялық ғылыми-техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз, ірі
кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін
емес.
Енді нарық дегеніміз не? Ең алдымен осыны анықтап алайық. Нарық бүрын
соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну
қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау-бөлу әдістеріне
негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми
зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл-әміршіл жүйенің
идеологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың
маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас басым болды. Нарық
мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор
мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғалым-
экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты
нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық - бүл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын
айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі
немесе жүйесі.
Нарық - бүл сатушы мен сатып алушылар арасындағы экономикалық
қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.
Нарық-бұл сатушылармен сатып алушылар арасында тауар және қызмет
көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың
жиынтығы.
Нарық - тауарларды сатып алу-сатумен байланысты орын алатын
экономикалық қатынастар жиынтығы.
Нарық тауарды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың
арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады Келтірілген көзқарастардың қай-
қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бір проблеманың бір жағын ғана
қамтиды. Бү_л анықтамаларға ортақ нәрсе - ол нарықты өндірістің емес,
айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың субъектісі өндірушілер мен
тұтынушылар емес, сатушылар және сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде
тауар-ақша, нарықтық байланыстар сатып - сатып алумен шектелмейді. Бұл
жерде, басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес,
өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек, себебі тек осы жерде
ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын. Тауар ақша
қатынастарын қандай мықты нысандарда болатынын көрсететін экономикалық
байланыстар пайда болады.
Нарық қызметін тек қана айырбас саласымен шектеу - оны бәсеке, ең аз
шығынға үмтылуы, өзара тиімді өндірістік байланыстарды жасау сияқты маңызды
қасиеттерінен айырады. Сонымен бірге,нарықты жәй ғана тауар айырбасы емес,
тауар өндірушілер мен тұтынушылардың қарым-қатынастарына тән қайтарымдылық,
эквивалентік, бәсекелестік болатын айырбастың экономикалық өткізілуі
ретінде қарау керек. Осы тұрғыдан алғанда, нарықты әр түрлі тауар
өндірушілер мен тұтынушылар арасында болатын экономикалық байланыстар мен
қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады.
Берілген анықтамада әңгіме, тек өндірушілер мен тұтынушылардың
арасындағы жеке байланыс пен қатынас қана емес, сонымен қатар
өндірушілердің, өндірушілер мен сатып алушы-тұтынушылардың, тұтынушылардың
өздері арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы болып отыр. Екіншіден,
бұл қатынастар мен байланыстар қайтарымдылықты, тепе-теңдікті, обьективті
түрде алдын-ала анықтайды, яғни шаруашылық серіктестерінің шаруашылық
қызметтердің варианттарын және оңтайлы өткізу бағасын таңдаудағы,
табыстарды иемденудегі дербестігімен тәуелсіздігі туындайды. Үшіншіден,
алғашқы екі жағдайдың шүбәсіз салдары –бәсеке -өндіріс процесінде де,
тұтыну процесінде де болатын шаруашылық байланыстардың өзгеруіне
себебін тигізуі мүмкін.

2-сурет. Нарық экономикалық байланыстар мен қатынастар ретінде
Себебі нарық бәсекесіз өмір сүре алмайды. Ал бұл, сан алуан меншік
формалары мен әртүрлі тауар өндірушілер болған жағдайда ғана мүмкін. Соның
нәтижесінде, өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілетсіз
шаруашылық бірліктерінен тазарады, ал басқа жағынан, тиімділігі жоғары және
болашағы зор шаруашылық субьектілеріне жол ашады. Біздің ойымызша, нарықты
бұлай түсіну, оның мүмкіндік сипатын толық қамтиды.

2.3 Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары жэне түрлері

Жалпылама тұрғыдан алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері
арқылы ашылады. Ең алдымен нарық экономикалық тұрғыдан бөлектенген
материалдық игіліктерді және қызметтерді өндірушілер мен тұтынушыларды
байланыстыратын буын түрінде көрінеді. Нарықсыз, іс жүзінде қоғамдық
өндірістің екі нақты қатысушылардың арасындағы қандай да болмасын
технологиялық байланыстың қаншалықты өзара тиімді болатынын анықтау мүмкін
емес.

Нарықтың маңызды қызметтерінің бірі - оның ұдайы өндіріс процесін
үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші ролінің тікелей
әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенің тоқырауына, өндіріс
құрылымдарының үйлеспеуіне, тапшылықтың пайда болуына, адамдарді
экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі ролінің жоғалуына әкеліп
соқтырады.
Нарықтың басқа бір атқаратын қызметі - ақпараттық. Нарық тауар
бағасымен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің проценттік
нарқының т.б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға.олар
сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жүмсалатын қоғам;
қажетті өндіріс шығындары, қоғамдық-қажетті сапа және ассортимент туралы
объективті ақпарат беріп отырады
Сонымен бірге нарық механизмі мынадай қызметте атқарады - бәсеке
күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктері
тазартады және керісінше олардың даму болашағы барларына тиімді жағдай
жасайды.
Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықты бір қалыпты
жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру міндеті
тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, мұндай жағдай тауар
өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде
айналысуға мүдделі болады.
Осылармен қатар, маңыздылығы жағынан басқалардан кем түспейтін
нарықтың атқаратын қызметтеріне мыналар жатады: тауардың қоғамдық
мағыналылығын мойындау; өндірістік шығындарды азайтуды экономикалық
ынталандыру; еңбекке деген материалдық стимулдарды экономикалық жағынан
қамтамасыз ету.
Нарықтық күрделі экономикалық категория ретінде өз бетінше емес,
әртүрлі факторларға байланысты белгі бір нақты әлеуметтік экономикалық
жағдай өмір сүреді. Дүниежүзілік тәжірибе нарықтық механизмнің мынадай
жағдайлар мен шарттар орындалғанда ғана тиімді қалыптасатын және өмір
сүруін дәлелдеп береді.

4-сурет. Нарықтың қалыптасуының негізгі компоненттері

- шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі;
- меншік қатынастарының алуан түрлі нысандары;
- өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің
болуы;
- нарық инфрақүрылымын жасау;
- тауар өндірушілердің сан алуан түрлерінің болуы;
- контрагенттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу құқы.
Енді осы шарттарға толығырақ тоқталайық.
Біріншіден, экономикалық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі,
олардың келісім шартқа отыруға және өздерінің тапқан табыстарына иелік
етуге толық құқылығы.
Екіншіден, меншіктік қатынастардың алуан түрлі нысандарының болуы,
олардың өндірістегі тең құқылығы. Меншіктің әртүрлі нысандарын пайдалану
туралы өндіріс және айналыс қатынастарының алуан түрлі агенттерінің пайда
болуына олардың еркіндігіне, бәсеке күресіне, былайша айтқанда тиімді
қызмет жасайтын нарықтың құрылуына жеткізеді. Дегенмен, бұл процесс
әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесін қайта құруда кездесіп отырған
қайшылықтар мен қарсылықтардың нәтижесінде өте баяу жүзеге асуда. Бірсыпыра
ғалымдар, саясаткерлер, журналисттер осы жағдайдан шығудың жолын меншікті
жаппай мемлекет иелігінен алу және өндірісті жекешелендірумен
байланыстырады. Қазіргі кезде жаппай мемлекет иелігінен алу және
жекешелендіру бір кездегі жаппай национализациялау және ауыл шаруашылығын
жаппай ұжымдастыру сияқты экономиканың үстінен жасалған зорлық болар еді.
Бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қазіргі заманғы өндіріс
белгілі бір мөлшердегі мемлекеттік меншіксіз және мемлекеттің реттеуінсіз
сәтті дами алмайды. Бүгінде - қай жерде күшті мемлекет бар, сонда қуатты
экономика.
Нарықты экономикаға көшу кезінде ескеретін маңызды жәйт - ол өндіріс
құрал- жабдықтарына жеке меншік және кәсіпкерліктің толық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне теориялық көзқарастар
Нарықтық экономика туралы жалпы түсінік
Экономиканы мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық негіздері
Нарықтық жүйенің сипаттамасы мен дамуы
Дағдарыстан кейінгі кезең
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Тауар өндірушілер
НАРЫҚТЫ РЕТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Нарықты экономиканың қажеттілігі, мәні және қазақстандағы оған өту жолдары
Нарық шаруашылығының артықшылықтары және кемшіліктері
Пәндер