Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының рөлі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Мектепке дейінгі және
бастауыш оқыту кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕ МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ
Орындаған: Сұлтан Жұлдыз
Мамандығы: 050102- Педагогика және бастауыш
оқыту әдістемесі
Факультет: Педагогика-психология
Курсы, тобы 306-топ студенті
Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының
Кандидаты С. Н. Жиенбаева
«Ұсынамын»
Кафедра меңгерушісі
П. ғ. д, профессор Қ. А. Аймағамбетова
Хаттама № « » 2009 ж.
Алматы 2009
Кіріспе . . . 3
1 Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының бірлескен жұмысынның теориялық негіздері . . . 6
1. 1 Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеудің мектептегі педагогикалық үдерістің орны . . . 6
1. 2 Отбасы педагогикалық үдерістің субъектісі және баланы тәрбиелеудегі орны . . . 16
1. 3 Отбасына психологиялық-педагогикалық диагностика әдістемесі…… . . . 27
2. Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының жұмысын ұйымдастырудың инновациялық формалары және әдістемесі… . . . 32
2. 1 Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеуде мектептің ата-аналарымен жұмысын ұйымдастыру формалары . . . 32
2. 2 Бастауыш мектеп мұғалімдерінің ата-аналармен жұмысының қазіргі жағдайы . . . 45
Қорытынды . . . 52
Пайданылған әдебиеттер тізімі . . . 53
Кіріспе
Зерттеу көкейкестілігі. Бүгінгі кезеңде Егемен елімізде жалпы орта білім беретін мектептегі тәрбие жұмысын қазіргі заман талабына сай ойдағыдай ұйымдастыру және демократияландыру мәселесі - жалпы ұлттық, бүкіл халықтық, мемлекеттік деңгейде жұмыла көтеруді қажет ететін аса маңызды мәселе болып саналатыны белгілі жәйт.
Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде біздің елімізде оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру оларды оқытудың, тәрбиелеудің және жетілдіріп дамытудың бөлінбес бір бөлігі мектептегі бүкіл оқу жылдары бойында жүзеге асырса дұрыс болатындығын, ол оқушылар арасындағы сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында жүзеге асырылуы тиіс екендігін атап көрсетті.
Қоғамдағы білім беру саласындағы ізгілендіру мен демократияландыру процестері мектептердегі тәрбие мазмұнын жаңартуды және мұғалімдерге қойылатын талап деңгейін өзгертуді қажет етеді. Осыған орай Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы бекітіліп, жаңа формация мұғалімінен қойылатын талаптардың бірі «болашақ мұғалімдердің теориялық білімін тәжірибе жүзінде қолдана білуге дайындығын қалыптастыру» делінген. Сондықтан мектептегі тәрбие жұмысының тиімділігі мұғалімнің теориялық және практикалық дайындығымен және жеке басының келбетімен, әлеуметтік белсенділігімен және ұйымдастырудағы жаңашылдығымен анықталатындықтан, педагогтардың кәсіби даярлығын ғылыми негізде үздіксіз жетілдіру қажеттігі туындайды. Сондықтан мектептегі тәрбие жұмыстарының дұрыс бағытты жүргізілуі сынып жетекшісінің жұмысымен тығыз байланысты.
Отбасындағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бойынша Б. З. Ақназаров[2], З. Әбілова[3], Д. Ф. Ақбердиева[4], Д. Б. Биданов[5], Е. А. Дмитриенко [6], Р. Д. Ержанова[7], Р. М. Қоянбаев[8], М. Д. Көпжасарова[9], Н. М. Иргебаеваның [10], еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
Бүгінгі таңда елімізде бастауыш мектептің отбасымен жұмысының байланысын өздерінің жұмыстарында ішінара қарастырған ғалымдар Т. С. Сабыров[11], М. Қоянбаев[12], А. Қ. Аймағамбетова[13], Ш. Х. Құрманғалиева[14] сынды ғалымдардың еңбектері жарық көріп, тәрбие салаларына байланысты мұғалімнің оны жүргізудегі, отбасы мен мектептің арасындағы өзара байланыстарды айқындаған. Қазіргі таңда отбасы мен мектептің арасындағы байланыстың оқушыларды қоғам талабына сай даярлауда қажеттілігі мен оның теориясы мен практикасында жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылық және көтеріліп отырған мәселенің көкейтестілігіне байланысты зерттеуіміздің тақырыбын «Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының рөлі» - деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу.
Зерттеудің пәні: Мектеп пен отбасының бірлескен әрекеті
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының бірлескен әрекетін қазіргі талапқа сай дайындауды ғылыми-педагогикалық тұрғыда негіздеу және технологиясын дайындау.
Зерттеудің болжамы: Мектептегі ата-аналармен жұмысын нәтижелі ұйымдастыруға болады, егер:
- мектептегі ата-анамен жұмысының инновациялық формасы белгіленсе; сынып жетекшісі, оқушы, мұғалімнің серіктестік жұмысы болған жағдайда, онда балаларды тәрбиелеу жеңілге соғады.
Зерттеудің міндеттері:
- бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеуде ата-анамен жұмысын ұйымдастыруда мектеп пен отбасының жұмысын ғылыми-педагогикалық тұрғыда негіздеу;
- мектеп пен отбасының бірлескен жұмысын және әдістемесін педагогикалық эксперименттің нәтижесін қорытып, әдістемелік нұсқау ұсыну.
Зерттеу әдістері: білім беру мәселесіне байланысты жарық көрген мемлекеттік құжаттарға талдау, педагогикалық эксперименттер (анықтау, қалыптастыру, бақылау) өткізу барысында әңгімелесу, педагогикалық жағдаяттарды таңдау және жинақтау, даму деңгейін сапалық сандық деректерін білдіруде статистикалық әдістерді қолдану, педагогикалық бақылау, сауалнамалар жүргізу, бастауыш мектептегі тәрбие жұмысын бақылау. Алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен танысу,
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасы мен мектептің байланысын ғылыми тұрғыдан негіздеу;
- тәрбие жұмысын ұйымдастыруда кәсіби біліктілігін қалыптастырудың
әдістемелік нұсқауының берілуі.
Зерттеу базасы: № 123 мектептегі бастауыш мектеп мұғалімдері және ата-аналар қатысты.
Диплом жұмысының құрылымы : Кіріспе, екі тараудан, қорытынды бөлімнен, әдебиеттері тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасы мен мектептің байланысы тақырыбының өзектілігі негізделіп, зерттеудің мақсаты, міндеттері, нысанасы, болжамы, пәні, жаңалықтарының теориялық және практикалық мәндігі айқындалған.
«Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының бірлескен жұмысынның теориялық негіздері» тарауында бастауыш сынып оқушыларының отбасы тәрбиесі, қазіргі тәрбие және тәрбие жұмыстарына арналған зерттеулер мен әдебиеттерге талдау жасалынып, зерттеу мәселесінің теориялық негізі айқындалған.
« Бастауыш мектеп оқушыларды тәрбиелеудегі мектеп пен отбасының жұмысын ұйымдастырудың инновациялық формалары және әдістемесі» тарауында бастауыш сынып мұғалімдерінің отбасымен бірлескен жұмысының инновациялық формалары сипатталады.
1 Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының бірлескен жұмысынның теориялық негіздері
1. 1 Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеудің мектептегі педагогикалық үдерістің орны
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудың стратегиялық басымдықтарын белгілеу, болашақ мамандардың іргелі пәндік білім алуларына, кәсіптік шығармашылығын дамытуға, оны ұйымдастыра білуге дайындау, өздігімен білім алу қажеттіліктерін қалыптастыруға бағытталуы тиіс» екендігі айтылып көрсетілген [15] . Мұғалімнің даярлығы - қоғам дамуының қай кезеңінде де көкейкестіліген жоймайтын мәселе, өйткені дамудың әр сатысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері өзгеріп, өз кезегінде өскелең ұрпақты қоғамдық өмірге дайындау мәселесінде да жаңа талаптар пайда болып отырады.
Мұның өзі мұғалімнің кәсіби білім жүйесіндегі өзгерістерді туындатып, осы мәселеге деген көзқарастарды түрлендіріп отырады. Мұғалімнің мектептегі педагогикалық әрекетіндегі басты сапалардың бірі тәрбие жұмысын ұйымдастыра білуі. Осыған байланысты бастауыш мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруға бастауыш мектеп мұғалімдерді дайындау жолдарын ағартушы, ғалым-педагогтардың көзқарастарының дамуына сай қарастырамыз. Мектептегі тәрбие жұмысындағы басты тұлға сынып жетекшісі болғандықтан, оның қалыптасу тарихына тоқталуды жөн көрдік.
Тәрбие жүйесінде басты орынды сынып жетекшісі атқарады. Қысқаша педагогикалық сөздікте «сынып жетекшісі - жалпы білім беретін мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыратын және өткізетін педагог. Бастауыш сыныпта сынып жетекшісінің міндеттерін мұғалім атқарады» делінген. Сынып жетекшісі жалпы білім беретін мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, реттеуші және өткізуші (Педагогика Г. М. Коджаспирова) [16] .
Бастауыш сыныпта сынып жетекшісінің қызметін осы сыныптың мұғалім атқарады. ХІХ-ХХ ғасырда Ресейде білім беру мекемелерінде балаларды тәрбиелеу ісімен кімдер айналысу керек деген мәселе әр түрлі шешілді.
1813 жылы Білім беру министрлігінің циркуляры «Об установлении должности комнатных надзирателей при пансионах» оқыту мен тәрбиелеудің қызметін қатал түрде бөліп берді. Бір тәулік бойында қараушылар (надзиратель) өздерінің тәрбиеленушілерімен бірге болып, сабаққа бірге барып, үй тапсырмасын орындауға көмектесіп, бос уақытын бірге өткізіп, пансионаттағы бөлменінің тазалығына және тәртібін қадағалады. Қараушылар француз тілін білетін, жоғары адамгершілікті, жақсы әдет-дағдыларды қалыптасқан адамдарды таңдады.
1835 жылы оқушылардың сабақта, көшеде, қоғамдық орындарда мінез-құлқын бақылай алатын сыныптық қараушылар қызметі мектепке енгізілді. Сыныптық қараушылардың білімі «бөлмелік қараушылардан» біршама төмен болып, тек уездік училище деңгейіндегі білімі жарады. 1871 жылы институт сынып бастаушысы (наставник) бір сыныптан бөліп, міндетті оқу жүктемесінен өзінің сыныбынан аптасына 18 сағаттық жүктеме бөлінді. Бұл сынып бастаушы оқу мен тәрбие процесіне алғашқы жақындауы еді. Сынып жетекшілері өздерінің істеріне жауапкершілікпен қарай отырып, бірте-бірте беделге және құрметке ие бола бастайды. Қыздар гимназиясында «сынып ханымы» деп аталып, орта білімі болмағандықтан тек оқушыларға жетекшілік қызметін атқарды.
Қазан революциясынан кейін бастаушы және сынып ханымының жұмыстары қысқартылып, мұғалімнің оқыту және тәрбиелеу міндетіне айналды. 1931 жылы топ жетекшісі (групповод) қызметін енгізсе, 1934 жылы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде топтап оқыту тәртібін, сыныптық-сабақ жүйесіне көшуге байланысты бір педагогті сабақтан босатып мұғаліммен параллель қызмет ететін топ жетешісі сынып жетекшісі деп өзгертілді. Осы жылы РСФСР Халық ағарту Комиссариты сынып жетекшісі туралы Ережені бекітіп, онда қызметі, міндеттері, жұмыс мазмұны, формалары, әдістері жаңа сипатқа ие болды. Кейін сынып жетекшісі пән мұғалім және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын бір сыныпта жүргізу қажеттілігі бекітіледі. Кеңес өкіметі тұсында мектептегі тәрбие жұмысы және сынып жетекшісіне қойылатын талаптар бойынша біршама тәжірибе жинақталған.
1957 жылы Қазақ КСР министрлігінің мектептер басқармасы «Класс жетекшісі туралы», «Мектептегі тәрбие жұмысы» іс-құжаттар жинағында толық ашылып көрсетілген. И. Ф. Харламовтың пікірінше, бүгінгі күні баспаларда мектептегі сынып жетекшісі ескірген, керек емес тәрбие жұмысы оқыту процесінде шешіледі деген ойлар айтылып жүр[17] . Көптеген педагогикалық аргументтер сынып жетекшісінің қажет екендігін дәлелдейді. Шет елдерде Бельгияда сынып жетекшісін мұғалім, Англияда тьютор деп атайды. 1980 жылдардың аяғында әлеуметтік-мәдени басылымдардың өзгерістеріне қарай сынып жетекшілерінің тәрбиелеу жүйесіндегі, оқушыны тәрбиелеудегі орны мен роліне аздап өзгерістер әкелді. Оның негізгі ойы тәрбиеленушінің жеке тұлғасы, оның экологиясы және дамуы болып саналды.
Қазіргі таңда мектеп тәжірибесінде сынып жетекшісінің бірнеше типтері:
- сабақ берумен қатар тәрбие жұмысын атқаратын пән мұғалімі;
- төмен жүктемемен жұмыс істейтін сынып жетекшісін сынып мәткесі, тәлімгер деп атап жүр;
- көптеген оқу орындарында сынып басшысы, тьютор дене қызмет енгізілген. Соңғы кездерде Ресейде сынып мұғалімі деп аталып келеді. Бастауыш сыныпта сынып жетекшісі қызметін жоғарыдағы аталғандардан пән мұғалімі атымен аталып міндеттері, құқығы, қызметі мектеп жарғысында көрсетілген.
В. Н. Сорока-Росинский мұғалім оқушы тәрізді жеке дара деп қарап, алғаш рет теоретик-педагог, педагог-реалист, педагог-ултилитарист, педагог-артист типтерге жіктеген. Я. Корчак мұғалімдер типтерінің жіктемесін ұсынды. Мұғалім-тиран-тыйымды көп қолданып, орындауды талап етеді. Атаққұмар мұғалім - әрбір баланы өзінің пікіріне және нормасына бағындырады. Есті мұғалім - балаларға сүйіспеншілікпен қарайды, олардың жанын және тәрбиелік және білімдік міндеттерді шешу жолын жете түсінеді.
Педагогика ғылымында мұғалімнің жеке тұлғалық бағыттылығына қарай ұйымдастырушы, пәндік, коммуникатор, интеллигент типтері қалыптасқан. Соның ішінде ұйымдастырушы типінің тұлғасының құрылымы талап қойғыш, ұйымдастырғыш, еркі берік және күш-қуаты жоғары болып келеді. Өзінің жеке тұлғалық ерекшеліктерін түрлі сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысында көрсете алады. Міне осында мұғалімдердің типтерін болашақ бастауыш сынып мұғалімін дайындауды ескеру қажет.
И. П. Подласый, Б. Т. Лихачев қазіргі заманның идеалды сынып жетекшісінің мінез-құлқының 60-тан астам белгілерін бөледі[18] . Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде болашақ мұғалімге тілектестік, қайырымдылық, өнегелі тазалық, әділеттілік, адамгершілік, эмпатия, альтуризм, ашық-ақ жарқындылық, белсенді өмірлік көзқарас тәрізді жеке тұлғалық қасиеттері қажет.
«Қазақстан Республикасы жаңа формациядағы педагогтың үздіксіз педагогикалық білім концепциясы» жобасы қабылданып, гимназияда тәрбиелік процесс медико-психологиялық педагогикалық, яғни екі оқу -профильдік кафедрамен (гуманитарлық-эстетикалық цикл мен жаратылыстану-математикалық циклмен), психологиялық-медициналық қызмет және «Сынып жетекшілердің институты» кафедрасымен өтеді. Сынып мұғалімдердің институты қоғамдағы тәрбиелік жұмыстың орталығы болып табылады. Оның құрамына 5 кафедра мен лаборатория және сабақта өтілетін модульдік бағдарламалар, «жалпы дамытушылық», яғни сынып сағаттарының және синхронно-модульдік жолмен ұйымдастырылады. Бір апта бойы 5 модульдік сабақтар өткізіледі. Үйлесімділік, саясат, этика және эстетика, ақыл-ойды дамыту, әлеуметтік тұрғыдан өзін-өзі билеу. Жүйелі гимназияның модельдік ұйымдастырушылық құрылымын екі позицияда қарайды - субъектілік және объектілік.
Субъектілік позиция 5 деңгейде қарастырылады: директордың деңгейі (басшылық), орынбасарларының деңгейі (стратегиялық деңгейдің бағытталуы), кафедра меңгерушісінің деңгейі (тактикалық деңгейдің бағытталуы), ғылыми-педагогикалық басқармасының деңгейі (технологиялық), мұғалімдер деңгейі және сынып мұғалімдерінің деңгейі, оқушылардың деңгейі. Объектілік позиция педагогикалық кеңесті, әдістемелік кеңесті, ғылыми-педагогикалық лабораторияны, орталық ғылыми-әдістемені, медициналық және психологиялық қызметтерді қарайды.
Оқушылардың тәрбиесі мен дамуына «сынып мұғалімінің институты», яғни сынып мұғалімінен босатылғандар кіреді. «СТИ»-на қоғамдық ұжымның тәрбиелік, ұйымдастырушылық, аналитикалық функциялар жатады. «СТИ» жалпы дамуына, негізгі бағытталған жұмыстардың бағдарламасына қарайды. Құрылымдық институтқа негізгі тәрбиелік сферасының 5 модулі кіреді. Сынып мұғалімдердің жұмыс циклограммалық сәйкестікпен өтіледі. Мектептің даму тарихын, оқушының потенциалдық талантын мектеп мұғалімінің ролі көрсетеді.
Сынып жетекші - кәсіби-педагог, сынып ұжымының тәрбиелік жұмыстарының ұйымдастырушысы. Сынып мұғалімдер гимназиядағы оқушылардың білім деңгейін, мұғалімдердің сыныптағы психологиялық көзқарасын жақсартуға, ата-аналардың психология-педагогикалық білімдерін және баланың әдістемелік отбасысымен сөйлеу мәдениетін ұйымдастырушы. Сыныптың системамен бірге аудиториялық және аудиториядан тыс оқу процесі ұйымдастырылады» - деп сынып жетекшілерінің ролі және оларға қойылып отырған талаптар жоғары болып отыр.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық әрекетінің құрылымы және оны ұйымдастыру қызметі туралы О. С. Богданова[19], Ф. Н. Гоноболин[20], В. А. Кан-Клик[21], С. В. Кондратьев[22], В. М. Коротов[23], Н. В. Кузьмин[24], В. С. Кукушин[25] еңбектерінде қарастырылған. В. С. Кукушин педагог-мұғалім, сынып жетекшісі ұйымдастырушылық ( барлық педагогикалық аспектілер бойынша жұмыстар өткізу), тәрбиелік (жеке тұлғаны және ұжымды қалыптастыру), коммуникативтік (қарым-қатынасты ұйымдастыру), реттеушілік (барлық ықпалдардымен келісу, тәрбие процесіне қатысушылардың арасында келісім, өзара әрекеті), жөндеу (жеке тұлғаны өзгерту), экологиялық (баланы жағымсыз әсерден сақтау), әкімшілік (оқушылардың жеке ісіне құжат арнау) [25] . Соның ішінде И. П. Подласый пікірінше, ұйымдастырушылық қызметі көптеген зерттеулерде балаларды белгілі жұмыстарға тарту, таңдалған мақсатқа балалармен ынтымақтастықта жету[18] .
Н. В. Кузьмин сынып жетекшісінің гностикалық, жобалау, құрастыру, ұйымдастырушылық, коммуникативтік функциональдық компонентін жүйелеген. Ұйымдастырушылық компоненті педагогтың өзінің әрекетін және оқушылардың белсенділігін ұйымдастырудағы біліктілігінің жүйесі деп анықтама берді. Барлық компонеттер бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірімен қиылыста болады[24] . Мәселен, гностикалық компонент, яғни мұғалімнің білімі, өзінің пәні бойынша білімі ғана емес, педагогикалық коммуникация туралы, оқушылардың психологиялық ерекшелігі, өзін-өзі тану туралы білім жатады. Осы компонент пен ұйымдастырушылық компонент байланысты жүзеге асады.
В. А. Кан-Калик психолог ғалым педагогтардың әрекеттерінің құрылымын 200 компоненттен тұратындығын анықтап, педагогтың басты сапасы оқушыға тиімді ықпал етуді ұйымдастыра білу біліктілігі болуы керектігін көрсетеді [21] . В. А. Сластинин, А. И. Щербаковтың мұғалімнің педагогикалық әрекетінің құрылымын диагностикалық, бағдарлану-прогностикалық, құрастыру-жобалау, ұйымдастырушылық, ақпараттық-түсіндірмелі, коммуникативтік-ұмтылдыру, талдау-бағалау, зерттеушілік-шығармашылық әрекетерінің жүйесін құрды. Ұйымдастырушылық әрекеті оқушыларды белгіленген оқу-тәрбие жұмыстарына тарту, қызықтыратын форма беріп, оқушылар арасында міндеттерін бөлу және белсенділігін ояту делінген[26] . Мектептегі сынып жетекшісінің әрекетерінің белгілі ережелері бекітіліп, онда негізгі тәрбие қызметтері, тәрбие жұмыстарының бағыттары, міндеттері көрсетілген. И. Ф. Харламовтың жүйелеуі бойынша, когнитивтік-диагностикалық, ұйымдастырушылық-ынталандырушы, біріктіруші-ұйымдастырушы, координирлік, жеке тұлғалық дамытушылық қызметтерін жіктеген. Ұйымдастырушылық-ұмтылдырушы қызметі оқушыларды сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының түрлері мен формаларына тарту[27] . Бұл жұмыстарға олардың қызығуын және белсенділігін туғызу. Сынып жетекшісі өзінің оқушыларын араластыруда мәжбүрліктен емес, алдында тұрған жұмыстың мәнін, маңызын түсінетіндей, жұмыстың ұйымдастырылуына әрі сипат және белгілі жаңалық енгізілуі керек. Дегенмен, мектептегі тәрбие жұмысын дұрыс бағытта ұйымдастыру үшінде, оқушылардың дамуына диагностика қоя білуі, тәрбие жұмыстарының формасын, түрлерін жобалау-құрастыра алуы, коммуникативтік біліктілігі, білімі, дағдысы болуы қажет.
Қазақстандық зерттеушілер Е. А. Дмитриенко[28], А. А. Аманжолова[29], Р. Р. Масырова[30], Б. Барсай[31], Н. М. Көшеров [32] І. А. Сарбасова[32], Қ. Н. Нағымжанова[33], Г. З. Сауытпаева[34] еңбектерінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға дайындаудың түрлі аспектілерін негіздеген.
А. А. Аманжолова, Н. М. Көшеров, І. А. Сарбасова бастауыш сынып мұғалімдерін этнопедагогикалық материалдарын оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың жолдарын зерттеген. Н. М. Көшербаев бастауыш сыныптағы тәрбие жұмыстарында халықтық тәжірибенің орнын, этнопедагогика материалдарын пайдаланудың мәнін айта келе, оны оқу-тәрбие процесіне енгізуде және ұйымдастыруда арнаулы дайындықтың қажеттілігін көрсетіп, бастауыш сынып мұғалімдерін жоғары оқу орындарында этнопедагогикалық дайындау жүйесін, А. А. Аманжолова бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік-жыныстық тәрбиесіндегі қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалана білуге болашақ мұғалімдерді дайындаудың жолдарын ұсынған. І. А. Сарбасова бастауыш мектеп мұғалімдердің бастауыш сыныптағы математиканы оқытуда қазақ этнопедагогикасын пайдалануға дайындығын қалыптастырудың әдістемесін тұжырымдаған. Л. Р. Аубакирова болашақ мұғалімдерді жоғары оқу орнында ұйымдастырушылық әрекетке дайындаудың жолдарын көрсетті. /1983/
Ш. Х. Құрманғалиева, Р. Р. Масырова педагогикалық колледж жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби дайындығын жетілдірудің дидактикалық негіздерін, тұтастай педагогикалық процесте көрінуін қалыптастыру жолдарын дайындады. Қазіргі таңда педагогикалық колледждерде зерттеу нәтижері қолданыста болып, нәтижелерін көрсетуде.
Зерттеуші ғалым Б. Барсай, Қ. М. Нағымжанова өзінің зерттеуінде бастауыш сынып мұғалімінің өз бетінше кәсіптік білім алуымен шұғылдануының және оқытудың қазіргі технологиясын қолдануға дайындығының үлгісін ұсынды. Оның ішінде ұйымдастырушылық дайындығын өзінің уақыты мен жұмысын жоспарлай білу, қызмет жүйесін қайта құру, ақпараттық ізденістерін жүзеге асыра алуы, кітапханада жұмыстану, қажетті ғылыми материалдардың қазіргі заманғы классификациясын түсініп, оргтехниканы, компьютерлік ақпараттарды пайдалана білуі деп тұжырымдады.
Қ. М. Нағымжанова бастауыш сынып мұғалімінің оқу-тәрбие процесіндегі инновациялық әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтаған. Оның ішінде бастауыш сыныптағы тәрбие жұмысында қолданылатын педагогикалық технологияларды жүйелеп және болашақ маманның жаңашылдық, шығармашылық әрекетін қалыптастыру формаларын, құралдарын негіздеген. Соңғы мәліметтер бойынша қиын балалар және заңды бұзушылар бастауыш сыныптан көп кездесіп келеді. Осы мәселеге байланысты жоғары оқу орындарында педагогика, психология, құқықтану пәндері жүргізіліп, онда болашақ мамандардың кіші мектеп жасындағы балалардың құқық бұзуын алдын алуға дайындайды. Осы мәселеге байланысты А. К. Садықованың бастауыш сынып оқушыларының құқық бұзушылығының алдын алуға мұғалімдерді дайындау деген зерттеу жұмысы жүргізіп, теориялық және практикалық жаңалықтары тәжірибеде қолданыста. Қазіргі психологиялық, педагогикалық еңбектерде педагогикалық әрекетке дайындығы жеке тұлғаның сенімдерінен, көзқарастары мен қарым-қатынастарынан, мотивтері мен сезімдерінен, өмірлік қағидаларынан, еріктік және зерделік қасиеттерінен, білім, білік, дағдыларынан тұратын жеке тұлғалық сипатын білдіреді. Кейбір авторлар іс-әрекетке дайындықты психологиялық түзіліс ретінде ғана емес, сонымен бірге адамның психологиялық күйі ретінде қарастырады. М. И. Дьяченко, Л. А. Кандыбович дайындық күй жеке тұлғаның нақ сол сәтте табысты әрекет ету мүмкіндіктерін пайдалануға бейімделуі . . .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz