Тау етегінің қаратопырақтарының түзілу процесінің жылдамдығы



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

І Әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Топырақтың түзілу процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Топырақ түзуші факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Іле Алатауының табиғи.экологиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... .12
1.4. Іле Алатауының топырақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

2. Зерттеу нысаны және әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.1. Зерттеу нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2. Зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2.1 Далалық зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2.2. Лабораториялық зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19.

3. Зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3.1 Таулы қаратопырақтардың қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
3.2 Топырақтағы қоректік элементтер мөлшері ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
3.3 Топырақ түзілу процесінің жылдамдығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Биология факультеті

Экология және топырақтану кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

ТАУ ЕТЕГІНІҢ ҚАРАТОПЫРАҚТАРЫНЫҢ ТҮЗІЛУ ПРОЦЕСІНІҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ
(Іле Алатау мысалында)

Орындаған:
4 курс студенті
Тастемиров Қ.О.

Ғылыми жетекшісі:
Б.ғ.к., доцент _____________________ Білдебаева Р.М.
" " 2007

Нормоконтролер : _____________________ Костюк Т.П.
" " 2007

Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі,
профессор ______________________ Биғалиев А.Б.

" " 2007

Алматы, 2007

Реферат

Бітіру жұмысы компьютерде теріліп, 33 бет көлемінде ұсынылған.
Ол кіріспеден, тараудан, зерттеу нәтижелерін талдаудан, қорытындыдын және
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бітіру жұмысында 6 кесте, 4
сурет келтірілген. Қолданылған әдебиеттердің жалпы саны - 35
Түйінді сөздер: экология, топырақ, қаратопырақ, тік зоналық
белдеулік, экологиялық факторлар, топырақ құнарлылығы, қоректік элементтер,
топырақты қорғау.
Бітіру жұмысында Іле Алатауының орташа таулы белдеуінің таулы қара
топырақтары зерттелді. 30-40 жыл бұрын суға артық қанығу нәтижесінде тау
бөктеріндегі 50-60 см қалыңдығы топырақтардың беткі қабаттары төмен шөгініп
кеткен жерлердің өзгерістері қаралған. Қазіргі экологиялық жағдайларына
баға беріліп, топырақ түзілу жылдамдығы анықталған..
Жұмыста топырақ экологиясында қолданатын далалық әдістер;
зертханалық әдістер пайдаланды.

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 4

І Әдебиеттерге шолу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Топырақтың түзілу процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..5
1.2 Топырақ түзуші факторлар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Іле Алатауының табиғи-экологиялық
жағдайы ... ... ... ... ... ... .12
1.4. Іле Алатауының топырақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

2. Зерттеу нысаны және әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.1. Зерттеу
нысаны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .17
2.2. Зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2.1 Далалық
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 18
2.2.2. Лабораториялық
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..19.

3. Зерттеу
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 23
3.1 Таулы қаратопырақтардың
қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..23
3.2 Топырақтағы қоректік элементтер
мөлшері ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
3.3 Топырақ түзілу процесінің
жылдамдығы ... ... ... ... ... ... . ... ... ...26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

КІРІСПЕ

Топырақ биосфераның негізгі компоненттерінің бірі. Ол биосфераның
экологиялық қуысы. Барлық жануарлар, өсімдіктер, адам үшін аса қажетті
табиғаттынң қоры. Қазіргі кезде адамның іс-әрекеті нәтижесінен топырақтар
деградацияға ұшырап, құнарлылығы жойылуда. Сондықтанда топырақты қорғау,
тиімді пайдалану экологияның негізгі мәселелерінің бірі болып тұр.
Жер бетінде топырақ түзіліп, пайда болуы өте ұзақ процесс. Сол
себептен біздің зерттеуіміз тау етегінің қаратопырақтарының түзілу
процесінің жылдамдығына арналған.
Жұмыстың өзектілігі:
- жауын-шашын мол болу салдарынан соңғы кездерде таулы аймақтарда
көшкіндердің көп болып, тау бөктеріндегі топырақтардың төмен қарай шөгінуі;
- жылжыған топырақтардың төменгі сайларды басып, экологиялық
жағдайларды өзгертуі;

Жұмыстың мақсаты:
-тау етегіндегі қаратопырақтардың түзілу процесінің жылдамдығын
зерттеу;

Жұмыстың міндеті::
- сумен шайылған және шөгінді топырақтардың қасиеттерін анықтау;
- тау етегіндегі топырақтардың түзілу процесін анықтау;
- топырақ экологиясының әдістерін игеру;
- алынған мәліметтерді талдау

1. Әдебиеттерге шолу

1.1. Топырақ түзілу процесі

Топырақ - табиғат туындысы, табиғи әрі тарихи дене. Бір кездерде жер
беті қазіргі ай планетасының ландшафты сияқты топырақсыз, өсімдіктерсіз,
ауасыз, тіршіліксіз тып-типыл, мүлгіген дүние болған. Жер бетінің жамылғысы
бастапқыда тығыз қатты тау жыныстарынан тұрды. Бұл тау жыныстары алғаш
өздері пайда бола бастасымен-ақ, үздіксіз үгілу құбылыстарына ұшырады.
Қатты тау жынысының үстіне топырақ түзіле алмайды. Топырақтың түзілуі үшін,
ең алдымен, қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстарына
айналуы керек. Жер бетіндегі қатайған тау жыныстары табиғат күштерінің
ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте-бірте қирап, бұзылып, қопсыған
жыныстарға айналды. Бұл құбылысты геологияда үгілу (выветривание) деп
атайды. Үгілу құбылысы тарихи топырақ түзілуден бұрын болған, сөйтіп ол
топырақтың түілуіне жағдай жасады.
Бүл құбылысқа табиғат күштерінің, әсіресе температураның, судың,
желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың әсері ерекше.
Тау жыныстарының үгілуінің физикалық, химиялық және биологиялық
түрлері бар. Физикалық жолмен үгілуі деп -тау жыныстарының химиялық құрамы
өзгермей, тек әр түрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық
үгілулерге қатысатын негізгі күштер - температура, жел күші, тасқын сулар
мен көшпелі мұздар. Физикалық үгілудің қарапайым мысалын келтірейік.
Мәселен, әр түрлі температура әсерінен тау жынысында жарылған сызат пайда
болды делік. Уақыт өте келе оған ауадан ылғал кіріп, қыста мұзға айналып,
ісінеді де әлгі сызат үлкен жарықшаққа айналып, қатты тау жынысын әрі қарай
бұзады. Таулы аймақтарда жиі-жиі жауған жаңбырдан немесе қар қабаттарының
көктемде бір мезгілде тез еруінен сел тасқындары болмай тұрмайды. Оның
күшімен тіпті ірі-ірі тастар да допша домалайды. Бір-біріне соғылған тастар
жаңғақша шағылып, майда жыныстарға айналады.
Химиялық үгілу - тау жыныстары құрамындағы әр түрлі тұздардың немесе
басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен
тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан
жаңадан минералдық заттар пайда болады. Бұл заттар өздерінің суда ерігіштік
қасиетіне, өзіндік салмағына қарай әр жерлерге түрліше шөгеді. Физикалық
және химиялық үгілу процестері, әдетте, қосарласа жүреді. Бұлардың өту
жылдамдығы табиғи ортаның климат жағдайларына тікелей байланысты. Алайда,
әр аймақтың климат жағдайларына қарай оның бір түрі екіншісіне қарағанда
басым болады. Мысалы, ылғалы мол, әрі күні жылы тропиктерде химиялық үгілу
құбылысы белсендірек өтеді. Ал ауа райы аса суық тундра немесе күні аса
ыстық, ылғалы өте аз шөлді аймақтарда физикалық үгілу құбылыстары басымырақ
жүреді.
Физикалық және химиялық үгілулердің нәтижесінде таулар бұзылып, шыңдар
мүжіледі. Құм мен балшық суға жуылып-шайылып, су күшінің кемуіне және жер
бедерінің ыңғайына қарай шөгеді. Жел күшімен ауаға ұшады, шаңданады. Бұл
ғасырлар бойы үздіксіз құбылысты ештеңе де тоқтата алмайды. Нөсерлетіп
құйған жаңбырдан қатты соққан желден жер беті шамалы өзгеріске түседі. Ескі
дәуірде тірі жәндіктер мен өсімдіктер болмаған кезде майда ұнтақталған
жыныстарды біріктіріп, желімше ұстап тұратын ештеңе болмаған, топырақ
шіріндісы түзілмеген. Сондықтан топырақ та пайда болмады. Физикалық үгілу
болсын, химиялық үгілу болсын өзінше топырақ түзе алмайды. Топырақ түзілу
құбылысы - физикалық та емес, химиялық та емес, биологиялық құбылыс.
Биологиялық үгілу нәтижесінде қатты тау жыныстарынан қопсыған, ылғал
сіңіргіштік, су өткізгіштік қасиеті бар ұнтақталған жыныстар пайда болады.
Әдетте, физикалық және химиялық үгілу кезінде босаған, суға ерігіш,
өсімдіктерге қоректік минерал заттар ауқымды геологиялық заттар айналымына
түседі де әр түрлі су ағыстарымен, өзендерге, теңіздерге, тіпті мұхиттарға
қосылып, шөгінді жыныстарға айналады. Осы қопсыған, ұнтақталған жыныстарға
тірі организмдер қоныстана бастаған уақыттан бастап олардың денесіне
керекті заттар өсімдіктер мен микроорганизмдердің таңдамалы сіңірулерінің
нәтижесінде көлемді геологиялық айналымнан келіп түседі, яғни ауқымды
геологиялық зат айналымынан кіші биологиялық зат айналымына көшеді.
Органикалық заттар суда ерімейтін болғандықтан, бұл заттардың қоры жыл
санап молая береді. Сонымен құрамында қоректік заттары жоқ тау жынысы тірі
организмдер мекендегеннен кейін қоректік биофильді минералды және
органикалық азотты заттардың қорына айналады. Басқаша айтқанда, құнарсыз
тау жынысының орнына құнарлы топырақ пайда бола бастайды.
Үгітілген тау жыныстарында өсімдіктердің өсе бастауы - топырақ түзілу
құбылысының бастамасы. Қопсыған тау жынысында өсімдіктердің мекендей
бастауы жалпы физикалық, химиялық үгілулерді шапшаңдатып, топырақ түзілу
құбылысын тездетеді. Ең негізгісі өсімдіктер өсе бастағаннан кейін олар тау
жыныстарынан көптеген биофильді элементтерді өз денелеріне жинап, ал күн
сәулесінің күшімен жапырақтары арқылы (фотосинтез) көптеген органикалық
заттар түзіп, жер бетіне, өзінің тамырлары тараған жер қабатына, олардың
қорларын жинайды. Ал ол органикалық заттар ыдырап, шіріп алғашқы топырақ
шіріндісін (гумусты) түзеді. Бұл құбылыс - топырақ түзілуінің алғы шарты.

2. Топырақ түзуші факторлар

Топырақ түзуге негізгі алты фактор: ауа райы, тау жынысы, жоғары және
төменгі сатыдағы өсімдік пен жануарлар дүниесі, жер бедері, аймақтың
геологиялық жасы және қоғамның өндіргіш күші әсер етеді. Осыларға жеке
тоқталайық.
Тірі организмдер мен олардың топырақ түзілуіне әсері. Жер бетінде
алғашқы пайда болған тірі организмдер өсімдік те, жәндік те емес
-ультрабактериялар. Олар өздері өмір сүретін ортаға өте бейім келеді.
Олардың кейбіреулері тіпті тастарда да өсе бастаған. Бұл организмдер
өздеріне керекті көмір қышқылы газы мен азотты ауадан ғана емес, тастан да
алды. Сөйтіп, олар тіпті тасты бірте-бірте бұзып, бүлдіре бастады. Ал
үгілген ұнтақталған тау жыныстары оларға қолайлы мекен болды.
Бұл микроорганизмдер табиғаттың ыстық-суығын, оттегінің барын, я
жоғын, ортаның қышқылдығын, я сілтілігін таңдамады. Сондықтан да олар
табиғатта кез келген жерде кездеседі. Оларға су мен қорек болса,
жеткілікті. Бұл бактериялардан басқа, алғашқы тау жыныстарында балдырлар,
саңырауқұлақтар да өсіп-өнді.
Бұлардың артынша бүлінген тау жыныстарында қыналар мен мүктер өсе
бастады. Клетка сөлінде қымыздық қышқылы болғандықтан, қынаның тау
жынысының бұзылуына әсері алғашқы микроорганизмдерге қарағанда әлдеқайда
белсендірек болды.
Қыналар жер таңдамайды. Тау шыңдарында оның сөлінің тасты ерітіп,
орнында майда шұңқырлар қалдыратынын көруге болады.
Сонымен алғашқы тірі организмдер, су, жел және мұздармен бірге Жердің
тасты қыртысын бұзып, өздері өлгеннен кейін шіріп, ыдырап қарашірінді
(гумус) құрады. Шырын желім тәрізді болғандықтан, қопсыған, үгітілген
жыныстарды бір-бірімен жымдастырып, біріктірді, сөйтіп алғашқы құнары аздау
топырақтар пайда бола бастады. Бұл құбылыстар ғасырлар бойы созылып,
алғашқы микроорганизмдер мен төменгі сатылы өсімдіктер өздерінен кейінгі
дамып өсетіндерге жағдай жасады. Құнары аз топыраққа енді жоғары сатылы
өсімдіктердің өсуіне аз да болса мүмкіндіктер туа бастады. Осы алғашқы
топырақта өскен шөптер мен бұталар тастардың жарықтарына да шығып, оларды
ыдыратты, бұзды.
Тастар мен тауларды бүлдірумен қатар өсімдіктер өзі түзген топырақты
қорғай да алады. Қарашірік пен өсімдік тамырлары топырақ бөлшектерін
біріктіріп, жымдастырып, желден, судың жуып-шаюынан сақтады.
Тау жынысының үгілуінен бөлінетін қоректік заттардың бір бөлігі енді
топырақтың тіршілік көзі болып саналатын организмдер бойына ауыса бастады.
Ал олар өліп, ыдыраған кезде, топырақтың жоғары қабаттарында және оның
белгілі бір тереңдіктерінде қоректік заттарға айналып, топырақ құнарлылығын
арттырды. Бұл келесі өсетін өсімдіктерге қолайлы жағдай жасады.
Сонымен араға ғасырлар салған уақыт өте келе алғашқы пайда болған
топырақ жетіліп, шын мәнісіндегі құнарлы топыраққа айналды, оларда өсетін
өсімдіктер, мекендейтін жәндіктер көбейді, төменгі сатыдағы өсімдіктермен
қатар, жоғары сатылы өсімдіктер өсіп, тірі жәндіктер мен жануарлар пайда
болды.
Топырақты мекендейтін, онда өсіп-өнетін организмдердің молдығы
топыраққа жай ғана әсер етіп қоймай, топырақтағы көптеген қосылыстардың
бағытына, олардың қасиеттеріне зор ықпал етті. Мәселен топырақтың әр зонада
орналасуына қарай, олардың әрбір граммында мыңдаған, миллиондаған, тіпті
миллиардқа шейін микроорганизмдер кездеседі. Олар да өнеді, өседі, өледі.
Топыраққа түскен бүкіл органикалық заттарды ірітіп-шірітіп, ыдыратып,
оларды әр түрлі газдарға, минералды заттарға бөлетін, органикалық заттардан
күрделі топырақ шіріндісін (гумусты) түзетін осы - микроорганизмдер.
Топыраққа тек микроорганизмдердің ғана емес, сонымен қатар онда мекен
ететін көптеген зоофауналар, қарапайымдылар, төменгі және жоғары сатылы жан-
жануарлар, құрт-құмырсқалардың пайдасы көп. Мысалы, жауын құрты әр түрлі
өсімдіктер қалдығымен қоректеніп, денесі арқылы органикалық заттарға бай,
суға шыдамды топырақ түйінділерін (капролитті құрылым) шығарып топырақ
қабаттарын әрі-бері тесіп өтіп, ондағы су - ауа режимін жақсартады. Осыған
байланысты Ч.Дарвиннің Топырақты адам қоғамы соңғы мыңдаған жылдар бойы
жыртып келеді. Ал оған дейін топырақты бірнеше мыңдаған жылдар бойы жауын
құрты жыртып келгенң деп айтылған сөзі бар (Ч.Дарвин. 1986).
Қазіргі кезде топырақта тіршілік ететін организмдерді тек оны
мекендейтін тіршілік иесі ретінде емес, оның бір бөлігі деп қарайды, яғни
бұлар да топырақ құрамына кіреді деген сөз. Сондықтан да топырақты тірі
дене деп есептейді. Топырақтану ғылымының геологиялық ғылымдар емес,
биологиялық ғылымдар қатарына жатқызылуы да осыдан деп айтуға болады..
Ауа райының топырақ түзудегі ролі орасан зор. Климатқа, яғни ауадан
түсетін ылғал мөлшеріне, ауа температурасының ыстық, суығына, үсіксіз
уақыттың қысқа немесе ұзақтығына қарай әр жерде әр түрлі өсімдік, жан-
жануарлар мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Олардың әрекетінен әр жерде
әр түрлі топырақтар түзіледі. Мәселен, шөлде шөл топырағы түзілсе, тундрада
мәңгі тон астында дамымаған, мәңгі жас, құнары аз топырақ түзіледі, ал ауа
райы жайлы, одан түсетін ылғалы мол, күн сәулесі жеткілікті аймақтарда
құнары мол қаратопырақ түзіледі.
Топырақ түзілу құбылысының жылдамдығы (белсенділігі) ғарыштан келетін
күн сәулесінің қуатына тікелей байланысты. Күн сәулесімен қатар тірі
организмдерге ылғал қажет, осыған байланысты топырақ түзілу жылдамдығы күні
жылы, әрі ылғалы мол аймақтарда өте жоғары, ал керісінше, ылғалы аз, күні
суық немесе ыстық аймақтарда бұл құбылыстардың белсенділігі төмен. Осы
себептен де климат жағдайларына топырақтың химиялық және минералдық
құрамдары тікелей байланысты.
Күні жылы, ылғалы мол аймақтарда топырақ минералдары негізінен қатты
үгілген, балшықты екінші минералдардан, ал күн райы ыстық, немесе суық,
ылғалы өте аз аймақтар топырақ құрамындағы минералдардың басым бөлігі,
жөнді үгілмеген алғашқы минералдардан тұрады.
Ылғалы мол аймақтың топырағында суға ерігіш тұздар аз кездессе,
керісінше құрғақ, шөл аймақтар топырақ құрамы суға ерігіш тұздарға бай
келеді. Ауа райының жиі желді болып келуі де топырақтағы құбылыстарға, оның
құнарына көп әсер етеді.
Топырақ түзуші тау жыныстарының топырақ түзуге әсері. Түзілген
топырақтың химиялық, минералдық және механикалық құрамы өзін түзген тау
жыныстарының құрамына өте ұқсас келеді. Топырақ түзуші тау жынысын топырақ
түзуші аналық жыныс деп атайды. Осыдан топырақтың өзін түзген аналық
жынысқа ұқсас болуы заңды нәрсе. Сонымен аналық топырақ түзуші тау жынысы
өзі түзген топырақтың көптеген химиялық, физика-химиялық және физикалық
қасиеттерін анықтайды. Тіпті кейбір аймақтарда топырақ түзуші тау
жыныстарының химиялық құрамы бұл аймақтарға тән емес құрамы басқа топырақты
түзеді. Бұған мысал ретінде бұрынғы КСРО-ның кең алқапты, күлгін топырақты
аймағында кездесетін қара шірікті, әктасты топырақты айтуға болады. Бұл
жерлерде топырақ түзуші тау жыныстарының әкті заттарға бай болуы, аймақтың
ішінде терістік аймаққа тән емес, қарашірікті, әкті заттарға бай топырақ
түзуге әсер етеді. Тау жыныстарының өзі түзген топыраққа әсері, әсіресе,
шөлді аймақтарда айқын көрінеді. Себебі бұл аймақтарда ауадан түсетін ылғал
аз болғандықтан, топырақ түзілу белсенділігі өте төмен болып, тау жынысына
оның әсері аз тиеді. Сондықтан тау жыныстарының құрамына күрделі өзгерістер
енгізе қоймайды.
Топырақ түзуге, оның құнарлылығын арттыруға жер бедерінің тигізетін
әсері маңызды орын алады. Жер бедерінің әр түрлі болуына қарай, оған судың
келуі, сумен бірге қоректік заттардың ілесе келуі, тіпті күн сәулесінің
түсуі түрліше болады. Тегіс жерлерге ауа ылғалы жақсы сіңеді. Ал беткейлі,
дөңесті жерлерге ылғал дұрыс сіңбей, су ойпатты жерлерге жиналады. Жер
бедеріне қарай күн сәулесі де бір тегіс түспейді. Мысалы, таулы алқаптарда
терістік беткейлерге күн сәулесі аз, оңтүстік беткейлерге күн сәулесі мол
түседі. Жер бедерлерінің біркелкі болмауы топырақ түзілуге және олардың
құнарлығына әсер етеді. Топыраққа жер бедерінің әсерлері туралы айтқанда,
оның аса биік (макро) немесе орта (мезо) немесе майда (микро) деп
бөлінетінін естен шығармағанымыз жөн. Аса ірі таулы алқаптарда топырақ-
климаттық зоналық заңдылықтар жазық аймақтардағы топырақтың таралу
заңдылығына сәйкес келе бермейді. Бұл ірі биік таулы алқаптарда топырақ-
климаттық жағдайлардың тау етегінен биіктікке қарай таралып, өзгерулері
табиғаттың белдеулік заңына бағынады (ол жайында кітаптың соңғы
тарауларында сөз болады). Ал топырақтың мезо және микро жер бедерлеріне
қарай өзгерулері зоналық топырақтарға әр түрлі топырақ тіркестері мен
кешендерінің қабаттаса кездесулеріне әкеледі.
Топырақ түзуге аймақтың геологиялық жасының әсері. Геологиялық жаңа
аймақта топырақ та жас, яғни жаңа түзіле бастаған топырақ, ал геологиялық
ескі аймақтың топырағы да ескі. Міне, осы тұрғыдан алғанда кең байтақ ТМД
елдерінің теріс жағында жаңа жас топырақтар түзіліп жатса, оңтүстік жағында
көне дәуірден келе жатқан топырақтар кездеседі. Себебі бұрынғы КСРО-ның
теріскей жағы кейінгі дәуірлерде ғана мұздан арылған. Ал оңтүстік
аймақтардың мұздан арылғанына бірнеше дәуірлер өтті. Тіпті оңтүстік
аймақтың көп жерлерін мұз баспаған. Сондықтан бұл алқаптарда топырақтың
даму құбылыстары ерте басталған. Осыған қарап, жалпы оңтүстік өңірлерде
жаңадан түзіліп жатқан жас топырақ жоқ деп айтуға болмайды. Мәселен, соңғы
жылдары шегініп бара жатқан Арал теңізінің суы тартылуынан оның бұрынғы
түбінде жаңадан топырақ түзілу құбылыстары басталды.
Топырақ түзу процестеріне адам қоғамының тигізетін әсері. Адам өзінің
саналы әрекеттерінің нәтижесінде жерді қолдан суарып немесе құрғатып,
мелиорациялап, топырақтың табиғи даму құбылыстарына көп өзгерістер енгізді.
Бұл өзгерістердің көбі - топырақтың пайдалы қасиеттерін жақсартуға, топырақ
құнарлылығын арттыруға бағытталған шаралар.
Жер жыртылып, топырақ өңделгеннен кейін табиғи өсімдіктер орнына
мәдени дақылдар егіледі, ал олардың табиғи өсімдіктерге қарағанда топыраққа
тигізетін әсері, әрине, өзгеше.
Топырақтарды көп жыл бойы суарып, тыңайтқыштар енгізуден топырақтардың
бұрынғы табиғи қасиеттері өзгеріске түсіп, жаңа мәдениеттелгенң сапалы
топырақтарға айналады. Бұған Орта Азиядағы көп жылдар бойы суарылып келе
жатқан жазира алқаптардың топырақтары мысал болады. Адамның саналы
әрекетінің арқасында, табиғи жағдайда құнарсыз жатқан топырақтардың (шөлді,
батпақты, сорланған, сортаңданған) құнары артқан, сапалы топырақтарға
айналды.
Дегенмен осы әрекеттердің барлығы оң нәтиже беріп жүр деп айтуға
болмайды.
Суармалы алқаптардағы егістікті суарудағы және жерді мелиорациялаудағы
жіберілген қателіктерден құрамында тұзы шамалы топырақтың екінші рет
сорлану құбылыстары басталып немесе батпақтанып, топырақтары егістікке
жарамай, істен шығып қалатын жағдайлар да болып тұрады.
Ал кейде жыртуға жарамсыз, механикалық құрамы жеңіл немесе сортаң
топырақтар жыртылып, одан кейін жел эрозиясына ұшырап, пайдаға аспай
қалатын жерлер қаншама. Мәселен, Қазақстанда 1950 жылдарғы тың игеру
кезінде мұндай жағдайлар кездесті. Павлодар облыстарында мыңдаған гектар
жыртуға жарамсыз жеңіл топырақтар мен Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Ақмола
т.б. облыстарында сортаң топырақтар жыртылып көптеген зиян шектік.
Осы сияқты халық шаруашылығына зиян келтіретін жайларға жол берілмей,
керісінше топырақты өңдеу, мелиорациялау, химияландыру, оның құнарын
арттыруға бағытталуы тиіс. Ол үшін әрбір аймақтың өзіндік ерекшелігін
топырағының қасиеттері мен құрамын жете білген жөн.
Қазіргі ғылыми-техникалық үдеу мен қоғамның дамуы нәтижесінде адамзат
топырақ түзу құбылысын, оның құнарын арттыру жолын бүтіндей өз қолына алып,
жаңа бетбұрыс жасауға кірісті. Өндірістік күштерінің дамуымен көптеген
қолдан бүлдірген жерлерді қайта құнарландыру (рекультивация) жұмысы
жүргізілуде. Бұл жөнінде біз кейінірек сөз етеміз.
Ертеректе адам қоғамының топыраққа әсерлері негізінен жергілікті
мелиорацияланған жерлермен шектелетін. Ал қазір адамзат қоғамының
топыраққа, жалпы табиғатқа тигізетін әсерлері өзгерді. Тек жыртылып,
мелиорацияланған (суарылған, құрғатылған) жерлермен ғана шектелмей, тіпті
жыртылмаған жерлерге де тіюде, яғни әлемдік деңгейде тарауда. Өйткені
жыртылмаған жерлерде өндіргіш күштерінің нәтижесінде игерілген
топырақтардың тек ылғал тәртіптері ғана емес, сонымен қатар әр түрлі
тыңайтқыштар енгізіп, арам шөптермен күресу үшін улы химикаттар
сепкендіктен, топырақ құрамы елеулі өзгерістерге ұшырайтыны белгілі.
Осы кезде өндірістің дамуымен көптеген жылу электростанцияларынан, әр
түрлі зауыттардың биік мұржаларынан шығатын түтін құрамдарында зиянды газ
қоспалары жеткілікті. Ол газдар ауа тамшыларымен қосылып кең алқаптарға
қышқыл жаңбыр болып жауып топырақ құрамына мол өзгерістер енгізеді. Сонымен
қатар көптеген аймақтарда топыраққа атом жарылыстарының әсері де аз емес.
Әрине, бұл зерттеуді қажет ететін мәселелер.
Сонымен жоғарыда құрғақ жерлердің барлық аймақтарының топырақ
түзілуіне әсер ететін негізгі факторлар сипатталды. Ал кейбір жерлерде
топыраққа әсер ететін жергілікті (локальный) факторлар кездеседі. Мәселен,
кейбір алқаптарда жерасты ыза суының топырақ бетіне жақын жатуы, ол
жерлерде шалғынды топырақтың түзілуіне әкеп соғады. Өзен бойларындағы біраз
алқаптар жыл сайынғы су тасқындарының әсеріне тап болады

1.3. Іле Алатауының табиғи-экологиялық жағдайлары

Алматы облысының ірі су артериясы болып Іле өзені табылады. Ол бастауын
Орталық Тянь-Шанның 3000 м биіктігінен алып, Күнгес және Текес өзендерінің
қосылуынан пайда болған. Үзындығы жалпы Қытай шекарасынан алып, Балқаш
көліне қүйғанға дейінгі аралықта 746 км-ді ағады. Іле өзені солтүстігінен,
шығысы мен оңтүстігінен биік таумен қоршалады. Судың молшылығы мен ағысының
жылдамдығы Іле өзенің егіншілікті суаруға деген маңыздылығын арттырадығы.
Ол Шелек, Есік, Талғар, Қаскелең, Күрт сияқты кіші өзендерге бөлінеді.
Күрттен басқалары өз бастамаларын мұз бен мәңгі қардың еруінен алады. Қыс
кезінде өзен тек жер асты сулары мен аздаған жауын-шашын көмегімен
толастап, шығыны азаяды (5-10 нан 15 м3сек-қа дейін). Мамыр айынан бастап
аздаған биіктіктегі қыста жауған қардың еруінен, шығыны арта бастайды (20-
25 м3сек-қа дейін). Шілде айында биік шыңдардағы қар мен мұздардың
еруінен, шығыны да арта түседі (30-35м3сек).
Іле өзенінің солтүстік ағысының бірі - Қаскелең өзені. Ол Іле
Алатауының батыс бөлігінін 3565 км2 биіктігінен бастауын алып, 156 км-ге
созылып жатыр. Қаскелең өзенінің төменгі ағысынан бірнеше кіші өзендер
бастау алады. Олар: Шамалған, Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы. Бұл өзендер
аласалау таулардан еріген қарлардан және жауған жауын-шашындардың көмегімен
толысады. Олар көктемде су толастағанда тасиды. Жаз айларында сирек
жағдайда сел болуы мүмкін. Кей кездерде арналары құрғап та қалады.
Жұмыр-қойтасты-галечникті шөгінділердің күштілігіне байланысты жер асты
сулары осы аймақта тереңде жатады. Тау етегінің шлейфінің шөгінділеріне
ағуына байланысты, жерасты сулары нашар минералданған болып келеді. Еңістік
бойынша ағып кететін жерасты суының минералдануы 1-3 гл-ден аспайды.
Химиялық қүрамы бойынша олар-гидрокарбонатты- кальцилі болып келеді. Одан
төмен орналасқан тау етегіндегі жазықтықта жерасты суы 5-8 м-ге дейін
тереңдікке кетеді. Тау етегіндегі шлейфтің гидрокарбонатты-кальцилі нашар
минералданған жерасты сулары саз жолаққа жеткенде карбонатты-сульфатты
(негізінен кальцилі және магнилі болып келеді), ал тау етегінің жазықтығына
жеткенде нашар және орташа минералданған сульфатты- магнилі және натрилі
болады (8-11 гл). Біздің тәжірибе жүргізген алқапта жер асты суы 5-6 м
терендік шамасында. Жерасты суының минералдануы төменгі деңгейде (0,3-0,8
гл), гидрокарбонатты типті болып келеді. Аниондарының қүрамында
гидрокарбонаттар, ал катиондарының ішінен кальции басымшылық көрсетеді
Өсімдік жамылғысы. Іле Алатауының өсімдік жамылғысының флоралық және
географиялық сипаттамасы орыстың атақты ботаник-ғалымдары
П.П.Семенов, Н.А.Северцев, В.С.Титов, В.Н.Шнитников, Р.И.Аболин,
И.Х.Блументаль, П.П.Поляков және М.Г.Попов еңбектерінде жақсы сипатталған.
Осылардың еңбектерінде биіктік белдеулеріндегі заңдылыққа сәйкес өсімдік
жамылғысының қалыптасуы толық зерттелген.
Өсімдіктердің географиясы климат, рельеф топырақ сияқты табиғи
факторлардың үйлесімділігіне байланысты болады. Таулардың геоботаникалық
бөлінуінің негізінде өсімдіктердің биіктікке байланысты ауысып отыратын
табиғи кешендік заңдылықтары анықталған. Табиғи өсімдігі өскен тың топырақ
өте сирек кездеседі. Жусанды-боз қауымдастығы негізінен біржылдық және
көпжылдық өсімдіктер өседі. Негізі жеке болшектеніп, жыра және төбелердің
бастарында кездеседі. Кездесетін өсімдігі - көк шүнақ бетеге (Festuca L.),
шалғындық қоңырбас (Poa bulbosa L.), боз (Stipa capillata), қалуен
(Siperaceae juss), жусан (Artemisia L.), ақ қүлқайыр (Malvacaceae juss.),
құралайкөз (Myosotic L.), ебелек (Astragalus L.), таспашөп (Salvia L.),
бидайық (Agropyrum) және басқалары өседі.
Табиғи өсімдіктердің биіктігі 30-50см болып, жабындық қалыңдығы 70% болып
келеді.
Солтүстіктегі сұр топыраққа біртіндеп ауысуымен топырақ жамылғысы мен
өсімдік жамылғысы да біртіндеп өзгереді: астық түқымдастары біртіндеп
азайып, топырақтың түсі де ашықтана түседі. Егер күңгірт қара-қоңыр топырақ
пен ашық қара-қоңыр топырақтың арасындағы шекараны оңай байқауға болса, сүр
топыраққа ауысар шекараны байқау қиынырақ болады. Тек жанама көрсеткіштер
арқылы, астық түқымдастарының азаюы мен гумусты қабатының ашық түсті болуы
арқылы ажыратылады.

1.4. Іле Алатауының топырақтары

Қазақстан территориясы негізінен жазық жерлер болғанымен,
республиканың шығысы мен оңтүстік шығысында біраз жерлерді таулар алып
жатыр. Олар - Шығыс Қазақстандағы Алтай таулары, Алматы облысының
оңтүстігіндегі Жоңғар және Іле Алатаулары, Жамбыл облысындағы Қырғыз
Алатауы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Өгем, Қазығұрт пен Қаратау таулары.
Енді Іле Алатауы мысалында тау етегінен жоғарылаған сайын топырақ
түрлерінің сипаттамасына тоқталайық. Себебі Іле Алатауы биік, онда
табиғаттың белдеулік зоналары түгел кездеседі. Сондықтан топырақтың биіктік
зоналығы жайындағы халықаралық жиналыстар мен экскурсиялардың Алматы
аймағында өтетін.
Таулы алқаптарда ені әр жерде әр түрлі батыстан шығысқа қарай созылған
тау етегіндегі шөлді дала зонасы - белдеуі орын алған. Жазықтағы шөлді дала
зонашасына қарағанда тау етектерінде жатқандықтан, бұл аймақтың табиғи
жағдайы өзгеше келеді. Бұл белдеу - таулық белдеулік зоналығының ең төменгі
сатысы. Сондықтан бұл алқапты пайдалану жағдайы да басқаша.
Тау етегіндегі шөлді далалы аймақтағы ылғал мөлшері жазық
территориядағы шөлді дала зонасына қарағанда әлдеқайда мол. Ылғалдың орташа
мөлшері 250-360 мм-ге дейін жетеді. Ылғал көбінесе жылдың көктемгі және
қысқы айларында түседі де, жаз, күз айлары құрғақ болады. Бұл аймақта
қысқы, көктемгі ылғалды дұрыс пайдаланып, ерте пісетін астық дақылдары -
күздік және жаздық бидай, арпа егіледі. Ал суармалы жерлерде астықтан басқа
бағалы дақылдар: қант қызылшасы, мақта, жүгері, беде мен көкөністер, бау
ағаштары мен жүзімдіктер, темекі жақсы өседі.
Қалған жерлері көктемгі, күзгі мал жайылымдары. Бұл аймақтың топырағы
негізінен таулы алқаптан қаншалықты қашықтығына, осыған сәйкес түсетін
ылғалдың мөлшеріне байланысты, топырақ түсі де өзгеріп, бірнеше зонашаға
бөлінеді, таудан алыс жерлерде топырақтың ашық сұрғылт түсті зонашасы
жатады, одан кейін кәдімгі сұрғылт түсті топырақ, ал тауға ең жақын аймақта
күңгірт сұрғылт түсті және ашық қара-қоңыр топырақтар зонашалары кездеседі.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Батыс Тянь-Шань тау етектерінде күңгірт-
сұрғылт топырақтар мен ашық қара- қоңыр топырақтар орнына қоңыр және сұр-
қоңыр топырақтар кездеседі. Осы үш зонашаның соңғысында ғана, яғни күңгірт-
сұрғылт түсті және ашық қара-қоңыр топырақтар таралған алқапта ғана
суарылмайтын егіс өседі, ал сұрғылт және ашық -сұрғылт топырақ таралған
аймақта егістікті қолдан суармайынша жақсы өнім алынбайды. Негізінен
алғашқы екі зонашада Алматы, Жамбыл облыстарының қант қызылша егістері,
суармалы жерлердегі астықтары, темекі, көкөніс, бау- бақша, жүзімдіктері,
Оңтүстік Қазақстан облысының мақтасы мен дәрілік шөптер, бау-бақша,
жүзімдіктер орын алған. Тау етегінің шөлді далалы зонасының көлемі 14 млн
гектардай, яғни республика жер көлемінің 5,2%-на жуық.
Тау етегі шөлді далалы белдеуінен биігірек алқапта аласа таулы-дала
белдеуі басталады. Бұл аймақта таулардың топырақ-климат жағдайларына
тигізетін әсері үлкен. Ауадан түсетін ылғал мөлшері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іле Алатауының физикалық – географиялық жағдайы
Шығыс Қазақстан облысы халқының 1989 жылдан 2005 жылға дейінгі аралықтағы әлеуметтік-демографиялық даму ерекшеліктері
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы дөңесті-жақпарлы ороген алқабының неотектоникасы
Литосфералық тақталар тектоникасы
Іле ойысы
Жер бетіндегі ағынды сулардың геологиялық жұмысы. Селдер. Қар еруі. Желдің геологиялық әрекеті
Тянь - Шань тауының климаты, биіктік белдеулері
Алтайдың геологиялық құрылысы, жер бедері
Неотектоника
Топырақ түзілуі
Пәндер