Ахмет Байтұрсынұлының термин қалыптастырудағы рөлі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 9

1 Ахмет Байтұрсынұлының терминологиялық мұрасының зерттелу жайы . . . 19

2 Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ терминологиясы

2. 1 Ахмет Байтұрсынұлы жасаған терминдердің сипаттары . . . 36

  1. Ахмет Байтұрсынұлы жасаған терминдердің тәсілдік сипаттары . . . 48

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 51

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 53

РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: А. Байтұрсынұлының терми қалыатастырудағы рөлі

Жұмыстың құрылымы: бітіру жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және ғылми әдебиеттерден тұрады.

Жұмыстың мақсаты: Бітіру жұмысының мақсаты- Ахмет Байтұрсынұлының қазақ терминологиясын қалыптастырудағы орнын анықтау. Жұмыс мақсаты мынадай міндеттерді шешуге негізделеді:

  • А. Байтұрсынұлының терминологиялық мұраларының зеттеу жайына шолу жасау;
  • А. Байтұрсынұлының қазақ терминологиясын қалыптастыушы ғалым екенін дәләлдеу;
  • А. Байтұрсынұлы жасаған тарминдардің тілдік сипаты мен жасалу жолдарын көрсету.

Жұмыстың мазмұны: Бітіру жұмысының бірінші бөлімігде А. Байтүрсынұлы терминжасамдық мұрасын зеттеуге арналған мақалалар мен көлемді еңбектерге шолу жасалды (Р. Сыздықова, О. Айтбаев, Ш. Қүманбайұлы, Ш. Жалмаханов, Ж. Смағұлов т. б) . Екінші бөлімде ғалым жасаған терминдер мен олардыың жасалу жолдарына тоқталдық (зат есім, сын есім, бастауыш, баяндауыш, дыбыс, буын, жұрнақ, жалғау, көсемше, есімше, қаратпа сөз, қыстырма сөз, жай сөйлем т. б. ) .

Зерттеудің әдістері: Жұмысты зерттеу барысында сипаттамалы, ғылми зерттеу әдісі басшылыққа алынды.

Тірек сөздер: қазақ терминологиясы, терминдер, термин жасаудағы негізгі принциптері, терминдердің тәсілдік сипаттары, т. б.

КІРІСПЕ

Қазақ тілі білімінің, соның ішінде ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда, ұлағат алар ұлыларымыздың қатарына кіретін ұлтымыздың ең ардақты ұлдарының бірі - Ахмет Байтұрсынұлының есімін аттап өте алмаймыз. Солай болуға тиісті де. Оның себебі- ұлттың ғылыми терминологияны қалыптастырудың еңбектерінен басталатындығы. Осы тұста бірден басын ашып айта кететін мәселе бар. Ол- тіліміздегі жекелеген сөздердің терминдік мәнде қолданыла бастауы мен терминологиялық жүйенің қалыптасуын шатастыруға балмайтындығы. Жекелеген сөздердің терминдік мәнде жұмсала бастауын Абайдың қара сөздерінен, XIX ғасырдың екінші жартысында шыққан кітаптар мен осы кезде басылып тұрған «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты» газеттердің беттерінен кездестіруге болады. Ал салалық терминологияның қалыптасуы- белгілі бір арнаулы саланы құрайтын ұғымдар жүйесінің тілде таңбалануы болып табылады. Өз алдына дербес терминологиялық өріс құрайтын арнаулы салалардың атаулар жүйесінен бөлініп шығуы үстіміздегі ғасырдың оныншы жылдарына дейін болды десек, шындыққа онша жанаспаған болар еді.

Нақты бір ғылым салалары бойынша терминологияның қалыптасуы алғашқы ғылыми еңбектердің, оқулықтардың, терминологиялық сөздіктердің жарық көруімен, олардың өзге тілдерден аударылуымен тығыз байланысты. Бізде қазақ тілінде жазылған ондай еңбектердің жарық көруі- аяқталып келе жатқан ғасырдың бірінші он жылдығынан басталады. Яғни, бұл дегеніміз- қазақтың ғылыми терминологиясының туындауы да дәл осы кезден басталуға тиіс деген сөз.

Бұл істің басында кімдер тұрды дегенге келер болсақ, осы кезде қазақ тілінде алғашқы оқулықтар мен түрлі деңгейдегі ғылыми және ғылыми- көпшілік еңбектер жазған Ахмет Байтұрсынұлы, Х. Досмұхамметұлы, Ж. Күдерин, Е. Омарұлы, С. Қожанұлы, М. Дулатұлы, М. Жұмабайұлы, Ж. Аймауытұлы, Ғ. Қараш, К. Жәленов сияқты қазақ зиялыларының есімдері аталуға тиіс.

Осы аталған авторлардың әрқайсысының салалық терминологияның қалыптасуына өзіндік үлестерін қосқандығы дау тудырмайды. Оған аттатары аталған зиялылардың еңбектерінде кездесетін ғылыми атаулар куә бола алады. Соған қарамастан олардың арасынан А. Байтұрсынұлының есімін ерекше атап жүргеніміз белгілі. Әрине, өте дұрыс. Алайда оның қазақ терминологиясының негізін қалаушы ғалам- ретінде қараудың себептерін әлі де нақтырақ көрсету, ғылыми тұрғыдан дәлелдеудің мәні зор. Біз төменде осы мәселе төңірегінде ой өрбітпекшіміз.

Кезінде М. Әуезов, Е. Омарұлы, С. Сәдуақасұлы, М. Дулатұлы, С. Сейфуллин, Т. Шонанов сияқты қазақ зиялылары негізін қалаған ахметтану ілімі араға алпыс жылдан астам уақыт салып барып жалғасын тауып отыр. Ахмет Байтұрсынұлы ақталғаннан бергі он жылдай уақыт ішінде ұлы тұлғаның соңына қалдырған еңбектері әр түрлі қырынан зерттеле бастады. Бұл істен тілші ғалымдар да шет қалмай өз үлестерін қосуда, Р. Сыздықова, Ә. Қайдаров, Ө. Айтбев, М. Жүсіпов, т. б. ғалымдардың жарияланған еңбектері соның дәлелі бола алады.

Бір басынан мамандық табылатын халқымыздың «рухани көсемі», «ұлт мәдениетінің хантәңірі» атанып жүрген алып тұлғалы тереңірек таныған сайын ұлтымыздың рухы биіктеп, тарихи, ғылыми санамызда өсе түспек. Сондықтан ғалымның әдеби -ғылыми мұрасын жан -жақты зерттеудің маңызы айырықша.

А. Байтұрсынұлы ресми ақталғаннан бері он жылға жуық уақыт ішінде ахметтануға ерекше атсалысып жүрген тілші-ғалым Р. Сыздықова ғалымның тіл білімі, әдебиеттану ғылымдарының, қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салушы және жаңашыл ағартушы, ірі публицист, дарынды ақын екендігін айта келіп былай дейді: « Әрине, біздің сипатымыз- өте жалпы айтылып, қысқа қайырылған түйін. А. Байтұрсынұлының ағартушылық, ғылыми еңбектерімен қатар, поэтикалық творчествосын, саяси-әлеуметтік қөзқарастарын нақтылы, арнайы және терең зерттеу-алдағы міндет, әр сала мамандарының жұмысы [1, 28] .

Ғалымның атап көрсеткеніндей А. Байтұрсынұлының мұрасын сала-салаға бөліп, арнайы зерттеулер -оның бай әлеміне терең бойлап, халқымыздың игілігіне жаратумен қатар, қайталанбас тұлғаның қазақ ғылымының дамуыны қосқан үлкен үлесін анықтап, тарихымыздың төрінен алатын орнын да нақты көрсетіп берді

Ең алдымен А. Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің терминологиясы жасаушы. Кез- келген ғылымды оқып білу, меңгеру немесе оны өзгелерге үйрету сол ғылым саласында қолданылатын арнаулы ұғым атауларынсыз мүмкін емес. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалым ретінде А. Байтұрсынұлы осы ғылым саласындағы негізгі ұғымдарды және олардың өзара байланысын анықтап, яғни қазақ тілінің табиғатын көрсететін ұғымдар жүйесін түзумен қатар, сол ғылыми ұғымдардың атауларын да жасаған. Ғылыми ұғымдарға ат қою оп-оңай жұмыс емес. Ол үлкен талғампаздықты, тілді шебер пайдалана білуді қажет ететін шығармашылық процесс. Онымен қоса, арнаулы ұғымдарға ат қою кезінде ұғымдар жұйесінің өзіндік ерекшеліктерін міндетті түрде ескеру қажет. Атаудың ықшам болуы, бірмағыналылығы және ұғым мазмұнын қамтуы тағы бар. Осындай талаптарды мүлтіксіз орындаудың қиындығы-терминдердің ана тілінде жасаудан гөрі көп жағдайда оны ұғымдар жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, жасалған өзге тілдерден дайын қалпында ала салуға (яғни, жасауға емес қабылдауға) мәжбүр ететін себептердің бірі. Бұл тұрғыдан келгенде ғалым қазақ тілін термин шығармашылығын да пайдаланудың жарқын үлгісін көрсеткен. А. Байтұрсынұлы 1912 жылы Орынборда жарық көрген «Оқу құралының» өзінен буын, дыбыс, нүкте, дауысты дыбыстар, жарты дыбыстар дыбыс, дәйекші, жіңішкелік белгісі, харіп сияқты терминдерді ұшыратуға болады. Ал 1914, 1915 жылдары және одан кейінгі жылдары 1928 жылға дейін бірнеше дүркін басылып тұрған «Тіл құрал» оқулықтарында (қазақ тілінің сарфы) . Әбден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін қолданылып жүрген және қолданылуға беруге тиіс зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ сияқты жүздеген терминдердің кездесетіні белгілі.

Бұл терминдердің терминге қойылатын талаптарға жауап беретіндігін дәлелдеп жату артық, өйткені олар кезінде арнайы шеттелгендіктен қарамастан уақыт сынынан өтіп, тұрақты қолданылатын дәрежеге жетті. Мұнда ең басты атап айтатын нәрсе- А. Байтұрсынұлы бір топ терминдерді ғана емес, бүкіл ғылым саласындағы арнаулы ұғымдар атаулар жиынтығын, дәлірек айтқанда, терминдер жүйесін жасаған. Ғылымның дамуына орай ұғымдар жүйесінің ұлғайып отыруы табиғи құбылыс. Ахаң қалыптастырған терминдер жүйесі де қазақ тілі білімі дамыған сайын жаңа элементтермен толыға түсті.

Ғылымның осындай тұтас терминдер жүйесін қалыптастыруы- оның қазақ тілі білімінің терминологиясын жасаушы екендігінің дәлелі бола алады.

А. Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің ғана емес, әдебиеттану ғылымының да негізін қалаушы екендігі мойындалған шындық. 1923 жылы ғалымның мерейтойына арналған мақаласында М. Әуезов «Жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахаңды өзінің басшысы деп санайды»[2], - деген болса, әдебиетші ғалым Р. Нұрғалиев оның «Әдебиет танытқышы» туралы айта келіп, « . . . қазақтыың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты- басты терминдері мен категориялары түп- түгел осы кітапта қалыптастырылған» деп әділ көрсетеді[3, 12-13б] .

Сонымен, екіншіден, қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш әдебиет теориясын жазған ғалым осы ғылым саласының ғылыми терминологиясын да жасаған. Терминделуші ұғымдарды дәл білдіретін жүздеген әдебиеттану терминдерін жасай отырып, ғалым олардың ғылыми терминге тән функциясын да ғылыми анықтамасын берген. Ол дегеніміз- ғылыми ұғымның өзіне ғана тән белгілерін айқын көрсетумен қатар, олардың ұғымдар жүйесінде алатын орнын да көрсету деген сөз. Мысалы: « айшықтық әрбір тақтасы шумақ деп аталады. Жұптық бір ауыз өлең дейтіні шумақ болады, әр шумақта бірнеше тармақ болады. Тармақ дегеніміз- өлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішінде бірнеше бунақ болады. Бунақ дегеніміз- өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы. Бунақ ішінде буын болады»[4, 192] .

Бұл мысалдан байқайтынымыз, ғалым, біріншіден, өлеңнің құрылым- құрылысын (түр-тұрпатын-А. Б. ) анықталған ; екіншіден, әрбір ұғымның өзіндік ерекшелігін, басты белгісін, іргелес өзге ұғымдардан айырмасын көрсететін анықтама берген. Яғни әрбір ұғымныың мазмұны мен көлемін анықтаған; үшіншіден, әр ұғымның ғылыми атауын ( айшық, шумақ, тармақ, бунақ, буын) жасаған; төртіншіден, терминдердің жүйелік ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы қолданыстағы бір үлгімен жасалған сөздерді термин ретінде пайдаланған; бесіншіден, ғылми ұғымдардың арасындағы жүйелік-құрылымдық байланысты көрсеткен. Дәлірек айтқанда, айшықтық-шумақтан, шумақтық- тармаұтан, тармақтық- бунақтан, ал, бунақтық- буыннан құралатындығын сатылай отырып көрсету арқылы ұғымдық микрожүйенеің өзіндік табиғатын танытқан.

Бұдан ғалымның өзі зерттеп отырған ғылым саласындағы ұғымдар жүйесінің ішке бойланып, мен ерекшелігін терең білумен бірге, оларды таңбалануда тілді өте шебер пайдалана алғандығы анық көрініп тұр. «Әдебиет танытқыштан» мұндай мысалдарды әлі де көптеп келтіре білуге болды. Жеке ұғымдардың өзара байланысынан барып ұғымдар барып жүйесі құрылатын сияқты, соларға сәйке келетін жекеленген термин сөздердің жиынтығын- терминдер жүйесін, яғни салалық терминологияны құрайды.

«Әдебиет танытқыштағы» ғалым қаламынан туындаған біртұтас жүйе құрайтын терминдер оның әдебиеттану ғылымының ғылыми терминологиясының қалыптастырғанын көрсетеді.

Сондай-ақ, А. Байтұрсынұлы тіл білімі, әдебиеттану ғылымының ғылыми терминологиясын жасаумен бірге, қазақ тілін оқыту әдістемесінің де негізін қалаушы ретінде бұл салаға қатысты көптеген терминдерді жасаған. Олардың қатарына әдіс, әдісқой, сауаттау әдісі, жалқылау әдісі, жалпылау әдісі, жалқылау-жалпылау әдісі сияқты терминдерді жатқызуға болады.

Бұлармен қоса А. Байтұрсынұлының тарих, этнография мәселелерімен де шұғылданғаның ахметтанушы ғалымдар айтып жүр. М. Әуезов 1923- жылы [2] ғалымның «Мәдениет тарихы» атты кітап жазып бітіргенін айтқан болатын.

Ғылым, білім саласында қазақ тілінің қалданыс аясының кеңеюіне мақсатты түрде үлкен мән берген және термин шығармашылығында ұлт тілінің өз мүмкіндігін шебер қолдана білген ғалымның әлі баспа бетін көрмеген немесе кезінде жарияланып, қазір қолға түспей жүрген ондай еңбектері табылып жатса, олардың ішінде де көптеген терминдермен жаңа қолданыстардың болатындығына еш күмәндануға болмайды.

Сонымен, үшіншіден, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, А. Байтұрсынұлы қазақ тілі білімі, әдебиеттану сияқты жеке ғылым салаларының ғылыми терминологиясының негізін қалаумен бірге, көтеген әдістеме, тарих және этнографияға, жалпы мәдениетке қатысты терминдер жасаған ғалым.

Ғалымның термин шығармашылығындағы қызметінің бір ғана ғылым саласымен шектелмейтіндігі оның жалпы қазақ терминологиясын қалыптастырудағы орнының айырықша екендігін көрсетеді. Алайда А. Байтұрсынұлының қазақ терминологиясының қалыптастыруына қосқан үлесі бұлармен шектелмейді. Оның Қазақстан ғылымын ұйымдастырушылардың бірі ғана емес, солардың ішіндегі ең ірісі, бірегейі екнін дәлелдейтін деректер ғалым мұрасына тереңірек үңілген сайын табыла береді.

Ендігі бір айырықша атап айтуды қажет ететін мәселе- ғылымның терминжасамының тәсілдері мен жолдарын анықтап бергендігі. яғни, төртіншіден, А. Байтұрсынұлы терминжасам тәсілдерін анықтап, оларды өз тәжірибесінде тұңғыш рет кеңінен пайдаланған ғалым.

Терминжасам тәсілдерінің ара-жігі ашылып, олардың термин шығармашылығында іске қосылуы- қазақ тілінің грамматикасының жазылуы мен тікелей байланыста қарастыруды қажет етеді. Бүгінгі термин жасам тәсілдерінің өзіндік ерекшеліутері бар екендігіне қарамастан, ол негізінен қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерінің құрамына енеді. А. Байтұрсынұлының қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерін анықтаумен қатар, ол тәсілдерді термин жасауда пайдаланудың жарқын үлгісін көрсеткендігінде. Оның қаламынан туындаған жүздеген терминдері дәлелдейді. Мәселен, ғалымның жұрнақ, жалғау, буын, шумақ, тармақ, пай, мүше, әдіс т. б. осылар сияқты терминдері семантикалық тәсілдерімен, жақша, қосымша, дәйекше, буыншы, бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш, әуреленіс, әлектеніс, әліптеме, зауықтама, сұқтаныс, азаптаныс, жалғаулық, есімдік тәрізді көптеген терминдерді морфологиялық тәсілмен, ал дауыссыз дыбыс, дауысты дыбыс, қатаң дыбыс, ұяң дыбыс, түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, тұрлаулы мүше, тұрлаусыз мүше, салалас сөйлем, сабақтас сөйлем- сынды терминдер тобы синтаксистік тәсілмен жасалған.

Бесіншіден, А. Байтұрсынұлы- жекелеген ғылым салаларының ғана емес бүкіл қазақ терминологиясының қалыптасуына тікелей әсер еткен айырықша тұлға.

1924 жылдың маусым айында Орынборда Қазақ ғылми қызметкерлерінің сьезі болып, онда терминологияны қалыптастырудың принциптері бекітілгені мәлім. Араға екі жылдай уақыт салып, 1926жылы Бакуде өткен түрікшілердің бірінші құрылтайында жасаған баяндамасында А. Байтұрсынұлы қатынасушыларға осы принциптерді таныстыра отырып және өзге түркілердің де ғылыми терминологияны қалыптастыруда оларды басшылыққа алса дұрыс балатындығын айта келіп, өз ойын былай түйіндейді: « Этим путем каждый из нас, разгрузив свой язык от его баллансты чужих отчистив его от засоренности илиянием чужого языка, сделали бы доступпными произвдения своей пеяати и свой народной и другием тюркским народностям» [5, 425] .

Бұдан ғұлама ғалымның қазақ терминологиясын қалыптастыру мен дамытудың бағыт-бағдарын айқындаумен қатар, бүкіл түркі халықтарының терминологиясының дамуына көңіл аударып, термин жасауда ортақ принциптер ұстару арқылы туыстас халықдардың өзара ғылыми және рухани- мәдени байланыстардың тереңдей түсуін көздегенін көруге болады.

Сонымен, бітіру жұмысы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ терминологиясын қалыптастырудағы рөлін анықтауды көздейді. Осы мақсатта бітіру жұмысын екі бөлімге бөліп қарастырмақпыз. Бірінші бөлімде А. Байтұрсынұлының терминологиялық мұрасының зерттелу жайына тоқталсақ, екінші бөлімде ғалым жасаған терминдердің сипаты мен жасалу жолдарын сөз етпекпіз.

1 Ахмет Байтұрсынұлының терминологиялық мұрасының

зерттелу жайы

Қазіргі қазақ ғылымынд А. Байтұрсынұлының терминжасамдық мұрасын зерттеп жатқан ғалымдар баршылық.

А. Байтұрсынұлы 1988 жыдың соңында анықталған терминологиялық мұрасына арналған тұңғыш мақалалардың бірі- «Қазақстан әйелдері» журналында жарияланған Ө. Айтбаевтың «Қазақ терминологиясының атасы» атты мақаласы [6]

Еңбек Ахмет Байтұрсынұлының жалпы терминжасамдық ізденістеріне арналған. Мақаланың авторы А. Байтұрсынұлының қазақ тарихындағы орны былай бағалайды. «Қазақ әдебиет тарихында ұлы Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл білімі мен мәдениеті тарихында А. Байтұрсынұлының орны сондай »[6, 7, б] .

Еңбек авторы А. Байтұрсынұлының терминжасамдық ізденістерінің басталуын терминнің оқыту саласына өте қажет болғандығынан туды деп, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін мектептерге пән ретінде ендіру керек екендігін көрсетіп, сол ұлы ойды іс жүзінде өзі мектепке ендіре бастағанын айтады.

Мақалада Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» атты еңбегінің жеті басылымы «баяншы» атты еңбегі, «Айқап» журналындағы, «Қазақ » газетіндегі мақалалары талқыланып, Ахмет Байтұрсынұлының терминжасамдық қызыметіне жоғары баға береді.

Қазақ тілін мектептерде пән ретінде оқыту үшін Ахаң қазақ тіл біліміне жаңа ұғымдар ендіреді, оларды жаңа атаулармен (терминдер) маркерлейді. Мысалы:фонетика- дыбыс жүйесі, морфологиия- сөз жүйесі, синтаксис- сөйлем жүйесі, үтір, буын, әліппе, дәйекше . . . [6, 7-8б] .

Мақаланың авторы А. Байтұрсынұлының термин жасаудағы негізгі принципі- терминді қазақ сөзінің негізінде жасау екендігі болған дейді де, бірақ, сонымен қатар, А. Байтұрсынұлының термин ретінде қазақ тілінде баяғыдан бері қазақшаланып, қалыптасып жүрген араб, парсы сөздерін де пайдаланғанын көрсетеді. Мысалы: мектеп, кітап, өнер т. б. [6, 8б] .

Сонымен, Ө. Айтбаевтің бұл мақаласы А. Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің терминология жасау тарихындағы орнына, аталған ғылыми қызметіне арналған. А. Байтұрсынұлының терминологиялық мұрасына арналған Ө. Айтбаевтің екінші мақаласы-«А. Байтұрсынұлының терминжасам тәжірибесі» [7] деп аталады. мақалада төмендегі мәселелер қамтылған:

  1. А. Байтұрсынұлының терең тіл танымдық сезімталдығы;
  2. А. Байтұрсынұлының терминжасамдық тәжірибесінің кешегі және бүгіргі қажеттілігі;
  3. А. Байтұрсынұлының терминологиялық мұрасының қазақ және жалпы түркі тіл біліміндегі көшбастаушылық мәні;
  4. А. Байтұрсынұлының терминжасамдық қызметіде лексико- морфологиялық және морфолого-синтаксистік тәсілдердің басым түрде қолданылуы;
  5. А. Байтұрсынұлының терминжасам мұрасының сала-салаға жіктеліп зерттелінің қажет екендігі;
  6. А. Байтұрсынұлы жасаған терминдердің семантикалық және құрылымдық анонимы.

Еңбектің авторы осы мәселелерге әр түрлі көлемде көңіл бөледі.

Ө. Айбаевтің еңбегінің негізгі мәнін өзі анықтап береді. «Шынында», А. Байтұрсынұлы қазақ тілі пәнінің терминдерін жасауы теңдесі жоқ ерлік . . . [7, 7б] .

Сонымен, Ө. Айтбаевтің талқылаған екі еңбегінің негізгі мағыналық сарыны бір-А. Байтұрсынұлының терминологиялық мұрасының ғылми биіктігі, теориялық және машықтық маңызы

Р. Сыздықованың «Термин жасау-Ахмет Байтұрсынұлы көтерген тарихи жүктің бірі » атты еңбегінде анализ концептуалдық көзқарас негізінде жасалды. Мақалада бес мәселе талқыланды:

1. Терми және сөз ;

2. Терминің түрлері;

3. Термин және мектеп;

4. А. Байтұрсынұлының терминологиялық мұрасының қазіргі қазақ тілі біліміндегі орыны

5. Мамандардың Ахмет Байтұрсынұлының терминологиялық мұрасын зерттеудегі концептуалдық ұқсастықтары айырмашылықтары [8]

Р. Сыздықова «А. Байтұрсынұлының еңбектеріне анализ жасағанда көбінде терминнің тілдік (құрылымдық) яғни наминация көңіл бөліп, терминнің ұғымдық симантикалық жағына көңіл бөлмейді, өте аз көңіл бөледі ». Олардың лейтмотиві Ахмет Байтұрсынұлы терминді қазақ сөзінің негізінде жасап, жат тілдің негізінде жасамау деген ұғым»-дейді [8, 251-252 б. б] .

Ахмет Байтұрсынұлы, Х. Досмұхаметұлы, М . Дулатұлы қазақ терминін білім беру саласында бейіндеп жасаған. Ол кездегі негізгі білім беру саласы мектеп еді. Сондықтан терминдердің барлығы мектеп оқушысының ойлау қабілетіне лайықтап жасалған, яғни қазақ тілінің төл мүмкіншіліктерінің негізінде [8, 254б] . Егер бұл жағдайды тілтамының көзқарасымен бағалайтын болсақ, онда ол терминдер (жасалған кезде) ғылыми стилдің нақ ғылыми түріне емес, ғылыми оқыту (ғылыми әдістемелік, оқыту-ғылыми, яғни научно-учебный, учебно-научный) түріне арналған.

Ш. Құрманбайұлының «Қазақ терминологиясының қалыптастырудағы Ахмет Байтұрсынұлының рөлі» атты еңбегінде, зерттеу бүгінгі терминология ілімінің принциптерінің, ұғымдарының, категорияларының негізінде жасалған[9]

Еңбекте Ахмет Байтұрсынұлының терминжасамдық дағдысы жан-жақты зерттеліп, системалық деңгейде талқыланады.

Автор көтерген мәселелер күрделі. Мысалы:А. Байтұрсынұлы қазақ тілтанымының, әдебиеттанымының, әдістемесінің терминологиялық негізін қалаушы (салалық термиология) қазақ ғылымының терминжасамдық тәсілдері мен жолдарын анықтаушы; терминжасам ілімінде қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерінің талық пайдаланып, жалпы қазақ тілтанымының сөзжасалымдық мүмкіншіліктерін, түрлерін анықтаушы, ретке келтіруші; А. Байтұрсынұлы терминжасамдық қызыметі салалық (тіл, әдебиет, әдістеме) терминологиясын жүйелендірумен шектелген жоқ, жалпы қазақ терминологиясының қалыптасуына үлкен ықпалын тигізді; А. Байтұрсынұлы қазақ терминологиясының тұнғыш ғылыми принциптерін жасаушы [9] .

Сонымен еңбекте талқыланып, жауабы берілген мәселелер, шынымен, маңызды. автордың қорытулары нақты, дәлелді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ терминологиясы
Ғалым аты біліммен, тіл біліміне сіңірген еңбегімен өлшенбек
Қазақ тілі мен оның терминологиялық қорын дамытудағы білімпаздар съезінің алатын орны
Терминтанудың тарихы тереңде
Қазақтың ғылыми терминологиясын қалыптастырудағы Ахмет Байтұрсынұлының рөлі
Тіл білімінің әдіснамалық мәселелері
Ахмет Байтұрсыновтың тіл біліміне қажет терминдерінің жалпы сипаты
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріндегі психологиялық көзқарастарын талдау және ұлттық психологияның дамуында алатын орнын зерттеу
Тіл - қоғамда өзара орнатылатын қарым - қатынастардың негізгі құралы
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілі ғылымының дамуына қосқан үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz