Қазақстанды ілгерілету жолындағы билік пен баспасөздің рөлі



М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.5 беттер
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I тарау. Қазақстанның кешегісі мен бүгінгісі
1.1. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиыншылықтар 6.13 бет
1.2. Тәуелсіз мемлекеттің таңдау жолы ... ... ... ... ... ... ..14.20 бет

II тарау. Қазақстанды ілгерілету жолындағы билік пен баспасөздің рөлі
2.1. Ілгерілетудің басты бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ..21.37 бет
2.2. «Баспасөзі күшті елдің өзі де күшті» ... ... ... ... ... ... 37.43 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44.48 бет
СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49.50 бет
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51 бет

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 3-5 беттер

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I тарау. Қазақстанның кешегісі мен бүгінгісі

1. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы
қиыншылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-13 бет

1.2. Тәуелсіз мемлекеттің таңдау жолы ... ... ... ... ... ... ..14-20 бет

II тарау. Қазақстанды ілгерілету жолындағы билік пен
баспасөздің рөлі

2.1. Ілгерілетудің басты бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ..21-37 бет

2.2. Баспасөзі күшті елдің өзі де күшті ... ... ... ... ... ... 37-43 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...44-48 бет
СІЛТЕМЕЛЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 49-50 бет
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
бет

К І Р І С П Е

Қазақстан Республикасы – Азия төсіндегі алып мүмкіндіктері, асқар
мақсаттары бар, тарихы терең, рухы күшті халықтың ордасы. Тоқсан толғаулы
тәуелсіздікті алғаннан бергі уақыт егеменді ел ретінде орнығу, әлемдегі өз
орнын иелену, барша халықаралық қоғамдастық таныған ел болу мақсатын жүзеге
асыруға арналды. Бейнелеп айтсақ, атымыз барда желіп жүріп жер танумен,
асымыз барда беріп жүріп ел танумен өтті.
Бүгінгі күнгі мемлекет басындағы азаматтарды, зиялы қауым өкілдерін
ойландырып, тың идея, жаңа істерге бастап отырған маңызды мәселелер бар.
Оның ең бастысы – мемлекет институтының негізін қалыптастыратын халықты
ұйымдастыру, елді жан-жақты дамыту, өркендету болып табылады. Ал, бұл елдік
мәселенің оң шешімін таппағы, көздеген мақсатынан адаспауы халық айнасы –
бұқаралық ақпарат құралдарымен тікелей байланысты.
Газет – халықтың құлағы, көзі, һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл
қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. ...газет –халық даушысы.
Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар деген аталы сөз бар. Бұзуға
құдіреті жеткен сөздің, түзеуге де құдіреті жетеді. Сөз – қару, мұны
бұзуға жұмсасақ бұзады, түзеуге жұмсасақ түзейді. Сөзін жұртты түзеуге
жұмсап отырған жұрттың өзі де түзелуге бет алғанын көріп отырмыз 1. Бұл
ұлт баспасөзінің көсемі Ахмет Байтұрсынұлының Қазақ газетінде жарияланған
ізашар мақаласында айтылған аталы сөз. Арада ғасырға жуық уақыт өтсе де,
баспасөз, газеттің міндетін Ахмет атамыздан асырып ешкім айта алған жоқ.
Олай болса, бүгінде жарық көріп отырған қай басылым болмасын көтерген
мәселесі, жазған сөзі халықты түзетуге, ілгерілетуге жұмсалуы тиіс. Сонда
ғана қазақ мықты ұлтқа айналмақ.
Қазақ баспасөзіндегі жедел ілгерілеу идеясын дипломдық
жұмысымызға тақырып етіп алып, зерттеудегі мақсатымыз – Қазақстанды
мүмкіндігінше шапшаң, жеделдете дамыту шараларының баспасөзде айтылуы,
насихатталуын зерттеу және жалпы сол тақырыптағы материалдарды сараптау.
Ұлтымызға қатысты мәселелерді көтерудегі қазақ баспасөзінің атқарып отырған
қызметі мен рөлін көрсету, аталмыш тақырып бойынша қазақ баспасөзі көтерген
проблемалық жарияланымдарды бір жүйеге түсіріп, ғылыми талдаудан өткізу
болып табылады.
Бітіру жұмысының өзектілігі туралы айтар болсақ, Қазақстан өз
алдына дербес ел болып, дүниежүзілік адамзат көшіне жеке мемлекет ретінде
қосылған бүгінгі күні халқымыздың әлеуметтік-саяси, экономикалық және
мәдени өмірінде бұқаралық ақпарат құралдарының алар орны, атқарар қызметі
өте салмақты болып отыр. Бүгінгі таңда қоғамдық санаға ықпал ететін,
бұқараны ортақ мақсатқа жұмылдыратын бірден-бір күш бұқаралық ақпарат
құралдарының басты тетіктерінің бірі – баспасөз болып табылады. Баспасөздің
қоғамымыздағы алатын орнына жоғары баға берген президентіміз Н.Ә.Назарбаев:
Газеттер мен журналдарға арқа сүйеместен өз саясатыңды қалай жүргізіп,
реформа мәнін қалай ұғындыруға болатынын түсінбеймін. Егер ең бұқарашыл
саяси мінберден айырылсақ, жұртты өз іс-әрекетіміз туралы, аймақтардың
даму перспективасы туралы, мәселені шешудегі көзқарастар туралы қалайша
хабардар етпекпіз, - деп атап көрсеткен еді 2.
Бітіру жұмысының жаңалығы – алдымен, алғашқы рет дипломға тақырып
етіп алынып, зерттеу нысанына айналып отыр. Еліміз есін жиып, етегін
жапқалы дәл қазіргідей қанатын кеңге жаймаған шығар. Бірақ, өркениет жолына
көш түзеген жас мемлекетіміз үшін әлі қолы жеткен жетістіктерінен гөрі,
қолы жетпеген нәрсесі көп-ақ. Яғни, төбедегі төртеу түгенделді деп айтуға
әлі ертерек. Осы тұрғыда мемлекетіміз жаңа идеяларға жол бастап
отырғандықтан осы тақырыпты жазбаққа ой келді. Сонымен қатар, тәуелсіздік
тұсындағы қазақ баспасөзінің олқылықтар мен кемшіліктерді ашудағы қызметі
сарапталады. Демократиялық қоғамымыздағы баспасөздің алар орнына, қалыптасу
кезеңдеріне талдау-сараптаулық баға беріледі.
Жұмыс барысында кеңінен қолданылған дерек көздері ретінде егеменді
ел болған сонау 1991 жылдан бергі республикалық қазақ баспасөзінде
жарияланған материалдар алынды. Еңбекте тәуелсіздік туының астында шығып
жатырған газет-журналдардың тігінділері парақталып, ішіндегі сүбелі де
сүйекті дейтін Егемен Қазақстан, Түркістан, Жас қазақ, Ана тілі,
Қазақ әдебиеті, Айқын газеттері және Ақиқат журналы секілді бірқатар
басылымды қарастырдық.
Қазақстанның ілгерілеуіне негізінен қазақ тілді баспасөз ғана
мүдделі. Елімізде жарыққа шығатын орыс тілді басылымдар арандатуға бейім
немесе мүлдем Ресейдің күйін күйттеп кетеді. Олар сенсацияға құмар, әр
нәрсеге атүсті тоқталып, бүгін бар да, ертең жоқ өмірдің жеңіл-желпі
жақтарына көбірек көңіл бөледі. Сол себептен де жоғарыдағы аталған ел
тәуелсіздігіне тілектес, еліміздің жан-жақты ілгерілерілеуіне атсалысып
жүрген газет-журналдарды зерттеу нысаны етіп алдық.
Ғылыми жұмыстың тұщымды болып, көздеген мақсатына жетуі, сондай-
ақ, қойылған талаптарға толыққанды жауап беруі зерттеу әдістемесіне де
байланысты. Диплом жазу барысында бұл қағиданы да естен шығарған жоқпыз.
Диплом деректік материалдарды талдау мен сараптау, салыстыру мен
жүйелендіру әдістерін қолдану арқылы жүргізілді. Жүйелілік, объективтілік
және тарихилық принциптеріне негізделеді.
Бітіру жұмысының құрылымына келсек, ол ғылыми жұмысқа қойылатын
талап бойынша ең әуелі кіріспеден, Қазақстанның кешегісі мен бүгінгісі,
Қазақстанды ілгерілетудегі билік пен баспасөздің рөлі атты екі үлкен
тараудан, ол екі тарау шағын тақырыпшалардан тұрады. Бұлардан басқа жұмыс
ойды тиянақтап, түйін жасайтын қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен
сілтемелер тізбесінен тұрады.

I тарау. Қазақстанның кешегісі мен бүгінгісі
1.1. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиыншылықтар

1990 жылдардағы қазақ баспасөзінде негізінен тәуелсіздік,
Қазақстан территориясының тұтастығы, тіл саясаты, егемендік, ел тұтастығына
қауіп төндірген казактар туралы, қоғамды жаңғыртудың жолдары, жат жердегі
қазақтардың атамекеніне оралуы секілді қоғам дамуындағы іргелі де маңызды
мәселелер көрініс тапты.
Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі және жарқын сәттерін
баяндайтын Қазақстан жолы атты кітабында елбасы Н.Назарбаев: Біз талмау
күйдің өлара жағдайы тұрақсыз және екі жақты болатынын, кез-келген кешігу
мен теріс шешім қабылдаудың зардабы өліммен аяқталатынын түсіндік.
Бұрынғы өкпе мен әлдеқашан тарихқа айналған өткенді түзетуге ұмтылған
әрекетке байланысты, бүгінгі мен ертеңгіні ойлағанның орнына, біз үшін
керексіз даңғазалыққа ұрынудың үлкен қаупі болды 3 дейді. Иә, жағдай
оңай болмады. Бірақ, ол қандай күрделі болмасын, одан шығу үшін мықты
басқарушылық тәртіп пен әр қазақтың күшін жану керек болды. Ауыртпалықты
халық қалай қабылдаса, салмағы да соншалықты болады. Қиыншылықты ушықтырмау
маңызды, өйткені әр түрлі дағдарыс жаңа кезеңге жол ашады.
Қайсар рухты қазақ халқы дәл осынау сәтте қол жеткізген жетістіктері
үшін 1991 жылдың тарихи толқынына қарыздар. Орнында бар оңалар дейді
қазақ. Егемен Қазақстанның дүниеге келуі қарсаңындағы кезеңнің ерекшелігі
оны Кеңестік республикалар одағының жан тәсілім кезіндегі жағдайымен
салыстыруға болатын еді. Мемлекеттік құрылым экономикалық және саяси
дағдарыстан ес-түссіз талмау күйде болды. Сол кезде бұл ауыр үрдіске
қоғамдық ақыл-ой боямасыз көзбен қарады да, әлеуметтік сана осынау ауыр
көріністен біржола сансырап қалды. 1985 жылғы Орталық Комитеттің сәуір
пленумынан басталған қайта құру қашан құрдымға кеткенге шейін ел өз
тарихының шым-шытырық оқиғаларын ой елегінен өткізді. Саяси қуғын-сүргін
құрбандарының бейнесін тірілтіп, режимнің зауалына ұшыраған зиялы қауым
тұлғасына жан бітірді, төл тарих естеліктері орала бастады. 2005 жылы
наурызда Грузия президенті М.Саакашвили Қазақстанға алғаш ресми сапармен
келгенінде журналистердің сұрақтарына жауап бере келіп, өз елінің
тәуелсіздікпен өткен 15 жылын өлім халіндегі жан ағзасына дем сала бастаған
жағдайымен салыстырған еді. ТМД-ның бірқатар елдерінің экономикасы осындай
жағдайда. Бұл біздің олардан 11-12 жыл алда екенімізді білдіреді. Алайда
аумалы-төкпелі кезеңдегі адамдардың әлеуметтік күйзелісі мен бейжайлығы,
психологиялық шиеленісі тәрізді әлеуметтік дерттердің сынағына
түскенімізбен, Қазақстан бұл дағдарыстан шыға алды. Қазақты қиындықтан
құтқарған баспасөз институтының рөлін атап өтпеске болмас. Тәуелсіздіктің
бастапқы жылдарында қолына қалам ұстаған журналистер қауымы білек сыбанып,
елді өтпелі кезеңнің ауырпалықтарын сездірмей өткізуге тырысып бақты.
Алайда жаңа қоғамның жаңа мақсаттарына бой үйреткенше бірталай уақыт өтіп,
алғашқы жазылған-сызылған дүниелер кейін келе мазмұндық, идеялық және
стильдік тұрғыда көптеген сыни пікірлердің нысанына айналды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазақ баспасөзі де ауыр кезеңдерді
басынан өткерді. Кеңес одағының дәурені жүріп тұрған тұста мерзімді
басылымдар мамыражай күй кешті. Жоғарғы жақ өз қанатының астына қамқорлыққа
алып отырғандықтан басылымдар өтімді болудың жолын іздеп бас қатырған жоқ.
Партия нұсқауымен әр жердегі мекемелер бүгінде арманға айналған мыңдаған
тиражбен әр басылымды қамтамасыз етті. Нарыққа көшу кезіндегі қазақ тілінің
қиын жағдайы да қазақ баспасөзінің бағын байлады. Қазақ тілі нарыққа батыл
түрде ене алған жоқ. Рубль говорит по русский дегенді естіген біз
теңгенің де тек орысша сөйлегенін көрдік. Баспасөздің табыс көзі жарнама
десек, жарнама берушілер халықтың 90 пайызына түсінікті орыс тілін таңдады.
Осындай қосымша табыс көзі болмағандықтан қазақ газетінің өзін-өзі ақтауы
қиынға түсті. Қаржыландыра алмаудың және бір себебі қазақ баспасөзінің
оқырмандары негізінен ауылдық жерлерде шоғырланғандығында еді. Ауылда
қаражат мәселесі тұрымтай тұсымен кеткен ол уақытта қиын болатын. Қазақ
әдебиеті, Жұлдыз бастаған басылымдарға жабылып қалу қаупі төнді. Сондай
қиын кездерде қазіргі Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі бұл
басылымдарды Қазақ газеттері аталатын акционерлік қоғамның аясына алып,
қаржыландыруға кірісті. Үкіметтің қазақ басылымдарының редакцияларына
берген дотациясы көп көмек болды. Осылайша қиындықтарды әупірімдеп артқа
тастап, қазақ баспасөзі келешекке беттеді. 1990 жылы республикада 552
бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген болса, 1991 жылы оның саны 744-ке
жетті, 1992 жылы бұл көрсеткіш 1052-ге жетіп жығылды.
Ұлттық баспасөз беттеріне егемендікпен ере келген тақырыптардың
тағы бір тобы − осы уақытқа дейін жалғасып, тереңдей жазылып келе жатқан −
салт-дәстүр, тіл, экология, радиациялық полигон зардабы, желтоқсан жағырығы
сияқты өзекті мәселелер. Жекешелендіру сияқты экономикалық реформалардың
дұрыс жүрмеуінен белең алған жұмыссыздық, қылмыс, әсіресе, ауыл адамдарының
жүдеу тұрмысы, базар жағалаған халық туралы да газет беттерінде аз жазылған
жоқ. Бұл орайда ерекше тоқталып өтетін бір жайт, егемендік алғанымызбен,
тереңге жайылған Одақтың тамырларынан көп мәселеде әлі ажырамағандығымыз
еді. Соның бірі әскер мәселесі болатын. Кеңес Одағының кез-келген
түкпірінде әскери борышын өтеп жүрген қазақ жастарының санасына Одақтың
ыдырауы үлкен әсер етті. Соның салдары сияқты бейбіт кезеңде опат болған
әскерлер саны күрт өсіп кеткен еді. Баспасөз беттерінен бұл тақырып та тыс
қалған жоқ. Сегіз ай сенделіп, әскердегі баламды іздеп жүрмін 4 деп
жазған өскемендік азаматтың сөзінің жаны бар. Өйткені әскери саланы қайта
құру барысы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қазақ баспасөзінің жиі көтеретін
өткір тақырыптарының біріне айналған.
Әрбір халықтың, ұлттың тарихында өзінің аса маңыздылығы мен ғасырға
пара-пар оқиғалар болады. Ел тарихындағы ауыр жүкті көтерген сондай оқиға −
сонау желтоқсаннан бастау алған еліміздің егемендігі соның нәтижесінде сөз
бостандығы, іс-қимыл еркіндігі сияқты демократиялық ұғымдар іске асырылып,
оның заңдық-құқықтық негіздері қаланды. Бұқаралық ақпарат құралдарының
ісіне мемлекеттің араласуы біршама кеміп, олар дербестікке қол соза
бастады. Қазақ тілді басылымдардың ең бір дәуірлеу кезеңі осы
егемендіктің, тәуелсіздіктің ең алғашқы қалыптасу кезеңдеріне, қоғамдағы
демократиялық қайта құрулар кезеңіне тұспа-тұс келді. Бұқаралық ақпарат
құралдары, оның ішінде ұлт жанашырлары басшылық еткен басылымдар бүгінгі
күні тарихқа айнала бастаған сол бір кезеңнің өздеріне артқан салмақты
жүгін жауапкершілікпен көтере білді деп айту ләзім.
Өтпелі кезеңде әлеуметтік топтардың біріне шектен тыс жағдай
жасалып, екінші бірінің мүддесі аяқ асты етілуі сөз бостандығы ұғымын
журналистердің әрқалай түсінуінен болады. Бұл уақытта көтерілетін
тақырыптарды заманның өзі айшықтайды дейді Засурский 5. Мемлекет құрудың
алғашқы жылдары журналистиканың ауыр кезеңді бастан кешуіне ықпал еткен
тағы бір кемшілік кеңестік тәртіптің қатал қыспағынан шыққан баспасөз
бостандықты жүгенсіздікпен шатастырып алған тұстар да болды. Алайда қазақ
баспасөзі негізінен жас елдің іргетасын берік қылуға, елдігін, ұлттығын
нығайтуға бағытталған тақырыптарға қалам тербеді.
Қазақ әдебиеті газетінің бетінен түспей, егемендіктің алғашқы
жылдары көрініс тапқан басты мәселе – ұлттық тәуелсіздік тақырыбы болды.
Қазақстанда уақытысында түрлі партиялар саясат майданына араласты. Соның
бірі – ұлттық мемлекеттілікке меңзеген Азат партиясы еді. Артынша Қазақ
әдебиетінде Жебеушісі жариялылық, демеушісі демократия деген айдармен
Азат партиясының төрағасы, саясаткер ғалым Сәбетқазы Ақатаевтың
тәуелсіздік рухында жарық көрген Азат пен Алаштың айырмасы атты
мақаласы жарық көрді. Дәл осы кезден бастап қазақ публицистикасының
дамуында жаңа бір дәуір басталды. Ол азат ойдың, еркін сөздің дәуірі еді.
1986 жылдан басталған заман ағымы 1990 жылдары өзіне лайық арналар таба
бастады. Жаңаша ойлайтын зиялы қауым бас көтерді. Философ Сәбетқазы
Ақатайдың жан даусы - өмір ағымының өзі туғызған дауыс болатын.
Міржақып Дулатовтың 1925 жылы Еңбекші қазақта жарияланған
Ендігі бір арманымыз тіл тағдыры атты мақаласын қайта көшіріп басу арқылы
Қазақ әдебиетінің бетінде мемлекеттік тіл мәселесі қозғалды. 1991 жылдың
26-шілдесінде Синонимнің көптігі тіл байлығы емес атты ар жағында
синонимнің тіл үшін қажеті жоқ деген қағида қылтиған Қ.Жүкешевтің мақаласы
жарияланды. Мақалаға көз жүгіртсек, ана тіліміздің көсегесін көгерту үшін
синонимдерді мейілінше аз қолдануымыз керек екен. Қарсы пікір ретінде
Б.Нұржекеұлының Кешірерсіз, синонимнің көптігі – тіл байлығы атты қарсы
пікір мақаласы басылды. Автор қазақ тіліндегі синонимдердің қолданылуының
мән-маңызына тоқталып, мақаласын Жүкешевтің ...қазақ тілі түсініксіз, бір
ойды айтып жеткізуге қиын тілге айналып барады дегендерін тек бас шайқап
оқуға ғана болады. Қалай десек те, аздық жұтаңдықтың, көптік байлықтың
белгісі 6 деп қорытады.
Демограф Мақаш Тәтімовтың Қазақтың тайпалық құрамы мен саны және
орналасуы атты мақаласы ұлттық демографиялық саясаттың публицистикадағы
көрінісі деуге негіз бар.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Жоғары Кеңес қазақ халқының ғасырлар
бойғы арман-мүддесі көрініс тапқан Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңын қабылдады. Дәл осы кезде Қазақ
әдебиетінің редакциялық мақаласында: Ақ түйенің қарны жарылған күн!
деген серкесөз басылды 7.
Егемен Қазақстан газетінде Горбачевті сотқа беру керек пе?
деген сын корреспонденция жарияланды. Авторы – ұлт жанашыры Шерхан Мұртаза.
Сонымен қатар Амандық Әбжанның Бабаның басын қорлатпайық атты
толғанысында кезінде Эрмитажға қойылған қазақ елінің соңғы ханы Кеңесарының
бас сүйегін тауып, өз топырағына қайтару туралы мәселе қозғайды.
Сондай-ақ, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында баспасөз беттерінде
еліміздің нанын жеп, суын іше отыра шу шығарып, артын қақтығысқа айналдыра
жаздаған казактар туралы көптеген ой-пікірлер айтылды. Бұған Жас Алашта
Тәуелсіздік талаптары деген айдармен Сардар Сыздықовтың Казачество -
отарлау саясатының қолшоқпары (05.01.1995) атты мақаласы дәлел. Олардың
Қазақстанның Әділет министрлігіне берген жарғысында бұндай саяси мәселелер
көрсетілмеген. Жарғыда Казактар тек мәдени және шаруашылық дәстүрлерді
жаңғыртуды, өркендетуді мақсат етеді деп жазылған. Қауымдастықтың
республика заңына толық бағынатынындай, тиісті орындардың қатаң бақылауды
іске асырғаны жөн 8 дейді мақала иесі. Осылайша казактар туралы жазылған
деректер олардың ұр да жық әрекеттеріне дәлел бола алды. Казачествоның
түпкі көздеген мақсаты сол кездері республиканың кей облыстарында өткізген
жиындары ашық көрсетті. Жетісу мен Оралда митинг өткізген казак атамандары
егемен Қазақстанның Ресей құрамындағы автономияға айналуын талап етіп,
сондай-ақ жеріміздің тұтастығымызды өзгертуге деген талаптарын білдірді.
Қорқытпақ та болды. Осылайша олар үлкен саясатқа қол созғылары келетіндігін
ашық білдірген жоқ.
Қайсар Әлімнің Міржақып мүрдесі елге қашан әкелінеді? деген
корреспонденциясында Карелияның Сосновец поселкесінен осыдан екі жыл бұрын
табылған Міржақып Дулатов мүрдесін туған жерге қайта жерлеу мәселесі
көтеріледі. Мәселен, Оқиға ортасында айдарымен Міржақыптың мәйітін әкеле
жатырмыз атты, Оқиғаның түйіні айдарымен Міржақыпқа туған топырағы
бұйырды 9 деген циклды материалдар жарық көрді.
Жалпы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қазақ баспасөзінде көрініс
тапқан публицистика қалың қазақты ұйқысынан оятып, жаңа ұрпаққа ұлттық рух
берді. Ұлттық сананың оянуына түрткі болды. Тәуелсіздік талаптарынан
туындаған ұлттық саяси бағыт бірінші кезекке шықты.
90-жылдардың ортасын ала қазақ баспасөзінде орныққан тенденция − қазақ
елінің ойға алған мақсаттарын нақтылап, оларды орындауға қолайлы етіп
жұптап, ішкі-тысқы потенциалын арттыру тақырыбы. Сөзіміздің дәлелі ретінде
келтірсек, Парасат журналының 1997 жылғы бір санында
Ө. Сұлтанғазиннің Ұлт намысын қорғауды ұмытпайық деген тақырыпта мақаласы
жарияланды. Менің байқауымша, біздің мемлекетіміздің рухани күш-қуаты жыл
өткен сайын азайып барады. Оның бір айқын мысалы, осы күнге дейін өндіріс
орындарынан ғылыми жұмыстарға деген сұраныстың жоқтығы 10 Демек, ендігі
жерде Қазақстан рухани құндылықтарды өндіріспен ұштастыру керектігі, ендігі
сатыда орындалмақ тапсырма сол екендігі айтылды.
Әлемнің бірде-бір елі қалыптасу кезеңінде дағдарысты
қиыншылықтардан қашып құтыла алмаған. Үлкен күйзелістер мен құлдырауларды
Америка, Англия, Түркия, Германия, Индия секілді т.б. елдер бастан өткерді.
Егемендіктің бастапқы кезеңдерінде осындай қиыншылықтардан өте отырып,
бүгінде Қазақстан өз экономикасын нығайтып және дамушы елдер еліктерлік,
қызығарлық үлгі болуға жарады.
Елдің материалдық дамуына серпін беріп, тіреу қызметін атқаратын
фактор − рухани өзегімізді күшейту, ұлттық дүниетанымымызды қалыптастыру
қазақта тамыры тереңнің бұтағы биік деген сөз бар, қазақтың тарихын
ұлттың ержүрек қасиетін баспасөз бетінде көтеру арқылы қазіргі ұрпақ
санасында тарихи таным қалыптастыруға, сол арқылы болашақ келбетін елестете
алатын білік қалыптастыруға болады. Осы тұста ұлтты ұйытатын, оның рухын
серпілтетін ортақ ұраны, саясат тілімен айтсақ, идеологиясы болуы қажет.
Ұлттық идеология мәселесін тереңнен көтеріп жүрген Жас Қазақ, Егемен
Қазақстан газеттері ұлт десе түн ұйқысын төрт бөлетін оқырманға аса ыстық.
Дулат Исабеков: Бәсекеге берікпіз бе? мақаласында: Ұлттық рух − өз
тарихыңды білуде, оны қастерлеуде ғана емес, өзіңнің кім екеніңді түсінуде,
өзгелерден кем емес екеніңді ойыңмен, ісіңмен дәлелдеуде. Ол науқандық
шаруа емес, жылдар бойы жалғаса беретін бітпейтін процесс 11 деп, ұлттық
идеологияның анықтамасын дәлелдейді. Белгілі саясаткер Дос Көшім Жас
Қазақ газетіне шыққан Қазақтарды қалай көтеруге болады? атты мақаласында
халқымыздың көтерілуіне мүлдем кереғар жоспарланған жұмыстың он бес жыл
бойына жүргізіліп келе жатқанын саяси памфлет арқылы жеткізеді. Қазақтың
алға жылжуына зиянын тигізіп отырған тармақтың бірі ретінде
телеарналардағы қазақ тіліндегі хабарларды азайту және оларды түнде
көрсету дегенді айтады. НТК, КТК, 31 арна секілді өз еліміздің
телеарналарын тексерген К.Қаптағаев, М.Оразай секілді ұлтжанды азаматтардың
айтуына қарағанда қазақ тіліндегі хабарлар 30 пайызға да жетпейді екен.
Ресейдің ұлыдержавалық идеологиясын насихаттаған БАҚ қазақ елін еркін басып
алған. Көптеген қалаларда қазақ тіліндегі газеттерді табу қиын. Мұндай
жағдай Кеңес Одағы кезінде де болмаған 12 деп ашынады.
Мынау алмағайып заманда қазақтың қазақ болып қалуы ұлттық сана, дін
және дәлге де байланысты. Рух гуманистік клубының төрағасы М.Оразай:
Тәуелсіздік бар, енді ол тек бай тобырдың ғана емес, ұлт меншігіне айналуы
қажет. Бірақ, ол үшін ұлттың өзі әрекет жасамаса, оны ешкім мә деп бере
салмайды. Себебі, қазақ рухы әлі де басылуда. Сондықтан да осы ғасырда өмір
сүріп жатқан жастарға Қазақ кодексін ұсынамын. Алдымен, өзімізді
отарсыздандырайық. Балаларымыздың аттарын тек қазақша қояйық, қазақша
балабақшаға берейік. Жастар! Қайратымыз тасып тұр, оны талантымызды
дамытуға, спортқа жұмсайық. Қазақ киносына театрына барайық, қазақ
баспасөзін, өнерін қолдайық... 13 деп санамалап беріп, өркениетті қазақ
ұлттық мемлекетін құрудың жолдарын көрсетеді.
Жас Қазақ апталығының соңғы санында Қазақтың көзі, құлағы, тілі
кімнің қолында? деген зерттеу мақала жарияланды. Қазақ тілді Айқын
газетін Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының қаржысына күн көріп
отыр десе, оппозициялық Республика, Тасжарған, бұрындары болған
Қазақстан, Азат басылымдары оппозицияның да іштей ірігенін көрсетіп,
екі жақты саясат ұстанатынын қынжыла жеткізген 14.
1.2 Тәуелсіз мемлекеттің таңдау жолы

Бүгіндері Қазақстандағы реформалар тәжірибесінің нәтижелі екендігін
халықаралық сарапшылар ғана емес, сонымен бірге әлем лидерлерінің өздері де
мойындап отыр. БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан 2002 жылы Қазақстанға келген
сапарында: Қазақстан өзінің тәуелсіздік жылдарында әлеуметтік-экономикалық
салада үлкен жетістіктерге жетті, сондай-ақ ішкі саяси тұрақтылықты
қамтамасыз ете білді 15 деуінен еліміздің басы артық қате қадам
жасамағанын байқауға болады. Қазақстанның көшбасшылығы сәтті таңдап алынған
өтпелі дәуірдің саяси-экономикалық үлгісіне негізделген. Ол күшті
президенттік билік және оған қоса жедел де қарқынды экономикалық
реформалар. Біздің үлгінің мәні мемлекеттік билікті әлсіретпестен, нарықтық
экономиканың негіздерін жасауға және демократияландыруға бағытталған,
сонымен бірге естен тандырмайтын, түбегейлі реформалардың жиынтығына
саяды.
Қазақстанның таңдау жолы туралы айтар болсақ, әрине, бұл жол тек
экономикалық үлгіні таңдауға ғана қатысты емес. Бұл жалпы конституциялық
ережелерді ғана емес, сонымен бірге саяси режимді, инфрақұрылымды және
конфессионалдық қатынастарды қамтитын саяси үлгі. Бұл аса бай ауқымды дүние
және дәл осы мәселелерге Қазақстан үлгі аларлық мемлекет ретінде бүкіл
әлемге әйгілі болды. Бұл табыстар дүние жүзінде және өз ішімізде жоғары
бағаланып отыр.
1992 жылдан бергі ең үлкен жетістік Қазақстан өзін дербес мемлекет
ретінде танытты. Бұл тек Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуымыз ғана емес,
халықаралық процестерде өз үніміз естіле бастады. Президентіміз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев дүниежүзіндегі ең үлкен державалардан Қазақстанның
қауіпсіздігіне кепілдік алды. АҚШ, Ұлыбритания және Ресейден соң, мұндай
кепілдікті Қытай да берді. Осылайша мемлекет құрудың нақты мүмкіндігіне ие
болдық. Жаңағы аталған елдерден кепілдік алу нені көрсетеді? Бұл мемлекет
құрудың сан-салалы жүйесіндегі ең басты бағытты дәл анықтай білгеніміздің
белгісі. Бұл бір. Екіншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясының
қабылдануымен қоса мемлекетіміздің алтын діңгегі орнады. Үшіншіден,
экономикада қандай бағытпен жүретініміз анықталды. Нарықтық экономиканың
қиын да болса, қажетті жолы таңдалды. Белгілі мамандарды шақырып,
шетелдерден белді экономистерді тарту арқылы ел экономикасы нарықтық
қатынастарға енді. Осы жылдары Қазақстанда бейбітшілік пен тыныштық
сақталып тұрғандығын, жанжақтағы түрлі жанжалдар шарпуына шалынбағанымызды
қоссақ, байсалды саясатымыздың арқасында қаншама жолдан өткеніміз
байқалады. Өзге елдер ондаған жылдар бойы атқарған шаруаларды қысқа
мерзімде қолға алуға тура келді.
Ақпарат саласы − асқан қырағылықты, мол еңбекті керек ететін сала. Бұл
саланы басқарған азаматтар арасындағы мүдде қайшылықтарына байланысты
тәуелсіздік алғалы бері ақпарат министрі бірнеше рет алмасты. Өткен жылы
елбасы бұл салаға лайық басшы ретінде Ермұхамет Ертісбаевты тағайындады.
Ертісбаев − әлемдік даму үрдісін, әсіресе
ақпараттық соғыс теориясының маңызын жетік біледі. Басшылыққа келе
салысымен ол кадрлық саясат, ақпарат арналарының экономикалық әлеуетін
реттестірді. Сондай-ақ, ұлт мәдениетін жедел уақытта көш ілгері дамытқан
мәдени мұра бағдарламасының жүзеге асуын да қадағалады. Ертісбаев Егемен
Қазақстан газетінің бас редакторына берген сұхбатында: Дамуды
жеделдетудің, яғни осы заманғы қоғам құру мен Қазақстанның жаһандық әлемге
толыққанды кірігуінің мәселелері бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-
экономикалық және саяси өмірінің өзекті тақырыптары деуге болады. Ел
президентінің Алдымен экономика, сонан кейін ─ саясат деген ұстанымы осы
жылдардың ішінде біздің ұстанымымызға айналды. Басымдықтарды дәлме-дәл
айқындауға мүмкіндік берді. Қарқынды экономикалық даму Қазақстанда
түбегейлі саяси реформаларды жүргізуге кең жол ашып отыр. Елдегі тұрақты
экономикалық ахуал, әлемдік тауар рыногындағы бізге қолайлы конъюктура,
ішкі сұраныстың өсуі, инвестиция тартудың көлемінің тартуының арта түсуі
алдағы жылдарда да экономиканың дамуы қарқын алады деп болжам жасауға
мүмкіндік береді 17 деген еді. Осы пікіріне қарап, ақпарат саласының
құлағын ұстап отырған Ертісбаевты қазақ елін ілгерілету саясатының жалауын
желбіреткен, алғы шептегі сарбаздардың бірі деуге қақымыз бар. Бұл өте
маңызды фактор. Себебі, ақпараттандыру, насихаттау міндетін атқаратын
министрлікті басқарушы өз қарамағындағы ақпарат құралдарының саясатына
жанама қадағалайды. Авторлар, баспасөз, басшылық арасында өзара байланыс
желісі жүреді.
М. Шахановтың ақпараттық диверсияға қатысты сынын да министр мырза
назарға алды. Ал ол өз кезегінде аталған олқылықты отандық ақпарат
кеңістігінен тықсырып шығаруға талпынса, мұның жемісін халық көреді.
Нәтижесінде, Қазақстанды жедел арада қара үзіп, алға озуына жағдай
жасалады.
Елдің жедел ілгерілеуінің бір көрсеткіші − экономика саласындағы
жетістіктер. Экономиканы реформалау − әлемдік тәжірибеге сай
бейтараптандыру, бәсекеге қабілетті ету бағытында жүргізілді. Қазақстанның
он бес жылдық экономикалық ілгерілеуін бір қайырған Бердібек Сапарбаевтың
мына бір сүбелі мақаласына тоқталайық: Қазақстан экономикалық даму қарқыны
жағынан бүкіл Азия құрлығындағы елдер арасында көш бастап, жылдық өсімі
8,9 пайызды құраса, ІЖӨ 64 миллиард долларға жеткен. Халқымыздың сатып алу
қабілеті 138 миллиард доллар.
... Қазақстан 2010 жылға дейін бәсекелестікті арттыру мақсатында мақта
өндірісін 600 мың тоннаға, мақта талшығын экспорттауды 200 мың тоннаға
жеткізуді жоспарлауда. Дүние жүзі өндіретін мақтаның бір жарым пайызы
біздің еншімізге тиесілі, − деп елдегі өндіріс саласының ең озық үлгілерін
өзгелеріне мысал етіп көрсеткен. Елбасы атап көрсеткендей экономиканы
кластерлік саясат бойынша жүргізу проблемасы мақала бойында кең қамтылған.
Аталған мақаламен үндес, елбасының экономикалық концепцияларын
тарқатып насихаттауы көздеген мақалалар салмақты басылым Егемен
Қазақстанда жиі беріліп тұрады. Елдің ілгерілеуінде өзіндік тың сүрлеу
тапқан Қазақстанның алдымен экономика, сосын саясат деген ұстанымен
оқырманға түсіндіруді мұрат еткен академик Кенжеғали Сағадиевтің Алдымен
экономика... деген мақаласы осы газеттің өткен жылғы санында жарияланғаны
есімізде. Автор ойын былай түйіндейді: Қазір Қазақстан адам дамуы индексі
жөнінде әлемде сексенінші орында, еңбек өнімділігі дамыған елдермен
салыстырғанда бес-алты есе төмен, ғылыми-техникалық жаңалықтары аздау
мемлекет. Осыны ескере отырып, адам өмірі мен сапасына байланысты
салаларға, әсіресе, білім-ғылым, денсаулық сақтау салаларына мемлекет
миллиардтаған қаржы бөліп жатыр. Бұл − ұзақ қолданатын шара 18.
Экономика саласын жаһандық шеңберде дамыту проблемасына арналған экономист
Рахман Алшановтың Жаһандық экономика және Қазақстан мақаласы: Әлемдік
рыноктың аса ірі сегменттерінде үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Басым
сегменттер қатарында қауырт дамып келе жатқан жылжымайтын мүлік рыногын
атауға болады. Соңғы бес жылда дамыған елдерде тұрғын үйдің құны жетпіс
триллион долларға дейін ұлғайған.
...Қазақстанда әлемдік маркалардың жолаушылар автомәшинелерін сату
2000 жылғы 9,07 млрд теңгеден, 2004 жылғы 68 млрд теңгеге дейін өсті.
Сөйтіп Қазақстан автомобильдер сату көлемі бойынша ТМД-да екінші орынға
шықты. Біздің еліміз автомобильдер шығаруды және құрастыруды жүзеге
асырудан 2007 жылы 45-орынға шығады деп күтілуде 19 дей келіп,
Қазақстанның даму қарқынына салиқалы талдау жасаған.
Өнеркәсіптік әлеуеттің өсуі көбіне кәсіпорындардың жаңа экономикалық
және экономикалық жағдайларды қайта құруға дайындығына байланысты.
Баспасөздегі сараптамалық мақалаларға сенсек, қазақстандық өнеркәсіптерді
дамуға бейімділігі біршама тәуір. Ендеше, экономикамыздағы жедел іргерілеу
саясаты Қазақстанның жалпы дамуының жекелеген тармағы ретінде орташа
көрсеткішке ие. Кешегі кеңестік жүйеден тұралап, кейбір ортаазиялық елдер
секілді кейін кетпей, бір орындағы межесін сақтау, мүмкіндігінше алға жылжу
− Қазақстан экономикасының ұранына айналды.
Ендеше, өндіріс пен мәдениетті сабақтастыра дамыту ел дамуының даңғыл
жолы. Осы қос тізгінді қатар ұстау − қазақтілді баспасөздің материалдарынан
жиі-жиі көрініс тауып отырады.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында алдымызда тұрған мемлекеттік
дамудың исламдық, түркілік, ұлттық түрлерімен бірге Еуразиялық таңдаудың
тұрғаны белгілі. Біз соңғы бағытты ұстандық. Ислам әлемімен, түркі
бірлестігімен шектеліп қалу мемлекеттің халықаралық ынтымақтастығының аясын
шектеп тастауы айдан анық еді. Батысында Ресей, шығысында Қытай секілді
әлемдік гегемонияға ұмтылып отырған екі елдің ортасындағы Қазақстан үшін
таңдаудың басқалай бағыты жоқ болатын. Еуразиялық бағыттағы біздің
дивизіміз жақсыда жаттық жоқ, яғни кімнің ниеті түзу болса, біз сонымен
біргеміз. Әзірше. Өзге біреулермен іргеміз сөгілетіндей ішкі-сыртқы
саясатымызда бұра тартқан жеріміз жоқ. Қазақстанның мол байлығы тұрғанда
өзгелер де біздің көңілімізге дақ түсірмеуге тырысады.
Қарыштап даму процесінің жүруі БАҚ-тан ажырағысыз. БАҚ өзара
бәсекелесе отырып, қоғамның бас индикаторының қызметін атқарады. Баспасөз
еркін, алуан пікірлерге толы болғанда ғана демократия орнауы мүмкін 20.
Сондықтан баспасөз де елімізді демократияландыруды жүзеге асыратын басты
институттардың бірі.
Мүдделері ортақ, жеке тұлғалар атынан Айқын газетіне Тамырсыздық
қоғамға үлкен қауіп атты хат жолданды (16.03.07). Хат президентімізден
бастап, ұлт келешегіне бей-жай қарамайтын елдің алдында жүрген азаматтарға
арналған.
2006 жылы Жас қазақ газеті тарихшы Сәбит Шілдебай сынды жас
тарихышылардың бірнеше рет қазақ тарихына қатысты, Қазақ хандығының
тарихына қатысты пікірталастар өткізді. Бұл материалдардың көздегене
мақсаты − ел дамуын, қазақ мемлекеттігінің нығаюын ұлт тұтастығы арқылы,
ұлттық идеяны дамыту арқылы жүзеге асыру. Бұл ретте ұлт жанашырларын
біріктірген Ұлт тағдыры қозғалысының басшысы Дос Көшімнің бастамалары
көпшіліктің көкірек ойын дөп басып жүргенін байқаймыз. Жас қазақтың соңғы
санында Д. Көшім мынадай мысқыл аралас қорытындысын жариялады:
Президенттің он бес жылда тіл үйреніп алатын аю туралы айтқан сөзіне орыс
шовинистері қатты ренжіпті-міс, бірақ олар қазақ тілін әлі үйренген жоқ.
Демек, олар аю емес...21 Осы іспетті ащы әзілі аралас ұлт
жанаршырларының сөзінен ақиқат үнін естілгендей. Қазақ баспасөзіндегі
мақалалардың пікір ауаны қазақтың үстемдігі, тізгінді қазақ ұстауы. Ендеше,
қазіргі ұлтымыздың беталыс бағыты да осы болса керек.
Тарихтың бізге бұйыртқан сыбағасына жеңіл-желпі қарауға
болмас. Уақыт дегеніңіз жүрдек, сол сұрақтардың ішіндегі ең маңыздысы
ұлттық пәтуа-бірлік болса керек. Әрине экономиканы жаңаша жүргізу де,
сыртқы саясат та, қорғаныс мәселесі де мәнді. Алайда осы жерде біздің
жүрегімізді басқа бір гәп тербейді, атап айтсақ ұлттық сана, яғни ұлттың
жан-жүрегі не күйде деген мәселе. Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту
жолында өзінің мемлекетіне деген терең патриоттық сезім де, жалпылық сананы
жетіктірудегі қазақ тілінің тірек боларлық рөлі де, бас көтерер
азаматтардың айқын мақсатты әрекеттері де, тарихи сананы қалпына келтіру
де... бәрі-бәрі барша қазақ ұлтының басын біріктірер бастаулар болып
табылады.
Қазақ қоғамында мемлекеттік, мемлекеттік емес деген ұғымдар
қалыптасы. Одан әрі оларды тәуелді, тәуелсіз емес деп үкілегеніміз жөн
емес. Тәуелді, тәуелсіз деп жағаласып жату өзіңнің кешегі тоталитарлық
қоғамнан шыққаныңды көрсетеді. Ой-өрісіміз әлі де сол межеден аса алмауда.
Өзге елдердің бірде-бірінде өзін тәуелсіз басылыммын дейтін ешкім жоқ.
Ақиқаты кез-келген басылым белгілі адамға немесе қаржылы топқа қызмет
етеді. Үкіметтен тыс тұрғандықтан ғана тәуелсізбін деп өзін-өзі алдарқату
ғана.
Ал, мемлекеттік, мемлекеттік емес баспасөз құрамына
келсек, мұнда елдегі нақты жағдайға байланысты қарастыру керек. Біз жас
мемлекетпіз. Демек, мемлекетке қалыптастырушы күш керек. Біз қираған
империяның жарылып түскен бөлігінде, әртүрлі ұлттық құрамда мемлекет құрып
жатқанымызды ұмытпаған жөн. Сондықтан мемлекеттік баспасөз мемлекет құру
идеясына жұмылдырылып отыр. Осыған орай, қазіргі кездегі мемлекеттік
баспасөз орындарының нақты міндеттеріне тоқталайық.
Ең алдымен Қазақстан тәуелсіздгінің идеясын насихаттау.
Тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін жасалатын қадамдарды жұртшылыққа
түсіндірмей болмайды. Мұны газетке жүктелетін мемлекеттік тапсырыс деуге
де болады. Екіншіден, мемлекет құрылып, даму кезеңінде оның ішкі
тұрақтылығын сақтауға баспасөздің қосар үлесі зор. Әсіресе, Қазақстан
жағдайында ұлттық қарым-қатынасты бір сәт ұмытуға болмайды. Үшінші міндет,
қазақ халқының рухани мәйегін қалпына келтіру. Бұл істе баспасөзге ешкім
тең келмейді. Төртінші мәселе біз жаңа экономикалық бағытпен қозғалдық.
Жетпіс жыл бізге ешкім нарық экономикасын насихаттаған жоқ. Ендігі нарық
қатынастарының талаптарын халықтың санасына жеткізу шарт. Міне, осы
мәселелерде мемлекеттің үнемі ой-пікірлерін айтып отыруы үшін үкімет қаржы
шығарып, газеттерді ұстап отыр. Бұл мемлекет қабырғасы түзу қалануы үшін
шығарылған қажетті шығындар болмақ.
Ағартушы Ахмет Байтұрсынов атамыздың артына қалдырған ақтық аманаты
мынадай еді: Алашқа аты шыққан азаматтар, әуелі сіздер адаспаңыздар.
Адаспас үшін бірігіп ақылдасып, ойласып, ынтымақтасып іс істеңдер. Сендер
адассаңдар, арттарыңнан ерген Алаш адасады. Арттарыңнан ергендердің обал-
сауабына сендер қаласыңдар 22. Ұлт ұстазы айтқан осы өсиет
әрқайсысымыздың ойымыз бен ісіміздің елімізді ілгерілету жолындағы
адастырмас темірқазығымызға айналуы тиіс.

II тарау. Қазақстанды ілгерілету жолындағы билік
пен баспасөздің рөлі

1. Ілгерілеудің басты бағыттары
Ілгерілеу – елді жан-жақты дамыту. Қазақ елін дамыту біздің
ойымызша төмендегідей бірнеше бағытта жүргізілуі тиіс:
1. Әлеуметтік-экономикалық бағыт. Яғни, дамыған елу елдің
қатарына кіру үшін халықтың материалдық ахуалын жақсарту маңызды болмақ;
Асылы, баспасөздің міндеті қай заманда болмасын осы басым бағыттар бойынша
айқындалған. Ақпараттық нарық пен еркін бәсекелестік жағдайында баспасөзге
деген талап еселенді. Ілгерілеу – мемлекетіміздің ғаламдық бәсекедегі
жеңісіне ықпал етсе, жекелеген секторлар жұмысының сапалы жүргізілуі –
бәсеке күресте жеңудің бірден-бір кепілі.
Академик, агробиология және экология институтының директоры Рақымжан
Елешевтің Экономика бетінде жарияланған Мемлекет бөлген ақшаны ауылға
тура жеткізетін механизм жоқ деген мақаласы соның айғағы. Ауыл
шаруашылығы саласының деңгейін өсіруге мемлекет тарапынан 2000 жылы – 27
млрд, 2003 жылы – 39, 2004 жылы – 48 млрд, 2005 жылы – 58 млрд теңге
бөлініпті. Осындай қомақты қаржының бөлінуі нәтижесінде осыдан он жыл
бұрынғы кезеңмен салыстырғанда, бүгінгі жағдайымызға шүкіршілік етуге
болады Кеңес өкіметі кезіндегідей, мемлекет асырайды деген дайын асқа тік
қасық психологиясынан арылтты...23 дей келе, автор өз саласын бес
саусақтай білетін маман ретінде мынадай қорытындылар жасайды: Кеңес
өкіметі кезінде Қазақстанның даңқын әлемге астық шығарғанын ешкім ұмыта
қоймаған шығар. 25-35 млн гектар егістік алқабымыз болса, оның 20
миллионнан астамына дәнді дақыл себілді. Оның гектарынан орта есеппен 7-8
центнерден өнім алып жүрдік.
Төреғали Тәшеновтің мақалалары да осы күннің өткір проблемаларын
көтере алатындығымен ерекше. 2005 жылдың 31-желтоқсанында Т. Тәшеновтің
Экономика бетінде жарияланған Ауыл жылы ауылға не берді? мақаласы шолу
жанрында жазылған. Олай дейтініміз, мақала барысында үш жылға белгіленген
ауылды қолдау жылдарының барысында істелген шаралардың қорытындысына шолу
жасалған: ауыл шаруашылығы саласына 200 миллиард теңге (басында 147,5
миллиард теңге жоспарланған) қаражат жұмсалыпты, соның нәтижесі қандай?
...Елбасының биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауына сәйкес, 2005
жылы Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік
реттеу туралы туралы Заң қабылданып, қолданысқа енгізілді. Ауылдық
аумақтарды дамыту ісіне былтыр 51,3 миллиард, соның ішінде республикалық
бюджеттен 19,9 миллиард, жергілікті бюджеттерден 25 миллиард теңге
бөлінген. Соның арқасында үш жылда ауылда 208 мың қосымша жаңа жұмыс
орындары ашылып, даму әлеуеті төмен ауылдардың саны 108 елді мекенге немесе
23 пайызға қысқарды. Қазір республикадағы 7751 елді мекеннің экономикалық
даму деңгейі бойынша 1204-і жоғары даму әлеуетіне ие, 5625 елді мекен
орташа, 595 ауыл даму әлеуеті жағынан төмен деңгейге жатады. Ауыл
жылдарында республикалық бюджеттік бағдарламалар есебінен лизингке 2840
комбайн мен трактор және басқа да ауыл шаруашылығы техникалары берілді. 25
машина-технологиялық станса (МТС) құрылды.
2005 жылы ауыл халқына шағын несие беруде 925 миллион 845 мың теңге
жұмсалды. Жеңілдікті негізде несие алған ауыл тұрғындарының саны – 9,5 мың.
820 миллион 895 мың теңге – ауыл шаруашылығын, 83 миллион 25 мың теңге –
егіншілікті дамытуға, 21 миллион 925 мың теңге – басқа бизнес салаларына
жұмсалды 24.

2. Мәдени бағыт. Оған өз ретінде әдебиет, спорт, өнер салалары кіреді.
Мәдениет тақырыбын көтерген журналистердің діттегені − халық психологиясын
ілгерілеу идеясына бейімдеу үшін оларды Қазақстанның жарқын болашағына
сендіру, жігерін қайрау. Мәдени тақырып өнер мен әдебиетті, спорт пен
музыканы қамтыды.
Кезінде XX-ғасырдағы қазақ ұлтының зиялысы, көркемсөз шебері,
жазушы Ахмет Байтұрсынұлы: Мәдениет күшейеді - өнер, білім күшімен. Өнер,
білім күшейеді – оқумен, оқу күшейеді – мәдениетпен. Мәдениет күшейеді −
әдебиетпен. Бірін-бірі қолдайды, бірін-бірі жетелейді, бірімен-бірі тығыз
байланысты. Қазақтың асылы – мәдениетте дегені бар.
Енді елдің рухани дамуының көрсеткіші ретінде саналатын әдебиет пен
өнердің жеткен биігін. Бұл саланы көтеруде баспасөз қандай рөл атқарып
жатқанына көз жіберейік.
Қандай ұлт болсын өзге елдермен араласқанда мемлекетінің
өндірістегі табысымен мақтанбайды, өркениетінің өлшемінің негізгі
факторларының бірі − өнерімен мақтанады. Дамыған Англия, Франция, Германия
сияқты елдер өнер ошақтарын мемлекет тарапынан қаржыландырады. Ал, кезінде
біздің биліктің өнер ордаларына нарық заңымен өмір сүр деуі мәдениеттің
қоғамдағы қаншалықты орын алатынын түсінбегендігін көрсетті. Осындай
мәдениет саласының қызметкерлерінің солақай шешімінің арқасында көптеген
театрлар жабылуға шақ қалып, өз деңгейлерін төмендетіп алды.
Тәуелсіздік алғалы қазақ газеттерінің өнер саласын жазбай, қамтымай қалған
кездері жоқ. Мәселен, баспасөз дер кезінде көтерген үлкен алаңдатарлық
мәселе өмірімізге нарық заңы дендеп енгеннен кейін өнер саласының
коммерциялануы болды. Соның салдарынан ұлттық құндылығы жоқ, арзанқол
дүниелер көбейді, кәсіби өнердің орнына әуесқой өнер келді. Экономикаға
нарықтық өлшеммен қарауға болар, ал әдебиет пен өнерге тек ұлттық мүдде
тұрғысынан қарау керектігін баспасөз өзінің мәдени тақырыптарында баса
көңіл бөліп қарастыруы қажет.
Бәсекеге барынша қабілетті елуліктің ендігінде біздің де елдік
ерекшелігіміз берік орныққан сипатта көрініс табуы үшін сахна өнерінің
заман үнімен үйлесуі − басты парыз. Шүкір, ұмыт бола бастаған жарасымды
дәстүрлерімізді қайта жаңғыртып жатырмыз. Еліміздің қырық бес кәсіби театры
есін жиып, репертуарлық көркемдік сапаларын көтеруге жүгіне бастады.
Егемендік алғалы 7-8 жаңа театр ұжымы бой көтерді Сығай Ә. Театр
тоқыраудан аман 25 деген белгілі театр сыншысы Әшірбек Сығай Егеменнің
етжеңді бетіндегі мақаласында Қазақстан жеріндегі театрлар әзірге
тоқыраудан аман екендігі, көршілес елдерде классикалық өнерге тұсау
салынып, балет, опера жанрларын насихаттауға тиым салынып жатқанда,
тығырыққа тірелер тұстан аман-сау өткенімізге шүкіршілік білдіреді. Осы
басылымдағы келесі бір мақаласында: Елулікке енгелі жатқан Қазақстан үшін
кешегі гөй-гөйімен қалып қойған жараспайды. Сонымен бірге бізде теріс
сананы тегістеп жіберетін рухани мәшинені басқару тетігін күшейту керек
26.
Азаттық алған жылдар ішінде әдебиетіміз бен мәдениетіміз жаңа
туындылармен толықты және республикамыздың мәдени өмірінде соңғы
тенденциялар пайда болды. Авторлар, әсіресе кинематографистер мен
сәулетшілер, суретшілер беделді халықаралық көрмелер мен кинофорумдарда
жеңіске жетіп, бәсекеге түсе алатын туындыларды дүниеге әкеле бастады.
Өнер туындыларын бағалағанда өнер баршаға түсінікті болуы қажет
деген қағида бойынша емес, өнерді түсіне білу керек дегенпринципке көшу
керек. Бүгінгі еліміздің мәдени өмірінде өте қызықты әрі күрделі процестер
жүріп жатыр. Бір жағынан шығу тегімізге, тарих пен өткен мұраға деген
белсенділік артты. Екінші жағынан мәдениеттің батыстануы жүріп жатыр.
ҚР ҰҒА академигі С.Қасқабасов: Өнердің артықшылықтарын ашып көрсетіп,
автор шеберліктерін талдау, үздік өнер туындыларын насихаттау − жалпы өнер
туралы ғылымның кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі. Қазіргі кезде өнерді
зерттейтін ғалымдарымыз Қазақ өнерінің тарихын жазуда. Мұнда қазақ
өнерінің осы күнге дейінгі даму жолдары мен заңдылықтары қарастырылады.
Сондай-ақ, өнертанушыларымыз Мәдени мұра бағдарламасына сәйкес Қазақ
музыкасының антологиясы деген жобаны орындауда. Келесі жылдан бастап
ғалымдарымыз өнеріміздің жай-жапсарын зерттеуге кіріседі 27. Мәдени
мұра − мемлекеттік бағдарламасы жинағынан Алматы, 2006 жыл деп елең
еткізерлік жаңалығымен бөліседі.
Кеңестік қоғам жылдары республикамыздағы мәдениет саласының
күрмеуі көп мәселелері айтылмай, ол тек жетістіктер тұрғысынан қарастырылып
келді. Қазақ баспасөзі баспасөз бостандығының нәтижесінде өзекті айтылған
маөалаларды жариялай отырып, мәдениет саласындағы қайшылықтардың себептерін
батыл көрсете білді. Бүгінгі қазақ баспасөзі: Мәдениет − өркениеті
қоғамның рухани негізі, Мәдениетсіз мемлекет тұл, Ең қатерлісі − рухани
жұтаңдық, Көтерем мәдениет ел рухын көтере ала ма?, Руханият, Өмір −
өнер, Мәдениет т.б. айдарларымен еліміздегі мәдени өмірдің өзекті
тақырыптарын көтеріп, қордаланған проблемалардан шығар жолды іздейді. Міне,
сондықтан қазақ баспасөзі қазақ мәдениетіне қатысты мәселелерді талдау,
жазу жағынан кенде емес. Соңғы онжылдықта мәдениет мәселелеріне ұлттық рух,
ұлттық мүдде тұрғысынан барып жүр. Егер де баспасөз бетінде көрініс тапқан
әрбір проблемалық жарияланым назардан тыс қалдырылмай, дер кезінде
жөнделетін болса, алынбайтын қамал жоқ. Бұл мемлекетіміздің мүддесі үшін,
мәдениетімізді дамыту үшін аса қажет. Идеологиялың басты құралының бірі −
әдебиет. Орыс жазушысы А.Битов айтқандай, адамзаттан әдебиетті алып
тастасақ, сақырлаған қару, сыңғырлаған тиындар ғана қалады 28. Газетті
қоғам үні десек, жазушы қауымның үн-түнсіз отыра алмайтын қауым екені
түсінікті. Таңшолпан, Жұлдыз, Жалын секілді бірнеше әдеби
журналдарымыз бар. Қазақстан әйелдері мен Парасат та кейде әдебиет
мәселелерін қозғап жатады. Бірақ, осындай журналдар бола тұра жетпіс жылдық
тарихы бар үлкен газет Қазақ әдебиетінің жағыз болуы халықтың рухани
дамуының көзі боларлық материалдардың, өлең, проза, әңгімелердің жылдап
шықпайтын жағдайлары кездесетін. 2005 жылы бас басылымның қатарына Әдебиет
айдыны келіп қосылды. Газеттің бас редакторы Т.Ахметжан: Негізгі бағытымыз
әдебиет, өнер, мәдениет. Мұның ішінде кино, театр бәрін қамтымақпыз.
Өмірдегі саяси оқиғаларға тым терең бойламасақ та, жалпы зиялы қауымның сол
тұрғыдағы көзқарасын білдіріп отырамыз 29 деген еді. Қазақты қанбазарға
алып шығатын мәдениеті мен әдебиеті. Есі бар ұлт әр ғасырдыі басында өзінің
өткені мен болшағын безбендеуге тиіс. Осыдан 2007 жылы наурызда күллі
ғаламға ұлттық мүдде тұрғысынан үңілетін Кентавр дүниеге келді.
Бодандық шылауында әдебиетіміз бен мәдениетіміз цензураның
жіті қадағалауында болса да өркендеп өсті. Қазақтың халық жазушысы
Қ.Жұмәділов Қазақ әдебиетіндегі Кешір бізді, келер ұрпақ! атты
мақаласында кеңестік кезеңдегі әдебиетімізді екі түрге бөліп: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕЛ БІРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗДЕ НАСИХАТТАЛУЫ
Қалған ұлттар диаспора
ХХ ғасыр басындағы мерзімді басылымдардың жарық көруі мен құрылымы
XX ғасырдың 20-30- жылдарындағы қазақ тіліндегі мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы
Ғасыр басындағы қазақ әдебиеті мен қазақ баспасөзінің, интеллигенцияның қалыптасуы
Қазақстанның гендерлік саясаты
Қазақстандағы қазіргі заманғы қоғамдық-саяси жағдай
Айқап журналы мен Қазақ газеті
XX ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ МӘДЕНИ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ
Туристік ресурстарды дамыту
Пәндер