Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқарудың ерекшеліктері



Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1. Тарау. Бас бостандығынан айыру жазасы . жазаның бір түрі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.12
1.1. Қылмыстық жазаның түсінігі және мақсаты
1.2. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түсінігі және оны атқарудың арнайы міндеттері

2. Тарау. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқарудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13.34

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35.38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Заң факультеті

қылмыстық құқық және
криминология кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқарудың ерекшеліктері

Орындаған: күндізгі оқу
бөлімінің 4 курс студенті
Кукебаев С.A.
Ғылыми жетекшісі:
з.ғ.д., проф. Ағыбаев А.Н.

Жұмыс қорғауға жіберілді
“____” ___________2006 ж.
каф. меңгерушісі: з.ғ.д.,
проф. ______Ағыбаев А.Н.

Алматы, 2006ж.
Реферат

Бітіру жұмысы қылмыстық құқықтың, қылмыстық атқару құқығының маңызды,
өзекті мәселелерінің бірі бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару
ерекшеліктеріне арналған.
Бітіру жұмысы кіріспеден, екі негізгі тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыста қылмыстық құқық теориясындағы жазаның түсінігі, жазаның
мақсаттарына сипаттама бере отырып, бас бостандығынан айыру жазасының ұғымы
мен түрлері қарастырылған.
Жұмысты жазу барысында тиісті нормативтік құқықтық актілер, тақырып
бойынша арнайы әдебиеттер мен оқулықтар пайдаланылған.
Бітіру жұмысында қолданылған негізгі түйінді сөздер: жаза, жазаның
мақсаты, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, түзеу, сақтандыру,
сотталғандар, құқықтық жағдай, түзеу мекемелері, режим және т.б.

Кіріспе

1997 жылы қылмыстылықпен күрес барысында отандық заңнамаларда
елеулі өзгерістер болды. 1 қаңтар 1998 жылдан бастап Қылмыстық кодекс
күшіне енді де, ескі 1959 жылғы ҚазССР-нің Қылмыстық кодексіне қарағанда
жаза және қылмыстық - құқықтық әсер етудің басқа шараларының жүйесі, оларды
қолдану тәртібі және жауаптылық пен жазадан босату негіздері мен тәртібі
елеулі өзгерістерге ұшырады.
Бұл аталған ережелер өзінің жалғасын 13 желтоқсан 1997 жылғы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық - атқару кодексінде жалғасын тапты.
Жаңа Қылмыстық - атқару кодексі ескі кодекстің кемшіліктерін
жойып қана қоймай, қылмыстық жазаларды атқаруды заңдық реттеудің шеңберін
ұлғайтты. Мысалы, алғаш рет бірыңғай кодификацияланған заңда жазаның және
басқа қылмыстық - атқару шараларының барлық түрлерін атқару және өтеу
сұрақтары, қылмыстық - атқару заңнамасының қағидалары мен бастаулары,
сотталғандардың құқықтық жағдайы арнайы баптар мен тарауларды
қарастырылған.
Яғни, құқықгық мемлекеттің жүйесін қалыптастыру қоғам дамуының
объективті зандылықтарына ғана емес, осы тарихи кезеңде құқықтық
нормалардың орындалуын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиісті заң
актілерін дұрыс қолдана білулеріне де байланысты.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, бас бостандығынан айыру жазасын
өтеу, атқару ерекшеліктері өзекті мәселелердің бірінің қатарына жатады.

Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 4

1. Тарау. Бас бостандығынан айыру жазасы – жазаның бір түрі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 5-1 2
1. Қылмыстық жазаның түсінігі және мақсаты
2. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түсінігі және оны
атқарудың арнайы міндеттері
2. Тарау. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқарудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 13-34

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...35-38

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 39

1. Тарау. Бас бостандығынан айыру жазасы – жазаның бір түрі ретінде.
1. Қылмыстық жазаның түсінігі және мақсаты.
Мемлекетпен жүзеге асырылатын экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық –
басқарушылық және мәдени – тәрбиелік шаралар қылмыстылықты азайтуда шешімді
рольды атқарса да, қылмыстылықпен күрестегі маңызды, тиімді шара –
қылмыстық жаза болып табылады. Қылмыстылықпен күресте қылмыстық жаза
маңызды ғана емес, қажетті құрал есебінде, себебі, қылмыстық жаза қылмыс
жасаушы тұлғалардың қоғамға қарсы қызметін үзеді.
Мемлекеттік мәжбүрлеудің ең өткір шарасы ретінде, жаза Қылмыстық
кодекспен қарастырылған сотталғандардың белгілі бір құқықтары мен
бостандықтарын шектеу немесе айырудан тұрады да, сотталушыға моральдық,
физикалық және мүліктік сипаттағы мәжбүрлі түрде қысым келтіруден көрінеді.
Жазаның бұл сипаты 1948 жылғы Адам құқықтарының Жалпыға бірдей
декларациясының 28 бабының талаптарына сәйкес келеді. Осы декларацияға
сәйкес, қоғамның әрбір мүшесі басқалардың құқықтары мен бостандықтарын тану
және сыйлауды қамтамасыз ету үшін және демократиялық қоғамдағы
құлықтылықтың, қоғамдық тәртіп және қоғамның жағдайының әділетті талаптарын
қанағаттандыруы қажет.
Жаза зардап шегусіз, шектеу және белгілі бір құндылықтардан айырусыз,
қоғамның және қылмыскердің өзінің мүддесі үшін сотпен тағайындалған шара
ретінде, адамдар арқылы қабылданбайтын еді де, түзету зарядын бермеуші еді.
Сондықтан да, зардап шегу жазаның бөлінбейтін қасиеті болып табылады да.
Онсыз жаза өзінің мағынасын жоғалтады.
Қылмыстық жаза тағайындау барысында кейбір құқықтарды шектеу табиғи
факт ретінде қабылданады. Шындығында да, қоғамда белгіленген тәртіпті
саналы түрде көзге ілмейтін, басқа азаматтарға қауіп төндірмейтін адам,
заңды тыңдайтын адал азаматтардың өмірін дөрекі түрде қиындату құқығынан
айырылуы керек те, болашақта қылмыс жасауды болдыртпауға түрткі болатын
зардапты толық көлемде шегуі қажет.
Осыған байланысты, жаза әрқашанда мемлекеттің, қоғамның жасалынған
қылмысқа деген теріс бағасы түрінде көрініп, ойшылдардың назарын ертеден
аударып келе жатқан мәселе болып есептелінеді. Ежелден бері, ғалым –
криминалистер өзінің қарауындағы азаматтарын жазалайтын мемлекеттің
әрекеттерінің негізделуін дәлелдеуге оқталған болатын. Бұл теориялар: өш
алу, қорқыту, жалпы және арнайы сақтандыру,1 қазіргі кездегі теория “жаңа
әлеуметтік қорғау” және т.б.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 38 бабына сәйкес: “жаза
дегеніміз – сот үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.
Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады да, адамды
құқықтары мен бостандықтарынан заң бойынша көзделген айыру немесе оларды
шектеу болып табылады”.Заңда берілген жазаның анықтамасы, жазаны қылмыстық
құқықтық құбылыс ретінде сипаттауға мүмкіндік беретін, негізгі белгілерді
анықтауға жол ашады.
1. Жаза-қылмыс жасаған адамға қатысты ғана қолданылатын, қылмыстық заңмен
қарастырылған мәжбүрлеу шарасы. Осы белгісі арқылы жаза басқа
шаралардан, мысалы, әкімшілік. Тәртіптік, азаматтық – құқық
бұзушылықтар үшін тағайындалатын шаралардан ажыратылады. Жазалау
арқылы, мемлекет қылмыскерді заң тыңдаушы мінез – құлыққа мәжбүрлейді.
ҚР ҚК 39 бабында көрсетілген жазалардың қатаң тізімі ғана сот арқылы
тағайындалады.
2. Жаза сот арқылы тағайындалып, жария сипатта болады. Бұл дегеніміз,
жазаның мемлекеттік атынан және қоғамның мүддесі үшін
тағайындалатындығы. Басқа мемлекеттік органдар бұндай құқыққа ие емес.
Жариялылық заңда көрсетілген негізде, рақымшылық пен кешірімнен басқа
жағдайларда, жазадан босатуды тек сот органдарының жүзеге асыруынан
көрінеді. 2
3. Жаза – жасалынған қылмыста адамның кінәсі болған жағдайда ғана
тағайындалады. Кінәсіз жағдайда зиян келтіру қылмыстық жауаптылықтан
және жазадан босатады. Қазақстанда тек сот ғана жасалынған іс –
қимылды, кінәлінің тұлғасын қылмыстық – құқықтық бағалауды жүзеге
асыра алады.
4. Жаза – міндетті түрде сотталғандарға, жазаның түріне байланысты
белгілі бір құқықтары мен бостандықтарынан айыруды немесе оларды
шектеуді жүзеге асырады. Мысалы, мүлікті тәркілеу барысында: мүліктен
айыру; тұратын жерді, жүріп тұруды, қызмет түрін таңдауды шектеу;
әскери шеннен, кейде өмірден айыру.
5. Жаза - әрқашанда жеке сипатта болады да, басқа адамдардың мүдделеріне
нұқсан келтірмеуі керек.
6. Жаза – басқа шараларға қарағанда жалпы құқықтық немесе
қылмыстық – құқықтық сипаттағы нәтиже – соттылықты тудырады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін қабылдағалы бері сазайын
тарттыру жазаның мақсаты болып табыла ма, әлде жоқ па деген сұрақ
өзектілігін жоғалтты деп ойлаймыз. Себебі, сазайын тарттыру жазаның кез
келген түрінен көрінеді, оның ауырлығына қарай біз нақты жазаның қатаңдығы
туралы айта аламыз.Әрине, кез – келген қылмыстық жаза барысында
сотталғандарға физикалық және құлықтылық азабын шектіреді. Бірақ та, адам
құқықтарының Жалпы бірдей Декларациясының 7 бабына сәйкес, азаматтық және
саяси құқықтардың Халықаралық Пактісінің 7 бабына сәйкес, жаза тән азабын
шектіруді немесе адамның қадір – қасиетін қорлауды мақсат етпейді.
Қылмыстық құқықтың негізгі мәселелерінің бірі жазаның мақсатын анықтау
болып табылады. “Жазаның мақсатын шешуге құқықтың осы саласының
институттарының құрылуы ғана емес, қылмыстық заңнаманы дұрыс қолдану да
тәуелді”.3

1 Сергеевский Н.А. Русское уголовное право. Часть бощая. СПб, 1910г. стр.
70
2 Уголовное право. Общая часть. Под ред. В.Н.Петрашева. М., 1999г. стр. 350
Чезаре Беккария былай деп көрсеткен: Жазаның мақсаты адамды азаптан
және қинау, жасалған қылмысты бар ету емес.Жазаның мақсаты кінәлі адамның
қоғамға зиян келтіруіне қарсы тұру және басқаларды қылмыс жасаудан ұстап
қалу.
Қылмыстық жазаның мақсаттарын анықтау міселелері және қылмыстық
құқықтағы орын алып отырған теориялар қылмыстық құқық ғылым өкілдеріне жаза
мақсаттарының дамуының екі негізгі бағыттарын бөліп қарастыруға мүмкіндік
береді. 4
1. Жазаның абсолюттік теориясы. Бұл теория өкілдері абсолюттік идеяны –
жасалынған қылмыс үшін зауалын тарттыруды және ол үшін жауап беруді
жақтайды. Құдайдың зауалын жақтайтындар қылмысты күнә деп санап,
жазаның мақсаты ретінде осы күнәдан арылуды түсінеді.
2. Жалпы сақтандыру, арнайы сақтандыру және аралас пайдалылық теориясы.
Бұл теорияны жақтаушылар қылмыстан сақтандыруды және қылмыскерлерді
түзеуді қолдайды.
Қылмыстық құқық ғылымында аталған теориялардан басқа қорқыту,
психологиялық мәжбүрлеу, интегративтік теориялары қарастырылған.
Заң әдебиеттерінде көп жылдар бойы сазайын тарттыруды жазаның
мақсатына жатқызу немесе жатқызбау туралы пікірталастар жүргізіліп келді.
Бұл пікірталастарға соңғы нүктені 16 шілде 1994 жылы қабылданған Қылмыстық
кодекс қойды.
Яғни, жаза дегеніміз - әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыру,
сотталғандарды түзеу және жаңа қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында
қолданылады. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында – ақ, профессор Н.А.Беляев
жазаның мақсаты ретінде, әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыру туралы
жазған болатын.5
Әділеттілікті бұзу құқықтың бұзылуына әкеліп соқтырады. Бұл тікелей
қылмыстық құқыққа, қылмысқа және жазаға қатысты, себебі, қылмыстық
құқықтағы әділеттіліктің бұзылуы ұрлықтан, тонаудан, қарақшылық пен кісі
өлтіруден көрінеді.
Жазаның әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыруы дегеніміз – қылмыс
жасаған адамға жасаған қылмысының ауырлығына сәйкес әділ жаза тағайындау,
адамның жасаған бір қылмысы үшін екі жазаның тағайындалмауы, тағайындалған
жазаның сотталғандарды түзеу және қылмыстардың алдын алу міндеттерін
орындауды қамтамасыз етуі.
Әрине, кісі өлтірудің нәтижесінде, жәбірленушінің өмірін қалпына
келтіру мүмкін емес, бірақ та бұл жағдайларда әлеуметтік әділеттілікке
кінәлінің құқықтары мен бостандықтарын шектеу немесе олардан айыру жолымен
қол жеткізіледі. Дегенмен де, жаза сотталғандарға физикалық немесе
психикалық азап келтіру мақсатында қолданылмайды. Осыған сәйкес, ҚР
Конституциясы адамға қатысты азаптау, күш қолдануға немесе адамның қадір –
қасиетін қорлауға тиым салады.

3 Ной Н.С. Сущность и функции уголовного наказания в советском государстве.
Саратов, 1973г. стр. 21
Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы
Конвенциясының талаптарына сай келеді. Конвенцияның 1 бабында
көрсетілгендей, азаптаудың анықтамасында заңды санкцияны қолданудың
нәтижесінде туындайтын кірмейді.
Қылмыстық жазаның басқа мақсаты ретінде, сотталғандарды түзеу
аталынады. Түзеу мақсаты дегеніміз сотталғандардың қоғамның заңды
тыңдайтын, тәртіпті, қоғамдық тұрмыстың ережелері мен еңбекті бағалайтын
азамат болуы.
Заң шығарушы сотталғандарды түзеу мақсатын қайта тәрбиелеу мақсатымен
байланыстырмайды. Қазіргі кезде адамды қайта тәрбиелеу мүмкін емес. Себебі,
адамдағы қасиеттер алғашқы кезден қалыптасқандықтан, оларды толығымен
өзгерту мүмкін емес. Мемлекеттің алдында тұрған басты мақсаты жазасын
өтеген адамның қайталап қылмыс жасамауы.
1959 жылғы ҚазССР – нің Қылмыстық кодексінің жазаның мақсаты
сотталғандарды қайта тәрбиелеу талаптары басынан – ақ
жүзеге асырылмады, себебі, олар жазаға қатысты көрінеу көтермеленген
еді.
Жаза жаңа қылмыстардан сақтандыруға бағытталған. Заң шығарушы арнайы
нормада, сақтандыру мақсатының жалпы және арнайы болып бөлінуін
қарастырмайды. Бірақ та, бұл заңның түсінігінен шығып тұр.
Арнайы сақтандыру қылмыскерге жаза тағайындау арқылы, оның болашақтағы
қылмыс жасауының алдын алуды білдіреді.
Жалпы сақтандыру қылмыс жасауға бейім тұлғаларға заңда көрсетілген
тиым арқылы әсер етуді білдіреді. Жазаның бұл мақсаттары қылмыскерді
қорқыту және қылмыстық қызметті жалғастырудың нақты мүмкіндігінен айыру
арқылы қол жеткізіледі.
Кейінгі кездері кезеңді басылымдарда айтылып жүргендей, қылмыстардан
ссақтандыру сияқты жазаның мақсатын құқыққа сай емес деп тану қажет деген
жарияланымдар көп кездеседі, себебі, дамыған мемлекеттерде “қорқыту”
құлықтылыққа жат, сәйкесінше, тиімді емес.
Әрине, жалпы сақтандырудың тиімділігі аса жоғары емес те шығар, бірақ
та біз, қазіргі таңда қылмыстарды жазалап қорыққандықтарынан жасамайтын
адамдар жоғалып кетті деп айта алмаймыз.
Сондықтан да, қылмыстылық адамзат қоғамында әрқашанда
кездесетіндіктен, жалпы сақтандыру жазаның мақсаты ретінде мәңгі жасайды
деп батыл түрде айта аламыз

4 Курс уголовного права. Общая часть. Под ред. Н.Ф.Кузнецовой. т2. М.,
1999г. стр. 23
5 Беляев Н.А. Цели наказания и средства их достижения. Л., 1973г. стр. 27
1.2. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түсінігі және оны атқарудың
арнайы міндеттері
Бас бостандығынан айыру жазаның түрі ретінде біздің мемлекетіміздекең
тараған.
Бас бостандығынан айыру жазаның ең қатаң түрі болып табылады,
сондықтан да оны жазаның басты мақсаты ретінде сотталғандарды түзеуге басқа
жолдармен қол жеткізілмейтін жағдайларда қолдану қажет.
Қылмыстық заңды алып қарайтын болсақ, заң бас бостандығынан айырудың
түсінігін бермейді. Бас бостандығынан айырудың түсінігі қылмыстық құқық
және қылмыстық-атқару құқығы теориясы арқылы қалыптастырылған. ҚР ҚК 48
бабының 1 бөліміне сәйкес, бас бостандығынан айыру сотталушыны қоныс
колонияларына жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясына
немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады. Үкім шығару кезінде, он
сегіз жасқа толмай бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар, жалпы
немесе күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларына орналастырылады.
Айта кететін бір мәселе “қоғамнан оқшаулау” термині шартты сипатта.
Сотталғандарды түзеу мекемелерінде оқшауланған деп есептеуге болмайды, егер
де олардың түзелуіне әсер ететін негізгі құрал қоғамдық әсер ету болып
табылса. Қылмыстық – атқару кодексінің 7 бабының 1 бөліміне сәйкес,
“сотталғандарды түзеу – оның бойында құқық ұстанушылық мінез – құлықты,
жеке адамға, қоғамға, еңбекке, адамзат қоғамының нормаларына, ережелері мен
дәстүрлеріне оң көзқарастарды қалыптастыру”, - деп көрсетілген. Осыдан
көрініп тұрғандай, сотталғандарда қоғамға деген, оның ішінде адамзат
қоғамының нормасына деген жағымды көзқарастарды қалыптастыру қоғамнан
оқшауланған сотталған адамда мүмкін емес құбылыс. Сотталған адам түзеу
мекемелерінде туған-туысқандарымен, адвокаттарымен, басқа адамдармен
кездесуге құқылы, хат пен жедел хаттарды сан жағынан шектеусіз жіберуге
және алуға, отпускіге шығуға құқылы.
Сотталған адамдарға кешенді түзету шараларын қолдану бас бостандығынан
айыру жазасының ерекшелігі. Басқа жазалардың бірде – біреуінде сотталушылар
жазаның мақсатына жетуге бағытталған қарқынды және ұзақ мерзімдегі
шаралардың әсеріне ұшырамайды. (ҚР ҚК 48б.)
Бас бостандығынан айыру сотталғандардың құқықтық жағдайын өзгертеді
де, олардың құқықтық дәрежесін шектеуден көрінеді. Құқықтық дәрежесінің
шектелуі олардың белгілі бір құқықтарының шектелуінен немесе олардың мүлдем
айырылудан байқалады.6 Бұл құқықтық шектеулер сотталғандар үшін заңда
белгіленуі мүмкін (бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды сайлау
құқығынан айыру), немесе онда көрсетілмей – ақ шектелінуі мүмкін (мысалы,
тұрғын – жайды таңдап алу, жүріп – тұру бостандығы).
Бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандардың құқықтарын шектеуден
басқа, оларға қосымша міндеттер жүктелінеді. Мысалы, сотталғандар
мекемелердегі белгіленген күн тәртібін сақтауға міндетті, ақша қаражаттарын
ұстауға тиым салынады.
Құқықтық шектеулер мен міндеттердің саны мен сипаты түзеу
мекемелерінің түрлеріне байланысты, себебі, олардың әрқайсысында, тек өзіне
тән режим белгіленген.
Бас бостандығынан айыру жазасы өтелетін түзеу мекемелерінің түрлері:
қоныс – колониялары, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түщеу мекемелері, емдеу
– түзеу мекемесі, түрме, жалпы және күшейтілген режимдегі тәрбиелеу
колониялары.
ҚР ҚК 48 б. сәйкес, қоныс – колонияларына сотталған адам жіберіледі,
ал басқа мекемелерге отырғызылады, себебі, қоныс – колонияларында күзет
жоқ, сол себепті де оларды ашық типтегі мекемелердің қатарына жатқызуға
болады.7
Бас бостандығынан айыру орындарының тармақталған жүйесі әр түрлі
санаттағы сотталғандарды “жасалынған қылмыстардың және оларды жасаушылардың
қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесіне байланысты” бөлек ұстау
қажеттілігінен туындайды.8
Сотталған адам бас бостандығынан айыру жазасын өтейтін түзеу
мекемесінің нақты түрін сотпен анықтау ережесі ҚР Қылмыстық кодексінің 48
бабында белгіленген. Осыған сәйкес, белгілі бір мерзімге бас бостандығынан
айыру жазасын өтеу тағайындалады:
а) абайсызда қылмыс жасағаны үшін жеті жылдан астам мерзімге бас
бостандығынан айыруға сотталған адамдарға – қоныс-колонияларына;
б) қасақана кішігірім немесе ауырлығы орташа және ауыр қылмыс жасағаны
үшін бас бостандығынан айыруға тұңғыш рет сотталған адамдарға, сондай-ақ
абайсызда жасалған қылмыстары үшін жеті жылдан астам мерзімге бас
бостандығынан айыруға сотталған адамдарға және қоғамдық жұмыстарға, түзеу
жұмыстарына тарту немесе бас бостандығын шектеу алты ай мерзімге бас
бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға – жалпы режимдегі түзеу
колонияларына;
в) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға тұңғыш
рет сотталған адамдарға, сондай-ақ сотталған адамдар бұрын бас
бостандығынан айыру жазасын өтеген болса, қылмыстардың қайталануы кезінде
және қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде әйелдерге – қатаң
режимдегі түзеу колонияларына;
г) қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде, сондай-ақ өмір бойына
бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға – ерекше режимдегі түзеу
колонияларына тағайындалады.
Сонымен, түзеу колонияларының түрлері кінәнің нысанына, сотпен
тағайындалған жазаның мөлшері мен ауырлығына, жынысына, сотталған адамның
бас бостандығынан айыру жазасына өтеу санына байланысты анықталады.
Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас
бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың аса
қауіпті қайталануы кезінде жаза мерзімінің бір бөлігін түрмеде өтеу
түрінде, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Түрмеге отырғызу өзінің жазалау сипаты арқылы айырықшаланады. Түрмеге
сотталғандар жабылатын камераларда, басқалармен қарым-қатынас жасау
мүмкіндігін жоятын қатаң оқшаулау жағдайында ұстанылады.
Кәмелетке толмағандарға қатысты бас бостандығынан айыру жазасын
тағайындаудың ерекше тәртібі заңмен белгіленген. ҚР ҚК 79 бабына сәйкес,
олар он жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталынады.
Кәмелетке толмай сотталған адамдар бас бостандығынан айыруды:
а) бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталған еркек жынысты
кәмелетке толмағандар, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандар – жалпы
режимдегі тәрбиелеу колонияларында:
б) бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысты
кәмелетке толмағандар – күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларында
өтейді.
Тәрбиелеу колонияларындағы жағдай түзеу колонияларындағы жағдайға
қарағанда жеңілдеу. Тәрбиелеу колонияларының құрылымы – бостандықтағы өмір
шарттарына тезірек бейімделуге бағытталған өз ерекшеліктеріне ие.
Қылмыстық құқық теориясында бас бостандығынан айыру жазасы
мерзімдеріне байланысты мерзімді және мерзімсіз деп екіге бөлінеді.9
Қылмыстық заң бас бостандығынан айыру жазасының шектері ретінде алты
айдан он бес жыл мерзімдерін белгілеген. (ҚР ҚК 48б.)
Мерзімсіз бас бостандығынан айыру жазасына - өмір бойы бас
бостандығынан айыру жатады.
ҚР ҚК 48б. 4б. сәйкес, өмір бойы бас бостандығынан айыру өмірге
қастандық жасалатын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін берілетін өлім жазасына
балама ретінде ғана белгіленеді және сот өлім жазасын қолданбауға болады
деп ұйғарған жағдайларда тағайындалуы мүмкін.
Экономикалық жағынан алып қарағанда, өмір бойы бас бостандығынан айыру
жазасын қолдану тиімсіз. Себебі, осы жазаға сотталған адамдарды ұстау үшін
ерекше режимдегі түзеу мекемесін
жабдықтау қажет, және бұл мекекмеге “түзеу” деген термин біздің ойымызша
сәйкес келмейді.
Бұл жаза түрі кең көлемде тағайындамағандықтан, біз, өмір бойы бас
бостандығынан айыру жазасына сотталған бір адамды ұстау үшін қанша
қаражаттың кететіндігін білмейміз. Мысалы, АҚШ – та жыл көлемінде 1млн.
Ақша қаражаты жұмсалынады. Осыған байланысты, заңды сұрақ туындайды:
неліктен заңды сыйлайтын, тәртіп бұзбайтын азаматтар ұзақ уақыт аралығына,
өздерінің туғандары мен туысқандарын өлтірген қауіпті қылмыскерлерді асырау
міндеттерін жүктеп, мойындарына алулары тиіс?
Біздің құқықтық санамыз, кең көлемде өлім жазасын қолдануға
бағытталған, тіпті құқық қорғау органдарының қызметкерлері де өлім жазасын
қолдайды. Сондықтан да, өлім жазасына мараторийдің жариялануы қазіргі таңда
асығыстық қадам деп ойлаймыз.
Жазаны өтеу орындарының материалдық базасының жағдайын ескере отырып,
сотталғандардың арасындағы аурулардың тарауы (туберкулез) көбеюі мүмкін.
ҚР ҚК 38б. 2бөлімінде сотталғандарды түзеу жазасының мақсаты болып
табылады делінген. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы барысында түзеу
педагогикасының осы негізгі ережесі ескерілмейді.
Бас бостандығынан айыру жазасын босануға деген ешқандай үмітсіз өтеу
сотталған адамның тұлғасының кері кетуіне әкеліп соқтырады. Сондықтан да,
заң шығарушы “сот тағайындаған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын
өтеп жүрген адам, егер сот бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп
таныса және кемінде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды іс – жүзінде
өтесе, мерзімінен бұрын – шартты түрде босатылу” мүмкіндігін қарастырған.
Біздің ойымызша “мерзімінен бұрын” және “қажет етпейді” терминдері
күмәнді терминдер сияқты. Және жазадан мерзімінен бұрын – шартты бостаудың
25 жыл мерзімі де көңілге аса қонымды емес. Біздің ойымыз бойынша, өмір
бойы бас бостандығынан айыру жазасын сотпен белгіленген тәртіпте жазаның
мерзімді түрімен алмастыру әлдеқайда ұтымды болар еді.
Заң шығарушы өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын әйелдерге,
сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және үкім шығарылу
сәтіне алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындамау қажеттіліктерін
көрсеткен.
Бас бостандығынан айыру жазасын атқарудың арнайы міндеттері ҚР ҚАК 7
бабында сотталғандарды түзеудің негізгі құралдары; ҚАК 6 бабында қылмыстық
– атқару заңдарының принциптерімен белгіленген.
Жазаны атқару органдары мен мекемелердің міндеттері заңдылық, баршаның
заң алдындағы теңдігі, гуманизм, демократизм және жариялылық, жазаларды
атқарудың саралануы мен жеке – даралығын, жазаны түзеу ықпалымен
біріктіруді қамтамасыз ететін принциптерге негізделеді.
Осыған сүйене отырып, қылмыстық жазаны атқаратын органдар мен
мекемелердің негізгі және қосымша міндеттерін бөліп көрсетуімізге болады.
Негізгі міндеттер: жаза тағайындаған сот үкімін дұрыс орындау;
сотталғандарды түзеу; сотталғандар тарапынан жаңа қылмыстар жасауды
сақтандыру; жоғарыда аталған принциптерді сақтау; жазаны атқарудың
белгіленген тәртібін қамтамасыз ету.
Қосымша міндеттер: сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру;
сотталғандармен тәрбиелік жұмыстар жүргізу; сотталғандарға жалпы білім
беру, кәсіби дайындау және оқытуды ұйымдастыру; сотталғандарды тұрмыстық –
материалдық және медико-санитарлық қамтамасыз ету; жазаны атқаратын
органдар мен мекемелердің персоналдарының және сотталғандардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету; босатылғанна кейін сотталғандарға
бостандықтағы өмірге бейімделу үшін көмек көрсету.10

9 Курс советского уголовного права. Часть общая. ЛГУ, т.2. 1968г. стр. 98

2. Тарау. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқарудың ерекшеліктері.
Бас бостандығынан айыру жазасы сотталғандардың құқықтарын шектейтін ең
қатаң жаза түрі болып табылады. Осыған байланысты, берілген жаза түрін
өтейтін мекемелердің түріне, олардағы режимге сипаттама беру қажет.
Қылмыстық атқару кодексінде мынадай анықтама беріледі: режим –
сотталғандардың күзеті мен оқшаулануын, оларға тұрақты қадағалау, оларға
жүктелген құқықтары мен заңды мүдделерін, сотталғандар мен персонал
қауіпсіздігін, сотталғандардың әр түрін бөлек ұстау, түзеу мекемелерін
анықтаумен байланысты іс-әрекеттерді жүзеге асырылатын, заң және соған
сәйкес нормативті құқықтық актілерімен анықталған жазаны өтеу мен атқару
тәртібі.
Түзеу ықпалының бір түрі ретінде көрініс етеді. Ықпал ету әдісі
ретінде, сотталғандарды тәртіпке келтіру тәрбиесі ретінде, барлығына ортақ
тәртіпке келтіру үшін қолданылады. Режим сотталғандардың өмірінің барлық
жақтарын реттейді. Сотталғандар жүріс-тұрысының нұқсат етілу шегінде
әрекетін айқындап, олардың мәртебесін анықтайды. Тәртіпті сақтауға
міндеттеп, сақтағысы келмейді деген азаматтарды ережелерді сақтауға
мәжбүрлейді. Осының нәтижесінде қарапайым жүріс-тұрыс ережелерін сақтауды
сотталғандар үйреніп жүзеге асырылады, әрекеттері реттеледі. Сонымен бірге,
режим мағынасы, оның өзге де түзеу әсеріне байланысты, қоғамдық пайданы
еңбекке, кәсіптік оқыту,жалпыға білім беру тәрізді әрекеттердің жүзеге
асыруға көмек берумен байланысты. Режим талаптарын орындау сендіру мен
мәжбүрлеу арқылы, тұрақты бақылау мен қадағалау, бақылау жүйесінің шарасы
(соттық, ведомстволық, қоғамдық бақылау, прокурорлық қадағалау) әкімшілік
әрекеттері мен қызметінің заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.
Түзеу мекемелерінде жазаны өтеу режимі өзінің құқықтық қағидаларына
сәйкес ұйымдастырылады. Жазалау мақсатына байланысты мазмұны анықталынады
да, қылмыстық-атқару құқығының нормаларында бекітіледі. Режимнің
ұйымдатырылу қағидалары келесідей: заңдылық, мақсаттылығы, ізгілік, даралық
пен жаза мен сендірудің сәйкестілігі. Заңдылық қағидасы – барлық
сотталғандарға қойлатын талаптар нормативтік құқықтық сипатқа ие, яғни бұл
талаптар мекеме әкімшілігімен емес, қылмыстық-атқару құқықтың нормативті
актілерінде көрініс тапқан. Және бұл талаптар сотталғандармен бірге
әкімшілікпен де ұйымдастырылуы керек, орындалуы тиіс. Бұл режим мынадай
көрініс береді: ешқандай сотталушы режим ережелері әрекет ететін аядан тыс
шыға алмайды, және бұлардың барлығы бірдей міндетті түрде орындалуы қажет.
Заңдылық қағидасының сақталуы мәжбүрлеу шаралары мен әкімшілік әрекетінің
заңдылығын бақылау шаралары арқылы жүзеге асырылады.

10 Чукмаитов Д.С. Теоретические основы системы исполнения наказаний по
законодательству РК. Дисс. На соискание степени д.ю.н., Алматы, 1999г. стр.
55.
Мақсаттылық қағидасы – режимнің әрбір талабы өзінің ақылға қойылуы
негізге сәйкес болуы керек. Талаптар сотталғандар түсінетіндей болуы керек.
Және жазалауға қажетті шарт ретінде табуы қажет.
Ізгілік қағидасы – қоғамға қайшы келмегендіктен, сотталғандарға
қатысты қолданылады. Қоғамды тағы қылмастар жасалудан қорғап, оқшаулау,
тәрбиелеу және түзету арқылы жүзеге асырылады. Ізгілік, сотталушыны нақты
жұмыс етуге, еңбектік өмірге жазасын өтеп болған соң, үйренгенді жүзеге
асыруға көмектеседі. Ізгілік қағидасының мақсаты сотталғанды физикалық ауру
келтіру не намысын, ар-ожданын таптау емес, керісінше адами қасиеттерді
қадірлеу болып табылады.
Даралық қағидасы - әрбір сотталғанды өзінің жасаған қылмысына,
қылмыстың ауырлығына, қылмыскерлердің қоғамға қауіптілігіне байланысты
ұстауға негізделген. Ол мынадай негіздерде көрініс табады: әртүрлі
категориядағы сотталғандарды бөлек ұстау; түзеу жолына түскен
қылмыскерлерді жеңіл режимдегі мекемеге, ал тәртіпке қарсы қылмыскерлерді
керісінше қатаң режимдегі мекемелерге ауыстыру; бір колонияда ұстау
шарттарының өзгеруі; өзге де көтермелеу мен тәртіптік шараларын қолдану.
Сәйкестілік қағидасы – жазалау мен тәрбиелеу тығыз байланысты және бұл
қағида тәрбиелеу мәніне көбірек жақын. Жазалау жағы – сотталғанға
қолданылатын құқықтық шектеулер жиынтығы: оқшаулау, кездесуді шектеу, т.б.
жазалау жағы текқорқытпайды, сонымен бірге болашақта еркіндікте бар
игіліктің берекесі үшін жаңадан қылмыс жасамауға ынталандырады. Тәрбиелеу
жағы – күн тәртібі, қоғамдық жерлерде өзін-өзі ұстау, өзара қатынасқа түсу,
т.с.с. әрекеттерді реттеу арқылы көрініс табады. Бұл ережелер жазалау
элементіне ие емес, бірақ бұлардың бұзылуы тәртіптік шараларды қолдануды
жүзеге асыруы мүмкін.
Қылмыстық-ытқару заңнамасына сәйкес, бас бостандығынан айыру
жерлерінде негізгі талаптары ретінде: сотталғандарды міндетті түрде оқшалау
және оларға тұрақты түрде қадағалауды жүзеге асыру; өздеріне жүктелген
міндеттердің дәл орындалуы; ұстаудың әртүрлі шарттары (жасалған қылмысы мен
оның сипатына байланысты).
Көрсетілген мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін режимнің ережелері –
элементтері деп, ал олардың жиынтығы – режим мазмұнын құрайды. Бас
бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу режимінің маңызды элементі
ретінде сотталғандардың оқшаулануы болып табылады. Оның мәні болып,
айтылған тұлғалардың тұрақты күзетте болуы, конвоймен жүреді, еркіндікте
жүрген тұлғалармен ережелерден тыс қатынасқа түсуіне шек қойылады.
Сондықтан түзеу мекемелердің тұрғын өндірістік аумақтың шекарасын тыс
шығуға тыйым салынады. Яғни, сөйтіп, сотталғандардың физикалық оқшаулануы
қамтамасыз етіледі. Соңғысы салыстырмалы сипатқа ие. Өйткені сотталғандарға
ұзақ не қысқа мерзімді кездесулер, посылка, бандероль алуға рұқсат
беріледі.11
Жазаның жүзеге асыру дифференциациясы сияқты қылмыстық-атқару
құқығының маңызды қағидасын жасаған қылмыс пен қылмыскер сипатын ескере
отырып, сотталушыларды орналастыру құрайды. Ұстау режимі жиынтықтық элемент
ретінде көрініс табады, және түзеу мен тәрбиелеу жүйесін құрайды. Ол
реттеушілік сипатқа ие. Жазалау функциясы соттаушыларға әртүрлі құқықтыұ
шектеулер қою арқылы жүзеге асырылады. Бұл шектеулер біріншіден,
субъективтік құқықтарды қамауы. Жазалау функциясы ерікті, бостандықты
шектеу арқылы және содан туындайтын шектеулер мекемесінің түріне
байланысты, және ол тұлғалар жүріс-тұрысына байланысты өзгеріп тұрады.
Жазалау функциясы сотталғандарды құқыққа қайшы әрекеттерді жасамауға
қорқыту арқылы жүзеге асырылады. Жазалау функциясы азаматтар мен қоғамды
қорғау мақсатын орындайды. Бірақ бұл функция шектелген сипатта болуы керек.
Тәрбиелеу функциясы кішкене басқаша функцияның әдістерімен жүзеге
асырылады. Біріншіден, жазаны жүзеге асыру жолдарымен, өйткені мәжбүрлеуді
қолдану адамдарды тәртіпке үйретеді, жазаны өтеу ережелерін сақтауға
үйретеді. Ұстау режимін сотталғандарға қоғамға пайдалы әрекеттер жасауға
үйрету үшін қолданады. Екіншіден, бұл әрекеттер өз сипаты бойынша
жазаламайды. Үшіншіден, бұл тәрбиелеу функцияларын, қажетті құқықтық
әдістермен байланыстырып, түзеу шаралары пайдаланылады. Тәрбиелеу
функциясының, ізгілік мәні келесіде көрініс табады:

1. Бостандықты жоғалтумен байланысты уайым мен қайғы әкелу нәтижесінде
тұлға ретінде қалыптасудың болуы;
2. Сотталушыларда пайдалы қасиеттердің пайда болуы;
3. Өзге де түзеу әдістерінің жиынтығымен қоса, сотталғандардың құқықтық
саласын дамытып;
4. Қылмыс жасауға апарған тұлғаның негативті қасиеттерінен айырылуға;
5. Болашақта қылмыс жасауға қарсылықты қасиеттердің қалыптасуы;
сияқты әрекеттердің пайда болуға көмек беруі.
Режимнің қамтамасыз ету функциясы, проф. В.А.Уткиннің ойы бойынша
“негізгі нүкте” ретінде, түзеу ықпалының шарасы болып табылады. Кәсіптік,
жалпы білім, мәдени, дене шынықтыру, спорт,
еңбекке тартудың тәртібіне, талабын режимнің мазмұнына сәйкес
жүзеге асырылады. Тәрбиелеу және жазалау функциялары тек
сотталғандарға ғана бағыттана, қамтамасыз ету функциясы өзге
субъектілерді, негізінен азаматтар мен түзеу мекемелерінің аумағында
орналасқан азаматтар, және бұл мекемелерге жанасқан аумағында тұрған
адамдарға қолданылады. Реттеушілік функциясы жазаны нақтылаудан басқа,
оның жазалау күшінің реттеушілік мәнін анықтайды. 12
Сақтандырушы (алдын - алушы) функциясы қылмыс пен өзге де құқық
бұзушылықтардың жасалудың алдын – алуды қамтамасыз етеді. Жазалаумен қатар,
режим тәрбиелеу, жеке және жалпы превенцияны жүзеге асырады.
Жеке ескертушілік функциясы, сотталғанға байланысты ұйымдастырушылық –
құқықтық ықпалды жүзеге асырады.

11 Михлин А.С., Селиверстов В.И., Шмаров И.В. Уголовно-исполнительное
право. Вопросы и ответы. М., 1999г. стр. 24.
Мұнда әкелінген посылкалар, бандерольдарды тексеру арқылы,
сотталғанды оқшалау, тәртіптік шараларды пайдалану. Мақсаты:
сотталғандардың тәртіптілігін, ережелерді өз еркімен орындауын, соңында
түзелуіне әкелу. 13
Бас бостандығынан айыру жерлерінде режимнің нәтижелілігін қамтамасыз
етуді уақытылы және тәртіпке сәйкес жүзеге асырады. Қылмыстық – атқару
құқықтық қатынасының қатысушыларының жүріс – тұрысының түзеу
мекемелеріндегі тәртіпке және құқық нормаларына сәйкес болуы қажет. Режим
талаптарын қатаң орындамау түзеу шараларының ықпалына кері әсерін тигізеді.
Режимді, сотталғанды оқшалау, күзет пен қадағалау жүргізу арқылы, оларға
тәртіптік шараларды қолдану арқылы қамтамасыз етеді. Жазаны өтеу мен
орындалуын қамтамасыз ету әдістері мен әртүрлі жағдайлары мынада көрінеді:
1) оларды қолдану үшін қылмыс, құқықтық негізі үшін – сот үкімі, заңды
күшіне енген;
2) бұлар жаза мерзімінің ішінде;
3) жеке және жалпы ескертудің жалпы мақсаттарын жазалаудың қажетті
элементтері ретінде орын алады. Бұл салыстырмалы тұрақты құқықтық
құбылыстар, әртүрлі құқықтық табиғатқа ие.14
Осы қатынастар жүзеге асырылуы үшін, сотталғандарды максималды
түрде оқшалауды, берілетін заттар мен киімдерді, бас
бостандығынан айыру мекемесінің орналасқан жері мен объектілеріне
кіретін адамдарды қатаң тексеруді, оларға ережелер туралы мәліметтерді
ұсынып, таныстырады.
Сонымен бірге, ең маңызды әдісі ретінде сотталғандарды күзету мен
қадағалауды жүзеге асыру. Яғни, жаңадан қылмыс жасамауы үшін, өзге де
қоғамға қарсы әрекеттерді жүзеге асырмауы мақсаты қылмыстық іс - әрекеттер
мен құқық бұзушылардың орындалуын жүзеге асыру. Субъектілерге қатысты
санкцияларды қолданылады. Ол құқықтық нормаларда көрініс табады. Әрекет
етуші қылмыстық және қылмыстық – атқару заңнамасы сотталғандар
классификациясын жүзеге асырып, қамтиды. Негізгі мақсаты кінәліні қылмыстық
жауапкершілікке және жаза шарасы, қоғамға қауіптілігі, тұлға сипатын
ескеріп, жүзеге асырады.
Бас бостандығынан айыру жазасына кесілген сотталғандар заңды,
педагогикалық, психологиялық категориялар бойынша сараланады. Айтылған
критерийлер жиынтықта 2 – ге: физиологиялық (биологиялық) және әлеуметтік.
Заңды критериі бойынша классификациялау – сотталғандардың, яғни бас
бостандығынан айыруға кесілгендердің

12 Зубков А.И., Калинин Ю.И., Сысоев В.Д. Пенитенциарные учреждения в
системе Министерства юстиции Росси. М., 1998г. стр. 56
13 Уголовно-исполнительное право Росси. Под ред. О.В.Филимонова. М.,2000г.
стр. 89.
14 Комментарий к Уголовно-исполнительному кодексу РФ. Под ред. А.И.Зубкова.
М., 1997г. стр. 75
барлығын қылмысының қоғамға қауіптілігі мен қылмыскердің мінез –
құлқын ескере отырып топтастыру.
Осы белгісі бойынша бас бостандығынан айырылған сотталғандар былай
бөлінеді:
1. Өте қауіпті рецидивистер;
2. Бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген тұлғалар;
3. Ауыр қылмыс жасағаны үшін алғаш рет сотталып отырғандар;
4. Ауыр емес болып табылатын қылмыс үшін бас бостандығынан айыруға алғаш
рет сотталғандар.
Физиологиялық критериі бойынша классификациялау – бұл жасы, жынысы,
денсаулық жағдайы сияқты белгілері бойынша барлық сотталғандарды топтастыру
болып табылады:
1. Ер адамдар мен әйел адамдар;
2. Кәмелетке толғандар (18 жасқа толғандар) және кәмелет жасына
толмағандар (14 жастан 18 жасқа дейінгілер);
3. Еңбекке қабілетті және мүгедек адамдар;
4. Ауыр емес және ауыр аурулармен ауыратын адамдар;
5. Әйелдер, жүкті әйелдер мен 3 жасқа дейін баласы бар әйелдер.
Бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандарды топтастыру.
Мемлекеттің қылмыстық саясатына негізделген түзеу мекемелері
қылмыспен күресу аясында соттың занды күшіне енген үкімін орындау арқылы
жазаны жүзеге асырады, сотталғанды түзеу мен жана қылмыстардың орын алуына
қарсы әрекеттерді жасайды. “Әртүрлі сотталғандардың категориясын әртүрлі
мекемеде немесе бір мекемеде, бірақ әртүрлі бөлікте жынысына, жасына,
соттылығына, занды себептеріне байланысты ұсталады” . Классификация
мақсаты;
а) сотталғандарды, оларға теріс әсерін тигізе алатындығына
күмән түсе, бөлек;
б) қоғамдық өмірге қайта оралуға әрекеттеніп, жұмыстану үшін
категорияға бөлінеді. Дифференциалдық әдістерді пайдалану сотталғандарды
бірлестік топтарға бөлу үшін жүзеге асырылады. Осындай бөлуді
сотталғандарды классификациялау деп айтады. Бас бостандьнынан айыруға
сотталғандарды классификациялау – белгілі бір белгілерге сәйкес
топтастыру. “Жазаны атқаруды дараландыру әрбір сотталғандарға олардың
жеке тұлға ретінде сипаттайтын мәліметтерді есептеп, қылмыстық-атқару
құқығының нормаларына сәйкес, топтастыру болып табылады”. Классификациялау
мынаған бағытталған:
а) сотталғандарды оқшаулау:
б) түзеу мекемелерінің рационалды жүйесін қалыптастыру:
в) түзеу әдістері ықпалының қатаң жекелігі;
г) қылмыскер мен жасалған қылмысының, жазалау
шараларының дұрыс сәйкестілігі;
д) жазаны дұрыс жүзеге асыруы үшін шаралар қолдану;
е) осы барлық қатынастардың әрекетін қылымыстық-атқару
құқықтық нормаларына сай қолдануды.
Психологиялық критериі бойынша, былай ажыратылады: а) Өте қауіпті
мемлекеттік қылмысы үшін және өзге де қылмыстар үшін
сотталғандар;
б) Қасақана және абайсызда жасаған қылмысы үшін сотталғандар;
в) Өмірге, денсаулыққа,денеге адамның қолсұғылмаушылығына қарсы жасаған
қылмысы үшін сотталғандар;
г) Пайдакүнемдік мақсатта жасаған қылмысы үшін сотталғандар;
д) Бұзақылық үшін сотталғандар;
е) Қызмет және кәсіптік функцияларын орындауға байланысты
пайдакүнемдік емес мақсаттағы қылмыстары үшін сотталғандар;
ж) Басқа қылмыстар үшін сотталғандар.
Заңда көрсетілген классификацияға сәйкес, түзеу мекемелерінің
жүйесі құрылып, салынады. Әрекет етуші заңнама бойынша, осындай мекеме
жүйесі заңды және физиологиялық критерийлерге негізделген және бөлінген.
Бөлек ұстау мәселесі мен мекеменің режим түрін анықгау мәселесі келесі
сотталғандар категориясы бойынша шешіледі:
1) Абайсызда жасалған қылмысы үшін алғаш рет сотталғандар;
2) Ауыр емес қылмысты қасақана жасағаны үшін алғаш рет бас
бостандығынан айыруға сотталғандар;
3) Ауыр қылмысты қасақана жасағаны үшін 3-жылдан көп емес мерзімге
сотталғандар;
4) Бұрын бас бостандығынан айыру, жазасын өтеп, бірақ
сотпен рецидивистер деп танылмағандар;
5) Өте қауіпті мемлекеттік қылмыстар үшін алғаш рет бас
бостандығынан айыру жазасына кесілгендер;
6) Қауіпті рецидивистер;
7) Өте қауіпті рецидивистер;
8) Амнистия, кешірім және рақымшылык, жасау арқылы өлім жазасы
алмастырылып бас бостандығынан айыруға кесілгендер;
9) Өте қауіпті мемлекеттік қылмысы үшін берілген өлім жазасы
кешірім жасау не рақымшылық тәртібінен басқа
жазамен алмастырылған сотталғандар;
10) Шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ сотталған адамдар.
Бұл классификация тұлғаларды бөлек ұстау мен түзеу мекемесінің
түрін анықтаған кезде қолданылады.

Сотталғандар жазасын өтеуі үшін мекеменің түрін анықтау:

Бас бостандығынан айыру жазасына кесілгендердің жазасын өтейтін
мекеме түрін дұрыс анықтау оның түзелуі мен
тәрбиеленуіне өте маңызды болып табылады. Түзеу мекемелері:
өзара құқықтық шектеулері көлемі бойынша, айырулар мен қайғырулар деңгейі
бойынша, еңбектік пайдалану сипатына байланысты, тәрбиелеу жұмысының нысаны
бойынша, жалпы білім мен кәсіптік-техникалық үйретуі бойынша ажыратылады.
Осының барлығы жазасын өтеу кезінде сотталғандардың құқықтық
мәртебесіне маңызды әсерін тигізеді.
Сонымен бірге, түзеу мекемесінің түрін дұрыс анықтау қылмыстық-
атқару заңдарына сәйкес, сотталғандар жаза мерзімін бір түзеу колониясында,
не тәрбиелеу колониясында, не қоныс колониясында, не түрмеде өтейтіндігін
ескеру үшін қажет.
Жазаны өтеу кезінде сотталғандарды бір түзеу мекемесінен басқа түзеу
мекемесіне ауыстыру қажеттілігі туындайды. Яғни бұл, ұстау шарттарын
өзгерту қажеттілігіне байланысты болады: сотталғандарды жалпы, қатаң,
күшейтілген режимнен қоныс колониясына, қатаң режимдегі колониядан ерекше
режимдегі колонияға, т.б. ауыстыруға байланысты. Бірақ, бұл соттың режимді
тағайындау кезіндегі классификациялық тиістіліктің өзгеруіне әкелмейді, ол
бүкіл жазаны өтеу мерзімі ішінде тұрақгы болып қалады.
Сотталған бас бостандығынан айыру жерлерінде жаңадан қылмыс жасайтын
болса, сот үкімі шығару кезінде сол мекеме түрін қалдыруы мүмкін, не қатаң
ұстау тәртібі бар мекемеге түрін тағайындауы мүмкін.15
Мекеме түрін тағайындау үкімін шығарған соттың қателігі анықталса,
жоғары тұрған сот қадағалау тәртібімен сотталғандарды ұстау режимінің түрін
анықтауға құқығы бар. 10 күндік мерзімнен кем емес мерзімде сотталғандарды
жазаны өтеуге жібереді. Жібепілу тергеу изоляторларының (СИЗО)
әкімшілігімен камтамасыз етіледі. Нарядта жіберілетін әйелдер мен ер
адамдардың жалпы саны (этап), олар жазаға тартылып отырған заң баптары мен
мерзімдері көрсетіледі. Нарядқа сотталғандардың жеке істері, таңбаланған
түрде және жолаушы тізім-құжат: мұнда, этапталу, қай жерден қай жерге
апарылатындығы, жеке істердің нөмірлері, аты-жөндері,туған жылдары,
олар сотталып отырған баптары, мерзімдері және түзеу мекемесінің түрі
жазылады.
Сотталған адамның жеке іспарағында: анкета, дакто-картасы, тану
суреттері, үкім көшірмесі, сот үкімінің заңды күшіне енгендігі туралы
ұйғарым көшірмесі не справкасы, соттылықтың бар-жоғын растайтын справка,
медициналық картасы болады.16
Түзеу мекелерінде сотталғандарды қабылдауды мекеме бастығы не оның
орынбасары төрағалық ететін тұрақты жұмыс істейтін комиссия жүзеге асырады.
Комиссия құрамына әскери құрамалар қызметтерінің төрағалары, мекеме күзетін
жүзеге асыратын құрамалар төрағалары кіреді. Жеке не кішігірім сотталғандар
тобын қабылдауды мекеменің лауазым иелері не әскери құраманың командирлері
жүзеге асырады.

15 Михлин А.С. Общая характеристика осужденных (по материалам
специшіьно переписи 1989г.) М., 1991 г. стр. 72-
16 Михлин А.С. Личность осужденных к лишению свободы и проблемы их
исправления и перевоспитания. Фрунзе, 1980г. стр. 103.

Комиссия не лауазымды тұлға сотталғанды сипаттайтын мәліметтер мен
құжаттағы мәліметтердің сәйкестілігін нақтылап тексеруі тиіс.
Түзеу мекемесіне қабылдауға болмайтын тұлғаларға:
1) сотталғанға қатысты үкім заңды күшіне енбеген жағдайда;
2) өзге мекеме түріне жіберілуі тиіс тұлғаларға;
3) құжаттағы мәліметтері нақты мәліметпен сәйкес болмаған
жағдайда;
Осындай тұлғаларды анықтаған жағдайда, олар жөнінде қылмыстық атқару
жүйесінің басқармасына хабарланып, оларды апару үшін наряд сұратылады.
Қабылдау кезінде сотталғандар тінтуге ұшырайды, олардың жеке киімдері,
заттары тексеріп, қарауға ұшырайды. Содан соң сотталғандарды медициналық
тексеруге апарады. Қажеттілік туындаған жағдайда, сотталғандар санитарлық
өңдеуден өтеді. Көрсетілген процедураларды жүргізгеннен кейін сотталғандар
карантиндік жайға орналастырылады. Мерзімі - екі аптаға дейін.
Қабылдағаннан кейін үш данадағы акт құрастырылады: 1) конвой бастығына
ұсынылады; 2) түзеу мекемесінің істерінде қалады; 3) бас бостандығынан
айыру жеріне жіберіледі. Қабылданған сотталған адам бойынша, үкім шығарған
сотқа жазбаша хабар етіп 24 сағат ішінде жібереді.
Сотталған адамның отбасы мен туған-туыстарына түзеу мекемесіне келген
10 тәулік ішінде мекеменің орналасқан жері туралы, қандай азық-түлік пен
бірінші қажеттіліктегі заттардың керектігі туралы хабардар етеді. Режимді
қамтамасыз ету мақсатында сотталғандардың түзеу мекемесіндегі өндірісте
маман ретінде өз еркімен жұмыс істеп жүрген азаматтармен қатысуына барынша
шек қойылады. Түзеу мекемелерінің өндіріс объектілеріне жіберілгендер
белгіленген тәртіп ережесімен міндетті түрде таныстырылып және олар қолхат
беруі керек. Сотталғандарға қандай да болмасын зат, тағам, ақша, әсіресе
тузеу мекемелерінде ұсталуға рұксат етілмейтін заттарды беруге болмайды.
Осы мақсатта өңдіріс объектілерін, оған кіретін, одан шығатын адамдардың
киімін, заттарын тексеру белгіленген. Мекеме және күзетші әскери бөлімше
қызметкерлері жоспарға байланысты түзеу мекемесінің тұрмыстық зонасын
қарайды, сотталғандар түзеу мекемесіне кіргенде, одан шыққанда және олардың
жеке заттарын, жататын орындарын тінтеді. Сонымен қатар, кездесу мен
бандерольді беру ережелерімен таныстырады. Сотталған адамды қабылдау тек
маңызды заңды акт ғана емес, бұл тәрбиелеу жұмысының басталғандығын
білдіретін акт болып табылады. Алғашқы тәулік кезінен бастап-ақ, әрбір
келген сотталғанды режим ережелерімен, күн тәртібімен, құқықгары мен
міндеттері жөнінде, көтермелеу шараларымен таныстырады. Бұл әңгімелесу,
сонымен бірге сотталғанның мінез-құлқымен таныс болуы үшін жүргізіледі.
Сотталған адам карантинда отырған кезінде мекеме әкімшілігінің комиссиясы,
бастықтары, орынбасарлары, комиссия мүшелері сотталғандарды мінез-құлқын,
білім, кәсіптік деңгейін ескере отырып, отрядтарға саралау туралы шешім
шығарады.
Соттың үкімі заңды күшіне енген уақытын бастап, бас бостандығынан
айыруға сотталған тұлғалар жаңа мәртебеге ие болады.
Бірақ, фактілік жүзінде оларға бекітілген құқықтар мен міндеттері
тузеу мекемелеріне түскен уақыттан бастап, жүзеге асырыла бастайды. Осы
жағдайға байланысты мекемеге сотталғандарды кабылдаудың құқықтық мәні
анықталады.
Ал бас бостандығынан айыру орындарындағы режимге келетін болсақ оның
түсінігі, мазмұны және негізгі функцияларын айтып кету керек. Өйткені олда
бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару ерекшеліктері қатарына
жатқызылады. Қылмыстық атқару кодексінде мынадай анықтама беріледі: режим –
сотталғандардың күзеті мен оқшаулануын, оларға тұрақты қадағалау, оларға
жүктелген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сотталған адамдарға кешенді түзету шараларын қолдану бас бостандығынан айыру жазасының ерекшелігі
Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру
Қылмыстық жазаның түсінігі және мақсаты
Бас бостандығынан айыру жазасы
Тәрбиелеу колонияларында жазаны атқарудың тәртібі мен жағдайлары
Қазақстан Республикасының қылмыстық - атқару құқығы
Қоғамнан оқшаулаумен байланысты жазаларды атқару
Бас бостандығынан айыру жазасынын мазмұнын ашу
Бас бостандығын шектеудің қылмыстық жаза ретіндегі ерекшеліктері
«ҚР қылмыстық-атқару құқығы» пәнінен лекциялар
Пәндер