Тәуелсіздіктен бұрынғы кездердегі ислам және түркі жазба ескерткіштерінің танылуы


КІРІСПЕ
Х-ХІІ ғ. ғ. мерзімі Қазақстан және Орталық Азия түркі халықтарының тарихында ерекше орын алады. Қазақстанның оңтүстігінде Жетісу жерінде және Шығыс Түркістанда Х ғасырда Қарахан мемлекетінің билігі орнады. Дәл осы кезде түркі халықтары мәдениеті қайта жаңғырып, ғылыми ойдың дамуына, қала мәдениетінің өсіп өркендеуіине, қолөнердің ерекше жетіліп гүлденуіне, ислам дінінің таралуына байланысты ғылыми көзқарасты қалыптастырып, басты назар аудара аламыз. Бір сөзбен айтқанда Жетісу аймағы түркі халықтарының өмірінде ерекше тарихи-мәдени рөлді атқарған болатын.
Өзектілігі: Бүгінгі таңда мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы бері еліміз өзінің тарихын қайтадан қарастырып зерттеуге жол берілді. Осыны пайдалана отырып, көптеген ғалымдар Қазақстанның ортағасырлық тарихына, оның ішінде біржақты, толық емес мәселелерді, белгілі бір дәуірлерді, жеке тұлғаларды зерттеуге көп назар аударуда.
Ислам дәуірі кезінде материалдық және рухани мәдениет дамып гүлдену деңгейіне жеткен болатын. Осы кезде жазу мәдениетінің жоғарғы сатыға көтеріле бастауын біз әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Иүгінеки еңбектерінен көре аламыз. Осы аталған ғұламалардың еңбектері әлі күнге дейін өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Осыған дәлел ретінде біз соңғы кезде осы мәселеге байланысты шығып жатқан зерттеулерді, мерзімді басылымдарда жарияланып жатқан мақалаларды айта аламыз.
Сонымен, Қарахан мемлекеті кезінде ғылыми ойдың дамуы, қалалардың бой көтеруі, сәулет өнерінің кең өркен жаюы, ислам дінінің таралуы және Жібек жолының гүлденіп тұруы Қазақстанның ортағасырлық тарихында өшпес ізін қалдырды.
Бүгінгі таңда Қарахан мемлекетінің мәдениетінің дамуына үлес қосқан түркілердің тарихын, сол кезде өмір сүрген әйгілі ғұламалардың еңбектерін біртұтас аспектіде қарастыру өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Археологиялық және жазба мәдениетінің ескерткіштерінің соңғы мәліметтеріне сүйеніп сол кездегі Қарахан мемлекетінің мәдениетін ғана емес, сонымен бірге түркі халықтарының тарихын да толыққанды мәліметтерімен молайтып әділ баға беру қажет.
Ислам дінінің таралуына таралуына байланысты мәліметтерді біз Н. Д. Нұртазинаның «Ислам в истории средневекового Казахстана» /7/ атты монографиясынан ала аламыз. Бұл еңбегінде автор Қарахан мемлекетіндегі ислам дінінің өкілдеріне - суфист-ғалымдарға егжей-тегжейлі тоқталып өтеді.
Деректілік негіздері: Қарахан дәуіріндегі мәдениеті туралы деректерді төрт топқа бөлуге болады:
- араб-парсы деректері;
- фольклорлық шығармалар мен аңыз әңгімелер;
- археологиялық мәліметтер;
- Қарахан мемлекетінде өмір сүрген және ғылыми ойдың дамуына үлес қосқан авторлардың еңбектері жатады.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны 1069-70 ж. ж. қарахандық
билеушілердің біріне сыйға тарту ретінде жазылған болатын. Бұл дастан Қарахан дәуіріндегі мәдениетті ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайды қарастыруға мүмкіндік береді. Жүсіп Баласағұнның дастаны қазіргі таңда неміс, түрік, орыс, өзбек тілдеріне аударылған.
Қарахан мемлекетінде әйгілі болған энциклопедист ғалым, лингвист Махмұд Қашқаридың «Диуани Лұғат ат - Түрік» еңбегі аса құнды дерек болып табылады. Бұл еңбектің көшірмесі ХХ ғасырдың бас кезінде табылды. Автордың өз қолжазбасы табылмаса да бір көшірме нұсқасы Стамбулда сақталған. Бұл еңбекте ол түркі тілдеріне тұңғыш рет ғылыми грамматикасын жасап шыққан болатын. Сонымен қатар еңбекте түркілердің өмірі туралы, материалдық мәдениетінің бұйымдары, адамдардың лауазымдарының аттары, географиялық териминология туралы, түрлі тарихи және мифологиялық қаһармандардың есімдері және т. б. туралы көп жағдайда бірден-бірі дерек болып табылады. Қазіргі таңда еңбек қазақ тіліне толығымен аударылып, үш том болып басылып жарық көрді /1/.
Ахмет Иүгінекидің еңбегі «Ақиқат сыйы» (Арабша «Хибатул хақайық») түркі тілінде жазылған. Түпнұсқасы біздің заманымызға бізге жепей үш түрлі көшірмесі бар. Ахмет Иүгінеки дастанын тарих және философия, тіл және әдебиет ғылымдары тұрғысынан жан-жақты зерттелген. Ахмет Иассауидың «Диуани хикмет» кітабы ХІІ ғ. түркі тайпасының өмірінен мол мағлұмат беретін жазба десек болып табылады. Бұл еңбек тек қана қазақ хадқына ғана емес, сонымен қатар бүкіл түркі халықтарына да ортақ мұра.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Қарахан мемлекетінің тарихына соның ішінде материалдық және рухани мәдениетін зерттеуге біраз ғылымдар көп көңіл бөлген болатын.
Қарахандар тарихын зерттеп бастаған В. В. Бартольд болып табылады /2/. Ол өзінің еңбектерінде қарахандықтардың тек қана саяси жағына емес, сонымен қатар мәдениет, ғылым салаларына да көңіл бөлген. Осы дәуірге байланысты ғылыми зерттеулерін В. М. Массон /3/, Т. Н. Сенигова /4/, А. М. Беленицкий, О. Г. Большаков, И. Б. Бентович /5/, Е. А. Давидович, Е. И. Агеева, Т. В. Савельева, Н. М. Зиняков, Д. А. Воякин /6/ т. б. жүргізген болатын. Бұл ғалымдар көбінесе мәдениеттің материалдық жағынан қарастырған болатын. Осы аталған ғалымдардан басқа Ислам дәуіріндегі материалдық мәдениетіне, оның ішінде әсіресе қала мәдениетіне көп көңіл бөлген К. М. Байпақовтың орны ерекше. Мысалы, ол өзінің «Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан» еңбегінде тек қана материалдық мәдениетті қарастырып қана қоймай, сонымен қатар ислам дінінің таралуына да назар аударды.
Сонымен қатар Ислам дәуіріндегі мәдениетті зерттегенде О. Қараевтың еңбегін айтып кеткен орынды /9, 25/. Бұл еңбекте О. Қараев мәдениетке байланысты мәселелерде Махмұд Қашқаридың, Жүсіп Баласұғынның сонымен қатар басқа да шығыс авторларының еңбектеріне, археологиялық зерттеулердің мәлеметтеріне сүйеніп сол кездегі мәдениетке байланысты мағлұмат береді.
Мақсаты. Х-ХІІІ ғ. ғ. аралығында Ислам дәуірі кезіндегі мәдениетінде болған жаңалықтарды, жетістіктерді ашып көрсету және сол кезде өмір сүрген ғалым-ойшылардың мәдениетке үлес қосқан еңбектерін танып білу, ислам дінінің тигізген әсерін көрсету.
Міндеттері. Отандық тарихтың іргелі мәселелерінің бірі ретінде Қарахан дәуірінің мәдениетін қарастыра келе, жұмысты үш тарауға бөліп, мәселенің зерттелуін теориялық жағынан зерттеу.
- Ислам дәуіріндегі мәдениеттің дамуына әсер еткен алғышарттарды айқындау;
- Ислам дәуіріндегі ғалымдар және олардың еңбектерінің тарихи маңызы мен мәнін ашып көрсету;
- Ислам дәуірінде ислам дінінің таралуы сопылық әдебиеттің мазмұнын ашу;
Зерттеу қорытындысы. Қарахан мемлекетінің құрылуы Орталық Азия және Қазақстан халықтары үшін ортағасырлар тарихында өте күрделі де, қызықты да кезеңдерінің бірі. Дәл осы кезде Қарахан мемлекеті дәуірінде, материалдық және рухани мәдениет жаңғырып, түркі халықтарының өмірінде ерекше тарихи-мәдени рөлді атқарады.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы - кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады.
1. Ислам дәуіріндегі рухани мәдениеттің дамуына әсер еткен алғышарттар және сол дәуірдегі жазба ескерткіштерге жалпы сипаттама.
Жетісу жері мен Шығыс Түркістанда ІХ ғасырда шігіл және яғма тайпаларының бірлестігінен Қарахан мемлекетінің билігі орнады.
Кезінде орыс ғалымы В. Григорьев хандарында «қара» атағы болуына байланысты «Қараханидтер мемлекеті» деп тарихи еңбектерінде бұл атауды берік орнықтырады /17, 129/.
Қараханидтердің пайда болуы жөніндегі жеті гипотеза бар екені мәлім /29. 456/. Академик В. В. Бартольд Қарахандықтардың тегін анықтауда үш тайпалардың шеңберімен шектеледі. Енді бізге белгілі болғаны бұл шігіл және яғма, сонымен қатар тайпалардың бірі Тұхсилар және Орхон түркілердің қалған тайпалары Қарлық тайпалар одағының құрамына кіреді. Қалай болса да олардың тарихы ІХ ғасырдан бері үзілмей бірге болып келеді /30, 125 /.
Кейінгі арнайы тарихы зерттеулерде Қарахандардың қарлұқтар мемлекетіне кірген тайпалардан шыққаны туралы айтылады.
Әсіресе, қарлұқтар конфедерациясына кірген яғма, тұхси және шігіл тайпалары Қарахан мемлекетін құруда ерекше көзге түседі /12, 125/.
Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Борға-хан еді /12, 45/. Феодалдық құрылымы біршама дамыған Қарахан мемлекетінің тарихы да Борға ханның таққа отырған кезінен басталады. Кейінен Қарахан мемлекетінің жері кеңейіп, Жетісу, Шығыс Түркістан, Шу, Талас, Сырдария алқаптарымен қоса Мәуеренахрдың едәуір бөлігін де қамтиды.
ІХ ғасырдың ортасына қарай Қарахандар әулеті екі бөлікке - Батыс және Шығыс болып бөлінген. Батыс Қарахан мемлекетінің территориясы Мәуеренахр және Ферғананың батыс бөлігін қамтыды. Ал, Шығыс Қарахан мемлекетінің территориясы - Жетісу өңірі, Қашқар, Хотан аймағы және Ферғананың бір бөлігін қамтыды. Шығыс Қарахан мемлекеті ықпалды билікке ие болып, қағаны Арслан Қара-хақан титулына ие болды. Астана Шу өзенінің бойындағы Баласағұн қаласының маңындағы Құзорда болды. Орталығы - Қашқар қаласында орналасты. Батыс Қарахан мемлекетінің «кіші» қағаны Борға Қара-хақан титулын иемденіп, ордасы Тараз қаласында, кейінен Самарқанд қаласында орналасты /17, 165/.
Қарлық қағанаты мен Саманидтердің Орталық Азиядағы иеліктерінің Қарахан мемлекетінің қол астына бірігіп кіруі экономикалық дамуына және осы ркгиондық урбанизациясына қолайлы жағдай туғызды. Археологиялық зерттеулер мен жазба деректердің мәліметтері бойынша жергілікті тұрғындар қолөнермен, сауда кәсібімен, аң аулаушылықпен, мал және жер шаруашылығымен айналысты /18, 48/.
Х-ХІІ ғасырларда Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының мәдени өмірінде айтарлықтай жаңалықтар болды. Зергерлік, сәулет өнері және қала мәдениеті едәуір өркендеді. ХІ-ХІІ ғасырларда Орталық Азияда құрылыс ісі ерекше дамыды деп айтуға болады. Бұған әртүрлі ескерткіштердің қалған орындары дәлел бола алады. Бұл кезеңде құрылыс техникасы жетіле түсіп, сәулет өнері мен қолданбалы өнерде үлкен алға басушылық байқалды. Ауқатты адамдардың үйлерін және бірқатар қоғамдық ғимараттарды салуда күйдірілген кірпіштер пайдаланылды /5, 263/.
Профессор И. И. Умняковтың белгілеуі бойынша бұл кезең қарқынды құрылыста қаладағы сарайлар, мешіттер, кесенелер мен медреселер керуен сарай жолдары көрінген /9, 256, /.
Біздің дәуірімізге жеткен Бұрана мұнарасы қарахандық сәулет өнері ескерткіштерінің арасындағы ең ертедегісі болып табылады. Бұл мұнараны Х ғасырдың екінші жартысында тұрғызған болатын. Үзгендте үш кесене бір мұнарадан тұратын архитектуралық комплекс жақсы сақталынды. Солтүстік кесене 1152 жылы салынған. Онда Ферғананың билеушісі Тұғырыл Қара-хан Хусейн ибн Хасан жерленген. Ортаңғы кесене ХІ ғасырдың басында салынады, ал оңтүстіктегі кесене 1187 салынған. Батыс Қарахан қағанатындағы ірі құрылыстарға Бұқарадағы Намазго мешітін, Шамсад сарайын, Камен мұнарасын жатқызуға болады. әл-Магдаси Оңтүстік Қазақстан мешіттерді қалаларға міндетті құрылыстардың бірі ретінде айтады /2, 354/.
Қарахан мемлекеті дәуіріндегі сәулетшілік өнердің озық үлгілері деп Айша бибі күмбезін, Бабджа Хатун кесенесін, Аяққамыр және Алша хан күмбездерін де айта аламыз.
Қала тұрмысы да өрлей түскен кез Қарахан мемлекетінің құрған билігі кезіне сай келеді. Бұл дәуірдегі қалалардың және тарихи қоныстардың Шу өзенінің маңында ең ірі қалалардың бірі болып Қарахан қағанатының астаналарының бірі Баласағұн қаласы болып табылады.
Баласағұн қаласының орналасуы әлі де болса пікірталас тудырып келе жатыр. Баласағұн туралы алғашқы мәліметтерді әл-Муккадаси шығармасынан таба аламыз. Берілген хабарламалар бойынша бұл қала ең ірі (ауданы мен халқы жағынан) қалалардың бірі болған. Бұл қалаға Махмұд Қашқари үш атау берген болатын: Баласағұн, Құз-Ұлыс, Құзорда.
Қарахандар билігі кезінде Құлан, Мерке, Нускет, Баласағұн, Харан қалалары сауда және ғылым шеберлерінің орталығына айналған болатын /3, 65/.
Шығыс Қарахан қағанатының ірі қалаларының бірі болып Тараз қаласы есептеледі /3, 45/. Бұл қала туралы алғашқы мәліметтер IV ғасырдың деректерінде айтылып өтеді /3, 165/. Археологиялық мәліметтерге қарағанда, Шығыс Қарахан иелігінде орналасқан бұл қала Мәуеренахр қалаларына ұқсас салынған болатын. Цитадель, шаһристан және рабад соғдылықтардың келуіне дейін салынған екен. Солтүстік Қарахандағы қала типіндегі қоныстардың ішінде Баба-Ата қалашығы ең қолайлысы әрі ірісі болып табылады. Қалалық цитаделі шаһристанмен, рабадмен қоршаған. Бұл жерде археологиялық зерттеулер нәтижесінде ІХ-ХІІ ғасырлардағы тұрғын үйлерді жылжыту жүйесі де табылады /4, 345/.
Отырықшы мәдениеті маңызды орталығы Арыс өзені бойындағы Фараб оазисі болып табылады. Оның негізгі қаласы Отырар болды. Қаланың даму кезеңі археологиялық мәліметтер бойынша ІХ-ХІІ ғасырларда болған. Қала цитадель, шаһристан, рабадтан құрылып, жалпы аумағы 200 гектар болып табылатын қабырғалармен қоршалған. Отырар көшпелі экономикалық орталық қана емес сонымен қатар ол аса ірі сауда, қолөнер әрі ғылым мен мәдениет ошағына айналған болатын. Мұнда көптеген білім ордалары медреселер аса құнды кітаптарға бай кітапхана т. б. болды /8, 354/. Негізінен Орталық Азия қалаларының көбісі төрт бөліктен құралған цитадель шаһристан, ішкі және сыртқы рабад, ор қоршауы.
Қарахан мемлекетіндегі ең ірі қалалары болып Самарқанд және Бұқара қалалары да саналады. Батыс Қарахан мемлекетінің астанасы Самарқанд қаласының ІХ-ХІІ ғасырлардағы интенсивті дамуы нәтижесінде қаланың оңтүстік рабады сыртқы шаһристанға айналып, бірнеше қатар қабырғаларымен қоршалады. О. Г. Большаков Мерв, Самарқанд және Бұқара қалаларының даму деңгейін нақтылы зерттеп, негізінен территориялық дамуы жағынан максимумға жетті деп жазады /2, 58/.
Жетісудың солтүстік-шығыс жағында ІХ-ХІІ ғасырдың басында қала мәдениетінің жаңа ауданы қалыптасады. Егер ІХ-Х ғасырларда бүкіл территорияда 10 ірі қала орны болса, ал ІХ-ХІІ ғасырдың басында бұл ірі қалалардың саны 70-ке дейін жетті. Деректердің мәліметтері бойынша Іле алқабының солтүстік жағасында Талхиз және Лабон қалалары орналасты. Ал ХІ-ХІІ ғасырдың бас кезінде мұнда ортағасырлық авторлардың мәліметтеріне қарағанда Екі-Оғыз, Қаялық, «Несториян қоныстары», «облыс орталығы» Іле-балық қалалары орын теуіп гүлденді.
Атақты ғалым К. М. Байпаков қалаларды территориясы жағынан үш топқа бөледі /24, 117/. Осыған сәйкес бірінші топқа Оңтүстік Қазақстанда орналасқан, жер көлемі 30 гектардан асатын қалалар кіреді. Бұл қалалар-Сайрам, Отырар-төбе, Шор-төбе, Құйрық-төбе, Сунақ-Ата, Шу-төбе, Сауран, Янгикент, Жан-Қала, Құмкент. Қазіргі кезде бұл қалалардың атауында аз да болса айырмашылықтары бар - Сайрам қаласы - Сайрам-Испиджаб, Шор-төбе-Усбаникент, Отырар-төбе-Отырар, Құйрық-төбе-Кедер, Шу-төбе-Шавғар (Шауғар), Жан-қала-Янгикент, Сунақ-Ата-Сығанақ, Сүткент-Сүткент. Жазба деректердің хабарламалары бойынша Сауран мен Сүткенттен басқа бұл қалалар аймақтардың орталықтары болып табылады, ал Испиджаб қаласы - Оңтүстік Қазақстанның басты қаласы болып есептелінді. Янгикент оғыздардың астанасы, Женд пен Сығанақ ХІІ-ХІІІ ғасырдың басында қыпшақ иеліктердің астаналары болған.
Осылайша, бірінші топтағы қалалар аймақтардың орталықтары, жеке иеліктер немесе ең ірі қалалар болып табылады.
Екінші топқа 15-тен 30 гектарға дейін территорияны алатын қалалар жатады. Көбінесе бұл қалалар Испиджаб құрамына енген қалалармен салыстырылады.
Бұл қалалардың орындарын көлемі жағынан орташа қалалар есебінде интерпритациялауға болады.
Үшінші топқа енген қалалар сан жағынан өте көп болып табылады. Бұл қалалардың бір бөлігі жазба деректерді мәліметтерімен салыстырылады: Шарапхана-Газгерд, Булак-Ковал-Манкент, Тамды-Берукет, Қазаталық-Будхет. Бұл топтағы қала ескерткіштері кішігірім қалалардың, қалашықтардың ортасы болып табылады.
Орташа есеп көрсеткіштері бойынша Испиджабта - 40. 000 адамға дейін, Отырарда - 26. 000 адамға орта қалаларда 3. 000-ға дейін, ал кішігірім қалаларда - 1. 500 тұрғындар болды.
Оңтүстік-Батыс Жетісудағы белгілі деректердегі қалалардың саны 26-ға дейін жетті. Қалалар санының көбеюі Талас алқабының есебінен өсті. Қала орындарының орналасу территориясына қарағанда қалалар үш топтан құралады.
Бірінші топқа Тараз (Жамбыл), Қызыл Өзен, Шиш-төбе; екіншіге - Таластағы Ақтөбе, Чалдовар, Мерке, Аспара, Сокулук, Беловодск қамалы; үшіншіге - Орловскдағы Ақтөбе, Жуантөбе, Төрткөлтөбе, Тоймакент, Қаракемпір, Қоңырбайтөбе, Шалтөбе, Садыр-Қорған, Фрунзенск, Шекерск, Луговой, Өрнек, Қайынды, Александровск, Степнинскідегі Ақтөбе, Ключевск, Полтавск.
Бірінші топтағы қала орындарының орталық үйінділердің ауданы 30 гектардан жоғары болып саналады; бұл астаналық орталықтар және ірі қалалар - Баласағұн (Бұрана), Суяб (Ақмешіт), Навакет (Қызыл-Өзен), Тараз (Тараз), Нузкет (Шиштөбе) .
Екінші 15-тен 29 гектарға дейінгі - орташа қалалар Суябта - 15. 500, Навакетте -17. 000, Баласағұнда - 6. 000 тұрғын болды.
Солтүстік-Шығыс Жетісудағы қалалар төрткүл түріне жатады. Бұл қалалардың пішіні төртбұрыш, трапеция немесе орналасу жеріне байланысты дөңгеленген түрінде жалпы құрылыс үстінде биіктетіліп салынған.
Осы төрткүлдерді салыстыру барысында оларды ауданы жағынан үш топқа бөлуге болады.
Біріншіге Антоновское, Дүнгене, Шілік; Екіншіге-Талғар, Сүмбе, Ақмола; үшіншіге - Алматы қалашықтары, Лавар, Қапал, Баяулы, Ақтам, Арсан және т. б.
Бірінші топқа ауданы жағынан 30 гектардан асатын қалалар жатады. Бұл қала ескерткіштері көпқабатты. Қазба жұмыстары жүргізілген сәтте образдық курамика, әйнек, тиындар, шеберханалар, сауда орындары табылды.
Кейбір қалалар анық қалалармен салыстырылады; Талғар-Талхиз, Антоновка-Қаялық, Дүнгене-Екі-Өгіз. Ең ірі қалалардың бірі Антоновское болды.
Екінші топқа - Талғар, Сүмбе, Шілік, Сағабиен. Ауданы 10 гектардан 30 гектарға дейін жетті.
Үшінші топқа ауданы 10 гектардан төмен қалалар енеді. Жақсылық қала орны зерттелген. Үймен қатар ішкі аула да салынатын болған.
Бұл Іле аймағындағы қала орындарын қалашықтар мен ауылдық қоныстары алып жатты деп есептеуге болады.
Осы қалалардың кейбірі керуен сарайлар да болды деп жорамал жасайға да болады. Екі немесе үш бекінісі бар, бір-біріне жақын орналасқан қалалар айрықша көзге түседі.
Қарахандықтар дәуірі кезінде қалаларды салу жүйесі өзгертілді.
Х ғасырдың бірінші жартысында өрттен кейін сарайлар комплексі жойылып, көлемді қайта жобалау жұмыстар жүргізілгені Құйрықтөбені қазғанда аңғарылады.
Қарахандықтардың иеліктері елге, уәлаяттарға (облыстарға, провинцияларға) бөлінді. Бұл жерлерге бектер мен тархандар басшылық жүргізіп отыратын болды.
Дінбасылары Қарахан мемлекетінде аса құрметке ие болған. Олар түркі әскерлермен бірге жоғарғы қағанға ұнамаған адамдарға қарсы күрес жүргізетін болатын /8, 256/. Негізінен Қарахан мемлекетінің исламды ресми дін ретінде қабылдауы мемлекет болып қалыптасуына және бірігуіне үлкен рөл атқарған болатын. Жазба мәліметтерде Қарахан мемлекетінің қалаларынан шыққан мәдениет пен ғылым өкілдерінің есімдері айтылып өтеді. Бұл фактілер арқылы біз Қарахан дәуіріндегі мәдениеттің даму деңгейін байқай аламыз.
Ислам дәуірі кезінде ғылыми ой-пікірдің дамуына үлес қосқан ірі тұлғалар жайлы сөз етер болсақ, олар: Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, әл-Фараби, Ахмед Иүгінеки, Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақырғани және т. б.
ірі тұлғаларды атауға болады.
1. 1. М. Қашқари. «Диуани лұғат ат-түрік» кітабының тарихи-деректік маңызы
Ислам дәуірі кезінде ғылыми ой-пікірдің дамуына үлес қосқан ірі тұлғалар өмір сүрген болатын. Нақты айтатын болсақ Х-ХІІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан халықтары үшін ана тілі мен әдебиетінің өркендеп өсуіндегі жаңа саты болды. Түркі әдеби тілі жан-жақты дамып, жетіле түсті.
Қарахан мемлекетінен шыққан энциклопедист ғалым Махмұд Қашқаридың түркі рухани мәдениетіне қосқан үлесі зор болды.
Махмұд Қашқари ХІ ғасырда өмір сүріп, еңбек еткен, түркі тілдерінің тұңғыш ғылыми грамматикасын жасаған ғалым.
Махмұд ибн-ұл Хусайын ибн Мұхамаділ Қашқари орта ғасырдағы мәдени орталықтарының бірі болған Баласағұн қаласындағы дүниеге келген. Оның қай жылы туылып, қашан қайтыс болғаны туралы мәліметтер анық емес. Әйтсе де жанама деректерге қарап оны ХІ ғасырдың бас кезінде туылып, сол ғасырдың соңында дүние салған деп есептейді.
Махмұд Қашқари атақты «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегінде өзінің шыққан тегі жөнінде қысқаша ғана мәлімет береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz