Қылмыстық заңның кері күшін ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қолдану


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Реферат . . .: Реферат . . .
3: 3
Реферат . . .: Кіріспе.
3: 4
Реферат . . .: 1 Қылмыстық заңның кері күшінің ұғымы
3: 6
Реферат . . .: 1. 1 Қылмыстық заңның кері күші қағидасы дамуының тарихи аспектісі
3:
Реферат . . .: 1. 2 Қылмыстық заңның кері күшінің Қылмыстық кодексі Жалпы бөлімінің нормаларында қолданылуы
3:
Реферат . . .:

2. 1 Қылмыстық заңның кері күшін ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қолдану

2. 2 Қылмыстық заңның кері күшін шын өкінуіне байланысты қолдану

3:
Реферат . . .: 2. 3 Қылмыстық заңның кері күшін жәбірленушімен татуласуына байланысты қолдану
3:
Реферат . . .: 2. 4 Қылмыстық заңның кері күшін жағдайдың өзгеруіне байланысты қолдану
3:
Реферат . . .: 3 Қылмыстық заңның кері күшін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормаларында қолдану
3: 23
Реферат . . .: Қорытынды
3: 29
Реферат . . .: Қолданылған әдебиеттер және нормативті-актілер . .
3: 32

Реферат

Бітіру жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, 5 тараушадан, қорытынды бөлімнен және қолданылатын әдебиеттер және нормативті актілерден тұрады.

Бітіру жұмысында қолданылған түйінді сөздер: преюдиция, әкімшілік преюдициясы, аралық заң, арнайы норма т. б.

Кіріспе

Бұл бітіру жұмысы қылмыстық құқықтағы өзекті тақырыптардың біріне арналған. Қылмыстық заңның негізгі ұғымдарын, белгілерін, қылмыстық заңның кері күшін, кері күштің ҚР ҚК Жалпы және Ерекше бөлімі нормаларында қолдануға арналған.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялаумен бірге елімізде саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда түбегейлі өзгерістер жүруде. Жалпы халықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы қабылданды1.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев 18 ақпан 2005жылы Қазақстан халқына жолдауында былай деп айтты: «біздің Конституциямыз әлемде демократиялық қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келеді және мойындалады, - деді. 2

Конституциялық ережелерге және қағидаларға сүйене отырып жұмыс істеп тұрған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі өзіне қылмыстық заңның уақытта және кеңістікте қолданылатын бірқатар ережелерін қосады. Осы ҚР ҚК бірінші рет іс-әрекеттің жасалу уақыты болып зардаптың туындау уақытына қарамастан қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасау уақыты саналады деп көрсеткен.

Сонымен бірге 1959ж. ҚазССР Қылмыстық кодексі алғаш рет неғұрлым қатал заңның кері күші болмайды десе, ҚР ҚК сәйкес сотталынған адамның жағдайын нашарлататын жағдайға немесе заңға кері күш болады дейді, соның ішінде жазаны өтеген немесе жазаны өтеп болған, бірақ соттылығы бар адамға қолданылады.

Сонымен жоғарыда айтылған мән-жайлар бітіру жұмысының өзектілігін дәлелдеп тұр. Бітіру жұмысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Қылмыстық құқықтың бірден бір қайнар көзі ретінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін танимыз. Сондықтан да қылмыстық заңның кері күшінің ұғымын, қағидаларын білу маңызды.

Қылмыстық жауаптылықты тарылту және жеңілдету қылмыстық заңнамада көптеген іс-әрекеттерді қамтиды, оның ішінде қоғамға қауіпті іс-әрекетті қамтиды, тарылту қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі нормаларында қолдануға жол беріледі.

Қылмыстық жауаптылықты тарылту және азайту барлық қылмыстарға қатысты қолданылмайды, әсіресе ауыр қылмыстық әрекеттерге заңнаманы әлсірету. Қылмыстық жаза тек сот үкімімен қолданылады:

  1. қылмыстық жауаптылық және жазаға тек нақты іс-әрекеттер жасаған жағдайда қолданылады;
  2. олар тек объективті қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер үшін ғана жауапкершілікке тартылуы мүмкін;
  3. осы іс-әрекеттер қылмыстық заңмен көзделінген;
  4. қылмысты жасаған тұлғалар ғана жауаптылыққа тартылады, осы іс-әрекеттерді қасақана немесе абайсызда жасаған адамдар жауаптылыққа тартылады.

Жауапкершілік әр кездері заңның қатал шеңберімен шектеледі, нақтырақ айтқанда қылмыс жасауды көздеген санкция шеңберінде қаралады.

Адам санасының фотолистік буржуазиялық концепциясын жоққа шығаратын концепциялар батыс елдеріне тән қылмыстық заң кінәлі емес тұлғалардың, есі дұрыс еместердің, жасөспірімдердің қасақаналық және абайсыздығы болмауы барысындағы жауапкершілікті жоққа шығарады. Адам іс-әрекетін осылай түсіну жазаның мазмұнын түсінуге мүмкіндік береді.

Жазадан қашып құтылмайтындық әр ақыл есі дұрыс адам, қылмыс жасауға кінәлі деп табылмаған жағдайда, қоғамға қауіпті зардап келтірмейтін тұлға қылмыстық жазаға міндетті түрде сотталуы тиіс деп ұғынуымыз қажет емес.

Қылмыстық заңнаманың ережесі қылмыстық жауаптылық қоғам және мемлекет мүддесіне сәйкес қалыптастырылған, барлық азаматтарды басқадай шаралармен шектеу мүмкін емес.

Мемлекеттің табыиғатына сәйкес демократияны одан әрі дамыту және жетілдіру үшін, тұрақты түрде заңнама, соның ішінде қылмыстық заңнама жетілдірілуі тиіс. Осы мәселелерді әзірлеу қылымыстық заңның мәселелері монографиялық зерттеу және әзірлеу мәселесін болжайды.

Әділсоттылықты жүзеге асыру барысында соттар заңды басшылыққа алуы тиіс. Қылмыстық іс бойынша әділсоттылықты жүзеге асыру үшін қоғамға қауіпті, кейде ауыр зардаптарды қоғамның мүддесіне сәйкес қорғайды. Қылмыстық заңның ұғымы және маңызы, осы заңдардың түрі және құрылысы, ұғымы, қылмыстық құқық норманың мазмұны және маңызы мемлекеттік қылмыстық заңнаманың өзара қатынасы, кеңестік қылмыстық заңнаманың әрекеті, қылмыстық заңды талқылау және басқа да мәселелер айтылады.

Осы мәселелердің біразы жұмыстарда, еңбектерде қаралған. Осы аталған мәселелерге баса назар аудару сот тәжірибесінде, әсіресе қылмыстық заңның кері күшіне байланысты мәселеде айтылады. Сот органдарының әртүрлі деңгейінде сот қателіктерін түзеу мәселесі осы қылмыстық заңның кері күшінің әрекетіне байланысты шешілуде және қаралуда. Сондықтан осы мәселе қылмыстық құқықтағы өзекті тақырып ретінде бітіру жұмысын таңдауға себеп болды.

  1. Қылмыстық заңның кері күші қағидасының дамуының тарихи аспектісі

Қылмыстық заңның уақытта қолданылу мәселесі қылмыстық заңның кері күшінің әрекет ету мәселесі ретінде пайда болды және дамыды. Осы қағиданың өмір сүруі жөнінде Цицеронның сөздерінде айтылады. Бірақ та осы кезеңде қалыптасқан құқыққа деген көзқарастар процесс ретінде, жаңа заң аяқталмаған істерге қолданылуы жатпайтындығы анықталды, шешілетін қатынастардың пайда болу уақытысына қарамастан өндірістегі барлық істерге қолданылды. Рим империясының кезеңінен бастап Феодосий І 393 жылғы Конституцияда қылмыстық заңның қағидасын белгілейді. Одан кейін әйгілі император Феодосия ІІ(440ж. ) атымен аталған «Феодосиандық норма» пайда болды, онда барлық заң тек келешектегі уақыт үшін әрекет етеді деп көрсетті, егер тек заң шығарушы оған тікелей кері күшін енгізген жағдайда. Одан кейін осы ережелер Юстинианның кодексіне енді. 3

Орта ғасырларда адам (құдайдың құлы ретінде қабылданды, ол еш талассыз билікке бағынуға тиіс болды. Қылмыскерлер өзіне белгілі бір заңды қолданылуын талап етуге құқығы болмады, сондықтан да сот әділсоттылықты жүзеге асыруда заңды басшылыққа алмады, шіркеумен талқылану жолымен қалыптасқан діни сенім-нанымды басшылыққа алды. Қылмыстық заңның уақытына байланысты күшіне деген басқа да көзқарастар тек ХVІІ ғасырларда пайда бола бастады.

Ағылшын буржуазиялық революциясы кезеңінде Дж. Лильберн «Англияның негізгі құқықтары және еріктері» деп аталатын пэмфлеттерінде былай деп жазды: сот әрекетін жасау кезеңінде өмір сүрген заң негізінде ешкім де сотталған бола алмайды. Қылмыстық заңдар және олардың уақытының әрекеті жөнінде Чезаре Беккария өзінің «Қылмыстар және жазалар» жөніндегі еңбегінде неғұрлым нақты жазылды, онда қандай болмасын қоғамдық игіліктің мазмұнына байланысты заңмен көзделген жазадан аспайтын белгілеуге құқылы емес», деді. 4

Орыс криминалисі А. Д. Градовский былай деп жазды: «Азамат елдің жұмыс істеп тұрған заңнамаларында тиым салынған және тиым салынбаған шараларды көруге құқылы, олармен жасалынған бір де бір іс-әрекет қылмыс болып саналмайды «ex post Fast», яғни осыны жасағаннан кейін. 5

ХVІІ ғасырдың аяғында ХІХ басында құқықтың классикалық мектебінің шеңберінде бір-бірінен бағыты бойынша ерекшеленген үш негізгі мектеп бөлініп шықты. Бірінші бағыттың өкілдері философтар (И. Кант, Ф. Гегель) өзінің көзқарастарын заң логикасынан туындайтын құқықтың қағидасына негіздеді, осыған байланысты қандай болмасын заңның кері күшін жоққа шығарды. Екінші бағыттың жақтастары (Н. С. Таганцев, К. Биндинг), керісінше неғұрлым жеңіл және соғұрлым қатал заңға кері күшке ие болу үшін ерекше кедергіні көрмеді. Үшінші бағыттың жақтастары (Л. С. Белогриц -Котляровский, К. Малышев, И. А. Неклюдов және т. б) . осы заңның келіп түскендігін қолдану үшін, кінәлі үшін неғұрлым қолайлы заңның кері жасаудың уақытын қолдануды сұрады.

Қылмыстық заңның кері күші қағидасының дамуының кеңестік тарихи 1917 жылғы оқиғалардан көрсеткеніндей ескі және жаңа заңдардың коллизиясы кеңестік билікпен төңкерістік ар және төңкерістік құқықтық сананың қылмыстық заңдарының мазмұнының қатынастарына байланысты шешілді. М. И. Блум және А. А. Телленің атап көрсеткеніндей жаңа төңкерістік заңнама қоғамдық өмірдің барлық саласына жылдам ене бастады. Ол заңдардың кері қағидасымен шектеле алмады, әсіресе қылмыстық құқық саласында. 6

Қылмыстық заңның кері күші қағидасының бірінші рет заңмен бекітілуі 1922 жылғы қылмыстық-іс жүргізу кодексінде көрініс тапты.

Мың тоғыз жүз жиырма екі және мың тоғыз жүз жиырма алтыншы жылғы қылмыстық кодекстер мың тоғыз жүз жиырма төртінші жылғы Кеңестер Одағы және одақтас республикалардың қылмыстық заңнамаларының негізгі бастаулары секілді қылмыстық заңның уақыттағы әрекетінің күші сияқты мазмұнының нормасы болмады. Осыған байланысты назарға алынатын бірінші акті ретінде 1926 жылғы ВЦИК-тің Қаулысы танылады, онда Жаңадан қабылданған қылмыстық заңның кері күшінің мәселелері нақты реттелінген. 7

М. И. Блумның мәліметінше 30 жылдардың басына дейін және 1958ж. Қылмыстық заңнама негіздері күшіне енгенге дейін «Кеңестік заң шығарушы неғұрлым қатал қылмыстық заңның кері қағидасын ұстанды. 8

Жаза 1997жылғы ҚР қылмыстық кодексінде әлеуметтік әділеттікті, сотталушыны түзеуді және жаңа қылмыстарды жасаудан сақтандыру мақсатында соттың үкімімен тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде қарастырылады (38статья) .

Бұдан да нақтырақ 1922 және 1926 жылғы ҚК-де нақтырақ айтылған еді. Мың тоғыз жүз жиырма екінші жылғы ҚК өзінің міндеті ретінде мемлекеттің еңбеккерлерін тек қылмыстардан ғана емес, сондай-ақ қоғамға қауіпті элементтерден де қорғауды мақсат етіп қойды, бұл қорғау жазаны қолданумен бірге, сондай-ақ басқа да әлеуметтік қорғау шараларын қолданумен жүзеге асырылды (5 статья) . Мың тоғыз жүз жиырма бесінші жылғы ҚК «жаза - терминін қолданбаса да, қылмыскерлерден басқа, қылмыстық ортамен немесе басқа да іс-әрекет осымен байланысты қауіптілік келтіретіндерге әлеуметтік қорғау шарасын қолдануды тікелей айтты (7 статья) . КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық заңнамаларының (1924ж. ) Негізгі бастауларының 22 статьясында айтылғанындай, жер аудару және (высылко) оларды соттық жауапкершілікке тартуға қарамастан, сондай-ақ сотпен ақталған жағдай да, әлеуметтік қоғамға қауіпті деп танылып, тұлғаларға қолданылады.

Түбегейлі сипаттағы маңызды өзгерістер 1958 жылы болды, онда КСРО Одағы және одақтас республикалар сот өндірісі қылмыстық негіздері және қылмыстық заңнама негіздері, одан кейін (59-60 жылдары) республикамен қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстері қабылданды.

Жаңа қылмыстық заңнама бірқатар демократиялық қағидаларды бекітті. Ол анықтағанындай, мысалы, «қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тек қылмыс жасады деп, кінәлі деп танылғандар тартылады (1959ж. ҚазССР ҚК 3 статья) . Сонымен бірге өзінің қылмыстық ортамен байланысы бар «әлеуметтік қауіпті» қылмыс жасамаған адамдарға қатысты жазаны қолдануға тиым салынды. Осы статьяда мыналар, ешкім де қылмыс жасады деп кінәлі деп танылмайтындығы, сондай-ақ заңға сәйкес соттың үкімінсіз ешкім де қылмыстық жауаптылыққа тартылмайтындығы айтылған.

«Қылмыстық кодексі күшіне енгізу жөніндегі» ҚР заңының 7 статьясында былай деп жазылды: «Аса қауіпті рецидивист деп танылатын тұлғалар» ҚазССР ҚК 23-1 статьясы бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтейді. Бұл мынаны білдіреді: ҚазССР ҚК әрекеті кезінде аса қауіпті рецидивист деп танылғандар және ҚР ҚК күшіне енген кезде, ерекше режим колониясында, егер жасаған қылмыстары ерекше қауіпті рецидив деп танылмаса да осы колонияларда қалдырылады. Осы жағдайда заңшығарушы неғұрлым жеңіл заңға кері күшті жүргізуді, сондай-ақ қатал заңға кері күшті жүргізу. Құқықтық мемлекет қағидасы - заңдылық қағидасын өрескел бұзу болып танылады. 9

Қылмыстық заңның кері күші қағидасы дамуының тарихи аспектісін қарау қылмыстық заңнаманы өркениет және ізгілік жолымен дамытудың белгілі бір заңдылықтары деп тануға мүмкіндік береді.

Осындай заңдылықтардан әртүрлі тарихи кезеңдерде кері шегінуге қарамастан қылмыстық заңның кері күшінің ережесі, біздің көзқарасымызға ҚР ҚК бекітілген және қылмыстық құқықтағы әділеттілік қағидасына толықтай жауап береді.

Қоғамдық қатынастарды дамыту және нығайтудыа заңнамалардың орны зор, соның ішінде қылмыстық құқықтық. Қылмыстық заңды басшылыққа ала отырып, қылмыскерлермен, сондай-ақ қоғамға қауіпті элементтермен күресе отырып, кінәліге қылмыстық жаза шарасын қолданады.

Қылмыстық - құқықтық нормалардың ерекшелігі мынада, олар әділсоттылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік билік органдарымен қолданылады. Осы жағынан қылмыстық құқық нормасының басқа да құқық салаларын қолдану жағдайынан ерекшелігі бар. Оның келесідей ерекшелігі ретінде, тиісті құқықтық ерекше актілерінің көмегімен нақты өмірлік жағдайларға қолданылуы мүмкін. Қылмыстық құқық нормаларын қолдану анықтама, тергеу, прокуратура және сот органдарынан үлкен шығармашылық күшті, терең қоғамдық-саяси және құқықтық дайындықты, қылмыстылықпен күресуде істі білу және тәжірибені терең игеруді талап етеді. Сот қызметін сипаттай отыра А. Я. Вышинский былай деп атап өтті, белгілі бір дәрежеде жол берілмейтіндігі көзқарасын біле отыра, сот қызметіне заңшығарушы сипат береді. Судъя өзінің алдында тұрған сот процесіндегі міндеттердің барлығын шеше алмайды. Заң формуласы әрқашанда толық, жалпы, типтік сипатқа ие. Заң - бұл нақты өмірлік жағдайға қолданылатын қағида. Бұл ереже қылмыстылықпен күрес жүргізетін мемлекеттік билік органдарына қатысты дұрыс қарастырылмаған.

Сонымен бірге, қылмыстық заңды қолдану процесі өзінің звеноларында осы іс бойынша нақты фактілерді және жайларды анықтап болғаннан кейін әрқашанда қылмыстарды саралауға және жазаны анықтауға мән берілмейді. Бірқатар жағдайларда бұл қылмыстық заңды қолдану процесі, қылмыстық заңды дұрыс қолданудың негізгі алғышарты болып іс бойынша тергеу, прокуратура және сот органдларымен объективті шынайылықты анықтау. Қылмыстық іс бойынша тергеу және сот талқылауы процесінде объективті шынайылықты анықтау қажеттілігі, қылмыстық сот негіздерінің баптарында көрініс тапқан.

Сот қызметі ең алдымен іс бойынша шынайылықты бағыттауға арналған. “Материалда шынайылық ұғымы” - М. С. Строговичтің пікірінше, қылмыстық іс бойынша мән-жайлар фактілерді анықтауға жатады, осы фактілерді саралау жасалған қылмыс үшін жазаны анықтауға мүмкіндік береді. Қылмыстарды саралау және жазаны анықтау шынайы фактіге сәйкес белгіленген фактіні анықтау, яғни іс бойынша материалды шынайылықты анықтау негізі болып танылады. Осымен келісе отырып, қылмыс жасаған адамға жаза шарасын таңдай оырып, анықтауға мүмкіндік береді.

Бірінші жағдайда соттың қылмыстық іс бойынша шынайылықты анықтауға бағытталған. Соттың қызметі ғылыми негізді анықтауға бағытталған, көрсетіліп жатқан фактілердің сыртқы жағын анықтауға мүмкіндік береді. Тек осындай мәселені қою құқықтық саралау бөлігіндегі сот-прокурор органдары жұмысының сапасына талапты күшейтеді. Қылмыстық іс бойынша қарастырылып жатқан фактіні қараудағы құқықтық мәнінің маңызын анықтау міндетті түрде субъективизимге салып келеді және қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін қолайлы жағдай туындатады.

Құқықтық факті сот талқылауының пәні болады немесе болмайтындығына қарамастан объективті шынайылықтың бір бөлшегі болып танылады. Қылмысты тек құқықтық ұғым ретінде қарастыруымыз керек. Қылмысты жасаған кеззден бастап, оны жасаған адам қылмыстылықпен күресу жүктелген белгілі бір органдармен бірге белгілі бір қатыста болды. Осы қатынастардан қылмыстық-құқықтық қатынас туындайды, бір жағынан жасалынған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік, екінші жағынан қылмыстылықпен күресуге уәкілетті мемлекет органдарының міндеті. Соттың осы танымдық қызметі әрқашанда осы факті бойынша құқықтық белгілерді анықтауға және қолданылатын құқықтық норманың шынайы ұғымын түсінуге, яғни заңды талқылау жатады.

Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың қажетті негізі болып жұмыс істеп тұрған қылмыстық заңмен көзделген тұлғаның қылмыс құрамында болуы танылады. Нақты қылмыс құрамдарын анықтай отыра, заңшығарушы осы қылмыс құрамының жиынтығын құрайтын тиісті элементтерді көздейді.

Әділсоттылық органдарының қызметін дұрыс деп айтуға сөз жоқ. Онда танымның объективтік заңдылықтарына және қылмыстық істің барлық мән-жайларын бағалаудағы нысанамен байланысты. Құқықтық саралау процесінің бағалау түсінігінің қателігі мынадан көрінеді, осыны түсіну қылмыстық іс бойынша шынайылықты анықтап бағалауға мүмкіндік береді. Осы бағалау кезінде процестің өзіне дербес сипат береді. Сонымен бірге қоғамдық-саяси және құқықтық маңыздылығы фактісін анықтау біріңғай сараланады. Осы процестің мазмұны - шынайылықты анықтау, мәлім нәрседен мәлім емес нәрсеге ауысу, нысаны бойынша заңды қолданылатын фактілерді, оқиғаларды және осы іс бойынша мән-жайларды анықтау. Бағалау негізінде қылмыстылықпен күресудегі қоғамның тәжірибесі жатыр. Сотпен анықталған шынайылықтың мазмұны болып қылмыстық іс бойынша оны қорғауға негіз болып табылатын қоғамдық-саяси және құқықтық саралау жатады. Сот шынайы мазмұны мәселесін шешу негізінен мемлекеттің стартегиялық міндеттеріне сәйкес келеді, шынайылық әрқашанда жан-жақты, ол шынайылық және олардың өзара қатынасының жиынтығыныан құралады. Ешқашанда жекелеген тұрмыс (зат, құбылыс) идеяның бір жағы (шынайылығы) екендігін ұмытпауымыз қажет. Соттың фактіні және процессті анықтау процесі оның құқықтық мәні әрқашанда әртүрлі. Сот қызметінің әр звеносының өзінің ерекшелігі бар. Құқықтық белгілердің фактісін нақты анықтау үшін оны саралау қылмыстық заңның кері күшін анықтауда маңызы зор.

  1. Қылмыстық заңының кері күшінің қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің нормаларында қолданылуы

Қылмыстық заңының кері күші деп оның күшіне енуіне дейін жасалған жаңа қылмыстық заңның тарауын түсінеміз. Қылмыстық заңның кері күшінің басқа құқық салаларына қарағанда, әсіресе қылмыстық- іс жүргізу заңдарына, азаматтық құқық саласына қатысты заңдарға қарағанда өзіне тән ерекшеліктері бар.

Қылмыстық заңның кері күшінің жалпы қағидасы ҚР ҚК бойында нақты көрсетілген.

Жаза іс-әрекетін белгілейтін немесе жазаны күшейтетін заңның кері күші болмайды. Бұрынғы жұмыс істеп тұрған 1958 ж. заңнама Негіздеріне қарағанда, қылмыстық заңның кері күшінің ұғымын анықтады және неғұрлым қатал заңның кері күші болмайды деді. М. А. Чельцовтың жазуынша неғұрлым жеңіл немесе неғұрлым қатал заңдардың кері күші жөніндегі мәселе туындамайды, әр заң іс-жүргізу барысын жақсартуға материалды шынайылыққа жетуді қамтамасыз етуге бағытталған, сондықтан жаңа заңды қлдану ешкімнің құқығын шектемейді.

Ал, Б. А. Галкин болса, осы уақытқа жасалған жаңа заңның күшіне енуі тек кейбір азаматтардың қылмыс жасаған уақытқа дейінгі әрекеті ретінде ғана емес жаңа заңмен қарастырылады, осы жағдайда бұрынғы заңда басталған осы құқықтың жалпы ережесін сақтай отырып жалғасады. 10

Заңшығарушымен берілген заңды талқылау заңның шынайы мағынасын жалпы міндетті анықтауды білдіреді. Тиісінше, осы заңды талқылау кез келген жағдайда қылмыстық заңды қолдану жағдайында күші болады, нақтырақ айтқанда, қылмыстық заңды талқылау мазмұны бар актіні шығару барысында жасалса. 11

КСРО Жоғарғы Соты Пленумы және одақтас республикалар Жоғарғы Соты Пленумы түсіндірмелерінде берілген қылмыстық заңды талқылау, заңды дұрыс түсіну мазмұнында және жаңа норманы құрамайтын ретінде осы түсіндіру шығарылғанға дейін жасалған іс-әрекеттерге қатысты қолданылады.

Бірақ та заңның жалпы нормасы нееғұрлым қатал заңның кері күшіне жол бермегендіктен, осындай күшке ие болу тек заңға байланысты, осы жөнінде жаңа қылмыстық заңда немесе арнайы нормативті актіде айтылуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ КЕРІ КҮШІНІҢ ӘРЕКЕТ ЕТУІ
Қылмыстық заңның мезгілдегі күші
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАДАН БОСАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату
Қылмыстық заңның уақытта және кеңістікте қолданылуы
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
Қылмыстық заңның кері күшінің ұғымы
Жекелеген түрлерi бойынша қылмыстық жазадан босатудың негiздерi мен тәртiбi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz