Кәмелетке толмағандардың азаматтық айналымдағы әрекет қабілеттілігі


Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1. Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі туралы жалпы сипаттама
1.1. Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің заңды табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің ерекшеліктері ... ... .8
1.3. Кәмелетке толмағандардың отбасындағы құқықтық жағдайы ... ... ... ...12

2. Кәмелетке толмағандардың азаматтық айналымдағы әрекет қабілеттілігі
2.1. Кәмелетке толмағандардың кәсіпкерлік қызметпен айналысу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2. Кәмелетке толмағандарың интелелктуалдық шығармашылық қызметпен айналысу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

3. Кәмелетке толмағандар мүдделерін қорғаншылары мен қамқоршылардың қорғауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 32 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге




Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1. Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі туралы жалпы сипаттама
1. Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің заңды
табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2. Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің
ерекшеліктері ... ... .8
3. Кәмелетке толмағандардың отбасындағы құқықтық жағдайы ... ... ... ...12

2. Кәмелетке толмағандардың азаматтық айналымдағы әрекет қабілеттілігі
1. Кәмелетке толмағандардың кәсіпкерлік қызметпен айналысу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2. Кәмелетке толмағандарың интелелктуалдық шығармашылық қызметпен
айналысу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
19

3. Кәмелетке толмағандар мүдделерін қорғаншылары мен қамқоршылардың
қорғауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .36

Кіріспе

Азаматтық құқық қатынастарының негізгі қатысушылары болып жеке
тұлғалар табылады. Жеке тұлғалар кәмелетке толған және кәмелетке толмаған
адамдардан құралады. Кәмелетке толмаған адамдар – бұл біздің
мемлекетіміздің болашағы және олардың құқықтық жағдайы құқық саласының
маңызды мәселелерінің бірі болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекетін басты
қазынасы болып адам, оның құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері
табылады. Адамдардың белгілі бір құқықтары мен міндеттері оның тумысынан
беріледі және ол адамдардың құқық қабілеттілігін құрайды. Ал, кейбір
құқықтарды адамдар өздерінің іс-әрекеттері негізінде иеленеді және олардың
нәтижесінде белгілі бір міндеттерді жүктейді. Азаматтардың өздерінің
еріктері бойынша, ешкімнің мәжбүрлеуінсіз құқықтарды иелену және өздеріне
міндеттерді жүктеу мүмкіндіктері әрекет қабілеттілікті құрайды.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі заң бойынша олардың өздерінің іс-
әрекеттерімен азаматтық құқықтар иелену мен азаматтық міндеттерді жүктеу
мүмкіндігімен айқындалады. Әрекет қабілетті болу – жеке өзі (өкілі арқылы)
түрлі заңды әрекеттер: шарттар жасасу, сенімхаттар беру және тағы басқа
маңызды әрекеттерді жүзеге асыруды, сондай – ақ келтірілген мүліктік зиян
бойынша жауап беруді (бөтен адам мүлкінінің зақымданғаны немесе жойылғаны)
және шарттық пен басқа да міндеттемелердің орындамағаны үшін
жауапкершілікті көтеруді білдіреді.
Осыдан әрекет қабілеттілік біріншіден, шарт жасасу мүмкіншілігін (шарт
жасасу мүмкіндігі), екіншіден, заңсыз іс - әрекеттер үшін жауапкершілікті
көтеру мүмкіншілігін (жауап беру мүмкіндігі) деп есептеу қажет.
Бірақ, азаматтардың әрекет қабілеттілігіне заң бойынша берілген
анықтамасында азаматтардың өздеріндегі азаматтық құқықтары мен міндеттерін
жүзеге асыру жөніндегі мүмкіндіктері туралы айтылмайды. Бұл жағдайы аталмыш
норманы жетілмеген деп есептеуге мүмкіндік береді, себебі, егер азамат
азаматқа дербес құқық иеленуге мүмкіндік берілсе, оған ол құқықты жүзеге
асыруына да мүмкіндік беру қажет.
Аталған категория маңыздылығы әрекет қабілеттіліктің экономикалық
айналымда, шаруашылық өмірде азаматтардың қарқынды түрде қатысуын,
өздерінің мүліктік құқықтарын жүзеге асыруын заңды қамтамасыз етумен
айқындалады. Сондықтан, кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі
олардың қазіргі нарық экономика талаптарымен жүргізілетін мүліктік және
мүліктік емес жеке қатынастар саласындағы суверенитетін еркіндігін заңды
білдіру құралы болып табылады.
Азаматтардың толық әрекет қабілеттілігі оның жасына және ақыл-есіне
байланысты айқындалады. Азаматтың ақыл-есі дұрыс, он сегіз жасқа жетуі оның
толық әрекет қабілеттілігін білдіреді. Бірақ, кәмелетке толмағандардың
белгілі бір категориясында әрекет қабілеттіліктің бір бөлігі болады және ол
ішінара әрекет қабілеттілік деп аталады. Кәмелетке толмағандар да біздің
нарық экономикасына көшкен қоғамымызда да білегілі бір әрекеттерді жүзеге
асырады және ол көп жағдайда, материалдық құндылықтарға байланысты болады.
Осы кезде пайда болатын қатынастардағы кәмелетке толмағандардың құқықтық
жағдайын анықтау өте маңызды. Себебі, олар орын алатын қатынастардың
көпшілігін талаптарын өздерінің білімдерінің аздығына, жастарының
төмендігіне сәйкес түсінбеуі мүмкін. Сол себепті олардың іс-әрекеттеріне
заң нормалары бойынша шектеу қойылған. Ол шектеулер, олардың ата-
аналарының, асырап алушыларының, қорғаншылар мен қамқоршыларының қосымша
келісімін қажет етумен, олардың қосымша жауапкершілігімен қамтылады. Міне,
осындай өзекті мәселені ғылыми-теориялық негізде барынша жан-жақты
қарастыру болып табылады.
Диплом жұмысын жазу барысында дипломантпен кәмелетке толмағандардың
әрекет қабелеттілігін ғылыми теориялық тұрғыда зерттеуге бағытталған ғылыми
еңбектері бар цивилист ғалымдардың шығармалары пайдаланылды. Олардың
ішінде, Басин Ю.Г., Сулейменов М.К., Төлеуғалиев Ғ., Суханов Е.М., Иоффе
О.С., Ершова Н.М., Братусь С.Н. және тағы басқалардың.
Зерттеу жұмысының мақсаты ретінде кәмелетке толмағандардың құқықтық
реттелуінің негізгі теориялық мәселелерін неғұрлым жиынтықта зерттеу болып
табылады, оның ішінде кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің
заңды табиғаты, құқықтық ерекшеліктері, азаматтық айналымдағы кәмелетке
толмағандардың құқықтары мен міндеттері, кәмелетке толмағандарға қорғаншы
мен қамқоршы тағайындау ерекшеліктері қамтылады.
Алға қойылған мақсаттарға жету келесі міндеттердің қойылу және шешуі
үшін негізі болып табылады: кәмелетке толмағандардың әрекет
қабілеттілігінің тарихын зерттемей оның теориялық негізін анықтау
мүмкіндігі жоқ деген жалпы танылған ереже бойынша, қазіргі кездегі
қолданыстағы кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің түрлі
салалардағы даму тарихын қарастыру; кәмелетке толмағандардың әрекет
қабілеттілігінің құқықтық табиғатын зерттеу және оның нәтижесі бойынша
кәмелетке толмағанадардың әрекет қабілеттілігінің мәнін анықтау; осы саланы
зерттейтін нормативтік құқықтық актілерді зерттеп, олардың артықшылықтары
мен кемшіліктерін анықтау; олардың құқықтық негіздерін анықтайтын әрекет
етуші заңнаманы жетілдіру үшін ұсыныстар ұсыну.

1. Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі туралы жалпы сипаттама
1. Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің заңды табиғаты

Заңды табиғаты бойынша кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі
– бұл азаматтың субъективтік құқығы. Бұл құқық басқа құқықтардан өзінің
мазмұнымен ерекшеленеді: тұлғаның өзінің іс - әрекеттерімен құқықтарды
иеленуі мен міндеттерді жүктеуін және сонымен қатар, бұл құқыққа қоршаған
барлық азаматтар оның бұзылуына жол бермеу міндеттілігін білдіреді 1.
Адамның психикалық күйімен байланысы жоқ заңдық қасиет ретіндегі
құқық қабілеттіліктен өзгеше, әрекет қабілеттілік онда айтарлықтай дамыған
ақыл ой мен еріктің болуына, өзінің іс әрекетттерін саналы түрде сізініп,
оларды игере білу қабілетіне байланысты. Сондықтан заң адамның әрекет
қабілеттілігі толық көлемде кәмелетке толғанда, яғни ол он сегіз жасқа
жеткенде басталады де көрсетеді. Осылайша, кәмелетке толмағандардың толық
дәржеде әрекетке қабілетті болуына мүмкіндік беретін психикалық толысу
шүбәсыздығы белгіленеді. Кәмелетке толған адамдар өздерінің іс әрекеттері
арқылы толық көлемде азаматтық құқықтарды иеленіп, жүзеге асыра алады,
өздері үшін азаматтық міндеттерді белгілеп, оларды орындай алады. Атап
айтқанда, азаматтардың өздерінің мәмілелер (мәмілелер жасау қабілеті) және
басқа заңды іс әрекеттер жасау қабілеттерін, сондай ақ азаматтық құқық
бұзушылық (деликт қабілеттілік) үшін жауапкершілік атқару қабілеттерін
әрекет қабілеттілік ұғымы қамтиды. Бұл арада әрекет қабілеттілік іс
әрекеттер жасаудың өзі емес, керісінше, нақ іс әрекеттер жасау заңдық
қабілеті, оларды басқару және олар үшін жауап беру қабілеті болып табылады.
Егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, барлық азаматтардың әрекет
қабілеттілігі тең болады.
Әрекет қабілеттілік негіздері болып көп жағдайларда адамдардың ақыл
ес мүмкіндіктерінің даму деңгейі табылады. Мәселен, О.С.Иоффе әрекет
қабілеттілікті Заңда бекітілген, адамдардың өздерінің жүзеге асыратын
әрекеттер мәнін түсінудің нақты мүмкіндіктеріне сүйену және өздеріне осы
әрекеттер әкелуі мүмкін салдарға толық есеп беру деп айқындайды 2, 83б.
Бірақ, өздерінің әрекеттерінің мәнін түсіну бұл интеллект саласының
басымдылығы. Интелелктуалдық мүмкіндіктердің дамуы маңызды дәрежеде алған
білімнің деңгейіне байланысты болады. Азаматтық құқықтық әрекет қабілетілік
мәні интеллекте ғана болады, сонымен қатар ерік білдіру процессінен, адам
еркінен, оның ерік білідіруінен құралады және біздің пікірімізше
азаматтардың әрекет қабілеттілігінің негізін құрайды. Адамның ақыл-есінің
даму деңгейі болмасада, егер ол психикалық дені сау болса, оның он сегіз
жасқа жетуі, оның азаматтық құқықтық қатынастарда ерік білдіруі толық деп
санауға мүмкіндік береді. Азаматтық құқықтық қатынастар субъектісі болып
табылуының негізгі себептері болып әрекет қабілеттінің мәміле жасауы
табылады. Ал, мәмілелер – бұл ерікті акт, О.С.Иоффе белгілегендей оған
жалпы ерікті актіні сипаттайтын барлық психологиялық сәттер тән 2, 197б
. Интелектуалдық мүмкіндіктердің дамуы ерік білдірудің дамуында қамтиды.
Бірақ, азаматтық құқық субъектісінің ерік білдіруінің өзі әрекет
қабілеттіге сипатты болып табылады. Ерік білдірудің дамуы тәрбиелеу
мәселесіне де кіреді. Бірақ, егер азаматтық құқық әдістері арқылы тәрбиелеу
мәселесіне қарасақ, онда тәрбиелеу өсіп келе шатқан болашақ буынның әрекет
қабілеттілігін дамыту болып табылады. Оның ерік білдіру мүмкіндігін
дамытуда нәтижесінде әлеуметтік қоғамның пайдалы мүшесі болып табылатын
жас адамды қалыптастыратын тәрбие мәні қамтылады. Сондықтан толық әрекет
қабілеттілік бірден емес, біртіндеп пайда болады. Оған әрекет
қабілеттіліктің жиналуы себепкер болады. Тұлғада толық көлемдегі әрекет
қабілеттілік беру алдында, заңшығарушы кәмелетке толмағанды белгілі бір
жасқа жеткеннен кейін ішінара азаматтық әрекет қабілеттілікті
иелелендіреді. Осы жасқа жетпеген тұлғалар әрекет қабілетсіз деп аталады.
Сонымен, азаматтарды кәмелетке толғандар және кәмелетке толмағандар деп
бөлу азаматтық құқыққа сай әрекет қабілеттіліктін белгілі бір дәрежеде
болуына және болмауына – толық немесе ішінара әрекет қабілеттіктің болуына
байланысты 3.
Ішінара әрекет қабілеттілік сонымен қатар, шектеулі әрекет
қабілеттілік деп аталады. Бұл терминді кәмелетке толмағандардың ішінара
әрекет қабілеттіліктері пайда болатын жас мөлшері, Кеңестік Одақтың
азаматтық заңдарыменде, одақтық республикалардың азаматтық заңнамаларымен
де белгіленуі мүмкіндігін қамтитын Негіздер ұстанған 4. Бірақ, цивилистік
терминология көзқарасынан, біздің пікірімізше артықшылық ішінара әрекет
қабілеттілікке беру қажет. Себебі, психикалық дені сау жас адамның белгілі
бір жасқа жеткеннен кейін заңшығарушы оның бұрыңғыға қарағанда үлкен
көлемде азаматтық айналымға қатысу үшін жеткілікті ерік білдіру қасиетін
таниды. Заң шығарушы бұл жерде шектемейді, құқықтарын азайтпайды,
керісінше, кәмелетке толмағанды бұрын иеленбеген жаңа қасиеттерін таниды.
Сондықтан, Н.М.Ершовтың кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін
шектеу олардың кәмелетке толмау фактісі негізінде пайда болады деген
пікірімен келісуге болмайды 5. Керісінше, ішінара әрекет қабілеттілік
заңшығарушының кәмелетке толмағанның белгі жасқа жету фактісін оның ерік
білдіру қасиетінің жетілгенін дәлелдейтін факт ретінде және кәмелетке толу
жасының жақындау фактісі ретінде тануына байланысты туындайды және соған
байланысты осындай кәмелетке толмаған белгілі бір дәрежеде әрекет
қабілеттілік иелендіріледі. Әрине, бұл ішінара әрекет қабілеттілік толық
әрекет қабілеттілікке өте жақын. Сондықтан, ішінара әрекет қабілетілік
термині шектеулі әрекет қабілеттілік терминіне қарағанда пайдалануға
тиімді. Сонымен қатар, шектеулі әрекет қабілеттілік азаматтық құқықта бар
болған әрекет қабілеттілікті қысқарту немесе тоқтату немесе оның мүлде
болмауы орын алған жағдайларға тән. Бұл, мысалға, бұл азаматтық заңнамалар
бойынша спирттік, наркотикалық және басқа да зиянды заттарды пайдалану
нәтижесінде отбасын материалдық ауыр жағдайларға қойған кезде орын алады.
Әрекет қабілеттілікті шектеу сонымен қатар, психикалық ауруға шалдыққан
ішінара әрекет қабілетті тұлғаға қатысты да болуы мүмкін. Ішінара әрекет
қабілеттілік терминің кейбір цивилист-ғалымдар өз еңбектерінде пайдаланған
– С.И.Вильнянский, О.С.Иоффе, в.Г.Вердников, А.Ю.Кабалкин және басқалар
6. Ішінара әрекет қабілеттілікпен бірге, кейбір цивилист – ғалым,
авторлар шектеулі әрекет қабілеттілік терминін пайдаланған. Мәселен,
С.Н.Братусь, Ю.С.Черновый және басқалар 7.
Біздің азаматтық заңнамаларымызда, ішінара әрекет қабілеттілік термині
қолданылмаған, тек оған тән құқықтық жағдайды иеленетін әрекет қабілеттілік
сипатталған.
Ішінара әрекет қабілеттілікті азаматтық құқықтық реттеу оның қай
жастан бастап туындайтыны туралы сауалға байланысты. Қазақстан
Республикасының Азаматтық заңнамалары бойынша ішінара әрекет қабілеттілік
он төрт жастан басталады. Бұрынғы КСРО кейбір елдерінде ішінара әрекет
қабілеттілік он бес жастан басталады (Ресей Федерациясында, Латвия
Республикасында) 8.
Сонымен, біздің азаматтық заңнама кәмелетке толмағандарды екі топқа
бөліп қарастырады: жасөспірімдер – он төрт жасқа дейіңгілер және ішінара
әрекет қабілеттілер – он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер.

2. Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігің ерекшеліктері

Азаматтың әрекет қабілеттілігінің оның ақыл ойы мен ерік жігері
күйімен байланысты, біріншіден, кәмелетке толмағандардың әрекет
қабілеттілігін шектеу қажеттігіне және, екіншіден, олардың ақыл ойы мен
ерік жігерінің жетіспеушілігі салдарынан кәмелетке толмағандардың әрекет
қабілеттілігін шектеу немесе одан айыру мүмкіндігіне әкеп тірейді. Егер заң
құжаттарында өзгеше көзделмеген болса, кәмелетке толмағандардың әрекет
қабілеттілігін шектеу тікелей заң актілерімен жүзеге асырылады, ал
кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін шектеу заң актілерінде
көзделеген жағдайларда тек сот арқылы шешіледі.
Қазақстан заңдары адам он сегіз жасқа жеткенде толық көлемде әрекет
қабілеттілігі пайда болатынын туралы жалпы ережеден бір ғана ерекшелік
белгілейді: заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге
рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған
кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.
Неке және отбасы туралы 1998 жыл 17 желтоқсандағы Заңының 13 бабына
сәйкес белгіленген тәртіппен жасалған неке ғана жұбайлардың міндеттерін іс
жүзінде некеге тұруы (бірге тұруы) ол толық көлемде әрекет қабілеттілікке
ие болды дегенді білдірмейді.
Қазақстан Республикасының заңдары құқықты теңеу (эмансипация) интитуты
дегенді, мысалы, Ресей Федерациясы Азаматтық кодексінде көрсеткендей,
құзіретті мемлекеттік органның шешімімен кәмелетке толмағанды толық
әрекетке қабілетті деп жариялау дегенді білмейді. Алайда Рессей
Федерациясының Азаматтық кодексі секілді, Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексі азаматтар кәмелетке толғанда олардың толық әрекет
қабілеттілігі пайда болатыны туралы жалпы ережеден кейбір ерекшеліктерге
жол береді. Мұндай ерекшеліктердің азаматтық қатынастардың кейбір
салаларына ғана қатысы бар. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандар банкілерге
салымдар салуға және өздері салған салымдарға дербес билік етуге құқылы.
Қазақстан Республикасы психикалық даму деңгейіне қарай кәмелетке
толмаған азаматтарды он төрт жасқа жетпегендерге және он төрттен он сегізге
дейінгілерге бөле отырып, олардың әрекет қабілетілігінің түрлі шешімін
белгілейді.
Он төрт жасқа дейінгі азаматтар әрекетке қабілетсіз болады. Сондықтан,
егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-аналары, асырап
алушылары немесе қорғаншылары мәмілелер жасайды. Әрекетке қабілетсіз
кәмелетке толмағандар келтірілген зиян үшін де осылар жауап береді.
Заң он төрт жасқа жетпеген азаматтардың әрекетке қабілетсіздігі туралы
жалпы ережеледен кейбір ерекшеліктер жасайды. Бұл адамдар өздерінің жасына
қарай жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше
жасауға, сондай – ақ банкілерге салымдар салуға және өздері салған
салымдарға дербес билік етуге құқылы.
Кәмелетке толмаған азаматтың өзінің, оның отбасының және өзге де оған
таныс адамдардың күнделікті тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға
байланысты жасайтын құны болмашы мәмілелерін тұрмыстық ұсақ мәмілелер деп
түсіну керек. Мысалы, тағам өнімдерін, газет, мектеп оқу керек-жарақтарын,
қала көлігінде жүру билеттерін және тағы сол сияқтыларды сатып алу
тұрмыстық ұсақ мәмілелерге жатады. Бұл арада, он төрт жасқа жетепеген
адамдар жасайтын тұрмыстық мәмілелер бір мезгілде мынадай үш шартқа сай
болуы тиіс. Біріншіден, мұндай мәмілелер ұсақ, яғни құны жөнінен болмашы
болуға тиіс. Екіншіден, олар кәмелетке толмағанның жасына, яғни оның
психикалық даму деңгейіне сай болуы, ал мұндай мәмілелер ауқымы шектеулі
болуы тиіс. Мысалы, екі жасар, жеті және он үш жастағы балалардың
психикалық даму деңгейі түрлеше болатыны айқын. Екі жасар бала өзінің
психикалық даму деңгейі бойынша тіпті өте ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасай
алмайды, ал жеті жасар бала да тұмыстық ұсақ мәмілелерді (мысалы, сіріңке
сатып алуды) жасай алмайтыны түсінікті. Бұл мәмілелердің құны аз ғана
болғанымен, сіріңкенің ерекше қасиеті бар – оны пайдалану қауіпті
болғандықтан, баланың қолына беруге болмайды. Бұл жастағы балалар, әдетте,
сатушылар немесе тіпті тұрмыстық ұсақ мәмілелер бойынша сыйға тартушылар
бола алмайды. Үшіншіден, он төрт жасқа жетпеген адамдар жасалып болысымен
орындалатын мәмілелерді ғана жасай алады, мысалы, азық – түлікті несиеге
емес, тек қолма-қол ақшаға сатып ала алады.
Заңда қандай мәмілелерді ұсақ деп есептеуге болатын және қандай
мәмілелерді оларды жасайтын кәмелетке толмағанның жасына сай келеді деуге
болатын жалпы өлшемдерді белгілеу мүмкін емес. Сондықтан мұндай өлшемдер
әрбір нақты жағдайда бағалаушы сипатта болады, ал бағалауды, әдетте,
бастапқы кезде кәмелетке толмағанмен мәміле жасайтын адамның өзі жүргізеді.
Жасалған мәміленің ұсақ екені және оның кәмелетке толмағанның жасына сай
келетін жөнінде дау туатын жағдайда – дау сот арқылы шешіледі.
Ресей Федерациясы Азаматтық кодексінде он төрт жасқа жетпегендердің
әрекет қабілеттілігі туралы мәселе шешілетінін атап көрсеткен жөн. Мұнда
алты дан он төрт дейнгі жас балалар тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасай алады.
Олар, осымен қатар, нотариалдық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді
қажет етпейтін пайданы тегін алуға бағытталған, сондай ақ белгілі бір
мақсаттар үшін немесе еркін билік етуі үшін заңды өнімдері немесе олардың
келісімдерді жасауға құқылы. Заңның бұлайша тұжырымдауы кәмелетке
толмағанның нақты мәміле жасау кезіндегі әрекет қабілеттілігін бағалауда
айтарлықтай қиындықтар туғызатын болып көрінеді.
Он төрт жасқа жетпеген кәмелетке толмағандардан өзгеше, олардың әрекет
қабілеттілігі шектеулі болса да, он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі
азаматтар әрекетке қабілетті деп есептеледі. Заңның жалпы ережесі бойынша,
олар мәмілелерді ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының
келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке
толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс.
Заң құжаттарында кәмелетке толмағандар жасайтын және олар үшін
жасалатын мәмілелерге қорғаншылық және қамқоршылық жасау органының алдын
ала келісімі талап етілетін жағдайлар да белгіленуі мүмкін. Әдетте, мүлікті
иеліктен шығару (мысалы, пәтерді сату) жөніндегі аса маңызды мұндай
жағдайлар отбасы заңдарында көзделеді.
Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері
жасаған мәмілелер бойынша дербес жауапты болады және өздерінің
әрекеттерінен келтірілген зиян үшін жауап береді 9.
Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер мәмілелер жасау туралы жалпы
ережелер бойынша, ата-аналарының, асырап алушыларының немесе
қорғаншыларының келісімімен өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де
кірістеріне дербес билік етуге құқылы, он төрт жастан он сегіз жасқа дейнгі
балалар өздері жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне, мысалы
әдеби шығармашыларына, өнертабыстрына дербес билік етуге, сондай-ақ
тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасауға құқылы.
Көрсетілген жағдайларда он төрт жастан он сегіз жасқа дейіңгілердің
әрекет қабілеттілігін ұлғайту олардың әрекет қабілеттілігін кәмелетке
толмағандармен теңестіреді. Кәмелетке толмағандардың өздерінің табыстарына
немесе өздері жасаған интеллектуалық меншік нысандарына билік ету жөніндегі
әрекет қабілеттілігін шектеу олардың кіріс келтіретін қызметпен айналысу
немесе кәмелетке толмағандардың психикалық толысуының айтарлықтай жоғары
деңгейін көрсететін интеллектуалдық меншік нысандарын жасау ынталарын
тұншықтыруға әкеп соққан болар еді. Көрсетілген жағдайларда кәмелетке
толмағанадар тарапынан теріс әрекеттер (мысалы, кірістерді ысырап ету)
байқалатын реттерде, азаматтық кодекс қамқоршылық және қорғаншылық жасау
органдарының кәмелетке толмағандардың тиісті құқықтарын шектеуіне немесе
тіпті мұндай құқықтарынан айыруға рұқсат етеді.
Кәмелекте толмағандардың құқықтық мәртебесінің құрамдас элементтері
болып олардың азаматтық құқықтық қатынастарда дербес қатысуы табылады.
Олардың әрекет қабілеттілігі толық емес (ішірана) әрекет қабілеттілік деп
аталады. Бұл жерде толық емес әрекет қабілеттілікті және шектелген
әрекет қабілеттілікті ажыратып, шектеуге тек толық әрекет қабілеттілікті
болатындығын белгілеу қажет. Әрекет қабілеттілікті тек заңмен
қаратытырылған жағдайда сот тәртібімен ғана шектелуі мүмкін.
Заң бойынша әрекет қабілеттілігі пайда болатын жасқа жеткен кейбір
азаматтар өздерінің психикалық күйіндегі кемістіктері салдарынан өз іс-
әрекеттерінің зардаптарын толық дәрежеде түсіне алмағандықтан және оларды
орынды пайдалана білмейтіндіктен, соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз
немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылуы мүмкін.
Азаматтық кодекс нормаларына сәйкес, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің
кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не
істегенін білмейтін азамат әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін.
Жүйке ауруы да, ақыл – естің кемдігі аурушаң күйіге байлансты болса
да, азаматың туған сәтінен басталады. Өз әрекеттерінің маңызын түсіну
немесе оларды пайымдай білу қабілетінен айрылуға әкеп соқтыратын жүйкенің
бұзылуы ғана азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану үшін шешуші рөл атқарады
10.
Жүйкесінің бұзылуына байланысты азаматты әрекетке қабілетсіз деп
тануды Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен сот қана шеше
алады және бұл азаматқа қорғаншылық белгілеу үшін негіз болады.
Соттың шешімімен жүйкесінің бұзылуына байланысты әрекетке қабілетсіз
танылған кәмелетке толмаған азамат тұрмыстық ұсақ мәмілелерді қоса алғанда,
дербес түрде мәмілелер жасай алмайды және өздерінің әрекеттері үшін
азаматтық – құқықтық жауапкершілік атқармайды. Мәмілелерді әрекетке
қабілетсіз деп танылған азаматтың атынан оның қамқоршысы жасайды.
Әрекетке қабілетсіз азамат айыққанда немесе денсаулығы айтарлықтай
оңалғанда, ол соттың шешімімен әрекетке қабілетті деп танылады да, оған
белгіленген қамқоршылық алынып тасталады.
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің
отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет
қабілеттілігін сот шектеуі мүмкін. Бұл шектеу кәмелетке толмаған неке
құрған азаматтарға да қолданылады.
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салынған азаматтың әрекет
қабілеттілігін шектеу үшін мұндай салынудың нәтижесінде отбасы мүшелерінің
санына қарамастан, оның отбасы материалдық ауыр жағдайға тап болатыны
шешуші рөл атқарады. Егер азаматтың отбасы болмай, тек өзін ғана
материалдық ауыр жағдайға қоятын болса, онда бұл оның әрекет қабілеттілігін
шектеулі деп тануға негіз бола алмайды. Азаматтың материалдық тіршілік
дейгейінің айтарлықтай төмендеуін, сондай – ақ көрсетілген теріс
әрекеттердің салдарынан бұл деңгейді көтерудің мүмкін еместігін спирт
ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салынатын азамат отбасының
материалдық ауыр жағдайы деп түсіну керек.
Сот арқылы әркетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматқа
қорғаншылық белгіленеді. Мұндай азамат қорғаншылының келісімімен ғана
тұрмыстық ұсақ мәмілелерден басқа мәмілелерді жасауға, сондай-ақ жалақы,
стипендия, зайнетақы, өзге де кіріс түрлерін алуға және оларға билік етуге
құқылы.
Азаматтың спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салынуы
тоқтатылған соң соттың шешімімен азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеу
және оған қамқоршылық белгілеу алынып тасталады.
Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану және мұндай
шектеулерді алып тастау тәртібі азаматтық іс жүргізу кодексі арқылы
анықталады.

1.3 Кәмелетке толмағандардың отбасындағы құқықтық жағдайы

Әрбір он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған баланың мүмкін болғанынша
отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге
құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін
жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы бар.
Кәмелетке толмаған бала отбасында өз мүддесін қозғайтын кез келген
мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай-ақ кез келген сот
немесе әкімшілік іс қарау барысында тыңдалуға құқылы. Он жасқа толған бала
пікірі, егер бұл пікір оның мүдделеріне қайшы келмейтін болса, ескерілуге
міндетті. Қорғаншы және қамқоршы органдар немесе сот он жасқа толған
баланың келісімімен ғана шешім қабылдай алады.
Кәмелетке толмаған балаға алименттер, зейнетақылар, жәрдемақылар
ретінде тиесілі сомалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) билік
етуіне келіп түседі және оны олар баланы асырап-бағуға, оған білім беруге
және оны тәрбиелеуге жұмсайды.
Кәмелетке толмаған баланың өзі сыйға немесе мұрагерлік тәртібімен
алған кірістерді, мүлікті, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа
да кез келген мүлікті меншіктенуге құқығыы бар. Өз еңбегінен кіріс алған
бала, егер ол ата-анасымен бірге тұрса, отбасын асырау жөніндегі шығыстарға
қатысуға құқылы. Кәмелетке толмаған баланың өзіне меншік құқығымен тиесілі
мүлікке билік ету құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы
бөлім) 22 және 23-баптарымен белгіленеді.
Баланың ата-ана мүлкіне меншік құқығы болмайды, ата-ананың баланың
мүлкіне меншік құқығы болмайды. Бірге тұратын балалар мен ата-аналар бір-
бірінің мүлкін өзара келісім бойынша иеленіп, пайдалана алады.
Ата-аналар мен балалардың ортақ меншік құқығы пайда болған жағдайда
олардың ортақ мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы
азаматтық заңдарда белгіленеді.
Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар.
Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды ата-анасы (олардың
орнындағы адамдар), ал осы заңда көзделген жағдайларда қорғаншы және
қамқоршы орган, прокурор және сот жүзеге асырады. Кәмелетке толғанға дейін
заңға сәйкес әрекетке толық қабілетті деп танылған кәмелетке толмаған
адамның өз құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде қорғалу құқығын өз
бетінше жүзеге асыруға құқығы бар 11.
Баланың ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) тарапынан жасалған
қиянаттан қорғалуға құқығы бар. Баланың құқықтары мен заңды мүдделері
бұзылған кезде, оның ішінде ата - анасының (олардың біреуінің немесе
олардың орнындағы адамдардың) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу, оған білім
беру жөніндегі міндеттерін орындамауы кезінде немесе тиісті дәрежеде
орындамауы кезінде не ата-ана (қорғаншы, қамқоршы) құқығын теріс пайдалану
кезінде бала қорғаншы және қамқоршы органға, ал он төрт жасқа толғанда -
сотқа өзінің құқықтарын қорғау үшін өз бетінше өтініш жасауға құқылы.
Кәмелетке толмаған ата-аналардың баласымен бірге тұруға және оны
тәрбиелеуге қатысуға құқығы бар. Некеге тұрмаған, кәмелетке толмаған ата-
аналар олар бала туған жағдайда және олардың ана және (немесе) әке болуы
анықталған жағдайда өздері он алты жасқа толғанда ата-ана құқығын өз
бетінше жүзеге асыруға құқылы. Кәмелетке толмаған ата-аналар он алты жасқа
толғанға дейін қорғаншы және қамқоршы орган балаға қорғаншы тағайындайды,
ол баланың кәмелетке толмаған ата-аналарымен бірге оны тәрбиелеуді жүзеге
асырады. Баланың қорғаншысы мен кәмелетке толмаған ата-ананың арасында
туындаған келіспеушілікті қорғаншы және қамқоршы орган шешеді.
Кәмелетке толмаған ата-аналардың жалпы негіздерде өздерінің әке және
ана болуын мойындауға және оған дау айтуға құқығы бар, сондай-ақ олардың он
төрт жасқа толғаннан кейін сот тәртібімен өз балаларына қатысты әке болуын
анықтауды талап етуге құқығы бар.

2. Кәмелетке толмағандардың азаматтық айналымдағы әрекет қабілеттілігі
1. Кәмелетке толмағандардың кәсіпкерлік қызметпен айналысу
ерекшеліктері

Кез келген ел үшін шағын және орта бизнесті дамыту проблемасы ең басты
өзекті мәселе. Бұл қосымша жұмыс орындарын құруға жағдай жасайды, қаржы
нарығын жандандырады, бәсекелестікке қабылеті орта қалыптастырады, халықтың
сатып алу қабылетін арттырады, сондай ақ ірі бизнестің одан әрі даму
мүмкіндігін кеңейтеді.
Әлемнің көптеген елдіріндегі сияқты біздің Қазақстанда да жаңа
идеялардың қайнар көзі іспеттес кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру ісіне
айрықша маңыз беріліп келеді. Бүгінде шағын және орта бизнес тек қана
кәсіпкерліктің кең өрістеуіне жол ашып отырған жоқ, ол сонымен бірге шағын
және орта қалалардың дамуына негіз қалап отырғанын да айтқан жөн.
Тәуелсіз кәсіпкерлер өздерінің санының көптігі жағынан әлеуметік
экономикалық салада ғана емес, сонымен бірге саяси өмірде де жеке меншік
иелерінің көпқұрамды жігін құрайды. Өздерінің экономикалық жағдайы мен
өмір сүру деңгейі бойынша кәсіпкерлер орта топтың негізін құрайды. Ал кез
келген қоғамда орта дәулетті адамдар әлеуметті және саяси тұрақтылықтың
кепілі болып табылады.
Әлемдік тәжірибені зерделей зерттегенде шағын бизнестің нарықтық
экономикада жетекші сектор болып табылатындығын ақын аңғаруға болады.
Экономикалық өсімді, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы мен сапасын айқындауда
бұл саланың ерекшелігіне еріксіз ден қоясыз. Мәселен, дамыған елдерде жалпы
ұлттық өнімнің алпыс және жетпіс пайызы шағын бизнестің үлесіне тиесілі
болып келеді.
Мемлекеттің шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыруға ден қоюды
ірі кәсіпорындардың жедел дамуына қуатты серпіліс береді. Ірі өндірістерге
қарағанда, шағын кәсіпкерліктің бірқатар артықшылықтары бар екенін де айту
керек.
Экономиканың құрылымдық қайта құруларында оның көріністерін жазбай
тануға болады: кәсіпкерлердің нарықтық таңдау жасауына мүмкіндік мол,
қосымша жұмыс орындарын ашуға да оңтайлы, жұмсалған шығындардың қайтарымы
да тез, тұтынушылар сұранысына да жедел бейімделіп кетуге болады.
Шағын бизнес нарықты тауарлар мен қызметтермен молықтыруға жағдай
жасайды. Салалық жән аумақтық монополизм қармағына түсіп қалмайды. Ең
бастысы – бәсекелестік деңгейін арттыруға жол ашады 12.
Сондай – ақ, шағын кәсіпкерлік халықты жұмысқа орналастыру саласында
да ерекше әлеуетке ие, өндіріске қосымша жұмыс күштерін тартуға да оң ықпал
етеді. Ірі өндіріс орындарында оралымсыздық салдарынан мұндай мүмкіндік
бола бермейді. Бір жағынан технологиялық ерекшеліктер де үлкен
кәсіпорындардың мүмкіндігін шектейді.
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының жүргізіп жатқан нарық
реформалары тауар мен қызметтің ерікті нарығын құруға, кәсіпкерлік қызмет
саласын кеңейтумен нығайтуды қарастырады. Мұндай талаптарда мемлекет
экономикасының негізгі қызмет етуші тұлғалары ретінде кәсіпкерлік қызмет
болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында: әрбір адамда еркін
кәсіпкерлік қызметке құқығы бар делінген 13. Қазақстан Республикасының
азаматтық кодексіне сәйкес, кәсіпкерлік – меншік түрлеріне қарамастан,
азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге)
сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке
меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару
құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі 14.
Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және
мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік қызмет келесі
қажетті белгілермен сипатталатын шаруашылық қызмет түрі:
1. ол өндіріс және өнім, қызмет, жұмыс нарығында ерікті сауда саттық
арқылы пайда, табыс табуға бағытталған;
2. ол ынталы қызмет, яғни кәсіпкердің тиісті мүддесі мен оның таңдауы
бойынша өз еркімен жүзеге асырылады. Басқарушы орган немесе тұлғаның
қандай да бұйығы немесе тікелей белгілеуі бойынша жүзеге асырылатын
кәсіпкерлік қызмет болмайды.
3. мұндай қызмет кәсіпкердің толық мүліктік меншігіне негізделеді. Ол
кәсіпкердің мүліктік базасы болып табылады және кәсіпкер
кәсіпкерліктің барысында бұл мүлікпен шығыстармен залалдарды толық
тәуекелін көтереді;
4. кәсіпкер азаматтық құқықтық айналымда өз атынан қатысады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан
халқына ЖОЛДАУЫ - Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан Жолаудың он үшінші бағытты
Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі дәйекті іс қимыл деп аталады
15.
Міне, осындай маңызды салада кәмелекте толмағандарда өз үлестерін
қоса отырып, өздеріне белігілі бір дәрежеде, заңмен белгіленген құқықтық
негізде жеке кәсіпкерлікпен де айналысуына құқығы бар. Заң бойынша
кәмелетке томаған он бес жастағы азаматтарға еңбек етулеріне құқық
берілген. Осыған сәйкес, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын жеке
кәсіпкерлер он бес жасқа толған азаматтарды өзеріне жалданбалы қызметкер,
серіктес ретінде алуы мүмкін. Немесе кәмелетке толмаған он бес жасқа толған
азаматтың өзі, дербес кәсіпкерлікпен айналысуы мүмкін.
Жеке кәсіпкерлік ретінде жеке тұлғаның (кәмелетке толмағндардың)
бастамасымен, пайда табуға бағытталған, жеке тұлғаның (кәмелетке
толмағандардың) меншігіне негізделген және жеке тұлға атынан, олардың
тәуекелімен, олардың мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын қызмет
табылады. Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып жеке тұлға және мемлекеттік
емес заңды тұлғалар табылады. Кәмелетке толмаған балалар жеке тұлға болып
табылады және заңды тұлғаның құрылтайшысы болуы мүмкін. Мәселен, өндіріс
кооперативінің мүшесі ретінде он алты жасқа толған кәмелетке толмаған
азамат бола алады, бірақ, ата анасының рұқсат етуімен. Сондай ақ
акционерлік қоғам акционері ретінде және шаруашылық серктестіктің
қатысушысы ретінде болуы мүмкін. Оған негіз ретінде көп жағдайларда мұраға
акция немесе шаруашылық серіктестіктің үлесін алуы табылады. Олардың
акционерлік қоғам мен шаруашылық серіктестіктегіндегі материалдық
мүдделерін және құқықтарын олардық қорғаншылары мен қамқоршылары жүзеге
асырады.
Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан
Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда
ғана құрыла алады. Жеке кәсіпкерлік субъектілері:
1. шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;
2. орта кәсіпкерлік субъектілеріне;
3. ірі кәсікерлік субъектілеріне жатқызылуы мүмкін.
Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан
аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын,
жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы
активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңда белгіленген алпыс мың еселенген айлық есептік
көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып
табылады 16.
Бірақ бұл талаптарды қанағаттандыратын кейбір кәсіпкерлік
субъектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызуға заңмен тиім
салынған. Оларға мыналар жатқызылады:
1. есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың
айналымымен байланысты қызметті;
2. акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме сатуды;
3. астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;
4. лотереялар өткізуді;
5. ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметті;
6. сертификаттау, метрология және сапаны басқару саласындағы қызметті:
7. мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу энергиясын өндіру,
қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметті;
8. радиоактивті материалдардың айналымымен байланысты қызметті;
9. банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және
сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен
басқа);
10. аудиторлық қызметті;
11. бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын дара
кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып
таныла алмайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа саны осы
субъектінің филиалдарының, өкілдіктері мен басқа да оқшау бөлімшелерінің
жұмыскерлерін қоса алғанда, барлық жұмыскерлері ескеріле отырып,
айқындалады.
Жобары да белгіленген шарттардың бірі артық болып кеткен жағдайда,
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында
шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін көзделген жеңілдіктер қолданылмайды.
Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан
астам дара кәсіпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын,
жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елуден астам, бірақ екі жүз елу адамнан
аспайтын және жыл бойғы активтердің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңды белгіленген үш жүз жиырма бес
мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар орта
кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны
екі жүз елу адамнан артық немесе жыл бойғы активтердің жалпы құны тиісті
қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды белгіленген үш жүз
жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар
ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге
асырылады. Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен
тиесілі мүлік негізінде сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған
билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.
Некеде тұратын жеке тұлға жұбайын кәсіпкер ретінде көрсетпей өзіндік
кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде ол жұбайдың кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыруға келісімі талап етілмейді 17.
Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың
ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда немесе неке шартында
не ерлі-зайыптылардың арасындағы өзге келісімде өзгеше көзделмесе, мұндай
пайдалануға жұбайының келісімі қажет.
Біріккен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) тобы өздеріне
ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп
пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай
жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жеке кәсіпкерлікпен байланысты барлық
мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жасалады,
ал құқықтар мен міндеттер олардың атынан алынады және жүзеге асырылады.
Бірлескен кәсіпкерліктің мынадай нысандары бар:
1) ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге
асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;
2) шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе
жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік негізінде
жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
3) жеке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге
асырылатын жай серіктестік болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздеріне тән құқықтары мен міндеттері
болады. Атап айтқанда, жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын
кәмелетке толмағандардың құқылы:
1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,
жеке кәсіпкерліктің кез келген түрін жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалдамалы еңбекті
пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен
филиалдар мен өкілдіктер құруға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды
қоспағанда, өндірілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілген
қызметтер) бағасын дербес белгілеуге;
5) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өтеулі негізде қаражат (қарыз)
беруге;
6) өзінің құқықтық қабілеті шегінде сыртқа экономикалық қызметті
жүзеге асыруға;
7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін құруға ;
8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері
арқылы сарапшылық кеңестердің жұмысына қатысуға;
9) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау
органдарына және мемлекеттік органдарға жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің құқықтарын бұзуға кінәлі тұлғаларды жауапқа
тарту мәселелері бойынша жүгінуге;
10) өз құықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сот органдарына
жүгінуге;
11) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері жөніндегі
нормативтік құқықтық актілердің орындалмауына немесе тиісінше
орындалмауына септігін тигізетін себептер мен жағдайларды жою
туралы ұсыныстарды мемлекеттік органдардың қарауына енгізуге
құқылы.
Сондай ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын кәмелетке
толмағандардың белгілі бір міндеттері де бар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды
тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін
сақтауға;
2) өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін
қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңына сәйкес
лицензиялауға жататын жеке кәсіпкерлік түрлерін жүзеге асыруға
лицензиялар алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.
Шаруа (фермер) қожалығы ретінде бір шаңырақта бірлесіп еңбек етіп,
ауылшаруашылығына арналған жерді игеріп, одан өнім алуға, өңдеуге,
пайдалануға байланысты іс қимыл әрекеті болып табылады 18.
Шаруа (фермер) қожалығының субъектілері болып заңды тұлға құрмай және
заңды тұлғаның белгілер болмаған кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке
тұлғалар табылады.
Қазақстан Республикасы аграрлы мемлекет болып табылуына байланысты
шаруа (фермер) қожалығының жеке кәсіпкерлік қызметін жаңдандыру, дамыту
бағыттында атқаратын ролі зор болып келеді.

2. Кәмелетке толмағандардың интеллектуалдық шығармашылық қызметпен
айналысу ерекшеліктері

Әрбір қоғамның өмірінде маңызды орынды, материалдық өндірістен басқа,
рухани өмірде алады. Адам туғанынан бастап ғылым мен мәдениет туындыларын
ойлау, жасау, шығару қабілетіне ие. Мұндай қызмет нәтижеслері әрбір
халықтың, мемлекеттің және толығымен адамзаттың рухани және интеллектуалдық
потенциалын құрайды және көбейтеді.
Қоғамның ғылыми және рухани потенциалы дұрыс саяси экономикалық
саясатпен қатар, қоғамның өзінің алдына қойған міндеттердің орындалуын
қамтамасыз етеді. Бұл энергиятасушылары мен шикізат шығару ғана сүйенбей,
ғылыми терең және күрделі өндірістерді дамытуды, дүниежүзілік технологиялық
еңбектің бөлінуінде өзінің орнын табуды қажет ететін Қазақстан үшін ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
Азаматтық құқық қабілеттілігі жайында
«КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫ»
Жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстары
Азаматтық құқықтың қабілеттілігі
Кәмелетке толмағандардын - қылмыстық жауаптылығының негіздері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жайлы
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының негізгі себептері
Азаматтардың құқық және әрекет қабілеттілігі
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь