Қазақ халқының зергерлік бұйымдары


Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Тарих факультеті
Археология және этнология кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Қазақ халқының зергерлік бұйымдары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3 - 8
1 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕРІ
1. 1 Қазақстан территориясындағы қолөнердің қалыптасу
тарихынан . . . 9 - 13
1. 2 Қазақ әйелдерінің зергерлік бұйымдары . . . 13 - 23
ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫ ӘШЕКЕЙЛЕУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ
ТӘСІЛДЕРІ
2. 1 Зергерлік бұйымдарды әшекейлеу . . . 24 - 31
2. 2 Зергерлік бұйымдарды өңдеу тәсілдері . . . 32 - 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 43 - 45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 47 - 48
ҚОСЫМШАЛАР . . . 50 - 55
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Соңғы уақытта техникалық пргресте біршама жетістікке жетсек те, ата-баба мұрасының көбін ұмыта бастағанымыз ащы шындық. Дегенмен де ХХ ғ. 80-90 жылдары ұлттық санамыздың оянып, ұлтымыздың өткен тарихына зерде салып, болашағымызға көз жіберіп, халқымыздың мәдени мұрасын жоқтауымыз бүгінде өзекті мәселелерге жатады.
Қазір еліміздің тарихын жастардың зердесіне құйып, оларды осы тарихтың тағылымымен, халқымыздың бай, өзіндік ерекшелігі бар мұрағаттарымен таныстыру қасиетті міндет. Ұлтымыздың қолөнердегі жетістігін қауым ігілігіне айналдыру, жергілікті жерлерде халық шеберлерінің істерін жас ұрпаққа насихаттау, әдемі қолөнері бұйымдарын қазіргі заманға сай қолдана білуге үйрету уақыт міндеті. Бұл міндетті орындауда әр халықтың зергерлік өнерінде тек өзіне ғана тән, ғасырлар бойы қалыптасқан, әшекей сәндік өнердің бастамасы болды. Әр туынды өзіндік қайталанбас формасы, көркемдігі және техникалық әдістің күрделілігі секілді факторлар шебердің жоғары дәрежесін дәлелдейді. Осындай жан - жағынан да келіскен өнер туындыларын қазақтың да шеберлері жасағанын тарихтан біле аламыз.
Зергерлік өнер өзінің кең мағынасында әшекей бұйымдарын жасайтын өнер түрі ғана емес, сондай - ақ ол күнделікті үй тұрмысына қажетті заттарды да жасауды білдіреді. Зергерлік өнердің бір туындысы - әшекей, ұлттық киімнің ажырамас бөлігі болып табылады. Киімнің формасы, матаның түсі, ою - өрнектің тігісі мұның бәрі әшекей бұйымының қандай болатынын анықтайды. Шығыс халықтарының киімдерінде түстердің үлкен әсемдік пен гармонияда ерекше үйлесіп тұруына үлкен мән беріледі. Олар сәндік үшін де, қажеттілік үшін де қолданылады. Орта Азия және Қазақстан халықтарының киімдеріндегі әшекейлердің пішіні жан - жақты көркем - техникалық әдіспен жасалған. 13 [12]
Жалпы зергерлік кәсіпті шеберлер негізінде мал шаруашылығы және егіншілікпен қатар біріктіріп алып жүрді. Ұқыпты және әртүрлі үлгіде жасалған әйелдердің әшекей бұйымдары, сонымен қатар аттың ер тоқымы және тағы басқа заттары ерекшеленіп тұратын. Себебі, бірінші жағдайда әйелдер әрдайым сұлулыққа және әшекейге құмар болғандығынан десек, екінші жағдайда өмірінің жартысын аттың үстінде өткізетін халықтар үшін жақсы тұлпар мен жақсы ер оның қасиеті мен өмірдегі жетістігін көрсететінін ескерсек, бұл заңды да.
Кез келген қолөнердің түбірі - халықтың көркем шығармаларымен тығыз байланысты. Дәл осы қолөнер шеберлерінің кәсіпқой өнерімен түптеліп, көркем дәстүрдің тікелей және маңызды қайнар көзі болды. Сондықтан Кавказ тауларынан Жапон аралдарына дейінгі Шығыстың зергерлік өнері әрі бай, әрі оны мекендейтін халықтар секілді бір - біріне мүлде ұқсамайтын әртүрлі болып келеді. 11. [30]
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Орта ғасырлардан бастап, Орта Азияны және Қазақстан халықтарының кәсіптік бұйымдары және әсемдік қолданбалы өнер туындылары Шығысқа келген Европалық саяхатшыларды қызықтыра бастады.
XV - XVI ғ. ғ қазақ халқының тұрмыс - тіршілігін бірден - бір нақты көрсететін деректі, Бұқарлық атақты тарихшы Фазлаллах Рузбиханның еңбегінен табуға болады. Ол «Орталық Қазақстан мен Сырдария бойындағы қалаларды, Жетісу өңірін кәсіпкерлік өнердің орталығы болды» - деп жазады. Сонымен қатар «Бұрындық хан кезінде ( XV - XVI ғ. басы) қазақтар Дешті - қыпшақтың өндірістік дәстүрін жалғастырып, базарлардағы қазақтардың зергерлік бұйымдары көз тартады» - деп жазады. 20 [98]
Алғаш рет қазақ зергерлерінің бұйымдары 1865 жылы Петербор қаласында Ресей халықтарының кәсіптік этнографиялық көрмесінде көрсетілген болатын. Үлкен көлемдегі көрме 1867 жылы Мәскеу университетінің жаратылыстану, антропология және этнография қоғамының ұйымдастырумен болды. Экспонаттар арасында ең құндысы генералдар Н. А. Кржижановский мен Л. Ф. Баллюзек Батыс Қазақстаннан алып келген бұйымдар болды. 26 [19]
1868 жылы Қазақстанға патша Александр II - нің үлкен ұлы князь Владимердің келуіне байланысты, Сібір ведомствасының дала округтарының ұйымдастыруымен қазақ халқының кәсіптік мәдениетін көрсететін көрме өткізілді. 10 [№24] Міне, осылардың барлығы қазақ халқының зергерлік өнерін әлемге танытудағы алғашқы қадамдар еді.
Шығыс халықтарының мыңдаған жылдар бойындағы тарихында, қазақ халқының тарихына арналған жазбалар жетерлік. Сол тарихи жазбалардың көбі керемет өнер шеберлеріне арналған. Олар тек адам өміріне қажетті бұйымдар жасаумен ғана шектелген жоқ, сонымен қатар ғажайып қайталанбас храмдар мен қамалдар, мешіттер мен медреселер салып, фрескалар мен миниатюралар жасап, қарапайым адамдардың өмірін әсем әрі әдемі етті. Солардың ішінде зергерлік өнердің шеберлері үлкен орын алады. Шеберлердің таланты мен үлкен техникалық мүмкіндіктерінің ұштасуы нәтижесінде баға жетпес дүниелер жасалып, адамдардың игілігіне жараған болатын. 12 [37]
Көрме экспонаттарының ішінде ерекше көзге түскен заттар мыналар болды: аң терісінен жасалған маржан тастармен және қауырсындармен әшекейленген қалпақ, алтын және күміспен қапталған, сердолика мен бирюза сынды әшекей тастармен сәнделген ер кісінің ері сонымен қатар таза күміспен көмкерілген әйел адамның ері болды.
Шығыс халықтарының қолөнер әшекей бұйымдарына үлкен қызығушылық туғызған ол 1890 жылы Вена қаласында өткен көрме еді. Еуропа әлемінің алдында сол көрме арқылы бай эстетикалық қолөнер мәдениеті ашылған болатын. Көрсетілген үлгілер Шығыс халықтарының ою өнерінің бай әрі жан - жақты алуан екендігін көрсетіуде көрменің атқарған ролі өте маңызды болды. 53. [131]
Қазақ халқының өнерін зерттеуде орыс халқының ғалымдары да біршама еңбектер қалырды. Оның ішінде ерекше атап өтетін ғалым ол - В. В. Стасов. 47 [том 1, 264 ] Ол, Г. Н. Потанинмен және оның әйелі А. В. Потанинамен жақсы достық қарым - қатынаста болатын. Сол себептен де оларға қазақ халқының қолөнер ескерткіштерін музей үшін жинауды ұсынған болатын.
Сонымен қатар Қазақстанды зерттеушілердің бірі М. А Леваневский өте шебер жасалған «күміс белдіктерге, айырбас тоғаға, бейне бір інжу іспетті көрінетін күміс доңғалақтарға, алтын және күміс жіптермен қапталған зергерлік бұйымдарға» қызыға, таңдана қарайтын. 32 [том 1, 163]
Павлодар уезін зерттеген М. Чормановта осы аймақтағы ел арасындағы зергерлік өнердің қазақ тұрмысында алатын орнына, әшекей бұйымдарға олардың жасалыныу технологиясына және де осы елдегі белгілі зергерлерге сипаттама берген. ( Чорм)
Революцияға дейінгі кездегі көптеген зерттеушілердің ойынша көшпелі қазақ халқының ұлттық, өзіндік қолөнері болған жоқ деп ойлайтын. Кейбір түрлері болса да, олардың пікірінше ол заттар тұрпайы, арнайы, ешбір талғамсыз болып есептелініп, қандай да бір ғылыми қызығушылықты туғызуы мімкін емес деп есептелінді. Кейбір дамыған салаларымызды көрсе оны басқа Шығыс халықтарынан келген өнер деп есептейді.
XX ғасырдың басында жазылған еңбектердің көбі қазақ өнерінің шығармашылық мүмкіндігіне дұрыс баға бермегендктен және зерттеудегі методологиялық, әдіс - тәсілдегі қателіктен. Соңына дейін өз дәрежесінде жазылып аяқталмады.
Қазақ халқының зергерлік өнері және зергерлік бұйымдар жөнінде жан-жақты талдау жасай отырып, оның басқа да халықтарда кездесетіндігіне салыстырмалы түрде зерттей білген ғалымдарға О. А. Корбе мен Е. И. Махованың еңбегін жатқызуға болады. 28 [83]
Орта Азия мен қазақстанның зергерлік бұйымдарына жан-жақты талдау жасаған Н. С. Сычеваның еңбегін де атамай кете алмаймыз. 43
С. И. Руденко, Е. В. Шнейдер және қазақтың өнерін бірнеше жылдар бойы зерттеген ірі ғалым - өнертанушы С. М. Дудиннің, т. б ғалымдардың еңбектерінің маңыздылығы соншалық олар жалпы ұлттық жетістігімізді көрсетеді. Халықтың баға жетпес асыл қазынасы, атақты шеберлердің қолымен ғасырлар бойы жасалып, бүгінде өзінің тиісті бағасын алып отыр.
Әрине қазақ халқының зергерлік бұйымдары мен өнері, ел арасындағы зергерлер орнын өзіміздің қазақ ғалымдарынан артық ешкім сипаттап, жан жақты сараптап бере алмас. Солардың бірі де бірегейі этнограф ғалым, академик А. Х. Марғұланның атақты еңбегін ерекше атап өту қажет. Қазақтың қолөнеріндегі зергерлік бұйымдар жөнінде «Казахское народное прикладное искуство» зерттеуінде қолөнер жайлы толық жазылған. Бұл екі томдық еңбек қазақ қолөнерінің биік шыңдарын көрсететін, қазақ өнерін бүкіл әлемге танытатын еңбекке жатады. Бұнда қазақ щеберлерінің киізден, ағаштан, сүйектен, темірден және т. б. заттардан жасалған бұйымдары түрлі - түсті плпамастративті материалдармен безендіріліп, берілген. Қайталанбас қазақ халқының зергерлік өнерінің шедеврлары, өнертанушы ғалымдардың зерттеуі арқасында көп ұлтты Қазақстан мемлекетінің ұлттық мұрасына айналып отыр.
Қазақ халқының зергерлік бұйымдары жөніндегі зерттеулер Э. А Масановтың, Т. К Басеновтың, Ш. Тоқтабаеваның, Х. Арғынбаевтің, Н. А. Оразбаеваның және т. б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тауып отыр. Бұлардың еңбектерінен өзінің әсемдігімен ерекшеленетін зергерлік бұйымдардың еліміздің қол жетпес қазыналарының бірі екендігін байқаймыз.
Осы еңбектердің ішінде Ш. Тоқтабаеваның еңбегін айрықша атап өтейік. Бұл кісі 2006 жылы осы тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Ол өзінің соңғы шыққан еңбегінде қазақ әйелдерінің әшекей бұйымдарын білезік, жүзіктердің түрлі - түрлі атауларымен олардың жасалу жасалу техникасын» жан - жақты баяндаған. Сонымен бірге әйелдердің әшекей бұйымдарын бір жүйеге келтіріп жазған. Әйелдердің тағынатын әрбір бұйымының атауына, тағынатын мәніне жан-жақты талдау жасайды. Оның еңбегінің артықшылығы сонда, ол қазақтың зергерлік бұйымдарына классификация да жасай ілген. 48[118-119]
Ал, Н. А. Оразбаева Батыс Қазақстанда тұратын қазақ әйелдерінің әшекей бұйымдарының ерекшеліктері жөнінде жаза отырып, еліміздің басқа өңіріндегі әшекей бұйымдарымен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылықтары жөнінде толық баяндап береді. 33[131]
Халықтың қолынан шыққан, халық өзі жасаған қайталанбас зергерлік өнер туындылары бүгінгі таңда аз ғана зерттеуші мамандардың арасында таралып қана қоймай, қалың жұртшылыққа яғни халықтың өзіне оралуы тиіс. Осының арқасында халық шығармашылығының қайта заман талабына сай қанат қағуын жандандыру қажет.
Ж ұмыстың мақсаты мен міндеттері. “Қазақ халқының зергерлік бұйымдары” атты диплом жұмысымда қазақ халқының қолөнерінің бір саласы зергерлік өнердің қазақ тұрмысында алатын орнына, оның қалыптасу тарихы мен зергерлік бұйымдар түрлерін, жасалыну технологиясын жан жақты зерттеп, сипаттап жазу. Осы мақсатқа жету үшін мен алдыма мынандай міндеттерді қойды:
- Қазақстан территориясындағы зергерлік өнердің қалыптасу тарихын, сол кезеңдердегі зергерлік бұйымдарды анықтау;
- Қазірге дейін қазақ қыздары мен әйелдерінің әшекей бұйымдарына айналған зергер бұйымдарды көрсету;
- зергерлік бұйымдарды әшекейлеу мен өңдеу тәсілдеріне
көңіл бөлу;
- зергерлік өнердің қоғам өмірімен, халық санасымен, психологиясымен, тарихымен байланыстылығына көз жеткізу;
- қазақ халқының заттай мәдениетінің құрамдас бір бөлігі зергерлік бұйымдарды зерттеу арқылы қазақ мәдениетінің зерттелуіне үлес қосу;
- зерттеу нәтижесінде жасалынған тұжырымдар арқылы жас ұрпақты ұлттық дәстүрді сақтауға, аялауға тәрбиелеу, ол жөнінде білімін арттыру болып табылады.
Жұмыстың хронологиялық шеңбері. Диплом жұмысымда мен негізінен Х1Х -ХХ ғғ. кезеңдеріндегі қазақ халқының зергерлік бұйымдарына тоқталдым. Зергерлік өнер қазақтың атадан балаға мирас болып саналатын қасиетті өнері. Сондықтанда мен зергерлік бұйымдардың қазақ тұрмысындағы орнын көрсету мақсатында жұмысымда қазақ халқындағы қолөнердің қалыптасу тарихына да қысқаша тоқталып кеттім.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі негізделіп, мақсат міндетім және зерттелу деңгейіне сипаттама берілді. “Қазақ халқының зергерлік өнері” атты бірінші тарауда қазақ территориясындағы қолөнердің қалыптасу тарихына тоқтала келіп, жұмыстың негізгі мазмұнын ашатын зергерлік бұйымдарға жан жақты тоқталып өттім. Екінші тарауда осы зергерлік бұйымдарды әшекейлеу және өңдеу тәсілдерінің түрлеріне, бұйымдардың жасалыну технологиясына, зергерлік бұйымдардың материалына жан жақты салыстырмалы түрде талдау жасап, сипаттама бердім.
1 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕРІ
1. 1 Қазақстан территориясындағы қолөнердің қалыптасу тарихынан
Қазақ халқының зергерлік өнері ұлттың мәдениет тарихында үлкен орын алады. Оның бастаулары мыңдаған жылдарға яғни тереңге кетеді. Еліміздің территориясында мыстың, қалайының, алтынның және басқа да құнды металдардың өндіріп, одан зергерлік бұйымдардың жасалғандығы, олардың жоғары дәрежеде өте шебер шыққаны қазба жұмыстарынан белгілі болды. Қорытпалардың формасының, көркемдік жасалуының өте сәтті шыққанын Есік обосынан, Шымкент және Бесшатыр қорғандарынан, Қарғалы көмбесінен табылған үйсіндердің полихромды алтын әшекейлерінен және де ғұндар кезіндегі алтын бұйымдардан, сонымен қатар Бурабай көлінің маңынан табылған немесе кейіннен обалардан табылған әшекей бұйымдардан байқауға болады. 23. [11]
Көп ғасырлық тарихы бар қолөнер қоғаммен бірге дамып, алғашқыда ешқандай жіктеліске түспей, кейін таптық қоғамда заманның қоғамдық - көркемдік ойлау формасын көрсетті. Тұрмыстық заттардың қарапайым әшекейлерінен және өндірістік құралдарынан, бүгінгі нақты озық үлгідегі әшекейлермен қолөнерге дейін сюжетт - орнаментті мотивпен дамып, жоғары өнер дәрежесіне дейін айналадағы шынайы көріністі керамикада, ағашта, сүйекте, күмісте және т. б. көрсететін дәрежеге дейін жетіп отыр. Бұл дамудың жолы әрине бүкіл халықтың дамуымен тығыз байланысты. 33 [100]
Қазақ халқының бай ұлттық дәстүрі мен өнерінің ерекшелігімен даңқы шыққан. Қазақтың қолөнері көшпелі мал шаруашылығымен қатар пайда болып, қатар дамыды. Көшпелі қазақ өміріндегі зергерлік бұйымдар - тұрағын, киімін және т. б. тұрмыс заттарын әшекейлеп, сәндеуге бағытталды. 5 [46]
Қолөнер түсінігіне әр түрлі заттардың көркемдік әсемдеуі мен үй - іші тұрмысында қолданатын құралдар кіреді. Өнер ретінде ол - қоғамдық ой - сананың бірден - бір формасы болып, көркемдік образды шынайылықпен біріктіріп көрсететіндіктен, өзінің пайда болуында және дамуында өсудің барлық заңдылықтарына бағынды. Қолөнердің көркемдік образы сюжетті - тематикалық компазициямен және ойдың эмоцианалдық құрылымымен затты әшекейлендіреді. 5[87] Ерте кездегі қолөнердің дамуында, өз халқының дәстүрлі - көркемдігін сақтап қалған. 1 [93]
Алғашқы қауымдық кезеңдегі қолданбалы өнер. Бейнелеу өнерімен жалпы қолөнердің Қазақстан территориясында ерте кезден - ақ болғандығына Андронов мәдениетінің - таптық қоғамға дейінгі ескерткіштері дәлел бола алады. 5 (б. ғ. д. екінші мыңжылдықтың II - ші жартысы, б. ғ. д. I - мыңжылдық) . 2 [87] Оған Павлодар ауданындағы Досыбай шатқалындағы бейнелер, Өскемен қаласындағы жазулар, Киргельді өзеніндегі алғашқы қазба материалдары т. б. 2 [90]
Ежелгі замандағы авторлардың еңбектерінде ( Герадот, Страбон, Ктесий) қазіргі Қазақстан территориясын мекендеген сақ, массагет тайпаларының барлық заттары әшекейлендірілді. Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, олардың киімінің пішіні өзгеше, үшкір шашақ бөріктер, кафтан және теріден жұмсақ аяқ киім. Осының бәрі оюмен өрнектелген екен. 31 [121]
Зергерлік өнердің керемет бұйымдары болып табылатын алтын жапырақтармен қапталған, тайпалардың қола әшекейлері. 31 [125] Герадот жазбаларында «найзаның, жебенің ұшы секілді барлық заттары алтын немесе күмістен жасалынған. Сонымен қатар бас киімдері, белдіктері, баулары және т. б. заттары алтынмен әсемделеді. Бас киіммен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан істелген. Сондай ақ ат омырауындағы өмілідірктер де мыстан соғылып, жүген сулығы, ауыздығы т. б. бөліктері түгелдей алтынмен өрнектеліп, безендірілген » - делінген. 9 [40]
Алғашқы қауымдық кезеңде, яғни сақтар мен массагет тайпаларының дәуірінде (VIII - III ғ. ғ б. ғ. д. ) қолөнер бұйымдарында ерекше «антикалық» ою - өрнек қалыптасты. Оған, керамикадағы, терідегі алтыннан жасалған бұйымдар, ағаштан, сүйектен жасалған әсем әшекейлер дәлел бола алады. Жоғарыда атап өткен бұйымдарда бұғының, арыстанның, қойдың, таз текенің, бүркіттің бейнелері салынып, осының арқасында бұл туындылар халыққа бүгінге дейін жетіп тұр. 31 [25] Мысалы, Орталық Қазақстандағы атақты қоладан жасалған бұйымдар, сонымен қатар алтыннан, мүйізден, сүйектен жасалған аңдық стильдегі бұйымдар кіреді. 24 [37]
Сақ әйелдері өрнексіз былғары қапталған қасаба киіп, ал шаштарына кестеленген шолпы таққан. Сақ әйелдері эстетикалық жағынан жоғары деңгейде жасалған зергерлік бұйымдарды асыл тастардан көз салынған алқалар мен моншақтарды мойындарына таққан. Сақ пен қазақ әйелдерінің арасында зергерлік бұйымдар мен киім үлгілерінде өзіндік айырмашылықтар болды. Соған қарамастан ортағасырда қалыптасқан қазақ ұлттық киімдерге қарағанда сақтардың киім үлгілері мен нақыштау мәнерлері әлдеқайда талғаммен жасалған деп тұжырымдауға болады. 39 [81]
Бұл бұйымдарға тән заңдылық сақ стилінде жасалынып, барлығында да бір мақсатқа ұмтылушылық және ішкі бірліктің көркемдігі мінезделеді. Бұйымды әшекейлендіру үшін қолданылатын барлық әдіс - тәсілдер алдын - ала белгіленіп қойылады. Сондықтан сақ шеберлерінің өнерінің негізгі ерекшелігі сонда, қолөнер ретінде де, сәндік өнер ретінде де көрініп, сол мезетте қоршаған әлеммен нақтылы және шынайы әр - алуан әрекеттікте болады. 38 [131]
Бір жағынан тек сақтарда аңдық стиль ғана біріңғай көркемдік идеал ретінде, сақ мәдениетін кең түрде түсіндіретін теорияның негізгі дерек көзі болып табылады. 50 [67]
Сақ өнеріне тән ортақ ерекшелік, ол жергілікті салт - дәстүрмен байланыстырып, ұсталардың нақты бұйымдары болып табылады. Бұл бұйымдарда дамудың нақты ерекшеліктері көрсетіледі. 35 [17]
Қазба жұмысы барысында әр алуан қола, алтын, сүйек, темір бұйымдар мен әшекейлер көбіне қорғандардан табылып, қола дәуірінен мұрагерлікке қалған металл өңдеудің сүйек және ағаш өңдеу өнерінің жоғары дәрежесінің нақты дәлелі болып табылады. Бұл жағынан Қазақстан территориясындағы халықтар сақ дәуіріндегі басқа да көшпенді тайпалардан артта қалмай, мыстың және алтынның бай қорларын өндіруде алдыңғы қатарға шықты. 30 [74]
Ертедегі малшылар алтын зергерлік бұйымдарды жасауда да белгілі бір дәреже жетістікке жеткен болатын. Алтыннан әшекуей бұйымдар жасауда ағаш кеңінен пайдаланылды.
Өзінің көркемдік жетістігімен Берікқара тоға (арыстанның құсты аузына ұстап тұрған) және алтын қарғалы диодемасы таң қалдырады. Бұл бұйымдар Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық кезеңнің соңғы сатысына сәйкес келеді. 2[89]
Бұл қымбат металл алтыннан жасалған заттар қоғамдағы таптық деференциацияының басталғандығын және аристрократияның басталғандығын дәлелдейді. . 11 [72]
Алтын диодема көрнекті етіп, аң аулау көрінісі бейнеленген. Адамның жеке мүсіні, аңдардың мүсіні мифтік құбылыстар, мұның бәрі күрделі компазициядағы оюмен жасалып, шынайы өмірден бастау алатын өнер екендігін, жоғары көркемдік және техникалық деңгейін сол дәуірдегі қолөнердің жетістігін көрсетеді. 54 [50]
Орта ғасыр кезеңіндегі қолөнер. Ерте феодалдық мемлекеттердің түрік қағанаты және VIII - IX ғ. ғ. - Қарлұқ кезеңі) Қазақстанда қолданбалы өнердің диоференциациясының қатар жүргендігін көрсетеді. 11 [69]
Бай феодалдық тап өкілдерінің тұрмыстық және үй кәсәпшілігіндегі заттар бағалы металдан әшекейленіп жасалса, керісінше кедейлердің тұрмыстық және үй кәсіпшілігіндегі заттары анағұрлым тұрпайы, қарапайым болғанымен бірақ оюмен әсемделеді. Осылайша ою - өрнек арқылы әсемдеу барлық жағдайда да қолданылып халықтық дәстүрді сақтап қалып отырады. 11 [73]
Қарахан мемлекеті кезеңінде б. з. X - XII ғ. ғ қолөнермен бірге, көшпенділердің бай феодалдары өздерінің киіз үйлерін, сонымен қатар тұрмыстық бұйымдарды бағалы әшекейлермен сәндеуге тырысты.
Бір жағынан қалаларда қолөнер дамыды (керамикадан, алтын және басқа да әшекейлерден), екіншіден архитектурамен байланысты монументалды - әсемдік өнер қарқынды түрде дамыды 19 [152]
Бұл кезеңнің бір ерекшелігі отырықшы халықтарда бейнелеу өнері монументалды - әсемдік жоспарда дамыса, ал көшпенді аудандарда - киіз үйді, тұрмыстық бұйымдарды және ең көбірек киім - кешекті әшекеулеуге тырысты. 31 [55] Әрине, бұл отырықшы аудандарды мекендейтін халықтар тұрмыс бұйымдары мен киімдерін әшекейлемейді деген сөз емес, ол тек олардың әшекейлеу дәрежесіне байланысты ғана айтылған сөз болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz