Тұрақты тіркесті мезгіл пысықтауыш
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
I тарау. Пысықтауыш және оның зерттелуі
II тарау. Пысықтауыштың түрлері және олардың жасалу жолдары
ΙΙΙ тарау. Тұрақты тіркесті сөйлем мүшелері
ІV тарау. Тұрақты тіркесті мезгіл пысықтауыш
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша әдебиеттер
Көркем әдебиеттер
Мерзімді басылымдар мен диссертациялар

РЕФЕРАТ
Жұмыстың тақырыбы: Тұрақты тіркесті мезгіл
пысықтауыш
Жұмыстың көлемі:
Жұмыстың құрылымы:
Жұмыстың мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: пысықтауыш, тұрақты тіркес,
сөйлем мүшесі,
,
Жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеттері: Пысықтауыштың алғашқы
қалыптасуы мен оның тұлғаларының берілу жолын нақтылау. Тұрақты
тіркестерден жасалған мезгілдік мағына беретін пысықтауыштарды
тұлғаларына қарай жіктеу. Тұрақты сөз тіркестерінің барлық сөйлем
мүшесінің қызметін атқара алатындығын нақты мысалдармен дәлелдеу.
Жұмыстың мазмұны: Кіріспе бөлімінде тақырыптың түп негізі болып
саналатын синтаксис туралы және оның зерттеу объектілеріне тоқталады.
Жұмыстың бірінші тарауында пысықтауыш және оның зерттелуі жайлы сөз
қозғалады. Осы мәселеге байланысты ғалымдардың әрқилы пікірлерін
келтіреді.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-
бет
Пысықтауыш және оның зерттелуі ... ... ... ... ... ... 6- бет
Пысықтауыштың түрлері және олардың жасалу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15 -
бет
Тұрақты тіркесті сөйлем мүшелері ... ... ... ... ... ... 1-б ет
Тұрақты тіркесті мезгіл пысықтауыш ... ... ... ... ...20-бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...30-
бет
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ..31-бет
Қосымша әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...32-бет
Көркем әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..33-бет
Мерзімді басылымдар мен диссертациялар ... ... ... .34-бет
Синтаксис (грек. sintaxis–біріктіру)–грамматиканың үлкен бір саласы.
Синтаксис сөйлемдегі жеке сөздердің байланысын, сөз тіркесінің
заңдылықтарын, сөйлем құрудың амал-тәсілдерін қарастырады. Егер де жеке
сөздер морфология саласында статикалық (сол тұрған қалпында) тұрғыдан
зерттелсе, синтаксисте олар динамикалық (қозғалыста) тұрғыдан
қарастырылады.
Синтаксис сөз тіркесін, сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін
және басқа синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің грамматикалық
тәсілдері ретінде, өзара байланысты категориялар ретінде қарастырады.
Синтаксис сөздерді сөйлемнің бөлшектері ретінде, ал жалғауларды
сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен қиюластырып тұратын морфологиялық-
синтаксистік категория ретінде тексереді. Синтаксис–сөз тіркесінің,
сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын зерттейтін ілім.
Жай сөйлемге қатысты үлкен мәселенің бірі – сөйлем мүшелері. Сөйлем
мүшелері әр тілде әр түрлі зерттелген. Лексикалық мағыналары толық
сөздердің тіркесу нәтижесінде пайда болған грамматикалық мағыналарға ие
болып, синтаксистік қызметті атқарып тұратын сөздерді сөйлем мүшелері
дейміз. Сөйлемдегі сөздердің саны аз болса да, көп болса да, бір-бірімен
мағыналық, тұлғалық байланысқа түсіп, сөз тіркесін жасайды. Ал сол сөз
тіркесінің жеке сыңарлары сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады.
Сөйлем мүшелерін дәл анықтап, дұрыс ажыратудың басты шарттары
мыналар:
1. Сөйлемнің әр мүшесінің өзіне тән жеке сұрақтары болады.
2. Сөздердің бір-бірімен байланысына қарай басынқы сөзден бағыныңқы
сөзге сұрақ қойылады.
3. Ол сөздердің қандай грамматикалық тұлғада тұрғандығын білу шарт.
Қай тілдің болмасын синтаксистік категориялары мен морфологиялық
категориялары бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Сөз синтаксистік
қызметі мен басқа сөздермен арадағы қатынасын сөйлем құрамында көрсетеді.
Кейде сөздің лексикалық мағынасының өзі сөйлем құрамы арқылы айқындалады.
Сөйлем белгілі бір ой желісін білдіріп, тыңдаушы жұртқа түсінікті болу
үшін, ондағы сөздер өзара берік синтаксистік байланыста тұруы тиіс.
Сөйлемдік қоршаудағы әр сөз өзіне лайықты орында тұруы және жалғау, шылау
сияқты дәнекерлік қызмет атқаратын тұлғаларды дұрыс қабылдауы керек. Осы
талаптар дұрыс орындалмаса, сөйлемдегі сөздер өзара берік байланыса алмайды
да, айтылған ой түсініксіз болады. Демек, айту, тыңдау процесі өз мақсатына
жете алмайды.
Сөйлем құрамына енген сөздерді өзара таптастырғанда, оның рөлі мен
маңызы ескеріледі. Осы тұрғыдан қарағанда, тұрлаулы, тұрлаусыз болып екі
топқа бөлінеді. Сөйлем құруға негіз болатын бас мүшелер – тұрлаулы мүшелер
– сөйлем атаулының грамматикалық ұйытқысы. Ал тұрлаусыз мүшелер тұрлаулы
мүшелердің маңына топтанып не тікелей соларды, не бірін бірі анықтап,
толықтап, пысықтап тұрады.
Ι ТАРАУ
Пысықтауыш және оның зерттелуі
Түркологияда Н.К.Дмитриев, М.Балақаев, А.Н.Кононов, Е.И.Убрятова
пысықтауышты арнайы сөйлем мүшесі ретінде қарастырса, Г.Д.Санжеев пен
Л.П.Поцелуевский пысықтауышты формалық белгісінің негізіне сүйеніп және тек
үстеу үшін арнайы сөйлем мүшесін қарастыру қажет емес дейтін пікірді
негізге ала отырып, пысықтауышты сөйлем мүшесі деп танымайды.
Қазақ лингвистикасында А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов,
Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Х.Басымов, Ә.Ермеков, М.Томанов, Т.Сайрамбаев,
т.б. ғалымдардың пысықтауышқа қатысты еңбектері бар. Ахмет Байтұрсынов:
Тіл құрал атты еңбегінде пысықтауышқа қатысты былай дейді: Пысықтауыш
сөздер деп амал пысықтау үшін айтылатын сөздерді айтамыз. Сөйлем ішінде әр
нәрсенің амалын көрсететін сөз баяндауыш. Сондықтан пысықтауыш сөздер
баяндауышты пысықтайтын сөздер болып шығады. Бұлар баяндауышты қалай
пысықтайды? Әуелі баяндауыш көрсетіп тұрған амалдың мезгілін айтып, екінші
орнын айтып, үшінші сынын, сыйқын айтып, төртінші себебін айтып, бесінші
мақсатын айтып пысықтайды. Сондықтан пысықтауыш сөздердің өзі бес топқа
бөлінеді:
1. мезгіл пысықтауыш
2. мекен пысықтауыш
3. сын пысықтауыш
4. себеп пысықтауыш
5. мақсат пысықтауыш
Амалдың мезгілін, мекенін, сынын, себебін, мақсатын көрсету-бұл
пысықтауыш сөздердің ішкі белгілері. Бұлардан басқа тысқы белгілері де
бар. Әр пысықтауыш сөздің өз алдына жауап беретін сұраулары бар. Олар тысқы
белгісі болады. (
Қ. Жұбанов үш түрлі сөйлем мүшесі бар деп көрсетеді. Сөйлемде бастауыш
пен баяндауыштан басқа да мүшелер болады. Олар я баяндауышты, я
бастауышты анығырақ, айқынырақ аңғарту үшін тұрады.
Сатырлаған сойыл үйдің үстіне жауды (Б.Майлин).
Бұл сөйлемде сойыл, жауды деген сөздер негізгі мүшелер. Қалғандарының
бәрі де айқындауыштар. Үстіне деген сөз қайда жауғанын көрсетіп, жауды
деген баяндауышты айқындап тұр. Үйдің деген сөз ненің үстіне жауғанын
білдіріп, үстіне деген айқындауыштың айқындауышы болып тұр. Сатырлаған
деген сөз қандай, қайткен сойыл екенін аңғартып, сойыл деген бастауыштың
айқындауышы болып тұр. (
С.Аманжоловтың пысықтауышқа қатысты пікірі төмендегідей: Тұрлаусыз
сөйлем мүшелерінің бірі–пысықтауыш. Бұл да шартпен
алынған термин. Пысықтауыштар–қимылды, сынды айқындайтын сөз. Мұны
анықтауыш, толықтауыштардан бөлгенде, тек қана мағынасына, сөз табының
жігіне қарай бөлгенбіз. Анықтауыш–қандай, қай, қайсы, қайсы сияқты
сұрауларға, толықтауыштар септік жалғауының тура сұрауына жауап берсе,
пысықтауыш тек қана үстеулердің, көсемшелердің және шылаулы сөздердің
сұрауына жауап береді. Сонымен қатар, пысықтауыштар септік жалғауының бұрма
сұрауларына, есімдердің, етістіктердің шылаулы түрлерінің сұрауына жауап
береді.
Нығмет Сауранбаевтың 1953 жылғы еңбегінде пысықтауыш туралы былай
делінген: Сөйлемде пысықтауыш болған сөз етістік болған басқа мүшенің
мезгілін, мекенін, амалын, шартын, мақсатын, себебін білдіреді.
Пысықтауыштар белгілі сөз таптарынан ғана болады. Көбінесе, пысықтауыш
болатын–үстеулер. Сол сияқты белгілі орында сын есім де, етістіктің
көсемше, есімше түрлері де мекен, мезгіл мағынадағы зат есімдер де
пысықтауыш бола алады. ()
Пысықтауыштар басқа сөйлем мүшесінен әлдеқайда абстракттанған сөздер.
Бұлардың да түп негізі объект, зат болған. Оны байқау үшін кеше, бүгін,
ертең, өте, аса, қолма-қол... сияқты үстеулердің этимологиясын қараса
болғаны. Кеше+нің түбірі кеш, бүгін+нің түбірі бү+күн, ертең+нің түбірі ар-
арғы, тең-таң мағынасындағы екі сөзден құралған. Өте +нің түбірі–өт
(етістік), асаның түбірі–ас (етістік), қолма-қол дың түбірі–қол мен қол
деген сөзден құралған.
Пысықтауыштардың мағынасы етістіктің мәнімен байланысты, сондықтан
бұлар, көбінесе, етістікке жақын тұрады. Қазақ тілінде үстеулерден басқа
сөздер де пысықтауыш болады. Оның ішінде, әсіресе, сын есімдер етістікке
тетелес тұрса, сөз жоқ, пысықтауыш болады. Етістіктер көсемше түрінде ғана
емес, белгілі жалғау я жұрнақ жалғанған есімшелерден де пысықтауыш болады.
Ашығырақ айтсақ, -ша, -ше жұрнағы жалғанған есімдік, есім сөздер, есімшелер
үстеуге айналып барып, пысықтауыш болады. Бұлардан басқа сан есім анықтаған
жылы, күні, айы... дегендер де күрделі пысықтауыш болады. Бұлармен ғана іс
бітпейді. Бізде орасан, әсіресе, ерекше, тым-тым... сияқты сын үстеулер
де пысықтауыш болады. Барлық пысықтауыш мағынасына қарай беске бөлінеді:
1. мезгіл пысықтауыш
2. мекен пысықтауыш
3. себеп пысықтауыш
4. мақсат пысықтауыш
5. сын-қимыл пысықтауыш
Мұғалімдердің және тіл мамандарының 1952 жылдан бері Халық мұғалімі
журналы бетінде толықтауыш пен пысықтауыш жайында айтысып келе жатқан
мәселесі, әсіресе ол мүшелердің мекендік мәндерін айыра тануға, олардың
мәндік, формалық белгілерін шатастырмайтын етіп анықтауға арналған еді.
Сөйлем мүшелерінің ішінде осы толықтауыш пен пысықтауыштың анықтамасын
дұрыстау, оларды талдағанда бірімен-бірін шатастырмайтын қалыпқа келтіру
қазақ тілін зерттеушілердің де, грамматика жазушылардың да, мектеп
мұғалімдерінің де негізгі мақсаты деп білеміз. Бұл–бізде тек қазақ
тілшілерінің ғана алдында тұрған мәселе емес, орыс, өзбек, татар т.б.
тілшілерінің алдында көптен қойылып келе жатқан даулы мәселенің бірі.
Оқушы жұртшылығына белгілі қазақ тілі синтаксисінің бұл мәселесіне
байланысты бірнеше көзқарас бар. Сол көзқарастар әр кезде жарыққа шығып та
келді. 1938 жылы шыққан орталау, орта мектептерге арналған алғашқы
синтаксистің өзінде-ақ мекен пысықтауыш болатындар тек мекен үстеулері ғана
делінген. Септік жалғаулы болғанымен, мағынасына және контекске қарай
пысықтауыш болып кететін сөздер туралы да сонда тұжырымды пікір айтылған.
Осымен байланысты септік жалғауының тура сұрауы, бұрма сұрауы деген
фразалар пайда болып еді. Шынында да, іліктен басқа септік жалғауында
тұрған сөздер біркелкі емес. Бұларды дұрыс тану үшін, сөздердің қасиетін,
олардың байланысу, грамматиканың қарамағына түсу жолдарын білу қажет.
Грамматика сөздердегі, сөйлемдердегі жеке, нақты нәрседен абстракцияланып
алынған. Біз сөз етіп отырған толықтауыш, пысықтауыш... дегендеріміздің
бәрі– грамматиканың қарамағына түсіп, соның нәтижесінде аса зор маңызға ие
болып тұрған сөздер.
Тілшілер, оқытушы мұғалімдер, алдымен, әрбір грамматикалық категорияның
өзіндік ерекшелігі, өздеріне тән мағыналық, формалық белгісі, жасалу
жолдары болатынын еске алулары керек. Бұл ерекшеліктері болмаса, оларды
бірінен-бірін айыру қиын болар еді. Ғалымдар грамматиканың ережесін
жасағанда, форма немесе мағына қуалап қателесуі, бір жақты кетуі,
схоластикалық т.б. ағымға түсіп кетуі сөзсіз. Қазақ тілшілерінің арасында
осылай, мәселеге біржақты қараушылықтың салдарынан болып жүрген бірсыпыра
қателер, даулы мәселелер бар. Сол 1952 жылдан бері жазылған мақаланың бірде-
бірі мәселені тұжырымды, дәлелді етіп шешіп бере алмағаны осыған айғақ.
Рас, әркім өзінің көзқарасын дұрыс-ау деп шамалады, сол көзқарас бойынша
грамматикамыз осы мәселені түйіндеп, оқушыларға үйретсе, оңайлық, жүйелік
пайда бола ма деп ойлады.
Шынында, бұл мәселе оңай мәселе емес. Оның оңай еместігін
тілдегі мекендік мағынаны беретін, лексика- грамматикалық
ұғымды білдіретін сөздердің, грамматикалық мағына мен грамматикалық
формалардың әр алуан екендігінен көземіз. Демек, мекендік мәнді зат
есімнің жатыс, барыс, шығыс, кейде көмектес жалғаулы түрі де білдіреді.
Жалпы түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің, фактілері мекендік
мәнді білдіретін сөздер мен тұлғалар көп екендігін және олар әр алуан
болып кеетіндігін дәлелдейді. Сонымен бірге, кейде бір форманың өзі түрлі
мағынаға ие болатындығы да кездеседі. Кейбір есім сөздер белгілі қосымшаны,
шылауды қабылдаумен байланысты және контекске байланысты абстрактыланып,
бірде үстеудің, бірде есім сөздің сұрауына жауап береді. Бұл да жалғыз
қазақ тіліне тән ерекшелік емес, түрлі тілдердің бәріне тән ерекшелік.
Жасыратыны жоқ, біз синтаксисті орыс тілінің грамматикасына сүйене
отырын жаздық, бізден бұрынғылар да орыс грамматикасына сүйене отырып
жазған болатын. Түркологтардың сол тілдің ерекшелігіне байланысты
ізденгендері де бар. Соның ішінде Е. И. Убрятованың Исследования по
синтаксису якутского языка деген еңбегі осылай жазылған.
Орыс тілінде де толықтауыш пен пысықтауыш арасыында бұлдыр нәрселер
бар. Орысша куда? дегенге жауап беретін нәрселерді бір қалыпта алуға
бола ма, жоқ па? Біздегі объектілердің предикатқа қарым-қатынасы орыс
грамматикасындағыдай ма? Оларды қазақшаға механикалық түрде алуға бола ма?
Және орта мектепке мұны қалай енгізуге болады? Бізде қайда? деген сұрау
жалғаулы, жалғаусыз сөздерге қойыла береді. Осының айырмашылығын орта
ментеп үшін қалай беру керек? Біздің жалғаусыз сөз ғана пысықтауыш
болады, жалғаулы болса толықтауыш болады деп жүргеніміз осыдан екенін
түсіну керек.
Бұл айналып келгенде балаларды шатастырмау үшін және жеңіл болу үшін
айтылған нәрсе. түбінде, ішінде, жанында, қасында деген сөздердің бәрі
қайда деген сұрауға жауап береді. Тіпті көзге көрінбейтін нәрселер де
қайда-ға жауап береді. Мұндай абстрактылық ұғымдардың барлығына
балалардың ойы жетпейді. Орыстарда в Москву, на Москву дегендегі у-
лар қойылудың критерийі А.М. Пешковскийдің еңбегінде тамаша айтылған.
Бұлардың екеуі бір куда?деген сұрауға жауап береді, бірақ мұнда
предлогтар бар, олар септік жалғаулармен қабаттасып жүреді. Бізде ол жоқ.
Біздегі толықтауыш пен пысықтауыш жіктелуі сияқты ерекшеліктерді еске
алып барып айтылған. Оларды еске алмай, көз жұмып, қалай болса солай
еліктеп, ала салсақ қазақ тілінің өңін айналдырып жіберу болып шығады.()
Бұл ғалымдар пысықтауыштың тұлғаларын анықтап, мағыналық түрлерін
жіктесе, Қ.Шәукенов Синтаксис атты еңбегінде пысықтауышты сөйлем мүшесі
ретінде қарастырмайды (1.97).
Пысықтауыштар өздері қатысты мүшені (көбінесе етістік баяндауыштың)
мекен, мезгіл жағынан да және істің істелу амалы, себебі мен мақсаты
жағынан пысықтайды.
Пысықтауыш мүшенің тағы бір ерекшелігі – ол пысықталатын мүшемен
соншалық тығыз байланыста бола бермейді. Логикалық екпін өзіне түскен
жағдайда ғана пысықтауыш өзі айқындайтын етістік баяндауыштың нақ алдында
тұрады да, қалған реттерде бірде арасына сөз салып, сөйлемнің орта шенінде,
бірде сөйлемнің бас шенінде, тіпті, бастауыштан бұрын келе береді. Мысалы:
Мұрат мектепке кеше барды. Мұрат кеше мектепке барды. Кеше мектепке Мұрат
барды. Осы сөйлемдер құрамындағыдай пысықтауыштың орнын ауыстырып айта
беруге болады. Бір рет қана логикалық екпін кеше сөзіне түскенде,
пысықтауыш баяндауыштың тікелей алдында келген. Қалған сөйлемдерде
логикалық екпін пысықтауышқа түспей, басқа сөздерге түсіп, соның салдарынан
оның орны да әр қилы өзгере берген. Пысықтауыштардың мұндай еркіндігі,
әрине, сөздің стильдік қолданылу заңдылықтарымен ұштасып, инверсия
заңдылығын туғызады. Екінші жағынан, бұл ерекшелік пысықтауыштың өзі
пысықтайтын сөзбен байланысының біршама әлсіздігін, көбінесе,
грамматикалықтан гөрі мағыналық жағынан ғана ұласып жататындығын
дәлелдейді.
Пысықтауыш - басқа сөздің әйтеуір бір сапасын, ерекше белгілерін
білдіру үшін жұмсалатын бағыныңқы мүше. Солай болғандықтан, ол анықтауышқа
ұқсас. Дегенмен ол екеуінің елеулі айырмашылығы бар: анықтауыш заттық ұғымы
бар сөздердің – зат есімдердің, субстантивтенген басқа есімдердің-әр алуан
сапасын, меншіктілік-тәндік қатынасын білдіру үшін жұмсалса, пысықтауыш,
негізінде, заттың қимылдық сапасының сапасын, белгісін білдіреді. Басқаша
айтқанда, пысықтауыш етістіктен болған мүшені анықтайды (2.186).
Пысықтауыштар білдіретін мағыналарына қарай былай бөлінеді: мезгіл
пысықтауыш, мекен пысықтауыш, мақсат пысықтауыш, себеп-салдар пысықтауыш,
амал пысықтауыш, мөлшер пысықтауыш.
Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер – үстеулер, үстеу мәндес
есімдер, сапалық есімдер мен мекендік, мезгілдік, мақсаттық, амалдық
мағыналарда жұмсалатын септеулі (жатыс, барыс, шығыс, көмектес
септіктеріндегі) зат есімдер.
Үстеу-түркі тілдерінде кешеуіл қалыптасқан. Дербес сөз табы ретінде
өзге грамматикалық категориялардан кейін пайда болған. Тілдегі өзге сөз
таптары үстеудің пайда болу, қалыптасына үлкен әсер етті. Тіл білімінде
үстеудің пайда болу, қалыптасуын адвербиалдану деп атайды.
Сөз таптарының бірден пайда болмай тілдің тарихи дамуы барысында
біртіндеп жасалатындығы үстеудің сөз табы ретінде қалыптасуынан айқын
көрінеді. Зерттеушілер үндіеуропа тілдерінде зат есімдер мен сын есімдердің
септік жалғаулы түрлерінің сөйлемде пысықтауыш қызметінде жұмсалу барысында
олардан үстеулердің жасалғандығын айтады. Ал қазіргі түркі тілдерінде
қолданылып жүрген бірге, зорға, иоқару, илгери үстеулері де бір кезде басқа
сөз таптарына тән, өзге функцияда қолданылған сөздер тобы болған. Осындай
бірқатар сөздер өздерінің қолданылу аясында, сөйлемдегі қызметіне
байланысты пысықтауыштық функцияда тұрақтанып, кейіннен мағыналық реңкінің
ауысуына, бастапқы нақты мағынасының жалпылануына, дерексізденуіне
байланысты үстеу сөз табының ерекшеліктерін, қасиеттерін бойына сіңіріп сол
жүйеге өтеді.
Форма жағынан көнеленген, мағына жағынан әуелгі төркіндерінен
алшақтаған сөздер өздерінің бастапқы топтарынан бөлініп шығып, лексикалық
мазмұны жағынан басқа сөздер тобына айналады. Сонымен қатар форма жағынан
да не біржола септелмейтін, не бірен-саран септік жалғауларын қабылдайтын
жарым-жартылай ғана өзгеретін сөздерге айналады. Мысалы: артқа, алға,
алда, арттан. Мұндай сөздер мағына жағынан қимылдың алуан түрлі күй-жайын,
белгісін білдіреді, оларда заттық мағына болмайды. Сөйлемде көбінесе
пысықтауыш болып қызмет атқарады. Ал сөз табындық ерекшелігі, морфологиялық
өзгешелігі тұрғысынан үстеулерге жатады.
Қазіргі түркі тілдеріндегі кейбір үстеулердің құрамындағы аффикстер
шығу тегі жағынан алғанда алғашында жалғаулар болғанмен қазіргі кезде олар
сөздің түбірінен ажыратып алуға келмейтін дәрежеге жеткен де, түбірге
сіңісіп, оның құрамдас бөлігі болып қалған. Осындай құбылыстардың
нәтижесінде үстеулер жасалған. Сөз таптарының ішінде зерттеу объектісі
болып отырған үстеу сөздер бір кездерде бейтарап жатқан, лексико-
грамматикалық белгілері мен семантикалық айқындалмаған тілдік сөз топтары
еді.
Түркі тілдерінің тарихы саналатын Орхон-Енисей, Талас жазбалары жазба
тіл нұсқасын танытатын бірден-бір мұра. Аталмыш жазбалар сол дәуірлердің
тілдік жүйесінде әбден екшеленіп, белгілі нормаға түскен жүйе ретінде
танылады. Әрбір сөз таптарының анықтамасы мен лексико-грамматикалық
қасиеттерін айқындағанда көне түркі тілдерінің материалдарын пайдаланбай
тұжырым жасау қиын да күрделі мәселе.
В.М.Насилов V-VIII ғасырларда үстеу әлі де қалыптасу, даму үстінде,
жеке лексикалық категория ретінде толық қалыптаспағандығын айтады. Біршама
үстеулер есімді сөз таптары және етістіктің көсемше форманттарымен
кездесетіндігін ескертеді. Орта ғасыр ескерткіштері материалдары бойынша
зерттеулерде үстеу деп аталатын сөздердің қатары едәуір молайып, атқаратын
қызметі мен қолданылу аясы кеңейіп қалғандығы байқалады. Бұл дәуірлерде
үстеулер өз алдына топ құрап, беретін мағынасы мен жасалу жолдарына
байланысты біршама теориялық анықтамаларға ие болып қалған болатын.
Ғалым А.М.Щербактың айтуынша ескі өзбек тілінде үстеу сөздер
түрлендіруші формалары жоқ сөз табы. Бірақ көп жағдайда мүлдем қатыспайды
дегеннен гөрі кейбір сөз түрлендіруші формалары бар, бірақ олар тұрақты,
көнеленген, аралық синтагматикалық байланысы үзілген грамматикалық
көрсеткіш ретінде танылады дейді. ()
Салыстыра, сатылай зерттеу барысында көне түркі дәуірінде үстеу сөз
табының әлі де болса толық қалыптаса қоймағандығын, орта түркі дәуірінде
үстеу сөз табының жеке сөз табы ретінде пайда болып, өзіндік грамматикалық
құбылыс түрінде, біршама лексика-семантикалық грамматикалық белгілерге ие
бола бастағандығы айқындалды. Зерттеу нәтижелерінен белгілі сөйлем мүшелері
тарапынан үстеу сөздердің пысықтауыштық қызметке ие болып, соның салдарынан
қызметіне байланысты пысықтауыштық сөздер пайда болып, қолданылу аясына,
беретін мағынасына қарай үстеу сөз табы болып, белгілі категорияның
қалыптаса бастағандығы айқындалды. Ал қазіргі түркі тілдері материалдарын
сараптағанда жекелеген түркі тілдерінде үстеу сөз табы әбден орнығып, сөз
табындық қасиеттерімен көрініп, лексика-семантикалық топтарының ұлғайып,
сөзжасамдық қабілетінің артып қалғандығы көрініп тұр.
Үстеу сөз табы қазіргі түркі тілдерінде толық қалыптасқан, тұрақты
грамматикалық категория. Зерттеуші И.И.Мещанинов үстеудің қалыптасуында
бірден-бір қызмет атқаратын сөйлем мүшелері, оның ішінде пысықтауыштық
сөздер екендігін айтып, сөйлемдегі функциясына байланысты біртіндеп
қалыптаса бастағандығын көрсетеді.() Шынында, үстеулердің сөз табы ретінде
қалыптасуына әртүрлі сөз таптары ықпал етті. Үстеулер сөйлем ішіндегі
қолданыстарына байланысты бөлініп шықты. Бірақ барлық пысықтауыштар
үстеулер қатарына өте беруі шарт емес. Үстеулер лексикалық топ болып өзінің
грамматикалық формасына байланысты өзге сөз таптарынан етістік ретінде
қолдабай, тура осы қатарда үстеу түрінде жекеленген.
Түркі тілдеріндегі үстеу әр дәуірге тән өзіндік белгісімен, даму,
қалыптасудағы арнайы заңдылықтармен көне заманнан Орхон-Енисей, Талас
ескерткіштері, одан беріде Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн еңбектерінен
белгілі. Қазіргі тілімізде қолданылып жүрген көптеген үстеулер көне дәуірде
қолданыс тауып келе жатқан сөздер тобы. Олардың сөз табы ретінде қалыптасуы
өте ерте кезеңде жүргендіктен көбі қазіргі түркі тілдерінде түбір үстеулер
сипатын алып келген. Мысалы: қазақ тілінде енді, кеше, ертең, зорға, бірге,
дәйім, әрең, әдейі.
Ал қалған үстеулер кейінгі жылдары ауызекі сөйлеу тілі, әдеби жазба
тілдің дамуы, қалыптасуы, белгілі нормаға түсуі нәтижесінде жасалып, жаңа
сөз, жаңа мағына ретінде үстеу сөз табына телініп отырды.
Ескерткіштер тілінде үстеу түрінде қолданылған йоқару-жоғары сөзі V-
VIII ғасырларға дейін қалыптасудан өткен. Мәтінде аталмыш сөз үстеу ретінде
толық мағынаға ие болған, қызметі жағынан да үстеулік реңкке ие тұлға.
Сөздің құрылымдық-семантикалық сипатына келетін болсақ, мынандай
ерекшеліктерді көруге болады. Сөздің түбірінен септік жалғауын бөліп
алайық. Түбір йо-жо+ғару жалғау. Форма еш өзгеріске түспеген, ал түбірдің
мағынасына, тұлғалық сипатына қарасақ еш деректерден кездестіре алмаймыз.
Өйткені тілде йо-жо түріндегі единица жоқ. Яғни түбір сөз өзгеріске
түскен. Көне түркі материалдарын салыстыра қарастыру барысында аталмыш
сөздердің нақты формасы табылды. Сөз көне жазбалар тілінде йоқ-қырат,
шоқы деген мағынада қолданылған. Зат есім сөз ескерткіштер тіліне дейін
грамматикалық форма –ғару көрсеткішін қабылдап, өзгеріске түскен. Алғашында
зат есімнің түрленуі болғанымен, кейіннен сөйлем ішіндегі қызметі өзгерген.
Функциялық жақтан әуелі өзге сөз табына тән болған сөз кейіннен мағыналық
жақтан да үстеулер қатарына жылжып ауыса бастаған. Көне заманда өз алдына
жеке лексикалық единица ретінде қолданылған йоқ сөзі йоқ йер биік жер,
қырат, үстірт септік формасымен бірігіп оның ажырамас бір бөлігі болып
қалған. Процесс тілдің дамуында ұзақ мерзімді сұрыпталу мен қалыптасуды
басынан кешірген. Пайда болған жаңа тұлға түрленбейтін сөздерге айналды.
Бастапқы сөз түрлендірушілік қасиетінен толық айырылады. Осындй процестің
нәтижесінде туынды сөз түбір сөзге айналады.
Қазақ тілінде кездесетін кешке сөзі үстеу ретінде кейінгі жылдары ғана
қалыптасып, толық мағынаға ие болған.
Құрамы мен тарихи тұрғыдан талданбаса, қазіргі тіл тұрғысынан еш
ажыратуға, талдауға келмейді. Аталмыш сөздердің құрамынан қазіргі қазақ
тілі материалдары бойынша талдасақ, -ке формасы бойынан жалғау қасиеті
ауытқып кеткен көрсеткіш ретінде танылады. Яғни сөз құрамындағы жалғауда
сөз түрлендірушілік қасиет жоғалған, өлі форма түрінде ғана көнеленген
септік жалғауы десе де болады Ал егер аталмыш форманы сөз түрлендіруші
барыс септігі ретінде қараса, онда сөз толығымен үстеулер қатарынан шығып
кетеді.
Сын есімдердің үстеуге айналуының басты белгілерінің бірі ретінде
конверсия құбылысы ерекше сипатқа ие болады. Өйткені көп жағдайда сын есім
сөздер өздерінің тұлғалық сипатын сақтай отырып контекстік мағынасына,
функциясына байланысты үстеуге айналады. Сын есім сөйлем ішінде есіммен
тіркесіп анықтауыш ретінде заттың сапасын, сынын білдірсе, етістікпен
тіркесіп қимылдың белгісін білдіріп үстеу болады.
ΙΙ ТАРАУ
Пысықтауыштың түрлері және олардың жасалу жолдары
Мекен пысықтауыш
Қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бет алысын, қайдан екенін білдіретін
пысықтауыштар мекен пысықтауыш болады (2.191).
Мекен пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер, негізінде, мекен
үстеулер: жоғары, төмен, ілгері, кейін, соң, әрі, әрмен, бері, бермен,
кері, ішкері, тысқары, сыртқары, алда, артта, соңында, бұлай, олай, тұс-
тұстан, алды-арты, ерсілі-қарсылы, әрі-бері, жоғары-төмен, ілгері-кейін,
жан-жақ (-қа, -тан), т.б. бұл үстеулер түбір күйінде де, жатыс, барыс,
шығыс жалғаулы формаларда да мекен пысықтауыш болады:
Жоғары қарашы, көкте не көрінеді? (Ы. Алтынсарин) Ол күлімсіреп төмен
қарады (С. Мұқанов).
Мекен пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздердің енді бір қатары –
жатыс, барыс, шығыс және көмектес септікті зат есімдер. Оларға қайда? қай
жерде? қай жақта? деген сұрақтар қойылады:
Мен өзенге келдім. Әйел орнынан тұра бастады. Торғайлар бұтаққа қонды.
Біз ала сәуледе ағашқа кірдік (Ғ. Мүсірепов).
Септік жалғауларындағы сөздердің мағыналарын бұрынғысынан да дәлдеп,
айқындап тұратын сөздер бар. Олар – септік жалғауларын меңгеретін демеулер.
Демеулер меңгеретін сөздерінен кейін тұрып, мекен пысықтауыштың құрамына
енеді:
Ол үйге қарай кетті, Жақып өзенге таман жүрді.
Мекен пысықтауыш ретінде жүретін сөздердің бір тобы – сілтеу
есімдіктері. Олар септеліп, не жақын, алыс, жер, жақ, маң сияқты көлемдік
мағынадағы есімдермен тіркесіп келіп жұмсалады:
Мен бүгін осында үлкен шаруамен келіп отырмын. Бұл маңда ел жоқ-
ты. Мына жақта Жанас пен Арыстан ғана өздерінің күйлерін шертуде (Ғ.
Сланов).
Мекен пысықтауыш қызметінде фразеологизмдер де жұмсала алатынын зерттеу
жұмысының барысында анықтадық. Оны біз мынадай мысалдардан байқаймыз:
Ана жақта жұрт қызыл қырғында жүргенде, тыныштық жерден орын таба
алмады (Т.Ахтанов). Есік пен төрдей жерге өзі де ұшып кетті (Ә.Әбішев). Ит
арқасы қияннан сүйегін сүйретіп әкесі келіп тұр деп түсіндір (Б.Мұқай). Бұл
жолы дауыс оның нағыз көк желкесінде тұрып сөйлегендей естілді (Х.
Есенжанов). Солардың жуан ортасында Нұри жүр (М. Иманжанов).Аңға шықса
далақтап шауып, айғайлап шулап, күндік жерден үркітіп жібереді (С.
Бегалин). Керманға барып өлгенше, өзіміздің кір жуып, кіндік кескен
жерімізде өлгеніміз жақсы (С. Сейітов). Қатал әкенің қалауымен кәрі шалға
қырық қараға сатылған қыздың ат жетпес, атан жетпес жерге ұзатылып бара
жатып, ел-жұртымен қоштасқаны (Ә.Нұрпейісов). Көз көрім жерде анда-санда
ағаш араларында отырған киіз үйлер көрінеді (С.Сейітов). Кенет иек созымдай
жерден жермен жексен бір үйді көрді (Ә.Нұрпейісов). Бір бауыр жерге дейін
дуылдаған әлгі көңілді жиынның үні өшіп, үй іші тына қалды (Ә.Нұрпейісов).
Көз жететін жерде қыбыр еткен жан жоқ (Ә.Әбішев). Олар бірінікін жасырып,
бірінікін көз көрмес, құлақ естімес жерге жасырып тұрады екен (Х.
Есенжанов).
Мақсат пысықтауыш
Іс-әрекеттің не үшін, қандай талапқа лайық істелетінін, болатынын (не
болмайтынын) білдіретін пысықтауыш мақсат пысықтауыш болады. Мақсат
пысықтауыштар кім үшін? не үшін? неге? қандай мақсатпен? деген сұрақтарға
жауап береді (2.194).
Мақсат пысықтауыш қызметінде жұмсалатын үстеулер өте аз, олар мыналар:
әдейі, жорта, қасақана, бекер, босқа, әшейін.
Мен бұл жерге әдейі келдім. Ол жорта айтып отыр. Досжан бұл жерге бекер
келген жоқ.
Мақсат пысықтауыш ретінде мынадай сөздер мен сөз тіркестері жүреді:
1. у қосымшалы қимыл есімдер барыс жалғауында кел, кет, әкел, шақыр, бер
сияқты етістік баяндауыштарға қатысы болғанда:
Сен Алматыға ойнауға келген жоқсың, оқып білім алуға келдің. Сырбай
буыршынды, расында, шалуға әкелген еді.
2. зат есімдер мен –ғалы-гелі, -қалы-келі тұлғалы етістіктер
тіркесі:
Бала кітап алғалы келіпті. Біз хал-жағдайыңызды білгелі келдік.
3. есімдердің үшін шылауымен тіркесі:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. Отан үшін аттанам, Ақ семсерді қолға
ала.
4. қалау, бұйрық рай формалы етістіктерден кейін көмекші деп етістігінің
келуі, кейде көсемше тұлғалы етістіктің жеке өзі тұруы:
Алматыға оқып білім алайық деп келдік. Қарт Иван, Антон, Ильялар
Ысқақты шығара келіпті.
5. барыс жалғаулы есімге бола етістігінің тіркесуі:
Мен саған бола келдім.
6. –ма+с, -ме+с тұлғалы есімшеге барыс септігінің жалғауы жалғанады:
Қылмыс заңын атамасқа, адам зарын елемеске келіп пе едік осында!
7. Мақсат пысықтауыштың жетінші тұлғасы ретінде біз тұрақты тіркестерді
енгізуді ұсынып отырмыз:
Шылбыр ұшын сұрауға асықпай қоя тұр, біраз шыдап көрейік (Ә.Әбішев).
Ешкімге білдірмей ұшты-күйлі жоғалғалы отырмын (Б.Соқпақбаев). Бұдан кейін
шығынға батпасқа әбден бекінді (Ж.Жиенбаев). Қарсыласының абыройын жыққалы
әрекет іздеп жүр (Б. Мұқай).
Себеп пысықтауыш
Себеп пысықтауыш қимыл процесінің себебін білдіреді. Оған неліктен? не
себепті? деген сұрақтар қойылады (2.196).
Себеп пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөз көбінесе өткен шақтық
есімше болады. Есімшеге кейде –дық+тан-дік+тен деген жұрнақ пен жалғау,
кейде тәуелдік жалғауы мен шығыс септігінің жалғаулары жалғанады, кейде
себепті, соң деген шылау сөздер тіркеседі:
Қатты ұйықтағандықтан Ботагөздің басы ауырып қалған екен (С. Мұқанов).
Шошынғаннан шешесі есінен танып қалды (Ы. Алтынсарин). Ашыққан соң ішегімді
өзім суырып жеп отырмын,- депті түлкі (Ертегіден). Қайырбек жұмыс
қарқынының нашарлығын күн райының бұзылғандығынан деп есептейтін.
Көңілшектік, еріншектік, жалқаулық, тәртіп тәрізді абстракт мәнді зат
есімдер тәуелденіп және септеліп, себеп пысықтауыш бола алады:
Сенің көңілшектігіңнен мен осы халге ұшырап отырмын. Оның жалқаулығынан
жұмыс кезінде орындалмады.
Көбінесе шылау қызметінде келетін сондықтан, сол себептен, солай
болғандықтан деген сөздер себеп пысықтауыш қызметінде жұмсалады:
Біз социалистік жарыс туын сол себептен жоғары ұстауға тырысамыз.
Оқта-текте себеп пысықтауыш қызметін көсемшелер атқарады:
Мен сені сағынып келдім. Тәжен білмей қателесті.
Бұған қоса фразеологизмдер де себеп пысықтауыштың қызметін атқарады
деп еш күмәнсіз айта аламыз. Оған мына сөйлемдер мысал бола алады:
Ел сұмдықтан тыйылсын, көріп көзі қансын, түңіліп көңілі шайлықсын деп
істемеп пе еді (М.Әуезов). Тірі жанға көрінбегендіктен тағы болып кеткен
тәрізді (Т.Ахтанов). Тілін кәлимаға келтірген себепті мұсылмандар қатарына
алынды (Ә. Нұрпейісов).
Мөлшер пысықтауыш
Мөлшер пысықтауыш деп – іс-қимылдың немесе қимыл уақытының мөлшерін,
көлемдік таралу, созылу, қайталану және сандық, баға, салмақ дәрежесін,
сондай-ақ арақашықтық шамасын, істің істелу қарқынының өлшемін, адамның жас
мөлшерін білдіретін пысықтауыштың түрін айтамыз. Сұрақтары: қанша? неше?
қанша рет? қай мөлшерде? қай шамада? қаншалықты? қай мөлшерге дейін?
Мөлшер пысықтауыштың жасалу жолдары:
1. Зат есімнен жасалады:
Қотан боларлық қой қадау-қадау ұшырайды (Ж.
Аймауытов).
2. Сын есімнен жасалады:
Ағаш кессең, ұзын кес - қысқартуың оңай, темір кессең, қысқа кес –
ұзартуың оңай (Мақал).
3. Сан есімнен жасалады:
Жарнаманы бір емес, он оқыды (Қ. Нұрғалиев).
4. Есімдіктен жасалады:
Нағашымның бұл жөнінде ұрсып айтқан сөздерін түгел тыңдадым (С.
Мұқанов).
5. Етістіктен жасалады.
Күмпиген-күмпиген нән саусақтар долы дыбысты көсіп-көсіп төгіп жатыр
(Ә. Кекілбаев).
6. Үстеуден жасалады:
Дене келбеті де, астындағы атының бітімі де Рабиа-Сұлтан-Бегім көркі
мен мінген жүйрігінен анағұрлым асып түскендей (І. Есенберлин).
Тұрақты тіркестерден жасалады:
Жауап ала алмаған сұрақ иесі ет шайнам әрі-сәрі боп тұрды да, тез-тез
басып шығып кетті (Д. Исабеков). Сіз, тым болмаса судан бір жұтым беріңізші
(Д. Исабеков).
Амал пысықтауыш
Қимылдың қандай тәсілдермен атқарылуын білдіретін пысықтауыш амал
пысықтауыш болады. Сұрақтары: қалай? қайтіп? қалайша? (2.198).
Амал пысықтауыштар екі топқа бөлінеді:
• Тәсілдік амал
• Сапалық амал
Тәсілдік амал пысықтауыштар мынадай сөздер мен сөз тіркестерінен
жасалады:
етістіктің көсемше тұлғасы
Олар бір-біріне күлімсіреп қарады (Ғ.Мұстафин). Көре-көре көсем
боларсың, сөйлей-сөйлей шешен боларсың (Мақал).
етістіктің есімше формасына –ша-ше жалғануы арқылы:
тойғанша жеді, шаршағанша жүгірді, жеткенше қуды.
тез, жылдам, шапшаң, ақырын, жай, шұғыл, қайта-қайта сияқты үстеулерден тез
қимылда, сәл көтерілді, ақырын сөйледі, шапшаң бас, жылдам жүр, жай оқы,
шұғыл бұрылды деген пысықтауыштар жасалады.
қалт, кілт, тарс, тарс-тұрс, жалт, бұрқ-бұрқ, жалт-жұлт, маң-маң, талтаң-
талтаң, бүкең-бүкең, ербең-ербең, қарш-қарш, пырт-пырт сияқты еліктеуіш
сөздер:
Жантық осыны айтты да, қалт тоқтады (Ғ.Мұстафин). Нар түйелер аяқтарын
маң-маң басады. Ботақан қалт-құлт басып келеді (С.Мұқанов). Кәмшат мұндағы
үлкендерге кішкене нәзік саусақтарын созып жалт-жалт қарайды (М.Әуезов).
5. амал пысықтауыштар мынадай үстеулерден жасалады: бірден, бір-ақ,
бірте-бірте, қолма-қол, жалма-жан, зорға, әрең, шалқасынан, жүресінен,
етпетінен, алшысынан, тізелеп, жамбастап, т.б. Мысалы:
Ол үйге бірден кіріп келді. Олар бізге бірте-бірте жақындай береді.
Темір қақпа шалқасынан ашылды. Ол жүресінен бір тізелеп отыра кетті.
Сапалық амал пысықтауыштардың қызметін мынадай сөздер мен сөз
тіркестері атқарады:
1. –сыз-сіз жұрнағы жалғанған туынды сын есімдер:
Сенсіз қағаз жазылмайды (Ғ.Мұстафин). Ол менсіз ешқайда кете алмайды.
Бала қатесіз жазды.
2. –дай-дей-тай-тей жұрнағы арқылы зат есімнен жасалған туынды
сын есімдер:
Елім берік құрыштай,
Тілім өткір қылыштай,
Егескен жауды езгілеп
Тығамыз көрге жаныштай (Н.Байғанин).
-дай-дей жұрнағы етістіктің есімше түріне жалғанып та сапалық амал
пысықтауыш жасалады:
Бұл жолы екеуміздің даусымыз бірге өрілгендей шығады. Жылан аққан арық
суын жалаңдаған сары құм жалмап алып, түк көрмегендей сазара түседі
(Ғ.Мұстафин).
3. –ша-ше жұрнағы арқылы үстеуге айналған есімдер:
Суда балықша жүзетін бір балықшы шал бар екен. Білмейтін кісіше сазара
қалуын қарашы (Ғ.Сланов).
4. сан есімдер мен сандық ұғымды білдіретін басқа есімдер:
Қарға екі шоқып, бір қарайды. Аспандағы боз торғай қырық құбылды. Кадр
жайында шақырып алып, екі рет ескерттім (Ғ.Мұстафин). Сөзге ысылмаған
Жанбота сол тілден қорғанып, көп бұққан (Ғ.Мұстафин). Өзінің немере інісі
оны бірқатар әурелеген болатын (Ғ.Мұстафин).
Фразеологизмдерден де амал пысықтауыш жасалатынын аңғардық. Оған
мынадай мысалдар келтіруге болады:
Жаңа ғана жалына қол апармай өрекпіп тұрған жан, кенет бір кезде өзінен-
өзі жуасып, су сепкендей сөне қалды (Ә.Нұрпейісов). Жұрт алдында әлгі
ұстаны тірідей жерге кіргізе ұялтыпты (А.Тоқмағамбетов). Арық қара кісі ар-
ұятты жиып қойып, ойына алған іске өрелене, өлімін сата кірісіп кететін
(Ә.Нұрпейісов). Мен заводқа жақындай бергенде, еңгезердей біреу дедек қағып
кетіп бара жатты (Ғ. Мұстафин). Аяғаныма араша сұрап барамын деп отырған
адамды профессор жерден алып, жерге салып сілікпесін шығарды (Б.
Мұқай).Бота Раушанды ет жүрегі елжіреп аяп кетті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz