Қазақстан Республикасын құқықтық мемлекет ретінде орнықтырудың конституциялық негіздері


Тақырыбы: “Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде орнықтырудың конституциялық негізі”

Мазмұны

Кiрiспе . . . 3

I тарау. Құқықтық мемлекет түсiнiгi.

  1. Құқықтық мелекеттiң ұғымы мен белгiлерi . . . 6
  2. Демократия және халық билiгi . . . 14

II тарау. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру ерекшелiктерi.

2. 1. Заң шығарушы билiк . . . 18

2. 2. Атқарушы билiк . . . 30

2. 3. Сот билiгi . . . 39

Қорытынды. . 52

Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi . . . 54

Кiрiспе

Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсiздiгiмiзге жеткен уақыт iшiнде ғана елiмiздiң бар болмыс бiтiмi, Бүкiл кескiн келбетi кереметтей өзгердi. Бәрiнен де бұрын егемендi ел атанып, ес жиып, еңсемiздi тiктедiк, халық болып қалпымызды танып, империя тозағының астында қалған тарихымызды ашып алдық. Бұгiнде Қазақстан келесi адамзат тарихының алып айдынына адаспай жол тауып, өзiнiң ертеңiне екпiндеп еркiн жғзiп келедi.

1991 жылдың желтоқсанында Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы ыдырады. КСРО құрамына кiрген Одақтас Республикалар өз егемендiгiн алып, тәуелсiз жеке дербес мемлекеттер болып бөлiне бастады. Кеңестiк Социалистiк Қазақ Республикасы жойылып, оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.

Қазақстан мемлекетi - республикалық басқару нысанында болып, Республикада мемлекеттiк билiк белгiлi бiр мерзiмге халық сайлаған өкiлеттi органдармен жүзеге асырылды. Қазақстан президенттiк республика болып табылады.

Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бiрталай құқықтық актiлердi қабылдап, олар жаңа мемлекеттiң заңды негiзiн қалай бастады. Оларға жататындар Қазақ КСР-нiң мемлекеттiк Егемендiгi туралы Декларация Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы заң 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституциялар.

Аталған Конституциялық актiлер Қазақстанның тәуелсiздiгiн дербестiгiн жариялап демократиялық құқықтық мемлекет құру туралы мақсатты алға қойды.

Қазақстан Республикасының Конституция ережесiнде Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет деп орнықтырудың екi негiзгi бастауы бар: бiрiншiден, Конституцияда болып табылады, өзiнiң қолданылуы арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiлiгiн қалыптастырудың басталуы негзiнде екендiгiн бiлдiредi; екiншiден, стратегиялық бағыт, мынадай Қазақстан Республикасы демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құру жолында дамуы тиiс. Демек, Қазақстан Республикасының демократиялық бағытта дамуының Конституциялық негiзi қаланды.

Атап айтқанда, бiртұтас Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етiлген, өзiн демократиялы, зайырлы, құқықтық мемлекет етiп жариялағаны туралы толық ақпарат ұйымдасқан қоғамда жоғары деп саналатын және мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясаттағы қызметтiң жүзеге асыруға жаралған мемлекеттiң негiзi феноменi - мемлекеттiк билiк жайлы.

30. 08. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституцияның көптеген нормалары мемлекеттiк билiктiң мәнi мен мазмұнына сипаттама жасайды, оның ұйымдасуы мен жүзеге асуы нысандары мен тәсiлдерiн бекiтедi. Сондай-ақ, мемлекеттiк билiк Конституция бекiткен бiрнеше құрылымдық бөлшектерден, мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы халық деп, бекiтетiн нормалардан; мемлекеттiк билiктiң негiзгi мақсаты туралы ережелерден; құқықтық және демократиялық мемлекет құруды көздейтiн Қазақстан Республикасы қызметiнiң түбегейлi қағидаларын бекiтетiн нормалардан мемлекеттiк билiк органдарын үйымдастыру және оларды қызметiнiң негiзiн бекiтетiн Коституциялық ережелерден тұрады. Сонымен қатар, мемлекеттiк билiк тармақтары туралы және оның белгiлерi, принциптерi, жүйесi жайлы жиналған барлық тұсiнiктеме, ақпарат төмендегi атап көрсеткен кiтап жинағы көмегiмен дипломдық жұмыс жобасы әзiрлендi.

Олардың қатарына Е. Баяновтың “Мемлекет және құқық негiздерi” 2001 жарық көрген, онда мемлекеттiк билiк түсiнгi және оның түрлерi жөнiнде толық ақпарат түсiнiк берiлген. “Қазақстан Республикасының Контституциясына түсiнiктеме” Ғ. Сапарғалиев. “Қазақстан Республикасыныңң Конституциялық құқығы” Ғ. Сапарғалиев, Ашимовтың “Егемен Қазақстан құқығы” және тағы басқа көптеген авторлар, ғалым, заңгерлердiң ұжымдары әзiрлеген әдебеттер көмегiмен орындалды.

Тағы басқа айта кететiн мәселе, ол осы дипломдық жұмыс негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйене отырып орындалды, және де көптеген нормативтi актiлер, оның қатарына “Парламент және оның депутаттарының мәртебесi туралы” тағы басқа көптеген нормативтi актiлер жинағы номерiмен орындалды.

Билiк тармақтарын Конституциялық жолмен бөлу және олардың, бiр-бiрiмен қарым-қатынасын ұштастыру әлемдiк тәжiрибеде мемлекеттiң демократиялық механизмiн нығайта түседi. Ал билiктiң барлық үш тармағын ынтымақтастырып отыратын жауапты органға айналды. Ол халық алдында жауап беретiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк билiгiнiң бiрден-бiр кепiлi.

I тарау. Қазақстан Республикасы құқықтық демократиялық бiртұтас мемлекет.

  1. Құқықтық мемлекеттiң ұғымы мен белгiлерi.

Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру жолына түстi. Құқықтық мемлекет ұзақ тарихи даму процесiнде қалыптасады. Құқықтық мемлекеттiң идеясы мен мұраттарын жаппай тарату қазiргi уақыттың құбылысы болды, адамдар бұл құбылыспен мемлекеттiк және қоғамдық өмiрдi демократияландыру перспективасын, әдiлдiкпен адамгершiлiктiң жетiстiктерiн байланыстыруда. Осыған байланысты құқықтық мемлекет ұғымын ашу, оның ерешелiктерi мен ерекше сипаттарын баяндау, қоғам өмiрiндегi ақиқат рөлiн көрсету үлкен теориялық және практикалық мәнге ие болды.

Құқықтық мемлекет мемлекеттiк басқарудағы құқықтық басымдығы идеясынан шығып отыр, сондықтан да тек қана ресми органдар мен лауазымды тұлғалардың ниетiн емес, сондай-ақ азаматтардың және қоғамдық өмiрдiң басқа субьектiлерiнiң құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн қамтамасыз етiп, кепiлдiк берiп қажеттiгiнде ескеретiн құқықтық нысандар мен әдiстерге басымдық бередi. Құқықтық мемлекетке барлық экономикалық, әлуметтiк және рухани процестерге, сондай-ақ жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынас санасына кiрiсу жат құбылыс. Ол қоғамдық қатынасқа түсушiлердiң арасындағы әрекетке айтарлықтай автономия мен бостандық бере отырып, олардың құқықтық мәртебесiнiң нығаюына айрықша қамқорлық көрсетедi және оның сақталуын қадағалап отырады.

Өзiнiң бүкiл қызметiнде барлық азаматтар мен қоғамдық қатынастың басқа субьектiлерiнiң мiндеттi түрде және сөзсiз бағынуына есептелген қатал басқарушылық және бұйрықты нұсқаулардың нысандары мен әдiстерi басып болып келетiн статистiк мемлекет оған қарама-қарсы болып табылады. Бұдан басқа, аталған субьектiлердiң бостандығы мен дербестiгi, олардың мемлекетке қатысты автономиялығы жоққа тән. Мемлекеттiң рөлiнiң шеттен тыс, кейде қалыптан тыс ұлғаюынан, экономикалық, әлеуметтiк қатынастардың барлық саналарын, азаматтардың жеке өмiрiн тiкелей өз қарауына жеке бағынысына алуға деген талпысынан екiншi кезектегi жеке ұсақ түйек мәселелердi шешуге араласуынан тұратын статистiк қоғмның басқа ерекшелiгiнде осымен байланысты. Жеке тұлғаның және басқа қоғамдық қызмет субьектiлерiнiң жағдайы тек тұрақты заң нұсқауларынан ғана емес, олардың күнделiктi араласып отырған мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың субьективтi қарауына да байланысты.

Құқықтық мемлекеттердiң пайда болуы мемлекеттiк-құқықтық процестердiң ұзақ эволюциясының заңды сандары, реакциялық институттардың орнына озат, прогрессивтi және тиiмдi институттардың өзiнен ерекше селекциясы мен мұқият iрiктелгендiгiнiң нәтижесi болып табылады. Бұған мемлекеттiк басқарудың құқықтық нысаны, әмiршiлдiк-әкiмшiлдiк және полицейлiк - бұйрықтық нысандарынан басымдығын және пайдалылығын теориялық ұғыну негiз болды. Құқықтық мемлекеттiң теориялық бастаулары түбiрiмен өткен шаққа айналды деуге болады. Көне заманның озық ойшылдары (Платон, Аристотель және басқалары) “құқықтың позитивтi рөлiн ескермегiнше, мемлекеттiң құрылымы мықты, тұрақты және сенiмдi болуы мүмкiн емес” деген пiкiрлер айтып кеткен. Қылмыстың рөлi мемлекеттiк басқарушылардың озбырлығына тепе-теңдiк ретiнде қарайды: заң әлде кiмнiң билiгiнде болмауы керек, өйткенi барлық органдарды, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың әрекетен басқарып отыруға арналған.

Құқықтық мемлекеттiң теориялық тұжырымдамасының ережелерiн бiрқатар елдердiң өмiр тiршiлiгiнде практикадан өткiзу консервативтiк күштердiң қарсылығына тап болды және оны күресте жеңе отырып мемлекеттiк және қоғамдық қызметтiң барлық жағынан терең жаңғыруымен бiрге жердi - мемлекеттiк жүйенiң принциптерi жетiлдiрiлдi, жеке адамның мәртебесi айқын мазмұнмен толықты, құқықтық құндылықтар бiрiншi дәрежелi маңызға ие болды, шенеунiктердiң бассыздығы азайып, олардың қызметi бiртiндеп реттелген және тәртiптелген арнаға түсе бастады.

Адамзат қоғамындағы саяси дамудың жаңа кезеңiнiң белгiсi құқықтық мемлекеттер отбасының пайда болып, көбеюi. Бұл - мемлекеттiк - құқықтық теория мен практиканың ғажап жетiстiгi, бүгiнгi заманғы өркениеттiң орнығуы.

Теорияда құқықтық мемлекеттiң мынадай жалпы белгiлерi ерекшелiнген.

Дамыған азаматтық қоғамды қалыптастыру. Азаматтық мемлекеттiк - құқықтық нормалар негiзiнде ғана емес, сондай-ақ өзiн-өзi реттеу арқылы қызмет етушi экономикалық, этникалық, дiни, қоғамдық - саяси институттар мен мекемелерден тұратын күрделi құрылымы бар.

Құқықтық мемлекетке тек барлық азаматтардың заң тұрғысындағы теңдiгi ғана емес, сондай-ақ оны қамтамасыз ету үшiн материалдық, саяси, ұйымдық және басқа да кепiлдiктер тән.

Құқықтық мемлекетте заң үстемдiк етедi. Бұл заң барлық қоғамдық қатынастарды реттеу, адамның әр қадамын қадағалап отыру құралы ретiнде пайдаланылады деген сөз емес. Заңның үстемдiгi, бiрiншiден, құқықтық құралдардың көмегi мен әр азаматтың, тұтас алғанда бүкiл қоғамның материалдық, рухани және өзге де мүдделерiн қанағаттандыру үшiн маңызды және қажет қоғамдық қатынастар реттеледi: екiншiден қабылданатын заңдар және басқа нормативтiк құқықтық актiлер қоғамдық прогресстiң обьективтi қажеттiлiгiмен ерекшелендi, имандылық, әдiлiттiлiк, демократиялық идеялардың туындауы тиiс; үшiншiден, мемлекет өз қызметiн тек заңға негiздеуi құқықтық нормалардың талаптарын қатаң сақтауы, онда белгiленген шеңберде әрекет етудi, азаматтарды және басқалардың қорғауы қажет.

Құқықтық мемлекетте азаматтар кең ауқымды саяси, экономикалық, азаматтық, мәдени құқықтырмен бостандықтарға ғана ие болып қоймайды, сонымен бiрге оларға жауапты сұрақтар да жүктеледi. Саяси және құқықтық сананың жоғары деңгейiн меңгере отырып, азаматтар мемлекет iсiн басқаруға белсендi қатысып, өзiнiң аман-саулығына өзi жауап беруi, заң талаптарын сақтауы, басқа азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына нұқсан келтiрмеуi тиiс.

Мемлекет билiгi -келесi белгiсi болып табылады. Осы принцип әр түрлi қызметтердi атқаратын мемлекеттiк органдар арасындағы өкiлеттiлiктi қамтамасыз етедi, мемлекет пен қоғамды мемлекеттiк билiктiң бiр тармағынсыз билiк төстемеуiне кепiлдiк етедi, сөйтiп заңдылықтық құқық тәртiбiнiң орнығуына алғы шарттар жасайды.

Құқықтық мемлекеттiң бiрiншi көрсеткiшi - заңның жоғарғы тұратындығы, оның қоғамдық өмiрде үстемдiк ететiндiгi. Қоғамдық өмiрдiң неғұрлым маңызды жақтары арқылы реттелiп отыруға тиiс, Конституция заң шығарушы органды осы жағдайға қарай нұсқайды. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентi аса маңызды қатынастарды реттейтiн жеке және заңды тұлғалардың құқық субьектiлерiне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттiк органдармен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметiнiң, мемлекеттiк және әскери қызметтiң негiздерiне қатысты негiзгi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн заңдар шығарушың т. б. өкiлдi органы.

Құқықтық мемлекеттiң тағы бiр маңызды принципi - барлық мемлекеттiк органдарға, лауазымды тұлғаларға заң талаптарының мiндеттiлiгi. Лауазымды тұлғалар, мемлекеттiк органдар, әсiресе, тұтас алғанда мемлекетте қолданылып жүрген заңдарды бұзатын болса, мемлекеттiң өзi үшiн мұның ауыр зардаптары болады. Жақсы-жақсы де мемлекеттiк органдар оларды бұзатын болса, бұл құқықтық мемлекет құру процессiн кейiн шегерiп тастайды, ал екiншi жағынан, халықтың үкiметке сенiмсiздiгiн туғызады. Мемлекеттiк органдар мен әруақытта болып келген, әлi де ұзақ уақыт орын алмақ. Мұндай жолсыздықтар құқықтық деп айтуға боларлық ең дамыған мемлекеттiрде де кездесiп жүр. Бiрақ, бұл жерде әңгiме, бiрiншiден, сол заңды бұзушылықтың көлемi жөнiнде, ал екiншiден, мемлекеттiң сол жолсыздықтар үнемi, үздiксiз күрес жүргiзуге бекемдiгi жайында болып отыр. Егер заң бұзатын жолсыздықтар жалпылама сипат алып кетсе, ал мемлекет онымен күресуге дәрменсiз болса, немесе оларды байқамағансып отыра беретiн болса, ондай жағдайда құқықтық мемлекет орнату туралы сөз қозғау қиын.

Мемлекет - дамыған ұлттық құқықтық жүйенiң болуы, тек оның нақты қызмет iстеуi арқасында ғана құқықтық деп танылмайды. Сонымен қатар, мемлекеттiң құқықтық сипатының дәрежесi неғұрлым демократиялық, прогрестi және адамгершiлiктi құқықтық идеяларды өз бойына жинаған халықаралық құқық мемлкеттiң қалай қарайтындығымен де анықталады. Бұл мәселеге Конституция ерекше назар аударады.

Құқықтың мемлекетте билiктiң бүкiл механизмi және әрбiр орган, әрбiр лауазымды тұлға өз қызметiнде жеке алғанда құқықтық принциптер және нұсқаулармен байланысты, өздерiнiң барлық шараларын солармен сәйкестендiредi.

Құқықтық мемлекет құқық пен заңның арасындағы этатистiк мемлекетке тән мұндай үлкен қарама-қарсылықты бiлмейдi. Онда мемлекттiк органдардың барлық нормативтiк актiлерi өзiнiң мазмұны және бағыттылығы, қабылдау және рәсiмдеу процедурасы, iске қосу ерекшелiктерi, қолдану сипаты, тәртiп бұзушылықпен күрестiң асырылуы мен одан қорғау жөнiнен құқықтық жоғары критерииiлерiне әлi келедi.

Құқықтық мемлекет нормативтiк нұсқауларды қабылдап оны жариялаумен ғана шектемейдi.

Құқықтық мемлекеттiң айрықша атқаратын шаруасы мемлекеттiң нормативтi актiлерiнiң әрекет етуiнiң субординациясын сақтау болып табылады.

Құқықтық мемлекетте жеке адамның және қоғамдық қатынастардың басқа субьектiлерiнiң мәртебесiнiң ерекшеленуi: бiрiншi кезекте олардың қалыпты тiршiлiк әрекетiн және олардың алдында тұрған мiндеттердi табысты шешудi қамтамасыз етуге жеткiлiктi құқықтар мен бостандықтарды кең кешенiн қарастыруы.

Барлық мемлекеттiк және қоғамдық институттар мен құрылымдарды заңды деп тану - құқықтық мемлекеттiң ерекшелiк белгiлерiнiң бiрi.

Құқықтық мемлекетте биiлiктi болу принципi жариялалады және жүзеге асырылады. Соған сәйкес, бiртұтас мемлекеттiк билiк шеңберiнде бiр бiрiмен тепе теңдiк жүйесiн пайдаланып өзара iс-қимыл жасайтын дербес әрi тәуелсiз үш тармаққа- заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну қамтамасыз етiледi.

Құқықтық мемлекетте елдiң iшкi заңы мен халықаралық құқықтық көпшiлiк таныған принциптерi мен нормаларының арасындағы тиiмдi ара қатынасты орнату жөнiндегi шаралар жүзеге асырылуы.

Құқықтық қоғам үшiн азаматтардың мемлекет алдындағы және мемлекеттiң азаматтар алдындағы өзара жауапкершiлiгi тән.

Құқықтық мемлекеттiң жоғарыда аталған белгiлерiн бiр-бiрiнен бөлiп қарамай, бiртұтас түрiнде алып қараған дұрыс, яғни осы аталған критериилер сақталмаса, құқықтық мемлекет туралы пiкiр толған сөз қозғау қателiк болар едi. 1

Қазақстанда әлеуметтiк мемлекет құрудың негiзi жасалған. Әлеуметтiк мемлекет ұғымы алғаш рет екiншi дүние жүзiлiк соғыс кезiнде Ұлыбританияда пайда болды және соғыстан кейiн Еуропада көптеген мемлекеттер үшiн үлгiлi айналған Беверидж жоспарында тұжырымдалды. Әлеуметтiк мемлекеттiң үш үлгiсi ерекшеленедi:

1. Позитивтi мемлекет. Онда әлеуметтiк қамсыздандыру дарашылдыққа және корпоративтiк мүдделердi қорғауға негiзделген. Мұндай мемлекетте әлеуметтiк саясат бақылау құрамы болып қана қалады.

2. Жұмыспен толық қамту саясаты жүргiзiлетiн, кепiлдi ең төменгi тұрмыс деңгейi және табысқа тең үмiт қамтамасыз етiлетiн жеке әлеуметтiк мемлекет.

3. Бәрiне бiрдей қызмет етушi әлеуметтiк саясат жүзеге асырылатын игiлiгiне арналған мемлекет. Мұндай мемлекетте теңдiк, корпоративтiк және ынтымақтастық қамтамасыз ету болады. Баршаның игiлiгiне арналған мемлекетте жанақыларда әркелкiлiктiң азаюы, жұмыспен толық қамтылуға кепiлдiк берiлдi, еңбекшiлердiң саясаттағы өктемдiк жағдайы қамтамасыз етiлуi тиiс.

Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптерiн, идеологияларын, нормаларын талдау, оның азаматтық қоғам қалыптастыру үшiн, адам мен азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшiн заңнан үстемдiгiн орнықтыру үшiн, азаматтардың, мемлекеттiк органдардың, лауазымды адамдардың саяси және құқықтық жауапкершiлiгiн iске асыру үшiн, мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының келiсiмдi қызметi шiн құқықтық кеңiстiк жасайды. Демократиялық, зайырлы және әлеуметтiк мемлекет қалыптастыру - ұзақ мерзiмдi процесс, ол барлық субьектiлердiң: халықтың, әлеуметтiк топтардың, азаматтардың, мемлекеттiң, оның органдарының, лауазымды адамдардың Конституциялық құқықтық қатынастарға тұрақты түрде күш жұмсауын талап етедi.

Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құрып жатқандар үшiн адам, оның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық болып табылады. Саяси ой әлемiнде демократия өзiндiк құндылық ретiнде, аса маңызды жалпы адамзаттық құндылықтарын мемлекеттiк құрылысқа нақты сiңiру көрiнiсi ретiнде қарастырылады. Оған - адамның өзi, оның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары жатады. Оларды жоғары құндылық деп тану мемлекеттiң адамға қамқорлық, оған материалдық игiлiк жасаудан артық мiндет жоқ екендiгiн бiлдiредi. Мемлекет адамның қалыпты тiршiлiк ете алуы үшiн өзiне қатысты барлық жағдайларды жасауға мiндеттi. Мемлекет адам өмiрiн, оған өзiнiң де заңсыз әрекеттерден қорғауына мүмкiндiк бере отырып құқыққа қайшы қол сұғушылықтан қорғауға мiндеттi. Конституция да бекiтiлген, ағымдағы заңдарда нақтыланған адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттiң оларды бiрiншi кезекте iске асыруға жан-жақты көмек көрсетуi қажеттiгiн бiлдiредi.

Қазақстан Республикасының Конституциясы ұлтына қарамай барлық азаматтарға тең құқық бере отырып, олардың тату тұруына заңды негiз құрады. Сондықтан Қазақстан - бүкiл халықтық мемлекет. Бұл жағдайда Конституцияда жазылған мемлекеттiң, оның органдары, қызметiнiң принциптерiнде анық айтылған. Бiрiншiден, мемлекет, оның органдары қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге талап тануы қажет. Қоғамдық татулық дегенiмiз - қайшылыққа, әлеуметтiк топтар арасында, түрлi ұлттар арасында қарсы тұрушылыққа жол бермеу. Мұнда татулықты қамтамасыз ету қоғамның тұрақтылығының, әр адамның тыныш өмiр сүрiп, оқуының, жұмыс iстеуiнiң алғы шарты. Екiншiден, мемлекет өзiнiң экономикалық саясатын қоғамның экономикасын дамытуға бейiмдеп, тек бiр топ адамның емес, бүкiл халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағыттауы керек. Үшiншiден, мемлекет органдары мемлекет өмiрiнiң маңызды мәселелерiн демократиялық жолмен шешуi керек. Бұл халық ең маңызды мемлекеттiк мәселелердi тек қана өмiрлiк және референдум арқылы шешедi деген сөз.

  1. Демократия және халық билiгi.

Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет құруды мақсат қылып қойып отыр. Мұндай мемлекет құрудың негiзi шарты барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықтық негiзде бiрiктiру.

Осы интернационалдық идеяға сүйене отырып, Конституция “халық” деген ұғымды қолданады. Саяси құқықтың мағынада халық деген - мемлекет көлемiнде саяси әрекеттерге қатысуға хақысы бар, барлық кәмелетке жеткен Қазақстан азаматының жиынтығы. Мысалы, Конституцияға: Президенттiң Қазақстан Республикасының сайлау туралы Жарлығына сәйкес азаматтар, саяси партиялар, басқа қоғамдық бiрлестiктер Республика Парламентiнiң мәжiлiсiне депутаттыққа кандидаттар ұсынуға ерiктi олардың жан-жақты талқылап, қолдап немесе қарсы үгiт жүргiзуге хақылы. Барлық саяси партиялар тең құқықты, олардың бiреуiне қандай да болсын жеңiлдiк немесе артықшылық берiлмейді. Азаматтар өз қалауымен саяси партиялардың бiреуiн қолдай алады немесе олар депутаттыққа ұсынған кандидаттарды қолдауға ерiктi. Мұның өзi халықтың ой-пiкiрiн айқындауға мүмкiндiк бередi.

Демократияның бiр көрiнiсi - азаматтардың қоғамдық бiрлестiктерiне мемлекет органдарының заңсыз қолсұғуына тыйым салу. Қоғамдық бiрлiстiктердi азаматтар түрлi мақсатпен: өздерiнiң саяси, әлеуметтiк, рухани, мәдени, дiни, қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн құрады. Заң тұрғысында, нақтылық тұрғысынан да Қазақстан халқы референдумда Республика Конституциясын қабылдап отырып, мемлекеттiк билiктiң құрылтайшысы ретiнде әрекет еттi.

Қазақстан мемлекетiнiң демократиялығы халықтық жоғары саяси - құқықтық мәртебесiнен ғана емес, адам мен азаматтың құқықтық жағдайынында көрiнедi. Конституцияда бекiтiлген кең ауқымды демократиялық құқықтар мен бостандықтар азаматтарға сөз, ар-намыс еркiндiгiн пайдалануға, мемлекеттiк органдардың iстерiн басқаруға қатысуға, қоғамдық бiрлестiктер құруға және тағы басқаларына заңдық мүмкiндiктер бередi. Құқықтар мен бостандықтар тек азаматтардың әр түрлi жеке мүдделерi мен сұраныстырын қанағаттандыру үшiн ғана берiлмейдi. Әр түрлi әлеуметтiк, ұлттық, конфессиональдық, кәсiптiк және басқа топтарға жататын азаматтар демократиялық құқықтары мен бостандықтарын пайдалана отырып, өздерiнiң корпоративтiк мүдделерiнде бiлдiре және қанағаттандыра алады. Конституция демократиялық құқықтар мен бостандықтардың iске асырылуы үшiн ұйымдық, саяси және заңдық кепiлдiктердi де қарастырған.

Қазақстан мемлекетiнiң демократиялығы мынадан да көрiнедi: Конституция азаматтардың өкiлеттi органдарға жалпы алғанда халықтың мүдделерiн, әлеуметтiк және ұлттық азшылықтың мүдделерiн, жеке азаматтардың заңды мүдделерiн бiлдiретiн және сол мүдделердi қорғауға тiлектес әрi соған қабiлеттi өз өкiлдерiн ұсынуға және сайлауға мүмкiндiк туғызатын демократиялық нормаларды белгiлейдi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік мемлекетті орнықтырудағы Қазақстан тәжірибесі
Мемлекет және жеке адам арасындағы жауапкершілік – құқықтық мемлекеттің белгісі ретінде
Қазақстан Республикасы Конституциясындағы билік бөлінісі
Мемлекет функцияларының түрлері
Мемлекет және жеке адам арасындағы жауапкершілік туралы
Құқықтық саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі
Билік - әлеуметтік феномен ретінде
ҚАЗАҚСТАНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ҚР-ның Конституциясы
Тұлға туралы ұғым жеке тұлға және заңды тұлға түсінігі.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz